Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 1197 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 149  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 6, 88-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 149 және 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1229 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1375  қаулысының  1-тармағының 1) тармақшасы;

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 73  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,, N 4, 40-құжат).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2005 года N 1197

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившими силу:
      1)  постановление Правительства Республики Казахстан от 6 февраля 2004 года N 149 "Об утверждении Плана мероприятий по реализации Государственной программы развития и поддержки малого предпринимательства в Республике Казахстан на 2004-2006 годы" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 6, ст. 88);
      2) подпункт 1) пункта 1  постановления Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 1375 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 6 февраля 2004 года N 149 и от 23 ноября 2004 года N 1229";
      3) пункт 14 изменений и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных  постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 января 2005 года N 73 "О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 4, ст. 40).

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан