Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) іске асыратын "Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту" жобасын қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2005 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 22, 269-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2005 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
"2. Ақтау 248,5 2006- 25 Қазақстанның "Ақтау
халықаралық 2008 Даму Банкі халықаралық
теңіз сауда теңіз сауда
портын порты" РМК
солтүстік
бағытта кеңейту ".
2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы негізінде "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - банк) "Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту" жобасын қаржыландыру үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар қаржылық қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпорынның мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер адамдарға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынмен және банкпен мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім жасассын;
2) банкке "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің шегінде 25000000 (жиырма бес миллион) АҚШ доллары мөлшерінде тартылатын қарыз бойынша кәсіпорынның міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі