"Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы N 113 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Астана қаласын орнықты дамытудың
2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  Конституциялық  заңының 19-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласын орнықты дамыту, Астана қаласы экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету, орнықты дамытудың халықаралық қағидаттарына жауап беретiн тiршiлiк әрекетiнiң инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары (бұдан әрi - Стратегиялық жоспар) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзiмде Стратегиялық жоспарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
      3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Стратегиялық жоспарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      4. Астана қаласының әкiмi:
      1) заңнамада белгiленген тәртiппен Стратегиялық жоспардың орындалуын үйлестiрудi қамтамасыз етсiн;
      2) жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Стратегиялық жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      5. Осы Жарлықтың iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2006 жылғы " " N    
Жарлығымен бекiтiлген 

Астана қаласын 2030 жылға дейiнгi орнықты дамытудың
стратегиялық жоспары

Мазмұны

Кiрiспе
1. Орнықты даму ұғымы
2. Астана қаласының миссиясы және көрiнiсi
3. 1998 - 2005 жылдары Астана қаласының дамуындағы прогресс
4. Астана қаласын орнықты дамытудың стратегиялық мақсаттары
   S1. Орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету
   S2. Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты жұмыс iстейтiн инфрақұрылымды ұстау
    1. Қалалық жоспарлау және дизайн
    2. Экологиялық инфрақұрылым
    3. Инженерлiк инфрақұрылым
    4. Көлiк инфрақұрылымы
   S3. Әлеуметтiк - орнықты қоғамды қалыптастыру
    1. Серпiндi дамып келе жатқан қоғамды қалыптастыру
    2. Қоғамның әлеуметтiк дамуы және оның қала тыныс-тiршiлiгiне тартылуы
   S4. Қалалық басқару жүйесiн жетiлдiру
5. Астана қаласы орнықты дамыту көрсеткiштерiн бағалау
Қорытынды

Қосымшалар
1-қосымша. Астана қаласын орнықты дамытудың стратегиялық картасы
2-қосымша. Астананы орнықты дамытудың негiзгi аспектiлерiн талдау
3-қосымша. Астана қаласында перспективалық кластерлердi таңдау
4-қосымша. Астана қаласының халқына жүргiзiлген әлеуметтiк
           сауалнаманың нәтижелерi

       Кiрiспе

      2005 жылы тәуелсiз Қазақстанның жаңа астанасы ретiнде қаланың дамуына, оның экономикасына оң әсер еткен және елдiң барлық өңiрлерiнiң дамуына тиiстi серпiн берген "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" атты Астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аяқталды.
      Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жобасы әзiрленген, ол астананың одан әрi дамуына, атап айтқанда, қаланың осы заманғы инфрақұрылымын құруға, тiршiлiк әрекетiнiң объектiлерiн жаңғыртуға және әлемдiк стандарттарға сәйкес экологияны жақсартуға бағытталған. Астананың ел ауқымында интеграциялық ролiн арттыруды ескере отырып, қала экономикасын дамыту мәселелерiне үлкен көңiл бөлiнген.
      Қазiргi таңда Астана қаласы бойынша қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуының әртүрлi бағыттары бойынша 33 өңiрлiк бағдарлама iске асырылуда. Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде қала экономикасының өсуiне және мемлекеттiк басқарудың орталық органдары өздерiнiң функцияларын iске асыру жөнiнде өткiзетiн барлық iс-шараларға сапалы қызмет көрсетуге бағытталған бiрқатар бағдарламалар әзiрленедi.
      Әрбiр мемлекеттiң астанасы өз кезегiнде "визит карточкасы" болып табылады. Астананың ерекше мәртебесi Орта Азия өңiрiнде экономикалық пен қаржы орталығы ретiнде танылатын мемлекет астанасы болып қалыптасуына байланысты көптеген мәселелердi шешудi талап етедi.
      Қала қызметiнiң жекелеген салаларын бiр-бiрiмен жеткiлiксiз байланысқан қысқа және орташа мерзiмдi дамыту жоспарлары тиiмдi бола бермейдi, өйткенi жүйелi даму факторын ескермейдi. Қазiргi уақытта Астананың орнықты дамуын нығайтуға, тыныс-тiршiлiк пен қоршаған ортаның сапасы, өзiне тән ерекшелiктерi, оның тұрғындары мен қонақтарының экономикалық, әлеуметтiк, және мәдени өмiрiнiң деңгейi, керемет архитектурасы және қала кеңiстiгiн бiлiмдi ұйымдастыру арқылы астананың дүниежүзiлiк танымалдылығын қамтамасыз етуге нақты мүмкiндiк бар. Сонымен, қаланың бәсекеге қабiлеттiгiн көтеруге арналған кешендi Стратегия әзiрлеу қажет. Астана ретiнде Астана қаласын дамыту стратегиялық ұзақ мерзiмдi мақсаттарға бағдарлануға тиiс.
      Осы Астана қаласын 2030 жылға дейiн орнықты дамыту стратегиялық жоспар (бұдан әрi - Стратегиялық жоспар) Астананың мемлекеттiң астанасы ретiнде қалыптасуы және орнықты дамуы бойынша қызметтiң негiзгi бағыттарын айқындайды.
      Стратегиялық жоспар экономиканы, инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту бағыттарын, орнықтылыққа байланысты қаланы дамытудың басқа аспектiлерiн айқындайды.
      Қаланың дамуы мынадай негiзгi қағидаттарды ескере отырып жүзеге асырылады:
       Қаланың бәсекеге қабілеттiгi үшiн жағдайлармен қамтамасыз етуге мақсат қою.
      Осы мiндет экономикалық даму аясында өңiрлiк көшбасшы ретiнде Қазақстанның қалыптасуы бойынша жалпы мемлекеттiк ұзақ мерзiмдi стратегиядан шығады. Бұл Астана қаласының мемлекет астанасы ретiнде тиiстi даму деңгейiн болжайды.
      Стратегиялық жоспар қаланың әлеуетiн, күштi және әлсiз жақтарын, географиялық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық жағдайларын талдау негiзiнде анықталған дамудың басты, перспективалы бағыттарына назар аударып отыр.
       Қаланың экономикасын, әлеуметтiк саласын және инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу кезiндегi ынтымақтастық пен серiктестiк.  Бұл дамудың жалпы мемлекеттiк пен муниципальдық мақсаттары мен мәселелерiн, астананың тұрғындары мен қонақтарының мүдделерiн үйлестiрудi болжайды.
      Қаланың орнықты дамуын арттыру жөнiнде ұзақ мерзiмдi көрiнiсiн және мәселелердi кезең-кезеңмен шешудi қалыптастыру.  Астана дамуының стратегиялық жоспарында қала тыныс-тiршiлiгiнiң негiзгi салалары дамуының ұзақ мерзiмдi мақсаттары мен перспективалы бағыттары айқындалған.
      Стратегиялық жоспарды дамытудың стратегиялық мiндеттерiн тәртiпке келтiрy және кезең-кезеңiмен шешу қағидаттарына сүйене отырып iске асыру болжанады. Стратегиялық жоспарды iске асырудың басты тетiгi ретiнде Астана қаласы дамуының орташа мерзiмдi бағдарламалары айқындалған.
      Iс-шараларды нақтылау және оларды нақты бiр жылда қаржы жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орташа мерзiмдi жоспарларының және қазыналық саясатының шеңберiнде қамтамасыз етiлетiн болады. Бюджет бағдарламаларын қаржыландыру тиiсiнше республикалық бюджеттен және Астана қаласының бюджетiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
      Стратегиялық жоспарды iске асыру тетiгi жоспардың орындалу мониторингісiн және бақылау жүйесiн қалыптастыруға, стратегиялық мақсаттар мен мiндеттердi формалдандыруға, жекелеген бағдарламалардың, жобалардың, iс-шаралардың орнықтылық қағидаттары мен факторларына және Астана қаласын 2030 жылға дейiн орнықты дамыту стратегиялық жоспарына сәйкес келуiн бағалауға бағытталатын болады.

       1. Орнықты даму ұғымы

      ХХ ғасырдың басында әлем қалаларының орнықты дамуына деген қозғалысы басталды. "Орнықты даму" терминiнiң қоршаған ортаны қорғау, экономикалық және әлеуметтiк даму проблемаларының арасында байланыс бар екенiн түсiнгеннен кейiн Қоршаған орта жөнiнде БҰҰ-ның бiрiншi Конференциясының Декларациясынан (Стокгольм, 1972) және өткен ғасырдың жетпiсiншi жылдардың басындағы Рим клубының жұмыстарынан басталатын ұзақ мерзiмдi тарихы бар.
      Қаланың орнықты дамуы тұрғындардың қажеттiлiгiн толық қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн олардың сұлу, салауатты, жақсы көретiн қаласын жасауды қамтамасыз етуге тиiс.
      Орнықты дамудың әлемдiк қауымдастықта жалпы танылған қағидаттары экономикаға тең дәрежеде қазiргi уақыттың қажеттiлiгiн қанағаттандыруға да, болашақ ұрпақтың өзiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қабiлеттiгiн сақтауға да бағдар ұстауға тиiс екендiгiн болжайды.
      Қаланың орнықты дамуы - бұл қала аумағының геология - географиялық ерекшелiктерiн, халықтың, экономиканың, өнеркәсiптiң, қоршаған ортаға қаланың экологиялық жүйелерiне жол берiлген шектi жүктемелерден аспайтын, инфрақұрылымның әлеуеттi мүмкiндiктерiн қоса, бүкiл қалалық ресурс әлеуетiн ұтымды пайдалануға негiзделген балансталған орнықты әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық даму.
      Орнықты даму қағидаттарын iске асыру орталықтары ретiнде қалалардың ерекше маңыздылығы Үлкен және шағын қалалардың орнықты дамуы жөнiнде 1994 жылы Аалборгте өткен Еуропа конференциясында аталған, онда "Еуропа қалаларының орнықты дамуына арналған хартия (Аалборг хартиясы)" қабылданған болатын. Осы құжатта "бiрде бiр қала басқа қалаға ұқсамайтындығына байланысты бiз барлығымыз орнықты дамуға өз жолдарымызды табуға тиiспiз. Жергiлiктi саясаттың барлық бағыттарында орнықтылықтың жалпы қағидаттарына негiзделген және әрбiр нақты қаланың күштi жақтарын ескере отырып, орнықты дамудың жергiлiктi стратегияларын әзiрлеген жөн" 1  деп аталған.
__________________________
      1  Орнықты дамуға арналған Еуропа қалаларының хартиясы (Аалборг хартиясы), Аалборгте (Ольборгте) Үлкен және шағын қалалардың орнықты дамуы жөнiнде Еуропа Конференциясында қабылданды, Дания, 1994 жылғы 27 мамыр

      Адам дамуының көзқарасы тұрғысынан орнықтылық ұғымы - бұл ең алдымен философия, ойлау қалпы, өмiр салты. Көптеген елдерде бала өз өмiрiнiң алғашқы жылдарынан бастан орнықтылық қағидаттарының әрекетiн - қайталап пайдалану үшiн ас үй мен бақшада қалдықтарды сұрыптайтынын, суды және электр энергиясын үнемдеу мақсатында жарық беретiн және басқа приборларды өшiретiнiн және т.б. байқайды. Нәтижесiнде орнықты ойлау қалпы адамда өмiр бойы едәуiр дәрежеде болады. Сонымен, орнықтылықты төменнен жоғары - халық, жоғарыдан төмен - мемлекет алып келедi.
      Әлеуметтiк-экономикалық процестер, өндiрiс құрылымы және оның мамандырылуы анық көрiнетiн өңiрлiк ерекшелiкке ие және оларға климат жағдайларының аумақтық айырмашылықтары, табиғи ресурстардың бiркелкi бөлiнбеуi, халықты қоныстандырудың қалыптасқан жүйесi, шаруашылық жүргiзу тұрғысының дәстүрлерi елеулi әсер етедi. Осыған байланысты нақты өңiрлердiң - облыстардың, қалалардың, аудандардың орнықты дамуға көшу проблемаларын ерекше қарау қажеттiлiгi туындайды. Орнықты даму стратегиясы нақты аумақтарда iске асырылуға тиiс, өйткенi осындай аумақтардың әрқайсысы өздерiне тән ерекшелiктерге ие - орнықты даму жинағының, ауқымы мен сипатының проблемаларында оларды шешуге арналған көзқараста, осындай көзқарастарды iске асыру үшiн пайдаланылатын құралдар жиынтығында айырмашылықтар бар.
      Қазақстан жағдайында - ұлан-ғайыр аумақ, әлеуметтiк-экономикалық дамуына елеулi ықпал ететiн әртүрлi табиғи - географиялық, табиғи-ресурстық, экологиялық, әлеуметтiк-тарихи және басқа да жағдайларымен өңiрлердiң болуы, аумақтық даму мәселесi де маңызды орын алады. Қазақстанның жалпы орнықты дамуы оның барлық өңiрлерiнiң, қалаларының және аудандарының орнықты дамуы болған кезде мүмкiн.
      Астана - Қазақстанның жай қалаларының бiрi емес, бұл жаңа астана, ол қазiр қалыптасу процесiнiң бастапқы кезеңiнде тұр. Бұл әлемдегi басқа елдердiң астаналары дамуының ұқсас жоспарларынан Астананың орнықты дамуының стратегиялық жоспарының негiзгi айырмашылығы болып табылады. Аталған жағдай мүмкiн басқа астаналық қалалардың алдында салыстырмалы түрде басымдығы болар, өйткенi ол қазiр салынып жатыр және орнықты дамуға қала құрылысындағы, экономика және әлеуметтiк саласының дамуындағы, қоршаған ортаны қорғаудағы, әсiресе, өндiрiстiк және экологиялық - инженерлiк инфрақұрылымының объектiлерiн дамытудағы және орналастырудағы осы заманғы үрдiстердi ескере отырып көшетiн болады.
      Астана қаласы орнықты дамуының басты стратегиялық мақсаты неғұрлым тиiмдi сыртқы және iшкi факторларды пайдалану қала аймағындағы табиғи кешенiнiң ұдайы өндiрiс әлеуетiн сақтай және қоршаған ортаны жақсарта отырып, экономикалық және әлеуметтiк саласының серпiндi дамуын қамтамасыз ету арқылы халық өмiрiнiң деңгейi мен сапасын арттыру болып табылады.
      Сыртқы факторларға географиялық пен геосаяси жағдай, климат, экономикалық саясат пен елдегi макроэкономикалық жағдай, әлемдiк және қазақстандық экономиканың даму үрдiстерi, әлемдiк экономикалық конъюнктура жатады. Iшкi факторларға - халық пен оның экономикалық жағынан белсендi бөлiгiн қоса, ресурстардың жай-күйi, еңбек ресурстарының бiлiмi мен бiлiктiлiгiнiң деңгейi, инфрақұрылымның дамуы және т.б. жатады.
      Астана елдiң орталығында орналасқан, темiр жол көлiгi мен автомобиль желiлерiнiң сәттi орналасқан көлiк қиылысы болып табылады. Перспективада оның алатын орнын халықаралық әуе көлiгiнде де едәуiр жақсартуға нақты мүмкiндiк бар.
      Астананың ұтымды геосаяси жағдайы Қазақстанның Орталық Азия мен әлемдiк қоғамдастықта екi фактор бойынша:
      бiрiншiден, шикiзат ресурстарының мол қорлары;
      екiншiден, Қазақстанның көршiлерiмен салыстырғанда саяси, экономикалық, және әлеуметтiк салаларында iлгерi алға шығуы, сөзсiз, ол өңiрдегi көшбасшы және сенiмдi әрiптес болатын ерекше орнымен алдын ала белгiленген.
      Стратегиялық жоспарда Астана қаласының орнықты дамуы халық өмiрiнiң сапасын ұдайы жақсартуды бiлдiредi. Өмiр сапасының ұғымы, ең алдымен, жұмыс пен еңбекке тиiстi ақы төлеудiң болуымен, денсаулық сақтау бiлiм беру және әлеуметтiк қамтамасыз ету қызметтерiне мемлекет кепiл беретiн ең аз пакетiмен, қоршаған ортаның және инженерлiк инфрақұрылымның сапасымен, қоғамдық қауiпсiздiкпен, саяси орнықтылықпен айқындалады.
      Қаланың орнықты дамуына жетуде басымдық адамға берiледi - оның тыныс-тiршiлiгiне және тұлға ретiнде дамуына лайықты жағдайлармен қамтамасыз ету

      2. Астана қаласының миссиясы және көрiнiсi

      "Астана - елдiң барлық өңiрiне өң беретiн және мемлекет жүрегiнiң жұмыс қабiлетiне жаңғырық болып жететiн барша қоғамдық қатынастардың жиынтығы" 2 .
      Қазақстан Республикасының Үкiметi 2001 жылы мақұлдаған Астана қаласының 2030 жылға дейiн дамуының бас жоспары Астананы үкiметтiк, әкiмшiлiк, коммерциялық және iскерлiк орталығы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу әзiрлемелер мен жаңа технологиялардың ұлттық орталығы ретiнде айқындайды.
__________________________
       Назарбаев Н. "Еуразия жүрегiнде", 2005, 177-бет.

      Астана қаласының 2010 жылға дейiн дамуының стратегиялық жоспарында 3  қаланың миссиясы "Бүкiл Қазақстанның гүлденуiне барлық өңiрлердiң одан әрi дамуы арқылы Астананың дамуы. Әкiмшiлiк-iскерлiк, саяси, елдiң мәдени және ғылыми орталығы" ретiнде тұжырымдалған.
__________________________
       Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 20 қаңтардағы N 144/28 шешiмiмен мақұлданған

      Сонымен, қаланың әртараптандырылғын экономикасын дамытуға, ақпараттық технологияларды, инновациялық әзiрлемелердi енгiзуге деген ұмтылысы экономиканың барлық секторларының: өнеркәсiп, құрылыс, бөлшек және көтерме сауда, көлiк пен коммуникация, қызметтердiң басқа түрлерi өсуiнiң жоғары қарқынын бiлдiредi.
      Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып,  Астананың миссиясы еуразиялық кеңiстiкте үлгiлi орнықты астана болу, Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге негiз жасау үшiн қызмет ету болып табылады.
      Астананың көрiнiсi: Қазақстан Республикасының астанасы - бәсекеге қабiлеттi экономикасы бар, тұрғындары, қонақтары, елдiң азаматтары мен туристер үшiн тартымды қала тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы қоршаған ортасы бар қала.
      Астананың жоғары бәсекеге қабiлеттiгiн, Қазақстан мен Орталық Азия қалаларының арасында көшбасшы болуын қамтамасыз ету үшiн ол тұрғындар, инвесторлар, iскер адамдар, қонақтар үшiн ерекше тартымдылыққа ие болуға тиiс.
      Бұл қала:
      серпiндi дамып келе жатқан бәсекеге қабiлеттi өнiмi бар әртараптандырылған экономикаға;
      жоғары дамыған өндiрiстiк, экологиялық-инженерлiк, әлеуметтiк және ғылыми-техникалық инфрақұрылымға;
      сапалы қоршаған ортаға, ауыз суға;
      тұрудың қауiпсiз жағдайларына;
      саяси орнықтылыққа;
      ашықтыққа;
      мәдениеттің, бiлiм берудiң және халыққа медициналық қызмет көрсетудiң әлемдiк деңгейiне;
      ерекше сәулеттiк келбетке, демалыс пен ойын-сауық объектiлерiне;
      әртүрлi қызметтерге және халықаралық стандарттардың деңгейiнде сапалы қызмет көрсетуге;
      қол жетiмдi сапалы тұрғын үйге, дамыған жылжымайтын мүлiк рыногына;
      осы заманғы ыңғайлы жол-көлiк желiсiне;
      сапалы еңбек ресурстарына;      
      қалалық басқарудың тиiмдi қызмет ететiн институттары;
      қалаға инвесторларды тартуға, iскер адамдардың, туристер мен қонақтардың келуiне кедергi жасайтын жасанды тосқауылдарды болдырмай қаланың реттелмейтiн жоғары деңгейiне және тартымды шаруашылық климатына;
      қала экономикасының, әлеуметтiк пен экологиялық салаларының тиiстi қазақстандық және әлемдiк жүйелерiне тығыз бiрiктiрiлуiне ие болуға тиiс

      3. 1998 - 2005 жылдары Астананың дамуындағы прогресс

      Астана қаласының астана мәртебесiне ие болуы оның экономикасы дамуының перспективаларын ашты. 2005 жылы қаланың жалпы өңiрлiк өнiмi (бұдан әрi - ЖӨӨ) 442 млрд. теңгеге бағаланды және оның республикалық көлемдегi үлесi 1998 жылдағы 1,9 % қарағанда 6,5 % құрайды.

                                                            1-сурет

          1995-1998 жылдардағы Астана қаласының ЖӨӨ
      (млрд. теңгеде) және ЖӨӨ республикалық көлемдегi
               қала үлесiнiң (%-да) серпiнi

Қағаз мәтіннен қараңыз

      Қала экономикасының құрылымы қызмет салалары мен түрлерiнiң даму серпiнiне сәйкес келедi. 2004 - 2005 жылдары аталған әр саланың үлестерi 18-20 % шамасында ауытқып отыр. Қаланың ЖӨӨ құрамында өзге қызметтердiң үлесi өте зор - 40 %. Бұл нарықтық қатынастардың күрт өсуiн куәландырады. Осы нарықтық қатынастардың iшiнде қонақ үй бизнесi, жылжымайтын мүлiк, автокөлiк саудасы және тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық кредит берудi қоса, қаржылық қызметтер неғұрлым жоғары қарқынмен дамуда.
      2004 - 2005 жылдардағы ЖӨӨ құрамында өнеркәсiп үлесi 7 % жуық орын алды. Оның құрылымында азық-түлiк өнiмдерiн шығару 20,1 %, жылу және электр энергиясын, газ бен суды өндiру мен тарату 22,5 % және де құрылыс материалдары мен конструкциялар негiзiн қалайтын аралық тұтынатын тауарларды шығару 37,5 % басымдыққа ие болып отыр. Соңғы тұтыну өнiмдерiн шығаратын салаларға 19,9 % келедi. Олардың негiзiн ауыл шаруашылығын машина жасау өнiмдерi, гиросорғылар, жиһаз бен тiгiн бұйымдары құрайды.
      Астана қаласы бойынша жан басына шаққанда ЖӨӨ 4610 АҚШ долларға жеттi, ол орташа республикалық деңгейден 1,9 есе жоғары. Осындай асып кету Астана қаласына iрi өндiрiстiк компаниялар мен қаржы ұйымдарының көшу нәтижесiнде болды. Қала тұрғындары бүгiнгi таңда импорт пен елдiң басқа өңiрлерiнен әкелiнетiн тауарлар есебiнен едәуiр дәрежеде қамтамасыз етiлiп отыр. Халықтың жоғары табыс деңгейi осындай сырттан келетiн тауарларды шығару мен қызмет көрсетудi дамыту үшiн жақсы алғышарт болып табылады. Қала экономикасының жай-күйi туралы егжей-тегжейлi ақпарат 2-қосымшада келтiрiлген.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жалпы мемлекеттiк стратегиялық құжаттарында Қазақстанның астанасы ретiнде қаланы дамыту экономика дамуының ұзақ мерзiмдi басымдықтарының бiрi деп белгiленген. Қаланың дамуына инвестициялардың ағыны жылына 1 млрд. АҚШ долларына жуық құрайды. Инвестицияларды қаржыландырудың негiзгi көзi ретiнде кәсiпорындардың өз қаражаттары, ұйымдар мен халықтың қаражаттары, сонымен қатар республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары болып табылады.
      "Астана - сол жағалауы" еркiн экономикалық аймақты құру қала дамуына инвестициялардың келуiн ынталандыруға ықпал еттi. Қаланың жаңа әкiмшілік орталығының келбетi сәулет жоспарларының жан-жақты терең ойластырылғанымен ерекшеленедi және Астананың iскерлiк бөлiгiнiң перспективалы жобаларын нақтылайды.
      Қаланың тарихи жағы да көзге түсерлiктей жаңартылды, бiрақ дамыған елдердiң астаналарының деңгейiне дейiн тұрғын үй қорын және инфрақұрылымды қайта құру жөнiндегi жұмыстар ендi басталып жатыр.
      Қаланы салу жедел қарқынмен жүзеге асырылып отыр. Соңғы жылдары iшiнде қаланың астаналық мәртебесiн көрсететiн жаңа орталық салынды. Қаланың солтүстiк бөлiгiн одан әрi дамыту және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргiзiлуде. Осының барлығы қызықты және тартымды қала ретiнде Астананың дамуына оң әсер етедi. Бұдан басқа, бiлiм беру мен медициналық мекемелерiн салу, қаланың инженерлiк инфрақұрылымын - электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, кәрiз және телекоммуникация жүйелерiн кеңейту және жақсарту жүзеге асырылуда. Қала аумағын көгалдандыру жұмыстары да белсендi жүргiзiлуде.
      Сонымен бiрге, астананың әртүрлi аудандарының салынуы мен дамуы бiркелкi болмай тұрғаны байқалады. Қаланың ескi және жаңа орталықтары қымбат тұрғын үй құрылыстарын жүргiзуге, сондай-ақ сауда, ойын-сауық инфрақұрылымы, сервис пен қызметтер көрсету объектiлерiне инвестициялар салу үшiн неғұрлым тартымды болып отыр. Алайда, ескi құрылыстар орналасқан аудандар тұрғындарының төмен сатып алу қабiлеттiгiне байланысты қызметтер саласына инвестициялар салуға перспективалы болмай тұр. Олардың ауыр әлеуметтiк жағдайымен құлдырауға ұшырауын болдырмау мақсатында инвестициялар салуға аумақтарының кешендi дамуына арналған осы аудандардың тартымдылығын қамтамасыз ету шарттарын айқындау қажет.
      Қаланың небiр маңызды проблемаларының бiрi авариялық жағдайдағы және тозығы жеткен құрылыстар болып табылады. Құрылыстарды бұзу жергiлiктi бюджеттiң де, мемлекеттiк емес құрылыс салушылардың да есебiнен жүргiзiледi. Астана қаласында авариялық пен тозығы жеткен тұрғын үйлердi бұзу 2002 - 2005 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберiнде 2002 жылдан бастап 2004 жылға дейiн 16 салынған үйлер бұзылды. 4
__________________________
      4  Астана қаласы тұрғын үй департаментiнiң деректерi

      Қазiргi уақытта қалада бiрқатар құрылыс салушылар экологиялық және климат жағдайларын ескермегендiктен, олардың қысқа мерзiмдi кезеңде ең жоғары пайда алу ниеттерiнен, сапасыз құрылыс материалдарын және ескiрген технологияларды пайдаланғанынан, балаларға арналған алаңшалар мен, автомобильдер тұрақтарымен және т.б. қамтамасыз етiлмеген жеке тұрған көп қабатты тұрғын үйлердi салуынан туындаған бiрқатар проблемалар бар. Кейбiр кезде құрылыс алаңдарында ағаштар мен жасыл желектердi шабуы байқалады.
      Сонымен бiрге энергия ресурстарымен және ауыз суымен, бiлiм беру, денсаулық сақтау, сауда және сервис объектiлерiмен, мәдени-сауықтыру құрылыстарымен орнықты қамтамасыз ету көзқарас тұрғысынан "тыныш" аудандарды дамытуға үлкен мән берiлiп отыр.
      Қазiргi уақытта қаланың экономикасы аралық тұтынатын тауарларды шығаруға, халықты азық-түлiктiң негізгi түрлерiмен қамтамасыз етуге, жаңа әкiмшiлiк, тұрғын үй сауда, қонақ үй және ойын-сауық объектiлердi салуға, сапасы мен табиғи тозған коммуникацияны жаңғыртуға, жолдар, көпiрлер және көлiк айырымдарының құрылысын жүргiзуге бағытталған. Экономиканың соңғы жылдары қалыптасқан құрылымы қойылған мiндеттерге жауап бередi, бiрақ ұзақ мерзiмдi перспективада ол сервистiк-технологиялық қызметтер мен ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық тауарлар үлесiн арттыру жағына қарай түпкiлiктi өзгеруге тиiс.

      4. Астана қаласын орнықты дамытудың стратегиялық мақсаттары

      Орнықтылық қағидаттарына негiзделген көзқарас әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық саясатының мәселелерi бойынша мемлекеттiк билiктiң және халықтың мүдделерiн бiрiктiру мен үйлестiруге бағдарланған, ол сондай-ақ орталық үкiмет, жергiлiктi басқару органдары, жеке бизнес, қаржы институттары мен азаматтық қоғам арасында сұхбаттасудың ұйымдастырылуын қамтиды.
      Астана көрiнiсiне қол жеткiзу үшiн өзара байланысқан төрт стратегиялық мақсаттар айқындалған:
      қаланың орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
      қолайлы қоршаған ортаны және орнықты жұмыс iстейтiн инфрақұрылымды ұстау;
      қаланың әлеуметтiк - орнықты қоғамын қалыптастыру;
      қалалық басқару жүйелерiн жетiлдiру.
      Қала стратегиялық мақсатқа тиiстi стратегиялық мiндеттердi шешу арқылы жетуi мүмкiн (1-қосымша).

       S1. 1 - стратегиялық мақсат.
      Қаланың орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету

      Осы стратегиялық мақсатты iске асыру Астананың беделiн елдiң әкiмшiлiк орталығы ретiнде де, әртараптандырылған экономикасы, жеке сектордың жоғары үлесi бар қала ретiнде де қамтамасыз етуiне қатысты мемлекет саясатын күшейтумен байланысты.
      Тыныс-тiршiлiк сапасын жақсартудың негiзi бәсекеге қабiлеттi экономика, еңбек өнiмдiлiгiн көтеру, өткiзу рыноктарын кеңейту, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң жаңа түрлерiн шығару болуға тиiс, ол халықтың жұмыспен қамтылуының жоғары деңгейiн сақтауға мүмкiндiк бередi.
      Қаланың бәсекеге қабiлеттiлiгi - бұл қосылған құн құрушылардың - жұмыс iстеп жатқан және жаңа кәсiпорындардың өнiмдiлiктерiн көтеру есебiнен тыныс-тiршiлiктiң жоғары және орнықты өсу деңгейiне жетудегi аумақтың қабiлеттiгiн сипаттайтын экономикалық санат.
      Бәсекеге қабiлеттiлiктiң негiзгi факторларының арасында мыналар бөлiнедi:
      құрылымдық факторлар: тиiмдi инфрақұрылым, негiзгi қалалық қызметтердiң жеткiлiктi ұсыныстары, тұрмыс жағдайының жоғары сапасы, кәсiптiк еңбек ресурстары және тиiмдi қалалық саясат;
      функционалдық факторлар (қала атқара алатын функциялар): қалада өңiраралық және халықаралық бизнестi орналастыру орны, инновациялық қызметтiң орталығы, ақпараттық (коммуникациялық) желiсiнiң маңызды қиылысы, мәдениеттiң халықаралық орталығы болуына мүмкiндiк бар ма.
      "Жаңа экономика" заманында орнықты ұзақ мерзiмдi бәсекеге қабiлеттi басымдықтың негiзi осы құрылымдық мамандандырылған факторлар қызмет етедi.
      Бизнес те, халық та өзiн қоныстандыру және тұру орнын таңдау кезiнде ұтқыр, еркiн болып келедi. Осыған байланысты сол немесе өзге орналасу орнына тән факторлардың (табиғи ресурстардың, географиялық жағдайдың) ролi төмендейдi, ал қаланың өзi жасай алатын факторлардың ролi ұлғаяды.
      М. Портерге сай бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi стратегиялық сипаттамалар, бұл:
      нақты ерекшеленуге, сипатталуға және сұранысқа да, қаланың iс жүзiндегi мүмкiндiктерiне де сәйкес келуге тиiс нарық орны болуы;
      қалаға қолданбалы сапа туралы қамқорлық, ең алдымен, коммуналдық қызметтердiң, тыныс-тiршiлiк жағдайларының және қаланың экономикалық инфрақұрылымының сапасын бiлдiредi;
      қалалық басқарудың барлық салаларындағы инновациялар;
      қоршаған ортаның, халық пен кәсiпкерлер сұранысының өзгеруiне жергiлiктi билiктің ден қою жылдамдығы;
      ел iшiндегi де, шетелдегi де қалалармен серiктестiк орнату қалалық басқару тәжiрибесiнiң бейiмделу және сындарлы пайдалану процесiнде маңызды роль атқарады;
      қалалық билiк органдары қызметкерлерiнiң, қаланың әртүрлi жекеменшiк нысанындағы сервистiк ұйымдарында жұмыс iстейтiн мамандардың бiлiктiлiгi;
      "жаңа экономикаға", экономика бiлiмiне тартылуы.
      Астананың орнықты дамуының бiрiншi стратегиялық мақсатына қолданбалы осы факторлар мыналарды бiлдiредi.
       Нарықтағы өзiнiң орны . Стратегиялық жоспарда Астананың миссиясы - еуразиялық кеңiстiкте үлгiлi, орнықты астана болуы тұжырымдалған. Астана өңiрлiк орта, Орталық Азиядағы интеграциялық процестердiң бастамашысы болуға тиiс. Осы қалыптасқан геосаяси ақиқаттар болжап отырған Астананың "орны" болып табылады.
      Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы күрделi прогрестi ескере отырып, өңiрдiң көшбасшысы - елдiң жаңа астанасы орта азиялық кеңiстiктiң астанасы ролiне құқық бойынша үмiт артуға толық негiз бар.
       Сапа туралы қамқорлық.  Астанада тыныс-тiршiлiк, экология мен коммуналдық қызмет көрсету сапасын ұстау мiндетi басымдық болып табылады. Астананың орнықты дамуының Стратегиялық жоспарында осыған "Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты жұмыс iстейтiн инфрақұрылымды ұстау" және "Қаланың әлеуметтiк - орнықты қоғамын қалыптастыру" сияқты стратегиялық мақсаттар қойылған.
       Инновациялар.  Астана инновациялар қаласы болуға тиiс. Жаңа астана ретiнде Астана қалалық жоспарлауда, экологиялық ортаны жасауда, ғылыми-бiлiм беру саласын дамытуда, қалалық басқаруда инновациялық сәулеттiң, инновациялық көзқарастардың үлгiсi болады және солай болуға тiс.
       Ден қою жылдамдығы.  Ұзақ мерзiмдi мақсаттарды белгiлеп, әкiмдiк астананың, Қазақстан мен әлемнiң басқа қалаларының экономикалық та, әлеуметтiк пен экологиялық та дамуындағы жай-күйдiң ағымдағы дамуын серпiндi қадағалауды жалғастырады. Осы тұрғыда елеулi роль қаланың тұрғындарымен ұдайы өзара iс-қимыл жасаудың әртүрлi формалары - тұрғындармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, сауалнамалар атқаруға тиiс. Жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн бағалау, стратегиялық дамудың басты көрсеткiштерi бойынша ұдайы есептiлiк ретiнде стратегиялық басқарудың осындай құралын iске асыру тұрғындармен керi байланысты қамтамасыз етедi.
       Серiктестiк және халықаралық байланыстар.  Еуразиялық кеңiстiктегi үлгiлi орнықты қала ретiнде Астана қаласының миссиясын қамтамасыз ету елдiң басқа өңiрлерiнен және әлемдiк астаналардан айырып қамтамасыз ету мүмкiн емес. Бұл ретте осындай серiктестiк операциялық та, стратегиялық та сипатта болады, ол Астанаға урбанистiк дамудың бағалы тәжiрибесiн алып, өзiнiң серпiнiн елеулi жеделдетуге мүмкiндiк бередi.
       Персоналдың бiлiктiлiгi.  Астана қаласының басқару ұйымдарында Стратегиялық жоспардың және стратегиялық мақсаттардың негiзiнде, орнықты оқыту жүйесiн қуа отырып, ең жақсы оқу орындарында тағлымдамадан өту арқылы "оқытатын ұйым" қағидатын iске асыру Астанаға бәсекеге қабiлеттiктiң осы факторын тиiмдi iске асыруға мүмкiндiк бередi.
       "Жаңа экономикаға", бiлiм экономикасына тартылуы.  "Жаңа экономиканы" дамыту бағытында Астана табысты халықаралық тәжiрибеге бағдар алатын болады. "Инновациялық және ғылыми-техникалық қызметтерге жағдайлар жасау" сияқты стратегиялық мiндет бәсекеге қабiлеттiктiң осы факторын iске асыруға мақсат болып отыр.

       1.1. Астана қаласын экономикалық дамытудың күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiндiктерi мен шектейтiн факторларын талдау

      Астана қаласының экономикалық дамытудың күштi және әлсiз жақтары, мүмкiндiктерi мен шектейтiн факторлары (SWOС-талдау) астананың қолданылып жүрген бағдарламаларының нәтижелерiн, iс-шаралардың тиiстi жоспарларын, статистикалық ақпаратты талдау, iскер топтардың өкiлдерiмен болған талқылаулардың және басқа да деректердiң негізiнде айқындалған.

                                                             1-кесте

       Астана қаласын экономикалық дамыту: күштi және әлсiз
      жақтары, мүмкiндiктер мен дамуды шектейтiн факторлар

Күштi жақтары

Әлсiз жақтары

Қаланың астана ретiнде қызмет
еткен жылдар iшiнде қалыптасқан
жеткiлiктi күштi экономикалық
базасы

Қаланың әсiресе ескi бөлiгiнде телекоммуникацияны
қоса, инженерлiк және көлiк
инфрақұрылымының елеулi тозуы

Қала экономикасының құрылымы жаңа құрылыс салу және астананың
ғимараттары мен коммуникациялық
құрылыстарын түпкiлiктi жаңарту
мiндеттерiне сәйкес келедi

Экономиканың жеткiлiксiз
әртараптандырылғаны, атап
айтқанда құрылыс қызметiне
тәуелдi болуы

Жедел қарқынмен дамып келе
жатқан құрылыс саласы

Астана дамуының бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi шектеулi бюджет қаражаттары

Қоршаған орта жай-күйiнiң адамның
денсаулығы үшiн салыстырмалы қауiпсiздiгi

Өндiрiстiк қорлардың жоғары
деңгейдегi тозуымен салыстырмалы әлсiз өнеркәсiптiк базасы

Инновациялық менеджмент,
орнықты даму саласында жоғары
бiлiктi кадрлардың жетiспеушiлiгi

Коммуналдық қызметтерге
экономикалық негiзделмеген
баға түзуi

(ИСО сериясы 9000, 14000, 22000 және ХАССП) сапаның
халықаралық стандарттары
бойынша жұмыс iстейтiн ауыл
шаруашылығы өнiмi мен тамақ
өнеркәсiбiн қайта өңдеу
жөнiндегi кәсiпорындардың
аздығы

Қазақстанның басқа өңiрлерiмен
салыстырғанда жердiң жоғары
құны оның өнiмдi
пайдаланылуын шектейдi

Мүмкiндiктер

Шектейтiн факторлар

Қалалық басқаруды жетiлдiру

Мемлекеттiк органдардағы
басқарудың төрешiлдiк стилiн
және шешiмдердi "жоғарыдан
төмен" қағидаты бойынша
қабылдауды қоса, қалалық
басқару және мемлекеттiк
қызметтердi ұсыну жүйесiнiң
тиiмдiлігінiң жеткiлiксiздiгi

Шағын және орта бизнестiң дамуы

Инновациялық кәсiпкерлiктi
нақты және тиiмдi қолдаудың
болмауы

Астана және iргелес орналасқан
аумақтардың сұранысын
қанағаттандыру үшiн ауылшаруашылық өнiм өндiрудiң
және қайта өндiрудiң өсуi

Тұтыну тауарларды өткiзудiң
iрi рыноктарының болмауы

Қызметтiң неғұрлым жоғары
технологиялық түрлерiн дамытуға
жәрдемдесетiн жоғары бiлiмнiң
жоғары стандарттары

Шағын кәсiпкерлiктiң декларативтiк сипаты және оны
әлсiз қолдау, рұқсат ету
жүйесiнде тосқауылдардың болуы

ЕЭА мәртебесiн басқа аудандарға қарай кеңейту, оларды өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң,
технологиялардың, экспорттық сауданың аймақтары ретiнде
дамыту болжанып отыр

Өнеркәсiптi қоса, экономиканың
көптеген секторларында бiлiктi
жұмысшылардың жетiспеушiлiгi.
Орнықты тұратын және жұмыс
орны жоқ келушiлердiң ауылдық
жерлерден келуi

Республиканың басқа өңiрлерi
мен көршiлес елдердің
азық-түлiк және өнеркәсiптiк
өнiм өндiрушiлер тарапынан
бәсекелес

                                                         1а-кесте

   Астана қаласының қазыналық саясатының әлсiз және күштi
      жақтары, мүмкiндiктерi мен шектейтiн факторлары

Күштi жақтары

Әлсiз жақтары

Астананың бюджет шығыстарының жан
басына шаққанда өсуi

Республикалық бюджеттен түсетiн түсiмдерден жоғары дәрежеде тәуелдi болуы

Жан басында шаққанда жергiлiктi бюджет кiрiстерi өсуiнiң төмен қарқыны

Астана бюджетiнiң экономикалық
құрылымындағы күрделi шығындардың
жоғары үлесi

Астананы дамыту бағдарламаларын iске
асыру үшiн, сондай-ақ қала халқының өсуiн ескере отырып,
ағымдағы шығыстарды қаржыландыру үшiн қажет шектеулi жергiлiктi бюджет қаражаты

Мүмкiндiктер

Шектейтiн факторлар

Астана бюджетiн құруға ерекше
жағдайлар ұсыну

Жергiлiктi бюджеттер жоспарлануының және атқарылуының, сондай-ақ республикалық бюджетпен бюджетаралық қатынастарды құрудың негiзгi қағидаттары Бюджет кодексiнде айқындалған және Қазақстан Республикасының барлық аумағында бiрыңғай болып табылады  

  

Астана халқы санының тез өсуiне байланысты Астананың жергiлiктi бюджетi кiрiстерiнiң өсуi

Инвестициялық жоспарлау процесi шектен тыс орталықтандырылған болып табылады

 

      1-бокс. Кластерлер дамуының халықаралық тәжiрибесi
      Қазiргi уақытта Оттавада жоғары технологиялардың мынадай кластерлерi:
      радио байланысының;
      телекоммуникацияның;
      ақпараттық қамтамасыз етудiң;
      жартылай өткiзгiштiң;
      шыны талшық оптикасының;
      кәсiби (консалтингтiк) қызметтердiң;
      биотехнологиялардың ойдағыдай жұмыс iстейдi.
      Кластерлердi дамыту үшiн екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн мемлекеттiк ғылыми зертханалар мен институттарды, оның iшiнде ҒЗТКЖ жөнiнде Ұлттық Комитеттi (ҰК), Қорғаныстық зерттеулер институтын (ҚЗИ), Телекоммуникациялық зерттеулер орталығын (ТЗО) құру негiз болды.
      Кластерлердiң дамуына орасан зор қолдауды мемлекет көрсеттi. 90 жылдардың ортасында ҒЗТКЖ жүргiзуге федералдық үкiмет бөлетiн мемлекеттiк қаржыландырудың 30 % Оттавада игерiлген болатын. ҰК мен ТЗО жергiлiктi компаниялардың телекоммуникациядағы, микроэлектроникадағы, кейiнiрек - шынылы оптикадағы жаңа технологиялардың әзiрлемелерiн ҒЗТКЖ-нiң бастапқы кезеңiнде қаражат, қажеттi жабдықтар ұсынып қолдады. Мемлекеттiк ҒЗИ, бiлiм беру институттары мен жергiлiктi бизнес арасында байланыстар орнатылды.
      Осы саладағы коммерциялық мүмкiндiктер бұл өңiрге Алкател, Каденс, Нокиа және Сименс сияқты көптеген шетелдiк корпорацияларды тартты. Осы және бүкiл әлемнiң басқа компаниялары да өңiрдiң ҒЗТКЖ мардымды капиталдық салымдарды жүзеге асырды, жергiлiктi жоғары бiлiктi кадрлармен ынтымақтастық жасауға белсендi ұмтылыс жасады.
      2000 жылдың аяғында технологиялық әзiрлемелермен айналысатын штаттарында 750 000 жуық адамдары бар 1000 астам компаниялар Оттавада орналасты.
      Оттаваның үш университетi мен екi техникалық колледжi қазiргi кезде қатары көбейiп келе жатқан инженерлер мен техникалық мамандарды шығарды, олардың басым көпшiлiгі күн сайын саны артып отырған кластерлерде жұмыс тауып отыр. Оттаваның жұмыс күштерi Канадада ең бiлiмдi болып саналады. Халық арасындағы 25-тен 64 жасқа дейiнгiлердiң 30%-ға жуығында орташа елдiк көрсеткiш - 17 % қарағанда университеттiк бiлiмi бар. 2000 жылы қала тұрғындарының
7 % ғалымдар мен инженерлер құрады, ал елдiк көрсеткiш 3 %-ға тең.
      ҒЗТКЖ компаниялары мен фирмаларының дамуына ғылыми зерттеулер және эксперименттер өткiзуге берiлетiн салық жеңiлдiктерi елеулi қолдау көрсеттi.
      Кобе қаласында (Жапония) алдыңғы қатардағы медициналық өнеркәсiптiк кластерiн құру мақсаттары ҒЗТКЖ зерттеулерiмен, әзiрлемелерiмен, коммерциялаумен және мамандарды даярлаумен айналысатын медициналық өнеркәсiптiң орталығы салынды. Ол Орталық Биомедициналық зерттеулер мен әзiрлемелер институтын, Информатика саласындағы трансляциялық зерттеулер мен әзiрлемелер орталығын, Қызметтi коммерциялауға арналған биомедициналық акселераторды, Кобедегi оқу-iскерлiк орталықты қамтиды. Бұдан басқа, шетелдiк компаниялар мен ғылыми зерттеу институттардың мекемелерiн қалада орналастыру бойынша көмек көрсететiн Кобенiң халықаралық бизнес орталығы құрылған. Қала билiгi отандық және шетелдiк медициналық компаниялармен Кобеге олардың қызметiн көшiру жөнiнде әрдайым келiссөздер жүргiзедi, шетелдiк зерттеушiлердi ынтымақтастықта болуға шақырады.
      Тиiстi жағдайлармен қамтамасыз ету үшiн қала билiгi шетел ғаламдарының неғұрлым ұзақ тұру және көшiп келу тәртiбiне қатысты ережелердi қайта қарады.
      2004 жылдың қаңтарына қалаға 52 медициналық фирма мен ғылыми-зерттеу институты, олардың 13 - шетел компаниялары көшiп келдi.
      Жапонияның Бiлiм беру мәдениет, спорт, ғылым және техника министрлiгi Кобе қаласында алдыңғы қатардағы медицина кластерiнiң дамуына жәрдемдеседi және қала билiгiнiң бастамаларын қолдайды. Сонымен, қала алдыңғы қатардағы медицина салаларына назар аударылған "Құрылымдық реформаның ерекше аймағы" деп ресми танылған.
      Сонымен қатар, еуропалық және америкалық компаниялармен тәжiрибе және мамандар алмасу жөнiнде белсендi жұмыс жүргiзiлуде, бiрлескен халықаралық зерттеулер де жүргiзiлiп отыр.
      Қалада кластерлiк көзқарастың ойдағыдай дамуына негiз болып отырған құрамдастардың бiрi таңғыштардан бастап медициналық жабдықтарға дейiн медициналық өнеркәсiбi үшiн өнiм шығаратын, өнiмдi тасымалдауды жүзеге асыратын шағын орта бизнестiң тiкелей қатысуы болып табылады.

 

       2-бокс. Астаналардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етудегi халықаралық тәжiрибе

      Халықаралық тәжiрибеде дербес те, кешендi түрде де қолданылатын астаналардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етудiң мынадай негiзгi тәсiлдерi бар:
      1. Астаналық функцияларды жүзеге асыруға арналған шығыстарды жоғары деңгейдегi бюджеттен (бюджеттерден) субсидиялау. Осы қаражат жалпы сипаттағы төлемдердi және белгiлi бiр мақсаттарға, ең бастысы қоғамдық қауiпсiздiк пен қала инфрақұрылымын ұстауға, сондай-ақ мәдени iс-шараларды өткiзуге арналған гранттарды қамтиды. Әртүрлi елдерде астаналық функцияларды атқаруға арналған субвенциялардың үлесi қала бюджетi түсiмдерiнiң жалпы көлемiнде 3-тен бастап 80%-ға дейiн болып отыр. Атап айтқанда, астаналық функцияларды атқаруға арналған субсидиялар Берлин, Бразилия, Варшава, Канберра, Каракас, Киев, Лондон, Мехико қалаларының бюджеттерi түсiмдерiнiң едәуiр бабы болып табылады.
      2. Астаналық қалалар басқаруының жергiлiктi органдарына ставкаларды өзгерту және (немесе) бюджетке қосымша салық және басқа да мiндеттi төлемдердi енгiзу жолымен жергiлiктi бюджет кiрiстерiн ұлғайтуға ерекше құқық беру. Мұндай практика Австралияда, Ұлы Британияда, Мексикада, Францияда және бiрқатар басқа мемлекеттерде бар.
      3. Астаналық қалалардың бюджеттерiн құруға ерекше жағдайлар белгiлеу, осындай кезде жалпы жағдайда жоғарыда тұрған бюджет түсiмдерiнiң баптары болып табылатын кiрiстер астана бюджетiне түседi. Осындай көзқарас, мысалы, Болгарияда, АҚШ-та, Украинада қолданылады. Мысалы, София қаласының бюджетiне аумағында тұратын және жұмыс iстейтiн жеке және заңды тұлғалардан алынатын жеке табыс салығының және пайдаға салынатын корпоративтiк салықтың түсiмдерi есептеледi; Киев қаласы бюджетiнiң кiрiстерi "Украина астанасы - батыр-қала Киевтiң мәртебесi туралы" Украина Заңына сәйкес пайдаға салынатын салық, жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық, ҚҚС, жерге арналған төлем түсiмдерiнiң есебiнен құрылады.

      1.2. Астана қаласының орнықты экономикалық дамуы бойынша стратегиялық мiндеттер

      "Қаланың орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету" атты стратегиялық мақсатқа жету үшiн мынадай стратегиялық мiндеттердi шешу қажет:
      инновациялық және ғылыми-техникалық қызметке жағдай жасау;
      бәсекелестiктi дамыту және қолайлы инвестициялық климат жасау;
      халықты жоғары сапалы қол жетiмдi коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
      қаланың ұзақ мерзiмдi қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қазыналық саясатты әзiрлеу.
      Қаланың ұзақ мерзiмдi қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету көзқарасынан астана дамуының негiзгi аспектiлерiн талдау 2-қосымшада келтiрiлген.

Инновациялық және ғылыми-техникалық қызмет
үшiн жағдай жасау

      Экономикалық дамудың осы заманғы әлемдiк үрдiсi елдердiң индустриалдықтан зияткерлiк ресурстарға, ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологияларға негiзделетiн постиндустриалдық үлгiдегi дамуға көшуден тұрады. Бәсекелес басымдықтарды iздестiруде қаланың мүмкiндiктерi, ең алдымен экономиканы әртараптандыруға, зияткерлiк ресурстарды пайдалануға негiзделедi.
      Экономиканың инновациялық даму жолын қалада және iргелес жатқан аумақтарда жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды жаңғырта отырып, сондай-ақ жоғары қосылған құнымен жаңа жоғары технологиялық, ғылымды қажет ететiн салаларды қалыптастыруға негіздер сала отырып пайдалануға болады.
      Инновацияларды дамыту тұрғысынан қалада жұмыс iстейтiн салалардан тамақ өнеркәсiбiн немесе азық-түлiк тауарлары мен сусындар өндiру сондай-ақ металл емес өнiмдер мен құрылыс материалдарын шығару қызықтырушылық тудырады. Осы салалар әрқайсысының кәсiпорындарын, бiртектi және қолдау көрсететiн салалардың кәсiпорындарын басқа тартылған институттармен -  университеттермен, ғылыми орталықтарымен, технологиялық парктермен бiрлестiру жөнiндегi жұмысты әкiмдiк ұйымдастыратын болады.
      Билiктiң жергiлiктi органдарының кластерлiк дамытуды қолдау саласындағы мақсаты қаланың екi: кооперациялау мен ынтымақтастық жасау есебiнен компаниялардың шығындарды төмендету және тыныс-тiршiлiк сапасын жақсарту бағыты бойынша қолайлы жағдайлар жасаудан неғұрлым жоғары пайда алу болып табылады.
      Қалада ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын мемлекеттiк және жеке ҒЗИ, жобалау-конструкторлық ұйымдардың жоғары оқу орындары мен кәсiпорындардың, экономиканың шикiзат емес секторындағы жекеше сектордың бастамасы қаржыландырылатын мемлекеттiк даму институттарының жұмыс iстеуi Астанада ғылыми (жоғары) технологиялар, бәрiнен бұрын, ақпараттық технологиялар мен бiлiм, сондай-ақ биотехнологиялар кластерлерiн қалыптастыру үшiн негiз қалайды.
      Әкiмдiктiң негізгi iс-шаралары Астанада орнықты өндiрiстiң, технологиялардың, бiлiм мен ғылымды қажет ететiн қызметтiң ұлттық орталығының мәртебесiн қамтамасыз ететiн ғылыми технологиялардың кластерiн жасауға бағытталатын болады.
      Ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердi дамытуда және инновацияларды енгiзуде жетiстiктерге жету үшiн, ең алдымен адам капиталын жинақ бiлiм мен ғылымды экономиканың ең жоғары басымдығы етiп жасау, ұлттық инновациялық жүйенi құру қажет.
      Қала сыртынан ғылым қалашығы сияқты техникалық университетi, зерттеу орталығы мен ақпараттық және телекоммуникация технологиялардың, жоғары технологиялық пен ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердiң бiрнеше кластерлерiне топтастырылған көптеген шағын инновациялық кәсiпорындары бар iрi осы заманғы технологиялық парктi 5  орналастыра отырып серiктес-қала құру мақсатқа сай болады.
__________________________
      5  Технологиялық парк - ғылыми-техникалық әзiрлемелердi жедел енгiзу мақсатында ғылымның, бiлiмнiң және өндiрістiң аумақтық бiрiктiрiлген жүйесiнің объектiсi, бұл жақсы жарақтандырылған ақпараттық және эксперименталдық базаның жағдайындағы ғылыми, конструкторлық пен өндiрістiк құрылымдарының iрi бiрлестiктерi, бiлiктi кадрлардың тығыз орналасуы 

      Жоғары технологиялар саласында кадрларды жеткiзушi қаланың жоғары оқу орындары, КБТУ немесе оның технологиялық парктегi филиалы болуы мүмкiн. Ол технологиялық паркте мұнай химия саласындағы бiрнеше арнайландырылған зерттеу орталықтарын құра алады. Бұдан басқа, Астана қаласы астана ретiнде әлемнiң дамыған елдерiнiң алдыңғы қатардағы әрi беделдi оқу орындарында оқыған жоғары бiлiктi жас кадрларды тартып отыр.
      Медициналық кластердi құруға жағдайлар жасау әкiмдiктiң перспективалық жұмыс бағыттарының бiрi болып табылады. Қалада түрлi бағыттар бойынша клиникалық орталықтардың желiсiн, ғылыми-зерттеу институттарын қамтитын медициналық қалашық салынатын болады.
      Туристiк кластерiн құру Щучье-Бурабай курорт аймағына, "Қорғалжын" қорығына қол жеткiзу мүмкiндiгiн ескере отырып перспективалы болуы мүмкiн, орнитологиялық, флористикалық, мәдени-танымдық және iскерлiк туризмдi дамыту; "көшпендi тұрмыс" жағдайларына, шетел туристерiнiң аң аулау, балық аулау және астана мен Ақмола облысы туризмiнiң басқа да объектiлерiне туристердiң қызығушылықтарын тарту.
      "Құрылыс материалдары" кластерiн қалыптастыру жөнiндегi жұмыс жалғаса беретiн болады. 2005 жылы Астанада құрылыс материалдарын өндiру жөнiнде  кластер құрудың бастапқы жобасын iске асыру шеңберiнде индустриалдық парк құруға алаңы 480 га жер телiмi бөлiндi.
      Астанада өндiрiстiк пен тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсiпорындарын салу бастамашылық алады, әкiмдiк "Қалдықтарды қайта өңдеу" кластердiң пайда болуына жәрдемдеседi. Әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық проблемаларды кешендi түрде шешуге бағытталған орнықты дамуға көшу қалада табиғи геохимиялық айналымға қол жеткiзу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгiн талап етедi. Перспективада кәсiпорындар қалдық шығармауға тиiс. Ол үшiн қаланың барлық өндiрiстiк жүйелерi бiр өндiрiстiң қалдықтары екiншi өндiрiске шикiзат болатындай режимге бiртiндеп бағдарланатын болады.
      Осы жағдайда қаланың экологиялық проблемалары үнемдiлiк тәсiлдермен шешiлетiн болады, қымбат тұратын, бiрақ тиiстi пайда әкелмейтiн тазалау құрылыстардың орнына басқа өндiрiстер мен тұтынудың қалдықтарын пайдаланатын өнеркәсiптiк өндiрiстер құрылатын болады. Әкiмдiк қалдықтардың неше түрiн қайта өңдеу бойынша кәсiпорындардың құрылуын ынталандырады, сондай-ақ жұмыс орындарының санын көбейтуге жәрдемдесетiн болады.
      Астана қаласында қалыптасқан қызмет көрсету саласы дамушы шағын бизнестiң маңызды саласы болып қалады.
      Көрсетiлген кластерлердiң пайда болуына және қалыптасуына қала билiгiнiң тарапынан:
      астана кәсiпкерлерiнiң кластерлiк даму, кластерлердiң қалыптасуы мен дамуының тәсiлдерi мен тетiктерi, қатысушылардың бәсекелестiк басымдықтарын алу үшiн өзара iс-қимылы, кластерлердi қалыптастыру бойынша кәсiпкерлердi арнайы оқытуды ұйымдастыру;
      қолда бар және пайда болып жатқан кластерлердiң өсуi мен жетiлуi үшiн: инфрақұрылымды дамытуда, заңнамалық шектеулердi алып тастауда, бизнес-мектептердi, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да iс-шаралар ұйымдастыруда кедергiлердi болдырмау жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      Болашақта Астана "технологиялық прогрестiң орталығы әрi Қазақстан қоғамы өркениетiнiң асқар шыңы; ақпараттық қоғамның астанасы" 6  болуға тиiс, яғни елдiң инновациялық орталығы болады. Астанада тиiстi жағдайлар жасалған кезде баламалы энергетика мен электрмен жабдықтау биотехнология және медицина, ақпараттық, телекоммуникация мен электрондық технологиялар салаларында жаңа жоғары технологиялық әрi ғылымды көп қажет ететiн кластерлер туындауы мүмкiн.
__________________________
      6  Назарбаев Н. "Еуразия жүрегiнде", 2005, 179-бет.

      Қала әкiмдiгi технологияға бейiмделген жоғары оқу орындарының ғалымдарымен және мамандарымен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жасайды. Қала әкiмдiгiнiң ғылымды көп қажет ететiн өнiмдi өндiрумен айналысатын шетел кәсiпкерлерiмен және Германия, Жапония, Финляндия, Ресей, ҚХР және басқа да елдердiң компанияларымен байланыстар жасауға жәрдемдесе алатын Көлiк және коммуникация, Бiлiм беру және ғылым министрлiгiмен, ұлттық компаниялармен одан да тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыру үшiн семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылатын болады.
      Әкiмдiк шетелдiк әрiптестермен, жергiлiктi кәсiпкерлердiң белсендi қатысуымен Қазақстанда жұмыс iстейтiн iрi отандық және шетелдiк компаниялармен технологиялық паркi бар болатын ғылым қалашығын бiрлесiп құру мүмкiндiктерi туралы келiссөздердi ұйымдастыратын болады.
      Жеке бизнестi дамытудағы өзектi проблема, әсiресе өндiрiстiк салада кадр проблемасы - жоғары кәсiпқой басқарушылар, инженерлер мен өндiрiстiк-технологиялық сипаттағы басқа мамандардың жетiспейтiндiгiн ескере отырып, қалада бизнес бiлiм берудiң арнайы бағдарламалары бойынша жұмыс iстейтiн, инновациялық орта үшiн кадрлар даярлауға қабiлеттi, оның iшiнде өндiрiстi ұйымдастыру және өндiрiске инновацияларды енгізу жөнiнде табысты жұмыс жүргiзу, кластерлердi құру үшiн осы заманғы құралдарды игерген бизнес-мектептер құрылады.

Бәсекелестiктi дамыту және қолайлы
инвестициялық ахуал жасау

      Бәсекелестiктi дамытуға және қолайлы инвестициялық ахуал жасауға мынадай негiзгi iс-шараларды iске асыру арқылы қол жеткiзуге болады:
      бәсекелестiктi шекпейтiн жергiлiктi билiктiң актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң жолын кесу және болдырмау, осыған ұқсас актiлердi және орталық билiк органдарының iс-әрекеттерiн жоюға қол жеткiзу;
      бәсекелестiк шектеуге бағытталған тауар рыноктарында үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң терiс iс-әрекеттерiн анықтау және жолын кесу; терiс пиғылды бәсекелестiктi жою;
      қала билiгiнiң мұқтаждары үшiн тауарлар жеткiзуге, жұмыстар атқару және қызметтер көрсетуге арналған тендерлердiң ашықтығын қамтамасыз ету;
      республикалық органдармен, қала мәслихатымен артық әкiмшiлiк тосқауылдарды, оның iшiнде рынокқа кiруге қойылатын тосқауылдарды жою;
      кәсiпорынды тiркеу, қызметке лицензия беру, жобалау құжаттаманы келiсу, тауар белгiлерiн және домен атауларын сертификаттау, сәйкестендiру және белгi қою, тiркеу, қадағалау органдарының қызметi және т.б., бизнестi тiркеу және ұйымдастыру рәсiмiн оңайлату;
      төрешiлдiк өктемдiкке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;
      қалада тауарлардың, қызметтердiң, жұмыс күшiнiң қозғалысы үшiн тосқауылдарды болдырмау жөнiнде жұмысты жалғастыру.
      Қалалық әкiмдiк жоғары қосылған құнымен жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететiн өнiмдi өндiретiн және ез өнiмiнiң негiзгi бөлiгiн экспортқа немесе елдiң басқа өңiрлерiне жеткiзетiн, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын жасайтын және бұл ретте еңбек өнiмдiлiгiн арттыратын кәсiпорындарға ынталандыру жағдайлары жасалатын болады.
      Негiзi ынталандыру шаралары:
      қалада жеңiлдiк берiлген жағдайлармен шағын кәсiпорындар жалға алатын ортақ көрме және сауда залдары бар бiрнеше бизнес-инкубаторлар құру;
      егер олардың аумақтарында орналасса, шағын инновациялық бизнеске технологиялық парк инфрақұрылымының, технологиялық орталықтардың қызметтерiн жеңiлдiк берiлген жағдайда ұсыну;
      ҒЗТКЖ дамыту институттарының есебiнен қаржыландыру, оларды қаржыландыруда үлестiк қатысу;
      экспортқа бағдарланған, әсiресе жоғары технологиялық өнiмдердi өндiретiн кәсiпорындарға экспорттық келiсiмшарттарға және экспортты сақтандыруға арналған кредитке кепiлдiктер алуға көмек көрсету, сыртқы рыноқтарға экспорттық тауарлардың жылжуына көмек беру;
      Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясымен айқындалған саясатқа сәйкес экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық дайын өнiмдердi өндiретiн кәсiпорындарға, оның iшiнде шағын инновациялық кәсiпорындарға кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;
      ИСО және ХАССП халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетiн сапа менеджментiн енгiзу және сертификаттау бойынша өңдеушi сектордың кәсiпорындары шығындарының бөлігін субсидиялау;
      шағын кәсiпорындардың өндiрiстiк және офистiк алаңдарға қол жеткiзуiн оңайлату және жәрдемдесу қалада жылжымайтын мүлiктiң бәсекелес рыногын дамыту, жеңiлдiк берiлген жағдайлармен өндiрiстi орналастыру үшiн жер учаскелерiн ұсыну болып табылады.
      Сондай-ақ қалада қолайлы iскерлiк және инвестициялық ахуал жасау жөнiнде арнайы шаралар қабылданады. Бұл - қала билiгi мен бизнес арасында серiктестiк қатынастар жасау. Осы орайда - бизнес қаланы байытады, ол жұмыс орындарын жасайды әрi халықты табыспен қамтамасыз етедi, бюджеттi салық түсiмдерiмен қамтамасыз етедi, ал билiк оған көмектеседi деген қағидат басшылыққа алынады.
      Iскерлiк байланыстарды дамыту мен инвестицияларды тартудың негiзi қалада қолайлы инвестициялық ахуалды жасау жөнiнде ұсынылған шараларды iске асыру, жоғары технологиялық тауарларды өндiру бойынша кәсiпорындар құру үшiн трансұлттық компанияларды тарту, қалалық ортаны жақсарту болады.
      Мыналар:
      қала ашықтығын және халықаралық рейтингiлiк агенттiктермен белсендi жұмыс жүргiзудi қамтамасыз ету;
      астанада халықаралық көрмелердi, конференцияларды ұдайы ұйымдастыру және өткiзу;
      Астананы бизнес жүргiзу және адамдардың өмiрi үшiн тартымды орын ретiнде көрсету;
      Астананың кәсiпорындарына халықаралық байланыстарды жасау бойынша консультативтiк қолдау көрсету;
      ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сапаның халықаралық стандарттары бойынша кәсiпорындардың жұмысқа көшуi жөнiнде консультациялар жүргiзу бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Орнықты дамудың кешендi стратегиялық мiндеттерiн шешуге бағытталған iс-шаралар Стратегиялық жоспардың тиiстi бөлiмдерiнде жазылған.

Халықты жоғары сапалы қол жетiмдi коммуналдық
қызметтермен қамтамасыз ету

      Жыл сайын жергiлiктi бюджеттен 250-300 млн. АҚШ доллары қаланың инфрақұрылымын қолдау мен дамытуға жiберiледi. Орнықтылық қағидаттарына сәйкес экономикалық және әлеуметтiк нәтижелер, қалалық қоғамдастықтың талаптары тұрғысында жобалардың бағасы күшейтiлетiн болады.
      Халықты тиiстi сапалы коммуналдық қызметтермен толық қамтуды қамтамасыз ету үшiн Астана қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында көзделген iс-шаралар iске асырылатын болады. Қаланы сумен жабдықтаумен және суды бөлумен, жылумен, электрмен және газбен үздiксiз және жеткiлiктi мөлшерде жабдықтау мыналардың:
      қолданыстағы коммуналдық жүйелердi жөндеу мен кезең-кезеңiмен қайта жаңартудың;
      жаңа инфрақұрылымдық объектiлердi салудың;
      инженерлiк инфрақұрылым қызметiн басқару сапасын арттырудың есебiнен жүзеге асырылатын болады.
      Орта мерзiмдi перспективада жұмыс iстеп тұрған ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 кеңейту және қайта жаңарту, ТЭЦ-3 құрылысын салу, жылу магистральдарының, электр желiлерiнiң және газ құбырлары желiлерiнiң қолданыстағыларын қайта жаңғырту және жаңаларын салу көзделiп отыр.
      Қаланың кәрiзi жоқ бөлiгiн қалалық кәрiз жүйесiне қосу жөнiндегi жұмыстар, су ресурстарына ықпал ету дәрежесiн ескере отырып аяқталатын болады. Басқару қызметiнiң сапасын арттыруды, қаланың коммуналдық желiлерiн кеңейту мен жаңғыртуды, олардың сенiмдiлiк деңгейiн арттыруды, ресурстардың жаңа көздерiн iздестiрудi көздейтiн Астананың коммуналдық жүйелерiн басқарудың ұзақ мерзiмдi тұжырымдамасы әзiрленетiн болады.
      Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы кәсiпорындарда Жылу-энергетика ресурстарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған қаланың энергия жинақтау бағдарламасы әзiрленетiн болады.
      Бұл шаралар халықты тиiсiнше коммуналдық қызметтермен қамтуды кеңейтiп қана қоймай, су, электр және жылу тұтыну тұрғысынан қаланың орнықтылығын арттырады, және де Астананың келбетiн аса жоғары сапалы тыныс-тiршiлiгi бар қала ретiнде жақсартады.
      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетикалық жабдық, сумен жабдықтау және кәрiз техникалық жүйелер болып табыла отырып, оларға техникалық нормалар мен тозу деректерiне сәйкес қызметтер көрсетiледi, жөнделедi және алмастырылатын болады. Қаланың тұрғын үй қорын қайта құру бағдарламасы, тұрғын үй ортасын қалпына келтiрумен және қабырғаларының және үй-жайдың негіздерiн бекемдеумен немесе алмастырумен қатар ресурстарды үнемдеу мен энергияны сақтау жөнiндегі шаралар қосылатын болады.
      Қаланың халқына компаниялар көрсететiн коммуналдық қызметтердiң сапасын арттыру үшiн компаниялардың қызметiне аудандарды, тыныш аймақтарды YЕҰ аулалар мен жатақханаларды орнықты дамыту индикаторларының жүйесi бойынша ай сайын мониторинг жүргiзiлетiн болады.
      Астананың 2010 жылға 30 %, 2020 жылға 70 % және 2030 жылға 100 % аумағын қамтуды көздейтiн беткi жағының жүйесiн жақсарту жөнiнде жоспар әзiрлеу көзделуде.
      Ұзақ мерзiмдi перспективада инженерлiк инфрақұрылымды дамыту қарқыны қала экономикасын дамыту қарқынынан асып түсетiн болады, бұл қаланың инвестициялық рейтингiн көрсетедi, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерiн құру үшiн жеке инвестицияларды тартуға жәрдемдесетiн болады.
      Ресурстарды өндiру мен тұтынуды көздейтiн барлық жобалар мен жаңа технологиялар орнықты даму қағидаттарына сәйкес бағаланатын болады, олар:
      қайта жаңартылған ресурстарды (суды) тұтыну қарқынының оларды қалпына келтiрудiң қарқынынан аспауға тиiстігін;
      қайта жаңартылмаған ресурстарды тұтыну қарқынының қайта жаңартылғандарға, оның iшiнде жасанды түрде жасалғандарға айырбастау қарқынынан аспауға тиiстiгiн;
      түпкiлiктi өнiмдердi өндiру мен сату өндiрiстiк циклдiң барлық кезеңдерiнде заттарды, материалдар мен энергияны аз жұмсай отырып, мүмкiндiгiнше, барынша тұйық, ал былайша айтқанда, адамға табиғи экологиялық жүйенiң аса аз әсер етуiмен жобалануға және жүзеге асырылуға тиiстiгiн;
      ластаушы заттар үшiн оларды шығарып тастаудың қарқындылығы осы заттарды игеру мен қайта өңдеу немесе олардың зиянды ерекшелiктерiн жою қарқынын арттыруға тиiс еместiгiн көздейдi.
      Рұқсат құжатын беретiн мемлекеттiк әкiмдiк органдарының функцияларын реттейтiн нормативтiк актiлердегi орнықтылық тұрғысында жобаларды бағалау үшiн оларды жобалардың орнықты даму индикаторларына сәйкестігін талдауды мiндеттейтiн ереже енгiзiлетiн болады. Қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi жоспарлаудың жобаларын әзiрлеу процесiне, сондай-ақ қалалық статистика тәжiрибесiне орнықты даму индикаторларын енгiзуге, табиғат қорғау, экономикалық және әлеуметтiк мақсаттар тұрғысында қаланы дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде баламалы көзқарас енгiзуге мүмкiндiк бередi.

Қаланың ұзақ мерзiмдi қаржылық орнықтылығын
қамтамасыз етуге бағытталған фискалдық
саясатты әзiрлеу

      Осы стратегиялық мiндеттi iске асыру Астана дамуының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету қажеттiлiгiмен шарттасады. Астана болып орнығуының жоғары қарқыны табыстардың орнықты көздерiн талап етедi. Олардың негiзгi бөлiгi республикалық бюджеттен бөлiнедi.
      Астананың қаржылық орнықтылығы:
      республикалық бюджетке тәуелдiлiктi азайту және тиiсiнше бюджеттiк қаржыландыруды талап ететiн ұзақ мерзiмдi жобаларды әзiрлеу мен iске асыру бөлiгiнде қала бюджетiнiң дербестiгiн көтеру;
      республикалық бюджеттен астана бюджетiне берiлетiн трансферттер/астана бюджетiнен республикалық бюджетке бюджеттiк өндiрiп алу деңгейiн ұзақ мерзiмдi кезеңге айқындау;
      бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгiн, сондай-ақ қала бюджетiн жоспарлау және атқару процестерiнiң, оның iшiнде мамандарды бюджет бағдарламаларын, қаржылық бағдарламалауды, экономикалық және бюджеттiк болжауды бағалау әдiсiмен ашықтығын көтеру есебiнен қамтамасыз етiледi.
      Астананың экономикалық жетiстiгi, егер қала өңiрлiк және әлемдiк рыноктарда бәсекеге қабiлеттi болса орнықты болады. Шешушi факторлар ғылымды қажет ететiн өнеркәсiптi дамыту мен инновацияларды енгiзу, тамақ өнiмдерiн өндiру, туризмдi дамыту болып табылады. Орнықты даму үшiн экономикалық саясат:
      жұмыс күшiнiң бiлiктiлiгiн арттыру арқылы өнiмдiлiк пен бәсекеге қабiлеттiгiн жақсартуға; адам дамуына, ғылыми-зерттеу әзiрлемелерге инвестициялар салуға;
      салық салудың төменгi деңгейi және тиiстi нормативтiк-құқықтық база арқылы бәсекеге қабiлеттiлiктi көтеруге;
      мемлекеттiк басқаруды жетiлдiруге;
      Астанаға орнықты өндiрiс, технологиялар мен ғылымды қажет ететiн қызметтiң дамуына жәрдемдесетiн ғылыми (жоғары) технологиялардың кластерiн жасауға;
      мәдениет пен туризмнiң жаңа салаларын дамытуға кепiл беруге тиiс.

& 2. 2 - стратегиялық мақсат.
Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты қызмет ететiн инфрақұрылымды ұстау

      Сапалы қалалық жоспарлау қаланың ұзақ мерзiмдi орнықтылығының қажеттi шарты болып табылады. Астананың орнықты дамуы жолында қалалық басқарудың және дизайннiң негiзгi мiндетi қалалық тыныс-тiршiлiктiң экологиялық, экономикалық пен әлеуметтiк аспектiлерi арасында байланыс орнату және осы байланыстың сәулет, құрылыс нысандарында көрiнiс табуы болып табылады.
      Инфрақұрылымның орнықты жұмыс iстеуi қала тұрғындары мен кәсiпорындарын тиiстi сападағы коммуналдық қызметтермен жүз пайыз қамтуды, экология мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi, қайта жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды көздейдi.

1. Қалалық жоспарлау және дизайн

1.1. Астана қаласында қалалық жоспарлаудың және дизайнiн дамытудың күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiндiктерi мен шектейтiн факторларды талдау

      SWOC-талдау жергiлiктi атқарушы органдар, өңiрлiк бағдарламалар деректерiнiң, ағымдағы жағдайды талдау, қала халқына жүргiзiлген әлеуметтiк сауалнама нәтижелерiнiң негізiнде жүзеге асырылды.
                                                      2-кесте

      Астана қаласында қалалық жоспарлаудың және дизайнін
     дамытудың күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен
                    шектейтін факторлары          

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Одан әрі қалалық дамуға және
қала шекарасын кеңейтуге бос
аумақтардың болуы

Көшелердің құрылымы жаяу жүргіншілерінің қозғалысына, балалардың, қарт адамдардың және мүгедектердің қыдыруына жәрдемдеспейді

Мемлекеттің орталық бөлігінде
географиялық жағынан ұғымды,
маңызды көлік қосылыстарының
қиылысы жерінде орналасуы

Жекелеген ғимараттардың
жоспарлануы қатаң климат
жағдайларына, атап айтқанда
қатты жергілікті желге
бейімделмеген

  

Жерасты судың жоғары деңгейі
және оның құрамында тұздардың
көп болуы

Сәулеттік стильдердің әртүрлі
болуы, әлемге танымал сәулет-
шілерді тарту

Қол жетімді әлеуметтік тұрғын
үйдің жетіспеушілігі

Жаңа тұрғын үйлердің кейбір
үлгілерінің төменгі сапасы және
құрылыс нормалары мен стандарт-
тарына сәйкес келмеуі

Мүмкіндіктер

Шектейтін факторлар

Қала сәулетіне Қазақстанның
мәдени және тарихи мұрасы
арқылы өзіне тән ерекшелік
беру

Жаңа ірі ауқымды объектілерді
белсенді салу тұруға болатын
ескі аудандарды бұзуға әкеліп
отыр, тозығы жеткен тұрғын
үйлерді оңалту жөніндегі
шаралардың болмауы

Көп қызмет ететін аудандарды
құру қаланың тартымдылығы мен
өміршеңдігін арттыруға
жәрдемдеседі

Тұрғындарды жоспарлау және олар
тұратын аудандарды құру
процесіне тарту тетіктерінің
болмауы

Қаланың, көп орталықтылығын
дамыту (халыққа қызмет
көрсетудің негізгі қызметтері,
демалыс объектілері орналасқан
оқшауланған жергілікті
аудандық орталықтар құру)

 

3-бокс. Орнықты қалалық жоспарлаудың халықаралық
тәжірибесі
      Қазіргі уақытта дамыған елдерде сапалы қалалық кеңістікті құруға, экологиялық балансқа жетуге және адамға лайықты сәулетті жасауға бағдар алған қалалық даму көзқарастарын қолданады. Жаңа көзқарастардың бірі өзгерістер мен жаңа міндеттерді шешу мүмкіндіктерін көздейтін жоспарларды -»"статистикалық емес жоспарларды" пайдалануға негізделеді.
      Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай қала құрылысын жоспарлаудың неғұрлым оңтайлы және сынақтан өткен форматы:
      экономикалық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік аспектілерді және қоршаған ортаны дамыту мәселелерін қоса, қалалық дамудың негізгі мақсаттары мен қағидаттарын көрсете отырып ұзақ мерзімді перспективаға бас жоспардың;
      жекелеген тұрғылықты аудандардың онда тұратын халықтың мүдделері ескерілген жергілікті жоспарлардың;
      қала құрылысы мен сәулет жөнінде уәкілетті органдардың міндетті алдын ала бекітуіне жататын жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды салу жоспарларының болуын болжайды.
      Ұлыбританияда, Канадада және басқа елдерде қалалық басқарудың жаңа құралдары ретінде:
      жоспарлау және құрылыс жүргізу жөнінде қысқа нұсқаулықтар;
      қалалық жобалау жөнінде басшылық;
      аудандардың схемаларына жоспарлы код қою әзірленген.
      Осы құралдарды қолданудың мақсаты - жекелеген аумақтарға әзірленген жергілікті жоспарларды оңтайландыру және олардың сапасын арттыру, қалалардың, көшелердің барлық бөліктерінің арасында үйлесімділікті қамтамасыз ету.
      Қандай да бір жердің жайлы болуының дәрежесі оның жоспарлау және әлеуметтік сипаттамаларының ерекшеліктеріне тәуелді. Сондықтан қазіргі кезде көптеген қалаларда қала жоспарлаушыларының және дизайнерлерінің күштері ғимараттардың, көшелердің, қаланың ашық аумақтары ауқымының, ғимараттар мен құрылыстардың адамға лайықты болуын қамтамасыз етуге, жергілікті жерді көрер көзге жағымды әсер ететін сапалы ландшафтық сәулетті пайдалануға бағытталған.

1.2. Астана қаласында орнықты қалалық жоспарлау және дизайн жөнiндегi стратегиялық мiндеттер

      Қалалық дамуды жоспарлау және дизайнiн жасау кезiнде орнықтылықтың экологиялық, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени аспектiлерiн ескеру қажет.
      Мемлекет астанасының тиiстi бет-пендесiн ұстау, "Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты жұмыс iстейтiн инфрақұрылымды ұстау" стратегиялық мақсатқа жету мынадай стратегиялық мiндеттi шешудi талап етедi: қала құрылысын жоспарлауға жаңа көзқарастарды пайдалану, қалаға өзiндiк ерекшелiк пен даралық беру.

      Қала құрылысын жоспарлауға жаңа көзқарастарды
пайдалану, қалаға өзiндiк ерекшелiк пен даралық беру.

      Қаланы жоспарлау және оның дизайнiн жасау, ең алдымен табиғи жағдайларға сәйкес келуге тиiс. Қалалық кеңiстiктi ұйымдастырған кезде басымдық мәнге табиғи ресурстарды қорғау, қалдықтарды жинау мен жоюды ұйымдастыру, энергияны үнемдеу, климат ерекшелiктерiн ескеру мәселелерi ие болып отыр. Осы аспектiлер қала құрылымын (кварталдарды және көшелердi), объектiлердi орналасу орындарын, көлiк қозғалысының схемаларын, коммуналдық қызметтердiң жүйелерiн таңдау кезiнде назарға алынуға тиiс.
      Су, жер ресурстарын тиiмдi пайдалану, сондай-ақ сауда мен өнеркәсiптi дамыту жер мен көлiк жоспарларын пайдалануды айқындау үшiн негiз болуға тиiс. Көше тыныс-тiршiлiгiн, атап айтқанда, бөлшек сауда арқылы жандандыру - экономикалық орнықтылықпен байланысты қамтамасыз ететiн қалалық басқарудың басқа функциясы.
      Сондай-ақ қалалық дизайн мiндеттерiнiң бiрi жүру қашықтығына лайықты әлеуметтiк және коммуналдық қызмет көрсету объектiлерiнiң оңтайлы орналасуын қамтамасыз ету болып табылады.
      Әдетте, тарихи және мәдени ерекшелiктер қалалық сәулет нысандарының жай-күйiне қарай бағаланады. Сонымен, жергiлiктi мәдениеттi және ерекшелiктi ұстау да қалалық жоспарлау мен дизайнiн жасаудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
      Қала құрылысын жоспарлауға халықаралық практикада кеңiнен пайдаланылатын көзқарасты енгiзу ұсынылады. Ол үш элементтен тұрады:
      қала келбетiнiң сәулетiн жоспарлау;
      қаладағы әр ауданды салуды жоспарлау;
      жекелеген ғимараттар мен құрылыстар, әр түрлi кешендердi салуды жоспарлау.
      Осы мiндеттi iске асыру Астананың 2030 жылға дейiн дамуының Бас жоспарына оның негiзгi нұсқаларын сақтай отырып, халық санының және жұмыспен қамтылуын, тұрғын үй рыногының дамуын ескере отырып, түзетулер енгiзудi, сондай-ақ қайта құру мен жаңғыртуды талап ететiн объектiлер аудандарды үшiн дамыту жоспарларын әзiрлеудi (мысалы, жоспарланып отырған индустриялық парктiң, орталық базар ауданының және т.б.) болжайды.
      Сонымен қатар, қалалық жоспарлауға арналған осы заманғы көзқарастар егжей-тегжейлi зерделенетін болады, оларды Астанада қолдану мүмкiндіктерiне талдау жүргiзiледi.
      Стратегиялық мiндеттi табысты шешудiң маңызды құрамдасы қалалық жоспарлау және қолданып отырған қалалық жоспарлау қағидаттарына түзетулер енгiзу процесiне қоғамдастықты тарту болып табылады.
      Тұрғын үй қорының жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстардың көлемiн анықтау үшiн Астананың тұрғын үй қорының жай-күйiне талдау жүргiзiледi және Астанада салынған және салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың барлық нысандарын тиiстi қалыпта ұстау, тұрғын үй құрылысының коммерциялық мақсаттары мен мiндеттерiн бiрiктiру жөнiнде ұзақ мерзiмдi бағдарлама әзiрленедi.
      Қаланың тұрғын үй қорына барынша орнықтылықты орнату үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келуiне қала құрылысының нормативтерi мен құрылыстық нормалар мен ережелер қаралады, ол жаңа салынып жатқан ғимараттардың жеке өлшемдерiне қажеттi талаптар қоюға мүмкiндiк бередi, мысалы, учаскенiң мөлшерi, көшелердiң енi, "қызыл" сызық, ғимараттар арасындағы қашықтық және т.б. Осы нормаларда орнықтылық өлшемдерi көрсетiлетiн болады (мысалы, күндiз жарықтың түсуi мен күн энергиясына қол жеткiзу).
      Қазiргi бар үйлерге күрделi жөндеу жүргiзген кезде сыртқы қабырғалары мен терезе ойықтары арқылы жылу ысыраптарын төмендету, желдету жүйелерiн жетiлдiру, желiлердi айырбастау және өзге де шаралар қайта қаралатын болады. Сонымен қатар, мүмкiндiгiнше қала тұрғындары пәтерлерiнiң пайдалы және қосалқы алаңдарын жаңа қабаттарды немесе мансардаларды үстiнен салу, үйлердегi инженерлiк желiлер мен сантехникалық жабдықтарды айырбастау есебiнен тұрғын үйлердi жаңғырту қосымша лоджиялар, лифтiлер, қоқыс өткiзгiштер салу, аулаларды көркейту арқылы кеңейту қажет.
      Сондай-ақ мөлшерлерi бойынша нақты өлшенген кварталдар, әр түрлi тұрғылықты, қызмет көрсететiн, iскерлiк объектiлердiң және меншiк түрлерiнiң үйлесiмдiлiгi, жаяу жүргiншiлер, велосипед пен автомобиль жүйелерiнiң өзара байланысты әрекет етуi, үйлердiң тығыз салынуы және т.б. сияқты орнықтылық қағидаттарын қолдана отырып "көп функционалдық" ауданды құру жөнiнде бастапқы жоба iске асырылады.
      Осы мiндет үшiн ең маңызды Стратегиялық бастамалар:
      тұтыну сұраныстарының өзгерiсiне және тұрғын үйдiң әртүрлi тұтыну ерекшелiктерiн, оның сапасын, үйдiң сыртқы ортасын (инженерлiк инфрақұрылымын, аумақты көркейту мен көгалдандыруды, үйдiң маңайында гараждар мен автомобиль тұрақтарының болуын немесе жоқтығын және басқаларды) көздейтiн жаңа технологияларға байланысты Астанада тұрғын үй жағдайларының стандарттарын белгiлейтiн нормативтiк актiлерге түзету енгiзу;
      тұрғын үй сатып алуға арналған ұзақ мерзiмдi ипотекалық кредит беру және тұрғын үй салушыларға кредит беру тетiктерiн жетiлдiру;
      сериялардың бiрiншi үлгiлерiнде жаппай салынған тұрғын үй ғимараттарын жаңғырту бағдарламасын әзiрлеу әрi iске асыру;
      әлеуметтiк жалдау шарты бойынша тұрғын үй алуға құқығы бар халықтың санаттары үшiн әлеуметтiк пайдаланылатын тұрғын үй қорын қалыптастыру болып табылады.

2. Экологиялық инфрақұрылым

      Экологиялық қауiпсiздiк мынадай қағидаттарды сақтай отырып, қамтамасыз етiледi:
      қоршаған ортаны қорғау қазiргi және болашақ ұрпақтың қажеттілiктерiн әдiлеттi қанағаттандыруын қамтамасыз етуге тиiс;
      адамдар табиғатпен үйлесiмдi бола тұра салауатты және жемiстi тұрмысқа құқығы бар;
      өңiрдiң экологиялық жүйесiнiң жақсы жай-күйi мен тұтастығын сақтау, қорғау және қалпына келтiру мақсатта халықаралық ынтымақтастықты орнату.

2.1. Астана қаласының экологиялық инфрақұрылымының
күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiндiктерi мен шектейтiн
факторларын талдау

      Кестеде ұсынылған талдау Астана қаласының жергiлiктi өкiлдiк органдары мен ұйымдары берген статистикалық деректердiң, ақпараттың, жұртшылықпен жобаны талқылау нәтижелерiнiң негiзiнде жүргiзiлдi.

                                                           3-кесте

      Астана қаласының экологиялық инфрақұрылымының
      күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен
                  шектейтін факторлары

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Экзогендік процестерге - көшкіндерге, терең эрозияға кедергі жасайтын жазық жер бедері

Топырақтың сортаңдануы және осыған байланысты көгалдандыру іс-шараларын жүргізген кезде туындайтын қиындықтар

Нормативтік мәндерден аспайтын төменгі табиғи радиациялық ая

Қаланың жер бетіндегі сарқынды судың едәуір бөлігін кәріздейтін Сары Бұлақ өзенінің ластануы

Зиянды өндіріс пен шикізат кәсіпорындардың болмауы

Астана қаласының топырағына бейім келетін жасыл желектердің шектелген тұқым құрамы

Соңғы жылдары қарқынды көгалдандыру, қорғайтын екпе ағаштарының өсуі

Экологиялық, атап айтқанда ішкі аула көгалдандыру нормативтерімен жекелеген ғимараттардың қала салу жобалауындағы келіспеушілік

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы білікті эколог-кадрлардың болуы

Өнеркәсіптік өндірістердің табиғат қорғау жарақтануының төмен деңгейі

Қоқыстарды қайта өңдеу жөнінде әртурлі отандық жобалардың болуы (мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті ғалымдарының жобалары)

Қайта жаңартылған және дәстүрлі емес энергия көздерін қолдану жөнінде практиканың болмауы

Экологиялық мән-жайы туралы халықтың жеткіліксіз ақпараттануы

Қалдықтарды реттеу жөнінде жүйенің, оларды қайта өндіру жөнінде зауыттың болмауы

Қоқыс үйіндісіне шығарылатын қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік беретін қайта өңдеуге жататын және жатпайтын қалдықтарды бөлу бойынша бағдарламаның болмауы 

Қауіпті қалдықтар үшін арнайы бөлінген орынның болмауы

Қалдықтар полигоны қолданысының шектеулі мерзімі, санкция берілмеген үйінділердің болуы

Мүмкіндіктер

Шектейтін факторлар

Халықты қоғамдық және мемлекеттік табиғат қорғау кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың жұмыстарына белсенді тарту

Автокөлігі санының көбеюінен атмосфералық ауаның ластануы

Экологиялық проблемаларды шешу кезінде жаңа технологияларды пайдалану

Қоқыс үйіндісі аумағының ұлғаюы, ол астананың сыртқы келбетіне және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қолайсыз әсер етеді

Экологиялық тәрбие мен білімді дамыту

Одан әрі пайдалануы мүмкін органикалық материалдарды алуға мүмкіндік беретін қалдықтарды қайта өңдеу. Отандық мамандардың жобаларын іске асыру

Энергия өндіру үшін сарқынды суды қатты қалдықтардың органикалық бөлінумен араластыру мүмкіндігін зерттеу

Қалдықтарды қайта өңдеу саласында жаңа жұмыс орындарын жасау

Халықты қалдықтарды қайталап қайта өңдеу мәселелері бойынша ақпарат беру

  

 

4-бокс. Орнықты экологияны қамтамасыз етудің
халықаралық тәжірибесі
      Халықаралық тәжірибеде»"қала өмірінен түңілу" ұғымы қолданылады, ол қалалардағы қоршаған орта сапасының нашарлауына алып келетін факторлардың жиынтығы деп ұғынылады. Қала өмірінен түңілудің туындауына себепші болатын негізгі факторлар:
      қаланың құрылымы, қала халқының тығыздығы және, тиісінше, адамдар мен инфрақұрылымдардың топтасуының жоғарылығы;
      осы процеске байланысты қала қызметінің жекелеген түрлерін орталықтан қоғамдық көлік желілерінен аулақтатылған қала шеттеріне араластыру, жеке көлікке аса қажетсінуді туындатуы;
      қала тұрғындарының жұмылдырушылығы мен өмір салты болып табылады.
      Қалалардағы денсаулық сақтаудың сапасы жалпы бірқатар факторлардың өзара іс-қимылымен айқындалады, оны жақсартуға қалалық шаруашылықтар мен инфрақұрылымдарды аса орнықты жоспарлаудың есебінен ғана қол жеткізуге болады. Халықаралық тәжірибе қаланы дамытудың экономикалық және әлеуметтік аспектілерін жоспарлай отырып, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін интеграциялау қажеттігі туралы куәландырады. Әлемдік тәжірибеде мынадай жұмыс қағидаттары:
      технологияларды ұтымды бөлу, жетілдіру, жаңартылған энергия көздерін қолдану есебінен суды, энергия мен материалдарды тұтынуды азайту;
      қала инфрақұрылымдары объектілерін пайдалану орындарына, сондай-ақ жасыл аумақтардың орналасуын ескере отырып оңтайлы орналастыру мен қол жеткізу, көлік жолдарының жақындығы қағидаты бойынша шоғырландыру;
      қоғамдық көлікті дамыту мен насихаттау, жаяу жүргіншілер мен шайтан арба жолдарын жасау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік дәрежесін арттыру басшылыққа алынады.
      Әлемнің дамыған елдерінде және ірі қалаларында экологиялық проблемаларды шешу үшін тәртіп бойынша, экономикалық құралдар қолданылады.
      Мысалы, Еуропаның бірқатар елдері ЕО қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссиясын қолдау кезінде экологиялық қайта құрылымдау бағдарламаларын іске асыруға кірісті. Атап айтқанда, салық жүктемесінің ауыртпалығын салықтардан (табыс салығы, әлеуметтік қамтамасыз ету қорына аударым) қызметтің экологиялық зиянды түрлеріндегі еңбекке ауыстыру ұйғарылып отыр.
      Қалдықтарды 1996 жылы енгізілген полигондарға көмуге арналған британ салығы мысалдардың бірі болып табылады. Оны енгізумен бір мезгілде әлеуметтік қамтамасыз ету қорына аударымдар ставкасы 0,2 %-ға қысқартылды.
      Қазіргі уақытта ЕО Комиссиясы материалдарды жинау, өңдеу, қалпына келтіру және мұндай қалдықтарды көму үшін пысықталған өнімді міндетті түрде қабылдау жүйесін жасауды көздейтін электрлік және электрондық қалдықтар бойынша жаңа директива әзірленіп жатыр.
      Қалдықтармен жұмыс істеу саласында негізгі міндеттерді орындауда көмек көрсету үшін (қалдықтар көлемін қысқарту және көмілген тұрмыстық қалдықтардан оларды өңдеуге, қайталап пайдалануға немесе энергия алу үшін қолдануға ауыстыру) көбінесе Еуропа елдерінде қалдықтарға арнайы салық енгізілген. Әртүрлі қалдықтар үлгілеріне әртүрлі салықтар деңгейі қолданылады; ставкаларды саралау қалдықтарды жою нысанына байланысты жүргізіледі (Дания, Фландрия).
      Қоршаған ортаны ластаушыларға немесе табиғи ресурстарды пайдаланушыларға әлемдік тәжірибеде қолданылатын қаржылық көмек нысандарының бірі мемлекеттік субсидиялау болып табылады. Бірақ, субсидиялау, егер алынған тиімділік мемлекет шығыстарынан жоғары болған жағдайда ғана, қолданылуға тиіс. Мысалы, субсидия:
      жаңа технологияларды өнеркәсіптік игерудегі кедергілерді еңсеруге мүмкіндік берсе;
      энергияның жаңартылған көздерін енгізуге жәрдемдессе қолданылуға тиіс.
      Көптеген ірі қалаларда қалдықтарды жоюдың негізгі проблемаларының бірі -«"өндірушінің жауапкершілігі" қағидаты арқылы шешіледі, осыған сәйкес өндіруші шығарылған өнімді тұтынудың бумалары мен қалдықтарын жоюдың экологиялық қауіпсіздігіне жауап береді. Мысалы, Германияда өнеркәсіп кәсіпорны буып-түйілген қалдықтарды жою үшін міндетті түрде жауап береді. Франция қалаларының өкіметі қалдықтарды жинау үшін жауап береді, қайталама шикізат түрлерін өңдеу жөніндегі міндет өнеркәсіп кәсіпорынға жүктелген. Ұлыбританияда буып-түю материалдарын жоюға жұмсалған шығыстар мынадай түрде: бөлшек сауда шығысы - 47 %, буып-түйетін кәсіпорын - 36 %, өңдеуші фирмалар - 11 %, шикізат өндірушілер - 6 % өндірістік-сауда тізбегінің барлық буындарының арасында бөлінген.

2.2. Астана қаласының орнықты экологиялық инфрақұрылымын
қамтамасыз ету жөнiндегi стратегиялық мiндеттер

      Қала ортасының маңызды элементi қаланың экологиялық инфрақұрылымы болуға тиiс, олар көгалдандыру жүйесiн, адамдардың тыныс-тiршілiгiне қолайлы аймақтар мен аумақтарды қамтиды. Экологиялық инфрақұрылым сыртқы орталардың метрологиялық жағдайларын, сәулет-қала құрылысы дизайнiн және қаланың табиғи-ландшафтық каркасын түзетудi ескере отырып құрылған қалалық қоныстану құрылымдарын көлемдiк-жоспарлы ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етiледi.
      Астананы қаладағы ағымдағы экологиялық жағдайды ескере отырып, дамытудың стратегиялық мiндет: қалдықтарды азайту және өңдеу болып табылады.

       Қалдықтарды азайту және қайта өңдеу

      Астанада қалдықтарды басқару жүйесi енгiзiлетiн болады, ол мынадай кезеңдердi: қалдықтар көлемiнiң қысқаруын, өңдеудi, қайталап пайдалану мен көмудi көздейдi.
      Қалдықтардың көлемiн қысқарту олардың қайталап пайдаланылуы, өңдеу мен көму жөнiндегi бастамаларды қолдауды, ресурстарды тиiмдi пайдалануды ынталандыруды көздейтiн, қалдықтарды кәдеге жарату бағдарламасы қоршаған орта үшiн жағымсыз салдарларды жұмсарту кезiнде қала экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi. Бағдарламаны енгiзу нәтижесi қоқыстар үйiндiсiне әкетiлетiн қалдықтардың көлемiн қысқарту, шамамен 2010 жылы 15 % және 2030 жылы 80 % болуға тиiс.
      Қаланың табиғат қорғау қызметiн тұрақтандыру мен ұдайы жақсарту және экологиялық қауiпсiздiгiн стратегиялық қамтамасыз ету үшiн:
      тұрғындар мен қала кәсiпорындары басшыларының табиғат қорғау және табиғатты пайдалану, ластанудың жекелеген көрсеткiштерiн төмендету, қоршаған орта мен мекендеу ортасының жай-күйiн, әлеуметтiк, экономикалық, экологиялық және гигиеналық мониторингiнiң ақпараттық-талдау жүйелерiн пайдалана отырып, басқару саласындағы дiлiн өзгерту үшiн жағдай жасау;
      көлiк құралдарының экологиялық қауiпсiздiгi жөнiнде шаралардың қалалық кешендi бағдарламасын жаңарту, оның iшiнде экологиялық талаптарға жауап бермейтiн автокөлiктi қала аумағында пайдалануға тыйым салуды кезең-кезеңмен енгiзу, катализаторларды енгiзу iстен шыққан автомобиль газдарын бейтараптандырғышты пайдалану, қаладағы экологиялық жағдайды ескере отырып көлiк нөмiрiн ретке келтiру схемасын жасау үшiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу;
      ғылымды қажетсiнетiн және ресурстар жинақтаушы технологиялар, экологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес жаңа өндiрiстердi орналастыру негізiнде өндірiстiк саланы қайта ұйымдастыруды ынталандыру;
      қалалық су қабылдағышты тиiмдi санитарлық қорғауды қамтамасыз ету, артезиан ұңғымаларынан алынатын сумен қамтамасыз етудiң қосарланушы жүйесiн дамыту, қаланың су қабылдағыштарына кезең-кезеңмен қайта құрылымдау жүргiзу;
      ұдайы өндiрiстi сақтау, кеңейту және бiрыңғай сiлем ретiнде және қаланың табиғат каркасы негізiнде, тынысжай аймағы мен демалу аймақтарын бөле және жабдықтай отырып қалаға iргелес жатқан аумақтардың сапасын жақсарту;
      кәсiпорындардың тастамаларға арналған квоталар рыногына белсендi шығуына жету;
      қаланың сол жағалауының су басуын болдырмау жөнiнде құрылыстарды орнатуды қамтамасыз ету;
      жер бетiндегi су ресурстарының сапасын және Есiл өзенiнiң эстетикалық бейнесiн жақсартуға бағытталған iс-шаралар жоспарын әзiрлеу;
      Астана қаласының өзендерiне ластануды, қоқыстануды және Есiл өзенi мен оның жылғаларының тартылуына жол бермеу мақсатында су қорғау аймақтары мен белдеу орнатуды, жануарлар мен өсiмдiк әлемi мекендейтiн су айдындарының объектiлерi ортасын сақтауды, сондай-ақ су қорғайтын аймақты немесе белдеудi (автомашиналарды жууға тыйым салатын белгiлер, сондай-ақ автотұрақтар, суға шомылу орындар және т.б. қондырғыларына жол бермейтiн белгiлер орнату) шаруашылықта пайдаланудың арнайы режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
      халықтың экологиялық мәдени-ағарту орталығын құру қажет.
      Осы мiндеттi шешу Астана қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында және Астана қаласын көгалдандырудың 2030 жылға дейiнгi кешендi схемасында көзделген қала iшiнде жасыл желек алаңдары мен парк аймақтарын одан әрi көбейту болжанып отыр.
      Әкiмдiк қаланың кәсiпорындарында улы шикiзаттарды жоюға, аяқтағанға дейiн тастамалар мен қалдықтардың барлық түрлерiнiң көлемiн және улылығын азайтуға бағытталған "аса таза өндiрiс" стратегиясын мониторинг жүйесi мен әртүрлi ынталандырулар арқылы енгiзудi қолдайтын болады. Сарапшылардың бағалары, "аса таза өндiрiс" стратегиясын кәсiпорындардың қолдану нәтижелерi бойынша:
      шикiзатты, электр энергиясын, суды тұтыну қысқаратын;
      қалдықтар азаятын;
      кәсiпорын қаражаттары үнемделетiн;
      қаланың аудандарында экологиялық жағдай жақсаратын болады.
      Аса таза өндiрiс негiзiне технологияларды жетiлдiру, бiлiм мен бiлiктiлiктi арттыру жатады.
      Сондай-ақ Астанада табиғатты қорғау iс-шараларының қалалық жоспарлау мен қаржыландыруды, халықаралық қаржы ұйымдары қолданатын әдiснамаларды ескере отырып жетiлдiру тетiгi әзiрленетiн болады.

3. Инженерлiк инфрақұрылым

3.1. Астана қаласының инженерлiк инфрақұрылымын
дамытудың күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiндiктерi мен
шектейтiн факторларды талдау

      Қала кәсiпорындарының ақпараттары мен статистикалық деректерiнiң негiзiнде жүргiзiлген инженерлiк инфрақұрылымды дамытудың әлсiз және күштi жақтарын, мүмкiндiктерi мен шектейтiн факторларды талдау 4-кестеде келтiрiлген.

                                                          4-кесте

     Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамытудың
    күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен шектейтін
                      факторлары

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Қала аудандарын сумен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамтудың жоғары пайызы

Коммуналдық қызметтердің техникалық ысырабының жоғары дәрежесі.

Тұтынушыларды жылу және электрмен жабдықтаудың орталықтандырылған аралас жүйесінің қызметтерімен қамтудың жоғары пайызы (90 %-дан астам)

Қалалық су кәрізі жүйелерінің, электр және жылу желілерінің, газ таратушы жабдықтардың жоғары тозу дәрежесі. Оларды жаңарту мен жаңғыртуға бағытталған инвестициялар көлемінің жеткіліксіздігі

Кәсіпорын қаражаттарының есебінен де, мемлекеттік бюджет қаражаттарының есебінен де жылу-энергетика кешенін дамыту мен жаңартуға инвестициялар салу

Қаланың энергияға деген қажетінің өсуінің шапшаң қарқыны кезіндегі ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 өндіретін қуаттардың шектеулілігі және жылу мен электр желілерінің өткізгіш қабілеті

Жылу және электр энергиясымен, аса сыйымды сұйытылған газбен жабдықтауда елеулі іркілістердің жоқтығы

Қаланың жаңа аудандарындағы орталық жылу және электрмен жабдықтау, инженерлік коммуникациялар жүйелерінің жеткіліксіз дамуы

Газ таратушы қондырғылар мен газ құбырларының айтарлықтай дамыған желісі (ұзындығы 126 шақырым)

Топырақтардың құнарлылығы мен лай судың жоғары деңгейі жер асты труба құбырларының қызметін едәуір қысқартады

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау, тасқынды кәріз жүйелерін дамытудың қолданыстағы бағдарламаларының болуы

Күрделі топырақ жағдайларында және жер бетінде труба құбырларын төсеу қаланың сәнін бұзады

Білікті инженер кадрларының болуы

Талдыкөл сарқынды суларды жинаудың шектеулі қуаты

Жеткізіп берушілерде тиісті техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда газды тұтынудың орнықты өсуінің перспективасы

Суларды қайта өңдеу және қайталап пайдалану үшін жағдайлардың болмауы

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтерді есепке алу құралдарымен жарақтануы мен халықтың оларды тиімді тұтынуға көшуін орнықты арттыру

Тасқынды кәріз жүйесінің жеткіліксіз қуаты

Табиғи газды қалаға тасымалдауды және жеткізіп беруді қамтамасыз ететін газ құбырының болмауы

Сұйытылған газ құнының табиғи газ құнымен салыстырғанда қымбат болуы

Көп қабатты үйлерде жекелеген тұтынушылардың баллондағы сұйытылған газды пайдалануы өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейді

Мүмкіндіктер

Шектейтін факторлар

Жылумен жабдықтаудың аудандық жүйелерін пайдалану, жылудың осы заманғы әдістеріне көшу және отынның жоғары сапалы түрлерін пайдалану арқылы ауаның сапасын арттыру

Жылу және электр желілерінің техникалық жағдайы, жабдықтың өте тозу деңгейі, негізгі құралдарды толыққанды жаңарту мүмкіндіктерін қамтамасыз етпейтін, қаланың энергия жүйесінің сенімділігіне кері әсер ететін, соның салдарынан қаланың жылу және электр желілеріндегі авариялар санының көбеюіне алып келетін тарифтердің төмен деңгейі

Сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің сапасын арттыру және жетілдіру

Қаланың шапшаң өсуі су таратушы жүйелердің қуатын арттырады

Панельден тұрғызылған үйлерді жылытудың, оқшаулаудың, аса тиімді жарық беру және ескі үйлердің техникалық жағдайларын жақсартудың есебінен энергия тұтынуды қысқарту. Телекоммуникациялық телеқұрылымның өнімділігін (қуатын) арттыру

Суды үнемдеудің тиімді бағдарламасының, судың нормадан тыс ысырабын сақтау не көбейту, тұтынушылардың есепке алу құралдарымен жарақтануының төмен деңгейі жағдайларында су тұтынудың одан әрі өсуі сумен жабдықтаудың тапшылығына астананы сумен жабдықтаудың іркілісіне алып келуі мүмкін.

Өте таза энергия көзіне, байытылған көмірге, газға көшу

Орталықтан сумен жабдықтаумен және кәрізбен қамтылмаған және су тазарту қондырғыларымен қамтамасыз етілмеген қала аудандарында санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайдың нашарлауы

Сорабтық станциялардың жұмысын қамтамасыз етуге арналған қайта жаңартылған энергия көздерін пайдалану

Инженерлік инфрақұрылымның даму қарқынының құрылыс қарқынынан артта қалуы

Қалдықтар есебінен энергия өндіру және сарқынды суларды, астықтан алынған биомассаларды өңдеу жолымен энергия алу жөніндегі қуаттарды кеңейту мүмкіндігі, суландыру және әжетханаларды толтыру үшін жаңбыр суларын пайдалану

Қолданыстағы газ тарату оның тозуы салдарынан сұйытылған газдың шығуына байланысты төтенше жағдайлар туындауының әлеуетті қауіптілігі

Энергиямен жабдықтау жүйесін әртараптандыру және орталықтандыру мүмкіндігі

Орталықтандырылмаған жүйелерді енгізудің нәтижесінде кәсіпорынды энергиямен жабдықтау жүйесі рентабельділігінің төмендеуі

Жылу және электр энергиясын өндіруге сумен жабдықтауға, кәрізге байланысты нақты экономикалық шығындарды айкындаудың әдістемесін әзірлеу

Қаланы газдандыру (қолда бар, бірақ жұмыс істемейтін мұнай құбырын газ құбырына қайта жабдықтау кезінде табиғи газды қалаға дейін жеткізу) мүмкіндігі

Жылу және электр энергиясын өндіруден сұйытылған не табиғи газды пайдалануға толық немесе ішінара көшкен жағдайда қаладағы экологиялық жағдай едәуір жақсарады

       

 5-бокс. Халықаралық тәжірибе
      Қаланың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы дамыған елдерде экологиялық жағынан таза технологияға, қайтадан жаңартылған ресурстарды пайдалануға, күн қуаты мен күндізгі жарықты барынша мол алу мүмкіндігін көздейтін энергияға, суға, үй-жайлар мен ғимараттардың дизайніне сұраныс пен тұтынуды қысқартуға көшу белсенді түрде жүзеге асырылатынын көрсетеді.
      Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланды, Швеция тәрізді Еуропа елдерінде энергия көздерін орталықсыздандыру бағдарламасы әзірленген және өмірге енгізіліп отыр. Мысалы, Цюрихада 1997 жылдан бері күн қуатының биржасы жұмыс істеп келеді. Цюриха электр станциясының клиенттері күн қуатын электр қуатының орнына пайдалана алады. Халықтың тарапынан үлкен сұраныстың болуына орай осы биржаның жұмыс істей бастағанынан бері алғашқы 2 жылда жылдық қуаты 365 мың квт.сағ. дейінгі 16 жаңа күн қондырғыларын орнату мүмкіндігі болды. Цюрих электр станциясы жеткізіп берушілер мен клиенттер арасындағы белсенді делдалдық рөлді өзіне алды. Ол күн қуатын сатып алады және оны клиенттерге қосымша баға қоймастан барлық жеткізілімдерді аралас баға бойынша сатады. Күн қуатын жеткізіп берушілер өз қалауы бойынша оларды қаланың шетіне құрылысы салынып біткен алаңдарда өздерінің құрылғыларын орнатады және пайдаланады. Электр станциясы күн қуатын орнықты баға бойынша өткізуге 20 жыл мерзімге кепілдік береді.
      Ұлыбритания мен Канадада бүгінде 10 %-нан астамы қайта жаңартылған ресурстар мен жаңа технологияларды пайдалану есебінен ендіріледі.

3.2. Астана қаласының орнықты инженерлiк инфрақұрылымын
қамтамасыз ету жөнiндегi стратегиялық мiндеттер

      Халық өмiрiнiң жоғары сапасын қамтамасыз ететiн, әлемдiк стандарттар мен халық пен астана экономикасының барабар өсуiне жауап беретiн қаланың инженерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру үшiн ұзақ мерзiмдi перспективада шешуге қажеттi мынадай стратегиялық мiндет: жаңа технологиялар мен қайта жаңартылған ресурстардың коммуналдық жүйелерiн пайдалану қалыптастырылады.

Жаңа технологиялар мен қайта жаңартылған ресурстардың
коммуналдық жүйелерiн пайдалану

      Қаланың экологиялық жүйесiне ықпал ететiн қағидатқа негiзделген қаланы орнықты дамыту, бiр жағынан, суды, жылуды және электр энергиясын үнемдi жұмсауды қажет ететiн жаңа технологияларды пайдалануды, екiншi жағынан, тұрғындарда әдетке сәйкес келетiн "орнықты" ойлау салтын (мысалы, үйдегi қалдықтарды, оларды қайталап пайдалану үшiн сұрыптау; сулар мен электр энергиясын және т.б. үнемдеу мақсатында шамдар мен басқа құралдарды сөндiру) қалыптастыруды көздейдi.
      Халықаралық нормаларға сәйкес судың қауiпсiздiк өлшемдерiн айқындайтын техникалық регламенттер мен жай уақытта және дағдарысты жағдайлар уақыты бойынша басқа да шаралар қабылдау арқылы судың өңделген және тазартылған сапасына жету үшiн жаңа технологияларды енгiзуге ынталандыратын болады.
      Су мен жылуды үнемдеп жұмсауға жәрдемдесетiн коммуналдық қызметтерге тариф түзу әдiснамасы енгiзiлетiн болады. Бұл қала халқының 2005 жылы бiр күнде 220-240 литр су пайдалануды бағалау жөнiнде 2030 жылы 50 % қысқартуға мүмкiндiк бередi.
      Кәрiз жүйесiне алдағы уақыттағы көзқарас қаланың барлық аудандарында лас суларды кейiннен тазалай және ластанбаған суды экологиялық жағынан қолайлы пайдалана отырып, ластанған және ластанбаған суды жеке құюға негiзделедi. Қаланың су кәрiзi жүйесiнiң сапасын арттыру үшiн өңделген сумен жабдықтау және халықаралық нормативтерге сәйкес тазарту жөнiндегi осы заманғы технологиялар енгiзiлетiн болады. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2030 жылы 30 %-ға жуық сарқынды суларды метандық ашыту немесе экологиялық құптауға болатын процесс тәсiлiмен шығару үшiн пайдаланылады. Бұл шаралар бүкiл қаланы кәрiз жүйесiне қосып қана қоймай, Астананың тыныс-тiршiлiгi жоғары сапалы, экологиялық жағынан таза озық қала болуына мүмкiндiк бередi.
      Қаланың орнықты дамуы электр және жылумен жабдықтаудың тиiмдiлiгi мен сенiмдiлiгiн арттыру, өндiрiстен бастап энергия мен жылуды өндiруге дейiн барлық сатыларда шығындармен оңтайлы басқару, жылу мен электр энергиясының және қызмет көрсету сапасының ысырабын азайту үшiн экономикалық стимулдар жасау ұйғарылып отыр. Астанаға көпқабатты үйлер салу, қаланың жылу-электр энергиясын тұтынудың ұйғарынды өсу үрдiсi ЖЭО-да электр және жылу қуатын аралас шығару, сондай-ақ энергияның баламалы көздерiн пайдалану негiзiнде орталықтандырылған сумен жабдықтаудың қалыптасқан жүйесiн одан әрi дамыту үшiн объективтi алғышарт жасайды.
      Қаланың тұтынушыларына табиғи газды да, сұйытылған газды да жеткiзудiң кең көлемдi схемаларының мүмкiндiгi зерделенетiн болады, ол қалалық ЖЭО мен жоғарызольдық көмiрмен жанатын қазандықты табиғи газға көшiру көмiрқышқыл газының жыл сайынғы тастандысын (мөлшермен 1,2 млн. т.) едәуiр азайтуға мүмкiндiк бередi.
      Суды, энергия мен жылу көздерiн:
      жаңа технологияларды енгiзудiң;
      өндiрiстен бастап энергия мен жылуды өндiруге дейiн барлық сатыларда шығындармен оңтайлы басқару,
      жылу мен электр энергиясының және қызмет көрсету сапасының ысырабын азайту үшiн экономикалық стимулдар жасау,
      тұтынушыларға есепке алу құралдарын орнату,
      электр энергиясы мен басқа да шығыстарды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн енгiзудiң есебiнен ұтымды пайдалану ұйғарылып отыр.
      Шет елде әзiрленген технологияның, жел және күн қуатын  пайдалануды, энергиямен жабдықтаудың қазiргi бар орталықтандырылған жүйелерiнiң жаңа жүйелермен оңтайлы үйлесуiнiң негiзiнде ескере отырып, үй-жайларды жобалау мүмкiндігін зерделенетiн болады. Халық арасында насихат жүргiзу мен оларды хабардар ету мақсатында арнайы демонстрациялық жобалар ұйымдастырылатын болады. Мысалы, электр, жылу және таза су шығаратын жергіліктi материалдарды, жылу батареяларын пайдалана отырып, жаңа технологиялармен өндiрiлген жел турбиналарының есебiнен суды жылыту демонстрациясы.
      Қала әкiмдiгiнiң инженерлiк инфрақұрылымды басқару жөнiндегi жұмысының Стратегиялық бағыты ресурсты сақтау саясатын ынталандыру болып табылады, ол өндiрушiлер мен тұтынушылар үшiн тартымды және экономикалық пайдалану, ресурсты сақтау бойынша жұмыс iстеуден тұрады.
      Инженерлiк инфрақұрылым қызметтерiн көрсететiн компаниялардың қызметiн бағалау үшiн YЕҰ мен жұртшылықты тарта отырып орнықты дамыту индикаторларының жүйесi бойынша iс-шараларды iске асырудың сапасын мониторингiлеу мен бақылау жүзеге асырылатын болады.

4. Көлiктiк инфрақұрылым

      Көлiк қала дамуының барлық аспектiлерiн, қоршаған ортаның сапасын, арнаулы мәселелердi, қызметтердi қол жетiмдiлiктi қоса, қозғайды Көлiктiк орнықтылық:
      көлiк секторы тұтынатын отынның сапасын азайтуды және көмiрқышқыл газын атмосфераға тастау көлемiн қысқартуды;
      жекеше автокөлiкті пайдаланудағы қажеттiлiктi азайтуға бағытталған қалалық аудандарды жоспарлауды;
      өздерiнде жекеше автокөлiктерi жоқ (зейнеткерлер, мүмкiндiктерi шектеулi адамдар, табыстарының мөлшерi аз халық және т.б.) халықтың жекелеген санаттарына қызмет көрсететiн көлiктiң болуын;
      адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiрмейтiн шектерде зиянды тастандылар деңгейiн қамтамасыз ететiн экологиялық жағынан таза көлiктi пайдалануды ұйғарады.

4.1. Астана қаласының көлiк жүйесiн дамытудың
күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiндiктерi
мен шектейтiн факторларын талдау

      SWOC-талдау нәтижелерi статистика жөнiндегi органдардың сауалнама деректерiнiң, мамандардың талқылауларының және мемлекеттiк органдардың ақпаратының негізiнде тұжырымдалған.

                                                            5-кесте

   Астана қаласының көлік жүйесін дамытудың күшті және әлсіз
        жақтары, мүмкіндіктері мен шектейтін факторлары

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Салыстырмалы түрдегі тығыздығы жоғары және қаланың ескі бөлігінде жинақы құрылыс салу

Жолаушылар көлігінің едәуір бөлігінің тозуы

Қоғамдық көліктің жүйелерін жаңғырту жөнінде жұмыстар жүргізу

Халықаралық талаптарға жауап бермейтін автожолдардың техникалық деңгейінің төмендігі

Қоғамдық көліктегі жол жүрудің салыстырмалы құнының төмендігі

Ауаның машинадан шығатын газбен ластануы, автокөліктен болатын шу деңгейінің жоғарылығы

Көлік жүйесін дамытуға мемлекеттік инвестиция салу мүмкіндігінің болуы

Қоғамдық көліктің әлсіз бағытталуы, қарбалас сағаттарда автобустардың адамға толы болуы

Қаланың ескі бөлігінде жаяу жүргіншілердің серуендеуіне арнап жасалған әдемі, жасыл желектермен жиектелген көшелердің болуы

Тасымалдаушы мамандардың көлікті орнықты дамыту мәселелерінде әлсіз хабардарлығы

Қала орталығында қоғамдық көлік үшін қол жетімді жұмысқа орналасудың жаңа орындарын шоғырландыру

Жаңадан құрылыс салынып жатқан аудандарда серуендерге қолайсыз (жасыл желектердің болмауы, желден қорғалмаған аумақтар) жағдайлар

Мүмкіндіктер

Шектейтін факторлар

Жол кептемелерінің алдын алу мақсатында қоғамдық көліктің қозғалысы үшін жолды жолақтармен бөлу

Экономикалық өсу қарқыны мен халық санының көбеюі тиісті инфрақұрылымдарды жоспарлау және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шарадан асып түседі

Жоғары сапалы және тиімді қоғамдық көлік, бағыттық жүйені оңтайландыру, қоғамдық көліктің баламалы түрлерін енгізу

Жекеше автокөліктер санының, көліктік»"кептемелердің" өсуі, тұраққа арналған аумақтардың жоқтығы, жерді тиімсіз бөлу

Бұрылыстарда көліктің іркілуін қысқартуға мүмкіндік беретін жол қозғалысын реттеудің осы заманғы техникалық құралдарын енгізу

Магистральдар құрылысына инвестицияланған бюджет қаражаттарын тиімді жұмсаудың жеткіліксіздігі

 

6-бокс. Халықаралық тәжірибе
      Таңдаулы халықаралық тәжірибені талдау әлемнің көптеген ірі қалаларында жеңіл автомобильдердің қозғалысы мен тұрағы үшін қала аумағының жетіспеушілігі байқалатындығын және қоғамдық көліктің тиімді жүйесін қамтамасыз ету проблемасының бар екенін көрсетеді. Бір жолаушы-шақырымға автомобильге мөлшермен қоғамдық көлікке жаяу жүргіншілермен салыстырғанда 7 есе көп кеңістік талап етіледі.
      Батыс еуропа қалаларында қозғалыстың»"орнықты" тәсілдерімен (жаяу, шайтан арбамен, қоғамдық көлікпен) жүріп өткен қашықтық қалалардың өз өлшемдеріне сай келеді. Қала үлкен болған сайын оның орталығына жекеше көлікпен жету күрделірек және машина қою үшін бос орын табу одан да күрделі.
      Баламалы көліктің жоғары коэффициентті түрлерімен қамтамасыз етілген, бастапқыда интенсивті көлік қозғалысына ыңғайланбаған автомобиль жолы тұрақтары мен оның құрылысының сапасы шектелген жекеменшік автокөлік рөлінің төмендігі байқалады. Осыған ұқсас алаңы бойынша Астананы, Цюрих (Швейцария), Стокгольм (Швеция), Болонья (Италия) және Амстердам (Нидерланды) қалаларымен салыстыруға болады. Бұл қалаларға өздерінің мысалдары бойынша интенсивті басқаруға және бақылауға жататын жол қозғалысын демонстрациялаудың сәті түсті.
      Әлемдік тәжірибеде қозғалысты шектеудің үш негізгі тәсілі пайдаланылады:
      қозғалыстың интенсивтілігін жеке өлшемдермен реттелетін (жолдарды жабу, тұруға тыйым салу) шектеу;
      көліктің қозғалысын шектейтін, бірақ тыйым салынбаған шараларды (тұрақ үшін ақы төлеу, өткені үшін баж өндіріп алу, автобустардың қозғалысы үшін жолдың жолағын бөлу) пайдалану;
      жекеше автокөлікке сұранысты азайтуға бағытталған шараларды (көлік құралдарының иелерінен алымдар мен өндіріп алу, сондай-ақ тиімді қоғамдық көлікті инвестициялау арқылы) пайдалану.
      Автомобиль көлігіне деген қажеттілікке бағдарланған жоспарлау едәуір жер ресусртарын пайдалану мен аумақтарды кеңейтуді, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз етуге байланысты жоғары құрылыстық және пайдалану шығыстарын көздейді. Жоғары сапалы қоғамдық көлік қозғалысын енгізу мақсатында, бастапқыда тек автомобиль қозғалысына ғана арналған қаланың аудандары мен көшелерін қайта жоспарлау - аса қымбат тұратын және автомобиль қозғалысын шектеудің негізгі тәсілдерін қолданумен салыстырғанда (мысалы, Калифорния (США) штатының қаласы) трафигінің интенсивтілігін басқару проблемасын шешудің тиімді іс-шарасы жеткіліксіз.

4.2. Астана қаласының тиiмдi көлiктiк инфрақұрылымын
қамтамасыз ету жөнiндегi стратегиялық мiндеттер

      Қаланы орнықты түрде дамытудың "Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты жұмыс iстейтiн инфрақұрылымды ұстаудың" стратегиялық мақсатына жету: қоғамдық көлiк пен жаяу жүргiншi қозғалысын дамытудың стратегиялық мiндетiнiң шешiмiмен қамтамасыз етiлетiн болады.

      Қоғамдық көлiк пен жаяу жүргiншi қозғалысын дамыту

      Осы мiндеттi шешу Астана қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында көзделген бiрқатар iс-шараларды iске асыруға жәрдемдесетiн болады. Атап айтқанда, қала шетiндегi жолаушылар көлiгiнiң баламалы түрлерiн енгiзу мен дамыту, яғни, жеңiлдетiлген үлгiдегi қоғамдық көлiктің рельстiк жүйесiн салу.
      Бұл ретте, мемлекеттiк бағдарламаның көлiктiк айырымдар мен басқа ғимараттардың құрылысы бөлiгiнде мақсаттарға жеткеннен кейiн қоғамдық көлiктiң, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыруды инвестициялауға, оның iшiнде мүмкiндiктерi шектеулi адамдарды, жасы ұлғайған азаматтарды тасымалдауға қажеттi құрылғылармен жарақтандырылған автобустардың, троллейбустардың жаңа түрлерiн сатып алуға басымдықты маңыз берiлетiнiн атап өткен жөн.
      Қала халқы өмiрiнiң қауiпсiздiгiн, көлiктiң экологиялық талаптарын күшейту, кәрi адамдар мен мүгедектердiң жүрiп-тұруын жеңiлдету, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру стандарттарының есебiнен қозғалыстың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн арттыру, энергия тұтыну мен жағымсыз экологиялық әсерлердi қысқарту мақсатында қоғамдық көлiктi, автопарктер мен қоғамдық көлiктiң бағыттарын жаңарту және жаңғырту ынталандырылатын болады.
      Әкiмдiк осы заманғы технологиялар мен бiлiмдi пайдалана отырып, қоғамдық көлiктiң танымалдығы жөнiнде, жер астында гараждардың жаңа желiлерiн салу, тұрғындардың сұраныстары мен қаражаттарына сәйкес тұрақ орындарын азайту жөнiнде шаралар қабылдайтын болады.
      Қалалық қоғамдық көлiгi қаланы орнықты дамытудың маңызды факторы болып табылса да, қоғамдық және жекеше көлiктiң баланстық дамуын, орнықты жолаушылар нөмiрiн ескере отырып, бағыт желiсiн оңтайландыруды, барлық қоғамдық көлiк түрлерiнiң жылжымалы құрамының санын көбейтудi, жол желiсiнiң өткiзу қабiлетiн арттыру мен оны осы заманғы талаптарға сәйкес келтiрудi көздейтiн қаланың көлiк жүйесiнiң 2010 - 2030 жылдарға арналған бағдарламасы, сондай-ақ қоршаған ортаға көлiктiң зиянды әсер етуiн азайту жөнiнде шаралар әзiрленетiн болады. Қаланың көлiк инфрақұрылымын сапалы дамытуға жағдай жасау үшiн:
      қаладағы көше-жол желiсiн, жалпы қалалық және аудандық маңызы бар магистральдар құрылысын шапшаң дамыту, сондай-ақ қазiргi бар магистральдарды жол қозғалысының осы заманғы талаптарына дейiн жеткiзе отырып қайта құру;
      қаланың және оның маңындағы аймақтардың көше-жол желiсiн, негiзгi магистральдардың қалыптасқан желiсiн дамыта отырып, қосарланған магистраль құра және олардың сыныптылығын арттыра отырып бiрiктіру;
      қаланың жол-көлiк желiсiнiң жай-күйiн мониторингiлеудiң осы заманғы жүйесiн жасау;
      қала жол желiсiнiң инженерлiк тұрғыдан жарақталуын дамыту, түрлi деңгейлерден тұратын көлiк айырымдарын, темiр жолдың үстiнен өтетiн жолөткелдерiн, жаяу жүргiншiлерге арналған жерасты өткелдерiн жасау;
      муниципалдық және жекеше қоғамдық көлiктiң оңтайлы өзара iс-қимылда болатын жүйесiн жасау қамтамасыз етiлетiн болады.
      Жаяу жүргiншiлер қозғалысы негiзiнен жолдар қиылысында, көлiк терминалдарында, жұмыс орындары көп шоғырланған жерлерде, қоғамдық пайдалану орындары мен тарихи көрiктi орындарда шоғырлана орналасқан. Осындай жерлерде және астананың шалғай тұрғын аудандарында халық пен туристерге барлық аумақты қолайлы әрi толық пайдалануды ұсына алатын жаяу жүргiншiлер аймағы жасалатын болады. Астана қаласында велосипедпен жүретiн жолдарды салу ұйымдастырылатын болады. Бұл мектепке және жұмысқа барып келуге байланысты көптеген тұрғын аудандардағы проблемаларды шешуге ықпал етедi.
      Жаяу және велосипедпен жүрудi:
      жаяу жүргiншiлер жолын шығатын жерiнен межелi бiр жерге дейiн олардың орналасуының оңтайлы болуын ескере отырып, салу;
      жаяу жүргiншiлер жолының сапалы төселуiн және көшелерге жарық берудi қамтамасыз ету;
      жолдардағы "жаяу жүргiншiлер өткелдерiне" көрсететiн нұсқағыштар сапасының жоғары болуы;
      белгiлi бiр учаскелерде немесе маңызды жол қиылыстарында жаяу жүргiншiлерге артықшылық беру;
      белгілi бiр жол учаскелерiнде жылдамдыққа қатаң шектеу қою есебiнен ынталандыру көзделiп отыр.
      Жылжымайтын мүлiкке иелiк етудiң бiрнеше түрiн қамтитын, жаяу жүргiншiлер қозғалысын ынталандыратын тұрғын үйлердiң теңдестірiлген және бiрiктiрiлген топтарын құру үшiн қала жоспарлау нысаны мынадай өлшемдерге:
      жаяу жүргіншiлер қозғалысын және қоғамдық көлiктiң тиiмдi қызметiн қамтамасыз ете алатын жинақы аудан болуға;
      қала шегiнде сауда орындарын, кәсiпорындарды және офистердi ұйымдастыруға сай болуы қажет.

& 3. 3 - стратегиялық мақсат.
Әлеуметтiк - орнықты қоғамды қалыптастыру

      1. Серпiндi дамып келе жатқан қоғамды қалыптастыру

      Қаланың орнықты дамуы әрбiр адамның жұмысқа орналасуы мүмкiндiгi, тиiстi тұрғын үйге, бiлiм алуға, медициналық қызмет алуға және демалуға құқығы бар серпiндi дамып келе жатқан қоғамды қалыптастыру үшiн жағдайлар жасауды көздейдi.

       1.1. Астана қаласының серпiндi дамып келе жатқан
қоғамын дамытудың күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiндiктерi
мен шектейтiн факторларды талдау

      Жүргiзiлген SWOC-талдау әлеуметтiк сауалнаманың (4-қосымша), Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi, жергiлiктi атқарушы органдар берген деректердiң, өңiрлiк бағдарламалар құжаттарының, Астана қаласының жұртшылығымен және iскерлiк топтармен пiкiрлесудiң негiзiнде жасалған.

                                                           6-кесте

      Астана қаласының серпінді дамып келе жатқан қоғамы:
         күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен
                      шектейтін факторлары

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Білім беру және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерін салуға әрі оларды материалдық-техникалық тұрғыдан жарақтандыруға бөлініп отырған ақшалай қаражаттың жыл сайын ұлғаюы

Мемлекеттік емдеу-профилактикалық ұйымдардың, мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелердің тапшылығы, аталған ұйымдардың материалдық-техникалық жағынан жарақталуының жеткіліксіз болуы

Республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда астана халқы тұрғындарының өмір сүру деңгейінің әлдеқайда жоғары болуы

Халықтың жалпы аурушаңдығы, сондай-ақ наркологиялық ауруға, оның ішінде балалардың осы кеселге шалдығу деңгейінің өсуі

Мәдениет пен спорттың қазіргі объектілерінің жұмысына қолдау көрсету және жұмысын жетілдіру, демалу объектілері желісін ұлғайту

Ана мен сәби өлімі деңгейінің жоғары болуы, әйелдердің ана болуға қатысты денсаулығының нашар болуы

Еңбекке қабілетті жастағы халық санының көбеюі және эмиграцияның төмендеуі

Әлеуметтік сала қызметкерлері жалақысының төмен болуы

Қалаға туристердің ағылуына ықпал ететін халықаралық фестивальдар, конкурстар мен кермелер өткізу

Күнкөрісі орташа және төмен азаматтар үшін тұрғын үйдің тапшылығы

Әлеуметтік-мәдени сала қызметтері құнының жоғары болуына байланысты халықтың едәуір бөлігінің оған қол жеткізе алмауы

Мектептен тыс білім беру және балаларға арналған демалыс мекемелерінің жеткіліксіздігі

Қала үшін үлкен экономикалық маңызы бар туризмнің нашар дамуы, туристік саланың жеткілікті материалдық-техникалық базасының болмауы

Мүмкіндіктер

Шектейтін факторлар

Медициналық және білім беру мекемелері желісін ұлғайту, қаланың мемлекеттік емдеу-профилактикалық мекемелерін осы заманғы медициналық техникамен және жабдықтармен жарақтандыру

Қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің, медициналық көмекті кәсіби деңгейде көрсете алмаудың салдарынан халық аурушаңдығының өсуі

Медициналық және педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дайындығы деңгейін арттыру, астанаға тәжірибелі және жоғары білікті мамандарды тарту

Жоғары білікті мамандар санының азаюы және олардың мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру салаларында төмен жалақыларының сақтала отырып, еңбек сапасының төмендеуі

Кәсіби-техникалық білім беретін оқу мекемелері желісін ұлғайту әрі олардың оқу-материалдық базасын дамыту және жұмыс берушілердің қатысуымен білікті кадрлар дайындау

Білім беру сапасын көтеру, еңбекті көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық базаны дамыту

       

      7-бокс. Халықаралық тәжірибе
      Мәдени жағынан дамуды, демалуды, спорттық іс-шараларды қамтамасыз ету мәселелері әлемнің көптеген қалалары үшін көкейтесті болып табылады. Мысалы, Оттава қаласының 2020 жылға дейінгі өсуін басқару стратегиясында белгіленген, Оттава қаласының басым даму бағыттарының бірі салауатты және белсенді қоғамды қалыптастыру болып табылады. Онда әрбір адам әлеуметтік және денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуге, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысуға мүмкіндігі бар. Оттава қаласында өткізілетін мәдени іс-шаралардың көпшілігі жергілікті қауымның белсенді қатысуымен және қолдауы арқасында мемлекеттік басқару органдарының күшімен қамтамасыз етіледі.
      Мектепте білім беру сапасын арттыру проблемасын шешуге қатысты табысты мысалдардың бірі ретінде АҚШ-тың тәжірибесін атауға болады. 2002 жылы осы елде»"Бірде-бір баланы назардан тыс қалдырмау туралы" заң қабылданған болатын. Осы заңға сәйкес АҚШ білім беру жүйесін жаңғыртудың көптеген, жеткілікті дәрежеде тиімді болмаған мемлекеттік бағдарламалары қайта қаралды. Осы заңда төрт басым бағыт белгіленді: оқушылардың үлгеріміне мектептердің жауапкершілігін арттыру (үлгерім деңгейлері артқан мектептер тиісінше марапатталады (осы мақсатта, 500 млн. доллар көлемінде мемлекеттік қор құрылды), мектептерді материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру және мұғалімдердің біліктілігін арттыру, мектептердің дербестігі және жергілікті деңгейде әлдеқайда икемді қаржыландыру. Заңды іске асырудың нәтижесінде көптеген мектептерде оқушылардың, оның ішінде тұрмысы төмен отбасы балаларының үлгерімі жақсарды, сондай-ақ колледжге қосымша арнайы дайындықсыз оқуға түскен балалардың үлесі артты.
      Халықаралық тәжірибені талдау дамыған елдердің астаналарында халықтың түрлі жігіне арналған тұрғын үйге кеңінен қол жеткізуге бағытталған арнайы бағдарламалардың әзірленіп, іске асырылуда екендігін көрсетіп отыр. Олар өзінде жер меншігі, құрылыс пен қаржы рыноктарының тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін іс-шараларды да қамтиды. Орта мерзімді перспективаға қол жетімді тұрғын үй проблемасын шешудің әлемде кең қолданылатын нұсқаларының бірі ескі тұрғын үй қорын көркейту және қайта жаңғырту болып табылады. Сондай-ақ, әлемдік практика түрлі класты тұрғын үй-жайларын жеке меншік иесінен алып қою қырғынсыз ұзақ мерзімге жалдаудың жылжымайтын мүлік рыногында сатып алу және сатумен табысты бәсекеге түсе алатындығын және тұрғын үйге деген қажеттіліктің 60 пайызына дейін қанағаттандыратындығын көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта Швецияда жалға берілген үйлердің үлесі жалпы тұрғын үй қорының 57 %-ын, Нидерландыда - 55 %, Германияда - 60 %, Данияда - 44 %, АҚШ-та - 34 % құрайды. Бұл ретте, әрбір тұрғынға 46 шаршы метрге дейін тұрғын ауданнан келіп отыр. Жалға беру секторы көптеген елдерде жекеше инвестициялардың, қоғамдық бірлестіктердің қаржысы есебінен құралды. Мемлекеттік органдардың негізгі міндеті жер учаскелерінің мақсатты пайдалануы айқындалған кезде жеңілдетілген негізде жер учаскелерін беру болып табылады.

     1.2. Астана қаласының серпiндi дамып келе жатқан
қоғамын қалыптастыру жөнiндегi стратегиялық мiндеттер

      Қала халқы мен астана қонақтарының жоғары өмiр сүру деңгейiн қамтамасыз етудi, тартымды да үйлесiмдi қоғам құруды - Астана өзiнiң алдына мақсат етiп қойып отыр. Қазақстан астанасының өмiр деңгейi тек осы қаланың ғана емес, сондай-ақ бүкiл елдiң айрықша белгiсi болып табылады. Бұл ретте, Астана, экологияға, өзiндiк ерекшелiгi бар демалу орындарына қауiп төндiрмей сапа жағынан өсуге қол жеткiзуге ұмтылады. Тұрғын аймақтардың тыныс-тіршiлiгiн ұстап тұру денсаулық сақтау мен бiлiм беру қызметiнiң жоғары сапасы, тiршiлiгi қайнап жатқан орталықтың және бай мәдени құндылықтардың болуы қаланың iшкi және сыртқы рынокта да бәсекеге қабiлетті болуына қол жеткiзуге бiрдей маңызды.
      Астана қаласы серпiндi дамып келе жатқан, озық қалаға айналуы үшiн ең алдымен, мемлекеттiң денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, туризм және спорт саласындағы саясатына мынадай қағидаттардың негiзiнде бiрiздiлiк пен агрессияшылықты беру қажет:
      бiлiм алуға, денсаулық сақтауға бiрдей қол жеткiзудi қамтамасыз ету, мұғалiмдер мен дәрiгерлердiң мәртебесiн көтеру;
      қала тұрғындарының жоғары төзiмдiлiгiн, жергiлiктi қауымдардың өздерiне тән ерекшелiгi мен бiрегейлiгiн және Астана қаласында тұратын халықтарын айрықша ерекшелiктерiн сақтау;
      халықтың жергiлiктi дәстүрлерiн, қасиеттерiн, әлеуетiн қалыптастыру әрi дамыту арқылы Астана қаласының көп ұлтты және түрлi мәдени келбетi бар шығармашыл, мейiрiмдi қала ретiнде дамуына қолдау көрсету;
      балалардың, жасөспiрiмдер мен жастардың әлеуметтiк жiктерiне қатысты қалалық жүйенiң жақсаруы.
      Қаланың дамыған ойын-сауық индустриясы бар озық орталық ретiнде орнықты дамуы серпiндi дамып келе жатқан қоғам құруды қажет етедi. Мұндай қаладағы әрбiр адам жұмысқа орналасу мүмкiндiгіне ие, сондай-ақ тиiстi тұрғын үй алуға, бiлiм алуға, медициналық қызмет алуға, тынығуға құқығы бар. Бұл стратегиялық мақсаттарға жетудiң жолдары мынадай:
      бiлiм алу және денсаулық сақтау қызметтерiнiң қол жетiмдiлігі мен сапасын арттыру;
      мәдениет, туризм, спорт және демалыс объектiлерiн дамыту, салауатты және белсендi қоғамды қалыптастыру;
      (арзан) тұрғын үйге кеңiнен қол жеткiзудi қамтамасыз ету.

       Бiлім алу және денсаулық сақтау қызметтерiнiң қол жетімдiлiгi мен сапасын арттыру

      Сапалы денсаулық сақтау қызметiне қол жеткiзудi кеңейтудiң есебiнен қала халқының денсаулығын сақтау және нығайту мiндетi, орнықты дамуға көшкен кезде жоғары стратегиялық басым бағытқа ие. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы мен Денсаулықты дамыту жөнiндегi Оттава хартиясының берген анықтамасы бойынша: денсаулық - тек адамның ауырмауын және дене кемiстiгiнiң жоқтығын ғана емес, сондай-ақ тәнiнiң және рухани, әлеуметтiк жағынан толық сай болуын бiлдiредi.
      ДДҰ-ның тұжырымдамасына сәйкес халықтың денсаулығын құрайтын факторлардың қатарына адамдардың денсаулығы мен қоршаған орта арасындағы серпiндi тепе-теңдiктi ұстап тұратын көптеген факторлар жатады. Бұл ретте, денсаулықтың және тиiсiнше паталогияның маңызды факторы адамның өмiр сүру салты болып табылады.
      Осы қағидаттарға сәйкес Астана қаласында Белсендi және салауатты өмiр сүру салтын қалыптастыру бағдарламасы әзiрленетiн болады. Оның негiзгi стратегиялық бағыттары дене тәрбиесi мен спортты жер-жерде дамытуға жағдайлар жасау, қала кеңiстiгінiң санитарлық-тазалық және эпидемиологиялық жағынан қолайлы болуын оңтайландыру бойынша әлеуметтiк саясат жүргiзу, денсаулығы мықты болашақ ұрпақтың дүниеге келуiн ойлайтын, жас отбасыларды материалдық және әлеуметтiк тұрғыдан қолдайтын барабар жүйе құру, әлеуметтiк сипаттағы аурулардың өсуiне тосқауыл қоятын жағдайлар жасау, медициналық кадрларды барлық деңгейлерде және барлық аспектiлер бойынша дайындауды жетiлдiру болып табылады. Сондай-ақ күштер, халықты, оның iшiнде әсiресе әлеуметтiк осал, қорғалмаған топтарды тиiстi медициналық қызметпен қамтамасыз етуге бағытталады. Әкiмдiк мемлекеттiк денсаулық сақтау объектiлерiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң толық болуын жинақтауға ықпал етедi және халыққа жеткiлiктi түрде көрсетiлмейтiн қызмет түрлерiмен қамтамасыз етiлуiне жағдай жасайды.
      Әкiмдiк пен жұмыс берушiлердiң бiрлескен жұмысының арқасында, ауруларды ерте кезеңiнде анықтауға мүмкiндiк беретiн халыққа орнықты профилактикалық тексеру мен диспансерлеу өткiзiлетiн болады. Халықтың орташа өмiр сүру жасын ұзарту үшiн арнайы жоғары технологиялық орталықтар, оның iшiнде кардиохирургия саласындағы орталықтар құрылатын болады.
      "Көпбалалы отбасы" деген қалалық қор құрылады. Бұл қор көп балалы отбасылардың әлеуметтiк патронаж жүйесiн, жас отбасы орталықтары мен клубтарын дамытуды, отбасын жоспарлау және репродукция орталықтарын, сондай-ақ жауапты ата-ана болуды тәрбиелеу және репродуктивтi денсаулықты сақтау бағытында жұмыс iстейтiн жастарға арналған әлеуметтiк қызметтердi қолдайды.
      Қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ұстау үшiн, тұрғындарға жүйелi түрде медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру үшiн, қаладағы практикалық денсаулық сақтау жүйесiнiң нығаюы және дамуы үшiн емдеу-профилактикалық мекемелер қызметiн және олардың пациенттермен қарым-қатынастарын, оның iшiнде кадрларға деген, технологияларға деген, жарақталуға деген стандарттық талаптарды көп деңгейлi стандарттау бағдарламалары әзiрленетiн болады.
      Халықтың өмiр сүру деңгейi мен өмiр сүру әлеуетi қала тұрғындарының бiлiмi мен мәдениетi деңгейiне, олардың дүниеге деген көзқарасы мен рухани дамуына, қажеттi ақпаратты жүйелi түрде алу және пайдалану мүмкiншiлiгiнiң болуына байланысты анықталады. Осы факторлар қала жұртшылығының өңiрлiк, ұлттық және әлемдiк дамудың озық процестерiне тартылу дәрежесiн белгiлейдi. Осы заманғы қажеттiлiктерге жауап беретiн бiлiмге ие болу, ортақ мәдениет және тұрғындар арасында ең көп таралған ізгi қасиеттер, аумақтың ақпараттық әлеуетi қаланың рухани және зияткерлiк өмiрiндегi сапаның рөлiн атқарады. Сондықтан, қалада бiлiм беру мен тәрбиенiң перспективалық жүйесiн қалыптастыру мәдени және ақпараттық саясат Астана қаласының жалпы стратегиялық орнықты дамуындағы ең маңызды стратегиялық мiндеттер болып табылады.
      Қаланың орнықты дамуының басты стратегиялық ресурсы - балалар, жасөспiрiмдер мен жастар екендiгiн ескере отырып, қаланың болашағы тек оларды тәрбиелеу және оларға бiлiм беру арқылы, әсiресе мектепке дейiнгi және мектеп жүйелерi арқылы ғана қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Қаланың орнықты даму стратегиясы дегенiмiз бiлiм мен халықтың зияткерлiк тұрғыдан жоғарылауы әрбiр адамның өзiн-өзi қамтамасыз етуге, жаңа технологиялар мен мәдени құндылықтарға қол жеткiзуiн ұлғайту мүмкiндiктерiн елеулi арттыру дегендi бiлдiредi. Қазiргi бiлiм беру жүйесi тұлғаның орнықты даму идеологиясы бағытында үйлесiмдi дамуына тек iшiнара ықпал етедi, бiлiм алушылардың бiр бөлiгінiң ғана зияткерлiк тұрғыдан өсуге және адамзат өркениетi жасаған мәдени жетiстiктердi игеруге деген құштарлығын қалыптастырады.
      Мектепке дейiнгi мекемелердi салу 1-ден 7 жасқа дейiнгi мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбиеленетiн балаларды қамтуды 2004 жылғы 40,6 %-дан 2010 жылы 60 %-ға және 2030 жылы 95 %-ға дейiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұл мектепке дейiнгi ұйымдарда 5-6 жастағы балалардың мектепке барар алдындағы дайындығын қамтамасыз ететiн болады. Астана қаласында 2012 жылы қызметiнде ойын-сауық, сондай-ақ бiлiм беру элементтерi ұштасатын, балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн 500 балаға арналған "Балалар қалашығын" салу көзделiп отыр.
      Мектепте бiлiм беру жүйесiнде оқу орындарына деген тапшылық проблемалары шешiледi. 2010 жылға дейiн сабақтарды 3-4 ауысымда өткiзу, ал 2020 жылға дейiн сабақтарды 2 ауысымда өткiзу жойылады. Жоғары сыныптардағы балаларды бейiндi оқыту жүйесi кеңейiп, жақсарады, түрлi бағыттардағы қалыптасып жатқан кластерлер үшiн, орта кәсiби бiлiмi бар бiлiкті жұмысшылар мен мамандарды даярлау жүйесiн ұлғайтуға жағдайлар жасалатын болады. Меншiк түрлерiнiң барлығын қамтитын мекемелер қызметкерлерiн, сонымен қатар жергiлiктi азаматтарды (оның iшiнде жұмыссыздарды) өз оқу орталықтары негiзiнде ішкiкәсiптiк оқытуды жүзеге асырады.
      Зияткерлiк тұрғыдан дамуға отандық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiн игеруге деген құлшынысты халықта, оның iшiнде, әсiресе балаларда, жасөспiрiмдер мен жастарда тәрбиелеудiң негізгi жолы - технологиялық, материалдық-техникалық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлген, қалалықтардың қажеттiлiктерiне сәйкес осы заманғы бiлiм алуға жағдайлар туғызатын қаланың әрбiр тұрғынына бiрыңғай әрi қол жетiмдi бiлiм беру кеңiстiгiн қалыптастыру.
      БҰҰ-ның жарияланған орнықты даму қағидаттарының арасында азаматтардың өздерiнiң бүкiл ғұмыры бойы үздiксiз бiлiм алу қағидаты ерекше орын алады. Үздiксiз бiлiм алу және де ең алдымен бiлiмдi жүйелi түрде маңызын арттыру құралының қызметiн атқарады, қала қауымдастығындағы адам капиталының өсуiн қамтамасыз етедi, адамдарға тыныс-тiршiлiк процесi кезiнде өздерiн барынша және неғұрлым тиiмдi көрсете алуға мүмкiндiк бередi. Әкiмдiк қалалықтарға өмiрдiң амалы ретiнде бiлiм алуға деген талғамын дағдыландырылатын, жаңадан бiлiм алуға деген ұдайы құлшынысын тәрбиелейтiн, әдiстемелiк және рефлективтiк мәдениетке ие болуға жеткiзетін, әрбiр қарапайым адамға оқу процесi кезiнде немесе өз бетiмен оқыған кезде бүкiл ғұмыр бойы өзiнiң зияткерлiк даму жолын өз бетiнше жоспарлауға көмектесетiн осындай жеке қасиеттерiн қалыптастыратын үздiксiз бiлiм алу тұжырымдамасын әзiрлеп, насихаттайтын болады.

      Демалыс пен мәдениет, туризм, спорт объектілерiн
дамыту, салауатты және белсендi қоғамды қалыптастыру

      Мәдениет және демалыс мүмкiндiктерi тұрғысынан астананың тартылымдылығы қаланың орнықты дамуына берiк негіздi қамтамасыз етедi. Тiршiлiгi қайнап жатқан Астана сияқты қалада мәдениет, өнер және спорт ерекше рөл атқарады. Қала әкiмдiгi барлық өнер және спорт түрлерiнiң одан әрi дамуына, оның iшiнде өнер қауымы мен кәсiпкерлiк секторлардың өкiлдерi арасындағы серiктестiктiң жандануына ықпал ететiн болады.
      Орнықты даму жолына түсу қазақстандықтардың рухани дәстүрлерiне сай келетiн мәдениет деңгейiне қол жеткiзудi көздейдi. Сондықтан, келешек ұрпақ үшiн мәдени дәстүрлердi сақтау және қаланың мәдени құндылықтарын көбейту маңызды стратегиялық мiндет болып табылады. Осы мақсатта, қаланың тарихи, мәдени және iзгі дәстүрлерiн қалпына келтiру бойынша жүйелi түрде науқандар ұйымдастырып, қаланың мәдениет тарихы бойынша монографиялар топтамаларын жасауға ғалымдар жұмылдырылып, жыл сайын оқушылар мен жастар арасында қаланың мәдениет тарихы жөнiнде ең тартымды зерттеу жұмысына арналған конкурстар өткiзiлетiн болады.
      Түрлi халықаралық кездесулердi, конференцияларды, фестивальдарды, спорттық жарыстар мен кубок жолындағы жарыстарды өткiзу үшiн, Астананың астана ретiндегi және туризм мен ойын-сауықтың серпiндi дамып келе жатқан орталығы ретiндегi мәртебесiне сай келетiн әрi оның мәртебесiн төмен деңгейге түсiрмейтiн тиiстi инфрақұрылымды, оның iшiнде iс-шаралар өткiзуге арналған орындарды және қонақ үй қызметiн құру жалғасатын болады. Әкiмдiк уәкiлеттi мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, қоғамдық-мәдени орындармен әрi басқа да мүдделi тараптармен бiрге ынтымақтаса отырып, ұлттық және жергiлiктi жаңа музейлер сияқты туризм тұрғысынан жаңа да қызықты объектiлерге, өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтерге маркетингтік стратегияны дамытып, жақын маңайда Бурабай курорты аймағы мен "Қорғалжын" мемлекеттiк табиғи қорығының орналасқандығын пайдалана отырып, туризмге қатысты бастамалар мен стратегияларды iске асыратын болады. Экологиялық туризмнiң инфрақұрылымы құрылады.
      Астана Еуропа мен Азия, Шығыс пен Батыстың арасындағы коммуникациялық маршруттар мен ақпараттар ағыны қиылысқан жерде орналасқан қала ретiнде әрi халықаралық ұйымдардың бас офистерi орналасуына қолайлы және әлемдiк iрi форумдарды өткiзуге арналған орын ретiнде дамитын болады.
      Стратегиялық жоспарда, мәдениет саласы мәдени құндылықтардың өндiрушiсi және сақтаушысы ретiнде ғана емес, сондай-ақ өз кезегiнде бiлiмнiң, жұмыспен қамтылудың өсуiн және еңбектi көп қажет ететiн салалардың дамуын қамтамасыз ететiн қала экономикасының маңызды секторы ретiнде де қаралады. Сондықтан мәдениеттiң әлеуметтiк рөлiн арттыру үшiн, оның негiзiнде халықтың рухани және зияткерлiк өмiрiн байыту үшiн, мәдениет ресурстарын қаланың орнықты даму бағдарламаларында пайдалану үшiн мынадай бағыттар бойынша шаралар көзделетiн болады:
      еңбек және технология мәдениетi саласында - оқу орындарында, өндiрiсте жас ұрпақты жүйелi түрде еңбекке баулу жөнiнде қалалық бағдарлама әзiрлеу және оны iске асыру, оларды жеке адамдар арасындағы iскерлiк қарым-қатынастар мәдениетiне үйрету, мектептiк жалпы бiлiм беру бағдарламаларына технологиялық бiлiм берудi енгiзу, қаланың кәсiпорындары мен ұйымдарында корпоративтiк мәдениеттiң негiзгi элементтерiн енгiзу;
      үнемдеу және ұйымдық мәдениет саласында - үнемдеу режимiн ұдайы насихаттау есебiнен қала тұрғындарындағы тұтыну мәдениетiн көтеру, ресурстарды үнемдеуге, уақытында төлемдердi жүзеге асыруға, әрiптестермен сұхбаттасқанда iскерлiк мәнердi ұстап тұруға ниет қылу үшiн және құлшынысты ұштау үшiн бағытталған экономикалық тетiктердi әзiрлеу және пайдалану;
      қала халқы мен қонақтарына қызмет көрсету мәдениетi саласында - қалада қызмет көрсету мәдениетiн көтеру жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу, қала халқы мен қонақтарына жүйелi түрде қалалық конкурстар өткiзу арқылы қызметтер көрсететiн ұйымдар арасында бәсекелестіктi арттыруға жағдай жасау;
      экологиялық мәдениет саласында - қалада балалар мекемелерi мен бастауыш мектептен бастап, жоғары мектепке дейiн экологиялық бiлiм беру және тәрбиелеу жүйесiн дамыту бұқаралық ақпарат құралдары арқылы экологиялық сауаттандыру, азаматтардың қоршаған ортаның ахуалы жөнiндегi шынайы ақпаратқа деген құқықтарын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, жер қойнауын пайдалану және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында белгіленген стандарттардың, ережелер мен нормативтердiң сақталуын қамтамасыз ететiн экономикалық тетiктердi жасау арқылы қоршаған ортаға деген адамның ізгi қатынасын қалыптастыру.
      Салауатты және белсендi өмiр сүру салтын насихаттау үшiн Астана қаласында мынадай шараларды жүргiзу арқылы спорттық және дене тәрбиесi қозғалыстары ұйымдастырылып, қолдауға ие болады:
      кросс, марафон, шаңғы тебу жарыстары сияқты бұқаралық спорт iс-шараларын көбейту;
      қаладағы аула аумақтарында дене тәрбиесi мен сауықтыру кешендерiнiң ұтымды жүйесiн қалыптастыру, қазiргi спорт алаңдарын (оның iшiнде футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), теннис пен бадминтонға арналған корттарды, хоккей алаңдарын, жүгiруге арналған жолдарды жаңғырту және оларды жаңадан салу, тез тұрғызылатын металл және өзге құрастырмалардан балалар мен ересектерге арналған әмбебап спорттық снарядтарды салу;
      спорттық мектептердi дамыту және оларға қолдау көрсету;
      Астана қаласында халықтың түрлi топтарына арналған дене тәрбиесi мен спорттық дене тынықтыру және қайта оңалту сияқты жоғары дамыған қызметтер көрсету индустриясын жасау.
      Ойын-сауықтық және спорттық iс-шаралар тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қала әкiмдiгі этникалық топтардың ұсынған мәдени және әлеуметтiк шараларын грант көмегiн бөлу арқылы қолдайды.

       Қол жетiмдi тұрғын үйдi кеңiнен таңдауды қамтамасыз   ету

      Астана қаласының стратегиялық жоспарындағы тұрғын үй саясатының негiзiнде әрбiр адамның қажеттiлiктерiне және оның отбасының сұраныстарына сай келетiн жеке тұрғын үйдi iздестiруге жауапты болу қағидаты жатыр. Алайда, өзiн тұрғын үймен өз бетiнше қамтамасыз ете алмайтындарға белгiлi бiр жағдайларда жалға берiлiп отырған тұрғын үйдi ұсынғаны үшiн жергiлiктi билiк орындары да жауапты болады.
      Тұрғын үйдiң арзандығы, алуандығы мен сапасы сияқты мәселелер экономикалық саясаттың маңызды мәселелерi болып табылады. Осыған сәйкес тұрғын үй қорының мемлекеттiк техникалық нормативтерге сай екендiгiне жүргізiлетiн мемлекеттік бақылау мен мониторинг мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      түрi, көлемi және құны бойынша әралуан болып келетiн тұрғын үйдiң баламалы түрлерiн жоспарлау;
      ескi тұрғын үй ғимараттары мен махаллаларын (кварталдарын) сақтау, жөндеу және жаңғырту - көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізудi қоса отырып, қазiргi активтерге инвестиция салу;
      мемлекеттiк консультациялар ұйымдастыру, тұрғын үй құрылысының шығындарына және сапа стандарттарына мониторинг жүргізу;
      қаланың физикалық немесе әлеуметтiк инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша салушыларға келген шығынның үлесiн есепке алу;
      жергiлiктi жағдайларды ескере отырып, құрылыс салудың және қайта жаңғыртудың озық әдiстерiн зерделеу.
      Тұрғын үйдi орнықты түрде дамытудың стратегиялық мiндетiн шешудiң негiзiнде тек тұрғын үй қорын көбейту ғана емес, сондай-ақ сапалы қала кеңiстiгiн жасау қағидаты да болуы қажет. Ескi тұрғын үй қорын жаңғырту және жаңа тұрғын үйлер салу, қала халқының түрлi топтарына сапасы әр түрлi тұрғын үйге қол жеткiзу мүмкiншiлiгін арттырады.
      Сапалы қала кеңiстiгі тұрпаты, көлемi және меншiк түрi бойынша ерекшеленетiн әралуан тұрғын үй объектiлерi түрлерiнiң ұштасуын, кең де айшықты тұрғызылған көшелер мен алаңдарды, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудiң тиiстi деңгейiн ұстап тұруға жеткiлiктi екендiгiн, адамның өмiр сүруiне сай келетiн масштабты, өзiндiк ерекшелiк пен сонылықты, дамыған қоғамдық көлiктің болуын бiлдiредi. Астананың жергiлiкті атқарушы органдары тұрғын үйге деген сұранысты ескере отырып, сапалы қала кеңiстiгін Астанада қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бұл ретте, тұрғын үйлердiң мүмкiншiлiктерi шектеулi және егде жастағы адамдардың кiрiп-шығуын жеңiлдететiн құрылғылармен жарақталу мәселесi басыңқы маңызға ие болады.
      Қала халқының сапасы әр түрлi тұрғын үйге кеңiнен қол жеткiзу мүмкiншілігін қамтамасыз ету үшін:
      жекешелендiруi заңнамаға сәйкес мүмкiн болатын халықтың әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын жiктерiне коммуналдық тұрғын үй мен жатақханалар салу;
      тұрғын үй нарығындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      қазiргі тұрғын үй қорын (үйлер мен тұрғын үй құрылыстарын) жөндеу немесе қайта жаңғырту жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      аумақтарды дамыту мен көркейтудiң пилоттық жобаларын әзiрлеу және iске асыру.
      Халықтың астананың қоғамдық өмiрiне қатысуын арттыру үшiн әкiмдiк балалар мен жастарда туған қаласына деген туысқандық сезiмiн қалыптастыратын қызмет түрлерiн ынталандыратын болады, өздерi тұратын аудандарды, қоғамдық орындар мен көгалдандырылған аумақтарды күтуге тартады.

       2. Әлеуметтiк даму және қаланың тыныс-тiршiлiгiне қоғамның тартылуы

      Қаланың орнықты дамуы жеке бас қауiпсiздiгіне кепiлдiк беру, барлық салаларда - мамандық пен тұрғылықты жерiнен бастап дiни және ұлттық сана-сезiмге дейiн таңдау еркiндiгi деңгейлерiнiң көптiгi және оны iске асыру, ынғайлы қоршаған орта сияқты материалдық емес игілiктердiң кең ауқымын жасауды және қолдауды көздейдi. Сондықтан Астана, орнықтылық қағидаттарына сай келетiн қала ретiнде әрбiр адамның, әлеуметтiк немесе этникалық топтың өздерi қалаған өмiр сүру салтын, мәдени дәстүрлердi дамытуға құқығын қамтамасыз ететiн болады. Қаланың мүшелерiне психологиялық тұрғыдан жайлы болмай әрi олардың айналамен және өздерiмен үйлесiмi болмай қаланың орнықты дамуының мүмкiн еместiгiне байланысты алдағы тұрған мiндеттердiң көбiсi тек заңнамалық, экономикалық, әкiмшiлiк шаралар арқылы ғана емес, сондай-ақ адамдардың iзгi сезiмдерi негiзiнде қалыптасқан адамдардың қажыр-қайраты арқылы да және орнықты дамудың қажеттiлiктерiн ұғыну арқылы да шешiлетiн болады. Қала қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық орнықты дамуының жаңа идеологиясын қалыптастырып, бекiтудi насихаттайтын болады.
      Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық орнықты даму идеологиясына сүйене отырып, Астананың орнықты даму мақсаты тұруға тартымды қаланы және халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал жiгiн қолдайтын қоғамды құру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткiзу үшiн барлық билiк деңгейлерiнiң осыған қатысуын, мемлекеттiк қызметтердi тиiмдi түрде көрсетудi және де жергiлiктi тұрғындарға олардың мүдделерiн қорғайтын шешiмдер қабылдауға қатысу үшiн мүмкiншiлiк берудi талап етедi.

       2.1. Астана қаласын әлеуметтiк дамытудың күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiншiлiктерi мен шектейтiн факторларды талдау

      Талдауды жүргiзу үшiн Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына жүргiзiлген әлеуметтiк сауалнаманың, статистиканың деректерi, әлеуметтiк саладағы өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру нәтижелерi, сондай-ақ стратегиялық жоспар жобасын қоғамдық талқылау шеңберiнде өткiзiлген дөңгелек үстел отырыстарының нәтижелерi пайдаланылды.

                                                          7-кесте

       Астана қаласын әлеуметтiк дамытудың күштi және әлсiз
        жақтары, мүмкiндiктерi мен шектейтiн факторлары

 

Күштi жақтары

Әлсiз жақтары

Республиканың басқа өңiрлерiмен салыстырғанда халықтың салыстырмалы түрде өмiр сүру деңгейiнiң жоғары болуы

Қаланың билiк орындары шешiмдердi қабылдағанда жұртшылықтың қатысу деңгейiнiң төмен болуы

Салыстырмалы түрде қылмыстылықтың төмен деңгейi және әлеуметтiк орнықтылық

Мүмкiншiліктерi шектеулi адамдарды қолдау және оларды қоғамға кiрiктiру бойынша шаралар тиiмділігiнiң төмен болуы

Халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал жiктерiне мемлекеттiк көмек көрсету деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi

Мүмкiндiктер

Шектейтiн факторлар

Отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы ең төменгi өмiр сүру деңгейiне сүйене отырып, атаулы әлеуметтiк көмек пен арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың көлемiн есептеу

Әлеуметтiк сала қызметкерлерi мен мемлекеттiк қызметшiлер жалақысының төмен болуы

Жұртшылықты қала тыныс-тiршiлiгiне белсендi тарту

Қоршаған ортаның тиiстi жай күйiн ұстауға және қолдауға деген азаматтық жауапкершiлiк деңгейiнiң төмен болуы

Қаланың еңбек рыногындағы жұмысшы күштердiң сұраныс және ұсыныстар балансына жету мақсатында кәсiптер мен мамандықтардың iрiлендiрiлген топтары бойынша жұмысшылар мен мамандарда қажеттiлiк болжамын әзiрлеу

Бiлiктi әлеуметтiк қызметкерлер санының қысқаруы және төмен жалақысы сақтала отырып, олардың еңбегi сапасының төмендеуi

 

8-бокс. Халықаралық тәжiрибе
      Халықаралық тәжiрибенi талдау қала халқының мүлiктiк жiктелуiнен халықтың аз қамтылған бөлiгiнің белгiлi бiр аудандарға шоғырлануына әкелетiндiгiн көрсеттi. Бұл өз кезегiнде жеке сектордың белсендiлiгiн, жұмысқа орналасу мүмкiншiлiгiн төмендетедi, мектепте бiлiм алу деңгейiн азайтады, қылмыстылықты көбейтедi және қаланың осы бөлiктерiнде әлеуметтiк теңсiздiктi ушықтырады. Бұл қалалардың дамуына келеңсiз әсер етедi.
      Өткен ғасырдың аяғында Ұлыбритания, АҚШ сияқты бiрқатар дамыған елдерде халықтың барлық жiктерi үшiн сервистiк қызметтiң тиiмдiлiгiн арттыруға, жұмыс орындарын ашуға, көрсетiлетiн қызметтерге елдiң бәрi бiрдей қол жеткiзуiн және олардың қолайлы жағдайларда тұруын қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты бағдарламалар әзiрленген болатын. Мемлекеттiк басқару органдарының тiкелей қатысуы әрi жұртшылықты кең түрде тарта отырып, аталған бағдарламаларды iске асыру қалалардағы ахуалды елеулi жақсартуға мүмкiндiк бердi.

       2.2. Астана қаласының әлеуметтiк орнықты қоғамын қалыптастыру жөнiндегi стратегиялық мiндеттер

      "Әлеуметтiк-орнықты қоғамды қалыптастыру" деген стратегиялық мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай стратегиялық мiндет белгiленген: жұртшылықты қаланың тыныс-тiршiлiгiне тарту.

       Жұртшылықты қаланың тыныс-тiршiлiгiне тарту

      Орнықтылықты айтқан кезде, оның iшiнде қаланың орнықты дамуының стратегиялық жоспарын әзiрлеу және iске асыру шеңберiнде қала қауымына әлеуметтiк серiктестiк айрықша маңызға ие. Шындығында, стратегиялық жоспар қоғамдық келiсiм шартын әрi жергiлiктi билiк орындарымен, бизнес пен жұртшылықтың өзара iс-қимылын ұйымдастыратын құралды бiлдiредi. Бұл жоспарда қала халқының түрлi топтарының мүдделерi ескерiлген, ал осы мүдделер қала жұртшылығының ортақ мүдделерiне сай келтiрiлiп, бiрiктiрiледi.
      Қала жұртшылығы азаматтық белсендiлiк пен жауапкершiлiк тұрғысынан қаншалықты пiсiп жетiлген болса, қоғамдық келiсiм, оның iшiнде стратегиялық серiктестiк шеңберiнде қаншалықты орнықты болса, яғни, тиiсiнше қаланың орнықты дамуының стратегиялық жоспарын iске асырудағы жетiстiк соншалықты мүмкiн болады. 2005 жылы Елорданы тұрақты дамыту орталығы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң бiрiгiп өткiзiлген Астана қаласының тұрғындарын әлеуметтiк тұрғыдан зерттеу нәтижелерiне сәйкес сауалданғандардың 29,1 %-ы жұртшылықты қаланың тыныс-тiршiлiгiне тартуды орынды деп есептейдi, ал 44,2 % қаланың дамуы мен басқару сұрақтарын талқылауына қатысуға дайын. Осыған байланысты астананың даму жобалары мен бағдарламаларын халықпен, қоғамдық бiрлестiктермен, iскер топтармен талқылауға бағытталған жұртшылықты қала тыныс-тiршiлiгiне тарту бағдарламасы әзiрленетiн болады.
      Жергiлiктi органдардың әлеуметтiк жұмысы қаланың проблемаларын шешуде тұрғындардың өзара көмек пен кооперация негiзiнде кең түрде қатысуы арқылы оларды ынталандыратындай етіп, ұйымдастырылатын болады. Әкiмдiк ең алдымен қоғамдық өзiн-өзi ұйымдастырушылықты ынталандыратын, түрлi қоғамдық бiрлестiктердiң iс-қимылын үйлестiретiн ұйымдастырушы әрi менеджер ретiнде шығуы қажет. Жергiлiктi органдар мен мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк қызметкерлерi және қоғамдық бiрлестiктер арасында өзара iс-қимыл тетiктерi, қызмет алушылардың көрсетiлетін әлеуметтiк қызметтердi толықтай немесе iшiнара төлеу, қайырымдылық көмекті тарту мүмкiншiлiктерiне негiзделген көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтердi қаржыландыру схемасы әзiрленетiн болады.
      Егде жастағы жалғыз басты адамдарға қамқорлықты қамтамасыз ету мақсатында бiрыңғай жүйенi көздей отырып, егде адамдарға қызмет көрсететiн мамандандырылған муниципалдық "әлеуметтiк" үй салынады. Үй егде адамдарға, өздігінен жүре алмайтын мүгедектерге барынша ыңғайластырылған арнайы сатылармен, саты алаңдарымен, лифтiлермен жарақталатын болады. Әлеуметтiк үйде асхана, медициналық кабинет, емдiк физкультура залы және шаштараз сияқты үй-жайлар салынады, яғни егде адамдар барлық қажетті қызметтерді үйден шықпай-ақ алатын болады.
      Сондай-ақ бiр өзiнде үйге келетiн әлеуметтiк және медициналық-әлеуметтiк көмек көрсету, егде адамдар мен мүмкiншiлiктерi шектеулi адамдардың тынығуын ұйымдастыру бойынша бөлiмдердi бiрiктiретiн Әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы құрылатын болады.
      Аталған бастамаларды тиiмдi iске асыру қаладағы қоғамдық бiрлестiктердiң, қауымдастықтардың, жастардың белсендi қатысуын талап етедi.
      Жастар арасында қала халқының әлеуметтік аз қамтылған осал жiктерiне көмек көрсету бойынша ерiктiлер қызметiне шақыруды насихаттау жөнiнде жұмыстар жүргiзiлетiн болады.

& 4. 4 - стратегиялық мақсат
Қалалық басқару жүйесiн жетiлдiру

      Мемлекеттiк басқару жүйесi қаланың орнықты дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қандай да бiр шешiмдердi iске асыруда табысқа жету тiкелей мемлекеттік қызметшiлердiң, мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындар мамандарының орнықты дамуға қатысты мақсаттар мен мiндеттердi түсiне білуіне байланысты.

       1.1. Астана қаласында қалалық басқару жүйесiн дамытудың күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiншiлiктерi мен шектейтiн факторларын талдау

      SWOC-жүргiзiлген талдау астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн реттейтiн түрлi нормативтiк құқықтық актiлердi, Астана қаласының бағдарламалық құжаттарын, халыққа жүргiзiлген әлеуметтiк сауалнаманың нәтижелерiн және мемлекеттiк қызметшiлердiң ұсыныстарын зерделеудiң негiзiнде жасалған.

                                                            8-кесте

       Астана қаласында қалалық басқару жүйесiн дамытудың
        күштi және әлсiз жақтары мүмкiншiлiктерi мен
                     шектейтiн факторлары  

Күштi жақтары

Әлсiз жақтары

Күштi экономикалық базасы

Орталықтандырудың жоғары деңгейi, яғни шешiмдердi қабылдау және жоғарыдан төмен қарай жоспарлау

Мемлекет басшысы қалыптастырған астана келбетi

Қала аудандары мен экономика секторлары дамуының бiркелкi болмауы

Астана қаласының құқықтық мәртебесiн, оның жұмыс iстеуiнiң ұйымдық-саяси негiздерiн белгiлейтiн астана мәртебесi туралы заңнамалық актiнiң болуы

Егжей-тегжейлi жоспарлауға ұмтылу

Әкiмдiктiң қала аумағындағы жер қатынастарын реттеу бойынша кең өкiлеттiгi

Шешiмдер қабылдауға қажеттi ақпаратты талдау және әзiрлеу процесi кезiнде ақпараттық жүйелердiң нашар пайдаланылуы

Мүмкiндiктер

Шектейтiн факторлар

Мемлекеттiк басқару органдарының өкiлеттiктерiн орталықсыздандыру

Орталық атқарушы органдардың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарына өкiлеттiк беру кезiндегi қиыншылықтар

Мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту, басқа елдер мен қалалардың халықаралық тәжiрибесiн зерделеу

Мемлекеттiк қызметшiлер еңбекақысының төмен болуы

Бiлiм беру жүйесiн дамыту, қала тыныс-тiршiлiгiне жұртшылықты тарту

Көптеген мемлекеттiк қызметшiлерде жоспарлау мен урбанистиканың осы заманғы әдiстерiн қолдану жағынан теориялық және практикалық тәжiрибелерiнiң болмауы

Халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет сапасын жақсарту

Статистикалық деректердiң толық шынайы болмауы, оларды тиiмсiз пайдалану

Жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн бағалаудағы көрсеткiштер әдiстемесi мен жүйесiн енгiзу

Қаланың билiк орындарымен, кәсiпкерлермен және қоғамның арадағы ынтымақтастық деңгейiнiң төмен болуы негiзiнен, жаппай енжарлыққа және жұртшылықтың шешiмдердi қабылдау процесiне нашар қатысуына әкеледi  

  

 

9-бокс. Халықаралық тәжiрибе
      Халықаралық тәжiрибе көрсетiп отырғандай барлық әзiрленген стратегиялық құжаттардың тек 10 %-ға жетер-жетпесi ғана iс жүзiнде табысты iске асырылуда. Стратегиялық құжаттарды iске асыру процесiнде мемлекеттiк басқару органдарының алдынан шығатын негiзгi проблемалар мыналар болып табылады:
      қызметкерлердiң стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қатысты сауаттылығы мен түсiну деңгейiнiң төмендiгi;
      мемлекеттiк органдардың бюджеттi әзiрлеу процестерiмен және стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзудiң арасындағы өзара байланыстың болмауы;
      мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң уәждеме және оларды материалдық тұрғыдан көтермелеу мүмкiндiктерiнің шектеулi болуы;
      стратегиялық құжаттарды талқылауға басшылықтың жеткiлiктi түрде қатыспауы.
      Көптеген елдерде алдыға қойылған стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жекелеген қалалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар деңгейiнде стратегиялық басқарудың тетiктерi енгiзiлуде. Әлемнiң дамыған елдерiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн талдау, тек стратегияны сәйкестендiрiп қана қоймай, сондай-ақ әрбiр басқару деңгейiне ұзақ мерзiмге арналған нақты мақсатты көрсеткiштердi белгiлеуге мүмкiндiк беретiн тиiмдi арнайы әдiстер бар екендiгiн көрсеттi. Қызметтiң аталған маңызды көрсеткiштерi тиiстi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзуге бағыттап қана қоймай, сондай-ақ олар бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн бағалауға болады.
      Мысалы, АҚШ-та 1993 жылы "Мемлекеттiк мекемелер қызметiнiң нәтижелерiн бағалау туралы" Федералдық заң қабылданған болатын. Осы заңға сәйкес федералдық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметiнiң нәтижелерiн бағалауға негiзделген есеп беру жүйесiн енгiзуге, сондай-ақ мақсаттарын әзiрлеуге тиiс және оларға қол жеткiзу үшiн өздерiнiң табысын бағалауы қажет. Осы заңды қабылдаудың нәтижесiнде мемлекеттiк ұйымдар тұңғыш рет өздерiнiң шығыстарын қызметi мен мақсаттарына байланыстыруға мәжбүр болды.
      Мемлекеттiк органдар қызметiнiң түпкiлiктi нәтижелерiн бағалауға негiзделген мемлекеттiк билiк органдарындағы осы заманғы басқару жүйелерi Канаданың, Швецияның, Австралияның және басқа да дамыған елдердiң бiрқатар мемлекеттiк органдарында табысты енгiзiлген.
      Қаланың орнықты басшылығы деңгей аралық тығыз өзара iс-қимылымен және өзi басқаратын әрi мүдделерiне қызмет ететiн қалың жұртшылықпен арадағы өзара байланысымен ерекшеленедi. Дамыған елдердегi қалалық басқару органдары:
      жұртшылықты қалалық және жергiлiктi жоспарлау мәселелерiн талқылауға: алдағы болатын жоспарлар мен ұсыныстар туралы тұрғындарды хабарлау, қалалық басқару органдары шешiмдерiнiң iске асырылуына халықтың мониторинг жүргiзуi арқылы тарту;
      мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлiктi дамытуға: кәсiпкерлерге консультациялар беру, қала тұрғындарының ұсыныстарын пайдалана отырып, жоспарлауды iске асыру, халықтың тiлегiн назарға алу арқылы жәрдем көрсету;
      мемлекеттiк органдардың қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiпкерлер қауымдастықтарымен бiрлескен жобаларды iске асыру, ақпаратпен және тәжiрибемен алмасу бойынша серiктестiктi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдануда.

1.2. Астана қаласында қалалық басқару жүйесiн дамыту жөнiндегi стратегиялық мiндеттер

      "Қаланың басқару жүйесiн жетiлдiру" атты стратегиялық мақсатты iске асыру мынадай стратегиялық мiндеттердi:
      қаланың стратегиялық басқару жүйесiн жетілдiрудi;
      жергілiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және оларды орнықты даму жөнiндегi жаңа iлiмдер мен дағдыларға, стратегиялық басқару жүйесiне оқытуды;
      халыққа және заңғы тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыруды шешкен жағдайда қамтамасыз етiлетiн болады.

       Қаланы стратегиялық басқару жүйесiн жетiлдiру

      Астананы дамытуға байланысты стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзу үшiн астананың жергiлiктi мемлекеттiк органдарының қызметiн басқарудың әдiстерiн одан әрi жетiлдiрудi және ең алдымен басқару жүйесiн стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге бағдарлауды талап етедi.
      Осы мақсатта, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында стратегиялық мақсаттар мен мiндеттердi iске асыруға мониторинг пен бақылау, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық мақсаттарға қызметiнiң сай екендiгiн бағалау жүйесi енгізiлетiн болады.
      Стратегиялық басқару жүйесiнiң енгiзiлуi мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн бағытталған iс-қимылдарын үйлестiрудi жақсартуға, тиiмдi шешiмдердi қабылдауға ықпал ететiн болады. Жүйенi құру және енгізу стратегиялық жоспарды сәйкестендiруге, жергілiктi атқарушы органдардың әрбiр қызметкерiнiң назарына стратегиялық мақсаттар мен мiндеттердi жеткiзуге бағытталатын болады. Жүйе мониторингтi және мемлекеттiк қызметтердi тұтынатын халықпен керi байланысты қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Мемлекеттiк органдар жұмысының нәтижелерiн сапасы жағынан да, саны жағынан да өлшеуге болады, бұл өз кезегiнде қала халқына көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын елеулi көтеруге мүмкiндiк бередi.
      Азаматтар мен олардың бiрлестiктерiнiң жергiлiкті мемлекеттік басқаруға белсендi қатысуын қамтамасыз ету үшiн қоғамдық оқылымдар, дөңгелек үстелдер орнықты негiзде өткiзiледi, ал бұлардың нәтижелерiн қалалық басқару органдары әлеуметтiк маңызды шешiмдердi қабылдау кезiнде ескеретiн болады. Аталған iс-шараларды өткiзу мемлекеттiк органдар қызметiнiң ашықтығы мен жариялылығы қағидаттарын iске асыруға ықпал ететiн болады.
      Стратегиялық басқару жүйесiн енгiзу стратегиялық мiндеттердi iске асырудың тиiмдi әдiстерiн әзiрлеуге, мемлекеттiк органдар қызметiн және стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қатысты қол жеткен табыстарды бағалаудағы көрсеткiштердi белгілеуге мүмкiндiк бередi.

Жергілiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк
қызметшiлерiне бiлiктiлігiн арттыру және оларды орнықты
дамыту жөнiндегi жаңа ілімдер мен дағдыларға, стратегиялық
басқару жүйесiне оқыту

      Мемлекеттiк органдардың белгiлi бiр кезең аралығында өздерiнiң алдына қойған мiндеттерiн табысты орындауы болашақта дәл осындай нәтижелерге қол жеткiзуге өздiгiнен кепiл бола алмайды. Мемлекеттiк қызметшiлер де жеке компаниялардың қызметкерлерi сияқты өздерiнiң кәсiби дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отырулары қажет. Аталған мiндеттің шеңберiндегi негiзгі мақсат - мемлекеттiк қызметшiлер мен қызметкерлердiң, мемлекеттiк мекемелер басшыларының кәсiби-бiлiктiлiгi мен iскерлiгi жағынан осы органдар мен мекемелер жұмысына қатысты мiндеттердi орындауға сай болуына қол жеткiзу болып табылады.
      Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру орнықты негізде жүзеге асырылуы тиiс. Осыған байланысты жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары отандық және халықаралық мамандарды тарта отырып, семинарлап және мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн көтеру курстарын орнықты түрде ұйымдастырады. Орнықты даму, стратегиялық басқару жүйесi жөнiндегi дағдыларды дамыту әрi тиiстi халықаралық тәжiрибенi зерделеу үшiн қарқынды тренингтiк бағдарламалар өткiзiлетiн болады.
      Оқыту және бiлiктiлiктi көтеру мiндетi стратегиялық басқару жүйесiнiң маңызды құрамдас бөлiктерiнiң бiрi болып табылады. Өйткенi, қандай да бiр мемлекеттiк құрылымның алдына қойған мiндеттердi орындау үшiн әзiрленген бағдарламалардың сапасы да және тиiсiнше, барша қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандырудың сапасы да мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiм алу сапасына байланысты.
      Кез келген деңгейдегi басшы оның басқару қызметiн қамтамасыз ететiн нақты бiлiмге, әдiстерге, құралдарға ие болуымен қатар, әдiстемелiк жағынан оның ой-өрiсiнiң кең болуы қажет, сондай-ақ ол тиiстi бiлiмi бар әрi өңiрдi және мемлекеттi орнықты дамытуға қатысты мәселелердiң шешу жолдарын терең түсiнетiн адам болуы қажет. Қоғамның барша саласындағы өмiр орнықтылығы ғана емес, сондай-ақ қоғамның әрбiр азаматының өмiр сүру деңгейi мен психологиялық жай-күйi де мемлекеттiк аппарат басшылары мен орындаушыларының өздерiне ведомстволық бағынысты процестердiң орнықтылығын қамтамасыз етудегi қабiлетiне байланысты. Орнықты даму проблемаларын шешудi басқару саласының түпнегiзi әрi ұйымдастыру және басқару қызметiнiң өзегi ретiнде қарастыру қажет.
      Осылайша, барлық буындар мен деңгейлердегi мемлекеттiк қызметшiлердi стратегиялық және орнықты даму проблемалары бойынша теориялық жағынан да, практикалық жағынан да жүйелi негiзде даярлаудың қажеттiгi бар.

Халыққа және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру

      Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар ұсынатын қызметтердiң сапасына халықтың қанағаттануы қаланың орнықты дамуының ең маңызды көрсеткiштерiнiң бiрi болып табылады. Халықаралық стандарттарға сай келетiн мемлекеттiк қызметтердiң жоғары деңгейдегi сапасын қамтамасыз ету үшiн оларды ұсынудың тетiктерiн жетiлдiру қажет.
      Қалада 2005 жылы "жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсететiн орталық құру жөнiнде пилоттық жоба iске асырылуда. Алайда, сонымен қатар, халыққа ұсынылатын мемлекеттiк қызметтің әрбiр түрiне мiндеттi мемлекеттiк стандарт енгiзу қажет. Құжаттарды қараудың мерзiмдерiн, iшкi құжат айналымының көлемiн, көрсетiлетiн қызметтiң жылдамдығын және т.б. реттейтiн стандартты әзiрлеу және енгiзу халыққа қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар қызметкерлерiнiң iс-қимылын бiрiздендiруге мүмкiндiк бередi.
      Мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыруға бағытталған әдiстердiң бiрi ағымдағы және күрделi шығыстарды, оның iшінде мемлекеттiк ұйымдарды жабдықтармен жарақтандыру, оларды пайдалану және жаңарту ережелерiн, ғимараттардың жай-күйiне инженерлiк-техникалық бағалауды жүргiзу тәртiбiн әзiрлеу арқылы нақты нормалау болып табылады. Бұл қала тұрғындарына көрсетiлетiн қызметтерге кететiн бюджет қаражатын тиiмдi бөлуге, мақсатты пайдалануға және оңтайландыруға ықпал ететiн болады.
      Стратегиялық мiндеттi шешудегi жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң маңызды бағыттарының бiрi онлайн режимiнде қызметтер көрсетуге (мысалы, жұмыспен қамту орталығына есепке қою, үйде қызмет көрсетуге өтiнiм ресiмдеу және т.б.) мүмкiндiк беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзу болып табылады.

       5. Астана қаласын орнықты дамыту көрсеткiштерiн бағалау

      Астана қаласының стратегиялық орнықты даму жоспарындағы мақсатқа қол жеткiзу қалада жоғары қарқынмен серпiндi дамып келе жатқан, әртараптандырылған және бәсекеге қабiлеттi инновациялық экономиканың қалыптасуына әкеледi.
      Астана қаласының даму параметрлерiнiң көп нұсқалы есептеулерiн жүргiзген кездегі әдiстемелiк тәсiл Дүниежүзiлiк банкiнiң ұзақ мерзiмдi экономикалық болжауға арналған үлгiсiне негiзделген.
      Консервативтi нұсқа бойынша жүргiзiлген есептеулердiң нәтижелерi 9-кестеде келтiрiлген. Алдын-ала жүргізiлген болжамды есептеулер бойынша 2030 жылы ЖӨӨ көлемi 2005 жылмен салыстырғанда 20 есеге, өнеркәсiптiк өндiрiс шамамен 25 есеге ұлғаяды, ЖӨӨ адам басына шаққанда 60 мың АҚШ долларынан асатын болады.
      Бұл нәтижелер қаланың өнеркәсiптiк өндiрiсi құрылымының жақсаруына ұласып отырады. Ондағы өңдеу секторының үлес салмағы 85 %-ға жететiн болады, ал ең бастысы оның өсу сапасы мүлдем өзгеше реңк алады: қазақстандық және әлемдiк рынокта бәсекеге төтеп бере алатын, жоғары қосылған құны бар жоғары технологиялық және еңбектi көп қажет ететiн өнiмдер басым орынға ие болады. Қала шынында да, экологиялық жағынан таза өндiрiстi инновациялық орталыққа айналады.

                                                          9-кесте
      Астана қаласын 2030 жылға дейiнгi орнықты дамыту
                        көрсеткіштері

 

р/
с
N

Көрсет-
кiштер

2004, нақты

2005, баға

2010

2015

2020

2025

2030

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

ЖӨӨ млрд.
АҚШ долл.

2,4

3,4

5,9

8,6

18,5

35,6

70,8

2

ЖӨӨ құры-
лымы, %
Барлығы
Ауыл шаруашы-
лығы
Өнеркәсiп
Кұрылыс
Сауда
Көлiк
және
байланыс
Өзге
қызметтер

 
 
100,0
0,2
 
 
7,1
17,6
18,2
19,7
 
 
37,2

 
 
100,0
0,2
 
 
5,7
14,0
16,5
24,7
 
 
38,9

 
 
100,0
0,1
 
 
5,6
14,7
17,0
26,0
 
 
36,5

 
 
100,0
0,1
 
 
7,4
16,4
14,6
29,0
 
 
32,5

 
 
100,0
0,1
 
 
7,1
15,8
13,8
29,3
 
 
33,9

 
 
100,0
0,5
 
 
7,3
16,2
13,2
32,8
 
 
29,9

 
 
100,0
1,0
 
 
7,0
14,5
11,5
35,5
 
 
30,5

3

Өнеркәсiп
өнiмдерiн
шығару,
млрд. АҚШ
долл.

0,4

0,4

1,2

1,5

3,0

5,8

10,8

4

Өнеркә-
сiптік
өндiрiс
құрылымы,
%
Барлығы
Өңдеушi
тамақ
өнiмдерiн және
сусындар-
ды өндiру
аралық
пайдалану
тауарла-
рын (құ-
рылыс ма-
териал-
дары, құ-
растырма-
лар, ме-
талл өнiмдерi,
химия
өнеркә-
сiбi және
т.б.)
өндiру
түпкiлiк-
тi пайда-
лауға арналған
дәстүрлi
өндiрiле-
тiн тауарлар
(жиhаз,
тігін
бұйымда-
ры, маши-
на жасау
өнiмдерi)
түпкiлiк-
тi пайда-
лауға
арналған
тауарлар-
дың
(иннова-
циялық
және
еңбектi
көп қажет
ететiн
техноло-
гиялар
негiзiн-
дегi)
жаңа
түрлерi
Электр
энергия-
сын,
газды
және суды
өндiру
және бөлу

 
 
 
 
 
100,0
77,7
 
 
 
20,1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
34,7
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
20,3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
0
 
 
 
 
 
 
22,3

 
 
 
 
 
100,0
77,5
 
 
 
20,1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
37,5
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
19,9
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
0
 
 
 
 
 
 
22,5

 
 
 
 
 
100,0
80,8
 
 
 
18,3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
44,6
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
17,9
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
0
 
 
 
 
 
 
19,2

 
 
 
 
 
100,0
83,9
 
 
 
16,6
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
47,1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
19,2
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1,0
 
 
 
 
 
 
16,1

 
 
 
 
 
100,0
84,4
 
 
 
14,8
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
47,1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
20,7
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1,9
 
 
 
 
 
 
15,6

 
 
 
 
 
100,0
84,3
 
 
 
13,6
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
45,4
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
21,9
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3,4
 
 
 
 
 
 
15,7

 
 
 
 
 
100,0
84,7
 
 
 
12,4
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
45,4
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
23,0
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4,0
 
 
 
 
 
 
15,3

3

Өнеркә-
сiптiк
жалпы
қосымша
(ЖҚӨ)
өнiм,
млрд. АҚШ
долл.

 
 
0,2

 
 
0,2

 
 
0,5

 
 
0,6

 
 
1,3

 
 
2,6

 
 
4,9

4

Өнеркә-
сiптiң
жалпы
қосылған
құны
(ЖҚҚ), млрд. АҚШ долл.

 
 
0,2

 
 
0,3

 
 
0,4

 
 
0,7

 
 
1,1

 
 
1,5

 
 
2,1

5

Аралық
тұтыну,
шығарыл-
ған өнер-
кәсiптiк
өнiмдердi
пайызға
шаққанда

 
 
58

 
 
58

 
 
58

 
 
57

 
 
56

 
 
56

 
 
55

6

Халық
саны,
мың адам 8

529,3

541,3

630,8

729,7

831,3

922,5

1015

       8 КИМЭП ғылыми-зерттеу тобы әзірлеген болжамдардың консервативті нұсқасы мен техниканың басқа да озық бағыттарын дамыту Астана қаласында шоғырланатын болады.

      Қаланың даму көрсеткiштерiнiң ұзақ мерзiмдi болжамы қызметтiң салалары мен түрлерiнiң iрiлендiрiлген топтары бойынша жүзеге асырылған:
      1-топ - азық-түлік тауарлары және сусындар
      Қызметтiң аталған түрi барлық астаналарға тән, өйткенi қызметтің осы түрi халықтың, мейрамханалар желiсi мен кафелердiң, қонақ үйлердің азық-түлiкке деген қажеттілiктерiн қамтамасыз етедi. Қала халқы санының болжанып отырған өсуiне байланысты, аталған қызмет түрi өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымындағы ең басты қызметтердiң бiрiне айналуы қажет.
       2-топ - аралық пайдалануға арналған азық-түлiкке жатпайтын тауарларды өндiру
      Тауарлардың осы бiр, iрiлендiрiлген тобында қазiргi және ұзақ мерзiмдi перспективаға болжанып отырған өндiрiстер топтастырылған. Қазiргi уақытта осы топтың негiзiн қала объектiлерiн салу кезiнде қолданылатын құрылыс материалдары мен құрастырмалар, сондай-ақ машина жасау кәсiпорындарының және басқа да қызмет түрлерiнiң жұмысын қамтамасыз ететiн металлургия өндiрiсi құрап отыр. Бұл топқа, сондай-ақ химия өнеркәсiбi, пластмассадан, резинадан, ағаштан жасалған бұйымдар шығару өндiрiсi және өнеркәсiптiң өзге де түрлерi енiп отыр. Қызмет түрлерiнiң осы тобы қала экономикасының барлық салаларының жұмысын материалдармен, құрастырмалармен, жартылай фабрикаттармен және қосалқы бұйымдармен қамтамасыз ететiн болады. Осының нәтижесiнде салалардың осы тобының үлес салмағы артады.
       3-топ - Астана қаласында дәстүрлi (бұрыннан) өндiрiлетiн түпкiлiктi пайдалануға арналған тауарлар (жиһаз, тiгiн бұйымдары, машина жасау өнiмдерi)
      Қызмет түрлерiнiң осы тобы қазiргi уақытта қалыптасқан қызмет түрлерiнiң қалай дамитынын бағалау үшiн құрылған болатын. Осы қызмет түрлерiнiң барлығы астана мәртебесi бар қалада дамытуға болады-ау деген салалар тiзбесiне тауарларға сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан да, экология мен бiлiм тұрғысынан да, астана мәртебесi бар қала тұрғындарының бiлiктiлігі тұрғысынан да айтарлықтай үйлесiмiн тауып кiрiгiп отыр. Жиһаздар жасау және көпшiлiк тұтынатын сапалы тауарлар тiгу Астана қаласында әрдайым болады.
       4-топ - түпкiлiктi пайдалануға арналған тауарлардың (инновациялық және еңбектi көп қажет ететiн технологиялар негiзiндегi) жаңа түрлерi
      Бiлiм мен ғылымның орталығы ретiнде Астана қаласының стратегиялық дамуының басым бағыттарын, сондай-ақ жас адамдардың осы қалаға деген қызығушылығын ескере отырып, ұзақ мерзiмдi перспективада қаланың өнеркәсiптiк әлеуетiнiң негiзiн аталған қызмет түрлерi құрауы қажет.  Ғарыштық ғылымның, биотехнологиялардың және ғылым
      Еңбектi көп қажет ететiн өндiрiстердi ұйымдастыруға адами ресурстар мен ғылыми зерттеулердiң дамуына байланысты белгiлi бiр кезең аралығы қажет болғандықтан осы қызмет түрлерi тобының дамуын болжау кезiнде осындай тауарлар өндiрудi бастау үшiн уақытша көзделген.
      Қамтамасыз ететiн сала ретiнде  электр энергиясын, газды және суды өндiру және бөлу ЖӨӨ  өсуiне барабар қарқынмен, энергияны сақтайтын технологияларды дамытуды ескере отырып, дамитын болады.
      Қызметтер көрсету қала экономикасының перспективтi құрылымының басты құрамдас бөлiгi болады. Есептеулер бойынша 2020 жылға дейiн тауарлар өндiрудiң үлесi ұлғайып отырады, бiрақ кейiн қызметтер көрсетудiң үлесi әлдеқайда жоғары қарқынмен дамитын болады. Бұл мынаған: көрсетiлетін қызметтер ұлғаю үшiн, негiзiн өнеркәсiп құрайтын өндiрiстiк базаны қамтамасыз етудiң қажет екендiгiне негiзделiп отыр.
      Алайда, қаланың орнықты дамуына қол жеткiзу - ұзақ процесс. Орнықты дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған iс-шараларды iске асырылуы барысына ұдайы бақылау жасап, пайдаланылатын құралдардың тиiмдiлiгiне, алдыға қойылған мақсаттарға қатысты қол жеткен табыстар деңгейiне бағалау жүргiзу қажет. Бұл тиiстi көрсеткiштердi, яғни орнықты даму индикаторларының болуын көздейдi 9 .
________________________
       9  БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылы Рио-Д-Жанейрода өткен конференциясының шешімі

      Орнықты даму саласындағы халықаралық институттар мен мамандар тұтас елдер үшiн де, сондай-ақ жекелеген елдi мекендер үшiн де орнықты даму индикаторларын экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық сияқты үш топ бойынша анықтау жөнiндегi жұмыстарды жалғастырып жатыр.
      Осыған байланысты, Астана қаласы үшiн орнықты дамудың бiрқатар бiрiктiрiлген индикаторларды пайдалануға мүмкiндiк туып отыр. Олар мыналар: адам дамуының кiрiктiрiлген индексi (өмiр сүру ұзақтығы, сауаттылығы, халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңiрлiк өнiм), атмосфераның ластану индексi, жаңғыртылған ресурстарды пайдалану, халықтың коммуналдық қызметтермен қамтылуы, қалдықтар мәселесiн шешу және т.б. Орнықты даму индикаторларының болуы стратегиялық басқару жүйесiн әзiрлеп, енгiзумен қатар, тиiстi стратегиялық мiндеттерге қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттік органдардың қызметiн бағалауға мүмкiндiк бередi.
      Орнықты дамудың бiрқатар маңызды индикаторларының тiзбесi және Астана қаласы үшiн олардың мақсатты маңызы 10-кестеде келтiрiлген.

      Астана қаласын тұрақты дамыту индикаторлары және олардың
                      орынды мақсаттары 

  

Көр-
сет-
кіш-
тер

Өл-
шем
бір-
лі-
гі

2004
(факт)

2005
(ба-
ға-
лау)

2010

2015

2020

2025

2030

1

2

3

5

6

7

8

9

10

11

   Экологиялық индикатор

1

Лас-
тай-
тын
зат-
тар-
ды
ат-
мос-
фера-
ға
тас-
тау,
оның
іші-
нде:

мың.
тон-
на

93,7 *1

98,3 *1

93,5

86,8

80,4

74,3

68,4 *2

 

лас-
тау-
дың
ста-
цио-
нар-
лық
көз-
дері-
нен

мың.
тон-
на

51,6 *1

54,2 *1

51,5

47,8

44,4

41,3

38,4 *2

 

лас-
тау-
дың
жыл-
жы-
малы
көз-
дері-
нен (ав-
токө-
лік)

мың.
тон-
на

42,1 *1

44,1 *1

42,0

39,0

36,0

33,0

30,0 *2

2

1000
тұр-
ғынға
шақ-
қан-
да
жеңіл
авто-
моби-
льдер

дана

142,7 *

150,1

189,1

238,3

270,0

300,3

350,0 *3

3

Ат-
мос-
фера-
лық
лас-
тану
дең-
гейі
(АЛ
Д 5 )

ин-
де-
кс

3,1 *1

3,6 *1

2,8

2,5

2,0

1,0

0,9 *4

4

Өнді-
ріс-
тік қал-
дық-
тар-
дың
жи-
нақ-
талуы

мың
тек.
м

62,29 *1

60,05 *1

54,05

45,9

34,4

17,2

3,4 *2  

5

Қатты
тұр-
мыс-
тық
қал-
дық-
тар-
дың
жи-
нақ-
талуы

мың.
тек.
м

616,65 *1

751,94 *1

676,7 

575,2

431,4

215,7

43,1 *2

6

ЖӨӨ
сый-
ымды-
лығы-
ның
дең-
гейі

тек.
м/
млн.
тең-
ге

136,0 *5

102,9 *5

80,8 *5

62,3

48,0

37,0

28,5 *2

7

Ай-
нал-
малы
және
дәй-
екті
түрде
сумен
жаб-
дық-
тау

млн.
тек.
м

135,0 *1

140,75 *1

147,8

155,2

163,0

171,0

179,6 *2

8

Бір
тұр-
ғын-
ға
шақ-
қан
есеп-
тегі
қала
ішін-
дегі
жасыл
же-
лек-
тер
алаңы

шар.
м/
адам

9,8 *6

10,5 *6

13,0

15,0

17,0

18,5

19,2 *7

9

Тұр-
ғын
үй-
лерде
және
жа-
тақ-
хана-
ларда
бір
адам-
ның
тәу-
лік-
тік
су тұты-
нуы көр-
кей-
тудің
тө-
менгі
дәре-
жесі-
мен
көр-
кей-
тудің жоға-
ры дәре-
жесі-
мен

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
литр

 
 
 
 
 
 
литр 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
35 *8
 
 
 
 
 
 
 
360 *8

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
35 *8
 
 
 
 
 
 
 
360 *8

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
40
 
 
 
 
 
 
 
300

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
43
 
 
 
 
 
 
 
250

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
45
 
 
 
 
 
 
 
200

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
48
 
 
 
 
 
 
 
180

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
50 *9
 
 
 
 
 
 
 
150 *9

10

ЖӨӨ
таби-
ғат
қор-
ғау
іс-
шара-
лары-
на
жұм-
сал-
ған
шы-
ғыс-
тар

0,04 *5

0,03 *5

0,03 *5

0,3

0,7

1,1

1,5 *9

11

Қайта
өң-
дел-
ген
қал-
дық-
тар-
дың
көле-
мі

0

0

10

15

25

50

80 *2

12

Жер
бе-
тін-
дегі
сар-
қынды
су
жүйе-
сін
енгі-
зу,
қала-
ның
аума-
ғын
қамту

0

0

20

50

70

80

100 *2

   Экономикалық индикаторлар

13

Ха-
лық-
тың
басы-
на
шақ-
қан-
да *10

мың
АҚШ
дол-
лары

4,6

6,3

9,4

11,8

22,2

38,5

69,8

   Әлеуметтік индикаторлар

14

Туыл-
ған-
нан
бас-
тап
өмі-
рінің
орта-
ша
ұзақ-
тығы

жас

70,8 *

71,5

71,8

75,0

77,0

78,1

79,1 *10

15

1000 туыл-
ған-
дар
шақ-
қанда
сәби
өлімі

оқи-
ға-
лар

11,7 **

14,0 *11

11,4

8,0

5,6

4,0

3,3 *12

16

10000
тұр-
ғын-
ға
шақ-
қанда
дәрі-
гер-
лер-
дің
саны  *13

адам

58,0

58,6

61,2

64,2

67,1

70,3

73,4

17

Бала-
лар
вак-
цина-
ция-
сының
дең-
гейі
*14

%

98,5

98,9

99,0

99,0

99,0

99,0

99,0

18

Жұ-
мыс-
сыз-
дар-
дың
дең-
гейі

%

8,3 **

8,0 *11

6,9

6,0

5,5

4,7

4,0 *2

19

Табы-
сы
төмен
ха-
лық-
тың
үлесі
күн кө-
ріс-
тің ең
тө-
менгі шама-
сы
азық-
түлік
қор-
жыны-
ның құны

 
 
 
 
 
 
 
%
 
 
 
 
 
 
 
 
%

 
 
 
 
 
 
 
1,1 *
 
 
 
 
 
 
 
 
0,8 *

 
 
 
 
 
 
 
1,4 *
 
 
 
 
 
 
 
 
0,8 *

 
 
 
 
 
 
 
0,9
 
 
 
 
 
 
 
 
0,6

 
 
 
 
 
 
 
0,8
 
 
 
 
 
 
 
 
0,4

 
 
 
 
 
 
 
0,7
 
 
 
 
 
 
 
 
0,2

 
 
 
 
 
 
 
0,6
 
 
 
 
 
 
 
 
0,0

 
 
 
 
 
 
 
0,5 *2
 
 
 
 
 
 
 
 
0,0 *2

20

20% халық
топ-
тары
бой-
ынша
Джин-
ни
ин-
дексі

 

0,301 *

0,300 *2

0,250

0,200

0,150

0,100

0,100 *2

21

10000
тұр-
ғын-
ға
шақ-
қанда
қыл-
мыс-
тың
дең-
гейі

оқи-
ға-
лар

83,5 *

83,5 *

70,0

60,0

45,0

35,0

25,0 *2

22

Ха-
лық-
тың
сауат-
тылық
дең-
гейі
(орта
бі-
лім)

%

99,7 *

99,7 *

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0 *2

23

ЖӨӨ
құ-
рылы-
мында
бі-
лімге
кет-
кен
шы-
ғыс-
тар

%

1,8 *15

1,9 *15

2,5

3,0

3,5

4,0

5,0 *16

24

Адам-
ды
дамы-
ту
ин-
дексі

 

0,842 *

0,859 *

0,876

0,908

0,920

0,945

0,956 *2

25

Ха-
лықты
қыз-
мет-
тер-
мен
қам-
ту:
орта-
лық-
тан сумен
жаб-
дық-
тау   кәріз

 
 
 
 
 
 
 
 
%
 
 
 
 
 
 
%

 
 
 
 
 
 
 
 
94,3 *17
 
 
 
 
 
 
72 *17

 
 
 
 
 
 
 
 
96,4 *17
 
 
 
 
 
 
76 *17

 
 
 
 
 
 
 
 
97,3
 
 
 
 
 
 
82

 
 
 
 
 
 
 
 
98,0
 
 
 
 
 
 
88

 
 
 
 
 
 
 
 
98,7
 
 
 
 
 
 
92

 
 
 
 
 
 
 
 
99,4
 
 
 
 
 
 
98

 
 
 
 
 
 
 
 
100,0 *2
 
 
 
 
 
 
100,0 *2

       *)   Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
       **)  Астана қаласындағы статистика басқармасы
       *1)  Астана қаласындағы Табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру басқармасы
       *2)  ЦУРС болжамдары
       *3)  Астана қаласын дамытудың бас жоспары
       *4)  2003 жылы "Казгидромет" РМК, ОС ластау мониторинг орталығы ұсынған атмосфералық ауа сапасының өлшемдеріне сәйкес
       *5)  Астана қаласының Табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру басқармасы деректерінің негізінде ЦУРС есептері
       *6)  ГКП "Зеленстрой"
       *7)  Астана қаласын 2030 жылға дейін көгалдандырудың Кешенді схемасына сәйкес
       *8)  "Астана су арнасы" ҚКК
       *9)  Көптеген халықаралық агенттiктер мен сарапшылар ауыз су тұтынуды қанағаттандыру санитарлық-гигиеналық мақсаттар, жуыну және тамақ дайындау үшiн бiр күнде бiр адамға 50 л жеткiліктi деп есептейдi. Су ресурстарын үнемдi пайдалануды жақтаушылар болып табылатын Еуропаның көптеген елдерiнде бiр адамға тәулiгiне кететiн су шығыны 110-150 литрдi құрайды
       *10)  Норвегияда жастың орташа ұзақтығы, ол әлем елдерiнiң рейтингiнде жасының ұзақтық деңгейi бойынша 1-орында тұр, БҰҰ, 2002 жыл
       *11)  Астана қаласы Статистика басқармасы деректерiнiң негiзiнде ЦУРС есептерi
       *12)  2002 жылғы қорытындылар бойынша ЮНИСЕФ Швеция мен Жапонияда әлемдегi сәби өлiмiнiң көрсеткiшi өте аз
       *13)  Астана қаласының денсаулық сақтау департаментi
       *14)  Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi. Дүниежүзiлік Денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi ұсынған балалар вакцинациясының жоспарлы деңгейi кем дегенде 95 % құрайды (ҚР ДМ 26.06.95 г. N 270 бұйрығы)
       *15)  Астана қаласының Білім департаментi
       *16)  Білім мәселелерi бойынша Дакарской конференциясының барысында өтпелi экономика елдерiне бiлiм жүйесiн дамытуға елдiң бюджет қаражаттарының 6-7%-ын жiберу ұсынылды.
       *17)  Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi
         ж   Астана қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы

       Қорытынды
      Астана қаласының стратегиялық орнықты даму жоспарының тиiмдi iске асырылуын қамтамасыз ету үшiн стратегиялық мақсаттар мен мiндеттер белгiленген. Олардың шешiлу деңгейiне қарай отырып, мемлекеттiк органдар жұмысының тиiмдiлiгiн сипаттауға болады.
      Сонымен қатар, әрбiр стратегиялық мiндет үшiн астананы дамытудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған стратегиялық бастамаларды (iс-шараларды) қамтитын тиiстi бағдарламалар мен (немесе) жоспарлар әзiрленетiн болады.
      Стратегиялық бастамаларды әзiрлеу кезiнде стратегиялық басқарудың мынадай негiзгi қағидаттары сақталатын болады:
      стратегиялық даму жоспарына сай болу қағидаты. Барлық стратегиялық бастамалар Астана қаласының стратегиялық даму жоспарына сәйкес болуы қажет және тиiстi стратегиялық мiндеттердi шешуге бағытталуы тиiс;
      орнықтылық қағидаты. Қаланың ұзақ және орта мерзiмге арналған даму бағдарламалары мен жоспарларына енгiзiлетiн барлық стратегиялық бастамалар орнықтылық қағидаттарына, оның iшiнде экология, экономика, әлеуметтiк және қоғамдық даму сияқты төрт аспектiнi ескере отырып, кешендi тәсiлдi пайдалануға негiзделген болуы қажет;
      сандық және сапалық бағалау қағидаты. Стратегиялық бастамалар өлшеуге келетiн сандық және сапалық көрсеткiштерге ие болуы қажет. Олар өз кезегінде оларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалауға қатысты негiздiң рөлiн атқарады;
      күштi және әлсiз жақтарды талдау қағидаты. Стратегиялық бастамалар тиiстi күштi және әлсiз жақтарды талдауға негізделген болуы қажет және қолда бар реттеушi (заңнамалық, нормативтiк), ресурстық және уақыттық шектеулердi ескеруi тиiс;
      орталықтандыру қағидаты. Стратегиялық бастамалар әзiрлеудi үйлестiру әкiмдiктiң барлық құрылымдық бөлiмшелерi үшiн орталықтандырылған негiзде жүзеге асырылуы қажет. Бұл стратегиялық мақсаттарды үйлестiрудi және қаланы басқарудың барлық деңгейлерiндегi жұмысты бiр iзге түсiрудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi;
      өзара байланыс қағидаты. Барлық стратегиялық бастамалар өзара келiсiлген болуы қажет және бiрiне-бiрi кереғар болмауы тиiс. Ал қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда, түпкiлiктi шешiмдi стратегиялық дамудың басымдықтарын ескере отырып, астананың әкiмi қабылдауы тиiс.
      Стратегиялық жоспар бекiтiлгеннен кейiн стратегиялық мiндеттердi шешуге бағытталған Стратегиялық бастамалар жоспары әзiрленетiн болады.
      Стратегиялық жоспардың iске асырылуы қаланың ұзақ мерзiмдi кезеңдегi орнықты дамуын, Астананың болашақтағы жоспарланған кейпiне қол жеткiзудi және Астанаға жүктелген миссияның орындалуын қамтамасыз етедi.
      Стратегиялық мақсаттар мен мiндеттердiң iске асырылуы бағалаулар бойынша 2030 жылға астананың орнықты дамуының мынадай көрсеткiштерiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:
      2005 жылмен салыстырғанда ЖӨӨ-ның өсуi 20 еседен асады;
      өнеркәсiптiк өндiрiс көлемi шамамен 25 есеге ұлғаяды;
      жұмыссыздық деңгейi 4 %-ға дейiн төмендейдi;
      арнайы қоқыс орындарына шығарылатын қалдықтардың көлемi оның жалпы көлемiнiң 20 %-на дейiн қысқарады;
      нәрестелердiң 1000 туылған сәбиге шаққандағы шетiнеу оқиғасы 3 есеге жуық азаяды.

      Астана қаласын        
2030 жылға дейін орнықты   
дамытудың стратегиялық жоспарына
1-қосымша          

Астана қаласын тұрақты түрде дамытудың
Стратегиялық картасы
( Қағаз мәтініне қараңыз )

      

      

Астана қаласын          
2030 жылға дейiн орнықты    
дамытудың стратегиялық жоспарына
2-қосымша            

Астананың орнықты дамуының негiзгi аспектiсiн талдау

      Астананың ұзақ мерзiмдi ұстамдылығын қамтамасыз ету көзқарасынан келесi негiзгi аспектiлер бөлiп шығарылады:
      Астанамен салыстырмалы дүние жүзiнiң сәтті астаналардың экономикалық даму моделiнiң талдауы;
      Астананың Орталық Азия мемлекеттерiнiң астаналарымен салыстырғандағы бәсекеге қабiлеттiгi факторлары;
      Астананың Қазақстанның басқа iрi қалаларымен салыстырғандағы бәсекеге қабiлеттігi факторлары;
      Астаналық қалалар бюджетiнiң құрылуының халықаралық тәжiрибесi;
      Астананың ағымдағы жағдайының және серпiнiнiң талдауы.

1.1. Әлемнiң бiр қатар астаналарының экономикалық даму моделiнiң талдауы

      ХIХ ғасырдың аяғында, 16 мемлекет, соның iшiнде Қазақстан да өз астанасын қайта құрылған немесе бұрыннан берi жұмыс iстеген қалаларға көшiрген (1-кесте).

                                                          1-кесте

                   Мемлекеттердiң жаңа астаналары

N

Ел, жаңа
астана

Аста-
наны
тасы-
малдау
жылы

Бұрынғы
астана

N

Ел, жаңа
астана

Астананы
тасы-
малдау
жылы

Бұрынғы
астана

1

АҚШ,
Вашингтон

1800

Филадельфия

9

Малави,
Лилонгве

1965

Зомба

2

Канада,
Оттава

1875

Торонто

10

Белиз,
Бельмопан

1970

Белиз -
Сити

3

Австралия,
Канберра

1927

Сидней

11

Танзания,
Додома

1973

Дар Эс
Салам

4

Пәкiстан,
Исламабад

1959

Карачи

12

Кот-д'
Ивуар,
Ямусукро

1983

Абиджан

5

Бразилия,
Бразилиа

1960

Рио де
Жанейро

13

Германия,
Берлин

1990

Бонн

6

Маврита-
ния,
Нуакшот

1960

Сент Луис
(Сенегал)

14

Нигерия,
Абуджа

1991

Лагос

7

Ботсвана,
Габеронес

1961

Мафекинг

15

Қазақстан,
Астана

1997

Алматы

8

Ливия,
Триполи

1963

Бенгази

16

Малайзия,
Путраджайя

2000

Куала
Лумпур

      "Жаңа" астаналардың даму деңгейiн бағалау белгiсi, жыл сайын дүние жүзiлiк экономикалық форуммен өткiзiлетiн елдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы дүние жүзiлiк рейтингiсiндегi жағдайы бойынша анықталады.

                                                            2-кесте

 
           Елдердiң негiзгi экономикалық көрсеткiштері

Жаңа астана

Елдiң дүние жүзiлiк
рейтингiсiндегі
экономикалық
бәсекеге
қабiлеттiлiгi,
2005 жыл

Елдiң сатып алу
мүмкіншілігі
паритетi бойынша
ЖIӨ, 2004 жыл,
млрд. АҚШ долл.

Елдiң тұратын
әрбiр жанға
мүмкіншілігi
паритетi
бойынша ЖIӨ,
2004 жыл,
АҚШ долл.

Вашингтон

АҚШ (2)

11750,0

40100

Оттава

Канада (14)

1023,0

31500

Канберра

Австралия (10)

611,7

30700

Исламабад

Пәкiстан (83)

347,3

2200

Бразилиа

Бразилия (65)

1492,0

8100

Берлин

Германия (15)

2362,0

28700

Астана

Қазақстан (61)

118,4

7800

Путраджайя

Малайзия(24)

229,3

9700

Дерекнама: Дүние жүзілік экономикалық форум
      АҚШ-ның Орталық ақпараттық агенттiгi

      Елдiң "жаңа" астана мен қаржы-iскерлiк орталығы арасындағы арақашықтық, сондай-ақ маңызды салыстыру белгiсiнiң бiрi болып келедi (3-кесте). Тарихи құрылған қаржы-iскерлiк орталығына жақын орналасқан қалалар сол орталықтан алыс қашықтықта тұрған қалалардан басқаша дамиды. Қаржы-iскерлiк орталықтан 1000 км арақашықтыққа дейiн орналасқан жаңа астаналар сол орталықтың бәсекелесi емес, "жалғасы" және "қосымшасы" болып саналады. Ал жаңа астана қаржы-iскерлiк орталықтан 1000 км-ден астам арақашықтықта орналасқан болса, онда жаңа астананың дамуын толығымен өздiгімен жұмыс жасайтын қала ретiнде қарастыру керек.

                                                            3-кесте

       "Жаңа" астаналар және қаржы-iскерлік орталықтары
                    арасындағы ара қашықтық

Жаңа астана

Астаналар және қаржы-iскерлік
орталықтары арасындағы ара қашықтық

Вашингтон

Вашингтон - Нью-Йорк - 300 км

Оттава

Оттава - Торонто - 450 км

Канберра

Канберра - Сидней - 286 км

Исламабад

Исламабад-Карачи - 1100 км

Бразилиа

Бразилиа - Сан-Пауло - 1160 км

Берлин

Берлин - Франкфурт на Майне - 558 км

Астана

Астана - Алматы - 1318 км

Путраджайя

Путраджайя - Куала-Лумпур - 32 км

      Сараптауда астаналардың басқа да даму белгiлерi қарастырылған, олар халық саны, астанада тұратын әрбiр жанға деген жалпы аймақтық өнiм көлемi, (бұдан әрi - ЖАӨ), жұмыссыздық деңгейi, мемлекеттiк басқару органдарында қызмет iстеп жүрген халықтың үстемi (4-кесте).

                                                            4-кесте

      Астаналардың негiзгi әлеуметтiк-экономикалық даму
                        көрсеткiштерi

Жаңа астана

Жаңа астананың
2003 жылдың
аяғындағы
халық саны,
мың адам.

Астанада
тұратын
әрбiр жанға
деген ЖАӨ,
2003 жыл,
АҚШ долл.

Мемле-
кеттiк
басқару
орган-
дарында
қызмет
iстеп
жүрген
халықтың
үстемi,
2003 жыл,
%-да

Аста-
надағы
жұмыс-
сыздық
деңгейi,
2003 жыл,
%-да

Вашингтон

553,5

32750,0

34,2

6,6

Оттава

774,1

32373,0

19,6

6,9

Канберра

323,4

46458,6

24

4,1

Исламабад

901,1

1884,0

32,3

15,7

Бразилиа

2145,8

3989,6

48

4,0

Берлин

3472,0

21789,0

22,3

6,0

Астана

529,4

3369,4

22

8,4

Путраджайя

40,0

8092,0

-

-

      Сараптау көрсеткендей, Астана бiр қатар параметiрлерi бойынша, Бразилияның астанасы Бразилиамен тарихи құрылу алғышарты, қазiргi сәулеттiк бейнесi, сондай-ақ экономикалық даму екпiнi мен бағыты бойынша салыстырмалы.
      Бразилияның Астанадан негiзгi айрықша ерекшелiктерi:
      бұрынғы астаналары мемлекеттiң қаржы-экономикалық орталықтары, дамыған қалалары болып келген;
      жаңа астаналар бұрынғы астаналардан анағұрлым алыс арақашықтықта орналасқан (Бразилиа - Сан-Паулу - 1160 км, Астана - Алматы - 1318 км);
      астананың бас құрылыс жоспарларын жетiлдiруде дүние жүзiне танымал сәулетшiлердiң қатысуы (Лусиа Коста, Кисе Курокава);
      астаналардың халық санының өсуi ең алдымен мемлекеттік қызметкерлердiң және еңбекшi мигранттардың басқа елдi аумақтарынан көшу есебiнен болған;
      2005 жылы мемлекеттердiң дүние жүзiлiк бәсекеге қабiлеттiлiгiндегi ұқсас жағдайы (Бразилия - 65, Қазақстан - 61);
      астананың жалпы аймақтық өнiмнiң тұратын әрбiр жанға бiршама тең көлемi (Бразилиа - 3 989,6 АҚШ доллары, Астана - 3 369,4 АҚШ доллары);
      - халықтың мемлекеттiк басқару саласында толық жұмыс бастылығы.
      Бразилияның жаңа астанасын салуының негiзгi себептерi:
      - бұрынғы астана Рио-де-Жанейроның мұхит жағалауында орналасқаны (табиғи катаклизмның қаупi);
      - ел орталығының экономикалық дамуын ыңталандыру қажетi;
      - ел азаматтарының ұлттық бiрлестiк сезiмiн тудырудың мүмкiншiлігі.
      1960 жылдың 21 сәуiрiнде Бразилиа Бразилияның ресми астанасы болып жарияланды. Жаңа астана орналасқан участкi Бразилияның ерекше аумақтық бiрлiгi - Федералды астаналық округi болып аталды.
      1960 - 2004 жылдар арасында Бразилия астанасының халық саны 140,2 мың адамнан 2 233,6 мың адамға дейiн көтерiлдi (сәйкесiнше, елдiң жалпы халық санында астананың халық үлесi 0,2 %-дан 1,2 % дейiн өстi). Алғашында жаңа астананың негiзгi бөлiгiн бұрынғы астанадан көшiп келген мемлекеттiк қызметкерлер және олардың жан ұялары құраған. Бразилия астанасының одан арғы даму барысында қала маңында қоныстар құрылған, елдiң басқа аумақтарынан еңбекшi мигранттар көшiп келген. Қазiргi уақытта Федералды астаналық округта жыл сайынғы халық санының өсуi орташа есеппен 5,0 мың адамдай құрайды.
      Федералды округ Бразилиа iс жүзiнде толығымен мемлекеттiк басқару жұмыстарға бағдарланған орталық астаналық округке (министрлiктер, ведомстволар, шет ел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi, халықаралық қаржылық ұйымдардың кеңселерi) және астаналық қалаларға қызмет көрсетiп, жергiлiктi өнеркәсiп мәнiн дамытатын, Бразилиядан 50-300 км арақашықтан орналасқан спутник-қалаларға бөлiнген. Бразилиа негiзiнен, мемлекеттiк секторға бағытталған қала, тұрақты даму стратегиясына ие бола алады деген дәлелдiң расталуының үлгiсi болып келедi.
      Бразилияның негiзгi даму көрсеткiштерi:
      Бразилиа экономикасында келесi қызмет көрсету түрлерi басымды дамыған: мемлекеттiк, байланыстық, қаржылық, заңды және ойын-сауық мекемелерi қызметтерi. 2002 жылы астананың ЖАӨ құрылымында ауыл шаруашылық үлесi жалпы көлемнен - 0,7 %, өндiрiс - 6,3 %, қызмет көрсету - 93 % құрады;
      Астана бюджетiнiң басты түсiмi орталық үкiметтен берiлетiн қаржыдан құрылуы (Бразилия Конституциясының 21-бабына сәйкес);
      1960 жылдары қаланың халық санының нольдi белгiден 2 282 мың адамға дейiн 2004 жылы көтерiлуi;
      жұмыссыздықтың төмен көрсеткiшi (2003 жылдың қорытындысы бойынша - 4 % арасында);
      көлiк коммуникацияларының жайлы шешiмi, қиылысу автострадалардың жоқ болуы, көлiк қозғалысын жүру жолдармен эстакада жүйелерi арқылы реттеу;
      астананың еңбекшi мигранттармен толып кетуiнен аман болу үшiн, өндiрiстiк кәсiпорындардың спутник-қалаларында орналасқаны;
      тұрақты қалалық жобалау моделiнiң сәттi жетiлдiрiлуi: 1987 жылы ескерткiштер және мұралар бойынша Халық аралық кеңес (ЮНЕСКО) қаланы қорғауға жататын, "Дүние жүзiлiк мирастар объектiлерi тiзiмi" - не қосты. 1987 жылы ЮНЕСКО бiр адамға деген жасыл кеңiстiктiң аумағы кемшілiксiз деп тапты (тұратын әрбiр жанға 25 ш.м. ).

                                                           5-кесте

  Бразилиа қаласының 1994-2004 жылдардағы жалпы өңiрлік өнiмi

 

ЖӨӨ, млн. АҚШ
долл.

Халық саны,
адам

Тұратын әрбiр
жанға ЖӨӨ,
АҚШ долл.

Елдiң ЖIӨ-нiң
жалпы
көлемiндегi
астананың
ЖӨӨ үлесi,%

1994

8473

1737156

4877,5

1,94

1995

15566

1784047

8724,7

2,05

1996

17228

1830606

9411,5

2,12

1997

17930

1877015

9552,7

2,27

1998

20786

1923619

10805,5

2,75

1999

12288

2010527

6111,8

2,26

2000

13964

2051146

6808,2

2,48

2001

10207

2101818

4856,0

2,00

2002

6901

2145839

3216,0

2,00

2003

8737

2189789

3989,6

2,00

2004

8455

2233613

3785,3

2,00

Дерекнама: Бразилияның Ұлттық санақ және география агенттiгi

      Астаналық округте тұратын әрбiр жанға деген ЖӨӨ елдегi орташа көрсеткiштен кем дегенде 2 рет асты. Елдiң жалпы өнiмiндегi Астананың ЖӨӨ үлесi бiрнеше жылдар бойы бiр деңгейде тұрып, оның
2 % құрады.

                                                           6-кесте

           Бразилиада өндiрiлген өнiмнiң жалпы қосылған
                         құнының құрылымы

                                                             %

Экономикалық қызметтiң түрлері

1990

1995

2000

Ауыл, орман және балық шаруашылығы,
мал шаруашылығы

0,27

0,53

0,47

Өндiру өнеркәсiбi

0,49

0,01

0,02

Өңдеу өнеркәсiбi

1,37

2,15

2,90

Электр, газ және сумен жабдықтау

0,30

0,77

0,74

Құрылыс

1,68

4,44

3,98

Сауда, автокөлiктердi, тұрмыс
бұйымдарды және жеке пайдалану
заттарды жөндеу

3,64

3,43

2,20

Қонақжайлар және мейрамханалар

0,85

1,54

0,92

Көлiк және жүктердi сақтау

0,70

1,55

1,84

Байланыс

0,73

3,82

3,89

Қаржылық қызмет

68,60

34,08

28,81

Жылжымайтын мүлiкпен операциялар,
жалдау және тұтынушыларға қызмет
көрсету

3,31

8,62

10,50

Мемлекеттiк басқару, қорғаныс және
әлеуметтiк қамтамасыз ету

17,34

35,93

40,49

Бiлiм беру, денсаулық қорғау және
әлеуметтiк қызмет көрсету

0,98

2,51

2,45

Басқа әлеуметтiк және дербес
қызметтердi көрсету

0,07

0,20

0,24

Коммуналдық қызметтер көрсету

0,15

0,40

0,42

Жиыны

100,00

100,00

100,00

Дерекнама: Бразилияның Ұлттық санақ және география агенттiгi

      Бастапқы жылдары "жаңа" астананың жергілiкті үкiметi өз алдына қойған басты мiндеттерiнiң бiрi, өндiрiс саласында ұстамды қызмет iстеп жатқан және одан арғы өсу потенциалы бар кәсiпкерлермен байланысты құру және жақсарту болған. Мемлекеттік қолдауда негізгi артықшылық (несиелер беру, мемлекеттiң қарызға кепiлдiк беруi) тұтыну тауарлардың экологиялық таза өндiрiсiн жақсартатын кәсiпорындарға берiлген. Осымен байланысты, астанада негiзiнен жеңiл, фармацевтикалық өнеркәсiп, компьютерлердi жинақтау, электрондық жинақтайтын бұйымдарды өндiру, жиһаздарды және басқа ағаш өнiмдерiн өндiру, зергерлiк қызмет, асыл тастарды өңдеу қызметтерi дамыған. Өнеркәсiптiң астанадағы ЖӨӨ құрылымындағы үлесi бiртiндеп өсiп келедi (1985 жылғы 3,5 %-дан 2002 жылы 6% дейiн).
      Қазiргi кезде астанада орталық және жергiлiктi билiк органдарының басты күштерi алдымен кiшi бизнестi даму есебiнен, қаладағы iскерлiк белсендiлiктi асыруға бағытталған.
      Жеке салада кiшi қолөнер, мейрамханалар, такси, дүкендер, кинотеатрлар кеңiнен дамыған. Бұған жергілiктi органдар билiгiнiң кредиттердi жеңiлденген шарттар бойынша беруi, кәсiпкерлер қызметкерлердi кәсiпкерлiк әдетке үйрету және жеке бiлiктiлiгiн жетiлдiру бағдарламалары жағдай жасайды.
      Аграрлық салада жоғары технологияларды енгiзу Бразилианың басты экономикалық дамуының бағыты болып келедi. Жергiлiктi басқару органдары тауарлар мен қызметтердi үлкен қосымша құнмен өндiретiн кәсiпкерлермен белсендi жұмыс жасайды. Жергiлiкті билiктiң ұйымдастық қолдауы шартында астанада халықаралық көрмелер, конференциялар өткiзiледi, халықаралық байланыстарды жақсарту, елдер арасында тәжiрибелердi бөлiсу мақсатында кәсiпкерлер делегацияларының шет елдерге баруы жетiлдiрiледi.
      Бразилиада ғылыми маңызды өнiмдердi қаржыландыру және енгiзу келесi тiзбе арқылы жүзеге асырылады: "үкiмет - университет - кәсiпорын". Ғылыми зерттеу жұмыстардың басты кезеңiн жетiлдiру үшiн, мемлекеттiк гранттар қарастырылған.
      Бразилиа елдiң саяси орталығы ретiндегi негiзгi арналымына қарамастан, онда мәдени әдетi де мықты дамыған. Қалада көптеген саябақтар мен көңiл көтеретiн орындар да бар, сондай-ақ бiрнеше сахнадан тұратын Ұлттық театр, Бразилия мұражайы, ел тарихы Институты жұмыс iстейдi. Қаланың негiзгi бөлiгiне орманды жерлер мен спорт құрылыстар кешендерi iргелеседi. Жасанды көл жағалауында шет ел мемлекеттердiң елшiлiк ғимараттары, су және кей бiр басқа спорт түрлерiнiң құрылыстары, ел Президентiнiң резиденциясы салынған. Бразилиада iшкi және сыртқы туризм анағұрлым күштi дамыған.
      Мемлекеттiк басқару саласында жұмыс iстеп жатқан адамдар үлесi, жұмыссыздық деңгейi, ауа райы жағдайы және басқа белгілер бойынша Астана сонымен қоса Оттавамен салыстырмалы. Оттава дүние жүзiндегi ең сәттi дамыған астаналардың бiрi. Ол Канаданың әкiмшiлiк және экономикалық орталығы болып келедi. Қала саяхатшыларды тарту үшiн, табиғи ауа райылық жағдайларды тиiмдi пайдаланады.
      2003 жылдың қорытындылары бойынша, Оттава Канада қалалары iшiнде ЖӨӨ көлемi жағынан алда тұр. Оның ЖӨӨ көлемi 31531,0 млн. АҚШ долларына дейiн жеттi. Оттаваның тұратын әрбiр жанға деген ЖӨӨ 32,4 мың АҚШ доллары.
      Бағдарламалық қамтамасыз ету және телебайланыстар, микроэлектроника, кәсiби қызметтер (инженерлiк және жобалы), биотехнологиялар, туризм салаларында кластерлердiң бар болуы және оның жылдық өсуi Оттава экономикасының даму факторының негiзi болып келедi. Оттаваның кластерлерi экономикалық дамудың катализаторлары болып келедi, олар қаланың табыс көлемiнiң экспорттық сатулар есебiнде өсуiн кепіл етедi.
      Оттавада кластерлердiң құрылу және дамуының басты алғышарттары:
      мемлекеттiң бiлiмге деген үлкен инвестициялары;
      муниципалдық технологиялар мен бизнес саябақтарын ашу (осы  шартта, кәсiпорындардың инженерлiк қамтамасыз етуден, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, ашық қойма қоршауларды қою, саябақтар аумағындағы жұмыс iстеу шарттары мен мiндеттерi толығымен анықталған);
      мемлекеттiк және жеке инвестицияларды ынталандыру арқылы ғылыми зертханаларды ашу;
      жергiлiктi үкiметтермен салық ақысын реттеу арқылы құрылған жайлы салық тәртiбi (Канаданың салық заңдарына сай, шет аймақтардың салық ақыны анықтауда ықпалды өкiлеттiгi бар).
      Оттаваның iшкi және сыртқы нарықта бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң негiзiн астаналық мемлекеттiк және дара денсаулық сақтау, бiлiм беру институттардың ғылыми зерттеулерi мен технологиялық зерттемелерi құрайды, осы мекемелерге орталық үкiметтен үлкен қаражаттық көмек көрсетiледi.
      Оттава елдiң iрi ғылыми орталығы және АҚШ-ң телебайланыстық технологиялар, микроэлектроника салаларында ғылыми-зерттеулер орталығының бәсекелесi болып табылады.
      Астана тұрғындарының көпшiлiгi орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарында (барлық қызмет ететiн адамдар санынан 19,7 % ) және сауда саласында (14,1 %) қызмет атқарады. Қала маңының 300 мың акрдей жерi фермерлiк шаруашылықта болғандықтан, өңдеушi өнеркәсiп саласында қызмет ететiн азаматтардың көпшiлiгi негiзiнен агроөнеркәсiптiк өнiмдер мен технологияларды жетiлдiрумен айналысады.

                                                         7-кесте

   Оттава қаласы халқының жұмыспен қамту құрылымы, 2003 жыл

Оттава

мың адам

%

Жұмыспен қамту, барлығы

463,0

100

сонымен қатар экономикалық қызмет түрлерiнде

  

  

коммуналдық қызметтер

1,7

0,4

өңдеушi өнеркәсiп

22,5

4,9

құрылыс

22,3

4,8

сауда

65,3

14,1

тасымалдау және сақтау

18,6

4,0

қаржылық, сақтандыру қызметi, жылжымайтын мүлiкпен операциялар, жалдау

23,4

5,1

кәсiби, ғылыми және техникалық қызмет көрсету

52,2

11,3

басқару, әкiмшiлiк және басқа қамтамасыз етулер

20,7

4,5

бiлiм беру қызметтерi

30,6

6,6

денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызметтер

41,1

8,9

ақпарат, мәдениет және ойын-сауық

25,2

5,4

қонақжайлар және қоғамдық тамақтану қызметi

24,4

5,3

басқа қызмет көрсетулер

23,8

5,1

мемлекеттiк басқару (орталық және жергiлiктi
үкiмет органдары)

91,2

19,7

Дерекнама: Оттава қаласының санақ Департаментi

      Қазiргi уақытта қалалық басқармасының жергiлiктi органдарының негiзгi мiндеттерi:
      барлық кәсiпкерлiк қызмет түрлерiне қолдау көрсету, бизнесмендер арасында байланысты жақсартуда жәрдемдесу;
      бiлiмнің жоғары деңгей сапасын қолдау;
      зерттеу институттарға және оқу орындарға зерттеу жұмыстарды және технологияларды коммерциялауда жәрдемдесу;
      өз өнiмдерi мен қызметтерiн халықаралық нарыққа шығаруға ынталанатын кәсiпорындарға қолдау көрсету;
      жаңа кластерлердiң дамуына жәрдемдесу;
      Оттаваны өмiр сүру, жұмыс iстеу, инвестициялау және туризм үшiн сәтті қала ретiнде iшкi және сыртқы нарықтарда позиционерлеу.
      2001 жылы Оттаваның зерттеу және инновациялар Орталығының талабымен кәсiпкерлiк қызметтi қолдау орталығы құрылған. Бұл орталық, сондай-ақ, Оттава қаласының бюджетiнен де қаржыланады. Орталықтың негiзгi мiндетi кәсiпкерлерге кеңес беру, инвесторлармен байланысты жақсарту, серiктестiктердi iздеуде көмек көрсету болып келедi. 2005 жылы қала Оттава университетi негізiнде жүк машинаны өндiру саласындағы жаңа инновация орталығын ашуда қаржы бөлiстi. Осы орталықтың басты мақсаты атмосфераға зиянды заттардың ең аз мөлшерiн шығуын қамтамасыз ететiн, дизель моторларын өндiретiн жаңа технологияларды жетiлдiру болды. 2004 жылдың қорытындысы бойынша, мемлекеттің Оттава университетiнiң негiзiнде құрылған технологиялар трансфертi мен кәсiпкерлiк Орталығына берiлген зерттеу жұмыстарына деген тапсырыс үлесi 15% кем құрады.
      Оттаваның маңызды табыс көзiнiң бiрi туризм саласы болып келедi. Осымен байланысты жергiлiктi басқару органдары жайлы мәдениеттi ортаны және әдемi қоршаған ортаны құруға, сондай-ақ астананың имиджiн құруға көп инвестициялар жасайды. Қыс мезгiлiнде Оттава қаласының ең көрнекті мирасқорының бiрi Ридо арығы болып келедi. Аяздың басталуымен бұл арық дүние жүзiндегi ең ұзын ақысыз сырғанаққа айналады. Оның ұзындығы 7,8 км дейiн жетедi. Жаз мезгілiнiң басында Оттавада әлемге әйгiлi Қызғалдақ Фестивалi өтедi. Бұл мерекелер кең жарияланып, Канаданың басқа аумақтары мен шет елдер саяхатшыларын тартады.
      Бiрнеше мемлекет астаналарының дамуына талдауы келесiнi көрсетедi:
      негiзiмен мемлекеттiк қызметті атқаруға бағдарланған қала ұзақ мерзiмдi болашақта ұстамды дами алады;
      астана елдiң әкiмшiлiк және саяси орталығы басқармасы ретiнде ғана емес, солай-ақ ел тұрғындары мен шет ел саясатшыларын тартатын, мәдени мирасқорларды сақтап, дамыту тиiс;
      астананың өндiрiстiк инфрақұрылымының басты бөлiгi қалаға iргелесiп тұрған аудандарда орналасу және астана тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етуге бағдарлану керек;
      жергiлiктi билiктiң күшi шикiзат емес өнеркәсiптi, кiшi және орта бизнестi, жоғары технологияны, ғылыми маңызды өнiмдi өндiру және кластерлi әдiстi қолдануды қадағалауда мақсаттану керек.

1.2. Астананың бiрқатар Орталық Азия мемлекеттерiнiң
астаналарымен салыстырмалы бәсекеге қабiлеттiгi факторлары

      Қазақстан астанасының бәсекелес басымшылығын зерттеу мақсатында көршiлес мемлекеттер - Қырғызстан, Өзбекстан астаналарының дамуы қарастырылды.
      2003 жылы ЖӨӨ-ң 107 % орташа жылдық өсу қарқынында Бiшкек қаласының ЖӨӨ-мi 2,2 млрд. сом, немесе 77,86 млрд. теңге құрады (елдiң ЖIӨ-мi 27,5%).
      Қала аумағында мыңға жуық өнеркәсiптiк кәсiпорындар жұмыс iстейдi. Бiшкектiң анағұрлым тез дамып келе жатқан өнеркәсiп салалары: азық-түлiк тоқыма өнеркәсiбi, машина жасау және құрылыс заттарды өндiру.
      Қырғызстанның негiзгi интеллектуалды мүмкiндiгi Бiшкекте топталған. Республиканың ЖОО-ң 70 % осында орналасқан (29 ЖОО-ры) және 2003 жылы елдiң барлық студенттерiнiң 53 % осында бiлiм алған.
      Жұмыс күштiң, жылжымайтын мүлiктiң және жалдау құнының арзан болу себiнен Бiшкек шет ел инвесторларына тиiмдi жер. Қырғызстан мемлекетiнiң астанасында көптеген халықаралық симпозиумдар, конференциялар мен семинарлар өткiзiледi.
      Бiрақ осымен қоса қалада көп мәселелер де бар.
      Аса маңыздысы - үнемi кедейлiкпен азаматтардың көпшiлiгiнiң төмен өмiр сүру деңгейi. 2003 жылдың қорытындысына сай, Бiшкекте орташа айлық еңбек ақы - 2 626 сом, немесе 8 666 теңге құрады, кедейшiлiк деңгейi - 23 %, бұл ретте халықтың 2,6 % тым кедейшiлiк жағдайында тұр.
      Ташкент қаласы бәсекеге қабiлеттiлiгi бар, жоғары дайындық деңгейлi өнiмдi өндiруге айрықша өнеркәсiптiк басшылыққа ие. Республиканың ЖIӨ-де астананың жалпы өнiм үлесi 15 % шамасында (2003 жылдың қорытындысына сай) тұр. Ташкент қаласының жетекшi өнеркәсiп саласы - машина жасау және металл өңдеу. Ташкентте, сонымен қатар жеңiл (мақта-мата, тоқыма, аяқ киiм және т.б.) химиялық, мұнай химиялық және химия-фармацевтикалық, азық-түлiк өнеркәсiбi кеңiнен дамыған.
      Ташкент қаласы артықшылығының бiрi - тез өсетiн еңбек ресурстары мен жұмыс күшiнiң салыстырмалы төмен құны.
      Ташкентте, Бiшкекте сияқты халықтың өмiр сүру деңгейi төмен. Астанамен салыстырғанда Ташкентте халықтың табыс көлемi, өмiр сүру минимум деңгейi төмен, бiрақ Астанада жұмыссыздық деңгейi үлкен.
      Ташкент халықаралық симпозиумдар, жиналыстармен семинарларды өткiзу орны болып саналады. Қаланың жылы ауа райы, тарихи мұражайлары мен мәдени мирасқорлары саяхатшыларды Ташкентке келуiн тартады.
      Бәсекеге қабiлеттiгi факторлары бойынша, Астана қаласы Бiшкек пен Ташкент қалаларынан анағұрлым асады (8-кесте). Бiшкек пен Ташкентке қарағанда Астанада халықтың өмiр сүру деңгейi бiрталай жоғары, тұратын әрбiр жанға деген ақша табысы 30 есе кем. Елдiк деңгейде Қазақстан туу кезiнде өмiрдiң күтiлетiн ұзақтылығының көрсеткiштерi, бiлiм деңгейi және 1 жанға шаққандағы ЖӨӨ-нiң көрсеткiштерi негiзiнде есептелiнетiн адамдық даму индексi бойынша Өзбекстан мен Қырғызстан елдерiне қарағанда алда келедi.
      Астана қаласы қарастырылып отырған астаналардың экономикасына шетел инвестицияларын тарту көлемi бойынша бiрiншi орында тұр. Қазақстан Республикасының астанасының тұрғындарының кәсiпкерлiк әрекетi өте жоғары деңгейде. Бұл факторлар қаланың бюджет кiрiсiнiң деңгейiне әсер етедi. 2003 жылы 1 жанға шаққандағы Астана бюджетiнiң кiрiстерi 388 АҚШ доллары, Бiшкек бюджетiнiң кiрiстерi 36,3 АҚШ доллары, Ташкент бюджетiнiң кiрiстерi 70 АҚШ доллары болды.
      Сондай-ақ, Астананың негізгi артықшылығы - қылмыстықтың төмен деңгейi, маманды кадрлердiң бар болуы, мемлекеттiң саяси тұрақтылығы.
      Сонымен қатар, Қазақстан астанасының басқа Орталық Азия      мемлекеттерiне қатысты бәсекеге қабiлеттiлiгiн нығайту үшiн, жалпы салыстырмалы талдау өткiзiлiп үй-жай қызметтердiң, пәтерлердi, кеңселердi, жиналыстарды өткiзу залдарын жалға алу, негiзгi тұтыну тауарлар, жұмыстар мен қызметтердiң және басқа ұсыныстардың бағасын анықтау үшiн, арнайы зерттеу жұмыстары өткiзiледi.

                                                           8-кесте

    Бiрқатар Орталық Азия мемлекеттерi астаналарының жеке
    бәсекеге қабiлеттiлiгi факторы бойынша салыстырмалы
                        кесте, 2003 жыл

Бәсекеге қабiлеттiлігі факторы

Ташкент

Бiшкек

Астана

Халықтың экономикалық
белсендiгiнiң деңгейi, %

59,4

65

64,8

ЖӨӨ, млн. АҚШ долл.

1279,5

536,6

1923,5

Республиканың ЖIӨ-гi ЖӨӨ үлесi, %

14,03

27,5

6,4

Тұратын әрбiр жанға деген ЖӨӨ,
АҚШ долл.

360

660

3369

Жұмыссыздық деңгейi, %

4,4

1,4

8,4

Орташа еңбекақы, АҚШ долл.

50

70

246,2

Өнеркәсiптiк өнiмнiң көлемi, млн.
АҚШ долл.

870,3

206,4

252,8

Келесi жылға деген өндiрiстiк
өнiмнiң физикалық көлем индексi,
%-да

112,5

109,0

110,8

Мемлекеттiң өндiрiстiк өнiмнiң
жалпы көлемiндегi үлесi, %-да

25

20

8,3

Тартылған шетел инвестициялардың
көлемi, млн. АҚШ долл.

208,3

517,3

1028,8

1 шаршы метр үй-жайдың орташа
шынайы құны, АҚШ долл.

140

223

384,3

ЖОО-лар саны

29

31

19

Дерекнама : ҚР-ның Статистика агенттiгi
           Қырғыз Республикасының Мемстаткомитетi
           Ташкент қаласының Статистика басқармасы
           Есепте мемлекеттердiң Ұлттық банктерiнiң ресми курстары пайдаланылған.

1.3. Астананың Қазақстанның басқа iрi қалаларымен
салыстырмалы бәсекеге қабiлеттiлiгi факторы

      Талдау қалалардың келесi бәсекеге қабiлеттiлiгi факторларына негiзделген:
      халықтың шоғырлануы;
      еңбек нарығы, жергiлiктi үкiметтiң халықтың қызмет ету саласындағы саясаты;
      бiлiм сапасы, бiлiм және ғылыми мүмкiншiлігінiң бар болуы жоғары мамандандырылған кадрлердiң бар болуы;
      халықтың өмiр сүру және қауiпсiздiк деңгейi;
      экономиканың инвестициялық тартымдылығы;
      халықаралық саяси орталық ретiнде толық функциясы.
      Астананың басты бәсекелестерi ретiнде Қазақстанның iрi қалалары - Алматы мен Қарағанды қарастырылған (9-кесте).
      Талдау көрсеткендей, Алматының үлкен бәсекелестiк артықшылықтары бар. Қала елдiң қаржы орталығы, Қазақстанның басқа аудандары арасында инвестициялық тартымдықтың жетекшiсi болып келедi. Алматының жоғарғы көрсеткiштерi негiзiнен қалада iрi компаниялардың, халықаралық ұйымдардың орталық кеңселерiнiң орналасуымен байланысты. Сонымен қатар, Астанада дипломатиялық қалашықтың салыну себебiнде, шет елдердiң елшiлiктерi мен халықаралық ұйымдары астанаға көшуде.
      Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматыда елдiң ең танымал және талапкерлермен үлкен сұраныста болатын жоғарғы оқу орындары орналасқан. Республика бойынша, осы қала кәсiпкерлiктiң даму деңгейiнде жетекшiлiк алады. Алматыда 1000 халық санына кiшi және орта бизнестiң ең көп көлемi анықталған. Бұл шарт, қатаң бәсекелiстiк пен сәйкес сервистiк қызмет көрсетудiң, және басқа тауарлар, жұмыстар мен қызметтердiң анағұрлым жоғары деңгейiне әкелдi.
      Сонымен қатар, Алматы атмосфералық ауаның жоғары ластануы мен географиялық орналасқан жерiмен (жер сiлкiнiсi, сел қаупi), тиiмсiз экологиялық жағдайымен және қаланың имиджiне жағымсыз әсер ететiн қылмыстықтың жоғары деңгейiмен сипатталады.
      Қарағанды негiзiнен өнеркәсiптiк қала болып саналады, қала шетiнде бай көмiр-металлургиялық базалардың бар болуы үлкен инвестицияларды, тартады. Қала, сондай-ақ, жастарға республиканың танымал жоғары оқу орындарында бiлiм алу үшiн тартымды. Бiрақ қазiргi уақытта ЖОО-ң түлектерi Астанада қызмет етедi. Бұл ретте, қалада қызмет көрсету және сауда салаларының бiршама дамығанын айта кету керек. Олардың бiрi, қаланың Астанаға жақын орналасуы және астана тұрғындарына қызмет көрсету және сауда талаптарына жауап беру мүмкiншiлігі.
      Астана мен Алматыға қарағанда Қарағандыда тұратын әрбiр жанға деген ең аз табыс көрсеткiшi байқалады. Сонымен қатар, жұмысқа орналасу мүмкiншiлiгiнiң шектелуi сияқты жағымсыз факторлары, елдегi қылмыстықтың ең жоғары көрсеткiшi және жағымсыз экологиялық жағдайы бақыланады.
      Талдау көрсеткендей, Астананың елде жетекшiлiк орны алатын факторларының бастысы едәуiр маманды еңбек ресурстарының бар болуы (қызмет ететiн адамдардың жалпы санында жоғары және орта кәсiби бiлiмi бар азаматтардың үлесi 55 астам пайызын құрайды) болып келедi. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк және дара кәсiпорындардың, денсаулық сақтау және бiлiм беру мекемелердiң, құрылыс ұйымдардың мамандарға және күтушi қызметкерлер деген сұранысы жоғары.
      Бұл ретте, Астанада 2004 жылы өнеркәсiптiк кәсiпорындардан келесi өнеркәсiп түрлерiндегi техникалық мамандар үлкен сұраныста болған:
      азық-түлiк өнiмдердiң өндiрiсi;
      машиналар мен жабдықтардың өндiрiсi;
      дайын металл бұйымдардың өндiрiсi;
      тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi.
      Астана қаласының еңбек нарығында өнеркәсiптiк кәсiпкерлермен ең көп талаптанған мамандықтар: қосалқы жұмысшылар, электрслесарьлар, электргаздәнекершiлер, машина реттеушiлер, аспазшылар және т.б. 1 . Қалада соңғы екi жыл бойы Қазақстан бойынша ең төмен жұмыссыздық деңгейi байқалады.
      Астанада Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда халықтың табыс табу деңгейi анағұрлым жоғары. Сонымен, астанада бiр қызметкердiң орташа айлық еңбек ақысы Қарағандыдан 70 % және Алматыдан 6 % артық.
___________________________
      1  Астана қаласы әкiмшiлiгiнiң деректерi мен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің есебі "2003-2015 жылдарға қабылданған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын 2004 жылы жетiлдiру шараларды"

      Жұмысқа орналасу және үлкен табыс табу мүмкiншiлiгi Астанаға елдiң басқа аумақтары және басқа мемлекеттер азаматтарының көшiп келуiнiң басты факторы болып келедi.
      Сонымен қатар, Астана елдiң ең қауiпсiз ауданы болып саналады, 2004 жылы астанада Қазақстанның басқа аумақтарымен салыстырғанда ең төмен қылмыстар саны бақыланған.
      Астанаға жас мамандардың келуiн тоқтататын мәселесiнiң бiрi үй-жайлардың жоғары бағасымен, олардың шектелген сатып алу жағдайы болып келедi.
      Сонымен, Астана жоғарыда аталған бәсекеге қабiлеттiлiгi факторлары бойынша басшылықты сақтап жетiлдiру, басқа бағыттарда бәсекеге қабiлеттiлiгi жағдайын жақсарту керек.

                                                            9-кесте

        Қазақстанның iрi қалалары арасындағы бәсекеге
     қабiлеттілік факторлары бойынша салыстырмалы кесте

Бәсекеге қабiлеттілік
факторлары, 2004 ж.

Алматы

Қарағанды

Астана

Халықтың экономикалық
белсендiлiгi деңгейi, %
Сәйкес орта республикалық
көрсеткiшке деген қатынасы, %

62,7

89,7

62,5

89,4

69,1

98,8

Жұмыссыздық деңгейi, %
Сәйкес орта республикалық
көрсеткiшке деген қатынасы, %

8,8
100,4

11,8
103,4

8,3
99,9

Тұратын әрбiр жанға деген ақша табысы, теңге
Сәйкес орта республикалық
көрсеткiшке деген қатынасы, %

24235
 
189,0

14051
 
109,7

26196
 
204,3

Орташа айлық еңбекақы, теңге
Сәйкес орта республикалық
көрсеткiшке деген қатынасы, %

39614
139,9

24312
85,8

41921
148,0

Сапалы жоғары бiлiм
(ЖОО-дың бар болуы, ҚР БҒМ
ЖОО-ң рейтингi)

Аль-Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университетi
(1 орын),
ҚазМАУ,
КИМЭП, ҚБТУ

Е.А.Букетов
атындағы
Қарағанды
мемлекеттiк
универ-
ситетi
(3 орын),
ҚМТУ

Л.Н.Гумилев
атындағы
Еуразия
ұлттық
универ-
ситетi
(2 орын),
ММУ-ң
филиалы

Атмосфералық ауаның ластану
индексi 2

15,0

12,5

3,1

Атмосфералық ауаның ластануына әсер ететiн
негiзгi факторлар

Автотранс-
порт,
энергетика

Энергетика,
көмiр өндiру
өнеркәсiбi,
авто-
транспорт

Автотранс-
порт,
энергетика

Бiрiншi және қайталама
нарықта 1 шаршы метр
үй-жайдың шынайы орташа
құны, мың теңге

56,5

31,5

57,5

Қоғамдық тамақтану орындардың
әрбiр жанға қызмет көрсету көлемi, теңге

5519

1438,2

4490

Қауiпсiздiк (1000 тұрғындарға деген тiркелген
қылмыстар саны)

15,5

26,9

8,3

Тұратын әрбiр жанға деген бастапқы қорға инвестициялар,
мың теңге

690,0

517,3

425,0

Халықаралық саяси орталығы
ретiнде жұмыстың толығы

Халықаралық
ұйымдардың
өкiлдiктерi
мен елшi-
лiктерiнiң
көпшiлiктерi
бас кеңсе-
лерiн
Алматыда
ашқан.

-

Елшілiк-
тердiң,
дипло-
матиялық
өкiлдiк-
тердiң,
сондай-ақ
халықаралық
ұйымдардың
кеңсе-
лерiнiң
бiршама
бөлiгi
диплома-
тиялық
қаланың
салыну
үстемiне
сай астанаға
көшiп
жатыр.

Дерекнама: Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi
           Қазақстан Республикасы Бiлім және ғылым министiрлiгi

___________________________
      2  Атмосфералық ауаның ластану индексi (АЛИ) қалада өлшенген қосалқы заттардың концентрациясын ескеруге және ластану деңгейiн бiр санмен қорытындылауға жағдай жасайды. АЛИ - бұл диоксид күкiрттiң шектеулi үлесiндегi, ауаның жалпы ластануы. Егер АЛИ 5-тен төмен болса ластану деңгейiн төмен, 5 пен 6 арасында көтерiңкi, 7-ден 13 дейiн жоғары және 14-не тең не одан астам болса өте жоғары болып саналады.

1.4. Астаналық қалалардың бюджетiн қалыптастырудың
халықаралық тәжiрибесi

      Мемлекеттiң астанасы болып келетiн қала бюджетiн қалыптастырудың халықаралық тәжiрибесiнiң сараптауы, көптеген елдерде өз жұмысын атқару үшiн, астаналарға ерекше салық шарттары берiлiп, орталық билiктерден тұрақты қаржылық көмек алынуы дәлелдендi. Әдетте орталық билiкпен мемлекет астанасына берiлетiн көмек, ең алдымен, қауiпсiздiктi, транспортты және мәдениет жұмыстарды қолдауға бағытталады.
      1. Ресей Федерацисында "Ресей Федерациясы астанасының мәртебесi туралы" заңына сай Мәскеу қаланың астана функцияларын атқарумен байланысты шығындары Ресей Федерацияның федералды бюджетiнен субвенциялар есебiнен, сондай-ақ мемлекеттiк үкiмет органдарымен шетел мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiне көрсетiлген қызметтерi үшiн төлемдерiмен толығымен өтiмделедi. Мәскеу астаналық қаланың жұмыстарын атқару үшiн, федералды бюджеттен берiлетiн субвенциялар Ресей Федерациясы бюджетiнде жеке белгіленедi. Осы мақсаттарға Мәскеу қаласының бюджетiне 2003-2004 жылдары 10 млрд.сом (жергiлiктi бюджеттiң 3% шамасындай) бөлiндi. Сонымен қатар, Мәскеу бюджетіне қала аумағында жиналған ұйымдардың табыс салығы есепке қосылады.
      2. Киев бюджетiнiң құрылуының ерекшелiктерi "Украинаның астанасы - батыр қала Киевтiң мәртебесi туралы" Украинаның заңымен анықталады. Осы заңмен астана бюджетiнiң пайдасы табыс салықтың 100 пайызын, жер ақысын, сонымен қатар астаналық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн, Украинаның мемлекеттiк бюджетiнен түсетiн субвенция мен субсидияларды бөлектеу есебiнен құрылады.
      3. Польша астанасының бюджетi, сондай-ақ әкiмшiлiк мiндеттердi, астаналық жұмыстарды және басқа талаптарды жүзеге асыру үшiн, мемлекеттiк бюджеттен түсетiн субсидиялар есебiнен құралады. 2004 жылы астана жұмысын атқару үшiн мемлекет бюджетiнен Варшава қаласының бюджетiне 210 млн. поль злотасы (қала бюджетiнiң жалпы түсiм құнынан 3,5 % шамасындай).
      4. 2001 жылы Болгарияда бюджеттiк реформа өткiзiлген, онымен сәйкес София қаласына орталық бюджеттiң трансферты бiрқатар салық түсiмдерiмен ауыстырылған. Муниципалды деңгейге жеке табыс салығының түсiмдерi, сонымен қатар, қала аумағында тұрып қызмет ететiн, жеке және заңды тұлғалардан алынатын ұжымдық табыс салығы есепке қосылады.
      5. АҚШ-ғы Колумбия округi жылсайын федералды үкiметтен қоғамдық қауiпсiздiкке және федералды үкiметтiң жұмысына бағытталған шығындарды өтеуге арналған қаржы алады. Солай, 2003 жылы Конгресс Колумбия округiне байланыс жүйелердi, жол қозғалысын, бiлiм саласын және басқа жұмыстарды жақсарту мақсатына 200 млн. АҚШ долл. бөлу туралы шешiм қабылдаған.
      6. Берлин қаласы орталық үкiметтен астаналық жұмыстарды жүзеге асыру мақсаты үшiн, жақсы қаражаттық көмек алады. Мысалы, 2003 жылы Берлин бюджетi табысының 30 % астамы орталық үкiметпен берiлген болатын. Осы қаражат негiзiнен мәдениеттi, қауiпсiздiк жүйенi, қаланың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
      7. Бразилия астанасы бюджетiнiң 70 % астамы орталық үкiметтен түскен түсiм. Бұл ретте, астана мәртебесi арқасында Бразилиа қаласының аумағында жұмыс ететiн кәсiпкерлiк қызметкерлер мүлiк салығынан босатылған.
      8. Австралия астанасы - Канберра ұлттық астана мәртебесiмен серттi, орталық бюджеттен арнайы төлемдер мен жергiлiктi бюджетке түсетiн орталық салықтар түрiнде салық үстемелерiн алады. Онда бюджет пайдасын салық ақысын көтеру және бюджетке қосымша төлемдер арқылы үлкейтуге болады.
      9. Ұлыбритания үкiметi Лондон қаласының бюджетiне астаналық жұмыстарды қаржыландыруға бағытталған арнайы қаражат бөледi. Осы қаражатқа жалпы төлемдер мен нақты мақсаттарға арналған гранттар, сонымен қоса полиция мен көлiктi қолдау кiредi. 2001-2003 жылдары орталық Үкiметтен түскен түсiм астана бюджетiнiң 80 % астам пайдасын құраған. Астана бюджетiнiң табысты бөлiгiн құру Лондонның әкiмшiлiк туралы актiсiмен реттеледi. Осы Актiмен 2003 жылы көлiкке баж салығы енгiзiлген. Осы салық пайдасы толығымен жергiлiктi бюджетке түседi.
      10. Мехико қаласы бюджетiнiң 40 % пайдасы орталық үкiметпен берiлген қаржылық көмегi. Сонымен қоса, қаланың ерекше мәртебесiмен байланысты, жергілiктi органдарға бюджетке деген салық пен басқа мiндетті төлемдердiң ақысын анықтауға толық төтенше құқығы берiлген.
      11. Франция үкiметi Париж қаласының бюджетiне астаналық жұмыстарды атқаруға арналған қаражат сомасын бөледi. Сонымен қатар, ұлттық үкiмет Париждiң орталық аудандарына арнайы төлемдер жасайды. 2004 жыл аралығында француз үкiметiмен Париж қаласына берiлген жалпы қаражат құны 850 млн. АҚШ доллар құрады. Париждiң жергiлiктi басқару органдары, ұлттық заңдарға сай, салық ақысын реттеу арқылы бюджет пайдасын арттыруға және бiрқатар қосымша салықтар мен астананың бюджетiне басқа төлемдердi енгiзуге өкiлеттiгi бар.
      12. Рим бюджетiнiң пайдасы Италияның басқа қалалар  бюджеттерiнiң қағидаттары негiзiнде құралады. Римнiң және елдiң басқа қалаларының жергілiктi басқару органдары қосымша баж салығы мен басқа мiндеттi төлемдердi енгiзу арқылы жергiлiктi бюджет пайдасын көтеруге өкiлеттiгi бар. Басқа қалалармен бiрге, Римге орталық үкiметтен қаражаттық көмек берiледi, сондай-ақ астана жоғарыда тұрған бюджеттен қосымша гранттар мен төлемдер алады.

1.5. Астананың серпiнi мен ағымдағы жағдайын талдау

      Қала экономикасы

      Астана қаласына астана мәртебесiн беру шарты қалаға кең және үстемдi даму болашағын ашты. 1998 - 2004 жж. бойы қаланың жалпы өңiрлiк өнiмнiң жылдық көлемi (бұдан әрi - ЖӨӨ) ағымдағы бағалардан 7 есе асып, 2004 жылы жалпы теңеуде 325,9 млрд. теңгеге жеттi, бұл республиканың жалпы аумақтық өнiмнiң 6,7 % құрайды (10-кесте).

                                                           10-кесте

              1998-2004 жж. жалпы өңiрлiк өнiм

                                                        млн.теңге

Астана

1998

1999

2000

2001

Өнеркәсiп

8884,5

9362,9

9818,3

13910,6

Ауыл шаруашылығы

0

915,5

224,4

510,5

Құрылыс

11629,6

34481,9

42203,4

40933,7

Сауда

6417,8

6483,2

25527

28795,8

Көлiк және байланыс

2562,5

6517,9

7585,9

12771,5

Басқа қызметтер

14274,1

20166,1

30024,2

57965,5

Барлығы

43768,5

77927,5

115383,2

154887,6

анықтама:

  

  

  

  

Республика бойынша ЖӨӨ млн. теңге

1559163,3

1814299,1

2309460,3

2886240,9

Республиканың ЖӨӨ-гi Астана
қаласының ЖӨӨ үлесi, %-да

2,8

4,3

5,0

5,4

 
кестенің жалғасы

2002

2003

2004*

15073,7

17857,8

23269,2

523,0

1322,3

695,6

36876,9

40615,2

57262,5

47236,0

52984,5

59291,8

20499

53859,6

64089,7

89025,8

121307,4

121348,5

209235,4

287946,8

325957,3

  

  

  

3355205,7

4611975,0

5009767,3

6,2

6,2

6,7

Дерекнама: ҚР-мың Статистика агенттiгi

* - жедел деректер

                                                          11-кесте

           1998-2004 жж. жалпы өңiрлік өнiмнiң құрылысы

                                                           %-да

 

Астана

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

Өнеркәсiп

20,3

12,0

8,5

9,0

7,2

6,2

7,1

Ауыл шаруашылығы

0,0

1,2

0,2

0,3

0,3

0,5

0,2

Кұрылыс

26,6

44,2

36,6

26,4

17,6

14,1

17,6

Сауда

14,7

8,3

22,1

18,6

22,6

18,4

18,2

Көлiк және
байланыс

5,8

8,4

6,6

8,3

9,8

18,7

19,7

Басқа қызметтер

32,6

25,9

26,0

37,4

42,6

42,1

37,2

Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

Дерекнама: ҚР-ның Статистика агенттiгi

      Астана қ. ЖӨӨ-ң салалық құрылымы соңғы 7 жыл арасында бiрталай өзгердi (11-кесте). Өнеркәсiптiң үлесi 20 %-дан 7 % түсiп, қазiргi уақытта тиiсiнше орташа республикалық көрсеткiштен
5 рет азайды. Қызмет көрсету салаласы 1,5 рет өстi, 2004 жылы ЖӨӨ құрылымында осы саланың меншiктi салмағы 75,1 % жеттi. Көлiк және байланыс қызметтерi жылдам екпiнмен көтерiлiп келе жатыр. 2004 жылы қаланың жалпы аумақтық өнiм құрылымында осы саланың үлесi 1998 жылмен салыстырғанды 3,4 есе артық көтерiлдi.
      Соңғы жылдар аралығында өңiрлiк өнiмнiң шапшан көтерiлуi қалада тұратын әрбiр жанға деген жалпы өңiрлiк өнiмнiң жоғары көрсеткiшiн анықтады. 1999-2004 жж. iшiнде осы көрсеткiш 3 есеге өсiп, 2004 жылы 627 мың теңге құрады, бұл орта республикалық деңгейден 1,9 есе кем. 1999 жылдан қазiргi уақытқа дейiн, бөлшектi сату, сыртқы сауда айналымына деген инвестициялардың және басқа әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердiң жоғары көлемi байқалады (12-кесте).

                                                           12-кесте

             Астана қаласының дамуының негiзгi
          әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi

Көрсеткіш

1999

2000

2001

Жыл басындағы халық саны, мың адам

326,9

381

440,2

Орташа айлық нақтылы жұмысақы, теңге

16537,0

19514,0

22717,0

Өнеркәсiптiк өнiмнiң көлемi, млн.

15521,7

18427,0

24744,5

Бөлшекті тауар айналымы, млн. теңге

16985,2

28648,3

37278,3

Сыртқы саудалық тауар айналымы, мың АҚШ долл.*

  

403607,5

808504,0

Негізгі қорға инвестициялар, млн. теңге

51920,0

58991,0

89518,0

Мезгілдiң аяғына өткен жылға пайызда тұтынушы тауарлар мен қызметтердiң баға және тариф индекстерi

122,1

110,0

106,3

Тұрғын үйлердiң жалпы көлемiн iске енгiзу, мың м.кв.

122,2

139,2

217,1

кестенің жалғасы

2002

2003

2004

Қаңтар-
қазан 2005

493,6

502,0

510,5

529,3

27658,0

33002,0

41921,0

47960,0

28252,0

33880,4

51267,4

45939,7

42895,2

55659,4

69195,4

60928,1

790201,9

1155862,8

2576672,8

2402300,0*

102615,0

137863,0

220560,0

166283,9

106,6

106,5

107,1

106,6

230,2

260,7

421,3

484,8

Дерекнама: Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi
           *) 2005 жылдың қаңтар-шiлде айына деректерi

      1998-2004 жж. Астана қ. өнеркәсiптiк өнiмнiң жылдық физикалық көлемi 90%-дан астам өстi. 2004 жылы қала кәсiпорындарымен 51267,4 млн. теңгеге өнiм өндiрiлiп, қызмет көрсетiлген. Физикалық көлемнiң алдыңғы жылға индексi 124,7 % құрады (13-кесте).

                                                          13-кесте

    2001-2005 жылдары Астана қаласы өнеркәсiбiнiң дамуының
                     негiзгi көрсеткiштерi

 

1998

1999

2000

2001

Өнеркәсiптiк өнiмнiң
(тауарлардың, қызметтердiң) әрекеттегi
бағадағы көлемi, млн. т

16512,7

15521,7

18427,0

24744,5

Өнеркәсiптiк өнiмнiң
алдыңғы жылға физикалық
көлемiнiң индексi, %

100,1

95,7

112,3

118,5

Iрi және орта өнеркәсiптiк
кәсiпорындардың саны

52

62

64

54

кестенің жалғасы

2002

2003

2004

қаңтар-
қазан
2005

28252,0

33880,4

51267,4

45939,7

113,7

110,8

124,70

109,3

52

50

54

  

Дерекнама: Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi

      Негiзгi өсiм өңдеу өнеркәсiбi есебiнен пайда болды, Астана қ. өнеркәсiптiк өндiрiстiң жалпы көлемiндегi меншiктi салмағы 2004 жылы 77,7 % (14-кесте), физикалық көлем индексi 2003 жылы - 136,1 % құрады. 2004 жылы өндiрiс көлемiнiң өсiмi өңдеу кәсiпорындарының барлық қызмет түрлерiнде байқалды: машина жасау, металл емес минералды өнiмдердi өндiру, резеңке және пластмасс бұйымдарды өндiру, химия өнеркәсiбi, целлюлозды-қағазды өнеркәсiбi және баспа қызметi, ағаш өнiмiн өңдеу және ағаш бұймдарын өндiру.
      1998-2004 жж. арасында Астана қ. өнеркәсiптiк өндiрудiң жалпы көлемiнде электр энергиясын, газды және суды өндiру және бөлiсу үлесi 2 еседен астам төмендедi және 2004 жылы 22,3 % құрады. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы осы қызмет түрiнiң физикалық көлемiнiң индексi 1,3 % түстi.

                                                           14-кесте

     Астана қ. өнеркәсiп өндiрiсiнiң экономикалық қызмет
                 түрлерi бойынша құрылысы

                                                           %-да

 

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005
қаңтар-
қазан

Өнеркәсiп,
барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Соның iшiнде

  

  

  

  

  

  

  

  

Тау-кен
өндiру
өнеркәсiбi

0,3

0,2

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Өңдеушi
өнеркәсіп

56,9

62,9

70,6

76,5

75,7

75,2

77,7

80,6

Электр
энергиясы,
газ және
судың
өндiрiсi
және бөлiсi

42,7

36,9

29,4

23,5

24,3

24,8

22,3

19,4

Дерекнама: Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi

      Өнеркәсiптiк өндiрiстiң салалық құрылымында металды емес минералды өнiмдердiң өндiрiсi (26,4 %) және азық-түлiк өнiмдерiн өндiру (20,1 %), сонымен қатар машина жасау (14,8 %) маңызды бөлiгiн құрайды.
      Азық-түлiк өнiмдерiн өндiру қаланың өндiрушi кәсiпорынының анағұрлым бөлiгiн құрайды (2004 жылы 26 % көлемдей). Бiрақ 2004 ж. өнiмнiң физикалық көлемiнiң төмендеуi байқалды (2003 жылдың көлемiнен 97 % дейiн). Қаланың азық-түлiк өнеркәсiбiнiң негiзгi мәселелерi - өндiрiлетiн өнiмнiң сапа жағынан, сондай-ақ құны жағынан, төмен бәсекеге қабiлеттiлiгi, сонымен қоса шектеулi ассортимент, орауыш материалдардың төмен сапасы, өнiмдi сату нарығының шектеулiгi, "челнокты" сауданың кең тарауы. Осы мәселелердiң шешiмi уақытпен өндiрiс техникасын жаңарту үшiн үлкен инвестицияларды талап етедi.
      Қаланың машина жасау кәсiпорындары ауыл шаруашылық машиналарын және олардың қосалқы бөлшектерiн, мал шаруашылығы мен малазықтарды өндiру үшiн қажеттi құрал жабдықтарды өндiруде мамандандырылған. 2004 жылы Астана қ. осы өнеркәсiптiк сала өнiмiнiң жылдық көлемi 1998 ж-ғы. әрекеттегi бағалардан 8 есеге асып 7 609 млн. теңгеге жетті. 2004 ж. қаланың өндiру өнеркәсiбiнiң жалпы көлемiнде машина жасау өнiмiнiң меншiктi салмағы 19,1 % құрады.
      Астана қ. бастапқы қорына деген инвестициялардың жылдық көлемi 1998-2004 жж. аралығында 5 есеге өсiп, 2004 ж. 220,6 млрд. теңге (қаланың жалпы өңiрлiк өнiмiнен 67,7 %) көрсеткiшiне барды. 2004 ж. Қазақстан Республикасының бастапқы қорына деген инвестициялардың жалпы көлемiнде Астана қ. бастапқы қорына берiлген инвестицияның үлесi 14,4% (15-кесте) құрады.

                                                          15-кесте

          Астана қ. негiзгi қорына инвестициялар

  

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005
қаңтар-
қазан

Негiзгi
қорға ин-
вестиция-
лар, млн.
теңге

40823

51920

58991

89518

102615

137863

220560

166284

жалпы
өңiрлiк
өнiмге, %

93,3

66,6

51,1

57,8

49,0

47,9

67,7*

  

тұратын
әрбiр жанға,
мың теңге

  

147

144

192

206

272

425

  

Республи-
каның
бастапқы
қор инвес-
тициялар
жалпы
көлемiне,%

15,4

14,1

9,9

9,5

9,3

10,4

14,4

10,3

Дерекнама: Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi

      2004 жылы Астананың негiзгi қорына берiлген инвестициялардың құрылымында құрылысқа деген инвестициялардың үлесi 72 % астам құрды. Тұрғын үй кешендерiн салуға бағытталған инвестициялардың үлесi шапшан қарқынмен көтерiлуде. 2004 жылы осы мақсаттарға 54,3 млрд. теңге бөлiнген, бұл көрсеткiш 2003 жылдың көрсеткiшiнен 2,9 есе асады.
      Кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттiң қаражаттары құрылыс саласын қаржыландырудың негізi болып табылады.
      Астана қ. экономикалық белсендi халқының саны 2004 жылы 290,7 мың адамға жеттi, бұл 2003 жылдың көрсеткiшiнен 11,4 % жоғары. Бұл ретте экономикалық белсендiлiктiң деңгейi 4,3 пайыздық орынға өсiп, 69,1 % құрады. Экономикалық белсендi халықтың жалпы санынан 91,7 % қызметте, олардың iшiнен 92,1 % (245,5 мың адам) жалдама жұмысшылар, 7,9 % (21,1 мың адам) - өздiгiмен жұмыс iстеушiлер. Астана қ. қызметтегi азаматтардың жалпы санынан өздiгiмен жұмыс iстейтiн адамдардың ең төмен деңгейi байқалатынын айта кету керек. Астана қ. өздiгiмен жұмыс iстейтiн халық санының төмен деңгейiнiң себебi, көбiнiң мемлекеттiк басқару iсiнде болғандығы. Олардың астанадағы қызметтегi азаматтардың жалпы санының үлесi 2004 жылы
19,5 % құрады, бұл республика бойынша 16,7 пайыздық орынға жоғары.
      2004 жылы қалада жұмыссыздық деңгейi 2003 жылмен салыстырғанда 0,1 пайыздық орынға түсiп, экономикалық белсендi халықтың санынан 8,3 % (24,1 мың адам) құрады. 2004 жылдың аяғында Астана қ. жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде 2 818 азамат немесе қаланың экономикалық белсендi халқының 1 % тiркелген.
      Инвестицициялардың жоғары деңгейi, кәсiпкерлiк қызметтiң бiршама жоғары белсендiлiгi нәтижесiнде қаланың аумағында 2002 жылдың 1 қаңтарында арнайы экономикалық аймақ "Астана - жаңа қала" (АЭА) жұмыс iстеу бастады. 2005 жылдың наурызында АЭА мәртебесi 2010 жылға дейiн созылып, оның меншiгiне қосымша жерлер берiлген. Қазiргi уақытта АЭА ауданы 1500 астам га құрайды. АЭА ауданында қызмет ететiн кәсiпорындарға салық жеңiлдiктерi берiледi.
      Кiшi және орта бизнестiң дамуына "Астана Технопарк" ААҚ пен бизнес-инкубатордың ашылуы ықпал еттi.
      "Астана Технопарк" ААҚ бұрынғы ауыл шаруашылығы үшiн, машиналармен құрал жабдықтарды өндiру зауытының негiзiнде құрылған. Қазiргi кезде, технопарк ауданында (63 га) 200 астам жеке кiшi және орта кәсiпорындар қызмет етедi, олар әр-түрлi стандартты емес құралдардың метал конструкцияларын, халық тұтыну тауарларды өндiрумен ғимараттардың, құрылыстардың жобалау, жобалау-конструкторлық, технологиялық және көлiктiк қызметтердi көрсетумен айналысады.
      Бұл ретте, "Астана Технопарк" ААҚ-тың құрылуының жаңа жоғары технологиялық өндiрiстi дамытуда негiзделген басты мақсаты жүзеге асырылған жоқ.
      Бизнес-инкубатор "Астана Технопарк" ААҚ-тың бiр ғимараттарында орналасқан. Оның негiзгi жұмысы жайларды жалға берумен кәсiпорындардың тiркелу барысында кеңес көмек беру болып келедi.
      Қалада Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 маусымындағы N 633 қаулысымен бекiтiлген "Құрылыс заттары" пилоттық кластердi ашу және дамыту жоспарын жүзеге асыру мақсатында индустриалды саябақтың құрылуы қарастырулыда.

       Қалалық жоспарлау және дизайн

      Қаланың құрылысы жылдам қарқынмен жүзеге асырылуда. Соңғы жылдар iшiнде қаланың астаналық мәртебесiн көрсететiн жаңа орталық салынған. Қаланың солтүстiк бөлiгiн дамытып қайта салу үшiн, үлкен жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Бұның барлығы Астананың жандандырылған және жайлы қала ретiнде дамуға жағымды әсер етедi. Сонымен қатар, бiлiм, денсаулық сақтау мекемелерiнiң құрылысы, қаланың инженерлiк инфрақұрылымының - электр, жылу-, сумен қамтамасыз ету, арық және телебайланыстарды жүргiзу жүйелерiн кеңейту және жақсарту жұмыстары жүргізiлуде. Қала ауданын жасылдандыру шаралары белсендi өткiзiлуде.
      Сонымен қоса, құрылыстардың бiр қалыпсыз салынуы мен астана аумақтарының әркелкi дамуы бақыланады. Ескi және жаңа орталықтар онда қымбат үй-жайларды, сауда-ойын-сауық инфрақұрылым объектiлердi салу инвестициялары үшiн анағұрлым тартымды, ал халықтың төмен сатып алу қабiлеттігiне сай, ескi құрылыстар орналасқан аумақтар қызмет саласына инвестиция жасау үшiн тартымсыз. Осы аумақтардың қиын әлеуметтiк жағдайы ауыр күйзелiске ұшыраған аудандарға айналмауы, аумақтардың кешендi дамуы мақсатында, олардың тартымды жақтарын қарастырып анықтау керек.
      Қалада апатты және тозығы жеткен құрылыстардың бар болуы тағы бiр маңызды мәселе. Осы құрылыстардың бұзу жұмыстары жергiлiктi бюджет есебiмен, мемлекеттiк емес құрылысшылардың есебiнен жүзеге асырылады. 2002 - 2004 жылдары арасында Астана қаласында 2002-2005 жж. апатты және тозығы жеткен құрылыстарды бұзу бағдарламасының шеңберiнде 16 үй-жай құрылыстары бұзылған 3 .
___________________________
      3  Астана қаласының Тұрғын үй Департаментiнiң деректерi

      Сонымен қоса, қазiргi уақытта қала құрылысшыларының экологиялық және ауа-райы жағдайларды елемеушiлiк кесiрiнен, қысқа мерзiм iшiнде үлкен табыс алу мақсаты, сапасы төмен құрылыс заттар мен ескiрген технологиялардың пайдалануы, балалар алаңы, арнайы көлiк қою орындары және т.б. қарастырылмаған, дара тұрған көп пәтерлi үйлердi салу кесiрiнен бiрқатар мәселелер туындайды. Құрылыс алаңдарында ағаштар мен жасыл егiндердiң шабылуы байқалынады.

       Астана қаласының экологиялық жағдайы

       Атмосфералық ауа.  Астанада атмосфераға ластаушы заттардың 90 түрi шығарылып тасталады: бiрiншi қауiп-қатер сыныбы - 5, екiншi - 23, үшiншi - 26, төртiншi - 17. Сонымен қатар, адам және қоршаған ортаға деген қатты қаупi жоқ ластаушы заттардың 22 түрi анықталған.
      Бiрiншi және екiншi ластаушы заттардың сыныбына жататын заттардың шығарылуы ең үлкен қауiптi төндiредi, олар хром оксидi, тетраэтилқорғасыны, бенз(а)пирен, қорғасын және оның органикалық емес қосылыстары.
      Астанада стационарлық ластау негiздерi бар, 600 ден астам кәсiпорындар саны байқалынады. Олардың iшiндегi ең iрiлерi "Астана-Энергия" АҚ СП ЖЭС-2, СП ЖЭС-1, "Цесна - Астық Концернi" ЖШС 4
___________________________
      4  2003 жылы М. Козыбай атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк Университетiнiң атмосфералық ауаны қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу орталығымен жасалған ПДВ-ң қосалқы томының деректерi.

      2000-2004 жж. ластаушы заттардың шығарылып тасталу серпiнiнiң көлемi 16-кестеде көрсетiлген.

                                                           16-кесте

        Стационарлық ластану көздерiнен шығарылатын
          зиянды заттар шығарындыларының серпiнi

                                                   жылына/мың тонна

Көрсеткiштер

Жылдар

2000

2001

2002

2003

2004

2005
алдын-
ала
дерек-
тер

Стационарлық көздерден шығарылатын ластауыштар, соның iшiнде:

46,3

50,5

46,5

51,5

51,6

54,2

Қатты

21,5

22,5

20,5

22,6

22,65

22,0

Газ тәрiздi

24,8

28,0

26,0

28,9

28,95

32,2

ЖЭС-дан тастаулар

42,74

46,09

40,94

42,16

40,75

42,6

Стационарлық көздерден шығарылатын ластауыш
заттардың жалпы
көлемiндегi ЖЭС-ң
үлесi, %

92,3

91,3

88,1

81,9

79,0

78,7

      Стационарлық көздерден шығарылатын зиянды заңғардың бiршама бөлiгi ЖЭС-на жатады.
      Бiрақ талдау көрсеткендей, ЖЭС-пен энергия ресурстарын шығару көлемiнiң өсуiне қарамастан, зиянды заттардың шығарылып тасталуының одан әрi артуы байқалынбайды. Бұл табиғатты сақтау жұмыстары мен ЖЭС зиянды заттардың шығарылуын азайтатын технологиялардың енгiзуiмен байланысты.
      Егер 2000 жылы ластаушы заттардың шығарылу көлемi 92,3 % құраған болса, 2004 жылы - екi ЖЭС үлесiне стационарлық көздерден шығарылатын ластауыш заттардың 79 % көлемi келген болатын.
      Солай, қазiргi кезде ЖЭС-2 қайта салу жобасы жүзеге асырылуда. Онда осы замандағы күлтұтқыш құралымен жабдықталады қазан орналасады, сол күлтұтқыштың жобалы деңгейi 99,8 % жетедi.
      Автокөлiктен шығарылатын зиянды заттардың үлесi артуда, бұл автокөлiктiң үстемдi өсуiмен байланысты. Олардың үлесiне қала бойынша жалпы зиянды заттардың шығарылуына 40 % астам жатады.

                                                         16а-кесте

     Жылжымалы көздерден зиянды заттардың шығарылу серпiнi

Көрсеткiштер

Жылдар

2000

2001

2002

2003

2004

2005
алдын-
ала
дерек-
тер

Жылжымалы мүлiктiң жалпы ластаушы заттардың көлемiндегi үлесi, жылына/мың тонна, соның iшiнде:

26,3

29,1

37,8

40,1

42,1

44,1

қатты

0,2

0,2

0,4

0,4

0,4

0,5

Газ тәрiздi

26,1

28,9

37,4

39,7

41,7

43,6

Жылжымалы мүлiктiң жалпы ластаушы заттардың көлемiндегi үлесi,%

36,2

36,6

44,8

43,8

44,9

44,8

       Су ресурстары.  Қаланың сумен сұранысының 75 % қамтитын, Астана (Вячеслав) су қоймасы, қаланың сумен пайдалануын қамтамасыз ететiн көзiнiң бiрi болып табылады. Iшiм өзенi қаланың сумен жалпы сұранысының 24 % және 1 % - жер асты сулары қамтамасыз етедi.
      Ағызғыш тазарту құралдармен жабдықталған су бұру орталық жүйесiне бiр жылдан 60 жылдар аралығында пайдаланымды, механикалық және биологиялық тазартулар және ұзындығы 250 км жететiн ағызғыш коллекторлар кiредi. Ағызғыш құрылыстардың жобалы қуаты - 135,8 күнiне мың/м 3 . Тазарудан кейiн сарқынды сулар екi өзен негiзiнде құрылған, "Талдыкөл" булағыш-жинағышқа түседi. Булағыш-жинағыштың толып кету қаупiнен, сулар жыл сайын қоршаған ортаға төгiледi. Осы шартпен байланысты, қазiргi уақытта, Астана қаласында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшiн, "Талдыкөл" булағыш-жинағыштың жабылу жобасы қарастырылуда.
      Қаланың су шаруашылық жүйесiнiң тозғанымен ас-судың микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткiштерi нашарлай түсуде.
       Көгалдандыру және қорғаушы екпелер.  Астана қаласының қатаң табиғи-ауа райы және жағымсыз топырақ бұрғы шарттарының салдарынан жасыл екпелердiң ассортименттерi өте аз. Жасыл екпелердiң жасы, санитарлық жағдайы және сәндiк сапалары әр түрлi. Жалпы айтқанда олардың жағдайы жарытымсыз.
      Астананың бiр тұрғынына жасыл екпелердiң 9,8 м.кв. келедi, ал қаланың солтүстiк-шығыс аудандарында осы көрсеткiштер 1,5 - 2,0 ш.м. жетедi. Әкiмшiлiкпен қала ауданын көгалдандыру жұмыстары белсендi жүргізiлiп жатыр, солай 2004 жылы жалпы алаңы 16,3 га құрайтын сегiз саябақтар және сол жақ жағалауда бiр бульвар (8,5 га) ашылған. Қаланың толық көгалдандыру схемасына сай, 2030 жылы тұратын әрбiр жанға деген жасыл егіндiлердiң көлемiн 19,2 ш.м. дейiн жеткiзу мақсаттануда.
      Жасыл аймақ қала шетiнде 14 мың га және қала маңының 11 мың га жерiнде орманға жағымды участiлерде салынған. Қалаға бұрын салынған екпелердiң есебiмен, орманның 11 мың га "жасыл" белдеулерi берiлдi.
      Қала топырағы сапасы жасыл екпелерге жағымсыз.
       Қатты қалдықтар.  Астана қаласы ауданында Астана - Павлодар автожолының алтыншы километiрiнен оңтүстiк-шығысқа қарай 50 м, шығыс шеткерi аймақтарында орналасқан қатты тұрмыстық және өнеркәсiптiк қалдықтардың бiр жинауышы бар.
      1972 жылдан қалдықтарды iстен шыққан кенiштерде көмiп жүрген. Жобалы есептерге сай, полигонның пайдаланымы тек 2010 жылға дейiн мүмкiн. Жыл сайын полигонға 0,4 - 0,5 млн. м 3  қалдықтар көмiледi. Қаланың үстемдi дамуымен қалдықтардың көлемi арта түсуде.
      Қазiргi уақытта, қалдықтарды қайта өндiру және бақылау жүйесi жоқ. Қатты тұрмыстық және өнеркәсiптiк қалдықтар қаланың сыртында орналасқан полигон астына көмiледi. Сонымен қатар, қауiптi қалдықтардың арнайы көму орны жоқ.

       Инженерлiк инфрақұрылым

       Жылу және электр энергетикасы.  ЖЭС-1 және ЖЭС-2 орталық жылумен қамтамасыз ету жүйесi Астана қ. оң жақ жағалауында, әсiресе орталық және оңтүстiк-шығыс жоспарланған аудандарда дамыған.
      Осы станциялардың қуаты 2004 жылдың аяғына 876,4 Гкал құрады. 2001-2004 жж. ЖЭС-1, 2 қуатының нақты пайдалануы 2001 жылы болған, 62,5 %-дан 2004 жылы 72 % немесе 9,5 % өстi. Қаланы жылумен қамтамасыз етудiң басты мәселесiнiң бiрi жылу электр станциялардың басты қуатының шектелуi. Құрылыс жұмыстарымен жылу энергиясының пайдалану көлемiнiң өсуi салдарынан, ЖЭС-1, 2 жақын уақыт аралығында, қаланың жылу энергиясының сұранысын толық қамтамасыз ете алмайды.
      Қаланың электр энергиясын пайдаланудың жалпы көлемi 2001 жылы болған 818,3 млн. кВт/сағатынан 2004 жылы 1489,5 млн. кВт/с. немесе 82 % өстi. Қаланың электр энергиясымен тұтыну көлемiнiң өсуi оның құрылыс және көлiк саласында көп пайдалануы негiзгi себеп болды. Қаланың электр энергиясының үнемi өсетiн сұранысын шешу электр энергияның республиканың басқа аумақтарынан жеткiзу болып келедi.
       Сумен жабдықтау және суды бұру.  Астананы сумен жабдықтаудың басты мәселелерi, олар су тұтынымының күнделiктi өсуi шартында ресурстардың шектелуi және Астаналық су қоймасына берiктi сумен жабдықтау балама құрылысының жоқ болуы.
      Астанада нөсер арығының жүйесi нашар дамыған, тазалағыш құрылыстардың саны жеткiлiксiз. Механикалық және биологиялық өңдеу жұмыстарынан кейiн сарқынды сулар өзi жөндеу жұмыстарын талап ететiн, 21,3 км 2  қала шетiндегi жерiнде орналасқан Талдыкөл сарқын сулардың жинауышына тасымалданады.
      Талдыкөл жинауышына сарқынды сулардың құюлуы тоқтатылып, сарқынды сулардың тазалау деңгейi балық шаруашылық нормативiне сай жасалып, осы тұнбаның жинауышта қайтакультиваторлану жұмысын жүзеге асыру әкiмшiлiкпен жоспарлануда.
       Газбен қамтамасыз ету.  2004 жылы халыққа және заңды тұлғаларға газды өткiзу көлемi 651,3 млн.теңге құрады, 2003 жылдың деңгейiнен 25,4 % асты. Сұйықталған газдың негiзгi көлемi, күштiлiк газ түрiнде өткiзiлдi, бұл барлық сатылатын газдың 48 %-ы.
      Газбен қамтамасыз етудiң басты мәселесi - газ таратқыш құрал-жабдықтың тозуы. 2004 жылы технологиялық құрал-жабдықтың тозу көрсеткiшi 80 % жеттi, бұл оның кейiнгi пайдалануына қауiп төндiредi. 2004 жылы газды тарату жүйесiнде 5 апаттық жағдайлар болған.
      Қаланың газ таратушы инфрақұрылымының қауiпсiз жұмысын қамтамасыз ету үшiн, бар құрал-жабдықты жаңарту және үлгiлендiру қажет. Сонымен қоса, құрылыстың жоғары қарқыны қаланың газ құбыры жүйесiнiң кеңейтуiн талап етедi. Қазiргi уақытта қала газ құбырының ұзындығы 126 км.
      Инженерлiк инфрақұрылымның негiзгi көрсеткiштерi кестеде берiлген.

                                                           17-кесте

             Инженерлiк инфрақұрылымның негiзгi
                  көрсеткiштерi, 2004 жыл

Көрсеткiштер

Өлшем бiрлiгi

2004 жыл

Жылу өндiрiсi

Гкал

3211565

Жылу желiсiнiң жалпы ұзындығы

км

450

Энергия өндiрiсi

млн. кВт/с.

1489,5

Су қойманың сыймдылығы

млн. м 3

410

Тазарту құрылыстардың қуаты

тыс. м 3 / күнiне

200

Арық құрылыстарының қуаты

тыс. м 3 /күнiне

136

       Көлiк инфрақұрылымы

       Жылжу тәсiлдерi . Әрбiр 1000 қала тұрғынына орташа есеппен 150 автокөлiк келетiнiң ескере отырып, сұрастыру жұмыстары және мемлекеттiк органдардың деректерi нәтижесiнде, Астанада негiзгi жылжу тәсiлдерi жаяу жүру және қоғамдық көлiк 5  (80 % шамасында) екенi анықталды. Көлiк иелерiн, жолаушыларды, таксидi қосқанда қала тұрғындарының 20 % жеңiл автокөлiктерде жылжиды.
      Қала iшiнде жеке автокөлiкпен жылжуының себептерi:
      қозғалыс жылдамдығы бойынша жеңiл автокөлiк қоғамдық көлiктен арта түседi;
      қоғамдық көлiк әдетте адамға толы және ыңғайсыз;
      автобус тұрақтарының бiр-бiрiнен алыс ара қашықтықта болуы, олардың сәйкес құрылыс бейнесi;
      қауiптi ауа райы шарттары;
      автокөлiктi тұраққа қоюмен байланысты үлкен мәселенiң болмауы.
___________________________
      5 Астана қаласының көлiк жолаушылары және автокөлiк жолдары Департаментiнiң деректерi, 2004 жыл

       Автожолдардың жағдайы.  Қазiргi кезде Астана қаласында жалпы пайдаланымдағы қалалық жол және көше желiлердiң ұзындығы 630 км-дей, соның iшiнде:
      дәрежелер бойынша:
      жылдамдықты жолдар - 36 км;
      жол қозғалысы реттелетiн қалалық мәнi бар 93 магистральдық көшелер;
      аудандық мәнi бар магистральдық көшелер - 72 км;
      жергiлiктi мәнi бар көшелер мен жолдар - 429 км;
      жабын түрлерi бойынша:      
      асфальт-бетонды - 370 км;      
      ұсақ тасты - 210 км;
      жабынсыз - 50 км.
      Орталық автокөлiк жолдар жабындысының жағдайы қанағаттанарлық деп саналады. Бiрақ, табысы төмен деңгейдегi азаматтар тұратын, орталықтан тыс жатқан аудандар мен қала сыртындағы тас жолдардың көп бөлiгi (мысалы, сапаржай жанындағы аумақтар) жөндеу жұмыстарымен олардың қайта салынуын талап етедi.
       Автокөлiк тұрағы.  Астанада автокөлiк тұрақтарының көбi ашық аудандарда, тұрғын үй және әкiмшiлiк ғимараттар алдында, не олардың жанында орналасқан. Көптеген автокөлiк иелерi машиналарын жүргiншілерге арналған аяқжолдарда және балалар алаңдарында қояды. Бұл жаяу жүрген адамдармен, ойнап жүрген балаларға ыңғайсыздық жасап, олардың өмiрiне қауiп төндiредi.
      Арнайы және жабдықталған автокөлiк тұрақтардың жетiспеушiлiк мәселесiнiң шешiмi тұрақтар артынан бақылау жүргiзiп, қала орталығындағы тұрақтарда ақы төлеу жүйесiн енгiзуде табылады.
       Жаяу серуен мен велосипедпен жүру.  Мамандардың бақылауына сәйкес, жаяу серуендердiң үлесiне астананың барлық аралатын арақашықтығының жартысы келедi. Әдетте бiз қысқа арақашықтықты аралау үшiн жаяу жүремiз (бiр қоғамдық транспорт тұрағынан басқа тұраққа жету үшiн, ең жақын дүкенге бару үшiн және т.б.).
      Жаяу серуендердiң жағдайы қала ауданына байланысты түрленедi.
      Жаяу серуендердi шектететiн жағдайлар:
      жаңа аудандарда сауда және қызмет инфрақұрылымның толықсыздығы;
      ауа райы жағдайы;
      жасыл екпеледiң жетiспеушiлiгi немесе жоқ болуы, әсiресе жаңа аудандарда;
      сәулетті бейнелермен аудандардың жоспарлануы ауа райы жағдайының жайлы болуына әсер етпейдi.
      Жол түйiс участкiлерi басты мәселе болып келедi. Көп жолды жолдарда жүрушiлер өтетiн түйiстердiң көбi бағдаршаммен қамтамасыз етiлмеген. Бұл шарт, жол көлiк оқиғасы себебiнен өлiм жағдайлардың өсуiне және жол түйiстерiнде қауiпсiздiктің болмауына әкеледi. Солай, мысалы, Астана қаласының жол полиция Басқармасының деректерiне сай, ағымдағы жылдың 6 ай iшiнде 302 ЖТО болды, опат болған адамдар саны - 29 адам, жарақат алған - 398 адам. Осылайша, жағдайдың анағұрлым жақсарлануы байқалмайды. 2004 жылдың сәйкес мерзiмiнде 338 ЖКО тiркелдi, оның себебiнен 30 адам апатқа ұшырап, 450 адам жарақат алған 6 .
___________________________
      6 Астана қаласы бойынша Қалалық жол полиция басқармасының деректерi

      Астананың жазық өңiрiне қарамастан, велосипедпен жүру кең тарамаған.
       Қоғамдық көлiк.  2004 жылы Астана қаласында жолаушыларды тасымалдау қызметiн 13 кәсiпорын жүзеге асырды. Осы қызметте 852 көлiк құралдары қызмет еткен, соның iшiнде:
      562 автобустар (сыйымдылығы үлкен - 362 және сыйымдылығы орташа - 200 автобустар);
      40 троллейбустар;
      250 микроавтобустар.
      2004 жылы қала бағдар желiлерiнiң жалпы ұзындығы 1720 км, троллейбус байланыс желiлерi - 51,7 км құрды. Жолаушылар көлiгiнiң бағдар желiлерi 54 бағдардан құралды, оның iшiнде 30 автобустық, 21 микроавтобустық және 3 троллейбустық бағыттары 7 .
___________________________
      7 Астана к. жолаушылар келiп және автокөлiк жолдары Департаментiнiң деректерi 

      Көлiк құралдарының көп бөлiгi тозған. Қоғамдық көлiктiң көбi өте ыңғайсыз, мүмкiншiлiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар жоқ.
      Тұрақтар бiр бiрiнен алыс арақашықтықта орналасқан. Жергiлiкті атқару органдардың тиiмдi қозғалыс схемасын жасауға қойылып жатқан үлестерiне қарамастан, қаланың ескi бөлiгiнде қоғамдық көлiктiң жеке бағыттары бiр бiрiн қосарлап (мысалы, троллейбустық бағыттар), бағыттары тек кейбiр үзiктерде көршiлес көшелерге айырылады.
      Қазiргi уақытта, қоғамдық көлiк кестелерi кейбiр автобус тұрақтарында мүлде жоқ. Бұл жағдай астана мәртебесiне ие болған қалаға сай емес.

       Мәдени-әлеуметтiк даму
      Мәдениет, бос уақыт.  Қаланың өсуiмен бiрге, әлеуметтiк-мәдени объектiлердiң саны мен сапасы өседi, осыған Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi қолайлы жағдай жасайды. Бiрақ, көпшiлiк әлеуметтiк-мәдени объектілердiң қызметтерiнiң орталық аумақтарда шоғырлануы және оның жоғары құны астана тұрғындарының көпшiлiгiне тиiмсiз. Қаланың тағы бiр мәселесi бiлiм мекемелерiнiң және балалардың бос уақыт өткiзу орындарының жоқ болуы.
       Денсаулық сақтау.  Мемлекеттiк басқару органдарымен емдеу-алдын-алу мекемелердiң тапшылық мәселесiн шешу үшiн, 2004 - 2005 жылдары бiрнеше денсаулық объектiлерi ашылған.
      Қазiргi кезде, халық денсаулығы жағдайы мен медициналық көмек берудiң сапасы ең маңызды мәселе болып табылады.
      Қаладағы ауру-сырқаулардың жалпы көрсеткiшi 2001 жылдан 2004 жж. аралығында 17 % көтерiлдi. Сүйек-бұлшық ет жүйелерi және байланыстыратын түндердiң аурушандықтары осы мерзiмде 80 % өстi, қан аурулары - 77 %, қуық жүйелерi - 33,8 %, қан айналымы жүйелерi - 30,8 %, iшкi секреция аурулары, ас қорыту және заттек алмасудың бұзылуы - 37,3 % көтерiлдi.
      2004 ж. астана халқының жалпы аурушандық құрылымында дем алу органдарының ауруы (31,8 %) бiрiншi орында тұр, оның негiзгi меншiкті салмағы балалар ауруларына - 51,9 %, қан айналымы жүйесiне (8,2 %) келедi.
      Тағы бiр мәселенiң бiрi, ол жаңа туған нәрестелердiң өмiрiн сақтау шарты. Нәрестелердiң өлуiнiң жыл сайынғы азаюына қарамастан, дамыған елдермен салыстырғанда (орта есеппен, 1000 нәрестелерге 5-7 өлiм саны), оның деңгейi әлде қайда жоғары болып қалады (2004 ж. 1000 нәрестелерге 11,7 өлiм саны) бұл жағдай медикалық санитарлық, акушерлiк және бала дәрiгерi қызметiнiң, сонымен қоса бала аналарының нашар денсаулығының көрсеткiшi.
      Балалар арасында наркологиялық ауытқулардың өсу қарқыны байқалды. 2001 жылғы 2 250,9 ауруларға қарсы 2004 жылы 100 мың халық санына 2 610,4 наркологиялық аурулар тiркелдi және 2002 жылғы 9,8 балалар арасындағы ауруларға қарсы 8  36,3 наркологиялық аурулар анықталған.
___________________________
      8  ҚР-ң Статистика агенттiгiнiң деректерi

       Бiлiм беру.  Қаланың ең белгілi жағының бiрi тұратын халықтың анағұрлым жоғары бiлiм деңгейi болып келедi.
      Қазiргi кезде, қаланың бiлiм жүйесiнiң негiзгi мәселесi мемлекеттік мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң тым толғаны. Мемлекеттiк мектепке дейiнгі мекемелерге түсу үшiн, 3 мыңнан астам балалар тiркелген. Жалпы және мамандандырылған мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде отырғызу орнының тапшылығы 2004 жылдың аяғына 12,8 мың орынды құрады. 9
________________________________________
      9  Астана қаласының Бiлiм беру Департаментiнiң деректерi

      Қалада кәсiби бiлiм беру жүйесi нашар дамыған. Қазiргi уақытта, 9 мемлекеттiк кәсiби ұйымдардың екеуiнде өзiнiң меншiктi базалары жоқ, бұл жағдай оқушылар санын арттырып, еңбек нарығының жұмыс кадрлерiндегi сұранысын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi.
      Төмен еңбек ақы, үй-жайдың өте қымбат болуы себебiнен, қалада жалпы орта бiлiм жүйесiнде жеке пәндер бойынша мамандандырылған педагогикалық кадрлер мен кәсiби бiлiм ұйымдарында арнайы пән оқутышылары жетiспейдi, осыжағдай балаларды оқыту мен бiлiм беру сапасына жаратымсыз әсер етедi.
       Тұрғын үй нарығы.  2004 ж. бүкiл республикада, барлық мүлiк түрлерi кәсiпорындарымен ұйымдармен, сондай-ақ халықпен жалпы ауқымы 2 586,8 мың ш.м. 21 900 жаңа пәтерлер салынды. Елдiң көрсеткiштерi бойынша Астана қаласының меншiктi салмағы сәйкесiнше 11,3 % және 16,3 % құрады. Астанада, басқа аудандармен салыстырғанда, құрылысқа берiлген ең үлкен инвестициялар мөлшерi байқалынады, осы шартта, астанада жаңа пәтердiң 1 ш.м. орташа құны орта республикалық көрсеткiштен екi есе асты (2004 ж. пәтердiң
1 ш.м. құны, орташа мөлшермен, 10  57,7 мың теңге құраған (400 АҚШ долл. астам). 2004 ж. астанаға муниципалды тұрғын үйдiң 7,9 мың кв.м. енгiзiлдi, бұл жалпы пайдаланымға түскен пәтерлердiң 1,9 % үлесiн құрайды.
___________________________
      10  ҚР-ң Статистика агенттiгiнiң деректерi

      2005 жылы Қазақстанда халық тұрғындарының, негізiнен жас жан-ұялардың, бюджет ұйымдарының, әлеуметтiк саладағы мемлекеттiк кәсiпорындар қызметкерлерiнiң көпшiлiгiн қымбат емес пәтерлермен қамтамасыз етуге бағытталған үй-жай құрылысының мемлекеттiк бағдарламасы жүзеге асырылуда.
      Ипотекалық кредит беру жүйесi кең дамуда. Бiрақ, кредит ставкаларының және басқа банктiк өлшемдердiң анағұрлым жоғары ақылары себебiнен, табысы орта және төмен деңгейдегi халықтардың ипотекалық кредит алу мүмкiндiгi шектеулi.
       Халықтың өмiр сүру деңгейi және әлеуметтiк қорғаныс.  Астана халқының өмiр сүру деңгейiн анықтаушы көрсеткiштер серпiнi осында кедейшiлiктiң азаю қарқынын көрсетедi.
      Бүкiл ел бойынша, Астанада, табысы өмiр сүру минимумынан төмен халық саны және кедейшiлiк бедерi ең төмен болуы байқалады. Осы шартта 2004 жылы кедейшiлiк бедерiнiң ортажылдық мөлшерi 2191 теңге құрағанын меңгеру керек, бұл көрсеткiш ең төмен өмiр сүру минимумынан 2,6 есе аз.
      Астана қаласында өмiр сүру минимумы көлемi 2004 жылдың желтоқсанында 5 676 теңге немесе орта республикалық деңгейдiң 100,6 % құрады, 2004 жыл аралығында 315 теңгеге өстi ( 5,9 %-ға).
      Орта айлық нақты еңбекақы 2001 жылы болған деңгейден 84,5 % өсiп, 41921 теңгеге жеттi.
      Астана қаласында 2004 жылы әрбiр жанға деген номиналды ақша табысы орта республикалық деңгейден 2 есе артты, ал 2003 жылмен салыстырғанда 51 %-ға өсiп 41921 теңге болды, тиiсiнше айына 26 196 теңге болды.
      Астана қаласында 2003 жылға қарағанда 2004 жылы табыстың нақты өсуi республика бойынша орта көрсеткiшiнен 5,3 пайызға жоғары және 119,1 % құрайды. Осы шартта, Астана қ. 2004 жылы тұратын әрбiр жанға деген ақшалы табыстың орташа көлемi өмiр сүру минимумынан 4 есе арттып, республика бойынша орташа табыс деңгейiнен екi есе арта түстi.
      Табысы аз азаматтарға және мүгедектерге әлеуметтiк көмек бiр қатар әлеуметтiк қажеттiктердi, олар мекен-жайлық әлеуметтiк көмек, үй-жай жәрдемақы, мүгедек балаларды үйде оқыту, техникалық және басқа құралдармен қамтамасыз ету, жалпы бiлiм беру мектеп оқушыларына, орта арнайы мекемелер бiтiрушiлер арасындағы жетiм балаларға, жастайынан мүгедек болған балаларға жасқа толмаған төрт немесе одан да көп, көп балалы жан-ұялардың балаларына, сондай-ақ Астана қ. ЖОО-да оқу үшiн, балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiне және т.б. әлеуметтiк жәрдемдердi беру арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi айлық есеп көрсеткiштерден есептелуiне байланысты, оның деңгейi астананың жоғары өмiр сүру деңгейiне сәйкес келмейдi.
      Астанада азаматтық қоғамдық институттарымен тұрғындардың әлеуметтiк өмiр саласында, қараусыз қалған балалар мәселелерiн шешу сұрақтарында қатысу деңгейi өте төмен екенi байқалады.
       Қоғамды мемлекеттiк басқару жүйесiне қатыстыру.  Халықтың қалалық үкiметiмен шешiмдердi қабылдауда қатысу деңгейi әлдеқайда төмен болып қалады. Қала тұрғындарының көпшiлiгi мемлекетпен өмiр жағдайын жақсарту туралы қолданылып жатқан шаралардың ақпаратына ие болмайды. Мемлекеттiк органдары мен халық арасында "керi" байланыс механизмi жоқ. Әлеуметтiк сұрастарда азаматтардың көпшiлiгi мемлекеттiк қызметкерлердiң жұмысын мөлдiрсiз және өнiмсiз деп санайтыны анықталды.

       Қалалық басқару

      Астананың мемлекеттiк басқару жүйесi коллегиялық орган болып келетiн, жергілiктi атқару органы - әкiмшiлiкпен, сайлаулы орган болып келетiн, халық сайлайтын және оның еркiн бiлдiретiн жергiлiктi өкiлеттi орган - маслихатпен жүзеге асырылады.
      Әкiмшiлiктiң құрылысы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекетiнiң басқару құрылысын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 Қаулысымен бекiтiлген.
      Әкiмшiлiктiң негiзгi жұмыстары "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталған. Оның жұмыстарына: жоспарларды жетiлдiру, астананың дамуының экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын құру астананың бюджетiн анықтап, оның орындалуын қамтамасыз ету, тұрғын үй-жай меншiгiн басқару, оны қорғау шарттарын жүзеге асыру, астана ауданында кәсiпкерлiк қызметтің және инвестициялардың дамуы үшiн ыңғайлы жағдайлар жасау, сонымен қатар қаланың инфрақұрылымы қатынасында басқару жұмыстарын жүзеге асыру (көлiк, байланыс және т.б.) кiредi.
      Қызмет түрiне байланысты, Астана қаласының департаменттерi мен әкiмшiлiк басқарудың жұмыстары қала әкiмi бекiткен, тиiсті ережелермен реттеледi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес, астанада екi аудан құрылды. Аудандық әкiмдер өз қызметтерiн қала әкiмiне есеп бередi.
      Yкiметтің әрбiр деңгейiнiң өкiлдiгі заңмен бекiтілгенiне қарамастан, олардың жергiлiктi атқарушы органдары және орталық атқарушы органдардың аудандық бөлiмдерiнiң арасындағы әрекеттерiнде нақты шектеулер жоқ. Бiрқатар ұйымдар, мысалы, астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар және мәдениет Департаменттары өз қызметiн қалалық әкiмшiлiкпен, сондай-ақ орталық министрлiктермен ведомстволар алдында есептеседi. Бұл жағдай есеп беру жұмысында жаңылыс мәселесiне әкеледi. Сонымен қатар, бiрнеше мәселелердiң шешiмi жергiлiктi деңгейде тиiмдi болып келетiн, жергiлiктi атқару органдардың кейбiр өкiлдiктерге заңды тәртiппен бекiтiлген құқығы жоқ.
      Қалада Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі стратегиялық даму жоспарына және Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму Стратегиясына негізделген 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспары бар. Қазiргi уақытта Астанада әр түрлi бағыттағы 33 даму бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламалар қала өмiрiнiң барлық салаларын қамтиды, олар өнеркәсiп, кәсiпкерлiк, денсаулық сақтау, бiлiм беру, инфрақұрылым және т.б. Жалпы бағдарламалардың жайлы жүзеге асырылуын белгілеуге болады. Бiрақ, жүзеге асырылуын бағдарламалық құжаттар малдандыратын көптеген стратегиялық тапсырыстарға қарамастан, мемлекеттiк органдармен барлық құжаттардың тиянақты орындалуын тексеруге қиын. Бұл мәселе келесi шешiмдердi қабылдауда, сондай-ақ бюджеттi қаржыландыру мәселесiн анықтауда қиыншылық туғызады. Жеке жағдайларда, бұл тапсырыстың анық емес талдауларымен және жұмыстың жүзеге асыру жұмыстарының толықсыздығымен байланысты. Бiрақ, басты мәселе әдiстеменiң, мемлекеттiк органдарының қызмет бағасының көрсеткiштерi мен стратегиялық және бағдарламалық құжаттар артында нақты бақылаудың жоқ болуымен байланысты.
      Осыған қоса, жоспарлау "жоғарыдан төменге" деген схема арқылы жүзеге асырылады және қалалық әкiмшiлiк басқармасымен шешiмдi қабылдау барысында қоғамның қатысу ынтасы өте төмен.

Астана қаласын        
орнықты дамытудың 2030 жылға  
дейiнгi стратегиялық жоспарына 
3-қосымша         

Қала экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiн және оны
әртараптандыруды арттыру мақсатында Астана қаласындағы
перспективалық кластерлердi таңдау

Кластерлердi iрiктеу кезiнде пайдаланылатын жалпы өлшемдер

      мемлекет пен кәсiпкерлердi кластерлiк өндiрiстерге инвестициялау мүдделiлiгi мен ниет бiлдiруi
      бизнестi жүзеге асыру үшiн елеулi кедергiлердiң болмауы
      қолайлы нарықтық орта
      кластердiң сала мен өңiрдiң бәсекеге қабiлеттiгi мен өнiмдiлiгiне оң әсер етуi
      кластерге қатысушылар мен мемлекеттiк органдардың арасында тығыз жұмыс байланыстарын орнату мүмкiндiгi

Астана қаласындағы перспективалық
кластерлер

1. Туризм
2. Медициналық
3. Ғылыми (жоғары) технологиялар
4. Биотехнологиялар
5. Құрылыс материалдары

              Астана қаласындағы туристiк қызмет
                         көрсеткiштерi

Көрсеткiш

2001

2002

2003

2004

2001 ж.
қара-
ғанда
2004
жылғы
өсу қар-
қыны, %

Турфирмалар мен қонақ үйлердің
туристерге қызмет
көрсетуi, адам

120560

147314

150026

184448

152,9

оның iшiнде

  

  

  

  

  

келуші туризм

13339

11605

15664

22647

169,8

кететін туризм

9451

9715

9217

18054

191,0

ішкі туризм

97770

125994

125145

143747

147,0

Турфирмалар қызметі мен қонақ үйлер
көрсеткен қызметтерден
алынған табыстар,
млн. теңге

2290,7

2295,4

2596,5

3615,9

157,8

Астана қаласындағы туристiк саланың әлсiз және
күштi жақтары

Күштi жақтары                         Әлсiз жақтары

Жыл сайын Астанаға                  Iшкі туризмнiң басымырақ үлесi
келетiн туристер санының өсуi     (басқа облыстардан iскерлiк
Туристік инфрақұрылымен           мақсаттармен iссапарға жiберiлген
объектiлерi (қонақ үйлер,         ұйымдардың, кәсiпорындардың,
мейрамханалар, ойын-сауық         мекемелердiң қызметкерлерi)
мекемелерi) санының артуы           Көрсететiн қызметтерi әлемдiк
Халықаралық әуежайдың,            стандарттарға сәйкес сертификаты темір жол вокзалының жұмыс        бар қонақ үйлердiң болмашы саны,
істеуі                            эквайрингтiк жүйенiң дамымағандығы
                                  (төлем карточкалары), қызмет
                                  көрсетудiң жоғары емес деңгейі
Қаладағы туристік мүддені           Астана арқылы жүзеге асырылатын
білдіретін, табиғат               халықаралық авиарейстердің аз саны
қорықтарымен (Бурабай,
Қорғалжың) жақын орналасқан         Астана туралы жарнамалық
объектiлердiң жеткiлiктi саны     ақпаратты, оның iшiнде шет ел
                                  тiлдерiнде тарату жүйесiнiң
                                  жеткiлiксiз дамуы, осы салада
                                  мамандардың (мысалы, тарихи
                                  туризм бойынша бiлiмдерi бар
                                  экскурсшылардың) жеткiлiксiздiгi

Астана қаласында туристiк кластер құрудың
алғы шарттары

      Yкiметтiң заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселесiн қамтитын жалпы жүйелiк шараларды iске асыруы, Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi ынталандыру жөнiнде жалпы салалық iс-шаралар өткiзу
      Астана қаласы жұмыс iстейтiн туристiк фирмалардың саны бойынша республикада екiншi болып табылады, қонақ үйлiк нөмiрлердiң саны бойынша Алматы мен Шығыс Қазақстан облысынан кейiн үшiншi орында тұр
      Жеке бизнес өкiлдерiнiң туристер үшiн өңiрдiң жалпы тартымдылығын арттыру үшiн ынтымақтастыққа дайындығы
      Экологиялық, мәдени-танымдық және iскерлiк туризм тәрiздi сегменттердiң даму мүмкiндiгi

Астана қаласында туризм кластерiн
табысты қалыптастырудың мүмкiндiктерi

      Туризм саласындағы кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесiн жақсарту
      Туристiк инфрақұрылым объектiлерiн салу
      Қалалық ұйымдардағы: туристiк фирмалардағы, қонақ үйлердегi, мейрамханалардағы, кафелердегi сервис деңгейiн арттыру
      Туристiк кластерiн құру Щучье-Бурабай курорт аймағына, "Қорғалжын" қорығына қол жеткiзу мүмкiндiгiн ескере отырып перспективалы болуы мүмкiн, орнитологиялық, флористикалық, мәдени-танымдық және iскерлiк туризмдi дамыту; "көшпендi тұрмыс" жағдайларына, шетел туристерiнiң аң аулау, балық аулау және астана мен Ақмола облысы туризмiнiң басқа да объектiлерiне туристердiң қызығушылықтарын тарту

Туристiк кластердiң қатысушылары

      Туристiк агенттiктер (30 заңды тұлғадан астам)
      Қонақ үйлер, мейрамханалар, кафелер (28 қонақ үй және 170-тен астам кафелер мен мейрамханалар)
      Ойын-сауық мекемелерi
      Бiлiм беру мекемелерi (университеттер, колледждер)
      Көлiк компаниялары

            Астана қаласындағы медицина саласының
         негiзгi көрсеткiштерi, кәсiпорындардың саны

Атауы

2003

2004

Ауруханалық мекемелер:

21

22

мемлекеттiк

2

3

жеке меншiк

19

19

Амбулаториялық-емханалық ұйымдар:

29

29

мемлекеттiк

10

10

жеке меншiк

19

19

Дәрiхана ұйымдары:

335

361

мемлекеттiк

23

28

жеке меншiк

312

333

Алынған көзi: Астана қаласының Денсаулық сақтау департаментi

            Астана қаласындағы медициналық қызмет
               көрсету көрсеткiшi, жыл аяғында

 

2001

2002

2003

2004

2001 ж.,
2004 ж.
өсу
қарқыны.
%

Барлық мамандықтағы
дәрiгерлердiң саны

2404

2730

2784

3015

125,4

Халықтың дәрiгерлермен қамтамасыз етiлуi (10000 халыққа шаққанда)

51

55

55

58

113,7

Орта медицина
персоналының саны

3608

3416

3384

3747

103,9

Халықтың медициналық
персоналмен қамтамасыз етiлуi
(10000 халыққа
шаққанда)

77

69

67

72

93,5

Көзi: Астана қаласының Статистика басқармасы

Астана қаласының медицина саласының
әлсiз және күштi жақтары

Күштi жақтары                        Әлсiз жақтары
Қалада:                             Ғылыми-зерттеулердiң төмен
   медициналық бiлiм              деңгейi және саладағы әзiрлемелер,
мекемелерiнiң (Қазақ мемлекеттiк  қаржы ресурстарының жетiспеушiлiгi
медицина академиясының,
мемлекеттiк медицина
колледжiнiң, "Даналық" жекеше       Қалалың емдеу-профилактикалық
колледжiнiң)                      ұйымдардың осы заманғы
   ғылыми институттарды           медициналық техникамен және
(травматология және ортопедия     жабдықпен жеткiлiксiз жарақтануы
ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медицина
орталығының, ғылыми-зерттеу
институттарының 8 филиалы мен
Қазақ мемлекеттiк медицина
академиясының ғылыми-зерттеу
зертханасының)
   дәрiхана ұйымдарының кең
желiсiнiң
   бiлiктi кадрлардың болуы

Астанада медициналық кластер құрудың
алғышарттары

      Әкiмдiк республикалық органдармен бiрлесiп жүргiзген медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасау жөнiндегi жұмыс
      Денсаулық сақтау жүйесiн реформалау мен дамытудың мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру
      Түрлi бағыттар бойынша емханалық орталықтар желiсiн қамтитын медициналық қалашық салу

Астана қаласында медициналық кластердi
табысты қалыптастырудың мүмкiндiктерi

      Медициналық бiлiм жүйесiн жақсарту, қадрларды даярлау және қайта даярлау
      Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулердiң көлемiн жақсарту және сапасын арттыру
      Медициналық жабдық пен фармацевтикалық препараттарды өндiрушi компанияларды тарту
      Зерттеулердiң негiзгi бағыттары бойынша тәжiрибе алмасу үшiн шетел мамандарымен және денсаулық сақтау мекемелерiмен байланыстар орнату

Медициналық кластердiң қатысушылары

      Медициналық бiлiм ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары
      Медициналық мекемелер (ауруханалар, амбулаториялық-емханалық мекемелер, дәрiханалар)
      Медицина жабдығын, фармацевтика препараттарын өндiру жөнiндегi компания
      Қаланың медициналық мекемелерге қызмет көрсету жөнiндегi (мысалы, халаттар, аяққа киетiн бахил тiгетiн, мүкаммал өндiретiн және т.б.) өнеркәсiп орындары

      Астана қаласындағы есептеу техникасымен, зерттеулермен
            және әзiрлемелермен байланысты көрсетiлген
                 қызметтердiң көлемi млн. теңге

 

2000

2001

2002

2003

2004

2000 ж.
қара-
ғанда
2004 ж. өсу
қарқыны,
%

Есептеу техникасы
және онымен
байланысты қызмет

583,2

1397,5

1369,1

2016

3564,1

611,1

Зерттеулер мен
әзірлемелер

33,6

120,3

322,5

897,1

2862,5

8519,3

        Астана қаласындағы ғылыми зерттеулерге және
     әзiрлемелерге жұмсалған жалпы (мемлекеттiк және
       жеке меншiк) шығындар мен ғылыми-техникалық
               жұмыстар көлемi (млн. теңге)

Қағаз мәтіннен қараңыз

    2004 жылы Астана қаласында ғылым салаларында ғылыми
        зерттеулер мен әзiрлемелерге жұмсалған жалпы
                    шығындардың құрылымы

Қағаз мәтіннен қараңыз

Астана қаласының ғылыми-техника саласының
әлсiз және күштi жақтары

Күштi жақтары                      Әлсiз жақтары
  Қалада ғылыми-зерттеу қызметпен      Ғылыми-зерттеулердiң төмен
айналысатын ұйымдардың жұмыс         деңгейi және саладағы
iстеуi:                              әзiрлемелер, қаржы
  Ғылым мен бiлiм министрлiгiнiң     ресурстарының жетiспеушiлiгi
"Қазақстан Республикасы
биотехнологияларының ұлттық
орталығы" РМҚК                         Қалалық емдеу-профилактикалық
  Экономика және бюджеттiк           ұйымдардың осы заманғы
жоспарлау министрлiгiнiң "Арнаулы    техникамен медициналық және
бағдарламалардың ғылыми-             жабдықпен жеткiлiксiз
әдiстемелiк орталығы" РМҚК           жарақтануы
  Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
"Травматология және ортопедия ҒЗИ"
РМҚК
  Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
"Экономиканың АПК және РСТ ҒЗИ"
РМҚК
  Л.Н. Гумилев атындағы Евразия
ұлттық университетi
  С. Сейфуллин атындағы Қазақ
аграрлық университетi
  Жоғары бiлiктi кадрлардың болуы

Астана қаласында ғылыми (жоғары) технологиялар
кластерiн құрудың алғы шарттары

      Үкiметтiң Қазақстан Республикасында инновациялық қызметтi ынталандыру, жаңа технологиялар әзiрлеу мен енгiзу жөнiнде жалпы жүйелiк шараларды iске асыруы
      Қалада ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын мемлекеттiк және жекеменшiк ҒЗИ, жобалау-конструкторлық ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен кәсiпорындардың болуы
      Астанада бiлiмнiң жоғары деңгейiне қатысты мамандардың шоғырлануы
      Қызметi экономиканың шикiзат секторындағы жеке сектордың бастамаларын қаржылық қолдауға бағытталған мемлекеттiк даму институттарының жұмыс iстеуi
      Ғылыми зерттеулердегi мемлекеттiк және жеке инвестициялардың өсуi
      Астанада Ұлттық биотехнологиялардың орталығының жаңа зертханалық кешенiн салу

Астана қаласында ғылыми (жоғары) технологиялар
кластерiн табысты қалыптастырудың мүмкiндiктерi

      Техникалық мамандықтарға жоғары бiлiктi кадрларды оқыту және дайындау
      Мемлекеттiк органдар, университеттер, кәсiпкерлер арасында ынтымақтастық орнату
      Инновациялық шағын бизнестi дамыту үшiн жағдайлар жасау

Ғылыми (жоғары) технологиялар кластерiне
қатысушылар

      Жоғары техникалық оқу орны
      Ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, орталықтар
      Даму институттары
      Жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететiн өнiм өндiру жөнiндегi компания
      Қаланың өнеркәсiп орындары

          Астана қаласында құрылысқа инвестициялар

Қағаз мәтіннен қараңыз

      Астана қаласында қаржыландыру көздерi бойынша
        құрылысқа салынған инвестицияларды игеру

  

2002

2003

2004

млн.
теңге

үлесi
%-пен

млн.
теңге

үлесi
%-пен

млн.
теңге

үлесi
%-пен

Барлығы:

73412,1

100

100038,9

100

142081

100

Бюджет
қаражаттары

32668

44,5

47018,3

47

57684,9

40,6

кәсiпорындардың,
халықтың өз
қаражаттары

36412

49,6

37714,7

37,7

77434,2

54,5

шет ел
инвестициялары

4331,3

5,9

15306,0

15,3

6962

4,9

Астана қаласында құрылыс
материалдарының кластерiн жасаудың алғышарттары

      Құрылыс саласын серпiндi дамыту
      Халықтың және заңды тұлғалардың тарапынан тұрғын үй, офистер салу және оларды жөндеу мен қайта жаңғырту үшiн құрылыс материалдарына деген жоғары сұраныс
      Өнеркәсiп және тұрғын үй құрылыстарындағы инвестициялардың жоғары деңгейi
      Жеткiлiктi бiлiктi жұмыс күшiнiң болуы
      Шағын және орта бизнес кәсiпорындарының құрылыс материалдары рыногында жұмыс iстеуi

Астана қаласы құрылыс саласының
әлсiз және күштi жақтары

Күштi жақтары                      Әлсiз жақтары
  Тұрғын үй және өнеркәсiп           Негiзгi қорлар тозығының
құрылыс көлемiнiң өсуi             әбден жеткендiгi, жаңарту және
  Халықтың өмiр сүру               техникалық қайта жарақтану үшiн
деңгейiнiң жақсаруының             өзiнiң қаржы құралдарының
нәтижесiнде iшкi сұранысты         жетiспеушiлiгi
арттыру                              Ғылымның өндiрiспен
  Құрылыс материалдарын            ықпалды байланысының жоқтығы,
өндiруде пайдаланылатын            ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-
минералдық-шикiзат                 конструкторлық жұмысқа
ресурстарының болуы                жұмсалған шығыстардың аздығы
  Арзан және жеткiлiктi бiлiктi      Шығарылатын құрылыс
жұмыс күшiнiң болуы                материалдары мен бұйымдарының
                                   шектелген номенклатурасы
                                     Тұрғын үй құрылысының
                                   материалды жоғары қажетсiнуi
                                   және еңбектi қажетсiнуi

Астана қаласында құрылыс материалдарының
кластерiн табысты қалыптастыру мүмкiндiктерi

      Қолданыстағы, сондай-ақ саладағы тоқтап тұрған өндiрiстердi қайта құрылымдау және жаңғырту, қалпына келтiру
      Жоғары сапалы құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды шығаруды ұйымдастыру
      Шет елдiң кәсiпорындарымен кооперациялық байланыстарды дамыту, жаңа технологияларды беру саласындағы ынтымақтастықты орнықтыру
      Шет ел инвестицияларын тарту мақсатында құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң перспективалық салаларының тұсау кесерi жөнiнде ақпараттық жұмыстар жүргiзу
      Индустриалдық парктiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

Құрылыс материалдары кластерiне
қатысушылар

      Құрылыс материалдарын өндiру жөнiндегi кәсiпорындар
      Қаланың құрылыс компаниялары
      Сауда үйлерi
      Көлiк компаниялары мен ұйымдар
      Жоғары оқу орындары және орта кәсiптiк бiлiм ұйымдары
      Ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, орталықтар
      Даму институттары

Астана қаласын          
2030 жылға дейiн орнықты     
дамытудың стратегиялық жоспарына 
4-қосымша           

"Астана халқы: экономикалық, мәдени және әлеуметтiк
аспектiлерi" социологиялық зерттеуiнiң нәтижелерi

      Астананы орнықты дамыту орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бiрлесiп жасаған Стратегиялық жоспарының жобасын әзiрлеу процесiнде "Астана халқы: экономикалық, мәдени және әлеуметтiк аспектiлерi" атты социологиялық зерттеулер жүргiзiлдi. Зерттеулердiң шеңберiнде халықтың социологиялық-экономикалық және мәдени проблемаларын анықтау мен бағалау мақсатында бiрқатар социологиялық сауалнамалар жүзеге асырылды.
      Зерттеулердiң барысында фокус-топтар, бұқаралық сауалнама және жедел интервью әдiстерi пайдаланылды. 2005 жылғы 20 сәуiр мен 2005 жылғы 19 мамыр аралығында өткен фокус топтар бойынша сауалнамалар әлеуметтiк, әлеуметтiк, экономикалық, мәдени және демографилық көрсеткiштер (қалалық, ауылдық студенттер, шағын және орта бизнес өкiлдерi, өз бетiмен айналысатындар, мұғалiмдер, дәрiгерлер, орталық атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi, мұғалiмдер, дәрiгерлер) бойынша бөлiнген астана халқының 10 тобын қамтыды. Сауалнама берiлген жалпы саны 816 адамның ең ауқымдысы - 2005 жылғы 01 қыркүйек пен 2005 жылғы 23 желтоқсан аралығында өткiзiлдi.
      Кестеде сауалнамалар барысында әрбiр нақты мәселе бойынша алынған ең жоғарғы пайыздық мәнi көрсетiлген.

ТҰРҒЫН YЙ

Сауалнама берiлген жауап берушiлердiң 45,7%-ның жеке
үйлерi жоқтар
62,5 % - жеке үй сатып алуға жағдайлары жоқ
29 % - салынып жатқан тұрғын үйлердiң сапасын қанағаттанғысыз деп бағалайды
32,3 % - аулалардың жеткiлiксiз көрiктендiрiлетiнiн атаған
Сауалнама берiгеннiң 23,2 % аулаларды көгалдандыру проблемасын атаған
40,8 % - тозығы жеткен тұрғын үйдi бұзуды мақұлдайды
35 % - тарихи құнды үйлердi қайта жаңғырту қажеттігiн атаған

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ

Сауалнама берiлген жауап берушiлердiң 11,1 % үшiн қаланың әлеуметтiк-экономикалық проблемаларының арасында тамақ өнiмдерiне бағаның (44 %) қымбаттауынан және жалақының (29,3 %) аздығынан кейiн маңызы бойынша үшiншi болып табылады

ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ДАМУ

22,7 % және 13,3 % жауап берушiлер, тиiсiнше, қаланың әкiмдiгi жұмысының басым бағыттарына сапалы медициналық және бiлiм беру қызметтерiн көрсетудi қамтамасыз ету деп есептейдi
29,3 % - еңбек ақының төмен проблемасын тамақ өнiмiне деген бағаның жоғары болуынан кейiнгi екiншi орынға қойды
29,1 % - тұрғындардың қала проблемаларын шешуге қатысуын кеңейтудi ұсынады, бұл ретте
44,2 % жауап берушiлер қаланың даму және оны басқару мәселесiне қызмет көрсетуге өздерiнiң дайын екендiктерiн бiлдiрдi

КӨЛIК

90 % жауап берушiлер қоғамдық көлiк қызметтерiн пайдаланады, олардан
59,1 % - ұдайы
17,2 % жауап берушiлер қоғамдық көлiктiң жұмысына қанағаттанғысыз деген баға бердi
38,4 %- жол құрылысының сапасына қанағаттанбайды
59 % - қаланың 10 бөлiгiне жуығын көлiкпен қамтамасыз етудiң әлсiздiгiн атап өткен

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ
ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

51,9 % сауалнамаға қатысушылар балалар мен жастар демалысының жеткiлiксiз ұйымдастырылатының атап өткен тұрғындардың тек 12,2 % қоғамдық демалыс орнын мойындайды
63,6 % жауап берушiлер демалысты ұйымдастыру орындарында бағаның аса жоғары болуы проблемасын атап өткен
14,1 % - астаналық ойын-сауық орталықтарының сервис деңгейiне риза емес
20,6 % - жаңа мәдени- ойын-сауық мекемелерiн құруды қалайтындарын айтқан

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ
ЭКОЛОГИЯ

35,4 % сауалнама берiлгендер ТКШ жұмысын қанағаттанғысыз деп бағалады
17,1 % қала ортасының жай-күйiн қала әкiмдiгiнiң жұмысындағы басым бағыт ретiнде жақсартуды атады
30,5 % жауап берушiлер ауыз судың сапасына риза емес
11,3 % сауалнамаға қатысушылар қоқыстарды жинау және әкету проблемасын атады
45,3 % сауалнама берiлген тұрғындар ауаның ластану проблемасына аландайды

      Социологиялық зерттеудiң эмпирикалық деректерiн түйiндей отырып, тұтастай, пiкiрлерiндегі бiрыңғайлық байқалатындығын, көрсетiлген айырмашылықтың халықтың өте бай жiктерiнiң қала тiршiлігіне табыстары аз тұрғындардың деңгейiмен салыстырғанда аса қанағаттанарлық сезiммен қарайтынына негізделетiнiн атап өткен жөн. Сауалнама берiлген тұрғындардың басым көпшiлiгi мыналарды:
      ипотекалық кредиттер ставкасының жоғарылығын;
      жаңа тұрғын үйдi оқшаулау, желдету мен салу сапасының төмендiгiн;
      қалада тұтастай алғанда, балалар ойнайтын алаңдардың, ашық көгал аумақтар мен парктердiң, сондай-ақ қаланың бұрынғы бөлiгiнде спорттық және демалыс ұйымдарының жетiмсiздiгiн; спорт орталықтары көрсететiн қызметтерге бағаның қымбаттығын, сондай-ақ олардың тұратын жерден алыстығын;
      денсаулық сақтау мен бiлiм беру қызметтерiнiң сапасының төмендiгiн, бiрдей қол жете бермейтiндiгiн және құнының қымбаттығын; жалақы деңгейiнiң төмендiгiн; мұғалiмдер мен дәрiгерлердiң және әлеуметтiк қызметкерлер деңгейiнiң төмендiгін;
      мектеп пен мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң жеткiлiксiздiгiн;
      жолдарды жөндеу-салу жұмыстарының сапасының төмендiгiн; жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiздiк деңгейiнiң, оның iшiнде жеңiл және жүк көлiктерiнiң ығы-жығы қозғалысының; тротуарлардың нормаға сәйкес ресiмделмеуiнен, көше мен қима жолдарға жарықтың берiлмеуi салдарынан болғанын;
      су мен ауа (автомобильдердiң ығы-жығы қозғалысынан пайда болған ластану салдарынан) дренаждың, кәрiздiк жүйенiң, қоқыс жинау жүйесiнiң сапасының төмендігін, құрылыс материалдары үйiндiсiнiң болуын;
      қаланың кейбiр бөлiктерiндегi антисанитариялық жағдайларды;
      қаланың бiркелкi дамымауы, атап айтқанда, солтүстікте, вокзалдың маңында, орталық базар жанында және басқа да бiрқатар аймақтарда тұрудың қолайсыз жағдайларын;
      қаланы дамыту мәселелерiн шешуде тұрғындардың өздерiнiң қатысу даярлығын атап көрсеттi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады