Демалыс күнін ауыстыру туралы

Қазастан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 949 Қаулысы

      Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2005 жылғы қазанда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Демалыс күні 2005 жылғы 22 қазандағы сенбіден 2005 жылғы 24 қазандағы дүйсенбіге ауыстырылсын.

      2. Қажетті өнімді шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2005 жылғы 24 қазанда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
      Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О переносе дня отдыха

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 сентября 2005 года N 949

     В целях создания благоприятных условий для отдыха трудящихся и рационального использования рабочего времени в октябре 2005 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. Перенести день отдыха с субботы 22 октября 2005 года на понедельник 24 октября 2005 года.

     2. Предоставить право организациям, которые обеспечены трудовыми, материальными и финансовыми ресурсами для выпуска необходимой продукции, оказания услуг, включая финансовые, а также ввода в действие объектов строительства, производить по согласованию с профсоюзными организациями работу 24 октября 2005 года.
     Работа в указанный день компенсируется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

     3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан