Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 13 маусымдағы
N 543 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 127-жол алынып тасталсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.02 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.