Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы N 1288 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) Қаржы полициясы академиясының қызметкерлері үшін курсанттардың жатақханасын отбасылық жатақхана етіп күрделі жөндеуді және оны қайта жаңартуды аяқтауға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 30000000 (отыз миллион) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2005 года N 1288

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить Агентству Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2005 год на неотложные затраты, 30000000 (тридцать миллионов) тенге на завершение капитального ремонта и реконструкции общежития курсантов под семейное общежитие для сотрудников Академии финансовой полиции.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных средств.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан