Құс тұмауының ықтимал пандемиясын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне құс тұмауымен ауырғандарды емдеуге арналған "Тамифлю" дәрiлiк препаратын сатып алуға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 30600000 (отыз миллион алты жүз мың) теңге бөлiнсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.21. N 1261 қаулысымен.
2. "Hoffmann-La Roche Ltd" компаниясы, Базель, Швейцария сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар құс тұмауымен ауырғандарды емдеуге арналған "Тамифлю" дәрілiк препаратын берушi болып белгіленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен тауарларды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
тауарларды мемлекеттік сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі