Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 606 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 4, 24-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесiнде:
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Жеке өндiрiстiк қажеттілiк үшiн әкелiнетін төлем  карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықтың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң және оның қосалқы бөлшектерiнiң импорты кезiнде:
      1) құжаттар, оның iшiнде әкелiнетін төлем карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықтың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң және оның қосалқы бөлшектерінің арналғандығын растайтын шет тілдерде жасалған құжаттар (техникалық паспорттар, сызбалар, фотосуреттер, коммерциялық құжаттар);
      2) әкелінетiн төлем карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықтың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң және оның қосалқы бөлшектеуiнiң мақсатты пайдаланылу туралы осы Ережеге 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылатын мiндеттеме ұсынылады.";

      8-1-тармақта:
      "әкелген негізгi құралдар" деген сөздер "әкелген мүлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "үш жақты шарттың көшiрмесi" деген сөздерден кейiн "не Қазақстан Республикасының резиденті емес лизинг берушi мен Қазақстан Республикасының резидентi қосалқы лизинг берушi арасында жасалған халықаралық лизинг шартының көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резиденттерi қосалқы лизинг берушi мен қосалқы лизинг алушы арасында жасалған лизинг шартының көшiрмесi не Қазақстан Республикасының резиденті емес лизинг беруші, Қазақстан Республикасының резиденттерi қосалқы лизинг берушi мен қосалқы лизинг алушы арасында жасалған үш жақты шарттың көшiрмесi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы "қаржы лизингiнiң шартына сiлтемесi бар" деген сөздерден кейiн "лизинг мәнiн беруге" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "лизинг берушi" деген сөздерден кейiн "(халықаралық лизинг кезiнде қосалқы лизинг беруші)" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетiлген Ережеге 4-қосымшада:
      тақырыптағы және ескертудегi "негiзгi құралдарды" деген сөздер "мүлiкті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мәтiндегi "негiзгi құралдар" деген сөздер "мүлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                      2005 жылғы 22 маусымдағы
                                          N 606 қаулысына
                                               қосымша

                                              5-қосымша
                                   Кедендiк бақылау департаментiнiң
                                   (кеденнің) бастығына ___________
                                   ________________________________

       Жеке өндiрiстiк қажеттілiк үшiн әкелiнетiн төлем
      карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықтың,
     бағдарламалық қамтамасыз етудiң және оның қосалқы
         бөлшектерiнiң мақсатты пайдаланылуы туралы
                         мiндеттеме

      Мен, ____________________________________________________
_______________________________________________________________
(жүк алушының атауы, СТН-i, мекен-жайы, банктiк деректемелерi не
аты-жөнi және төлқұжаттық деректерi)
N _____________________________________________________________
_______________________________________________________________
___________  кеден декларациясына (декларацияларына) сәйкес жеке
өндiрiстiк қажеттiлiк үшiн төлем карточкаларымен қызмет етуге
арналған мынадай жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етудi және
оның қосалқы бөлшектерiн әкелдiм:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
                        (тауарлардың атауы)
      Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды қатаң түрде жеке
өндiрiстiк қажеттілiк үшiн пайдалануға мiндеттенемiн.
      Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған кезде,
кедендiк ресiмдеу кезiнде төленбеген _____________________ теңге
мөлшерiндегi салықтар мен олардан өсiмпұлдарды Қазақстан
Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуге мiндеттенемiн.

Қолы _______/_______/  Күнi 200__ жылғы "__" ___________
        (аты-жөнi)

      Ескерту: жеке өндiрiстiк қажеттілiк үшін әкелiнетiн төлем
карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықты, бағдарламалық
қамтамасыз етудi және оның қосалқы бөлшектерiн салықтар мен
өсiмпұлдарды төлемей өзге мақсаттарда пайдаланған жағдайда, тиiстi
сома Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес
жауаптылық шаралары қолданыла отырып өндiрiп алынатын болады.

      

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2002 года N 84

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года N 606. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года N 1229.

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.12.2008 N 1229 (вводится в действие с 01.01.2009).

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 23 января 2002 года N 84 "Об утверждении Правил освобождения от налога на добавленную стоимость товаров, импортируемых в Республику Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 4, ст. 24) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах освобождения от налога на добавленную стоимость товаров, импортируемых в Республику Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:
      "6-1. При импорте оборудования для обслуживания платежными карточками, программного обеспечения и запасных частей к нему, ввозимых для собственных производственных нужд, представляются:
      1) документы, в том числе составленные на иностранных языках, подтверждающие предназначение ввозимого оборудования для обслуживания платежными карточками, программного обеспечения и запасных частей к нему (технические паспорта, чертежи, фотографии, коммерческие документы);
      2) обязательство о целевом использовании ввозимого оборудования для обслуживания платежными карточками, программного обеспечения и запасных частей к нему, заполняемое по форме, установленной в приложении 5 к настоящим Правилам.";
      в пункте 8-1:
      слова "основных средств, ввезенных" заменить словами "имущества, ввезенного";
      подпункт 1) дополнить словами ", либо копия договора международного лизинга, заключенного между лизингодателем-нерезидентом Республики Казахстан и сублизингодателем-резидентом Республики Казахстан, и копия договора лизинга, заключенного между сублизингодателем и сублизингополучателем - резидентами Республики Казахстан, либо копия трехстороннего договора, заключенного между лизингодателем - нерезидентом Республики Казахстан, сублизингодателем и сублизингополучателем - резидентами Республики Казахстан";
      в подпункте 2) после слова "документы" дополнить словами "на поставку предмета лизинга";
      в подпункте 3) после слова "лизингодателем" дополнить словами "(сублизингодателем при международном лизинге)";
      в приложении 4 к указанным Правилам:
      в наименовании и примечании слова "основных средств, ввезенных" заменить словами "имущества, ввезенного";
      в тексте слова "основных средств" заменить словом "имущества";
      дополнить приложением 5 согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2005 года.

 
       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Приложение               
к постановлению Правительства      
Республики Казахстан          
от 22 июня 2005 года N 606        

Приложение 5             
Начальнику Департамента         
таможенного контроля          
(таможни) ____________          
______________________          

Обязательство
о целевом использовании ввозимого оборудования для обслуживания
платежными карточками, программного обеспечения и запасных частей
к нему для собственных производственных нужд

      Мною,_______________________________________________________________
           (наименование, РНН, адрес, банковские реквизиты либо Ф.И.О. и
паспортные данные грузополучателя)
      для собственных производственных нужд завезено следующее оборудование
для обслуживания платежными карточками, программное обеспечение и запасные
части к нему:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
                            (наименование товаров)
      Согласно таможенной (ым) декларации (ям)
N __________________________
__________________________________________________________________________      
      В связи с чем, обязуюсь использовать указанные товары строго для
собственных производственных нужд.
      При использовании указанных товаров в иных целях обязуюсь уплатить
налоги, не уплаченные при таможенном оформлении, в размере _______________
__________________________ тенге и пени с них в соответствии с налоговым
законодательством Республики Казахстан.
 
Подпись _________/__________/  Дата "___"__________ 200__года
         (Ф.И.О.)
 
      Примечание. В случае использования оборудования для обслуживания платежными карточками, программного обеспечения и запасных частей к нему, ввозимых для собственных производственных нужд, в иных целях без уплаты налогов и пени, причитающиеся суммы будут взысканы с применением мер ответственности в соответствии с таможенным и налоговым законодательством Республики Казахстан.