"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамы 2006 жылға арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға қатысты қазақстандық қатысу бөлігінде келісім-шарттық міндеттемелерді орындау мониторингі және сараптамалық рәсімдер бойынша қызметтер көрсетуші болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі