Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 10 сәуірдегі
N 262 қаулысына
қосымша
Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Казтопливо" Қазақ Мемлекеттік Республикалық отын шаруашылығы бірлестігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 24 маусымдағы N 392 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., N 17, 105-құжат).
2. "Теңіз мұнай-газ кешені құрылысында кадрларды бекіту жөніндегі шаралар туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 27 тамыздағы N 493 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., N 20 142-құжат).
3. "Қарағандыкөмір" өндірістік бірлестігін экономиканы тұрақтандыру қорына жарнадан босату туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 29 қарашадағы N 752 қаулысы.