"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "International consulting group оn tourism "I.Р.К." компаниясы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар "Қазақстанның туристік әлеуетiн зерттеу" тақырыбы бойынша зерттеулер жүргiзу жөнiнде қызметтер көрсетушi болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда және туристік қызметтi реттеу комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат есебiнен 65000000 (алпыс бес миллион) теңге сомасына қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасассын;
2) 1-тармақта көрсетiлген қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі