Ақша қаражатын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 118 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
2-тармақта "ұйымдастыруды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оларды сатуды, оның ішінде лизингке сатуды" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі