Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Темiр жол министрлiгi арасындағы Жолтабан енi 1435 мм Трансқазақстан темiр жол магистралiн салу мүмкiндiгін зерттеу жөнiндегi ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi мен Қытай Халық Республикасының Темiр
жол министрлiгi арасындағы Жолтабан енi 1435 мм
Трансқазақстан темiр жол магистралiн салу мүмкiндiгiн
зерттеу жөнiндегi ынтымақтастық туралы меморандум
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгі мен Қытай Халық Республикасының Темiр жол министрлiгі,
екi елдiң темiр жолдары арасындағы достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастарын негiзге ала отырып,
еуразия көлiк дәлiзiн дамытудың маңызды мәнiн ескере отырып,
екi ел арасындағы темiр жол көлiгі байланысын және олардың аумақтары арқылы өтетiн транзитті кеңейту мақсатында,
мынадай мәселелер бойынша өзара түсiнiкке қол жеткiздi:
1. Тараптар осы магистральдың бұдан әрi қарай Түркiменстан аумағы арқылы өту мүмкiндiгi бар және Иран Ислам Республикасының жолтабан енi 1435 мм темiр жол магистралiмен қосылатын және Түркия аумағы арқылы еуропа темiр жол желiсiне шығатын Достық станциясынан Түркiменстанмен мемлекеттiк шекараға дейiнгі бағытта жолтабан енi 1435 мм Трансқазақстан темiр жол магистралiн (бұдан әрi - ТҚТМ) салу мүмкiндiгін зерттеудiң маңыздылығына назар аударды.
2. Тараптар ТҚТМ-дi салу мүмкiндiгін зерттеу жөнiндегi ынтымақтастықты дамыту ниетiн қолдайтын болады.
Қытай Тарабы Қазақстан Тарабына осы зерттеудi орындауда көмек көрсетедi.
3. Тараптар ТҚТМ салуды зерттеу жөнiндегi ынтымақтастықты Қазақстан - Қытай темiр жол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөнiндегі кiшi комитетi шеңберінде дамытатын болады.
4. Осы Меморандумды орындауды үйлестiру үшiн құзыреттi органдар мыналар болып табылады:
Қазақстан тарабынан - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Қатынас жолдары комитетi,
Қытай тарабынан - Қытай Халық Республикасы Темiр жол министрлiгінiң Халықаралық ынтымақтастық департаментi.
Тараптар құзыреттi органдардың атауларындағы немесе олар орындайтын функциялардағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiн уақытылы хабардар ететiн болады.
5. Осы Меморандум қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптардың бipeуi екiншi Тараптардың оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн қолданыста болады.
2005 жылғы "__" __________ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасы
Көлiк және коммуникация Темiр жол министрлiгi үшiн
министрлiгi үшiн