Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" деген функционалдық топта:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі" деген әкiмшi бойынша:
026 "Кедендiк бақылау және кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн салу 2222920" деген бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"026 Кедендiк бақылау және кедендiк
инфрақұрылым объектiлерiн салу 2222920
оның iшiнде инвестициялық
жобаларға:
Шекара маңындағы кеден бекеттерiн,
бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн,
кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн
дамыту және салу 1068858
Темiр жол өткiзу пункттерiнде
бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн салу 771265
Алматы облысында "Достық" халықаралық
темiр жол кедендiк терминалын салуды
аяқтау 308514
Алматы облысы "Достық" кеденiнiң
қызметкерлерiне арналған тұрғын
үйдi салуды аяқтау 45228
Алматы облысы "Достық" кеденiнiң
тұрғын үйлерiне қазандық салуды
аяқтау 29055";
2) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға
191-қосымшада
:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында:
10-тармақтағы "Алматы облысы оқу-әдiстемелiк орталығының жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу, мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптама жүргiзу және құрылысын салу" деген сөздер "Алматы облысында "Достық" халықаралық темiр жол кедендiк терминалын салуды аяқтау (жұмыс жобасына мемлекеттiк сараптаманың 08.02.2005 жылғы N 7-48/05 қорытындысы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын:
"15. Алматы облысы "Достық" кеденiнiң қызметкерлерiне арналған тұрғын үйдi салуды аяқтау (жұмыс жобасына мемлекеттiк сараптаманың 04.11.2004 жылғы N 20-354/2004 қорытындысы);
"16. Алматы облысы "Достық" кеденiнiң тұрғын үйлерiне қазандық салуды аяқтау (жұмыс жобасына мемлекеттiк сараптаманың 14.11.2005 жылғы N 20-364/2005 қорытындысы)";
"Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер" деген 7-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Тiкелей нәтиже: Ақтөбе, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарында 13 объектiнi аяқтау; Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстарында 4 объектi бойынша мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама; Атырау облысы "Котяевка" бiрыңғай бақылау-өткiзу пунктiн салу жөнiнде орындалған жұмыстардың көлемi.".