Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң жекелеген кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 1132 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Гүлдер" ансамблi", Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Қазақконцерт" мемлекеттiк гастрольдiк-концерт бiрлестiгi" және Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ әуендерi" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының азаматтары - өскелең ұрпақты эстетикалық және адамгершiлiкке тәрбиелеуге бағытталған қазақ халықтық музыкалық-поэзия шығармашылығының шығармашылық жетiстiктерiн, қазiргi заманғы сазгерлердiң туындыларын, әлем мәдениетiнiң үздiк үлгiлерiн насихаттау болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекiтудi және оны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын берудi;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 17 қарашадағы  
N 1132 қаулысымен      
бекiтілген        

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi, N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-66-жолмен толықтырылсын:
"21-66. "Қазақ әуендерi" АҚ".

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнің Ақпарат және мұрағат комитетiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-25-жолмен толықтырылсын:
"224-25. "Қазақ әуендерi" АҚ".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      5. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 маусымдағы N 563  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,
2005 ж., N 23, 293-құжат):
      1-тармақтың 4) және 7) тармақшалары алынып тасталсын.

О реорганизации отдельных предприятий Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2005 года N 1132

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать республиканские государственные казенные предприятия "Ансамбль "Гульдер" Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан, "Государственное гастрольно-концертное объединение "Казахконцерт" Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан и "Дирекция республиканских и международных культурных программ" Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан путем слияния в акционерное общество (далее - Общество) "Қазақ әуендері" со стопроцентным участием государства в уставном капитале.

      2. Определить основным предметом деятельности Общества пропаганду творческих достижений казахского народного музыкально-поэтического творчества, произведений современных композиторов, лучших образцов мировой культуры, направленную на эстетическое и нравственное воспитание подрастающего поколения - граждан Республики Казахстан.

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством культуры, информации и спорта Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      1) утверждение устава Общества и его государственную регистрацию в органах юстиции Республики Казахстан;
      2) передачу прав владения и пользования государственным пакетом акций Общества Министерству культуры, информации и спорта Республики Казахстан;
      3) принятие иных мер по реализации настоящего постановления.

      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены              
постановлением Правительства    
Республики Казахстан       
от 17 ноября 2005 года N 1132   

  Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые
решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.

      2. В  постановлении  Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      раздел "г. Астана" дополнить строкой, порядковый номер 21-66, следующего содержания:
      "21-66. АО "Қазақ әуендері".

      3. В  постановлении  Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
      в приложении к указанному постановлению:
      раздел "Комитету информации и архивов Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 224-25, следующего содержания:
      "224-25. АО "Қазақ әуендері".

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 23.09.2014 № 1003.

      5. В  постановлении  Правительства Республики Казахстан от 6 июня 2005 года N 563 "О некоторых вопросах республиканских государственных предприятий" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 23, ст. 293):
      подпункты 4) и 7) пункта 1 исключить.