Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ереж есiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 486 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.27. N 535 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 31 мамырдағы 
N 486 қаулысымен   
бекiтiлген   

  Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесi

      Осы Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының  86-бабына  сәйкес әзiрлендi және қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу тәртiбiн айқындайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Зиянды экономикалық бағалауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы анықталған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары белгiлейдi.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары қоршаған ортаға зиян келтiру фактiсi белгiленген күннен бастап бiр ай мерзiмде қажеттi материалдарды жинауды және талдауды жүргiзедi және қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлейдi.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары зиянды экономикалық бағалауды белгiлегеннен кейiн зиян келтiрген заңды және жеке тұлғаларға өз еркiмен осы зиянның орнын толтыру туралы талап не сотқа талап-арыз ұсынады.

      4. Зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар зиянды экономикалық бағалау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк бюджетке зиянды жою жөнiндегi iс-шаралар жүргiзуге қаржы аударады.

      5. Зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу кезiнде мыналар назарға алынады:
      қоршаған ортаны қалпына келтiру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың салдарларын жою жөнiндегi шаралардың құны;
      ағымдағы жылға арнап жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкалары;
      келтiрiлген зиянның экологиялық қауiптiлiгiнiң дәрежесi;
      экологиялық тәуекел дәрежесi;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес  орман жер  заңнаманы,  жануарлар дүниесiн қорғау , өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамасын бұзумен келтiрген  зиянды өтеу мөлшерi .

      6. Зиянды экономикалық бағалау мынадай әдiстермен белгiленедi:
      1) зиянды экономикалық бағалаудың тура әдiсi;
      2) зиянды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi.

  2. Зиянды экономикалық бағалаудың тура әдiсi

      7. Зиянды экономикалық бағалаудың тура әдiсi қоршаған ортаны қалпына келтiру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзу салдарларын жою үшiн қажеттi нақты шығындарды айқындаудан тұрады.

      8. Зиянды экономикалық бағалаудың көрсетiлген әдiсi келтiрiлген зиянның салдарлары инженерлiк, ұйымдастырушылық-техникалық және технологиялық iс-шараларды не өзге де барабар шараларды жүргiзу жолымен жойылуы мүмкiн болған жағдайда қолданылады.

      9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары бiрiншi кезекте зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мүмкiндiгін қарастырады. Бұл ретте, қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жөнiндегi тиiстi мiндеттемелер зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалардың нақты iс-шаралар мен олардың жүргiзiлу мерзiмi көрсетілген кепіл хатында жазылады.

      10. Қоршаған ортаны қалпына келтiру, тозған табиғи ресурстарды толықтыру, тiрi организмдердi сауықтыру үшiн қажеттi шаралар көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзуге арналған түрлi iс-шараларды әзiрлеу жолымен айқындалады.
      Зиянның салдарларын жою жөнiндегi қажеттi шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.

  3. Зиянды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi

      11. Зиянды бағалаудың жанама әдiсi қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегі iс-шаралармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзу салдарларын жою жөнiндегi шаралар қабылдаумен келтiрiлген зиянның орны толтырылмайтындықтан тура әдiстi қолдану мүмкiн болмайтын жағдайларда қолданылады.

      12. Зиянды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi қоршаған ортаға нақты әсер ету мен белгiленген нормативтердiң арасындағы ара қатынасқа, сондай-ақ қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларына, экологиялық қауiптiлiк және экологиялық тәуекел деңгейлерiне негiзделедi.
      Зиянды жанама әдiспен экономикалық бағалау, қоршаған ортаға әсер ету түрлерiне қарай ингредиент арқылы зиянды әрбiр ингредиент бойынша жеке жиынтықтау жолымен белгіленедi.

      13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық қауiптiң деңгейiн, сондай-ақ экологиялық тәуекелдiң деңгейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары осы  Ережеге 1  және  2-қосымшаларда  келтiрiлген критерийлердiң негiзiнде белгiлейдi.

      14. Тұрақты көздерден атмосфералық ауаның ластануынан, су ресурстарының ластануынан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау осы Ережеге  3-қосымшада  көзделген есептерге сәйкес белгіленедi.

      15. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгiленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу үшiн осы Ережеге  4-қосымшаға  сәйкес есеп қолданылады.

      16. Қоршаған ортаны өз бетiмен ластаудан келтiрілген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеген кезде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес есептеу формулалары қолданылады, онда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларының, қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгiндiлерiнiң және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру көлемiнiң нормативтерi нөлге тең деп қабылданады.
      Осы Ереженiң мақсаттарында қоршаған ортаны өз бетiмен ластау деп тұрақты көздерден атмосфераға шығарындылар, ағынды сулардың төгiндiлерi, қалдықтарды және кез келген басқа ластаушы заттарды орналастыру, сондай-ақ қоршаған ортаға рұқсатсыз физикалық және өзге де әсер ету, оның iшiнде авариялық және келiсiлмеген жаппай шығарындылар (төгiндiлер) түсiнiледi. Табиғатты пайдалануға берiлген рұқсатпен белгіленген қалдықтардың уыттылық сыныбын сақтамау, сондай-ақ қалдықтарды өз бетiмен орналастыру ретiнде қарастырылады.

      17. Қоршаған ортаға радиобелсендi қалдықтарды, иондаушы сәулелену көздерiн белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен қалдықтары мен шламдарынан, ағынды және рудалық сулардан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау осы Ережеге  5-қосымшада  көзделген есепке сәйкес белгiленедi.

  4. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу

      18. Жер асты суларының ластауынан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау осы Ережеге сәйкес оларды тазалау жөнiндегi iс-шаралардың құны бойынша тура әдiспен не ағынды сулардың өз бетiмен болған төгiндiсiнiң не қалдықтарды өз бетiнше орналастырудың нақты көлемiн негiзге ала отырып, жанама әдiспен белгiленедi.
      Бұл ретте, жер асты суларына келiп түскен ластаушы заттардың абсолюттiк мөлшерi ластаушы заттардың концентрациясын және жер асты ағынының шығындарын не ұңғыма өнiмдiлiгiн айқындау әдiстерiмен белгiленедi.

      19. Жобалық және жобадан тыс бөгеттердiң, бөгеулердiң, жолдардың бұзылуы салдарынан, сондай-ақ шаруашылық қызметiнен болған шұңқырлар мен жыралардың пайда болуы салдарынан гидрографиялық желiнiң топырақпен ластануы топырақтың гидрографиялық желiсiне тасталған өлшенген бөлшектердiң авариялық төгiндiсi ретiнде қабылданады.
      Мұндай ластанудың зиянын экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшаның 2-тармағына сәйкес белгiленедi.

      20. Жалпы таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрi - ЖПҚ) өз бетiмен өндiруден келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау өндiрiлген пайдалы қазбалардың және/немесе ЖПҚ-дан алынған өндiрiп шығарылған тауарлық өнiм құнының мөлшерiнде белгiленедi.
      Өндiрiлген ЖПҚ мен өндiрiп шығарылған тауарлық өнiмнiң құны бұзушылық анықталған күннен бастап бiр тоқсаннан аспайтын кезеңдегi тауарлық өнiмдi сатудың орташа нарықтық құны негiзге ала отырып айқындалады. Тауарлық өнiм сатылмаған жағдайда өндiрiлген ЖПҚ құны осы әкiмшілік-аумақтық бiрлiкте бұзушылық айқындалған тоқсанның алдындағы тоқсан iшiнде ұқсас iс-әрекеттi жүзеге асыратын табиғатты пайдаланушыларда қалыптасқан орташа нарықтық баға негiзге алына отырып айқындалады. 
      Көрсетілген мәлiметтер жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органнан не жергiлiктi атқарушы органдардан сұралады.

      21. Топырақ жамылғысына оны жоюмен, жерлеумен немесе ластаумен келтiрiлген зиянды барлық санаттағы жерлер үшiн экономикалық бағалау осы Ережеге сәйкес топырақтың жоғалтқан сапасын қалпына келтiру құны бойынша тура әдiспен не ағынды сулардың өз бетiмен болған төгiндiсiнiң немесе қалдықтарды өз бетiмен орналастырудың нақты көлемiн негiзге ала отырып, жанама әдiспен белгiленедi.
      Бұл ретте, осы ереженiң мақсаттары үшiн топырақ жамылғысын жою деп қалпына келтiру мүмкiн емес, не арнайы жұмыстар (жердi қалпына келтiру, ағаш отырғызу және басқа да жұмыстар) жүргiзудi талап ететiн жердiң ерекше шаруашылық, ландшафтық-рекреациялық және экожүйелiк (су реттеу, топырақ қорғау) құндылығын толық жоғалтуға әкеп соғатын әрекеттер түсiнiледi.

      22. Ауыл және орман шаруашылықтарын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған жер және орман ресурстарына келтiрiлген зиянды, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiк дүниесiне, жануарлар мен өсiмдiктердi заңсыз жинаумен, дайындаумен, зақымдаумен немесе жоюмен келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау жер, орман заңнамасының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
      Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне, балық қорына және гидробионттарға жер, су және өсiмдiк ресурстарын ластау, жою немесе зақымдау арқылы келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау жер, су және өсiмдiк ресурстарына жиынтықты көлемде келтiрiлген зиянды экономикалық бағалаудың нәтижелерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтар ескерiле отырып, белгіленедi.

                        Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды
                         экономикалық бағалауды белгiлеу ережесiне
                                         1-қосымша

   Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудан туындаған
        экологиялық қауiптiң деңгейiн айқындау критерийлерi

Критерийлер

Экологиялық қауіп коэффициенті

Қалдықтарды кәсiпорындардың қоймалауға арналған аумақтарына орналастыру, қоймаға және көмуге (экологиялық талаптарға жауап беретiн объектiлер) рұқсат етiлген жетiлдiрiлген үйiндiлер, полигондар, қоймалар, көңсақтауыштар және басқа аумақтар; су айдындарына және жинағыштарға ұйымдастырылған төгiндiлер; шығындылардың ұйымдастырылған көздерi

1

Қалдықтарды кәсiпорындардың жайластырылмаған аумақтарына орналастыру; қарапайым жинағыштарға сарқынды сулардың төгiндiлерi; технологиялық негiзделген шығарындылардың ұйымдастырылмаған көздерi

1,5

Кәсіпорындардың аумағындағы технологиялық негізделмеген шығарындылар мен төгiндiлер; ауыл шаруашылығы алқаптарының және мемлекеттiк орман қоры жерiнiң орман өспеген аумақтарына қалдықтарды орналастыру

2,0

Шығарындылар, төгiндiлер, мемлекеттiк орман қоры жерiнiң орман өскен аумағына, қоныстану мен ерекше қорғалатын аумақтарға, су қорғау аймақтарына және су тоғандары айдындарына (тартылғандарын қоса алғанда) қалдықтарды орналастыру, ауыз сумен қамту көздерiн санитарлық қорғау аймақтарының 1 және 2 белдеулерi, курорттарды санитарлық қорғау округтерiнiң 1 және 2 аймақтары

3,0

                       Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды
                        экономикалық бағалауды белгiлеу ережесiне
                                       2-қосымша

    Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудан туындаған
       экологиялық тәуекелдiң деңгейiн айқындау критерийлерi

Критерийлер

Экологиялық тәуекел коэффициенті

Соңғы үш жылда зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдi бiрiншi бұзу бұзушылық болып табылады

1

Соңғы үш жылда зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдi бiрден үшке дейiнгi бұзу жағдайы орын алғанда

1,1

Соңғы үш жылда зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдi төрттен онға дейiнгi бұзу жағдайы орын алғанда

1,5

Соңғы үш жылда зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдi оннан астам бұзу орын алғанда

2

                        Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды
                         экономикалық бағалауды белгiлеу ережесiне
                                      3-қосымша

Тұрақты көздерден атмосфералық ауаны, су ресурстарын ластаудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеудiң есептерi

      1. i-ингредиентi бойынша тұрақты көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
U i  =(С нақты i  С норм i ) х 3600/1000000 х А і  х Т х С шығ.  х 10 х К 1  х К

мұндағы:

      U i  - тұрақты көздерден атмосфералық ауаны i-ингредиентпен ластаудан келтірiлген зиянды экономикалық бағалау, теңге;
      С нақты і  - мемлекеттiк бақылау барысында айқындалған i-ластаушы заттың нақты шығарындысы, г/сек;
      С норм і  - i-ластаушы зат шығарындысының нормативi, г/сек;
      А і  = 1/ШЖКсс формуласы бойынша анықталатын:
      А і  - салыстырмалы қауiп коэффициентi, мұндағы ШЖКсс - атмосфералық ауадағы заттың шектi жол берiлетiн орта тәулiктiк концентрациясы;
      Т - соңғы тексерiстен кейiнгi уақыт ретiнде қабылданатын, бiрақ 90 күннен аспайтын зиян келтiру кезеңiндегi жабдықтың жұмыс уақыты, (сағатпен);
      С шығ.  - ағымдағы жылға жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың 1 шартты тоннасын шығарғаны үшін төлем ставкасы, теңге/шартты тонна;
      10 - арттыру коэффицентi;
      К 1  - экологиялық қауiп коэффициентi, 1-қосымша;
      К 2  - экологиялық тәуекел коэффициентi, 2-қосымша.
      2. i-ингредиент бойынша су ресурстарын белгiленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
     U і  = (С нақты і - С норм і ) х V нақты  х С төг.  х А і  х 10 х К 1  х К 2

мұндағы:

      U і  - i-ингредиентпен су ресурстарын ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау/теңге/;
      С нақты і  - ағынды сулардағы i-ластаушы заттың нақты концентрациясы, мг/л.;
      С норм і  - i-ластаушы зат төгiндiсiнiң нормативi, мг/л;
      V нақты  - соңғы тексерiстен кейiнгi уақыт ретiнде қабылданатын, бiрақ 90 күннен аспайтын кезеңдегi су беру көлемi, млн.куб.м.;
      А і  = 1/ШЖКв формуласы бойынша анықталатын:
      А і  - салыстырмалы қауiп коэффициентi, мұндағы ШЖКв - осы түрдегi су объектiсiндегi ластаушы заттың шектi жол берiлетiн концентрациясы;
      С төг. - ағымдағы жылға жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен ластаушы заттар төгiндiсiнiң 1 шартты тоннасы үшiн төлем ставкасы, теңге/шартты тонна;
      10 - арттыру коэффициентi;
      К 1  - экологиялық қауiп коэффициентi, 1-қосымша;
      К 2  - экологиялық тәуекел коэффициентi, 2-қосымша.
      3. Қауiп сыныбына қарай, өндiрiстiк қалдықтардың i-түрiн белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан және тұтынудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
             U i = (Ғ нақты і  - Ғ норм і ) х С қал. х 10 х К 1  х К 2

мұндағы:

      U і  - қауiп сыныбына қарай өндiрiстiк қалдықтардың і-түрiн орналастырудан және тұтынудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау, теңге;
      Ғ нақты і  - белгiлi бiр уақыт кезеңiнде қауiп сыныбына қарай өндiрiс қалдықтарының i-түрiн орналастырудың және тұтынудың нақты көлемi, тонна немесе мың текше метр;
      Ғ норм і  - белгiлi бiр уақыт кезеңiнде қауiп сыныбына қарай өндiрiс қалдықтарының i-түрiн орналастырудың және тұтынудың нормативтiк көлемi, тонна немесе мың текше метр;
      С қал. - ағымдағы жылға жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен қауiп сыныбына қарай өндiрiс қалдықтарының i-түрiнiң 1 тоннасын немесе 1 мың текше метрiн орналастыру және тұтыну үшiн төлем ставкасы, теңге;
      10 - арттыру коэффициентi;
      К 1  - экологиялық қауiп коэффициентi, 1-қосымша;
      К 2  - экологиялық тәуекел коэффициентi, 2-қосымша.

                        Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды
                         экономикалық бағалауды белгiлеу ережесiне
                                         4-қосымша

Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгiленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалаудың есебi

      Автомотор отынының i-түрi бойынша жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгiленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады:
           U i  = (С нақты - С норм )/ с норм  х R нақты і  х С шығ. і  х 10

мұндағы:

      U i  - автомотор отынының i-түрiн жағу кезiнде жылжымалы көздердiң атмосфералық ауаны ластауынан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау, теңге;
      С нақты  - мемлекеттiк бақылау барысында айқындалған ластаушы заттың нақты концентрациясы не шығарынды газдардағы түтiндiлiк көрсеткiшi, көлемдi үлесi немесе %;
      С норм  - ластаушы зат концентрациясының нормативтi не шығарынды газдардағы түтiндiлiк көрсеткiшi, көлемдi үлесi немесе %;
      R нақты і  - соңғы тексеруден кейiнгi уақыт ретiнде қабылданатын, бiрақ 90 күннен аспайтын зиян келтiру кезеңiндегi автомотор отынының i-түрiнiң шығыны тонна;
      С шығ. і  - ағымдағы жылға арнап жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен жылжымалы көздермен автомотор отынының i-түрiнiң 1 тоннасын жағу кезіндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары үшiн төлем ставкасы, теңге/тонна;
      10 - арттыру коэффициентi.

                        Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды
                         экономикалық бағалауды белгiлеу ережесiне
                                         5-қосымша

Қоршаған ортаға радиобелсендi қалдықтарды, иондаушы сәулелену көздерiн белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен қалдықтары мен шламдарынан, ағынды және рудалық сулардан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеудiң есептерi

      Қоршаған ортаға радиобелсендi қалдықтарды, сондай-ақ иондаушы сәулелену көздерiн белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан келтiрiлген зиян уыттылығының 1 тоннасы радиобелсендiлiктiң 12 Гигабеккерелiне (ГБк) тең неғұрлым таралған радиобелсендi заттың-табиғи уранның белсендiлiгi бойынша радиобелсендi қалдықтарды орналастырғаны үшiн төлем нормативiн негiзге ала отырып белгiленедi.
      Бұл ретте, трансурандық элементтердi қоспағанда, жиынтықты альфа-сәулелену радионуклидтерiнiң 12 ГБк орналастырғаны үшiн төлем нормативi қоршаған ортаға қауiптiң 2 сыныбындағы өнеркәсiптiк қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативiне теңестiрiледi. Трансурандық элементтердiң 12 ГБк орналастырғаны үшiн төлем нормативi қоршаған ортаға қауiптiң бiрiншi сыныбындағы өнеркәсiптiк қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшiн төлем нормативiне теңестiрiледi.
Осылайша,
      трансурандық элементтердiң 1ГБк орналастырғаны үшiн төлем ставкасы мынаған тең:
      С РБҚ t  = C y1 /12;
      альфа радиобелсендi қалдықтардың 1ГБк орналастырғаны үшiн төлем ставкасы мынаған тең:
      С РБҚа  = С у2 /12;
      бета радиобелсендi қалдықтардың 1ГБк орналастырғаны үшiн төлем ставкасы мынаған тең:
      С РБҚв  = С у2 /12х0,1;
мұндағы:
      С у1 , С у2  - ағымдағы жылға жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен уыттылықтың 1 немесе 2 сыныбына сәйкес өнеркәсiптiк қалдықтардың 1 тоннасы үшiн төлем ставкасы;
      0,1 - альфа-сәулелену радионуклидтерiнiң төменгi елеулi белсендiлiгiн (ТЕБ) салыстыру бойынша 10 есе кем бета-сәулелену радионуклидтерi үшiн ТЕБ-тi негiзге ала отырып, бета радиобелсендi қалдықтар үшiн төмендеткiш коэффициент.
      Радиобелсендi қалдықтарды немесе трансурандық элементтердi белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады:
      U = (F нақты  - F норм ) x C РБҚ a,в,t  х 10 х К 1  х К 2
мұндағы:
      U - радио белсендi қалдықтарды белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау (теңге);
      Ғ нақты  - орналастырылған радиобелсендi қалдықтардың нақты радиобелсендiлiгi, ГБк;
      Ғ норм  - орналастырылған радиобелсендi қалдықтардың нормативтiк радиобелсендiлiгi, ГБк;
      С РБҚ  - радиобелсендi қалдықтарға немесе трансурандық элементтерге сәйкес 1ГБк орналастырғаны үшiн төлем ставкасы, теңге/ГБк;
      10 - арттыру коэффициентi;
      К 1  - экологиялық қауiп коэффициентi, 1-қосымша;
      К 2  - экологиялық тәуекелдiк коэффициентi, 2-қосымша.
       РҚАО-ның ескертуі:  а,   в  - альфа, бета белгілері.
      
      Қоршаған ортада орналастырылған 0,3 кБк/кг-нан астам артық, бiрақ альфа-сәулелену радионуклидтерi үшiн 10 кБк/кг және бета-сәулелену радионуклидтерi үшiн 100 кБк/кг аспайтын санитарлық нормалардан жоғары жасанды және табиғи радионуклидтер бар құрылыс материалдары, тау-кен қалдықтары мен шламдары, ағынды және рудалық сулар радиобелсендi қалдықтар болып табылмайды, шектеулi пайдаланылатын материалдарға жатады және өнеркәсiптiк қалдықтарды көму орындарында орналастырылады. Осындай материалдарды белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес қауiптiң 4 сыныбы бойынша айқындалады.

Об утверждении Правил установления экономической оценки ущерба от загрязнения окружающей среды

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2006 года N 486. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2007 года N 535

       Сноска. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2006 года N 486 утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2007 года
N 535 .

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 15 июля 1997 года "Об охране окружающей среды" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления экономической оценки ущерба от загрязнения окружающей среды.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены           
постановлением Правительства 
Республики Казахстан     
от 31 мая 2006 года N 486   

Правила установления экономической оценки
ущерба от загрязнения окружающей среды

      Настоящие Правила установления экономической оценки ущерба от загрязнения окружающей среды (далее - Правила) разработаны в соответствии со  статьей 86  Закона Республики Казахстан от 15 июля 1997 года "Об охране окружающей среды" и определяют порядок установления экономической оценки ущерба от загрязнения окружающей среды.

  1. Общие положения

      1. Экономическая оценка ущерба устанавливается должностными лицами уполномоченного органа в области охраны окружающей среды при выявлении в ходе осуществления государственного контроля нарушений законодательства в области охраны окружающей среды.
      2. Должностные лица уполномоченного органа в области охраны окружающей среды в месячный срок с даты установления факта нанесения ущерба окружающей среде проводят сбор и анализ необходимых материалов и устанавливают экономическую оценку ущерба от загрязнения окружающей среды.
      3. После установления экономической оценки ущерба должностными лицами уполномоченного органа в области охраны окружающей среды к юридическим и физическим лицам, причинившим ущерб, предъявляются претензии о добровольном возмещении этого ущерба либо иски в суд.
      4. Юридические и физические лица, причинившие ущерб, по результатам экономической оценки ущерба перечисляют в государственный бюджет средства на проведение мероприятий по ликвидации ущерба.
      5. При установлении экономической оценки ущерба принимается во внимание:
      стоимость мер по восстановлению окружающей среды и ликвидации последствий нарушения законодательства в области охраны окружающей среды;
      ставки платы за загрязнение окружающей среды, утвержденные местными представительными органами на текущий год;
      степень экологической опасности нанесенного ущерба;
      степень экологического риска;
       размеры возмещения ущерба , нанесенного нарушением  лесного земельного  законодательств,  законодательства об охране , воспроизводстве и использовании животного мира в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      6. Экономическая оценка ущерба устанавливается следующими методами:
      1) прямой метод экономической оценки ущерба;
      2) косвенный метод экономической оценки ущерба.

  2. Прямой метод экономической оценки ущерба

      7. Прямой метод экономической оценки ущерба состоит в определении фактических затрат, необходимых для восстановления окружающей среды и ликвидации последствий нарушения законодательства в области охраны окружающей среды.
      8. Указанный метод экономической оценки ущерба применяется в случае, когда последствия нанесенного ущерба могут быть ликвидированы путем проведения инженерных, организационно-технических и технологических мероприятий либо иных адекватных мер.
      9. Должностными лицами уполномоченного органа в области охраны окружающей среды в первую очередь рассматривается возможность осуществления мероприятий по восстановлению окружающей среды юридическими и физическими лицами, причинившими ущерб. При этом, соответствующие обязательства по проведению мероприятий по восстановлению окружающей среды излагаются в гарантийном письме юридических и физических лиц, причинивших ущерб, с указанием конкретных мероприятий и сроков их проведения.
      10. Меры, необходимые для восстановления окружающей среды, восполнения деградировавших природных ресурсов, оздоровления живых организмов, определяются путем разработки различных мероприятий для достижения указанных целей.
      Стоимость необходимых мероприятий по ликвидации последствий ущерба определяется по их рыночной стоимости.

  3. Косвенный метод экономической оценки ущерба

      11. Косвенный метод экономической оценки ущерба применяется в случаях, когда применение прямого метода невозможно, поскольку нанесенный ущерб не может быть восполнен мероприятиями по восстановлению окружающей среды и   принятием мер по ликвидации последствий нарушения законодательства в области охраны окружающей среды.
      12. Косвенный метод экономической оценки ущерба основывается на соотношении между фактическим воздействием на окружающую среду и установленным нормативом, а также на ставках платы за загрязнение окружающей среды, уровнях экологической опасности и экологического риска.
      Экономическая оценка ущерба косвенным методом устанавливается поингредиентно в зависимости от видов воздействия на окружающую среду путем суммирования ущерба по каждому ингредиенту в отдельности.
      13. Уровень экологической опасности, вызванной нарушением законодательства в области охраны окружающей среды, а также уровень экологического риска устанавливаются должностными лицами уполномоченного органа в области охраны окружающей среды на основании критериев, приведенных в  приложениях 1 2 к настоящим  Правилам.
      14. Экономическая оценка ущерба от загрязнения атмосферного воздуха от стационарных источников, загрязнения водных ресурсов, размещения отходов производства и потребления сверх установленных нормативов устанавливается в соответствии с расчетами, предусмотренными  приложением 3  к настоящим Правилам.
      15. Для установления экономической оценки ущерба от загрязнения атмосферного воздуха от передвижных источников сверх установленных нормативов применяется расчет согласно  приложению 4  к настоящим Правилам.
      16. При установлении экономической оценки ущерба вследствие самовольного загрязнения окружающей среды применяются формулы расчета в соответствии с приложением 3 к настоящим Правилам, где нормативы выброса загрязняющего вещества в атмосферу, сброса загрязняющего вещества в окружающую среду, объема размещаемых отходов производства и потребления принимаются равными нулю.
      Под самовольным загрязнением окружающей среды в целях настоящих Правил понимаются выбросы в атмосферу от стационарных источников, сбросы сточных вод, размещение отходов и любых других загрязняющих веществ, а также физические и иные воздействия на окружающую среду без соответствующего разрешения, в том числе аварийные и несогласованные залповые выбросы (сбросы). Несоблюдение установленного разрешением на природопользование класса опасности отходов также рассматривается как самовольное размещение отходов.
      17. Экономическая оценка ущерба от размещения в окружающей среде сверх установленных нормативов радиоактивных отходов, источников ионизирующего излучения, а также от размещенных в окружающей среде строительных материалов, хвостов и шламов горного производства, сточных и рудничных вод устанавливается в соответствии с расчетом, предусмотренным  приложением 5  к настоящим Правилам.

  4. Установление экономической оценки ущерба от
загрязнения отдельных видов природных ресурсов

      18. Экономическая оценка ущерба от загрязнения подземных вод устанавливается прямым методом по стоимости мероприятий по их очистке либо косвенным методом, исходя из фактического объема самовольного сброса сточных вод либо самовольного размещения отходов в соответствии с настоящими Правилами.
      При этом абсолютное количество загрязняющих веществ, поступивших в подземные воды, устанавливается методами определения концентрации загрязняющих веществ и расхода подземного потока, либо дебита скважины.
      19. Загрязнение гидрографической сети грунтом вследствие разрушения проектных и внепроектных плотин, дамб, дорог, а также вследствие образования промоин и оврагов, спровоцированных хозяйственной деятельностью, принимается как за аварийный сброс взвешенных частиц сброшенного в гидрографическую сеть грунта.
      Экономическая оценка ущерба такого загрязнения устанавливается согласно пункту 2 приложения 3 к настоящим Правилам.
      20. Экономическая оценка ущерба от самовольной добычи общераспространенных полезных ископаемых (далее - ОПИ) устанавливается в размере стоимости добытых полезных ископаемых и/или произведенного товарного продукта, полученного из ОПИ.
      Стоимость добытых ОПИ и произведенного товарного продукта определяется исходя из средней рыночной цены реализации товарного продукта за период не свыше квартала, начиная с даты выявления нарушения.
      В случае отсутствия реализации товарного продукта стоимость добытых ОПИ определяется исходя из средних рыночных цен, сложившихся у природопользователей, осуществляющих аналогичную деятельность в данной административно-территориальной единице за квартал, предшествующий кварталу, в котором выявлено нарушение.
      Указанные сведения запрашиваются в уполномоченном органе по изучению и использованию недр либо в местных исполнительных органах.
      21. Экономическая оценка ущерба, нанесенного почвенному покрову его уничтожением, погребением или загрязнением, для земель всех категорий устанавливается прямым методом по стоимости восстановления утраченных качеств почвы, либо косвенным методом, исходя из фактического объема самовольного сброса сточных вод либо объемов самовольного размещения отходов в соответствии с настоящими Правилами.
      При этом для целей настоящих Правил под уничтожением почвенного покрова понимаются действия, повлекшие полную потерю специфической хозяйственной, ландшафтно-рекреационной и экосистемной (водорегулирующей, почвозащитной) ценности земель, восстановление которой невозможно, либо требует проведения специальных работ (рекультивация земель, лесопосадочные и другие работы).
      22. Экономическая оценка ущерба, нанесенного непосредственно земельным и лесным ресурсам изъятием сельскохозяйственных и лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением сельского и лесного хозяйства, а также ущерба животному и растительному миру, причиненного незаконным добыванием, заготовкой, повреждением или уничтожением животных и растений, устанавливается согласно требований земельного, лесного законодательства, а также законодательства Республики Казахстан об охране, использовании и воспроизводстве животного мира.
      Экономическая оценка ущерба, нанесенного животному и растительному миру, рыбным запасам и гидробионтам опосредовано через загрязнение, уничтожение или повреждение земельных, водных и растительных ресурсов, устанавливается по результатам экономической оценки ущерба, причиненного земельным, водным и растительным ресурсам в совокупном объеме с учетом нарушений законодательства в области охраны окружающей среды.

Приложение 1                    
к Правилам установления экономической      
оценки ущерба от загрязнения окружающей среды  

Критерии определения уровня экологической опасности, вызванной
нарушением законодательства в области охраны окружающей среды

 
Критерии

Коэффициент экологической опасности

Размещение отходов на территории предприятий,
предназначенных для складирования,
усовершенствованные свалки, полигоны, склады,
навозохранилища и другие территории,
разрешенные для складирования и захоронения
(объекты, отвечающие экологическим требованиям);
организованные сбросы в водоемы и накопители;
организованные источники выбросов

1

Размещение отходов на необустроенных
территориях предприятий; сбросы сточных вод в
примитивные накопители, неорганизованные
источники технологически обоснованных выбросов

1,5

Технологически необоснованные выбросы и сбросы
на территории предприятий; размещение отходов
на территории сельскохозяйственных угодий и
непокрытых лесом земель государственного
лесного фонда

2,0

Выбросы, сбросы, размещение отходов на
территории покрытых лесом земель
государственного лесного фонда, селитебных и
особо охраняемых территориях, в водоохранных
зонах и акваториях водоемов (включая высохшие),
1 и 2 пояса зон санитарной охраны источников
питьевого водоснабжения, 1 и 2 зоны округов
санитарной охраны курортов

3,0

Приложение 2                   
к Правилам установления экономической      
оценки ущерба от загрязнения окружающей среды  

Критерии определения уровня экологического риска, вызванного
нарушением законодательства в области охраны окружающей среды

Критерии

Коэффициент экологического риска

Нарушение является первым нарушением данного
вида за последние три года со стороны
юридических и физических лиц, причинивших ущерб

1

За последние три года имело место от одного до
трех нарушений данного вида со стороны
юридических и физических лиц, причинивших ущерб

1,1

За последние три года имело место от четырех до
десяти случаев нарушений данного вида со
стороны юридических и физических лиц,
причинивших ущерб

1,5

За последние три года имело место более десяти
нарушений данного вида со стороны юридических и
физических лиц, причинивших ущерб

2

Приложение 3                    
к Правилам установления экономической      
оценки ущерба от загрязнения окружающей среды  

Расчеты установления экономической оценки ущерба от загрязнения
атмосферного воздуха от стационарных источников,
загрязнения водных ресурсов, размещения отходов производства
и потребления сверх установленных нормативов

      1. Экономическая оценка ущерба от загрязнения атмосферного воздуха от стационарных источников сверх установленных нормативов по i-ому ингредиенту определяется по формуле:

      U i  = (С факт - С норм i ) х 3600/1000000 х A i  х Т х С выб  х 10 х К 1  х К 2

где:

      U i  - экономическая оценка ущерба от загрязнения атмосферного воздуха от стационарных источников i-ым ингредиентом, тенге;
      С факт i  - фактический выброс i-ого загрязняющего вещества, выявленный в ходе государственного контроля, г/сек;
      С норм i  - норматив выброса i-ого загрязняющего вещества, г/сек;
      А i  - коэффициент относительной опасности, определяемый по формуле:
      A i  = 1/ПДК  cc.,  где ПДК  сс  - предельно-допустимая среднесуточная концентрация вещества в атмосферном воздухе;
      Т - время работы оборудования за период нанесения ущерба, принимаемое за время, прошедшее с последней проверки, но не более 90 дней (в часах);
      С выб  - ставка платы за выброс 1 условной тонны загрязняющих веществ в атмосферу от стационарных источников, утвержденная местными представительными органами на текущий год, тенге/усл. тонна;
      10 - повышающий коэффициент;
      K 1  - коэффициент экологической опасности, приложение 1;
      К 2  - коэффициент экологического риска, приложение 2.

      2. Экономическая оценка ущерба от загрязнения водных ресурсов сверх установленных нормативов по i-ому ингредиенту определяется по формуле:

      U i  = (С факт - С норм i ) х V факт  х A i  х С сбр  х 10 х K 1  х К 2

где:

      U i  - экономическая оценка ущерба от загрязнения водных ресурсов i-ым ингредиентом (тенге);
      С факт i  - фактическая концентрация i-ого загрязняющего вещества в сточных водах, мг/л.;
      С норм i  - норматив сброса i-ого загрязняющего вещества, мг/л.;
      V факт  - объем водоотведения за период, принимаемый за время, прошедшее с последней проверки, но не более 90 дней, млн. куб. м;
      А i  - коэффициент относительной опасности, определяемый по формуле:
      А i  = 1/ПДК  в,  где ПДК  в  - предельно-допустимая концентрация загрязняющего вещества в водном объекте данного вида;
      С сбр  - ставка за сброс 1 условной тонны загрязняющих веществ, утвержденная местными представительными органами на текущий год, тенге/усл. тонна;
      10 - повышающий коэффициент;
      К 1  - коэффициент экологической опасности, приложение 1;
      К 2  - коэффициент экологического риска, приложение 2.

      3. Экономическая оценка ущерба от размещения i-го вида отходов производства и потребления сверх установленных нормативов в зависимости от класса опасности определяется по формуле:

      U i  = (F факт i  - F норм i ) х С отх  х 10 х К 1  х К 2 ,

где:

      U i  - экономическая оценка ущерба от размещения i-ого вида отходов производства и потребления в зависимости от класса опасности, тенге;
      F факт i  - фактический объем размещения i-го вида отходов производства и потребления в зависимости от класса опасности в определенный период времени, тонны или тыс. м. куб.;
      F норм i  - нормативный объем размещения i-ого вида отходов производства и потребления в зависимости от класса опасности в определенный период времени, тонн или тыс. м. куб.;
      С отх  - ставка платы за размещение 1 тонны или 1 тыс. куб. м. i-го вида отходов производства и потребления в зависимости от класса опасности, утвержденная местными представительными органами на текущий год, тенге;
      10 - повышающий коэффициент;
      К 1  - коэффициент экологической опасности, приложение 1;
      К 2  - коэффициент экологического риска, приложение 2.

Приложение 4                    
к Правилам установления экономической      
оценки ущерба от загрязнения окружающей среды  

Расчет экономической оценки ущерба от загрязнения атмосферного воздуха
от передвижных источников сверх установленных нормативов

      Экономическая оценка ущерба от загрязнения атмосферного воздуха от передвижных источников сверх установленных нормативов по i-ому виду автомоторного топлива определяется по формуле:

      U i  = (C факт  - C норм )/С норм  х R факт i  х C выб i  х 10,

где:

      U i  - экономическая оценка ущерба от загрязнения атмосферного воздуха от передвижных источников при сжигании i-ого вида автомоторного топлива, тенге;
      С факт.  - фактическая концентрация загрязняющего вещества либо показатель дымности в выхлопных газах, выявленные в ходе государственного контроля, объемная доля или %;
      С норм  - норматив концентрации загрязняющего вещества либо показатель дымности в выхлопных газах, объемная доля или %;
      R факт i  - расход i-ого вида автомоторного топлива за период нанесения ущерба, принимаемый за время, прошедшее с последней проверки, но не более 90 дней, тонна;
      С выб i  - ставка платы за выбросы загрязняющих веществ в атмосферу при сжигании 1 тонны i-го вида автомоторного топлива передвижными источниками, утвержденная местными представительными органами на текущий год, тенге/тонна;
      10 - повышающий коэффициент.

Приложение 5                    
к Правилам установления экономической      
оценки ущерба от загрязнения окружающей среды  

Расчет установления экономической оценки ущерба от размещения в
окружающей среде сверх установленных нормативов радиоактивных отходов,
источников ионизирующего излучения, а также от размещенных в
окружающей среде строительных материалов, хвостов и шламов
горного производства, сточных и рудничных вод

      При размещении в окружающей среде радиоактивных отходов, а также источников ионизирующего излучения сверх установленных нормативов экономическая оценка ущерба устанавливается исходя из норматива платы за размещение радиоактивных отходов по активности наиболее распространенного радиоактивного вещества - урана природного, 1 тонна которого по токсичности приравнивается к 12 Гигабеккерель (ГБк) радиоактивности.
      При этом норматив платы за размещение 12 ГБк суммарных альфа-излучающих радионуклидов, за исключением трансурановых элементов, приравнивается к нормативу платы за размещение в окружающей среде 1 тонны промышленных отходов 2 класса опасности. Норматив платы за размещение 12 ГБк трансурановых элементов приравнивается к нормативу платы за размещение в окружающей среде 1 тонны промышленных отходов первого класса опасности. Таким образом,
      ставка платы за размещение 1 ГБк трансурановых элементов равна:
      C РАО t  = С Т1 /12;
      ставка платы за размещение 1 ГБк альфа радиоактивных отходов равна:
      C РАО a  = С Т2 /12;
      ставка платы за размещение 1ГБк бета радиоактивных отходов равна:
      C РАО B  = С Т2 /12 х 0,1;

       Примечание РЦПИ:  а  и  В  означают греч. альфа и бета соответственно.

где:

      С Т1,  С Т2  - ставка платы за 1 тонну промышленных отходов соответственно 1 или 2 класса опасности, утвержденная местными представительными органами на текущий год;
      0,1 - понижающий коэффициент для бета радиоактивных отходов, исходя из того, что минимально-значимая активность (МЗА) для бета-излучающих радионуклидов в 10 раз меньше по сравнению с МЗА альфа-излучающих радионуклидов.
      Экономическая оценка ущерба от размещения радиоактивных отходов или трансурановых элементов сверх установленных нормативов определяется по формуле:

      U = (F факт  - F норм ) х С РАО а, B, t,  х 10 х К 1  х К 2

где:

      U - экономическая оценка ущерба от размещения радиоактивных отходов сверх установленных нормативов (тенге);
      F факт  - фактическая радиоактивность размещенных радиоактивных отходов, ГБк;
      F норм  - нормативная радиоактивность размещения радиоактивных отходов, ГБк;
      С РАО  - ставка платы за размещение 1 ГБк соответственно радиоактивных отходов или трансурановых элементов, тенге/ГБк;
      10 - повышающий коэффициент;
      K 1  - коэффициент экологической опасности, приложение 1;
      К 2  - коэффициент экологического риска, приложение 2.
      Размещенные в окружающей среде строительные материалы, хвосты и шламы горного производства, сточные и рудничные воды с превышающим санитарные нормы содержанием искусственных и природных радионуклидов более 0,3 кБк/кг, но не превышающие 10 кБк/кг для альфа-излучающих радионуклидов и 100 кБк/кг для бета-излучающих радионуклидов, не являются радиоактивными отходами, относятся к материалам ограниченного использования и подлежат размещению в места захоронения промышленных отходов. Экономическая оценка ущерба от размещения таких материалов сверх установленных нормативов определяется согласно приложения 3 к настоящим Правилам по 4 классу опасности.