1. Қоса берiлiп отырған 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң аумағынан шығарылатын тауарлардың керi экспортының тәртiбi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң аумағынан шығарылатын тауарлардың керi экспортының тәртiбi туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк
құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң аумағынан
шығарылатын тауарлардың керi экспортының тәртiбi туралы
келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi,
сыртқы экономикалық қызмет саласындағы олардың өзара мүдделерiн қамтамасыз етуде және қорғауда бiр-бiрiне жәрдемдесуге ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
Осы Келiсiмнiң мәнi Тараптар бұл тауарлар шығарылатын мемлекеттердiң кедендік аумағынан әкетуге қатысты оларды өз мемлекетiнiң кедендiк аумағынан әкету кезiнде тарифтiк және/немесе тарифтiк емес реттеу шараларын қолданатын тауарлардың керi экспорты болып табылады.
Осы баптың бiрiншi абзацында көрсетiлген тауарлардың керi экспорты тауарлар шығарылатын елдiң уәкiлеттi органы берген тиiстi түрде ресiмделген жазбаша рұқсат болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
Осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң уәкiлеттi органдары керi экспорты уәкiлеттi органның кейiннен оларды Тараптарға хабарлау yшiн кейіннен оларды жыл сайын нақтылай отырып, үлгi нысанға сәйкес ресiмделген, тиiстi түрде ресiмделген жазбаша рұқсаты болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың тiзiмдерiн (бұдан әрi - Тауарлардың тiзiмдерi) БЭК Комиссиясына жiбередi.
Тауарлар тiзiмдерiнiң үлгi нысаны қоса берiледi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекет болып табылмайтын елге кейiннен әкету мақсатында екiншi Тараптың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң кедендiк аумағынан шығарылатын тауарларды соңғы мемлекеттiң кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетуi керi экспорт деп түсiнiледi.
Тауарлар тiзiмдерiнде Тараптар мәлiмдеген тауарлардың санкцияланған керi экспорты деп осындай тауарды шығаратын елдiң уәкiлеттi органы берген тиiстi түрде ресiмделген жазбаша рұқсат болған кезде жүзеге асырылған осы Келiсiмнiң 1-бабының үшiншi абзацында көрсетiлген тауарлардың керi экспорты түсiнiледi.
Тауарлар тiзiмдерiнде Тараптар мәлiмдеген тауарлардың санкцияланбаған керi экспорты деп осындай тауарды шығаратын елдiң уәкiлеттi органы берген, тиiстi түрде ресiмделген жазбаша рұқсатсыз жүзеге асырылған, осы Келiсiмнiң 1-бабының үшiншi абзацында көрсетiлген тауарлардың керi экспорты түсiнiледi.
Мүдделi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер тауарлардың керi экспортына рұқсат алу үшiн керi экспортқа өтiнiш бере отырып, тауарларды шығаратын елдiң уәкiлеттi органына жүгiнедi. Тауарды шығаратын елдiң уәкiлеттi органы өз мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген тәртiппен керi экспортқа рұқсат бередi.
Тауарды шығаратын елдiң уәкiлеттi органдары керi экспортқа рұқсат беру тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құжаттармен алмасады.
Шаруашылық жүргiзушi субъект - керi экспорттаушының тауарды шығаратын елге экспорттық кедендiк баждың сомасын өтеуi керi экспорттың шарты болып табылады. Тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылған жағдайда шаруашылық жүргiзушi субъект тауарлардың керi экспорты жөнiндегi мәмiле валютасында осы айырманы тауарларды шығаратын елдiң уәкiлеттi органы көрсеткен шотқа аудару жолымен тауарлардың керi экспорты жөнiндегi мәмiле бағасы мен тауарларды шығаратын елден әкету жөнiндегi мәмiле бағасының арасындағы айырманың бiр бөлiгiн, бiрақ жартысынан аспайтын бөлiгiн өтейдi.
Тауарларды шығаратын елдiң уәкiлеттi органы керi экспорттаушы мемлекеттiң уәкiлеттi органына керi экспортқа берiлген рұқсаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
Керi экспорттаушы мемлекеттiң уәкiлеттi органы тауарларды әкеткен күннен бастап 30 жұмыс күнi iшiнде тауарларды шығаратын елдiң уәкiлеттi органына тауарлардың керi экспортына арналған рұқсат шарттарының орындалуы туралы хабарлайды.
Керi экспорттаушы мемлекеттiң уәкiлеттi органы тауарларды шығаратын елдiң уәкiлеттi органына санкцияланбаған керi экспорт фактiлерiн анықтауға жәрдем көрсетедi.
Тараптар бiр-бiрiне және БЭК Комиссиясына тауарлардың керi экспортына рұқсатқа қол қою құқығы бар тұлғалардың мөрлерi мен қолдарының үлгiлерiмен бiрге өз елiнiң уәкiлеттi органының толық атауы және мекен-жайы туралы хабарлайды.
БЭК Комиссиясы Тараптарға уәкiлеттi органдардың керi экспортқа рұқсаттар беру жөнiндегi деректемелерi туралы хабарлайды.
Керi экспортқа рұқсат етiлген тауарларды әкетудiң шектi мерзiмi тауарларды шығаратын елдiң уәкiлеттi органы керi экспортқа рұқсат берген күннен бастап бiр жылдан аспауы тиiс.
Керi экспорттаушы мемлекеттердiң орталық кеден органдары тауарларды шығаратын елдердiң орталық кеден органдарына керi экспорты Тараптар мемлекеттерiнiң орталық кеден органдарының өзара келiсiмi бойынша айқындалған тәртiпке сәйкес тиiстi түрде ресiмделген жазбаша рұқсат болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың нақты әкетiлуi туралы хабарлайды.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптардың арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында консультациялар және келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда Тараптардың кез келгенi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк шеңберiндегi Дауларды шешу жөнiндегi органға дауды шешуге бере алады.
Кез келген мемлекет осы Келiсiмнiң қатысушысы бола алады.
Осы Келiсiмге қосылудың шарттары осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер мен қосылатын мемлекет арасында жасалатын халықаралық шартта белгiленедi.
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Келiсiмнiң күшiне ену және одан шығу тәртiбi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi халықаралық шарттардың күшiне ену және олардан шығу тәртiбi туралы хаттамада белгiленедi.
200__ жылғы "__"______________ ________________қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Депозитарийде сақталады. Депозитарийдiң функциялары Бiртұтас экономикалық кеңiстiк комиссиясына берiлгенге дейiн осы Келiсiмнiң Депозитарийi Қазақстан Республикасы болып табылады.
Депозитарий осы Келiсiмге қол қойған әрбiр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Республикасының Ресей Федерациясының
Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Украинаның Министрлер
Үкiметi үшiн Кабинетi үшiн
2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас
экономикалық кеңiстiк құру туралы
келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң
аумағынан шығарылатын тауарлардың
керi экспортының тәртiбi туралы
келiсiмге қосымша
Керi экспорты уәкiлеттi органның тиiстi түрде
ресiмделген жазбаша рұқсаты болған кезде жүзеге
асырылуы мүмкiн тауарлардың тiзiмдерi
______________________________________
(тауарды шығаратын ел)
P/c N |
БЭК СЭҚ THТ коды |
Тауардың атауы |
1. |
|
|
2. |
|
|
3. |
|
|
4. |
|
|
... |
|
|
Тауарды шығаратын елдiң
уәкiлеттi органы ___________________________