"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы 2-бабының 4-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектiсi болып табылатын "Оңтүстiк электр желiлерi" ашық акционерлiк қоғамын банкрот деп тануға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Оңтүстiк электр желiлерi" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - қоғам) конкурстық массасын сатудың:
1) қоғамның өндiрiстiң бiртұтас технологиялық циклiн қамтамасыз ететiн мүлiктiк кешенiн бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - лот) сатуды;
2) лотты сатудың ең төменгi бағасын әкiмшiлiк шығыстар мен бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомаларынан төмен емес етiп белгiлеудi;
3) банкроттық рәсiмiн технологиялық циклдiң үздiксiздiгiн сақтай отырып өткiзудi көздейтiн ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.
2. Лотты сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгiленсiн:
1) қызмет бейiнiн, тұтынушылармен шарттарды және ұсынылатын қызметтердiң көлемiн сақтау жөнiндегi мiндеттемелердi қабылдау;
2) қоғам қызметкерлерiмен еңбек шарттарын жасасуды қамтамасыз ету;
3) электр энергиясын беру мен бөлу, электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларының болуы;
4) сатып алушының өз қаражаты есебiнен елдi мекендердi орталықтандырылған электрмен жабдықтауға қосу үшiн бiр жүз қырық бiр километр электр беру желiлерiн салу;
5) жыл сайын кемiнде 56 000 000 (елу алты миллион) теңге сомасына негізгi құралдарды жөндеудi жүргiзу;
6) 45 000 000 (қырық бес миллион) теңгеге жабдықтарды жаңғыртуды және техникалық қайта жарақтандыруды жүргiзу.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі