Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегi Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Ұжымдық қауiпсіздiк туралы шарт ұйымының жанындағы
Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының
Өкiлетті өкiлi туралы ереженi бекiту туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берілiп отырған Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегi Қазақстан Республикасының Өкілетті өкiлi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкiлетті өкiлi мен оның аппаратын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы "__"_______
N ____ Жарлығымен
бекiтiлген
Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы
Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының
Өкiлетті өкiлi туралы ереже
Осы Ереже Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының (бұдан әрi - ҰҚШҰ) жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінiң мәртебесін және өкілеттігiн белгілейдi.
1. Жалпы ережелер
1. ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты кеңестегi Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілін (бұдан әрi - Өкілетті өкіл) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2. Өкілетті өкіл лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшiсiне теңестiріледi.
Өкiлетті өкілге "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының ережелерi қолданылады.
3. Өкiлетті өкіл өз қызметін келген мемлекеттің заңнамасын және ҰҚШҰ epeжелерін, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын eскepe отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегi Заңымен ратификацияланған Ұжымдық қауіпсiздiк туралы шарт ұйымының Жарғысына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегi Заңымен ратификацияланған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келiсiмге (бұдан әрi - ҰҚШҰ құқықтық мәртебесi туралы келісім), Ұжымдық қауіпсіздiк кеңесінің 2003 жылғы 28 сәуiрдегi шешімімен бекітілген ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты кеңес туралы ережеге (бұдан әрi - Тұрақты кеңес туралы ереже), "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңына , Қазақстан Республикасы Президентінiң 2004 жылғы 4 ақпандағы N 1287 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережеге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Өкiлеттi өкiлдiң негізгi мiндеттері,
функциялары мен құқықтары
4. Өкiлетті өкiлдің негiзгi міндеттерi мыналар болып табылады:
ҰҚШҰ-да Қазақстан Республикасы сыртқы саяси бағытын icке асыру;
ҰҚШҰ-мен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының атынан өкілдiк ету;
ҰҚШҰ-мен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының саяси, әcкepи-техникалық мүдделерін қорғауды дипломатиялық құралдармен және әдiстермен қамтамасыз ету;
ҰҚШҰ қызметінің мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымын бiлдiру;
ахуалды бағалау және талдау, ұлттық, өңiрлiк және халықаралық қауiпсiздікті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер бойынша жедел ақпарат алмасу және тиісті ұсынымдар дайындау;
Қазақстан Республикасының ұстанымын ескере отырып, Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесінің, ҰҚШҰ-ның консультативтік және атқарушы органдарының шешімдерiн орындауды ұйымдастыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының ұстанымын ескере отырып, ҰҚШҰ органдарының отырыстарына шешімдер жобаларын дайындауға қатысу.
5. Өкілетті өкiл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты стратегиясын iске асыруға ықпал етеді;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына ҰҚШҰ-мен қарым-қатынас мәселелерi жөнiнде ұсыныстар бередi;
ҰҚШҰ органдарымен келiссөздер жүргізедi және ресми байланыстарды ұстауға ықпал етеді;
Қазақстан Республикасының ҰҚШҰ-мен ынтымақтастығы шеңберінде мақсаттар мен қағидаттарды жүзеге acыруға, сондай-ақ шешімдердi iске асыруда жәрдемдеседi;
сыртқы саяси қызметті үйлестіруге, көп жақты әскери-саяси ықпалдастықты дамытуға және ұжымдық қауiпсiздiк жүйесi мен оның өңiрлiк құрылымдарын дамытуға әрi жетілдiруге бағытталған ұсыныстарды дайындайды;
халықаралық терроризмге, есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың, қарудың заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз көшi-қонға және қауіпсiздіктің басқа да қатерлеріне қарсы iс-қимыл жасауға бағытталған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердiң күш-жігерін үйлестіру жөніндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатысады;
Ұжымдық қауiпсіздiк кеңесінің сессияларына және ҰҚШҰ Сыртқы iстер министрлерi кеңесінің, ҰҚШҰ Қорғаныс министрлерi кеңесінің, ҰҚШҰ Қауіпсiздiк кеңесінің хатшылары комитетiнің отырыстарына шешімдер мен құжаттардың жобаларын дайындауға қатысады;
Қазақстан Республикасының мүдделерi мен қауiпсiздiгін қозғайтын оқиғалардың дамуы жағдайында тиiстi консультациялар өткiзу туралы ұсыныстар енгiзедi;
ҰҚШҰ шеңберінде Қазақстан Республикасының әскери-техникалық ынтымақтастығын жетілдiру жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
ҰҚШҰ-ға iссапарға жiберілетiн Қазақстан Республикасының ресми делегацияларына және өкілдерiне оларға жүктелген мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетедi;
ҰҚШҰ органдарының отырыстарына Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнің және Қазақстан Республикасының басқа да ресми тұлғаларының қатысуына байланысты протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларына қатысады;
ҰҚШҰ-ға ақпарат жинауды және оның қызметiн зерттеудi жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарына хабарлайды;
ҰҚШҰ-да Қазақстан Республикасының сыртқы, iшкi және қорғаныс саясаты туралы ақпарат таратады;
Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi шешiмдерiнiң және оларды орындауға қабылданатын ҰҚШҰ Сыртқы iстер министрлерi кеңесi, ҰҚШҰ Қорғаныс министрлерi кеңесi және ҰҚШҰ Қауiпсiздiк кеңесi хатшыларының комитетi шешiмдерiнiң орындалуын жалпы қадағалауды және бақылауды жүзеге acырады;
ҰҚШҰ-ның ұйымдастырушылық және қаржылық қызметiне байланысты мәселелердi қарайды және оны жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындайды;
ҰҚШҰ органдарына Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсiздiк мәселелерi жөніндегі ұлттық заңнамасы туралы, сондай-ақ ҰҚШҰ-ғa мүше болып табылмайтын мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасы жасасатын әскери-саяси сипаттағы халықаралық шарттар мен басқа да халықаралық-құқықтық актілер туралы ақпарат бередi;
ҰҚШҰ Бас хатшысының Қазақстан Республикасындағы жұмыс бабындағы қарым-қатынастарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
6. Өкілеттi өкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарға құқығы бар:
берiлген өкілеттiктерi шегiнде ҰҚШҰ шеңберiнде халықаралық шарттар жасасуға қатысты актілердi жасауға;
белгiленген тәртіппен ҰҚШҰ-мен қарым-қатынас мәселелерi жөнінде ұсыныстар енгiзуге;
өзiнiң құзыретiне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан қажетті материалдар мен құжаттарды белгіленген тәртіппен алуға;
қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат (шығыстар) лимитiн иеленуге;
қызмет көрсетушi персоналмен еңбек қатынастары мәселелеpi бойынша өз бетiнше шешiмдер қабылдауға, аппарат қызметкерлерінің жыл сайынғы ақысы төленетін демалыстарының кестесін бекiтуге.
7. Өкілетті өкiл жiберiлген ақпараттың объективтілігі, дұрыстығы және толықтығы үшiн дербес жауап бередi.
3. Өкілетті өкілдiң қызметін ұйымдастыру
8. Өкілетті өкіл ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің оны тағайындау туралы ресми хабарламасын алған сәттен бастап өз міндеттерін атқаруға кiрiседi.
9. Өкілетті өкілдiң өкілеттігі Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі оны керi шақырып алу туралы Бас хатшыға ресми хабарлаған күннен бастап тоқтатылады.
10. Өкілетті өкіл Ұжымдық қауіпсiздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестiң (бұдан әрі - Тұрақты кеңес) отырыстарына қатысады. Өкілетті өкілдің тұрақты кеңестiң отырысына қатысу мүмкiндігі болмаған жағдайда, отырыстарға қатысу үшін оның өкiлеттігі Қазақстан Республикасының басқа өкіліне уақытша берілуi мүмкін, бұл туралы ҰҚШҰ Бас хатшысына ресми хабарланады.
4. Өкілетті өкілдiң аппараты
11. Өкілетті өкілдiң міндеттерi мен функцияларын іске асыру үшiн Өкілетті өкілдiң аппараты құрылады.
12. Өкілетті өкіл және аппарат қызметкерлерi ҰҚШҰ-ның құқықтық мәртебесі туралы келiсiмнiң III бөлiмiнде белгіленген көлемде берілетін артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланады.
13. Өкілетті өкіл аппаратының құрылымын және штат кестесін республикалық бюджетте Өкілетті өкілдi ұстауға көзделген қаражат (шығыстар) лимитiнің шегінде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі бекітеді.
14. Аппарат қызметкерлерiнің лауазымдық міндеттерін Өкiлетті өкіл белгілейдi.
15. Өкілетті өкіл аппаратының қызметкерлерi өздерінің қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауап бередi.
16. Өкілетті өкіл аппаратындағы еңбек қатынастары халықаралық құқық нормаларын және келген мемлекет заңнамасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
5. Өкілетті өкiлдiң қызметiн қамтамасыз ету
17. Тұрақты кеңес туралы epeжеге сәйкес Өкiлетті өкiлдi және оның аппаратын қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Өкiлетті өкiл мен оның аппаратының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілiгінің персоналы үшiн көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Өкiлетті өкiлдің шығыстар сметасын тиiсті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
18. Өкiлетті өкiл көлiкпен, қызметтік үй-жайлармен және басқа да қажетті мүлікпен, сондай-ақ ашық және жабық байланыс арналарымен қамтамасыз етіледi.
19. Өкiлетті өкiлдің өзiне бекітіп берiлген мүліктi иелену, пайдалану және оған билiк ету тәртібi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленедi.