Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі N 736 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2016 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүрудi қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнің         
2005 жылғы 18 шілдедегі  
N 736 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүрудi қамтамасыз ету
ЕРЕЖЕСI

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттiк білiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн қалааралық темiр жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жеңілдiкпен жүрудi қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және бiлiм алушылардың жол жүруiне өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      жол жүру өтемақысы - жастар арасынан мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін қалааралық темiр жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жол жүру құнының бөлiгiн өтеуге арналған ақшалай төлем;
      білiм алушылар - студенттер, магистранттар, даярлық бөлiмдерiнiң тыңдаушылары, колледждердiң оқушылары;
      өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар - республикалық бюджет есебiнен жоғары кәсiптiк білімдi мамандар даярлауды және республикалық және жергілiктi бюджеттер есебiнен кәсiптiк орта бiлiмдi мамандар даярлауды жүзеге асыратын оқу орындары.
      3. Жол жүру өтемақысы республикалық және жергілiктi бюджеттер қаражаты есебiнен төленедi.
      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, мемлекеттiк тапсырысты орындайтын облыстық, қалалық бiлiм, денсаулық сақтау департаменттерi (басқармалары), жыл сайын, республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде ақшалай өтемақыларын төлеуге арналған қаражатқа қажеттiлiк есебiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергілiктi уәкілеттi органдарға ұсынады.
      5. Жол жүру өтемақысы мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың мынадай санаттарына:
      орта кәсiптiк оқу орындарының күндiзгi оқыту нысанында оқитындарға жылына екi рет, қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде, тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекiтiлетiн 2 еселенген айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - АЕК) мөлшерiнде;
      орта кәсiптік оқу орындарын бiтiрушiлерге - жылына бiр рет, 2 еселенген АЕК мөлшерiнде;
      студенттерге, магистранттарға, жылына екi рет, қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде 4 еселенген АЕК мөлшерiнде;
      жоғары оқу орындарының даярлық бөлiмдерiнiң тыңдаушыларына - жылына бiр рет, 4 еселенген АЕК мөлшерiнде;
      жоғары кәсiптiк оқу орындарын бiтiрушiлерге - жылына бiр рет, 4 еселенген АЕК мөлшерiнде төленедi.
      6. Білiм алушыларға жол жүру өтемақыларын төлеудi өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар жыл сайын ақпан және маусым айларында қаражатты бiлiм алушылардың карт-шотына аудару жолымен немесе қолма-қол төлемдермен жүргiзедi.
      7. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне, облыстық, қалалық бiлiм, денсаулық сақтау департаменттерiне (басқармаларына) жол жүру өтемақыларын төлеуге арналған бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп бередi.

О льготном проезде для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в средних и высших профессиональных учебных заведениях из числа молодежи путем выплаты компенсаций

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2005 года N 736. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2016 года № 129

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.03.2016 № 129 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации подпункта 5) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила обеспечения льготного проезда для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в средних и высших профессиональных учебных заведениях из числа молодежи путем выплаты компенсаций.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2005 года.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены                 
постановлением Правительства        
Республики Казахстан            
от 18 июля 2005 года N 736         

  Правила
обеспечения льготного проезда для обучающихся
на основе государственного образовательного заказа
в средних и высших профессиональных учебных заведениях
из числа молодежи путем выплаты компенсаций

      1. Настоящие Правила разработаны в целях обеспечения льготного проезда в период зимних и летних каникул на междугородном железнодорожном и автомобильным транспорте (кроме такси) для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в средних и высших профессиональных учебных заведениях из числа молодежи в соответствии с законодательством Республики Казахстан и определяют порядок выплаты компенсаций на проезд обучающихся.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      компенсация на проезд - денежная выплата обучающимся на основе государственного образовательного заказа из числа молодежи для возмещения части стоимости проезда в период зимних летних каникул на междугородном железнодорожном и автомобильном транспорте (кроме такси);
      обучающиеся - студенты, магистранты, слушатели подготовительных отделений, учащиеся колледжей;
      организации по выплате компенсации - учебные заведения, осуществляющие подготовку специалистов с высшим профессиональным образованием за счет республиканского бюджета и средним профессиональным образованием за счет республиканского и местных бюджетов.

      3. Компенсация на проезд выплачивается за счет средств республиканского и местных бюджетов.

      4. Министерство образования и науки Республики Казахстан, Министерство здравоохранения Республики Казахстан, областные, городские департаменты (управления) образования, здравоохранения, выполняющие государственный заказ, ежегодно, при разработке проектов республиканского и местных бюджетов, представляют в центральный и местные уполномоченные органы по бюджетному планированию расчеты потребности в средствах на выплату денежных компенсаций.

      5. Компенсация на проезд выплачивается следующим категориям обучающихся по государственному образовательному заказу:
      учащимся дневной формы обучения средних профессиональных учебных заведений два раза в год, в период зимних и летних каникул, в размере 2-х кратного месячного расчетного показателя, ежегодно утверждаемого законом о республиканском бюджете на соответствующий год (далее - МРП);
      выпускникам средних профессиональных учебных заведений - один раз в год в размере 2-х кратного МРП;
      студентам, магистрантам, два раза в год, в период зимних и летних каникул в размере 4-х кратного МРП;
      слушателям подготовительных отделений высших учебных заведений - один раз в год в размере 4-х кратного МРП;
      выпускникам высших профессиональных учебных заведений - один раз в год в размере 4-х кратного МРП.

      6. Компенсация на проезд обучающимся производится организацией по выплате компенсации ежегодно, в феврале и июне месяце, путем перечисления средств на карт-счета обучающихся или наличными платежами.

      7. После завершения финансового года организации по выплате компенсации представляют в Министерство образования и науки Республики Казахстан, Министерство здравоохранения Республики Казахстан, областные, городские департаменты (управления) образования, здравоохранения, отчет об использовании бюджетных средств по выплате компенсаций на проезд в установленном порядке.