Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрi Ермұхамет Қабиденұлы Ертiсбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандум
(Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi,
өзара ынтымақтастықты нығайту мен дамыту қажеттiлiгiне негiзделе отырып,
Тараптар мемлекеттерi арасындағы достық қатынастарды нығайтудың маңыздылығын тани отырып,
мәдени ынтымақтастықтың Тараптар мемлекеттерi арасындағы достық қатынастарды дамыту мен нығайтуға және өзара түсiнiстiкке қызмет ететiнiне сенiмдi бола отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық пен өзара алмасуларды Тараптар көтермелейдi.
2-бап
Тараптар екi жақты шарттардың негiзiнде Тараптар мемлекеттерiнiң мәдени өмiрi туралы, оның iшiнде Тараптар мемлекеттерiнде өткiзiлетiн халықаралық iс-шаралар туралы ақпараттармен алмасады және екi ел өкiлдерiнiң осындай мәдени iс-шараларға қатысуын көтермелейдi.
3-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық кiтапханалары, мұражайлары арасындағы ынтымақтастықты Тараптар көтермелейдi және өзара мүдделi салаларда жарияланымдармен және сарапшылармен алмасады.
4-бап
Тараптар археология, мәдени мұра объектiлерiн қорғау және сақтау, зерттеу және қалпына келтiру салаларында ынтымақтастықты дамытады, сондай-ақ тиiстi салалардағы жарияланымдармен және сарапшылармен алмасады.
5-бап
Тараптар опера және балет, театр, музыка салаларында ынтымақтастықты дамытады, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес музыкалық және театр топтарымен өзара алмасуды қолдайды.
6-бап
Тараптар кiтаптармен, мерзiмдi басылымдар және мәдениет пен өнер саласындағы басқа да жарияланымдармен өзара алмасу арқылы түрлi салалардағы ынтымақтастықты дамытады, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерiнде өткiзiлетiн халықаралық кiтап көрмелерiне өзара қатысуды көтермелейдi.
7-бап
Тараптар екi жақты шарттардың негiзiнде қолданбалы және бейнелеу өнерi, сондай-ақ халық шығармашылығы саласындағы көрмелер алмасуды қолдайды.
8-бап
Тараптар кинематография саласында ынтымақтасады және Тараптар мемлекеттерiнде өткiзiлетiн кинофестивальдер уақытында делегациялар және фильмдер алмасуға жәрдемдеседi.
9-бап
Тараптар ЮНЕСКО мен Тараптар мемлекеттерi бiр уақытта мүшелерi болып табылатын басқа да халықаралық ұйымдар шеңберiнде, Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытады.
10-бап
Осы Меморандумның ережелерiн орындау мақсатында Тараптар мәдени алмасуды өткiзудiң қаржылық шарттары айтылатын нақты iс-шаралар бойынша iс-қимыл бағдарламаларын жасасуға келiстi.
Тараптар, осы Меморандумның ережелерiне сәйкес екi тараптың мүдделi мекемелерi тиiстi салаларда Тараптар мемлекеттерiнiң әрiптестерiмен жекелеген бағдарламалар мен келiсiм-шарттар жасасатындығына келiстi.
11-бап
Осы Меморандумға Тараптардың өзара келiсiмi бойынша, осы Меморандумның ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен рәсiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Меморандум ережелерiн өзгерту немесе оның әрекет етуiн тоқтату, олар толық аяқталғанға дейiн оның әрекет етуi кезеңiнде жасалған шарттар (келiсiм-шарттар) бойынша жобалардың орындалуына ықпал етпейтiн болады.
12-бап
Осы Меморандум қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және егер Тараптардың бiрде-бiреуi өзiнiң оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жолдамаса, белгiсiз мерзiмге жасалады. Осы жағдайда Меморандум Тараптардың бiрi басқа Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн алты айдан соң өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Осы Меморандумның ережелерiн түсiндiру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар арқылы шешетiн болады.
Осы Меморандум қатысушылары Тараптар болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
200 ___ жылғы "___" __________ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Меморандумның ережелерiн түсiндiру бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасының
Yкіметi үшiн Yкiметi үшiн