Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 982 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 450 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса беріліп отырған Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкiметінің           
2005 жылғы 30 қыркүйектегі   
N 982 қаулысымен        
бекiтiлген           

  Жалпы республикалық Қазақстан жастарының
Форумы туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.

      2. Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы (бұдан әрi - Форум) Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдары уәкiлеттi өкiлдерiнің форумы болып табылады.

      3. Форум өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын , басқа да нормативтік құқықтық кесімдердi басшылыққа алады.

       2. Форумның мақсаты, міндеттері мен функциялары

      4. Форумның негiзгi мақсаты жалпы ұлттық мүддеде өзара әлеует пен ресурстарды неғұрлым толық пайдалану үшiн мемлекеттік органдардың жастар ұйымдарымен өзара iс-қимылының тұтас жүйесiн құру болып табылады.

      5. Форумның негiзгi мiндеттерi:
      1) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының арасындағы диалог пен өзара iс-қимыл жүйесiн қалыптастыру үшін қажетті ұйымдастырушылық алғышарттар жасау;
      2) жалпы қазақстандық жастар ортасын қалыптастыру;
      3) Қазақстан Республикасының жастары мен мемлекеттiк билiк органдары арасында керi байланысты қамтамасыз ету.

  3. Форумның құқықтары

      6. Негiзгi мiндеттер мен өзiне жүктелген функцияларды iске асыру үшін Форумның заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) жастарға үндеулер қабылдауға;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру және iске асыру туралы ұсынымдар әзiрлеуге құқығы бар.

  4. Форумды өткiзу тәртiбi

      7. Форумды дайындау мен өткiзудi құрамын жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi уәкілетті органның басшысы бекітетiн ұйымдастыру комитетi жүзеге асырады.

      8. Форум екі кезеңде өткiзіледi:
      1) дайындық кезеңi, ол кезде барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында Форум делегаттарын сайлау жүргiзіледi;
      2) негiзгi кезең Форумды өткiзу.

      9. Форумды уәкiлетті орган екi жылда кемiнде бiр рет шақырады.

      10. Форумда шешімдер қабылдау Форумға қатысушы делегаттардың ашық дауыс беруi жолымен жүзеге асырылады.

  5. Форумда жастар өкiлдігін қалыптастыру

      11. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тiркелген жергiліктi жастар ұйымдары мен республикалық жастар ұйымдары аумақтық филиалдарының қатысуымен облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы конференцияларда сайлау жолымен жүргiзіледi.

      12. Конференцияларға облыстың, Астана және Алматы қалаларының тiркеуден өткен жастар ұйымдарының делегат етiп жіберілген өкiлдерi қатысады.

      13. Облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда Форумға делегаттарды сайлау жөніндегi конференцияларды ұйымдастыруды, өткiзудi және жұмыс регламентiн белгiлеудi Қазақстан Республикасының жастар саясаты мәселелері жөніндегi уәкілетті органы және жастар мен жастар ұйымдарының уәкілеттi өкiлдерi қамтамасыз етедi.

      14. Делегациялардың сандық құрамы әр облыстан кемiнде 15 адамды, Астана және Алматы қалаларынан - кемінде 30 адамды құрайды. Уәкілеттi орган Форумға қатысу үшін саяси партиялардың, Қазақстан халықтары Ассамблеясының, жастар бастамалары әскери орталықтарының, оқу орындарының, мүдделі мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн Форум делегаттарының жалпы санының 25%-ынан аспайтын санда қосымша шақыра алады.

  6. Қорытынды ережелер

      15. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.

      16. Форумда қабылданған ұсынымдар тиiстi хаттамамен ресiмделедi және заңнамада белгіленген тәртiппен қарау үшін Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберiледi.

Об утверждении Положения об Общереспубликанском форуме молодежи Казахстана

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2005 года N 982. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 450

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.06.2015 № 450 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 июля 2004 года "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение об Общереспубликанском форуме молодежи Казахстана.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство образования и науки Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждено            
постановлением Правительства  
Республики Казахстан      
от 30 сентября 2005 года N 982 

Положение
об Общереспубликанском форуме молодежи Казахстана

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан".

      2. Общереспубликанский форум молодежи Казахстана (далее - Форум) является форумом уполномоченных представителей молодежи и молодежных организаций Республики Казахстан.

      3. В своей деятельности Форум руководствуется Конституцией Республики Казахстан,  Законом Республики Казахстан "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан", другими нормативными правовыми актами.

2. Цель, задачи и функции Форума

      4. Основной целью Форума является создание целостной системы взаимодействия государственных органов с молодежными организациями для наиболее полного использования взаимного потенциала и ресурсов в общенациональных интересах.

      5. Основными задачами Форума являются:
      1) создание необходимых организационных предпосылок для формирования системы диалога и взаимодействия между государственными органами и молодежными организациями на республиканском и региональном уровнях;
      2) формирование общеказахстанской молодежной среды;
      3) обеспечение обратной связи между молодежью Республики Казахстан и органами государственной власти.

3. Права Форума

      6. Для реализации основных задач и возложенных на него функций Форум имеет право в установленном законодательством порядке:
      1) принимать обращения к молодежи;
      2) вырабатывать рекомендации о формировании и реализации государственной молодежной политики Республики Казахстан.

4. Порядок проведения Форума

      7. Подготовку и проведение Форума осуществляет организационный комитет, состав которого утверждается руководителем уполномоченного органа по вопросам молодежной политики.

      8. Форум проводится в два этапа:
      1) подготовительный этап, во время которого проводятся выборы делегатов Форума во всех областях, городах Астана и Алматы;
      2) основной этап. Проведение Форума.

      9. Форум созывается уполномоченным органом не реже одного раза в два года.

      10. Принятие решений на Форуме осуществляется путем открытого голосования делегатами - участниками Форума.

5. Формирование представительства молодежи на Форуме

      11. Формирование состава делегатов Форума происходит выборным путем в областях, городах Астана и Алматы на конференциях с участием местных молодежных организаций и территориальных филиалов республиканских молодежных организаций, зарегистрированных в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан .

      12. В конференциях принимают участие делегированные представители зарегистрированных молодежных организаций области, городов Астаны и Алматы.

      13. Организацию, проведение и определение регламента работы конференций по выбору делегатов на Форум в областях и городах республиканского значения обеспечивают уполномоченный орган по вопросам молодежной политики и уполномоченные представители молодежи и молодежных организаций Республики Казахстан.

      14. Количественный состав делегаций составляет не более 15 человек от каждой области и не более 30 человек от городов Астаны и Алматы. Уполномоченным органом для участия в Форуме дополнительно могут приглашаться представители политических партий, Ассамблеи народов Казахстана, войсковых центров молодежных инициатив, учебных заведений, заинтересованных государственных органов и средств массовой информации в количестве, не превышающем 25 % от общего числа делегатов Форума.

6. Заключительные положения

      15. Решения, принимаемые на Форуме, носят рекомендательный характер.

      16. Принятые на Форуме рекомендации оформляются соответствующим протоколом и направляются в Правительство Республики Казахстан для рассмотрения в установленном законодательством порядке .