Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнде Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгізілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентiнің
ЖАРЛЫҒЫ Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнде Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы
Қазақстан Республикасының Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiмен дипломатиялық қатынастарды нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Абу-Даби қаласында (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) Қазақстан Республикасының Елшiлiгi ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi