Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 26-жолдың 2-бағанындағы "Инновациялық қызмет туралы (жаңа редакцияда)" деген сөздер "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі