Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бөлiмшесi мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкiлi резиденциясының ғимаратын жобалау және салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 желтоқсандағы N 1282 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзілсiн:
2-тармақта:
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңы 24-1-бабының 6-тармағына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы "сомада кезең-кезеңмен" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу және салу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен валюта айырбастаудың берiлетiн күнгi нарықтық бағамы бойынша 870000 (сегiз жүз жетпiс мың) АҚШ долларына баламалы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі