Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 наурыздағы N 291 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 13, 142-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Паспорт (Бағдарламаның негiзгi параметрлерi)" деген 1-бөлiмде:
"Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздерi" деген жолдағы "40032" деген сандар "38197,3" деген сандармен ауыстырылсын;
5.2-тараудың жиырма алтыншы абзацындағы екiншi сөйлем алынып тасталсын;
"Қажетті ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлiмнiң кестесiнде:
"Жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға" деген жолда:
"2003 ж." деген бағандағы "1515,6" деген сандар "1514,5" деген сандармен ауыстырылсын;
"2004 ж." деген бағандағы "1516,0" деген сандар "1504,7" деген сандармен ауыстырылсын;
"2005 ж." деген бағандағы "3016" деген сандар "1239,3" деген сандармен ауыстырылсын;
"Азаматтық авиация үшiн әуе кемелерінің, жолдарының және әуеайлақтардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi құжаттарды дайындауға" деген жолда:
"2003 ж." деген бағандағы "14,8" деген сандар "12,0" деген сандармен ауыстырылсын;
"2005 ж." деген бағандағы "23,9" деген сандар алынып тасталсын;
"Авиабағыттарды субсидиялауға" деген жолда:
"2004 ж." деген бағандағы "600" деген сандар "300" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана қаласының халықаралық әуежайын қайта жаңартуға" деген жолда:
"2003 ж. деген бағандағы "13005" деген сандар "12410,7" деген сандармен ауыстырылсын;
"2004 ж." деген бағандағы "14951" деген сандар "14838,0" деген сандармен ауыстырылсын;
"2005 ж." деген баған "2805,1" деген сандармен толықтырылсын;
"Қазавиализинг" ЖАҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға" деген жолда:
"2005 ж." деген бағандағы "1500" деген сандар алынып тасталсын;
"Азаматтық авиация комитетінің штат санын көбейтуге" деген жолда:
"2004 ж." және "2005 ж." деген бағандардағы "12,2" деген сандар алынып тасталсын;
"Азаматтық авиация комитетiнiң кадрларын қайта даярлау" деген жолда:
"2004 ж." және "2005 ж." деген бағандардағы "22" деген сандар алынып тасталсын;
"Эйр Астана" ЖАҚ акцияларын сатып алуға" деген жолда:
"2003 ж." деген бағандағы "273,9" деген сандар "25,6" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жиыны:" деген жолда:
"2003 ж." деген бағандағы "17741,7" деген сандар "16895,2" деген сандармен ауыстырылсын;
"2004 ж." деген бағандағы "17116,2" деген сандар "16657,7" деген сандармен ауыстырылсын;
"2005 ж." деген бағандағы "5174,1" деген сандар "4644,4" деген сандармен ауыстырылсын;
"Республикалық бюджет" деген жолда:
"Барлығы 2003-2005 жж." деген бағандағы "40032" деген сандар "38197,3" деген сандармен ауыстырылсын;
"2003 ж." деген бағандағы "17741,7" деген сандар "16895,2" деген сандармен ауыстырылсын;
"2004 ж." деген бағандағы "17116,2" деген сандар "16657,7" деген сандармен ауыстырылсын;
"2005 ж." деген бағандағы "5174,1" деген сандар "4644,4" деген сандармен ауыстырылсын;
"2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімнің кестесiнде:
реттік нөмiрi 2-жолдың 6-бағанындағы "51,2" деген сандар "24,5" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 4-жолдың 6-бағанындағы "1500" деген сандар "1200" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 5-жолда:
2-бағандағы "күрделi жөндеу" деген сөздер "қайта жаңарту және жаңғырту" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы "6047,6" деген сандар "4258,5" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 7-жолдың 6-бағанындағы "1500" деген сандар алынып тасталсын;
реттік нөмiрi 8-жолдың 6-бағанындағы "24,4" деген сандар алынып тасталсын;
реттік нөмiрi 10-жолда:
5-бағандағы "2003-2004 жылдар" деген сөздер "2003-2005 жылдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы "27956" деген сандар "30053,8" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 12-жолдың 6-бағанындағы "273,9" деген сандар "25,6" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 14-жолдың 6-бағанындағы "44" деген сандар алынып тасталсын;
реттік нөмiрi 15-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі