Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 157 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.07. N 87 қаулысымен.

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына  сәйкес және минералдық тыңайтқыштармен, тұқым улағыштармен және гербицидтермен қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 14 наурыздағы 
N 157 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен
сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу
ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) көзделген қаражат есебiнен және шегiнде субсидиялау жолымен өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражат (бұдан әрi - субсидиялар) ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшiн жер учаскелерi бар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер (бұдан әрi - ауылшартауарын өндiрушiлер) заңды тұлғалардан сатып алатын минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштардың және гербицидтердiң құнын iшiнара өтеуге арналады.

  2. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу тәртiбi

      3. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi сатушылар (бұдан әрi - сатушылар) заңды тұлғалар болып табылады.

      4. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi сатып алушылар ауылшартауарын өндiрушiлер болып табылады.

      5. Облыстар бойынша субсидиялар сомалары облыстардың ұсыныстарына және жоспарланған егiс алқабына минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi енгiзудiң (қолданудың) ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес қалыптастырылған, Ауылшарминi ұсынған сомалар негiзiнде заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiледi.

      6. Сатушыларды айқындау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң  915-бабына  сәйкес тендерлiк негiзде жүзеге асырылады. Тендердi облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылған комиссия (бұдан әрi - комиссия) жүргiзедi.
      Тендердiң шарттарын облыстық әкiмдiктердiң ауыл шаруашылығы департаменттерi (басқармалары) (бұдан әрi - ауыл шаруашылығы департаменттерi) осы Ереженiң 8-тармағына сәйкес жасалған шарттар негiзiнде айқындайды. Бұл ретте тендер бойынша сатып алынатын минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштардың және гербицидтердiң түр-түрi мен көлемi Ауылшарминiмен келiсiледi.
      Сатушыларды айқындау жөнiндегi тендер өткен жоқ деп танылған жағдайда ауыл шаруашылығы департаменттерi сатушыларды тендерлiк рәсiмдердi қолданбай-ақ айқындай алады.

      7. Комиссия шешiмiнiң негiзiнде ауыл шаруашылығы департаменттерi сатушылардың тiзбесiн, минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштардың және гербицидтердiң жеткiзу орнын, сондай-ақ түр-түрiн, олардың санын, 1 тоннасының (киллограмының, литрiнiң) сату бағасын тиiстi жылға әрбiр облыс үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген қаражат шегiнде бекiтедi.

      8. Ауылшартауарын өндiрушiлер үшiн сатушыларды айқындау кезiнде ауыл шаруашылығы департаменттерi Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша ауылшартауарын өндiрушiлермен жасалған шарттар негiзiнде және ауылшартауарын өндiрушiлер жер учаскесiне құқығын куәландырушы құжаттарды ұсынған кезде ауылшартауарын өндiрушiлер атынан әрекет етедi.

      9. Минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштардың және гербицидтердiң көлемiн ауылшартауарын өндiрушiлер арасында бөлудi Ауылшарминi ұсынған облыстың өңiрлiк мамандану схемасын ескере отырып, әр облыста облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылған жұмыс тобы жүргiзедi. Жұмыс тобы:
      ауылшартауарын өндiрушi сатушылардан сатып алуды көздеп отырған минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштардың және гербицидтердiң көлемi мен түр-түрiн қарайды;
      осы Ереженiң 5-тармағына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген қаражат шегiнде минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар және гербицидтер алатын ауылшартауарын өндiрушiлердiң тiзбесiн жасайды. Бұл ретте сатушылардан сатып алу көзделiп отырған минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштардың және гербицидтердiң көлемi сатушыларды айқындау жөнiндегi тендер нәтижелерi бойынша белгiленген нақты көлемнен асқан жағдайда жұмыс тобы минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi бөлудi егiс алқаптарына тепе-тең жүргiзедi.
      Ауылшартауарын өндiрушiлердiң тiзбесiн жұмыс тобының ұсыныстары негiзiнде ауыл шаруашылығы департаменттерi бекiтедi. Тiзбенiң нысанын Ауылшарминi бекiтедi.

      10. Сатушыларды айқындау нәтижелерi бойынша ауыл шаруашылығы департаменттерi, сатушылар және ауылшартауарын өндiрушiлер арасында Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi белгiленген көлем шегiнде жеткiзудiң және мақсатты пайдаланудың үш жақты шарттары жасалады.

      11. Сатушылар көрсетiлген өнiмдi ауылшартауарын өндiрушiлерге сатушыны айқындау процесiнде ауыл шаруашылығы департаменттерi қабылдаған баға бойынша сатады. Бұл ретте ауылшартауарын өндiрушiлер сатушыларға минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштары және гербицидтер құнының 60 пайызын төлейдi.

      12. Ауылшартауарын өндiрушiлер сатушыдан минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi сатып алудан бас тартқан жағдайда ауыл шаруашылығы департаменттерi жұмыс тобы ұсыныстарының негiзiнде ауылшартауарын өндiрушiлердiң бекiтiлген тiзбесiне тиiстi өзгерiстер енгiзедi.

      13. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы департаменттерiнiң ұсыныстары негiзiнде Ауылшарминi заңнамада белгiленген тәртiппен облыстар бойынша бекiтiлген субсидиялар сомаларына тиiстi өзгерiстер енгiзедi.

      14. Ауылшартауарын өндiрушiнiң минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi алу фактiсi бойынша сатушылар, ауылшартауарын өндiрушiлер мен ауыл шаруашылығы департаменттерi арасында Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi жеткiзу туралы үш жақты актiге қол қойылады.
      Тараптардың минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi жеткiзу және мақсатты пайдалану туралы үш жақты шарттарға, сондай-ақ минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi жеткiзу туралы үш жақты актiлерге қол қоюды ауыл шаруашылығы департаменттерi қамтамасыз етедi.

      15. Субсидияларды ауыл шаруашылығы департаменттерi осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес айқындалған сатушыларға ауылшартауарын өндiрушiлер нақты сатып алған минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар және гербицидтер үшiн төлейдi.

      16. 1 тоннаға (килограмға, литрге) бөлiнетiн субсидиялардың мөлшерi ауылшартауарын өндiрушiлер сатып алған минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштардың және гербицидтердiң әрбiр түрi бойынша есептеледi және оны ауыл шаруашылығы департаменттерi комиссияның шешiмi негiзiнде минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштардың және гербицидтердiң 1 тоннасы (килограмы, литрi) құнының 40 пайызы шегiнде бекiтедi.

      17. Субсидиялар алу үшiн сатушылар ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-күнiне, бiрақ тиiстi жылдың 10 қарашасынан кешiктiрмей ауыл шаруашылығы департаменттерiне мынадай құжаттарды:
      Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша ауылшартауарын өндiрушiлер нақты алған минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштардың және гербицидтердiң көлемi жөнiндегi жиынтық актiнi. Жиынтық акт осы Ереженiң 10 және 14-тармақтарында көрсетiлген минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi жеткiзу және мақсатты пайдалану шартының және минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi жеткiзу туралы үш жақты акт негiзiнде жасалады;
      минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi жеткiзу туралы үш жақты актiнi ұсынады.

      18. Ауыл шаруашылығы департаменттерi ұсынылған құжаттарды тексередi және заңнамада белгiленген тәртiппен күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бекiтiлген қаржыландыру жоспарларына сәйкес сатушылардың шоттарына субсидияларды аударады.

      19. Ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiне, бiрақ тиiстi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей ауыл шаруашылығы департаменттерi Ауылшарминiне Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi ұсынады.

      20. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi қолданған күннен бастап бiр ай iшiнде, бiрақ тиiстi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей ауылшартауарын өндiрушiлер Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша ауыл шаруашылығы департаменттерiне минералдық тыңайтқыштарды, тұқым улағыштарды және гербицидтердi мақсатты пайдаланғаны туралы актiнi ұсынады.

      21. Ауыл шаруашылығы департаментi тиiстi жылдың есептi кезеңiнен кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша сатушыларға субсидиялар төлеуге арналған ведомостi және төлеуге арналған шотты ұсынады.

      22. Бюджет қаражатын тиiмдi және мақсатты пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес Ауылшарминi мен облыстық әкiмдiктер жауапты болады.

      23. Облыс әкiмдерi бұқаралық ақпарат құралдарында өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға бағытталған iс-шараларды кеңiнен жариялауды қамтамасыз етедi.

Об утверждении Правил выплаты средств на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2006 года N 157. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2007 года N 87.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.02.2007 N 87.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 22 ноября 2005 года "О республиканском бюджете на 2006 год" и в целях поддержки отечественных сельскохозяйственных товаропроизводителей в обеспечении минеральными удобрениями, протравителями семян и гербицидами Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты средств на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Премьер-Министра


Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 14 марта 2006 года N 157

Правила
выплаты средств на поддержку повышения
урожайности и качества производимых
сельскохозяйственных культур
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выплаты средств на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур (далее - Правила) определяют порядок выплаты средств на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур путем субсидирования за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на соответствующий год Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Минсельхоз).

      2. Средства на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур (далее - субсидии) предназначаются для частичного возмещения стоимости минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов, приобретаемых у юридических лиц отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями (далее - сельхозтоваропроизводители), имеющими земельные участки для возделывания сельскохозяйственных культур.

2. Порядок выплаты средств на поддержку повышения
урожайности и качества производимых
сельскохозяйственных культур

      3. Продавцами минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов (далее - продавцы) являются юридические лица.

      4. Покупателями минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов являются сельхозтоваропроизводители.

      5. Суммы субсидий по областям утверждаются в установленном законодательством порядке на основании представленных Минсельхозом сумм, сформированных в соответствии с предложениями областей и научно-обоснованными нормами внесения (применения) минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов на планируемую посевную площадь.

      6. Определение продавцов осуществляется в соответствии со статьей 915 Гражданского кодекса Республики Казахстан на тендерной основе. Тендер проводится комиссией, созданной решением акима области (далее - комиссия).

      Условия тендера определяются департаментами (управлениями) сельского хозяйства областных акиматов (далее - департаменты сельского хозяйства) на основании договоров, заключенных в соответствии с пунктом 8 настоящих Правил. При этом ассортимент и объемы минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов, закупаемых по тендеру, согласовываются с Минсельхозом.

      В случае признания тендера по определению продавцов несостоявшимся, департаменты сельского хозяйства могут определить продавцов без применения тендерных процедур.

      7. На основании решений комиссии департаментами сельского хозяйства утверждается перечень продавцов, место поставки, а также ассортимент минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов, их количество, цена реализации 1 тонны (килограмм, литр) в пределах средств, утвержденных в установленном законодательством порядке для каждой области на соответствующий год.

      8. При определении продавцов для сельхозтоваропроизводителей департаменты сельского хозяйства действуют от имени сельхозтоваропроизводителей на основании договоров, заключаемых с сельхозтоваропроизводителями по форме, утвержденной Минсельхозом и при предъявлении сельхозтоваропроизводителями правоудостоверяющих документов на земельный участок.

      9. Распределение объема минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов среди сельхозтоваропроизводителей производится рабочей группой, созданной в каждой области решением акима области, с учетом рекомендуемой Минсельхозом схемы региональной специализации области. Рабочая группа:

      рассматривает предполагаемый сельхозтоваропроизводителем к приобретению у продавцов объем и ассортимент минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов;

      составляет перечень сельхозтоваропроизводителей, получающих минеральные удобрения, протравители семян и гербициды, в пределах средств, утвержденных в установленном законодательством порядке в соответствии с пунктом 5 настоящих Правил. При этом в случае превышения предполагаемого сельхозтоваропроизводителем к приобретению у продавцов объема минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов над фактическим объемом, установленным по результатам тендера по определению продавцов, рабочая группа производит распределение минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов пропорционально посевным площадям.

      Перечень сельхозтоваропроизводителей утверждается департаментами сельского хозяйства на основании предложений рабочей группы. Форма перечня утверждается Минсельхозом.

      10. По итогам определения продавцов между департаментами сельского хозяйства, продавцами и сельхозтоваропроизводителями заключаются трехсторонние договора поставки и целевого использования минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов в пределах установленного объема, по форме утвержденной Минсельхозом.

      11. Продавцы реализуют указанную продукцию сельхозтоваропроизводителям по цене, принятой департаментами сельского хозяйства в процессе определения продавца. При этом сельхозтоваропроизводители оплачивают продавцам 60 процентов стоимости минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов.

      12. В случае отказа сельхозтоваропроизводителей приобрести у продавца минеральные удобрения, протравители семян и гербициды, департаментами сельского хозяйства вносятся соответствующие изменения в утвержденный перечень сельхозтоваропроизводителей на основании предложений рабочей группы.

      13. При необходимости Минсельхозом на основании предложений департаментов сельского хозяйства вносятся соответствующие изменения в утвержденные суммы субсидий по областям в установленном законодательством порядке.

      14. По факту получения сельхозтоваропроизводителем минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов между продавцами, сельхозтоваропроизводителями и департаментами сельского хозяйства подписывается трехсторонний акт о поставке минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов по форме, утвержденной Минсельхозом.

      Подписание сторонами трехсторонних договоров о поставке и целевом использовании минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов, а также трехсторонних актов о поставке минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов обеспечивается департаментами сельского хозяйства.

      15. Субсидии выплачиваются департаментами сельского хозяйства продавцам, определенным в соответствии с пунктом 6 настоящих Правил, за фактически приобретенные сельхозтоваропроизводителями минеральные удобрения, протравители семян и гербициды.

      16. Размер выделяемых субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) рассчитывается по каждому виду приобретенных сельхозтоваропроизводителями минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов, и утверждается департаментами сельского хозяйства на основании решений комиссии в пределах 40 процентов стоимости 1 тонны (килограмм, литр) минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов.

      17. Для получения субсидий продавцы ежемесячно к 15 числу месяца следующего за отчетным периодом, но не позже 10 ноября соответствующего года, представляют в департаменты сельского хозяйства следующие документы:

      сводный акт по объемам фактически полученных сельхозтоваропроизводителями минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов по форме, утвержденной Минсельхозом. Сводный акт составляется на основании договора поставки и целевого использования минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов, и трехстороннего акта о поставке минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов, указанных в пунктах 10 и 14 настоящих Правил;

      трехсторонний акт о поставке минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов.

      18. Департаменты сельского хозяйства проверяют представленные документы и в установленном законодательством порядке до конца календарного года перечисляют субсидии на счета продавцов в соответствии с утвержденными планами финансирования по обязательствам и платежам.

      19. Ежемесячно к 25 числу месяца, следующего за отчетным периодом, но не позднее 1 декабря соответствующего года, департаменты сельского хозяйства представляют в Минсельхоз отчет о реализации бюджетной программы по форме, утвержденной Минсельхозом.

      20. В течение месяца со дня применения минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов, но не позже 1 декабря соответствующего года, сельхозтоваропроизводители представляют в департаменты сельского хозяйства акт о целевом использовании минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов по форме, утвержденной Минсельхозом.

      21. Департаментом сельского хозяйства в территориальный орган Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан не позже 20 числа месяца, следующего за отчетным периодом соответствующего года, представляется ведомость для выплаты субсидий продавцам по форме, утвержденной Минсельхозом и счет к оплате.

      22. За эффективное и целевое использование бюджетных средств, ответственность несут Минсельхоз и областные акиматы в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан. K010155

      23. Акимы областей обеспечивают широкое освещение в средствах массовой информации мероприятий, направленных на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур.