Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 635 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтік қызметтер көрсету ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң          
2005 жылғы 27 маусымдағы  
N 635 қаулысымен      
бекiтiлген         

  Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында
инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету тәртiбiн регламенттейдi.
      2. Осы Ережеде  Заңмен  белгiленген ұғымдар қолданылады.
      3. Инжинирингтiк қызметтер жобалау-сметалық құжаттамада осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен қаржыландырылады және оларды бюджет қаражатынан қаржыландырылатын объектiлер бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы  заңнамаға  сәйкес тапсырыс берушi конкурстық негiзде сатып алады.

  2. Инжинирингтiк қызметтердi ұйымдастыру

      4. Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті аттестаты бар сарапшыны (бұдан әрі - сарапшы) не өзінің құрамында аттестатталған сарапшылары бар ұйымды (бұдан әрі - ұйым) тартқан кезде осы Ережені, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарт талаптарын басшылыққа алады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 163 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен жағдайда ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін техникалық және авторлық қадағалау және жобаны басқару үшін өзі құрған ұйымдық құрылымды, сондай-ақ ұйымның атынан жобаны басқаратын кандидатураны тапсырыс берушіге келісуге ұсынады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 163 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Ұйым тапсырыс берушіге тікелей инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшылардың тізімін, олардың-міндеттері мен өкілеттіктерін жазбаша түрде ұсынады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 163 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  3. Инжинирингтiк қызметтер көрсету

      7. Сарапшы не ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мердiгерлiк сауда-саттыққа қатысушылардың бiлiктiлiгiн анықтау және олардың ұсыныстарын бағалау кезiнде тапсырыс берушiге жәрдемдесу;
      2) тапсырыс берушi мен мердiгер арасындағы мердiгерлiк шартты дайындау процесiне қатысу;
      3) тапсырыс берушiнiң техникалық өкілi ретiнде құрылыс объектiлерiнде тапсырыс берушінiң мүддесiн бiлдiру және қорғау;
      4) техникалық шарттарды, өлшеу жүргiзудiң уақтылы және дұрыс ресiмдеудi қамтамасыз ету және құрылыс алаңын уақтылы беру;
      5) мердiгер жүргiзетiн құрылыс-монтаждау және жол-құрылыс жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасына толық сәйкес келуiн, объектiлердi салуды, қайта жаңартуды және күрделі жөндеуді техникалық қадағалауды қамтамасыз ету;
      6) мердiгердiң құрылыс алаңдарында техникалық қауiпсiздiк, еңбектi қорғау және қоршаған ортаны қорғау ережелерiн сақтауын қамтамасыз ету;
      7) объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялар мен бұйымдардың сапасын бақылау, оларды стандарттарға және Қазақстан Республикасында қолданыстағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынауды ұйымдастыру және сапаны растайтын құжаттардың болуын (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және т.б.) тексеру;
      8) тапсырыс берушiге жобаларды iске асыру барысы туралы жоспарлы және жоспардан тыс есеп беру;
      9) мердiгер дайындаған жұмыстардың күнтiзбелiк жоспарларын қарау және тапсырыс берушiге бекiтуге ұсыну;
      10) жұмыстардың өндiрiс қарқынының бекiтiлген кестеге сәйкестiгiн, объектiлердiң материалдық ресурстармен және техникалық құралдармен жиынтықталу барысын, бiлiктi жұмыс күшiмен қамтамасыз етiлуiн бағалау;
      11) объектiлерде жұмыс iстейтiн машиналар мен механизмдердi есепке алуды жүргiзу, олардың техникалық жарамдылығын және мердiгердiң конкурстық тапсырысында көрсетiлген тiзбеге сәйкестiгiн бағалау;
      12) мердiгердiң уақытша ғимараттары мен құрылыстарын, қойма шаруашылығын және шағын механизация құралдарын олардың мердiгерлiк жоба мен шарт ережелерi мен талаптарына сәйкестiгiн тексеру және бағалау;
      13) жұмыстарды орындау мерзiмдерiнiң ұзартылуына, қосымша немесе күтпеген жұмыстарды, шығындарды өтеуге қатысты мердiгердiң шағымдарын тексеру және тапсырыс берушiге ұсынымдар беру;
      14) бекiтiлген сметаға сәйкес орындалған жұмыстардың көлемi мен олардың құнын тексеру және аралық ақы төлеу немесе мердiгермен толық есеп айырысу кезiнде орындалған жұмыстарды қабылдау актiлерiн растау;
      15) тапсырыс берушiге жобалардың iске асырылу барысы, мердiгердiң қызметi, жұмыстардың сапасы, бөлiнген бюджет қаржысының игерiлуi және болашаққа болжамдар туралы кезеңдiк есептердi ұсыну;
      16) тапсырыс берушiге мердiгерлiк шартты iске асыруға және ұсыным беруге қатысты туындаған немесе туындауы мүмкiн проблемалар туралы хабарлау;
      17) тапсырыс берушiге жұмыстарды мерзiмiнде аяқтау үшiн қажеттi ұсыныстар беру, қабылданған ұсыныстар бойынша барлық қажеттi құжаттарды дайындау;
      18) мердiгерге уақтылы көмек көрсету және мердiгерлiк шарттардың орындалуына қатысты мәселелер, материалдар мен бұйымдардың сапасын бағалау, межелеу жұмыстары мен өлшеу жүргізу жөнінде қажетті нұсқаулар беру;
      19) техникалық есептер мен ақпарларды дайындауды және бекiтудi, жұмыстардың жүргiзiлу барысын уақтылы құжаттауды қамтамасыз ету;
      20) орындалған жұмыстардың көлемiне мерзiмдi және түпкіліктi өлшеудi жүргiзу және олардың мердiгердiң есептерiне сәйкестiгi туралы қорытындылар беру;
      21) бүкiл материалдарға, құрастырмаларға, жабдықтарға барлық кепілдiк құжаттарды және сертификаттарды қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету және оларды жобалау аяқталған соң тапсырыс берушiге өткiзiп беру;
      22) құрылысы аяқталған объектілердi қарауды, тексерудi және қажет болған жағдайда сынауды жүргiзу, ескертулер жасау, оларды мердiгердің толық жоюын қамтамасыз ету және тапсырыс берушiге объектілердi белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдап алу туралы ұсыным беру;
      23) мердiгердiң анықталған ақауларды жою жөнiндегi кепiлдемелiк мiндеттемелердi орындауын тексеру, орындалған жұмыстардың сапасыздығы немесе кешіктірілгенi үшiн айыппұл және өсiмпұл ұстау;
      24) жобаларды табысты iске асыру мен мердiгер шартын орындау үшiн қажеттi тапсырыс берушiмен шартта айтылған қызметтердi көрсету.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.29 N 1468, 2012.01.25 № 163 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      8. Сарапшы не инжинирингтік қызметтерді көрсететін ұйым инжинирингтік қызметтер көрсету кезінде заңнамаға және шарттардың талаптарына сәйкес:
      1) тапсырыс берушiнiң тапсырмасы бойынша объектілердiң құрылысы және оларды қайта жаңарту мәселелерi бойынша жергiлікті атқарушы органдармен, жер учаскелерiнiң және коммуникациялардың иелерiмен, басқа да ұйымдармен және жұртшылықпен қарым-қатынасында оның мүддесiн бiлдiредi;
      2) объектiлер үшiн материалдар жасайтын, өндiретiн және дайындайтын құрылыс алаңдарына, шеберханаларға, зауыттарға, сондай-ақ басқа да орындарға кiре алады;
      3) мердiгерден және қосалқы мердiгерлерден объект бойынша қажетті атқарушы құжаттаманы сұратады;
      4) технологияның бұзылуы, жобадан ауытқу, сапасыз құрылыс материалдарының пайдаланылуы анықталған жағдайда, ақаулар мен бұзушылықтар жойылғанға дейiн жұмыстарды жүргiзудi тоқтата тұрады;
      5) жобадан жүйелi түрде ауытқуларға жол берген, жұмыс өндiрiсi ережелерiн және нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарын бұзған мердiгердi жұмыстан босату туралы тапсырыс берушiге ұсыныс енгiзедi;
      6) төлемге берiлген құжаттарды түзету немесе нормативтiк талаптарға және жобалау құжаттамасына сәйкес келмейтiн жұмыстар көлемiнiң құнын төлеуге берiлген, орындалған жұмыстарды қабылдау актiлерiн алып тастау жөнiнде тапсырыс берушiге ұсыныс енгiзедi;
      7) мердiгердiң лауазымды тұлғаларына ақауларды және олардың туындау себептерiн жою туралы ұсыныстар жасайды;
      8) мердiгерден жұмыстар мен материалдарды қайтадан сынауды немесе сараптамадан өткiзудi орындауды талап етедi;
      9) хат-хабарларды, зерттеу және сынау деректерiн, мәжiлiстердiң хаттамаларын, қаржы жазбаларын, құрылыс алаңының күнделiгiн қоса алғанда, құжаттарды есепке aлу, пайдалану және сақтау жүйесiн құрады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 163 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      9. Сарапшы не инжинирингтік қызметтерді көрсететін ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартта көзделген инжинирингтік қызметтердің сапалы, уақтылы және толық көрсетілуі үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 163 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Сарапшы осы Ереженің талаптарын сақтамаған жағдайда, оның мәртебесін және инжинирингтік қызметтерді орындауға арналған құқығын куәландыратын аттестаттау куәлігінің қолданысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатыла тұрады не кері қайтарып алынады.
      Ескерту. Ереже 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 163 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2005 года N 635. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 февраля 2015 года № 71.
 

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые  Правила  оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены             
постановлением Правительства    
Республики Казахстан        
от 27 июня 2005 года N 635     

  Правила оказания инжиниринговых услуг в сфере
архитектурной, градостроительной и строительной деятельности 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" (далее - закон) и регламентируют порядок оказания комплекса услуг, обеспечивающих подготовку и осуществление строительства.
      2. В настоящих Правилах используются понятия, определенные  Законом.
      3. Инжиниринговые услуги финансируются за счет средств, предусмотренных на эти цели в проектно-сметной документации, и по объектам, финансируемым из бюджетных средств, закупаются заказчиком на конкурсной основе в соответствии с законодательством о государственных закупках.

  2. Организация инжиниринговых услуг

      4. Заказчик при привлечении эксперта, имеющего соответствующий аттестат на право осуществления инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности (далее - эксперт), либо организации, имеющей в своем составе аттестованных экспертов (далее - организации), руководствуется настоящими Правилами, другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан и условиями договора об оказании инжиниринговых услуг.
      Сноска. Пункт 4 в редакции постановления Правительства РК от 25.01.2012 № 163 (вводится в действие с 30.01.2012).
      5. В случае оказания инжиниринговых услуг организацией после подписания договора организация представляет на согласование заказчику организационную структуру, создаваемую ею для технического и авторского надзоров и управления проектом, а также кандидатуру управляющего проектом от организации.
      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правительства РК от 25.01.2012 № 163 (вводится в действие с 30.01.2012).
      6. Организация письменно представляет заказчику список экспертов, непосредственно оказывающих инжиниринговые услуги, их обязанности и полномочия.
      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правительства РК от 25.01.2012 № 163 (вводится в действие с 30.01.2012).

  3. Оказание инжиниринговых услуг

      7. Эксперт либо организация при оказании инжиниринговых услуг осуществляет следующие функции:
      1) содействие заказчику при определении квалификации участников подрядных торгов и оценке их предложений;
      2) участие в процессе подготовки договора подряда между заказчиком и подрядчиком;
      3) представление и защита интересов заказчика на объектах строительства в качестве технического представителя заказчика;
      4) обеспечение своевременного и правильного оформления технических условий, исполнительных съемок и своевременное представление строительной площадки;
      5) обеспечение полного соответствия проектно-сметной документации производимых подрядчиком строительно-монтажных и дорожно-строительных работ, технического надзора строительства, реконструкции и капитального ремонта объектов;
      6) обеспечение соблюдения подрядчиком на строительных площадках правил техники безопасности, охраны труда и защиты окружающей среды ;
      7) проверка качества применяемых на объектах строительных материалов, конструкций и изделий, организация их лабораторного испытания в соответствии со стандартами и другими нормативно-техническими документами, действующими в Республике Казахстан, и наличия документов, удостоверяющих качество (технические паспорта, сертификаты, результаты лабораторных испытаний и другие);
      8) представление плановой и внеплановой отчетности заказчику о ходе реализации проектов;
      9) рассмотрение и представление на утверждение заказчику подготовленных подрядчиком календарных планов работ;
      10) оценка соответствия темпов производства работ утвержденному графику, хода комплектации объектов материальными ресурсами и техническими средствами, обеспеченности квалифицированной рабочей силой;
      11) ведение учета машин и механизмов, работающих на объектах, оценка их технической пригодности и соответствия перечню, указанному в конкурсной заявке подрядчика;
      12) проверка и оценка временных зданий и сооружений, складского хозяйства и средств малой механизации подрядчика на их соответствие условиям и требованиям проекта и договора подряда;
      13) проверка претензий подрядчика в отношении продления сроков выполнения работ, компенсации дополнительных или непредвиденных работ, затрат и выдача рекомендаций заказчику;
      14) проверка объемов выполненных работ и их стоимости в соответствии с утвержденной сметой и заверение актов приемки выполненных работ при промежуточной оплате или при окончательном расчете с подрядчиком;
      15) представление заказчику периодических отчетов о ходе реализации проектов, деятельности подрядчика, качестве работ, об освоении выделенных бюджетных ассигнований и прогнозах на будущее;
      16) информирование заказчика о возможных проблемах, которые возникли или могут возникнуть в отношении реализации договора подряда и выдача рекомендаций;
      17) представление заказчику предложений, необходимых для завершения работ в срок, подготовка всех необходимых документов по принятым предложениям;
      18) представление подрядчику своевременной помощи и выдача необходимых рекомендаций по вопросам, касающимся исполнения договоров подряда, оценке качества материалов и изделий, проведению разбивочных работ и исполнительных съемок;
      19) обеспечение подготовки и утверждения технических отчетов и сводок, своевременного документирования хода производства работ;
      20) проведение периодических и окончательных измерений выполненных объемов работ и выдача заключений об их соответствии отчетам подрядчика;
      21) обеспечение приемки и сохранности всех гарантийных документов и сертификатов на все материалы, конструкции, оборудование и их передача заказчику по окончанию проектов;
      22) проведение осмотров, обследований и, при необходимости, испытаний законченных строительством объектов, предъявление замечаний, обеспечение их полного устранения подрядчиком и в установленном порядке представление рекомендации заказчику о приемке объектов в эксплуатацию;
      23) проверка выполнения подрядчиком гарантийных обязательств по устранению выявленных дефектов, удержания штрафов и пени за некачественно или несвоевременно выполненные работы;
      24) оказание услуг, оговоренных в договоре с заказчиком, необходимых для успешной реализации проектов и выполнения договоров подряда.
      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 29.09.2009 N 1468 ; от 25.01.2012 № 163 (вводится в действие с 30.01.2012).
      8. При оказании инжиниринговых услуг эксперт либо организация, оказывающая инжиниринговые услуги, в соответствии с законодательством и условиями договоров:
      1) представляет, по поручению заказчика, его интересы в отношениях с местными исполнительными органами, с владельцами земельных участков и коммуникаций, с другими организациями и общественностью по вопросам строительства и реконструкции объектов;
      2) имеет доступ к строительным площадкам, мастерским, заводам, а также к другим местам изготовления, производства и подготовки материалов для объектов;
      3) запрашивает у подрядчика и субподрядчиков необходимую исполнительную документацию по объекту;
      4) приостанавливает производство работ в случае обнаружения нарушений технологии, отклонений от проекта, применения некачественных строительных материалов до устранения выявленных дефектов и нарушений;
      5) вносит предложения заказчику об отстранении от работ подрядчика, систематически допускающего отклонения от проекта, нарушающего правила производства работ и требования нормативно-технических документов;
      6) вносит предложения заказчику по корректировке предъявленных для оплаты документов или исключению из актов приемки выполненных работ, предъявленных к оплате, стоимости объемов работ, которые не соответствуют нормативным требованиям и проектной документации;
      7) направляет предложения должностным лицам подрядчика об устранении дефектов и причин их возникновения;
      8) требует от подрядчика выполнения повторных испытаний или экспертизы работ и материалов;
      9) создает систему учета, использования и хранения документов, включая корреспонденцию, данные исследований и испытаний, протоколов заседаний, финансовые записи, дневник строительной площадки.
      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 25.01.2012 № 163 (вводится в действие с 30.01.2012).
      9. Эксперт либо организация, оказывающая инжиниринговые услуги, несут ответственность перед заказчиком за качественное, своевременное и полное оказание инжиниринговых услуг, предусмотренных договором в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 25.01.2012 № 163 (вводится в действие с 30.01.2012).
      10. В случае несоблюдения экспертом требований настоящих Правил действие аттестационного свидетельства, удостоверяющее его статус и право на выполнение инжиниринговых услуг, приостанавливается либо отзывается в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 10 в соответствии с постановлением Правительства РК от 25.01.2012 № 163 (вводится в действие с 30.01.2012).