Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "2005 жылға арналған 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптау" республикалық бюджеттік бағдарламаны бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 281 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 7-1, 7-2, 7-3-жолдармен толықтырылсын:
"7-1 Суармалы экожүйелердi басқару 8580
7-2 Атырау, Тараз, Алматы, Астана, Ақтөбе,
Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Қостанай,
Шымкент, Петропавл қалаларында аумақтық 5000
қоршаған ортаны қорғау басқармаларының
әкiмшiлiк ғимараттарын салу
7-3 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің Ұлттық 11700
метеорология орталығын салу ";
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 14-1-жолмен толықтырылсын:
"14-1 Қазақстан Республикасының қалалары мен
аудандарында (Ақтөбе, Астана, Қарағанды,
Қостанай, Рудный, Батыс Қазақстан
облысының Ақсай қалаларында, Шығыс 4000
Қазақстан облысының Жаңа Бұқтырма
кентiнде) 2, 4, 6, 8 шығуға арналған
өрт сөндiру деполарын салу ";
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 25-1 және 25-2-жолдармен толықтырылсын:
"25-1 Астана қаласында 80 төсектік 7340
кардиохирургиялық орталық салу
25-2 Алматы қаласында 100 төсектік 10010
кардиохирургиялық орталық салу ";
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 29-1, 29-2, 29-3, 29-4, 29-5-жолдармен толықтырылсын:
"29-1 "Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары
арқылы Ресей Федерациясының шекарасы 6500
(Екатеринбургке) - Алматы" автожолын
"Алматы - Қарағанды" (223 км)
учаскесiнде қайта жаңарту
29-2 "Қырғыз Республикасының шекарасына 10100
кіреберістері бар Көкпек, Көктал,
Благовещенка арқылы Өзбекстан
Республикасының шекарасы (Ташкентке)
- Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас"
автожолын "Алматы - Қорғас"
учаскесiнде (351 км) қайта жаңарту
29-3 Көлiк инфрақұрылымы желiсiн дамыту 180
29-4 "Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының
шекарасы (Астраханьға)" автомобиль
жолын "Астрахань - Атырау" учаскесінде 8500
қайта жаңарту
29-5 "Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары
арқылы Ресей Федерациясының шекарасы
(Екатеринбургке) - Алматы" автомобиль
жолын "Қарағанды - Астана" учаскесінде 6500
қайта жаңарту (I санатқа аудару) ";
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрі 30-1-жолмен толықтырылсын:
"30-1 Астана қаласында республикалық велотрек
салу 94710 ";
мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiммен және реттiк нөмірi 31-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
31 Алматы қаласының Алатау кентінде
Ақпараттық технологиялар паркiн салу
(II кезек) 10000 ";
мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы" деген бөлiммен және реттiк нөмiрi 32-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
32 Қаржы мониторингiнiң автоматтандырылған 4000
ақпараттық жүйесiн құру ";
мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi" деген бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 33, 34, 35, 36-жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
33 (құпия)
34 (құпия)
35 (құпия)
36 (құпия) ";
"Жиыны" деген жолдағы "466880" деген сандар "670000" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі