Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
4-тармақта:
"Евниев Арман Қайратұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Айтжанов Дулат Нулиұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға";
"Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ермекова Несiпбала Әбсағитқызы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры";
"Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі