"Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлігін қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш pет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 21 қарашадағы
N 1142 қаулысымен
бекiтiлген
Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс
сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару
қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған
объектiлердi, халықтың тыныс-тiршілігiн қамтамасыз ету
жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға,
эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту
ережесi
1. Осы Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Меншiк нысанына қарамастан, соғыс жағдайы кезеңiнде жұмыс iстеуiн жалғастырып жатқан ұйымдар, азаматтар мен еңбекке қабiлеттi жастағы басқа адамдар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайы жарияланған кезде қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршілігiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға (бұдан әрi - қорғаныс сипатындағы жұмыстар) тартылады.
3. Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға тартуды соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы жергiлiктi атқарушы органдардың Азаматтық қорғаныс бастықтары - әкiмдер арқылы әскери басқару органдары ұйымдастырады.
4. Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарға тарту туралы шешiм соғыс жағдайы енгiзiлген жергiлiктi атқарушы органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери басқару органы басшысының тиiстi бұйрығымен жеткiзiледi және ресiмделедi.
5. Азаматтар және басқа адамдар соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы Азаматтық қорғаныс бастығының шақыртуы бойынша қорғаныс сипатындағы жұмыстар үшiн көрсетiлген орынға және уақытта келедi.
6. Қорғаныс сипатындағы жұмыстар үшiн тартылатын ұйымдар, азаматтар және басқа адамдар Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келiсiмдерде көзделген азаматтық қорғаудың мiндеттерiн орындайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Жергiлiктi атқарушы органдардың Азаматтық қорғаныс бастықтары - әкiмдер тиiстi аумақтағы өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күрестi жүзеге асырған кезде тартылатын адамдарды арнайы киiммен және керек-жарақпен қамтамасыз етедi.
8. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы ұйымдар, азаматтар және басқа адамдар әскери жағдайды және өздерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де жұмыстарды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың талаптарын орындайды.
9. Әскери басқару органдары қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды тартқан кезде, осы Ережеге қосымшаға сәйкес олардың осы жұмыстарға қатысқандығын растайтын құжат бередi. Құжатқа әскери басқару органының басшысы қол қояды және мөрмен бекiтiледi.
Ұйымдарды, азаматтарды және басқа
адамдарды қорғаныс сипатындағы
жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың
қару қолдануының салдарын жоюға,
зақымданған, қираған объектілердi,
халықтың тыныс-тiршілігiн қамтамасыз
ету жүйесiн қалпына келтiруге,
сондай-ақ өртке, эпидемияға,
эпизоотияға қарсы күреске қатысуға
тарту ережесiне
қосымша
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы, жұмыстарды орындауға тартылған, азаматтың немесе
басқа адамның Т.А.Ә.)
20__ жылғы ______________________________________________ кезеңiнде
________________________________________________________ жұмыстарын
(жұмыс түрiн көрсету қажет)
орындауға тартылды.
Әскери басқару органының атауы
_________________________________________ Басшының Т.А.Ә.
(әскери басқару органы басшысының қолы)
M.O.
(қол қойылған күнi)