Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1180 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 44, 559-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
"Кәсiби бiлiм бepу" деген 4-бөлiмнiң реттiк нөмiрi 32-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқыту үшiн Қазақстанның 3 мың азаматын озық шетелдiк жоғары оқу орындарына жiберу";
"Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы" деген 7-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 64-жол алынып тасталсын;
"Жиыны:" деген жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"148 735,2
2005 ж. - 41 392,7
2006 ж. - 53 497,3
2007 ж. - 53 845,2
89 530,4
2005 ж. - 23 370,3
2006 ж. - 34 020
2007 ж. - 32 140,1
59 204,8
2005 ж. - 18 022,4
2006 ж. - 19 477,3
2007 ж. - 21 705,1".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі