Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 732 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттiк бiлiмдiк несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi N 1018 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 35, 317-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесiнде:
6-тармақ:
"күнi iшiнде" деген сөздерден кейiн "шотқа қате не кредит бойынша борыш сомасынан артық түскен қаражатты қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шотқа қате не кредит бойынша борыш сомасынан артық түскен қаражатты Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) көрсетiлген қаражатты салушыға қайтаруға тиiс.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі