Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына Министрлiктер үйi ғимаратының құрылысын аяқтау үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 1 500000000 (бiр миллиард бес жүз миллион) теңге қаражат бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі