Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру
саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмдi
ратификациялау туралы
2006 жылғы 25 қаңтарда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiм ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы
ынтымақтастығы туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттер,
Аймақтық валюталық интеграцияны одан әрi дамыту негiзi ретiнде өзара сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет көрсету үшiн Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) ұлттық валюталарын пайдалану аясын кеңейту және ауқымын ұлғайту мақсатында,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартты басшылыққа ала отырып,
сыртқы сауда және қаржылық қызмет көрсету саласында төлемдердi жүзеге асыру кезiнде ұлттық валюталардың пайдалану үлесiн ұлғайту, Еуразия экономикалық ынтымақтастығына мүше мемлекеттердiң валюталарын өзара конвертациялаудың тиiмдi механизмiн жасау үшiн валютаны интеграциялаудың неғұрлым жетiлдiрiлген нысаны ретiнде ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң валюталық одағын құру бағытындағы бiрлескен iс-қимылдардың маңыздылығын тани отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң әрқайсысының экономикалық ерекшелiктерiн ескерумен тепе-теңдiк және өзара тиiмдiлiк қағидаттарын негiзге ала отырып, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң өзapa сауда және инвестициялық ынтымақтастығын нығайтудағы, олардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуды ынталандырудағы мүдделiлiк бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн пайдаланылатын ұғымдар:
"банк" - осы Келiсiм Тарапының құзыреттi органының арнайы рұқсаты негiзiнде (лицензиясы немесе өзге негiз) оның ұлттық заңнамасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға;
"интеграцияланған валюта нарығы" - Тараптардың жұмыс iстеудiң және мемлекеттiк реттеудiң жалпы қағидаттарымен бiрiктiрiлген iшкi валюта нарықтарының жиынтығы;
"құзыреттi орган" - Тараптардың ұлттық заңнамаға сәйкес валюталық реттеудi және банктiк қадағалауды жүзеге асыратын орталық (ұлттық) банктерi және басқа да мемлекеттiк органдары;
"банкаралық конверсиялық операциялар" - биржалық және (немесе) биржадан тыс нарықтарында банктер арасында жүзеге асырылатын шетел валютасын сатып алу-сату мәмiлелерi.
Әрбiр Тарап өзi құрылған мемлекеттiк заңнамасына сәйкес Тараптардың валюта операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар резидент банктерiн қолайлылығы осы Тараптың коммерциялық резидент банктерiне берiлген құқықтық режимнен кем емес құқықтық режим жағдайында банкаралық конверсиялық операцияларды жүргiзу үшiн өзiнiң ұлттық валюта нарығына рұқсатпен қамтамасыз етедi.
Тараптардың құзыреттi органдарының осы Келiсiмдi жүзеге асыру бойынша iс-қимылдарын үйлестiру 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң орталық (ұлттық) банктерi Басшыларының кеңесiне жүктеледi.
Банкаралық конверсиялық операциялар жасаған кезде тең бәсекелестiк шарттарды қамтамасыз ету мақсатында, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң ұлттық заңнамасының ережелерiне және қалыптасқан халықаралық практикаға негiзделген, интеграцияланған валюта нарығының қатысушыларына қойылатын талаптарды келiсу Кеңес шеңберiнде жүзеге асырылады.
Осы Келiсiм Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
Осы Келiсiмдi түсiнуге және орындауға байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптардың консультациялары және келiссөздерi арқылы шешiледi. Келiсiмге келмеген жағдайда, дау Қоғамдастық Сотының қарауына берiледi.
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн ЕурАзЭҚ-қа мүше болып қабылданған кез келген мемлекеттiң оған қосылуына жол ашық. Осы Келiсiмге қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға өткiзiледi.
Осы Келiсiм қосылған мемлекеттерге қатысты депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап күшiне енедi.
Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болады, олар тиiстi хаттамалармен ресiмделедi.
Әрбiр Тарап осы Келiсiмнен шығуды болжап отырған күннен 6 айдан кешiктiрмей депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Келiсiмнен шыға алды.
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетаралық рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарийге сақтауға өткiзген күнiнен бастап күшiне енедi.
2006 жылғы 25 қаңтарда Санкт-Петербургте орыс тiлiнде бiр түпнұсқалық данада жасалды.
Осы Келiсiмнiң түпнұсқалық данасы депозитарийде сақталады, ол әрбiр Тарапқа оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Қазақстан
Республикасы Республикасы
үшiн үшiн
Қырғызстан Ресей Тәжiкстан
Республикасы Федерациясы Республикасы
үшiн үшін үшін