Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Өзбекстан Республикасының 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Өзбекстан Республикасының 2000 жылғы 10 қазандағы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа
қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Өзбекстан Республикасының 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қосылуы туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Өзбекстан Республикасының 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қосылуы туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастан қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Жоба
Өзбекстан Республикасының 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық
экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қосылуы туралы
хаттама
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттер болып табылатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасы бiр тараптан, және Өзбекстан Республикасы екiншi тараптан,
Өзбекстан Республикасының ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке өтуi туралы өтiнiшiн назарға ала отырып,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шарттың 9-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Осы Хаттамамен Өзбекстан Республикасы 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қосылады және одан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi толық көлемде өзiне қабылдайды.
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады, Уағдаласушы Тараптардың ратификациялауына жатады және депозитарийi болып табылатын ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiне оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
3-бап
Осы Хаттама БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркелуi тиiс.
200___ жылғы "___" ________ ____________ қаласында беларусь, қазақ, қырғыз, орыс, тәжiк және өзбек тiлдерiнде бiр данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Хаттаманың мәтiнi бойынша келiспеушіліктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегi мәтiндi пайдаланатын болады.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшiрмесiн Уағдаласушы Тараптарға жiберетiн ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнде сақталады.
Беларусь Республикасы үшiн
Қазақстан Республикасы үшiн
Қырғыз Республикасы үшiн
Ресей Федерациясы үшiн
Тәжiкстан Республикасы үшiн
Өзбекстан Республикасы үшiн