"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазмырыш" акционерлiк қоғамының акциялары мемлекеттiк пакетiнiң 5 (бес) пайызы мөлшерiндегi бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасы арқылы сатуды жүзеге асырсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі