Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмге Хаттамаға өзгерiс енгiзу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Заңы
1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған
егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi
солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмге
Хаттаманы өзгерiс енгiзу туралы Хаттаманы ратификациялау
туралы
2006 жылғы 25 қаңтарда Санкт-Петербург қаласында жасалған 1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмге Хаттамаға өзгерiс енгiзу туралы Хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
1998 жылғы 6 шiлдедегi Ресей Федерациясы мен Қазақстан
Республикасы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған
егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi
солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы
келiсiмге Хаттамаға өзгерiс енгiзу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы,
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде орналасқан "Құрманғазы" ("Құлалы"), "Центральная" геологиялық құрылымдарының және "Хвалынское" кен орнының көмiрсутек ресурстарын бiрлесiп игерудегi өзара мүдделiлiктi ескере отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1. 1998 жылғы 6 шiлдедегi Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмге 2002 жылғы 13 мамырда қол қойылған Хаттаманың (бұдан әрi - Хаттама), 6-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Хаттаманың 3, 4 және 5-баптарына сәйкес тараптардың уәкiлеттi органдары құрған кәсiпорындарға олардың шегiнде "Құрманғазы" ("Құлалы") және "Центральная" құрылымдары, сондай-ақ "Хвалынское" кен орны орналасқан жер қойнауы учаскелерiн пайдалану құқығы өнiмдi бөлiсу шарттарында, сондай-ақ жер қойнауының осы учаскелерiнде өнiмдi бөлiсу шарттарынан ерекше, жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттарында, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеу, барлау және өндiру мүмкiндiгi жоқтығын растайтын қандай да бiр конкурстарды немесе аукциондарды өткiзбей-ақ осы учаскелердi пайдалану құқығы берiлуi мүмкiн жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiне осы учаскелердi енгiзу қажеттiгiнсiз өнiмдi бөлісу шарттарында берiледi. Көрсетiлген кәсiпорындармен осы жер қойнауы учаскелерiне қатысты өнiмдi бөлiсу туралы келiсiмдер өнiмдi бөлiсу туралы келiсiмдер жасасу құқығына аукциондар өткiзбей-ақ жасалады".
2. Осы Хаттама қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Хаттама 1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
2006 жылғы "25" қаңтарда Санкт-Петербург қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасы үшiн Ресей Федерациясы үшiн
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге
асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн
межелеу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмге
Хаттама
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) сәйкес,
Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң жер қойнауын игеруге екi Тарап қызметiнiң құқықтық негiзiн жасаудағы өзара мүдделiлiктi ескере отырып,
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде орналасқан "Құрманғазы" ("Құлалы"), "Центральная" геологиялық құрылымдарының және "Хвалынское" кен орнының көмiрсутегi ресурстарын бiрлесiп игеру үшiн қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтыла отырып,
Каспий теңiзiнiң экологиялық жүйесiн және оның биоресурстарын қорғау мен сақтау қажеттiгiн негiзге ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
1. Осы Хаттамада жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеудiң модификацияланған ортадағы сызығының өтуiне қатысты географиялық координаттар белгiленедi.
2. Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеудiң модификацияланған ортадағы сызығының бұрылыс нүктелерi географиялық координаттарының каталогы осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылады (1-қосымша).
3. Модификацияланған ортадағы сызық каталогқа сәйкес Тараптар келiскен Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу схемасына түсiрiлдi (2-қосымша).
4. Солтүстiк ендiктiң 46
о
13',3 және шығыс бойлықтың 49
о
26',4 координаттары бар нүктесi модификацияланған ортадағы сызықтың бастапқы нүктесi болып табылады.
5. Солтүстiк ендiктiң 42
о
33',6 және шығыс бойлықтың 49
о
53',3 координаттары бар нүктесi модификацияланған ортадағы сызықтың соңғы нүктесi болып табылады.
Көрсетiлген нүкте Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Әзiрбайжан Республикасы арасында жер қойнауын пайдалану мақсатында Каспий теңiзiнiң түбiн межелеу сызығының түйiсу нүктесi ретiнде қабылдануы мүмкiн, мұның өзi олардың арасындағы үш жақты келiсiмде белгiленетiн болады.
6. Модификацияланған ортадағы сызық кесiп өтетiн изогипстердi тұйықтайтын жаңа геологиялық құрылымдары (бұдан әрi - құрылым) табылған жағдайда, олардағы шаруашылық қызметтi Тараптардың шаруашылық субъектілерi Келiсiмнiң 2-бабына сәйкес жекелеген шаруашылық келiсiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асыратын болады.
2-бап
Қазақстан Республикасы "Құрманғазы" ("Құлалы") құрылымында Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқығын жүзеге асырады. Ресей Федерациясы "Центральная" құрылымында және "Хвалынское" кен орнында жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқығын жүзеге асырады.
3-бап
1. "Құрманғазы" ("Құлалы") құрылымында жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. "Құрманғазы" ("Құлалы") құрылымының ресурстарын бiрлесiп игеру үшiн Тараптардың әрқайсысы уәкiлеттi ұйымды белгiлейдi.
3. Ресейлiк уәкiлеттi ұйым "Құрманғазы" ("Құлалы") құрылымындағы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi жобаға (бұдан әрi осы бапта - жоба) конкурстан тыс қатысуға құқылы.
4. Тараптардың уәкiлеттi ұйымдары жер қойнауын пайдаланудың шарттарын қоса алғанда, консорциум, шетел инвестициясы бар коммерциялық ұйым (бұдан әрi - кәсiпорын) немесе бiрлескен қызметтiң кез келген өзге нысанында - бiрлескен қызметтiң нысаны туралы келiсiмге қол қояды.
5. Қазақстандық Тараптың жобаға қатысу үлесi - 50 пайыз, Ресей Тарапының жобаға қатысу үлесi - 50 пайыз, бұл орайда мынадай шарттар ескерiледi:
а) кәсiпорындағы қазақстандық уәкiлеттi ұйымның қатысу үлесi - 50 пайыз;
б) кәсiпорындағы ресейлiк уәкiлеттi ұйымның қатысу үлесi - 25 пайыз; Ресейлiк Тарапқа бекiтiлген кәсiпорынға қатысу опционы (бұдан әрi - опцион) - 25 пайыз;
в) қазақстандық және ресейлiк уәкiлеттi ұйымдардың олардың қатысу үлесiне сәйкес келетiн құқықтары мен мiндеттемелерi болады, бұған қазақстандық және ресейлiк уәкiлеттi ұйымдардың құқықтары мен мiндеттемелерi бiрдей болатын, Ресейлiк Тарапқа бекiтiлген кәсiпорында опционды коммерциялық iске асыруға дейiнгiлер қосылмайды.
6. Қазақстан Республикасының Yкiметi кәсiпорынның жер қойнауын пайдалануға арналған құқығын ресiмдейдi. "Құрманғазы" ("Құлалы") құрылымы үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт ретiнде Өнiмдi бөлiсу туралы келiсiм қабылданады.
7. Кен орнын коммерциялық тұрғыда ашқаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей кәсiпорын Ресейлiк Тарапқа бекiтiлген опционды сату туралы Ресейлiк Тарапқа ұсыныс жасайды. Ресейлiк Тарап Ресей Федерациясының Үкiметi белгiлеген тәртiпке сәйкес анықталған ресейлiк ұйымға опционды пайдалануға құқық бередi.
Ресейлiк Тарап кәсiпорын осындай ұсыныс жасағаннан кейiн алты айдың iшiнде жасалған ұсынысты қабылдауға немесе одан бас тартуға құқылы. Ресейлiк Тарап кәсiпорындағы опционды пайдаланудан бас тартқан жағдайда, кәсiпорын опционға еркiн түрде билiк жүргiзуге құқылы.
Опционды сатудан түскен ақшалай қаражатты кәсiпорын жобаны дамытуға бағыттайды.
Опционды сатқан кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi жаңа қатысушының құқығын қамтамасыз ететiн қажеттi құжаттарды белгiленген тәртiппен ресiмдеудi жүргiзедi.
4-бап
1. "Центральная" құрылымындағы жер қойнауын пайдалану Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. "Центральная" құрылымының ресурстарын бiрлесiп игеру үшiн Тараптардың әрқайсысы уәкiлеттi ұйымды белгiлейдi.
3. Қазақстандық уәкiлеттi ұйым "Центральная" құрылымындағы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi жобаға (бұдан әрi осы бапта - жоба) конкурстан тыс қатысуға құқылы.
4. Тараптардың уәкiлеттi ұйымдары жер қойнауын пайдаланудың шарттарын қоса алғанда, консорциум, шетел инвестициясы бар коммерциялық ұйым (бұдан әрi - кәсiпорын) немесе бiрлескен қызметтiң кез келген өзге нысанында - бiрлескен қызметтiң нысаны туралы келiсiмге қол қояды.
5. Қазақстандық Тараптың жобаға қатысу үлесi - 50 пайыз, Ресейлiк Тараптың жобаға қатысу үлесi - 50 пайыз, бұл орайда мынадай шарттар ескерiледi:
а) кәсiпорындағы ресейлiк уәкiлеттi ұйымның қатысу үлесi - 50 пайыз;
б) кәсiпорындағы қазақстандық уәкiлеттi ұйымның қатысу үлесi - 25 пайыз; Қазақстандық Тарапқа бекiтiлген қатысу опционы - 25 пайыз;
в) қазақстандық және ресейлiк уәкiлеттi ұйымдардың олардың қатысу үлесiне сәйкес келетiн құқықтары мен мiндеттемелерi болады, бұған қазақстандық және ресейлiк уәкiлеттi ұйымдардың құқықтары мен мiндеттемелерi бiрдей болатын, Қазақстандық Тарапқа бекiтiлген опционды коммерциялық iске асыруға дейiнгiлер қосылмайды.
6. Ресей Федерациясының Үкiметi кәсiпорынның жер қойнауын пайдалануға арналған құқығын ресiмдейдi.
7. Кен орнын коммерциялық тұрғыда ашқаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей кәсiпорын Қазақстандық Тарапқа бекiтiлген опционды сату туралы Қазақстандық Тарапқа коммерциялық ұсыныс жасайды. Қазақстандық Тарап Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпке сәйкес анықталған қазақстандық ұйымға опционды пайдалануға құқық бередi.
Қазақстандық Тарап кәсiпорын осындай ұсыныс жасағаннан кейiн алты айдың iшiнде жасалған ұсынысты қабылдауға немесе одан бас тартуға құқылы. Қазақстандық Тарап опционды пайдалану құқығынан бас тартқан жағдайда, кәсiпорын опционға еркiн түрде билiк жүргiзуге құқылы.
Опционды сатудан түскен ақшалай қаражатты кәсiпорын жобаны дамытуға бағыттайды.
Опционды сатқан кезде Ресей Федерациясының Үкiметi жаңа қатысушының құқығын қамтамасыз ететiн қажеттi құжаттарды белгiленген тәртiппен ресiмдеудi жүргiзедi.
5-бап
1. "Хвалынское" кен орнының жер қойнауын пайдалану Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. "Хвалынское" кен орнының мұнай-газ ресурстарын бiрлесiп игеру үшiн Тараптардың әрқайсысы уәкiлеттi ұйымды белгiлейдi.
3. Қазақстандық уәкiлеттi ұйым "Хвалынское" кен орнының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi жобаға конкурстан тыс қатысуға құқылы.
4. Тараптардың уәкiлеттi ұйымдар бiрлескен қызмет нысаны (консорциум, шетел инвестициясы бар коммерциялық ұйым немесе бiрлескен қызметтiң кез келген өзге де нысаны) туралы келiсiмге қол қояды, оған олардың арасындағы уағдаластық негiзiндегi жер қойнауын пайдалану шарттары қосылады, бұл ретте қазақстандық уәкiлеттi ұйымның қатысу үлесi 50-ге дейiнгi пайызды құрауы мүмкiн.
5. Ресей Федерациясының Yкiметi Тараптардың уәкiлеттi ұйымдары құрған жаңа жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған құқығын ресiмдейдi.
6-бап
"Құрманғазы" ("Құлалы"), "Центральная" құрылымдарын және "Хвалынское" кен орнын бiрлесiп игерген жағдайда:
1. Осы Хаттамаға қол қойылғанға дейiнгi кезеңде белгiленген тәртiппен Тараптар берген немесе жасасқан лицензиялар мен келiсiм-шарттар бойынша лицензиялық учаскелердiң шекаралары осы Хаттамамен белгiленген Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеудiң модификацияланған ортадағы сызығына сәйкес келтiрiледi.
2. Осы Хаттамаға қол қойылған күннен бастап бiр ай iшiнде Тараптар қазақстандық және ресейлiк уәкiлеттi ұйымдарды белгiлейдi, олар өздерiне тиiстi өкiлеттiк берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде жер қойнауын пайдалану шарттарын қоса алғанда, бiрлескен қызметтiң нысандары туралы тиiстi шарттарды әзiрлеу туралы келiссөздерге кiрiседi.
3. Жер қойнауын пайдалануға егемендiк құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiң заңнамасы негiзiнде, Тараптар тиiстi кәсiпорынмен өнiмдi бөлiсу туралы келiсiм жасаса алады.
4. Уәкiлеттi ұйымдардың кәсiпорындағы өзiнiң қатысу үлесiн (немесе оның бiр бөлiгiн) өз Тарапының Yкіметi келiскен жағдайда басқа да заңды тұлғаларға беру құқығы танылады.
Мұндай беру жағдайында әрбiр уәкiлеттi ұйымның басқа заңды тұлғалар ұсынатынынан нашар емес шарттармен өзiнiң үлесiн беретiн ұйымның үлесiн сатып алуға басымдықты құқығы болады. Мұндай ереже уәкiлеттi ұйымның өз Тарабы Үкiметiнiң келiсiмiмен және уәкiлеттi ұйымның қаржылық кепiлдiктерiмен жүзеге асырылатын оның үлестес ұйымдарына беруге қатысты қолданылмайды.
5. Тиiстi уәкiлеттi ұйымдардың бiрлескен қызметi туралы келiсiмде көзделген қаржылық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етпейтiн уәкiлеттi ұйымдар аталған шарттың шарттарына сәйкес мiндеттемелерiн орындайтын уәкiлеттi ұйымдардың пайдасына өзiне тиiстi қатысу үлесiнен айрылады.
6. Осы Хаттамаға қол қойылған күннен бастап он екi ай iшiнде уәкiлеттi ұйымдар өзара қолайлы шешiм таппаса, Тараптардың Үкiметтерi аталған жобаларға қатысуы үшiн басқа уәкiлеттi ұйымдарды белгiлейдi.
7-бап
Осы Хаттама Келiсiмнiң 10-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Хаттаманың 6-бабының 2 және 6-тармақтары оған қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады.
Мәскеу қаласында 2002 жылғы "13" мамырда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
1-қосымша
Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Жер қойнауын
пайдалануға арналған егемендiк
құқықтарын жүзеге асыру мақсатында
Каспий теңiзiнiң солтүстiк
бөлiгiнiң түбiн межелеу туралы
1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмге
Хаттамаға
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеудiң
модификацияланған ортадағы сызығының бұрылыс нүктелерiнiң
географиялық координаттары
КАТАЛОГЫ
Модификацияланған ортадағы сызықтың бұрылыс нүктелерінің нөмірлері |
Солтүстік ендігі |
Шығыс бойлығы |
1 |
46 0 13',3 |
49 0 26',4 |
2 |
46 0 11',6 |
49 0 30',4 |
3 |
46 0 10',8 |
49 0 32',7 |
4 |
46 о 10',6 |
49 о 36',0 |
5 |
46 0 10',7 |
49 0 37',3 |
6 |
46 0 11,2 |
49 0 42',1 |
7 |
46 0 10',6 |
49 0 42',6 |
8 |
46 0 09',7 |
49 0 43',6 |
9 |
46 0 09',4 |
49 0 43',9 |
10 |
46 0 07',1 |
49 0 46',7 |
11 |
46 0 05',1 |
49 0 49',7 |
12 |
46 0 04',2 |
49 0 51,0 |
13 |
46 о 00',1 |
49 о 57',1 |
14 |
45 0 59',1 |
50 0 01',0 |
15 |
45 0 21',5 |
49 0 25',5 |
16 |
45 о 21',3 |
49 о 25',0 |
17 |
45 0 17',3 |
49 0 21',2 |
18 |
45 0 13',5 |
49 0 17',8 |
19 |
45 о 12',3 |
49 о 16',7 |
20 |
45 0 05',9 |
49 0 10',5 |
21 |
45 0 02',4 |
49 0 10',4 |
22 |
44 0 55',1 |
49 0 09',9 |
23 |
44 0 50',0 |
49 0 09',8 |
24 |
44 0 40',6 |
49 0 09',3 |
25 |
44 0 25',4 |
49 0 08',0 |
26 |
44 0 20',0 |
49 0 05',3 |
27 |
44 0 20',0 |
49 0 36',0 |
28 |
44 0 04',0 |
49 0 36',0 |
29 |
44 0 04',0 |
49 0 00',0 |
30 |
43 0 19',2 |
49 0 00',0 |
31 |
43 0 17',0 |
49 0 20',1 |
32 |
43 0 16',5 |
49 0 20',6 |
33 |
43 0 15',8 |
49 0 21',4 |
34 |
43 0 11',6 |
49 0 27',0 |
35 |
43 0 10',3 |
49 0 27',9 |
36 |
43 0 08',2 |
49 0 29',5 |
37 |
43 0 07',8 |
49 0 29',9 |
38 |
42 0 45',0 |
50 0 00',0 |
39 |
42 0 33',6 |
49 0 53',3 |
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егемендi
құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзiнiң
солтүстiк бөлiгi түбiнiң жiгiн ажырату туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi кен көздерiн игеру жөнiндегi екi Тарап қызметiнiң құқықтық негiзiн жасаудағы өзара мүдделiлiктi ескере отырып,
Каспий теңiзiндегi өз егемендi құқықтарын iске асыру үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Солтүстiк ынтымақтастық рухында реттеуге ұмтыла отырып,
аймақта болған геосаяси өзгерiстердi, Тараптардың арасындағы нығайып келе жатқан ынтымақтастық, тату көршiлiк және өзара түсiнiстiк ахуалын ескере отырып,
Каспий теңiзiнiң қазiргi құқықтық режимi осы заманғы талаптарға жауап бермейтiнiн және Каспий жағалауы мемлекеттерiнiң өзара қарым-қатынастарын толық көлемде реттемейтiнiн еске ала отырып,
Каспий жағалауындағы мемлекеттердi олардың ортақ келiсiмi негiзiнде Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенцияны тез арада жасауға шақыра отырып,
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгi түбiнiң минералдық ресурстары мен кен көздерiн игеру және пайдалану барысында халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын, Тараптардың мүдделерiн басшылыққа ала отырып,
Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн айқындау барысында Тараптардың оның акваториясында шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылау аймақтарын орнату, келiсiлген шектерде балық аулау аймақтарын, сондай-ақ ортақ пайдалану аймағының мүмкiндiгiн қарастыратынын түсiнушiлiктi негiзге ала отырып,
қазiргi және келешек ұрпақтың алдында Каспий теңiзiн және оның бiрегей экологиялық жүйесiнiң тұтастығын сақтау үшiн өз жауапкершiлiгiн жете түсiне отырып,
Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарын сақтау және қайта қалпына келтiрудегi қазiргi қорық аймақтарының маңызын ескере отырып,
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгi түбiнiң минералдық ресурстары мен кен көздерiн барлау және игеру барысында бiрлескен ғылыми зерттеулердi жүргiзудiң маңызын және ерекше экологиялық талаптарды сақтаудың қажеттілiгiн мойындай отырып,
әсер етудi бағалау процедурасын, экологиялық сараптаманы және бақылау жасауды қоса алғанда, экологиялық қауiпсiздiк жүйесiн жасауға деген бiркелкi көзқарастарды әзiрлеудiң қажеттiлiгiне көз жеткiзе отырып,
осы Келiсiммен Каспий теңiзi түбiнiң жiгiн ажыратудың биологиялық ресурстарға күшi жүрмейтiнiн негiзге ала отырып,
Каспий теңiзi құқықтық мәртебесiнiң мәселелерi жөнiндегi қол жеткiзiлген екi жақты уағдаластықтарды еске ала отырып,
төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
1-БАП
Кеме қатынасының еркiндiгiн, балық аулаудың келiсiлген нормаларын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудi қоса алғанда, ортақ пайдалану барысында судың үстiңгi қабатының сақталуымен Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбi мен оның кен көздерiнiң ара жiгi Тараптар арасында әдiлеттiк принципi мен Тараптар уағдаластықтарының негiзiнде модификацияланған ортадағы сызық бойынша ажыратылады.
Модификацияланған ортадағы сызық келiсiлген негiзгi сызықтардан бiрдей қашықтыққа негiзделедi, оған негiзгi сызықтардан бiрдей қашықтықта тұрған болып табылмайтын учаскелер кiредi және аралдарды, геологиялық құрылымдарды ескерумен, сондай-ақ басқа да ерекше жағдайлар мен келтiрiлген геологиялық шығындарды ескерумен анықталады.
Модификацияланған ортадағы сызықтың өтуi қазiргi аралдарды ескерумен Каспий теңiзiнiң 1998 жылғы 1-қаңтарға қарай Балтық жүйесi биiктiктерiнiң минус 27 метрлiк белгiсiне теңдей (Кронштадтық футштокқа қатысты) деңгейiн негiзге ала отырып, Тараптардың жағалауларындағы нүктелерден бастап есептеудiң көмегiмен анықталады.
Жоғарыда аталған сызықтың өтуiн және оның координаттарын географиялық суреттеу Тараптармен келiсiлген картографиялық материалдардың және базистiк сызықтардың негiзiнде жүзеге асырылады және осы Келiсiмге қосымша әрi оның ажыратылмас бөлiгi болып табылатын Хаттамада бекiтiледi.
2-БАП
Тараптар өз бөлiктерi шектерiнде бөлу сызығына дейiн Солтүстiк Каспий түбiнiң ресурстары мен кен көздерiн барлау, игеру және басқару мақсаттарында егемендi құқықтарын жүзеге асырады.
Тараптардың перспективтi құрылымдар мен кен орындарын, олар арқылы модификацияланған ортадағы сызық өткен жағдайда, бiрлесе барлау мен игеруге ерекше құқығы бар. Тараптардың әрқайсысының қатысу үлесiн айқындау Тараптар арасындағы тату көршiлiк қарым-қатынастарын ескере отырып, қалыптасқан дүниежүзілік практика негiзiнде жүргiзiледi.
3-БАП
Модификацияланған ортадағы сызықтың өту аймағында оны Тараптардың келiсуiне дейiн Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде көмiрсутегi кен орындарын ашқан немесе көмiрсутегi қорын жинау үшін болашағы бар геологиялық құрылымдарды тапқан Тараптың немесе оның заңды және жеке тұлғаларының (бұдан былай - өкiлдер) екiншi Тараптың өкiлдерiн мiндеттi түрде тарта отырып, оларды барлау және игеру лицензиясын алуға басым құқығы бар.
4-БАП
Тараптар экспортты құбыр желiлерiн дамыту, өзен және өзге де көлiк жолдарын пайдалану, кеме жасау қуаттары мен басқа да салалардағы мәселелерде өзара тиiмдi iс-әрекеттер жасасу туралы уағдаласты.
5-БАП
Кеме қатынасы мен ұшулардың еркiндiгiне, су асты кабельдерiн, құбыр желiлерiн төсеу мен пайдалануға және Каспий теңiзiн пайдаланудың өзге де түрлерiне байланысты мәселелер Каспий жағалауы мемлекеттердiң жекелеген екi жақты және көп жақты келiсiмдерi мен Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенция негiзiнде реттелетiн болады.
6-БАП
Тараптар Каспий теңiзiнiң экологиялық жүйесiн және оның барлық құрамдас бөлiктерiн қорғайды және сақтайды. Осы мақсаттарда Тараптар өздiгiнше немесе бiрлесе отырып, мүмкiн болатын iс-шаралардың бәрiн қабылдайды және Каспий теңiзiнiң биологиялық әр алуандығын сақтау, кез келген көзден түсуi мүмкiн ластануға жол бермеу, оны қысқарту және Каспийдiң табиғи ортасының жай-күйiн бақылауды қамтамасыз ету үшiн бiрлесе жұмыс iстейдi.
Тараптар Каспий теңiзiнiң табиғи ортасына едәуiр зиян келтiруi мүмкiн iс-әрекетке тыйым салады.
Тараптар Каспий жағалауы мемлекеттердiң бәрiнiң Каспийдiң биологиялық ресурстарын сақтау, ұдайы өндiру және ұтымды пайдалану туралы келiсiмге тезiрек қол қоюына ұмтылатын болады.
7-БАП
Осы Келiсiм Тараптардың әрқайсысы жеке жасаған екi жақты, сондай-ақ көп жақты халықаралық шарттары мен уағдаластықтарынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
8-БАП
Тараптар арасында осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар туындаған жағдайда, Тараптар келiссөздер, тергеу, араға жүру, ымыраласу, төрелiк сот, сотта iс қарау немесе өздерiнiң қалауы бойынша басқа да бейбiт жолдармен дауды шешу мақсатында бiр-бiрiмен кеңеседi.
9-БАП
Осы Келiсiм Каспийдiң құқықтық мәртебесi бойынша Каспий жағалауы мемлекеттерiнiң ортақ келiсiмге қол жеткiзуiне кедергi болмайды және оған Тараптар өздерiнiң ортақ уағдаластықтарының бiр бөлiгi ретiнде қарайды.
10-БАП
Осы Келiсiм осы Келiсiмнiң 1-бабында көзделген Хаттаманы ескере отырып, қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабардағы күннен бастап күшiне енедi.
Мәскеу қаласында 1998 жылғы 6 шiлдеде екi дана болып, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШIН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШIН