"Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы N 366 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы
2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      2006 жылғы 25 қаңтарда Санкт-Петербургте жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы
10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
      2006 жылғы 25 қаңтардағы Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы хаттаманы назарға ала отырып,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарттың 19-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Шарттың 13-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекетаралық Кеңес "мүдделi Уағдаласушы Тараптың дауысын алып тастағандағы консенсус" қағидаты бойынша қабылданатын мүшелiктi тоқтата тұру туралы немесе Қоғамдастық мүшелiгінен шығару туралы шешiмдердi қоспағанда, барлық шешімдердi консенсуспен қабылдайды.
      2. Интеграциялық Комитетте шешiмдер 2/3 көпшiлiк дауыспен қабылданады. Егер шешiмдердi қабылдауға бес Уағдаласушы Тарап дауыс берген жағдайда, бiрақ бұл ретте ол 2/3 көпшiлiк дауысты жинамаса, онда мәселе Мемлекетаралық Кеңестiң қарауына берiледi. Әрбiр Уағдаласушы Тараптар дауыстарының саны оның ЕурАзЭҚ органдарын ұстауға, Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған Қоғамдастықтың бюджетiндегi үлестiк жарнасына сәйкес келедi және:
      Беларусь Республикасы - 15 дауысты;
      Қазақстан Республикасы - 15 дауысты;
      Қырғыз Республикасы - 7,5 дауысты;
      Ресей Федерациясы - 40 дауысты;
      Тәжiкстан Республикасы - 7,5 дауысты;
      Өзбекстан Республикасы - 15 дауысты құрайды".
      2. Шарттың 15-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. ЕурАзЭҚ органдарының қызметiн қаржыландыру Қоғамдастық бюджетiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Қоғамдастықтың кезектi қаржы жылына арналған бюджетiн мүше мемлекеттердiң келiсiмi бойынша ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы әзiрлейдi, белгiленген тәртiппен қаралады және Мемлекетаралық кеңес бекiтедi.
      Қоғамдастықтың бюджетiнде тапшылық болуы мүмкiн емес.
      2. Қоғамдастықтың бюджетi:
      1) Қоғамдастықтың органдарын ұстауға, Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған үлестiк жарналар:
      Беларусь Республикасы - 15 %;
      Қазақстан Республикасы - 15 %;
      Қырғыз Республикасы - 7,5 %;
      Ресей Федерациясы - 40 %;
      Тәжiкстан Республикасы - 7,5 %;
      Өзбекстан Республикасы - 15 %;
      2) әрбiр бағдарлама бойынша Мемлекетаралық кеңестiң шешiмдерiне сай, Уағдаласушы Тараптардың қатысу дәрежесiне сәйкес келетiн үйлесiмде Мемлекетаралық кеңестiң шешiмдерiмен айқындалатын ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын және өзге де iс-шараларды қаржыландыруға арналған Уағдаласушы Тараптардың жарналары есебiнен қалыптасады.
      3. Қоғамдастық бюджетiнің қаражаты:
      Қоғамдастықтың органдарын ұстауға;
      Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға;
      ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын қаржыландыруға;
      ЕурАзЭҚ-тың мақсаттары және мiндеттерiне қайшы келмейтiн Мемлекетаралық кеңес бекiтетiн өзге де iс-шараларға жұмсалады.
      4. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң ЕурАзЭҚ бюджетiнiң алдындағы үлестiк жарналары бойынша қарызы оның жылдық үлестiк жарнасына балама сомадан асқан жағдайда, ол қарызын толық өтегенге дейiн Мемлекетаралық кеңестiң шешiмiмен Қоғамдастық органдарында дауыс беру құқығынан айрылуы мүмкiн. Оған тиесiлi дауыстар қалған Уағдаласушы Тараптар арасында олардың ЕурАзЭҚ органдарын ұстауға және Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған Қоғамдастық бюджетiндегi үлестiк жарналарына үйлесiмде бөлiнедi".

2-бап

      Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

3-бап

      Осы Хаттама Уағдаласушы Тараптардың ратификациялауына жатады және депозитарийi болып табылатын ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiне оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны тапсырған күнінен бастап күшiне енедi.

4-бап

      Осы Хаттама БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркелуге тиiс.

      2006 жылғы 25 қаңтарда Санкт-Петербург қаласында беларусь, қазақ, қырғыз, орыс, тәжiк және өзбек тiлдерiнде бiр данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Хаттаманың мәтiнi бойынша келiспеушіліктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi пайдаланатын болады.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшiрмесiн Уағдаласушы Тараптарға жiберетiн ЕурАзЭқ Интеграциялық Комитетiнде сақталады.

       Беларусь Республикасы үшін

      Қазақстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін

      Ресей Федерациясы үшiн

      Тәжiкстан Республикасы үшiн

      Өзбекстан Республикасы үшiн

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы
ШАРТ

      Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасы,
      өз халықтарының тұрмыс деңгейiн арттыру үшiн экономикалық әлеуеттерiн тиiмдi пайдаланатын жағдайда жүргiзiлетiн әлеуметтiк-экономикалық жаңартуларды келiсу арқылы өздерiнiң серпiндi түрде дамуын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
      өзара интеграция процестерiн дамыту және түрлi салалардағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында өзара iс-қимылдың тиiмдiлiгін арттыруға бекем бел байлап,
      әлемдiк экономика мен халықаралық сауда жүйесiне кiрiгу кезiнде көзқарастарды үйлестiру қажеттiгiн пайымдай отырып,
      1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келiсiмге, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келiсiмге, 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Бiртұтас экономикалық кеңестiк туралы шартқа сәйкес өздерi қабылдаған мiндеттемелердi толық деңгейде орындауға дайын екендiктерiн бiлдiре отырып,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына өздерiнiң адалдықтарын қуаттай отырып,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап
Халықаралық ұйымды құру

      Осымен Уағдаласушы Тараптар "Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы" халықаралық ұйымын (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ немесе Қоғамдастық) құрады.
      ЕурАзЭҚ-тың осы Шарттың ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Тараптар оған өз ерiктерiмен берген өкiлеттiктерi болады. Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтың егемендi және тең құқықты субъектiлерi болып қалады.

2-бап
Мақсаттары мен мiндеттерi

      ЕурАзЭҚ Кеден Одағы мен Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi Уағдаласушы Тараптардың қалыптастыру процесiн тиiмдiлiкпен iлгерiлету, сондай-ақ жоғарыда аталған Кеден одағы туралы келiсiмде, Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартта және Кеден одағы мен Бiртұтас экономикалық кеңістiк туралы шартта белгiленетін басқа да мақсаттар мен мiндеттердi осы аталған құжаттарда белгіленетін кезеңдерге сәйкес iске асыру үшiн құрылады.
      Уағдаласушы Тараптардың бұрын өзара жасаған шарттары, сондай-ақ интеграцияны басқару органдарының шешiмдерi осы Шартқа қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданыста болуын жалғастырады.

3-бап
Органдар

      Уағдаласушы Тараптардың бұрын құрған интеграцияны басқару органдарымен сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, осы Шарттың мақсаттары мен мiндеттерiн орындау үшiн ЕурАзЭҚ шеңберiнде:
      Мемлекетаралық Кеңес (Мемаралықкеңес);
      Интеграциялық комитет;
      Парламентаралық Қауымдастық (ПАҚ);
      Қоғамдастық Соты жұмыс iстейтiн болады.
      Мемаралықкеңес 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартпен және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шартпен құрылған интеграциялық басқару органдарының қызметiн тоқтату туралы шешiмдi қабылдайды.

4-бап
Төрағалық ету

      Мемлекетаралық Кеңес пен Интеграциялық Комитетте төрағалық етудi орыс әлiппесiнiң тәртiбiмен Қоғамдастыққа мүше әрбiр мемлекет бір жыл бойы алма-кезек жүзеге асыратын болады.
      Қоғамдастықтың басқа да органдарында төрағалық ету тәртiбi тиiстi ережелермен белгiленедi.

5-бап
Мемлекетаралық Кеңес

      Мемлекетаралық Кеңес ЕурАзЭҚ-тың жоғары органы болып табылады. Оның құрамына Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң басшылары және үкiметтерiнiң басшылары кiредi.
      Мемаралыққеңес қатысушы мемлекеттердiң елдiң ортақ мүдделерiне байланысты Қоғамдастықтың қағидатты мәселелерiн қарайды, интеграцияны дамытудың стратегиясын, бағыты мен келешегін белгілейдi және ЕурАзЭҚ-тың мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыруға бағытталған шешiмдер қабылдайды.
      Мемлекетаралық Кеңес Интеграциялық Комитетке тапсырмалар бередi, Парламентаралық Қауымдастыққа сұрау салады және ұсыныстар жасайды, Қоғамдастық Сотына сұрау салады.
      Мемаралықкеңес өзiнiң шешiмдерiмен Қоғамдастықтың қосымша органдарын құра алады.
      Мемаралықкеңес жылына кем дегенде бiр рет мемлекет басшылары деңгейiнде және жылына кем дегенде екi рет үкiмет басшылары деңгейiнде бас қосады. Мәжiлiс Мемаралықкеңесте төрағалық ететiн Уағдаласушы Тарап өкiлiнiң басшылығымен өткiзiледi.
      Мемаралықкеңес жұмысының функциялары мен тәртiбi ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердiң басшылары деңгейiнде Мемаралықкеңес бекiтетiн Ережемен белгiленедi.

6-бап
Интеграциялық Комитет

      Интеграциялық Комитет ЕурАзЭҚ-тың тұрақты жұмыс iстейтiн органы болып табылады.
      1. Интеграциялық Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      ЕурАзЭҚ органдарының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      Мемаралықкеңес мәжiлiстерiнiң күн тәртiбi және оларды өткiзудiң деңгейi жөнiнде ұсыныстар, сондай-ақ шешiмдердiң және құжаттардың жобаларын әзiрлеу;
      ЕурАзЭҚ-тың бюджетiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және оның орындалуына бақылау жасау;
      Мемаралықкеңес қабылдаған шешiмдердi iске асыруға бақылау жасау.
      Интеграциялық Комитет өзiнiң мiндеттерiн орындау мақсатында:
      Осы Шартта белгiленген, сондай-ақ оған Мемлекетаралық Кеңес берген өкiлеттiктер шегiнде шешiмдер қабылдайды;
      жыл сайын Қоғамдастықтағы iстiң жәй-күйi және оның мақсаттары мен мiндеттерiн iске асырудың барысы туралы баяндаманы, өзiнiң қызметi туралы, сондай-ақ ЕурАзЭҚ бюджетiнiң орындалуы туралы есептi Мемаралықкеңеске ұсынады;
      Қоғамдастықтың мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған шараларды, оның iшiнде тиiстi шарттардың жасалуын әрi Уағдаласушы Тараптардың нақты мәселелер бойынша бiрыңғай саясат жүргізуiн қарайды және тиiстi ұсыныстар әзiрлейдi;
      Мемаралықкеңеске ұсыныстар жасауына, Парламентаралық Қауымдастыққа және Уағдаласушы Тараптар үкiметтерiне ұсыныстар айтып, сұрау салуына, Қоғамдастық Сотына сұрау салуына құқығы бар.
      2. Интеграциялық Комитет құрамына Уағдаласушы Тараптар үкiметтерi басшыларының орынбасарлары кiредi. Интеграциялық Комитеттiң Төрағасы Мемаралықкеңестiң мәжiлiстерiне қатысады.
      Интеграциялық Комитеттiң мәжiлiсi кем дегенде үш айда бiр рет өткiзiледi.
      Интеграциялық Комитет мәжiлiстерiнiң арасындағы кезеңде Қоғамдастықтың ағымдағы жұмысын қатысушы мемлекеттер басшылары тағайындайтын, ЕурАзЭҚ жанындағы Уағдаласушы Тараптардың Тұрақты өкiлдерiнiң (Тұрақөкiлдер) комиссиясы қамтамасыз етедi.
      3. Мемлекетаралық Кеңес пен Интеграциялық Комитеттің жұмысын ұйымдастыру және оларды ақпараттық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету Интеграциялық Комитеттiң Хатшылығына (Хатшылық) жүктеледi.
      Хатшылықты Интеграциялық Комитеттiң ұсынысы бойынша Мемлекетаралық Кеңес үш жыл мерзiмге тағайындайтын Бас хатшы басқарады.
      Бас хатшы Қоғамдастықтың жоғары әкiмшiлiк лауазымды тұлғасы болып табылады және Мемлекетаралық Кеңес пен Интеграциялық Комитеттiң мәжiлiстерiне қатысады.
      Хатшылық Уағдаласушы Тараптардың Қоғамдастық бюджетiндегi үлестiк жарналарының ескертуiмен квоталық негізде мүше мемлекеттер азаматтарының қатарынан және келiсiм-шарт бойынша жұмысқа алынатын адамдардан қалыптасады.
      Бас хатшы мен Хатшылық персоналы қызметтiк мiндеттемелерiн орындау кезiнде Қоғамдастық үшiн бөгде болып табылатын қандай да болсын Уағдаласушы Тараптан немесе билiк орнынан нұсқаулар сұрауға немесе алуға тиiстi емес. ЕурАзЭҚ алдында ғана жауапты халықаралық лауазымды тұлғалар ретiндегi жағдайына ықпал етуi мүмкiн кез келген iс-қимылдардан олар бас тартуы тиiс.
      Уағдаласушы Тараптар Бас хатшы мен Хатшылық персоналының халықаралық сипаттағы мiндеттемелерiн құрмет тұтуға және олардың қызметтiк мiндеттемелерi орындалуының кезiнде оларға ықпал жасауға әрекеттенбеуге мiндеттi.
      Интеграциялық Комитеттiң функциялары мен жұмысының тәртiбi Мемлекетаралық Кеңес бекiтетiн Ережеде белгiленедi.

7-бап
Парламентаралық Қауымдастық

      Парламентаралық Қауымдастық Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамаларын үйлестiру (жақындастыру, бiрегейлендiру) және оларды Қоғамдастық мiндеттемелерiн iске асыру мақсатында ЕурАзЭҚ шеңберiнде жасасқан шарттарға сәйкес келтiру мәселелерiн қарастыратын ЕурАзЭҚ шеңберiндегi парламенттiк ынтымақтастық органы болып табылады.
      Парламентаралық Қауымдастық Уағдаласушы Тараптардың парламенттерiнен жiберiлетiн парламентарийлерден құрылады.
      Парламентаралық Қауымдастық өз өкiлеттiгiнiң шегінде:
      - Мемаралықкеңестiң қарауына жататын құқықтық қатынастардың негізгi салаларындағы заңнамалардың Негiздерiн әзiрлейдi;
      - олардың негiзiнде ұлттық заңнамалардың актiлерi әзiрленетiн үлгілi жобаларды қабылдайды;
      - Мемаралықкеңеске ұсыныстармен, Интеграциялық комитетке және Уағдаласушы Тараптардың парламенттерiне сұрау салулармен және ұсыныстармен, Қоғамдастық Сотына сұрау салулармен шыға алады.
      Мемлекетаралық Кеңес Парламентаралық Қауымдастық туралы ереженi бекiтедi.

8-бап
Қоғамдастық Соты

      Қоғамдастық Соты Уағдаласушы Тараптардың осы Шартты және Қоғамдастық шеңберiнде қолданылып жүрген басқа да шарттарды, сондай-ақ ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешiмдердi бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi.
      Қоғамдастық Соты ЕурАзЭҚ органдарының шешiмдерiн және Қоғамдастық шеңберiнде қолданылып жүрген шарттардың ережелерiн iске асыру мәселелерi бойынша Уағдаласушы Тараптардың арасында туындайтын экономикалық сипаттағы дауларды да қарастырады, олар бойынша түсiндiрулер, сондай-ақ қорытындылар бередi.
      Қоғамдастық Соты әр Уағдаласушы Тараптың көп дегенде екi өкiлiнен тұратын Уағдаласушы Тараптардың өкiлдерiнен құрылады. Парламентаралық Қауымдастық судьяларды Мемлекетаралық Кеңестің ұсынуымен алты жыл мерзiмге тағайындайды.
      Қоғамдастық Соты iс-әрекетiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi оның Мемаралықкеңеспен бекiтiлетiн Статутында белгiленедi.

9-бап
Мүшелiк

      ЕурАзЭҚ-қа мүшелiкке қабылдау осы Шарттан және басқа да Мемлекетаралық Кеңестiң шешiмiмен белгiленетiн тiзiм бойынша Қоғамдастық шеңберiнде қолданылып жүрген шарттардан туындайтын міндеттемелердi өзiне алатын және ЕурАзЭҚ мүшелерiнiң пiкiрiнше, осы міндеттемелердi орындай алатын және орындауға ниет бiлдiрген барлық мемлекеттерге ашық.
      Кез келген Уағдаласушы Тарап ЕурАзЭҚ-тың құрамынан Қоғамдастықтың және оның мүшелерiнiң алдында өзiнiң міндеттемелерiн алдын-ала реттей отырып және Интеграциялық Комитетке осы Шарттан шығу туралы ресми хабарламаны шығу күнiнен кемiнде он екi ай бұрын жiбере отырып, шығуға құқылы. Егер хабарлама Қоғамдастықтың келесi бюджеттiк жылға арналған бюджетiн қабылдаудан бұрын жiберiлсе, мүшелiктi тоқтату ағымдағы бюджет жылында жүзеге асады. Егер хабарлама Қоғамдастықтың келесi бюджеттiк жылға арналған бюджетiн қабылдаудан кейiн жiберiлсе, онда мүшелiктi тоқтату келесi бюджет жылында жүзеге асады.
      Осы Шарттың және/немесе Қоғамдастық шеңберiнде қолданылып жүрген шарттардың ережелерiн өрескел бұзып отырған Уағдаласушы Тараптың ЕурАзЭҚ органдарының жұмысына қатысуы Мемаралықкеңестің шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн. Егер бұл Уағдаласушы Тарап өзiнiң мiндеттемелерiн бұзуды жалғастырып отырса, Мемаралықкеңес өзi белгілейтiн күннен бастан оны Қоғамдастықтан шығару туралы шешiм қабылдай алады.

10-бап
Байқаушылар

      ЕурАзЭҚ жанындағы байқаушының мәртебесi кез келген мемлекетке немесе халықаралық мемлекетаралық (үкіметаралық) ұйымға тиiстi өтiнiшi түскен жағдайда берiлуi мүмкiн.
      Байқаушының мәртебесiн беру, тоқтату немесе жою туралы шешiмдi Мемлекетаралық Кеңес қабылдайды.

11-бап
Құқық қабiлеттiлігі

      ЕурАзЭҚ әр Уағдаласушы Тараптың аумағында өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн орындауға қажеттi құқық қабiлеттiлiгiн пайдаланады.
      ЕурАзЭҚ мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастар орната және олармен шарттар жасаса алады.
      ЕурАзЭҚ заңды тұлға және өз мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн, атап айтқанда:
      - шарттар жасасу;
      - мүлiк сатып алу және оған билiк ету;
      - сотта сөз сөйлеу;
      - шоттар ашу және валютамен, құнды қағаздармен операциялар жүргiзу құқықтарын пайдаланады.

12-бап
Органдардың тұрғылықты жерi

      Интеграциялық Комитеттiң тұрғылықты жерi Алматы қаласы (Қазақстан Республикасы) және Мәскеу қаласы (Ресей Федерациясы) болып табылады.
      Парламентаралық Қауымдастықтың тұрғылықты жерi Санкт-Петербург қаласы (Ресей Федерациясы) болып табылады.
      Қоғамдастық Сотының тұрғылықты жерi Минск қаласы (Беларусь Республикасы) болып табылады.
      Мемлекетаралық Кеңестің шешiмi бойынша Қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде Интеграциялық Комитеттің өкiлдiктерi ашылуы мүмкiн.

13-бап
Шешiмдi қабылдаудың тәртiбi

      Мемлекетаралық Кеңес "мүдделi Уағдаласушы Тараптың дауысын алып тастағандығы мәмiле" қағидаты бойынша қабылданатын мүшелiктi тоқтату туралы немесе Қауымдастықтан шығару туралы шешiмдердi қоспағанда, барлық шешiмдердi мәмiлемен қабылдайды.
      Интеграциялық Комитетте шешiмдер 2/3 көпшiлiк дауыспен қабылданады. Егер шешiмдердi қабылдауға Уағдаласушы Тараптардың төртеуi дауыс берсе, бiрақ сонымен бiрге ол 2/3 көпшiлiк дауысты жинамаған жағдайда мәселе Мемаралықкеңестiң қарауына жiберiледi. Әрбiр Уағдаласушы Тараптар дауыстарының саны оның Қоғамдастық бюджетiндегi жарнасына сәйкес келедi және:
      Беларусь Республикасы - 20 дауысты;
      Қазақстан Республикасы - 20 дауысты;
      Қырғыз Республикасы - 10 дауысты;
      Ресей Федерациясы - 40 дауысты;
      Тәжiк Республикасы - 10 дауысты құрайды.

14-бап
Шешiмнің орындалуы

      ЕурАзЭҚ органдарының шешiмдерiн Уағдаласушы Тараптар ұлттық заңнамаларға сәйкес қажеттi ұлттық нормативтiк-құқықтық актiлердi қабылдау арқылы орындайды.
      Осы Шартты, Қоғамдастық шеңберiнде қолданылып жүрген басқа да шарттарды және ЕурАзЭҚ органдарының шешiмдерiн iске асыру бойынша Уағдаласушы Тараптардың мiндеттемелерiнiң орындалуына бақылау жасауды Қоғамдастықтың органдары өздерiнiң құзыреттерi шегiнде жүзеге асырады.

15-бап
Қаржыландыру

      ЕурАзЭҚ органдарының қызметiн қаржыландыру Қоғамдастықтың бюджетi есебiнен жүзеге асырылады.
      Интеграциялық Комитет мүше мемлекеттердің келiсiмi бойынша әрбiр бюджеттiк жылға Қоғамдастықтың бюджетiн жасайды және оны Мемаралықкеңес бекiтедi.
      Қоғамдастықтың бюджетiнде тапшылық болуы мүмкiн емес.
      Қоғамдастықтың бюджетi Тараптардың үлестiк жарналары есебiнен мынадай шәкiлге сәйкес құрылады:
      Беларусь Республикасы - 20 %;
      Қазақстан Республикасы - 20 %;
      Қырғыз Республикасы - 10 %;
      Ресей Федерациясы - 40 %;
      Тәжiк Республикасы - 10 %.
      Қоғамдастық бюджетiнiң қаражаты:
      ЕурАзЭҚ органдарының қызметiн қаржыландыруға;
      Қоғамдастық шеңберiнде өтетiн Уағдаласушы Тараптардың бiрлескен iс-шараларын қаржыландыруға;
      осы Шарттың ережелерiне қайшы келмейтiн басқа да мақсаттарға бағытталады.
      Егер Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң ЕурАзЭҚ бюджетiнiң алдындағы қарызы оның жылдық үлестiк жарнасының баламалық сомасынан асқан жағдайда ол қарызын толықтай өтегенге дейiн Қоғамдастық органдарында дауыс беру құқынан айырылады. Оның тиiстiлiгiндегi дауыс қалған Уағдаласушы Тараптар арасында олардың Қауымдастық бюджетiндегi жарналарына тепе-тең бөлiнедi.

16-бап
Артықшылықтар мен иммунитеттер

      Қоғамдастық пен оның лауазымды тұлғалары осы Шартта және ЕурАзЭҚ шеңберiнде қолданылып жүрген шарттарда көзделген функцияларды орындау және мақсаттарға жету үшiн қажеттi артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
      Қоғамдастық пен оның лауазымды тұлғаларының, Интеграциялық Комитеттiң Хатшылығы мен Өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ Қоғамдастық жанындағы Уағдаласушы Тараптардың Тұрақты Өкiлдiктерiнiң персоналдарының артықшылықтары мен иммунитеттерiнiң көлемi жекелеген құжаттармен анықталады.

17-бап
Жұмыс тiлi

      ЕурАзЭҚ-тың жұмыс тілі орыс тiлi болып табылады.

18-бап
Қолданыста болу мерзiмi және күшiне енуi

      Осы Шарт белгiсiз мерзiмге жасалады.
      Осы Шарт Уағдаласушы Тараптардың бекiтуiне жатады және депозитарийi болып табылатын Интеграциялық Комитетке оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы соңғы хабарламаны берген күнінен бастап күшiне енедi.
      Тараптар қажет болған жағдайда өздерiнiң ұлттық заңнамаларын осы Шарттың ережелерiне сәйкес келтiредi.

19-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар

      Осы Шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн, оларды Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамамен ресімдейді.

20-бап
Тiркеу

      Осы Шарт БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркелуге жатады.
      Астана қаласында 2000 жылғы "______" қазанда беларусь, қазақ, қырғыз, орыс және тәжiк тiлдерiнде бiр дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Шарттың мәтiнi бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тiліндегi мәтiндi пайдаланатын болады.
      Шарттың түпнұсқалық данасы оның куәландырылған көшiрмесiн әрбір Уағдаласушы Тарапқа жiберетiн Интеграциялық Комитетте сақталады.

   Беларусь       Қазақстан     Қырғыз        Ресей       Тәжiкстан
Республикасы   Республикасы  Республикасы  Федерациясы  Республикасы
   үшін             үшін        үшін          үшін           үшін

      

О проекте Закона Республики Казахстан "О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2006 года N 366

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект

  Закон Республики Казахстан

О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений
в Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества
от 10 октября 2000 года

      Ратифицировать Протокол о внесении изменений и дополнений в  Договор  об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года, совершенный в Санкт-Петербурге 25 января 2006 года.

       Президент
      Республики Казахстан

  О Протоколе о внесении изменений и дополнений в Договор
об учреждении Евразийского экономического сообщества
от 10 октября 2000 года

      В связи с приемом Республики Узбекистан в члены Евразийского экономического сообщества и необходимостью внесения соответствующих изменений и дополнений в Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества, Межгосударственный Совет ЕврАзЭС (на уровне глав государств)
решил :
      Принять Протокол о внесении изменений и дополнений в Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года (прилагается).

Члены Межгосударственного Совета ЕврАзЭС:

      От               От                  От
      Республики       Республики          Кыргызской
      Беларусь         Казахстан           Республики

      От               От                  От
      Российской       Республики          Республики
      Федерации        Таджикистан         Узбекистан

  ПРОТОКОЛ
о внесении изменений и дополнений в Договор об учреждении
Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года

      Республика Беларусь, Республика Казахстан, Кыргызская Республика, Российская Федерация, Республика Таджикистан и Республика Узбекистан, далее именуемые Договаривающимися Сторонами,
      принимая во внимание Протокол о присоединении Республики Узбекистан к Договору об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года от 25 января 2006 года,
      руководствуясь статьей 19 Договора об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года,
      договорились о нижеследующем:

  Статья 1

      Внести в  Договор  об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года (далее - Договор) следующие изменения и дополнения:

      1. Статью 13 Договора изложить в следующей редакции:
      "1. Межгосударственный Совет принимает все решения консенсусом, за исключением решений о приостановлении членства или об исключении из членов Сообщества, которые принимаются по принципу "консенсус минус голос заинтересованной Договаривающейся Стороны".
      2. В Интеграционном Комитете решения принимаются большинством в 2/3 голосов. В случае если за принятие решения проголосовали пять Договаривающихся Сторон, но при этом оно не набрало большинства в 2/3 голосов, то вопрос передается на рассмотрение Межгоссовета. Количество голосов каждой из Договаривающихся Сторон соответствует ее долевому взносу в бюджет Сообщества на содержание органов ЕврАзЭС, финансирование проведения заседаний органов Сообщества и Комиссии Постоянных представителей при ЕврАзЭС, и составляет:
      Республика Беларусь - 15 голосов;
      Республика Казахстан - 15 голосов;
      Кыргызская Республика - 7,5 голосов;
      Российская Федерация - 40 голосов;
      Республика Таджикистан - 7,5 голосов;
      Республика Узбекистан - 15 голосов".
      2. Статью 15 Договора изложить в следующей редакции:
      "1. Финансирование деятельности органов ЕврАзЭС осуществляется за счет средств бюджета Сообщества.
      Бюджет Сообщества на очередной финансовый год разрабатывается Секретариатом Интеграционного Комитета ЕврАзЭС по согласованию с государствами-членами, рассматривается в установленном порядке и утверждается Межгоссоветом.
      Бюджет Сообщества не может иметь дефицит.
      2. Бюджет Сообщества формируется за счет:
      1) долевых взносов Договаривающихся Сторон на содержание органов Сообщества, финансирование проведения заседаний органов Сообщества и Комиссии Постоянных представителей при ЕзрАзЭС согласно следующей шкале:
      Республика Беларусь - 15 %;
      Республика Казахстан - 15 %;
      Кыргызская Республика - 7,5 %;
      Российская Федерация - 40 %;
      Республика Таджикистан - 7,5 %;
      Республика Узбекистан - 15 %;
      2) взносов Договаривающихся Сторон на финансирование межгосударственных целевых программ ЕврАзЭС и иных мероприятий, определяемых решениями Межгоссовета в пропорциях, соответствующих степени участия Договаривающихся Сторон, согласно решениям Межгоссовета по каждой программе.
      3. Средства бюджета Сообщества направляются на:
      содержание органов Сообщества;
      финансирование проведения заседаний органов Сообщества и Комиссии Постоянных представителей при ЕврАзЭС;
      финансирование межгосударственных целевых программ ЕврАзЭС;
      иные мероприятия, не противоречащие целям и задачам ЕврАзЭС, утвержденные Межгоссоветом.
      4. В случае если задолженность по долевым взносам одной из Договаривающихся Сторон перед бюджетом ЕврАзЭС превышает сумму, эквивалентную ее годичному долевому взносу, решением Межгосударственного Совета она может быть лишена права голосования в органах Сообщества до полного погашения задолженности. Принадлежавшие ей голоса распределяются между остальными Договаривающимися Сторонами пропорционально их долевым взносам в бюджет Сообщества на содержание органов ЕврАзЭС и финансирование проведения заседаний органов Сообщества и Комиссии Постоянных представителей при ЕврАзЭС".

  Статья 2

      Настоящий Протокол является неотъемлемой частью  Договора  об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года.

  Статья 3

      Настоящий Протокол временно применяется с даты подписания, подлежит ратификации Договаривающимися Сторонами и вступает в силу с даты сдачи депозитарию, которым является Интеграционный Комитет ЕврАзЭС, последнего письменного уведомления о выполнении внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу, но не ранее даты вступления в силу подписанного 25 января 2006 года Протокола о присоединении Республики Узбекистан к  Договору  об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года.

  Статья 4

      Настоящий Протокол в соответствии со статьей 102 Устава ООН подлежит регистрации в Секретариате Организации Объединенных Наций.

      Совершено в городе Санкт-Петербург 25 января 2006 года в одном экземпляре на белорусском, казахском, кыргызском, русском, таджикском и узбекском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу. В случае возникновения разногласий по тексту настоящего Протокола Договаривающиеся Стороны будут использовать текст на русском языке.
      Подлинный экземпляр настоящего Протокола хранится в Интеграционном Комитете ЕврАзЭС, который направит Договаривающимся Сторонам его заверенную копию.

       За Республику Беларусь

      За Республику Казахстан

      За Кыргызскую Республику

      За Российскую Федерацию

      За Республику Таджикистан

      За Республику Узбекистан

  ДОГОВОР
об учреждении Евразийского экономического сообщества

      Республика Беларусь, Республика Казахстан, Кыргызская Республика, Российская Федерация и Республика Таджикистан, далее именуемые Договаривающимися Сторонами,
       движимые стремлением  обеспечить свое динамичное развитие путем согласования проводимых социально-экономических преобразовании при эффективном использовании экономических потенциалов для повышения уровня жизни своих народов;
       исполненные решимости  повышать эффективность взаимодействия в целях развитая процессов интеграции между ними и углублять взаимное сотрудничество в различных областях;
       осознавая необходимость  координации подходов при ингеграции в мировую экономику и международную торговую систему;
       выражая готовность  в полной мере выполнять обязательства, принятые ими в соответствии с Соглашением о Таможенном союзе между Российской Федерацией и Республикой Беларусь от 6 января 1995 года, Соглашением о Таможенном союзе от 20 января 1995 года, Договором об углублении интеграции в экономической и гуманитарной областях от 29 марта 1996 года и Договором о Таможенном союзе и Едином экономическом пространстве от 26 февраля 1999 года;
       подтверждая свою приверженность  принципам Устава Организации Объединенных Наций, а также общепризнанным принципам и нормам международного права,
      договорились о следующем:

  Статья 1
Учреждение международной организации

      Настоящим Договаривающиеся Стороны учреждают международную организацию "Евразийское экономическое сообщество" (далее - ЕврАзЭС или Сообщество).
      ЕврАзЭС обладает полномочиями, добровольно передаваемыми ему Договаривающимися Сторонами в соответствии с положениями настоящего Договора. Договаривающиеся Стороны остаются суверенными и равноправными субъектами международного права.

  Статья 2
Цели и задачи

      ЕврАзЭС создается для эффективного продвижения процесса формирования Договаривающимися Сторонами Таможенного союза и Единого экономического пространства, а также реализации других целей и задач, определенных в вышеназванных соглашениях о Таможенном союзе, Договоре об углублении интеграции в экономической и гуманитарной областях и Договоре о Таможенном союзе и Едином экономическом пространстве, в соответствии с намеченными в указанных документах этапами.
      Ранее заключенные Договаривающимися Сторонами между собой договоры, а также решения органов управления интеграцией продолжают действовать в части, не противоречащей настоящему Договору.

  Статья 3
Органы

      Обеспечивая преемственность созданных ранее Договаривающимися Сторонами органов управления интеграцией, для выполнения целей и задач настоящего Договора в рамках ЕврАзЭС действуют:
      Межгосударственный Совет (Межгоссовет);
      Интеграционный Комитет;
      Межпарламентская Ассамблея (МПА);
      Суд Сообщества.
      Решение о прекращении деятельности органов управления интеграцией, учрежденных Договором об углублении интеграции в экономической и гуманитарной областях от 29 марта 1996 года и Договором о Таможенном союзе и Едином экономическом пространстве от 26 февраля 1999 года, принимается Межгоссоветом.

  Статья 4
Председательство

      Председательство в Межгосударственном Совете и Интеграционном Комитете осуществляется поочередно в порядке русского алфавита каждым государством-членом Сообщества в течение одного года.
      Порядок председательства в других органах Сообщества определяется соответствующими положениями.

  Статья 5
Межгосударственный Совет

      Межгосударственный Совет является высшим органом ЕврАзЭС. В его состав входят главы государств и главы правительств Договаривающихся Сторон.
      Межгоссовет рассматривает принципиальные вопросы Сообщества, связанные с общими интересами государств-участников, определяет стратегию, направления и перспективы развития интеграции и принимает решения, направленные на реализацию целей и задач ЕврАзЭС.
      Межгосударственный Совет дает поручения Интеграционному Комитету, обращается с запросами и рекомендациями к Межпарламентской Ассамблее, с запросами к Суду Сообщества.
      Межгоссовет своими решениями может учреждать вспомогательные органы Сообщества.
      Межгоссовет собирается на уровне глав государств не реже одного раза в год и на уровне глав правительств не реже двух раз в год. Заседания проводятся под руководством представителя Договаривающейся Стороны, председательствующей в Межгоссовете.
      Функции и порядок работы Межгоссовета определяются Положением, которое утверждается Межгоссоветом на уровне глав государств-участников ЕврАзЭС.

  Статья 6
Интеграционный Комитет

      Интеграционный Комитет является постоянно действующим органом ЕврАзЭС.
      1. Основные задачи Интеграционного Комитета:
      обеспечение взаимодействия органов ЕврАзЭС;
      подготовка предложений по повестке дня заседании Межгоссовета и уровню их проведения, а также проектов решений и документов;
      подготовка предложений по формированию бюджета ЕврАзЭС и контроль за его исполнением;
      контроль за реализацией решений, принятых Межгоссоветом.
      В целях выполнения своих задач Интеграционный Комитет:
      принимает решения в пределах полномочий, определенных настоящим Договором, а также, делегированных ему Межгосударственным Советом;
      ежегодно представляет Межгоссовету доклад о положении дел в Сообществе и ходе реализации его целей и задач, отчет о своей деятельности, а также об исполнении бюджета ЕврАзЭС;
      рассматривает меры, направленные на достижение целей Сообщества, в том числе заключение соответствующих договоров и проведение Договаривающимися Сторонами единой политики по конкретным вопросам и готовит соответствующие предложения;
      имеет право обращаться с рекомендациями в Межгоссовет, с рекомендациями и запросами в Межпарламентскую Ассамблею и правительства Договаривающихся Сторон, с запросами в Суд Сообщества.
      2. В состав Интеграционного Комитета входят заместители глав правительств Договаривающихся Сторон. Председатель Интеграционного Комитета принимает участие в заседаниях Межгоссовета.
      Заседания Интеграционного Комитета проводятся не реже одного раза в три месяца.
      В период между заседаниями Интеграционного Комитета текущую работу Сообщества обеспечивает Комиссия Постоянных представителей (Постпредов) Договаривающихся Сторон при ЕврАзЭС, назначаемых главами государств-участников.
      3. Организация работы и информационно-техническое обеспечение Межгосударственного Совета и Интеграционного Комитета возлагаются на Секретариат Интеграционного Комитета (Секретариат).
      Секретариат возглавляется Генеральным секретарем, который назначается Межгосударственным Советом по представлению Интеграционного Комитета сроком на три года.
      Генеральный секретарь является высшим административным должностным лицом Сообщества, участвует в заседаниях Межгосударственного Совета и Интеграционного Комитета.
      Секретариат формируется из числа граждан государств-участников на квотной основе с учетом долевых взносов Договаривающихся Сторон в бюджет Сообщества и лиц, нанимаемых по контракту.
      При исполнении служебных обязанностей Генеральный секретарь и персонал Секретариата не должны запрашивать или получать указания от какой бы то ни было Договаривающейся Стороны или власти, посторонней для Сообщества. Они должны воздерживаться от любых действий, которые могли бы отразиться на их положении как международных должностных, лиц, ответственных только перед ЕврАзЭС.
      Договаривающиеся Стороны обязуются уважать международный характер обязанностей Генерального секретаря и персонала Секретариата и не пытаться оказывать на них влияние при исполнении ими служебных обязанностей.
      Функции и порядок работы Интеграционного Комитета определяются Положением, утверждаемым Межгосударственным Советом.

  Статья 7
Межпарламентская Ассамблея

      Межпарламентская Ассамблея является органом парламентского сотрудничества в рамках ЕврАзЭС, рассматривающим вопросы гармонизации (сближения, унификации) национального законодательства Договаривающихся Сторон и приведения его в соответствие с договорами, заключенными в рамках ЕврАзЭС в целях реализации задач Сообщества.
      Межпарламентская Ассамблея формируется из парламентариев, делегируемых парламентами Договаривающихся Сторон.
      Межпарламентская Ассамблея в пределах своих полномочий:
      разрабатывает Основы законодательства в базовых сферах правоотношений, подлежащие рассмотрению Межгоссоветом;
      принимает типовые проекты, на основе которых разрабатываются акты национального законодательства;
      может обращаться с рекомендациями к Межгоссовету, запросами и рекомендациями к Интеграционному Комитету и парламентам Договаривающихся Сторон, с запросами к Суду Сообщества.
      Положение о Межпарламентской Ассамблее утверждается Межгосударственным Советом.

  Статья 8
Суд Сообщества

      Суд Сообщества обеспечивает единообразное применение Договаривающимися Сторонами настоящего Договора и других действующих в рамках Сообщества договоров и принимаемых органами ЕврАзЭС решений.
      Суд Сообщества рассматривает также споры экономического характера, возникающие между Договаривающимися Сторонами по вопросам реализации решений органов ЕврАзЭС и положений договоров, действующих в рамках Сообщества, дает по ним разъяснения, а также заключения.
      Суд Сообщества формируется из представителей Договаривающихся Сторон в количестве не более двух представителей от каждой Договаривающейся Стороны. Судьи назначаются Межпарламентской Ассамблеей по представлению Межгосударственного Совета сроком на шесть лет.
      Организация и порядок деятельности Суда Сообщества определяются его Статутом, утверждаемым Межгоссоветом.

  Статья 9
Членство

      Прием в члены ЕврАзЭС открыт для всех государств, которые примут на себя обязательства, вытекающие из настоящего Договора и других, действующих в рамках Сообщества договоров по списку, определяемому решением Межгосударственного Совета, и которые, по мнению членов ЕврАзЭС, могут и намерены эти обязательства выполнять.
      Любая Договаривающаяся Сторона вправе выйти из состава ЕврАзЭС, предварительно урегулировав свои обязательства перед Сообществом и его членами и направив в Интеграционный Комитет официальное уведомление о выходе из настоящего Договора не позднее, чем за двенадцать месяцев до даты выхода. Прекращение членства наступает в текущем бюджетном году, если уведомление направлено до принятия бюджета Сообщества на следующий бюджетный год. Если уведомление направлено после принятия бюджета на следующий год, то прекращение членства наступает в этом следующем бюджетном году.
      Участие в работе органов ЕврАзЭС Договаривающейся Стороны, нарушающей положения настоящего Договора и/или договоров, действующих в рамках Сообщества, может быть приостановлено решением Межгоссовета. Если эта Договаривающаяся Сторона продолжает нарушать свои обязательства, Межгоссовет может принять решение о ее исключении из Сообщества с даты, которую определяет сам Межгоссовет.

  Статья 10
Наблюдатели

      Статус наблюдателя при ЕврАзЭС может предоставляться любому государству или международной межгосударственной (межправительственной) организации в случае обращения с соответствующей просьбой.
      Решения о предоставлении, приостановке или аннулировании статуса наблюдателя принимаются Межгосударственным Советом.

  Статья 11
Правоспособность

      ЕврАзЭС пользуется на территории каждой Договаривающейся Стороны правоспособностью, необходимой для реализации его целей и задач.
      ЕврАзЭС может устанавливать отношения с государствами и международными организациями и заключать с ними договоры.
      ЕврАзЭС пользуется правами юридического лица и для реализации своих целей и задач может, в частности:
      - заключать договоры;
      - приобретать имущество и распоряжаться им;
      - выступать в суде;
      - открывать счета и совершать операции с денежными средствами.

  Статья 12
Местонахождение органов

      Местом нахождения Интеграционного Комитета является город Алматы (Республика Казахстан) и город Москва (Российская Федерация).
      Местом нахождения Межпарламентской Ассамблеи является город Санкт-Петербург (Российская Федерация).
      Местом нахождения Суда Сообщества является город Минск (Республика Беларусь).
      По решению Межгосударственного Совета в государствах-членах Сообщества могут открываться представительства Интеграционного Комитета.

  Статья 13
Порядок принятия решений

      Межгосударственный Совет принимает все решения консенсусом, за исключением решений о приостановке членства или об исключении из Сообщества, которые принимаются по принципу "консенсус минус голос заинтересованной Договаривающейся Стороны".
      В Интеграционном Комитете решения принимаются большинством в 2/3 голосов. В случае, если за принятие решения проголосовали четыре Договаривающиеся Стороны, но при этом оно не набрало большинства в 2/3 голосов, то вопрос передается на рассмотрение Межгоссовета. Количество голосов каждой из Договаривающихся Сторон соответствует ее взносу в бюджет Сообщества и составляет:
      Республика Беларусь - 20 голосов;
      Республика Казахстан - 20 голосов;
      Кыргызская Республика - 10 голосов;
      Российская Федерация - 40 голосов;
      Республика Таджикистан -10 голосов.

  Статья 14
Исполнение решений

      Решения органов ЕврАзЭС исполняются Договаривающимися Сторонами путем принятия необходимых национальных нормативных правовых актов в соответствии с национальным законодательством.
      Контроль за выполнением обязательств Договаривающихся Сторон по реализации настоящего Договора, других действующих в рамках Сообщества договоров и решений органов ЕврАзЭС осуществляется органами Сообщества в пределах их компетенции.

  Статья 15
Финансирование

      Финансирование деятельности органов ЕврАзЭС осуществляется за счет бюджета Сообщества.
      Бюджет Сообщества на каждый бюджетный год разрабатывается Интеграционным Комитетом по согласованию с государствами-членами и утверждается Межгоссоветом.
      Бюджет Сообщества не может иметь дефицит.
      Бюджет Сообщества формируется за счет долевых взносов Договаривающихся Сторон согласно следующей шкале:
      Республика Беларусь - 20 %;
      Республика Казахстан - 20 %;
      Кыргызская Республика - 10 %;
      Российская Федерация - 40 %;
      Республика Таджикистан - 10 %.
      Средства бюджета Сообщества направляются на:
      финансирование деятельности органов ЕврАзЭС;
      финансирование совместных мероприятий Договаривающихся Сторон, проводимых в рамках Сообщества;
      другие цели, не противоречащие положениям настоящего Договора.
      В случае, если задолженность одной из Договаривающихся Сторон перед бюджетом ЕврАзЭС превышает сумму, эквивалентную ее годичному долевому взносу, решением Межгосударственного Совета она может быть лишена права голосования в органах Сообщества до полного погашения задолженности. Принадлежавшие ей голоса распределяются между остальными Договаривающимися Сторонами пропорционально их взносам в бюджет Сообщества.

  Статья 16
Привилегии и иммунитеты

      Сообщество и его должностные лица пользуются привилегиями и иммунитетами, которые необходимы для выполнения функций и достижения целей, предусмотренных настоящим Договором и договорами, действующими в рамках ЕврАзЭС.
      Объем привилегий и иммунитетов Сообщества и его должностных лиц, персонала Секретариата и Представительств Интеграционного Комитета, а также Постпредов Договаривающихся Сторон при Сообществе определяется отдельными документами.

  Статья 17
Рабочий язык

      Рабочим языком ЕврАзЭС является русский язык.

  Статья 18
Срок действия и вступление в силу

      Настоящий Договор заключается на неопределенный срок.
      Настоящий Договор подлежит ратификации Договаривающимися Сторонами и вступает в силу с даты сдачи депозитарию, которым является Интеграционный Комитет, последнего уведомления о выполнении внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Стороны, в случае необходимости, приводят свое национальное законодательство в соответствие с положениями настоящего Договора.

  Статья 19
Изменения и дополнения

      В настоящий Договор могут быть внесены изменения и дополнения, которые оформляются Договаривающимися Сторонами отдельным протоколом, являющимся неотъемлемой частью настоящего Договора.

  Статья 20.
Регистрация

      Настоящий Договор в соответствии со статьей 102 Устава ООН подлежит регистрации в Секретариате Организации Объединенных Наций.

      Совершено в городе Астана 10 октября 2000 года в одном экземпляре на белорусском, казахском, кыргызском, русском и таджикском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу. В случае возникновения разногласий по тексту настоящего Договора Договаривающиеся Стороны будут использовать текст на русском языке.
      Подлинный экземпляр Договора хранится в Интеграционном Комитете, который направит каждой Договаривающейся Стороне его заверенную копию.

       За         За         За         За         За
      Республику Республику Кыргызскую Российскую Республику
      Беларусь   Казахстан  Республику Федерацию  Таджикистан