1. "Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 сәуiрдегi N 581
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 15, 204-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiнде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн мынадай құжаттар ұсынады:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi - лицензиялық алым) төлегенiн растайтын құжат;
4) өтiнiш берушiнiң қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар:
жоғары заң және экономикалық бiлiмi туралы дипломдарының не банкроттық туралы заңнамаға сәйкес бекiтiлген ережеге сай сырттан қадағалау әкiмшiсi, оңалтуды, конкурстық басқарушы ретiнде одан әрi жұмыс iстеу үшiн дайындықтан өткенiн растайтын бiлiм беру ұйымы берген құжаттың көшiрмелерi;
жұмыс өтiлiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi.";
7-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жоғары заң және экономикалық бiлiмiнiң болуы не банкроттық туралы заңнамаға сәйкес бекiтiлген ережеге сай сырттан қадағалау әкiмшiсi, оңалтуды, конкурстық басқарушы ретiнде одан әрi жұмыс iстеу үшiн бiлiм беру ұйымдарында дайындықтан өтуi;
2) экономикалық, қаржы, есеп-талдамалы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы.";
9-тармақта "бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн" деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақтың екiншi абзацында "лицензиядағы" деген сөз "осы лицензияланатын қызмет түрi үшiн қойылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;