Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 желтоқсандағы N 1330 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына "Министрліктер үйі" ғимаратының құрылысын аяқтауға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 108000000 (бір жүз сегіз миллион) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2005 года N 1330

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Выделить Управлению делами Президента Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2005 год на неотложные затраты, 108000000 (сто восемь миллионов) тенге на завершение строительства здания "Дом министерств".

      2. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан