"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Siemens AG компаниясы мен "Сименс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Астана қаласының пилоттық аймағында мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасын құру жөнiндегi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi көрсетушiлер болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігi заңнамада белгiленген тәртiппен:
осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалармен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiктік ортасын құру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде 887469000 (сегiз жүз сексен жетi миллион төрт жүз алпыс тоғыз мың) теңге сомасына тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттік сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
құрылатын мемлекеттiк органдардың бірыңғай көлiктiк ортасындағы ақпарат қауiпсiздiгi жөнiндегi арнайы талаптарды сақтауды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі