Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ
ЖАPЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарлама туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, азаматтарды патриоттық тәрбиелеудiң бiртұтас жүйесiн құру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жарты жылда бiр рет есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Yкiметiне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы "__"_______
N___ Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу
жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарлама
Астана, 2006 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Мемлекеттiк бағдарламаны іске асырудың негiзгі бағыттары
мен тeтiгі
6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
7. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық
тәрбиелеу жөнiндегi 2006-2008 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарлама
Әзiрлеу үшiн "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999
негiздеме жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабының 3-тармағы;
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар
саясаты туралы" Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 3-бабы
3-тармағының 4), 5), 6) тармақшалары;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 856 Жарлығымен
бекiтiлген орта мерзiмдi кезеңге арналған
(2011 жылға дейiн) Қазақстан халықтары
Ассамблеясы Стратегиясының 4-тармағының
4.1-тармақшасы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
қатысуымен өткен кеңестiң 2004 жылғы
25 желтоқсандағы N 01-7.12 хаттамасын іске асыру
жөнiндегi іс-шаралар жоспарының 4.1-тармағы;
Қазақстан Республикасының Президентi
Н.Ә.Назарбаевтың жастармен мақсатты
саяси жұмыстың бағдарламасын әзiрлеу туралы
2005 жылғы 5 наурыздағы N 654 тапсырмасы;
Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық
комиссия отырыстарының 2005 жылғы 11 наурыздағы
N 03-5.3, 2005 жылғы 7 қазандағы N 03-5.7
хаттамалары;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының
2005 жылғы 8 шiлдедегi N 03-5.6 тапсырмасы.
Негiзгi әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгi
Бағдарламаның Патриоттық тәрбие жүйесiн нысаналы дамыту арқылы
мақсаты азаматтардың дiлiнде жоғарғы патриоттық сананы,
өз Отанына деген мақтаныш сезiмдерi
мен адалдықты, Отанның мүдделерiн қорғау
жөнiндегi азаматтық борыш пен
конституциялық мiндеттердi орындауға деген
дайындығын арттыру.
Бағдарламаның Азаматтардың мақсатты топтарының бойында
мiндеттерi саналы азаматтық бiрлiк, этносаралық және
тұлғааралық өзара түсiнiстiк, "Бұл - бiз! Бұл
- бiздiң Жерiмiз! Бұл - бiздiң Отанымыз!"
отандастық сезiмiн қалыптастыруға ықпал ететiн
ұйымдастырушылық алғышарттары мен
шаралар жүйесiн құру;
мемлекет пен қоғам, мемлекет пен азамат
арасындағы органикалық мiндеттемелердi
қалыптастыру және мемлекет пен қоғамның
бiр-бiрiне қарсы қозғалыстарын қамтамасыз
ететiн кешендi iс-шараларды өткiзу үшiн
алғышарттар жасау;
халықтың мақсатты топтарына арналған Мен және
менiң отбасым, Мен және менiң мектебiм, Мен және
айналадағы адамдар, Мен және менiң Отаным саналы
азаматтық қатынастарын құруға оқыту жөнiнде
жағдайлар мен әлеуметтiк алғышарттар жасау;
мiнез-құлықтың жағымды түрлерiн қалыптастыру
арқылы патриотизмді тәрбиелеуге жәрдемдесу және
қазiргi заманның қаһарманының бейнесiн
кеңiнен таныту, жастардың елiктейтiн бейнесi
үшiн ұйымдастырушылық және басқа да
алғышарттарды жасау.
Iске асыру 2006-2008 жылдар
мерзiмi
Қаржыландыру Республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты,
көздерi бюджеттен тыс қаражат.
Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен:
2006 жылы 27 948 мың теңге,
2007 жылы 54 641 мың теңге,
2008 жылы 53 999 мың теңге
бөлiнедi деп жоспарланып отыр.
Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен:
2007 жылы 224 093,0 мың теңге,
2008 жылы 236 521,0 мың теңге бөлiнедi деп
жоспарланып отыр.
Барлығы: 2006 жылы - 27 948 мың теңге, 2007
жылы - 278 734 мың теңге, 2008 жылы - 290 520
мың теңге.
Жалпы сома - 597 202 мың теңгенi құрайды.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық және жергiлiктi
бюджеттердi бекiту кезiнде нақтыланатын болады.
Күтiлетiн Бағдарламаны iске асыру барысында мынадай
нәтижелер нәтижелерге қол жеткiзiлетiн болады:
қазақстандықтардың Қазақстан Республикасымен
азаматтық сәйкестiк деңгейi артады;
азаматтардың патриоттық қозғалыстарға тартылуға
деген қызығушылығы артады;
азаматтардың патриоттық санасын арттыру
жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруды
ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету
күшейтiлетiн болады;
елдiң мемлекеттiк рәмiздерiн, мемлекеттiк және
әскери қызметтердi танымал етуге, тұтастай
алғанда патриоттық тәрбие жүйесiн дамытуға
бағытталған шаралар жандандырылады;
2006 жылы Азаматтарды патриоттық тәрбиелеу
жөнiндегi кеңес құрылатын болады;
ақпараттық-әдiстемелiк жинақтар, ұсынымдар,
ақпараттық-талдамалы материалдар әзiрленедi және
шығарылады;
экскурсиялық және өлкетану жұмысы
бағдарламалары әзiрленедi, ерекшеленген
оқушылардың Астанаға сапары ұйымдастырылады;
36 республикалық iс-шаралар (семинарлар,
форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер,
социологиялық зерттеулер, социологиялық
мониторинг, акциялар, слеттер, конкурстар,
турне) өткiзiледi, оның iшiнде: 2006 жылы - 10,
2007 жылы - 13, 2008 жылы - 13;
құқық қорғау органдары өкiлдерiнiң қатысуымен,
соғыс ардагерлерiмен, спортшылармен және
басқалармен жастардың тақырыптық кездесулерi
ұйымдастырылады;
бiлiм беру ұйымдарының желiсiмен қамтылған
3,5 млн. балалар және жасөспiрiм балалар,
жасөспiрiмдер, жастар ұйымдарының қызметiне
тартылатын болады;
оқу процесiнде жастардың бойында патриоттық
сезiмдердi тәрбиелеуге бағытталған жаңа
әдiстемелер мен материалдар ықпалдастырылатын
болады;
жастардың республикалық зияткерлiк және өңiрлiк
сыйлықтары тағайындалады.
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны
әзiрлеудiң өзектiлiгi елдiң жалпы рухани әлеуетiн арттыру қажеттiлiгiне негiзделген.
Бағдарлама азаматтың жауапкершiлiк сезiмiнен, саналы таңдау жасау қабiлетiнен көрiнетiн оң, жасампаз дүниетанымға ие, Отанға, қоғамға, өз отбасына, өз игiлiгiне бағытталған дербес шешiм қабылдай алатын азаматты тәрбиелеудi, берiк адамгершiлiк негiзге ие, солай бола тұрса да, ауыспалы жағдайларға тез бейiмделетiн және жаңа идеяларды тез қабылдайтын тұрақты жетiлiп отыратын тұлғаны тәрбиелеудi көздейдi.
Осыған байланысты, орталық және жергiлiктi билiк органдары мен
қоғамдық ұйымдардың күштерiн бiрiктiру, олардың күштерiн барлық әлеуметтiк және этностық топтарға үйлестiру және жұмылдыру қажет, бұл бiртұтас мемлекеттiк саясат болған және осы саясатқа азаматтарды патриоттық тәрбиелеудiң мемлекеттiк жүйесi сәйкес болған жағдайда ғана мүмкiн болады. Осыған байланысты, азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жүйесiн дамыту жолдарын құру және анықтау талап етiледi.
Мемлекет басшысының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 654, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының 2005 жылғы 11 қарашадағы
N 03-5.3, 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 03-5.6 және 2005 жылғы 7 қазандағы N 03-5.7 тапсырмалары Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiздеме болып табылады.
Бұдан басқа, осы Бағдарлама "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шiлдедегi заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 856 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан халықтары Ассамблеясының орта мерзімдi кезеңге арналған (2011 жылға дейiн) стратегиясын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң қатысуымен өткен кеңестiң 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 01-7.12 хаттамасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарының 4.1-тармағын орындау үшiн әзiрлендi.
Бағдарламаны әзiрлеу тәсiлi негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев айтқан "Қазақстан - бiздiң
ортақ үйiмiз" деген идеясы жатыр. Бағдарламаны iске асыру қоғамның одан әрi бiрiгуiне, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға азаматтық әлемнiң нығаюына ықпал етедi.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Ел өмiрiндегi көптеген проблемаларды шешу көп жағдайда халықтың азаматтық ұстанымының қалыптасу деңгейiне, жоғары патриоттық санаға, өз Отанына деген жоғары сезiмге, Отанының мүдделерiн қорғау жөнiндегi азаматтық борышты орындауға дайындығына тәуелдi.
Патриоттық тәрбие жүйесi бiлiм беру мекемелерiнiң барлық типтерi мен түрлерiндегі оқыту мен тәрбиелеу процесiнде әлеуметтiк маңызды құндылықтарды, азаматтылық пен патриотизмдi қалыптастыру
мен дамытуды; еңбек ұжымдарындағы, әскердегi, қоғамдық ұйымдардағы бұқаралық патриоттық жұмысты; азаматтарды патриоттық тәрбиелеу тақырыптарын қарастыруға және жариялауға бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн көздейдi.
Мұнда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын зерделеуге маңызды рөл бөлiнедi. Республика нышандарының саяси және рухани мәнiн пайымдау үшiн жастардың өздерiнiң азаматтық мiндеттерi туралы дүниетанымы кеңейтiледi және тереңдей түседi. Азаматтық өзiндiк сана-сезiмге тәрбиелеу мақсатында ұлттық нышандарды қабылдау, ар, намыс, борыш, елiмiздiң болашағы үшiн жауапкершiлiк сияқты этникалық адамгершiлiк нормаларды қалыптастыру жөнiндегi пiкiрсайыстар өткiзiледi.
Әлемде азаматтардың бойына патриоттық сезiмдi нысаналы түрде ұялата бiлген, оларда патриоттық мiнез-құлық үлгiлерiнен, өнерiнен байқауға болатын ұлттық нышандары - Туына, Елтаңбасына, Әнұранына, ұлттық мерекелерiне құрметпен қарау орын алған өркениеттi елдер аз емес. Көптеген елдерде мемлекеттiк нышандарды пайдалану мемлекеттiң оң бейнесiн жасау көзi ретiнде қызмет етедi, ол ұлттық мақтаныштың мәнi, патриоттық сезiм мен ерiк-жiгердi көрсетудiң объектiсi болып табылады. Мұндай елдердiң қатарына Америка Құрама Штаттарын (бұдан әрi - АҚШ) жатқызуға болады. Бiз үшiн олардың тәжiрибелерi мемлекеттiк нышандарды насихаттау және халықты патриотизмге тәрбиелеу тұрғысынан қызығушылық тудырып отыр. Көпшiлiк американдықтар елдiң әнұранын бiледi және салтанатты iс-шараларда айтады. Америка туының барлық мекемелер мен жеке меншiк үйлерде болуы өмiрлiк норма болып табылады. Ұлттық нышандары бар бұйымдарды халық аса танымалдықпен қолданады. Бұл олардың баспасөзде және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрi - БАҚ), кiтаптарда, көркем фильмдерде белсендi насихатталуымен түсiндiрiледi. Мемлекеттiк нышандардың көмегiмен азаматтарда елiне деген мақтаныш пен патриоттық сезiм дәйектi түрде және табандылықпен тәрбиелене түседi.
Бiздiң елiмiзде жастарды патриоттық тәрбиелеу қазiргi уақытта жастар саясаты бағдарламасының шеңберiнде жүргiзiледi. Әлеуметтiк маңызды жобаларды қолдау мақсатында патриоттық тәрбие саласындағы жастар ұйымдарының бiрқатар бастамаларын iске асыруға қаражат бөлiндi.
Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесi жастарда азаматтық пен патриоттық сезiмдi қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әскери-патриоттық тәрбие жөнiндегi жұмыстың пәрмендiлiгiн арттыру үшiн әскери бөлiмдер жеке құрамының Ұлы Отан соғысы ардагерлерiмен және жергiлiктi соғыс ардагерлерiмен кездесулерi өткiзiлiп тұрады; азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезеңiнде қорғаныстық-бұқаралық жұмыс айлықтары, әскери бөлiмдер мен жоғарғы әскери училищелерде "Ашық есiктер күндерi", орта мектептерде "Ержүректiлiк сабақтары" жарияланып тұрады. Жыл сайын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Жастар бастамалары орталықтарының белсендiлерiмен Бүкiләскерлiк кеңес, сондай-ақ "Патриот" республикалық акциясы шеңберiнде "Жас ұлан" республикалық солдат әндерiнiң фестивалi өткiзiлiп тұрады.
Әскери-патриоттық клубтардың республикалық слеттерiн, "Ұлан",
"Алау" әскери-спорттық ойындарын, "Патриот", "Мен - Қазақстан азаматымын", "Бұл - бiздiң Ty!" республикалық патриоттық акцияларын өткiзу дәстүрге айналған.
Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу негiзгi мақсаты жеке тұлғаның өзiн-өзi анықтауына және қалыптасуына жәрдем көрсету болып табылатын балалардың және жастардың қоғамдық қозғалыстары мен ұйымдары, шығармашылық одақтары айрықша рөл атқарады.
Балалар мен оқушы жастар ортасындағы патриоттық тәрбие жүйесi оқу мен тәрбие процесiнде балалардың және жастардың қоғамдық қозғалыстары мен ұйымдарын, шығармашылық одақтарын құруды көздейдi. Балалар бiрлестiктерiнiң саны жылдан жылға көбейiп отыр. Мысалы, 2003 жылы олардың саны 184 болса, 2004 жылы - 202, 2005 жылы - 319. Қазiргi кезде республикада 320-дан астам балалар мен жастар ұйымдары жұмыс iстейдi. Олардың iшiнде "Жұлдыз" (Ақмола облысы), "Болашақ", "Ұлан", "Айналайын" (Қарағанды облысы), "Шұғыла" (Ақтөбе облысы), "Мұрагер" (Қостанай облысы), "Достар" (Жамбыл облысы), "Жайық жастары" (Батыс Қазақстан облысы), "Жасыл республика" (Оңтүстiк Қазақстан облысы) және басқалар ең iрiлерi және танымалысы болып табылады.
Соңғы жылдары жергiлiктi атқарушы органдардың балалар мен жастардың аула клубтарын ашу жөнiндегi қызметi жандана бастады. 2003 жылы - 491-i, 2004 жылы - 542-ci жұмыс iстеген, ағымдағы жылы олардың саны 548-дi құрайды. Мұндай клубтар балалар мен оқушы жастардың, әсiресе девиантты мiнез-құлықты жасөспiрiмдердiң бос уақыттарын ұйымдастырудың маңызды әлеуметтiк-педагогикалық негiзi бола алады. Олардың дамуына соғыс және еңбек ардагерлерi, жергiлiктi соғыс ардагерлерi, iшкi iстер органдарының өкiлдерi, тәжiрибелi педагогтар айрықша ықпал ететiндiгiн айта кету керек.
Іс жүзiнде барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларында мақсаты жастарды қоғамдық өмiрге белсендi қатысуға тарту, олардың саяси сауаттылығын арттыру, азаматтылықты дамыту мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу болып табылатын патриоттық тәрбиелеу мектептерi, ұйымдары, клубтары жұмыс iстейдi.
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2006 жылдың басындағы деректерi бойынша республикада 586 мектептен тыс ұйымдар бар, оның 218-i - ауылдық. 2002 жылмен салыстырғанда, олардың саны 31 бiрлiкке азайды, алайда олардың қызметiне тартылған балалардың саны 60495-ке көбейдi. Балалар мен жастар шығармашылығының мектептен тыс ұйымдары 151 бiрлiктi құрайды. 55 жас туристер, техниктер, натуралистер станциялары бар (2003 жылы - 35), 383 балалар мектептерi (музыкалық, көркемсурет, спорт мектептерi және өнер мектептерi), жыл бойына жұмыс iстейтiн 6 лагерь, 548 аула клубтары бар (2003 жылы - 491). Алайда, балалардың мектептен тыс ұйымдарымен қамалуы 12 %-ды ғана құрайды. Сондай-ақ, балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың спорттық, әскери-патриоттық, техникалық, компьютерлiк оқыту клубтары, көркемөнер секциялары, кiтапханалары желiлерiн кеңейту қажеттiлiгi туындап отыр.
Дегенмен, қазiргi уақытта азаматтарды, оның iшiнде балалар мен жастарды патриоттық тәрбиелеу мәселелерi жөнiндегi жұмыстар одан әрi жетiлдiрудi талап етiп отыр.
Көпшiлiк адамдардың санасында өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу тек әскери борышын орындауға ғана келiп тiрелетiндiктен, патриоттық тәрбие түсiнiгiнiң мазмұнын едәуір азайта түседi.
Бүгiнгi күнi балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесi патриоттық сананы, өз Отанына деген сенiмдiлiк сезiмдерi мен адалдығын қалыптастыру талаптарына, азаматтық борышын, маңызды конституциялық мiндеттерiн орындау дайындығына толығымен сай келмейдi. Атқарылып отырған жұмыстар елiмiздiң азаматтарында тұтастай алғанда патриоттық сана мен сезiмдi қалыптастыру жөнiнде қойылған стратегиялық мiндеттердi кешендi шешудi қамтамасыз ете алмайды.
Оның үстiне, ғасыр тоғысында Қазақстанда болған түбегейлi әлеуметтiк-экономикалық және саяси қайта құрулар ең алдымен, қоғамдық сана мен қоғамның рухани өмiрiне үлкен өзгерiстер алып келдi. Социологиялық сұраулармен расталған күнделiктi өмiрдегi байқаулар патриотизм мәселелерiнде әртүрлi әлеуметтiк топтар мен қауымдастықтардың ұстанымдары көп жақтылығымен сипатталатындығын көрсетедi.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуiнiң негiзгi бағыттарының бiрi жеке адамның Отанмен сәйкестiгi болып табылады. Бұл ретте Отан ұғымы адамның туған жерiмен, жақындарымен және туыстарымен ғана шектелмейдi, сонымен қатар эмоциялық-психологиялық сезiмдер (махаббат сезiмi, патриотизм, шынайы берілгендiк, ұлттық мақтаныш және басқалар) аспектiсiнде ұғынылады.
Қазақстандағы 2003 және 2005 жылдар кезеңiнде жүргiзiлген қоғамдық-саяси ахуал мониторингi нәтижелерi сұрауға қатысқандардың басым көпшiлiгi (92,2 %) өз азаматтығын Қазақстан Республикасымен байланыстыратындығын көрсеттi. Патриоттық сезiмдерге негiзделген Қазақстан Республикасымен азаматтық сәйкестiк белсендi азаматтық ұстанымның, мемлекет тағдырына қатысудың iргетасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы этникалық әртектiлiкпен ерекшеленедi, мұнда 120-дан астам ұлттар пен халықтардың өкiлдерi өмiр сүредi. Елiмiздiң көп ұлттылық сипаты дiни конфессиялар мен олардың қоғам өмiрiнде артып отырған рөлiнiң сан алуандылығын негiздейдi, ол жүргiзiлген социологиялық сұраулар нәтижесiмен расталған: азаматтардың 35,0 %-ы өздерiн дiнге сенетiндер қатарына жатқызса, 29,0 %-ы жартылай сенетiндер, 14,0 %-ы дiнге мүлдем сенбейтiндер. Одан басқа, дiн мемлекет iсiне араласпауға билiк органдарының шешiмдерiне ықпал етуге тиiс деген пiкiрмен 33,3 % келiссе, сонымен бiрге 25,0 % керiсiнше пiкiрлер айтқан. 18,4 % дiннің мемлекет iсiне ықпал етуiн қолдап, дiннiң билiк органдарының шешiмiне ықпал етуге толық мүмкiндiгi бар, әрi қажет деп есептейдi.
Қазiргi уақытта Қазақстанда қызметi ең алдымен жастарды өз қатарына тартуға бағытталған дәстүрлі емес дiни бiрлестiктер мен экстремистiк ұйымдар қызметiнiң жандануымен күрес мемлекет үшiн сөзсiз өзектi болып отыр.
Соңғы онжылдықта шетелдiк насихаттаудың, сондай-ақ жекелеген азаматтардың мүдделiгiнiң арқасында таратылып отырған дiни жоралғылармен байланысты экстремистiк құбылыстар кең етек жайып барады.
Жастардың Қазақстан үшiн дәстүрлі емес қозғалыстарға, оның iшiнде кришнаиттерге, Иегова куәгерлерiне, сондай-ақ "Хизб-ут-Тахрир" дiни-саяси бiрлестiгi сияқты экстремистiк ұйымдарға және басқа да ұйымдарға деген қызығушылығы аталған ұйымдарды белсендi жақтаушылардың психологиялық ықпалымен байланысты. Осыған байланысты дiни саладағы көкейтестi проблемаларды реттеудiң нақты тетiгiн әзiрлеу қажет.
Халықтың саяси сауаттылығы мен жоғарғы саяси мәдениетi iшкi саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық келiсiмнiң көзi болып табылады. Қазiргi заманғы қоғамға тән сипат саяси мінез-құлықтың әртүрлi модельдерiнiң көп аспектiлiгiнде, оның iшiнде елiмiздiң саяси өмiріне қатысу мүмкiндiгiнде жатыр. Бұл ретте елiміздiң тағдырына, келешегiне деген ынтаны азаматтардың саяси қызметке қатысуының маңызды факторы ретiнде атауға болады.
Социологиялық сұрау деректерi (2005 жылғы желтоқсан) көрсеткендей, саяси қызметке тұрақты түрде қызығушылық бiлдiргендер сұрауға қатысқандардың тек 35,5 %-ын құраған. 50,6 %-ы кейбiр жағдайда ғана саясатқа көңiл аударса, 12,5 %-ы үшiн саясат ешбiр қызығушылық танытпайды, респонденттердiң 1,4 %-ы жауап беруге қиналды.
Патриоттық тәрбиенiң негiздерi отбасында қаланады. Отбасы рухани - адамгершiлiк тәрбиенiң негiздерi қалыптасатын айрықша әлеуметтiк институт болып табылады. Жүргiзiлген социологиялық сұрау (2004 жылғы желтоқсан) дәстүрлi тұрақталған құндылықтардың басым екендiгiн көрсеттi, ол - өз отбасының салауаттылығы (55,9 %), жұмыс (35 9 %), жеке қауiпсiздiгi (34,8 %).
Одан басқа, мұғалімдер мен тәрбиешiлердiң барлығы бiрдей тәрбие процесiн жетiлдiруге, отбасы мен басқа әлеуметтiк институттардың арасындағы қарым-қатынастарды қажет деңгейде анықтауға көңiл аудара бермейдi. Осының салдарынан отбасының бiлiм беру жүйесiнен, педагогтардың отбасынан, бала тұлғасының шығармашылық және еркiн дамуы мүддесiнен отбасының алшақтығы пайда болады. Елiмiздiң азаматын тәрбиелеуде кедергi келтiретiн факторлардың бiрi ретiнде патриотизм мен демократиялық нанымдарды нысаналы қалыптастыру жөнiндегi жаңа қазiргi заманғы технологияларды пайдалануға қабiлеттi бiлiктiлiгi жоғары мамандардың жеткiлiксiздiгiн, азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi әлеуметтiк технологияларды әзiрлеуде жеткiлiктi тәжiрибесi бар гуманитарлық бейiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдарының аздығын атап өтуге болады.
Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мәселелерiндегi аталған проблемаларды шешу үшiн тәрбиелеуге қағидатты түрде жаңа көзқарас талап етiледi.
Ел бейнесi және өзiнiң отанымен үздiксiз байланыс сезiмi мемлекет, қоғам тарапынан болатын ерекше күш-жiгерлермен, тетiктер мен институттар, ең алдымен бiлiм беру арқылы қалыптасады.
Осыған орай, бiлiм алушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, елдiң мемлекеттiк нышандарын танымал етуге ықпал етуге тиiс бiлiм беру мекемелерiн белсендi түрде тарту қажет.
Бiлiм беру ұйымдарындағы қазiргi заманғы қазақстандық қоғамдық және мәдени шындықтарға негiзделген әрi қазақстандықтардың дiлiмен байланысты дүниетаным мәдениетi мен төзiмдiлiгi жөнiндегi сапалы, мазмұны жағынан тиiмдi ақпараттық-дидактикалық материалдардың, балалар мен жастардың санасында патриоттық сезiмдердi, өз Отанына деген махаббат пен адалдықты оятатын кiтаптардың жеткiлiксiздiгiн атап өтуге болады. Балалар мен жастарға арналған кiтаптар негiзiнен батыстың идеялары мен құндылықтарын насихаттауға бағдарланған.
Қазақстандық азаматтықты қалыптастыру процесiнде мемлекеттiк билiк және мемлекеттiк басқару органдарында, бiлiм беру мекемелерiнде, кәсiпорындар мен ұйымдарда мемлекеттiк тiлдi қолдану дәрежесi ерекше мәнге ие. Осыған орай "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңынан туындайтын мiндеттердi шешу қажет. Қазақ тiлiнiң рөлiн ұғыну мемлекеттiгiмiздiң бүкiл ғимараты тұрғызылатын іpгетас болып табылады.
Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін қазақстандық қоғамның барлық сегменттерiн - бизнестi, отандық үкiметтiк емес ұйымдарды, қоғамдық қозғалыс көшбасшыларын, ардагерлер ұйымдарын тарту қажет.
Одан басқа, Бағдарламаны одан әрi iске асыру үшiн жастардың әртүрлi өзiн-өзi басқару нысандарын: жастар мәслихаттарын, басқа да сайлау органдарын қалыптастыруға жәрдемдесу қажет. Қазiргi уақытта жастар ұйымдарының мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу дәрежесi жоғары емес. Жастардың басқарушы шешiмдер қабылдауға қатысуы үшiн мүмкiндiктер тудыру, жастар бастамаларын көтермелеу қажет.
Қазiргi уақытта азаматтарды патриоттық тәрбиелеу iсiне адамдарға ықпал ете алатын ең қуатты құралдың бiрi - бұқаралық ақпарат құралдары әлсiз тартылып отыр. Бұл жағдай аталған бағдарламаға БАҚ-тың белсендi және өз еркiмен тартылуына тиiстi пысықтауларды талап етедi.
Бағдарламаның сәттi iске асырылуы қазақстандық қоғамда қалыптасқан мына жағдайларға:
а) қазақстандықтардың төзiмдi дiлiне;
б) қазақстандықтар дiлiнiң басым бейнесi ретiнде рухани ашықтығына;
в) жаңалықтарға қатынасы жағынан батылдылығына, оған тарихи дәлел ретiнде егемендiк алғаннан кейiнгi Қазақстанда сәттi жүргiзiлген түбегейлi экономикалық реформаларды жатқызуға болады;
г) ұлтаралық келiсiм мен татулыққа;
д) болашаққа сенiммен қарауға негiздейтiн көпшiлiк халық үшiн кедейшiлiктi кепiлдiктi бастан өткерудiң кепiлi ретiнде елдiң тұрақты және серпiндi экономикалық өрлеуiне ықпал етедi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның негiзгi мақсаты патриоттық тәрбие жүйесiн нысаналы мақсатта дамыту арқылы азаматтардың дiлiнде жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген мақтаныш сезiмдерi мен адалдықты, Отанның мүдделерiн қорғау жөнiндегi азаматтық борышы мен конституциялық мiндеттерiн орындауға деген дайындығын арттыру болып табылады.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
азаматтардың мақсатты топтарының бойында саналы азаматтық бiрлiк, этносаралық және тұлғааралық өзара түсiнiстiк, "Бұл - бiз! Бұл - бiздiң Жерiмiз! Бұл - бiздiң Отанымыз!" отандастық сезiмiн қалыптастыруға ықпал ететiн ұйымдастырушылық алғышарттары мен шаралар жүйесiн құру;
мемлекет пен қоғам, мемлекет пен азамат арасындағы органикалық мiндеттемелердi қалыптастыру және мемлекет пен қоғамның бiр-бiрiне қарсы қозғалыстарын қамтамасыз ететiн кешендi іс-шараларды өткiзу үшiн алғышарттар жасау;
халықтың мақсатты топтарына арналған Мен және менiң отбасым, Мен және менiң мектебiм, Мен және айналадағы адамдар, Мен және менiң Отаным саналы азаматтық қатынастарын құруға оқыту жөнiнде жағдайлар мен әлеуметтiк алғышарттар жасау;
мiнез-құлықтың жағымды түрлерiн қалыптастыру арқылы патриотизмдi тәрбиелеуге жәрдемдесу және қазiргi заманның қаһарманының бейнесiн кеңiнен таныту, жастардың елiктейтiн бейнесi үшiн ұйымдастырушылық және басқа да алғышарттарды жасау.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асыру
тетiгi
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi қызметтi орталықтандырылған үйлестiру үшiн Азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi республикалық кеңес құру көзделiп отыр. Аталған кеңес республикалық және өңiрлiк деңгейдегi мүдделi мемлекеттiк органдардың, қоғамдық институттардың, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлеттi өкiлдерiнен қалыптастырылады.
Бағдарламаны өңiрлiк деңгейде iске асыруға қатысты бөлiгiнде тиiстi iс-шаралар жоспарларын әзiрлеу процесiнде халықтың демографиялық, этникалық құрамын, қалалар мен ауылдық елдi мекендер халқының әлеуметтiк-психологиялық ерекшелiктерiн ескеру маңызды.
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, мәдениет, бiлiм беру ұйымдарының, әскери бөлiмдер мен "үшiншi сектор" өкiлдерiнiң жұмыстарын үйлестiру үшiн семинар-кеңес өткiзу талап етiледi.
Қойылған мақсатқа қол жеткiзу және патриоттық тәрбие саласындағы мемлекеттiк саясатты табысты iске асыру үшiн баспа және теледидарлық бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты жандандырудың ерекше маңызы бар.
Бағдарламаны iске асыру процесiн айқын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан халқының игiлiгi үшiн мемлекеттiк органдардың қызметтерiн БАҚ-та нысаналы мақсатта жариялап отыру талап етiледi.
Бағдарламаны табысты iске асыру үшiн республикалық және өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдарының ынтымақтастығы тетiктерiн жасау, осы Бағдарламаның iске асырылуын жария етудiң медиа-жоспарын әзiрлеу және бекiту қажет.
Сондай-ақ ата-аналардың патриоттық бағыттағы қоғамдық ұйымдардың қызметiн үйлестiру мақсатында ата-аналардың жұмыс iстеп тұрған республикалық қоғамдық кеңесiнiң жұмысы күшейтiледi, осы Бағдарламаны iске асыруда олардың рөлi арта түседi. Бұл - өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу iсiнде ата-аналар қауымы қызметiнiң оңтайлы тетiктерiн әзiрлеуге септiгiн тигізедi.
Бұдан басқа, азаматтарды патриоттық тәрбиелеу саласында мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыру ерiктiлiк негiзде адамдарды көптеп тартуды талап етедi.
Ерiктiлер қозғалысының даму дәрежесi бойынша қандай да бiр қоғамның азаматтық белсендiлiгiнiң дәрежесi туралы пiкiр айтуға болады. Ерiктiлiк қызметтiң халықтың барлық жiктерiн қамтуға, осылайша қоғамның барлық әлеуметтiк топтарын жақындастыруға және олардың бiр тұтастығын нығайтуға мүмкiндiгi бар. Осыған байланысты, ерiктiлер қозғалысының мәселелерi бойынша қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаға талдау мен түзетулер жүргiзiледi.
1. Ұлттық бiртұтастық
Азаматтардың мақсатты топтарының бойында саналы азаматтық бiрлiк, этносаралық және тұлғааралық өзара түсiнiстiк, "Бұл - бiз! Бұл - бiздiң Жерiмiз! Бұл - бiздiң Отанымыз!" отандастық сезiмiн қалыптастыруға ықпал ететiн ұйымдастырушылық алғышарттары мен шаралар жүйесiн құру мыналар арқылы мүмкiн болады:
а) мемлекеттiк нышандарды насихаттау және қолдану саласында мемлекеттiк саясатты белсендi iске асыру.
Мемлекеттiк нышандар ұлттың мәдени эмблемаларының кешенi болып табылады. Мемлекеттiк нышандарды дұрыс пайдалану халықтың бойында азаматтық өзiндiк сананы қалыптастыруға ықпал етедi.
Мемлекеттiк нышандарды насихаттау түрлi деңгейлерде халықтың барлық жiктерiн тарту арқылы өткiзiлетiн әртүрлi конференциялар, семинарлар, акциялар шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Бұдан басқа, түрлi әлеуметтiк топтардың елдiң мемлекеттiк нышандарын қабылдау сапасын анықтауға бағытталған әлеуметтiк зерттеу нысанында жүзеге асырылатын осы жұмысты ғылыми қамтамасыз ету талап етiледi.
Конкурстар және басқа да бұқаралық акциялар өткiзу арқылы мемлекеттiк нышандардың мәндiлiгi мәселелерiнде жастардың хабардар болуын арттыруға айрықша назар аударылады.
Жүргiзiлiп отырған теледидар және радио бағдарламаларды жасау және көрсету жолымен жүзеге асыру жоспарланып отырған мемлекеттiк нышандарды насихаттау iсiне БАҚ-ты тарту талап етiледi.
б) барлық деңгейдегi бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк мерекелердi жалпыхалықтық мереке ретiнде тойлау қағидатын енгiзу.
Жүргiзiлетiн салтанаттарға адамдардың көбiрек санын тарту қажет. Бұл ретте азаматтардың өткiзiлiп жатқан мерекелердi "шын жүректен" бiрлiк, тұтастық, рухани көтерiңкiлiк сезiмiмен қабылдауы үшiн салтанаттардың ұйымдастырушылық-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн жасау жөнiнде шаралар қабылдау маңызды.
Мемлекеттiк мерекелердi өткiзу нысандарын өзгерту мемлекеттiк мерекелердi барынша парасатты ететiн сценарийлер әзiрлеудi болжайды.
Мемлекет пен халықтың жақындасуы, мемлекеттiк басқару органдары мен халық арасындағы өзара түсiнiстiктiң тереңдеуi аталған жұмыстың нәтижесi болады.
в) бiлiм беру жүйесiнiң оқу бағдарламаларын жаңа деңгейге көтеру.
Бiлiм алушылардың рухани-адамгершiлiк әлеуетiн көтеру және оларда азаматтық сананы тәрбиелеу мақсатында қолданыстағы оқу-әдiстемелiк материалдарды сараптамадан өткiзу талап етiледi.
Талдау қорытындылары бойынша оқу бағдарламаларына тиiстi толықтырулар енгiзу, атап айтқанда, ұлттық бiртұтастық, қазақ халқының, қазақстандық этникалық топтардың мәдениетi мен дәстүрлерiн танып-бiлу идеяларына арналған материалдармен толықтыру жоспарланып отыр.
Бұл ретте демократиялық қоғам дәстүрлерiн басшылыққа ала отырып, осы жұмысқа халықтың барлық жiктерiн ұйғарылып отыр. Бұдан басқа жергiлiктi электронды БАҚ-пен ынтымақтасу көзделедi. Бұл үшiн телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде арнайы ақпараттық материалдарды жасау және көрсету жөнiнде шаралар қабылданады.
Мәдени ынтымақтастық, еуразиялық идеяларды дамытуды, этносаралық, дiни шыдамдылықты және өзара түсiнiстiктi тәрбиелеудi ғылыми-практикалық конференциялар, дәрiстер, пiкiрталастар, дөңгелек үстелдер шеңберiнде жүзеге асыру болжанып отыр.
Жас ұрпақты төзiмдiлiк рухында тәрбиелеуге, Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн әлемдiк және дәстүрлi дiндердi насихаттаушы дiни бiрлестiктердiң көшбасшыларымен, ұлттық-мәдени орталықтардың басшыларымен ынтымақтастық орнатуға айрықша мән берiлетiн болады.
Бағдарлама мәтiнiнде азаматтық келiсiм мәселелерiндегi қоғамдық пiкiрдiң тұрақты социологиялық мониторингi көзделген.
Халықтың барлық жiктерi мен топтарын қазақ тiлiн өз еркiмен оқуға тарту қоғамды бiрiктiрушi орталық фактор болып табылады. Мемлекеттiк тiлдi үйрену, меңгеру мерзiмi Қазақстанның барлық этностары үшiн мәдени, психологиялық жақындасу мектебi болуы тиiс. Осы Бағдарлама Қазақстан халқының, әсiресе жастардың қазақ тiлiн оқуға қатысуын қоғамды саяси тұрақтандырушы элемент ретiнде қарастырады. Осы мақсатта тұрақты негiзде қазақ тiлiн бiлуге арналған өңiрлiк конкурстар өткiзiлетiн болады, қазақ тiлiнiң халықаралық жазғы сессиясы ұйымдастырылады.
г) Қазақстан халықтары Ассамблеясымен өзара iс-қимыл жасау.
Қалыптасқан қоғамдық институт - Ассамблеямен ынтымақтастық осы Бағдарламаны жүргiзудiң маңызды құралдарының бiрi болады.
Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа барлық халықтардың мәдени мұрасын, өткен тарихын, дәстүрлерiн, әдеттерiн, ғұрыптарын толыққанды жаңғырту және зерделеу үшiн Ассамблея үлкен әлеуетке ие болады.
Аталған Бағдарламаға қатыса отырып, Ассамблея жасампаз, жоғары өнiмдi еңбекке бағытталған адамгершiлiгi жоғары мәдениеттi азаматты тәрбиелеуге елеулi үлес қосады.
д) қазақстандықтардың рухани ұқсастығын айқындау.
Ұлттың мәдени тұтастығы ұлттық дiлдiң бiрлiгiмен анықталады.
Елдiң түрлi этностарының мәдениетi мен дiлiнiң ерекшелiктерiн танып-бiлу және кейiннен Қазақстан халықтарының өзара түсiнiстiгiн тереңдетуге бағытталған арнайы iс-шараларды өткiзу мақсатында қазақстандықтардың рухани ұқсастығы тақырыбы бойынша әлеуметтiк зерттеулер, конференциялар, семинарлар өткiзу, көп этносты, көп мәдениеттi қоғамда ұлттық және мәдени ұқсастықты қалыптастырудағы халықаралық тәжiрибенi зерделеу жоспарланып отыр.
3ерттеулердiң қорытындылары және семинарлар мен конференциялардың ұсынымдары нәтижесiнде Бағдарламаның жаңа мiндеттерiне, өңiрлерде Бағдарламаны жүргiзу жөнiндегi ұсынымдарға айналуға тиiс.
2. Азамат және мемлекет: өзара жауапкершiлiк
Мемлекет пен қоғам, мемлекет пен азамат арасындағы органикалық мiндеттемелiк байланыстарды қалыптастыру үшiн алғышарттар жасау және мемлекет пен қоғамның бiр-бiрiне қарсы қозғалыстарын қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенiн өткiзу жұртшылыққа, мемлекеттiк органдарға және әлеуметтiк әрiптестiктi дамытуға бағытталатын болады.
2.1. Жұртшылықтың мемлекетке қарай қадамдары
а) Балалар және жастар ұжымдары. Балалар мен жастарды қоғамның негiзгi институты ретiнде мемлекеттiң мәнiн түсiнуге тәрбиелеу.
Бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiң органикалық бөлiгi болып табылатынын түсiне отырып, олардың қызметiнде мемлекет өмiрiнiң түрлi жақтарын, атап айтқанда, дамудың демократиялық бағыттарын, әлеуметтiк проблемаларды шешуге және саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкiндiк беретiн экономикалық табыстар мен жетiстiктердi жарыққа шығаратын жаңартылған ақпараттық материалдарды тұрақты түрде пайдалану қажет.
Сабақтар мен сыныптан тыс сабақтар бағдарламаларына жас адамдардың шынайы қоршаған ортаны (ауыл, қала) Отан ретiнде қабылдауға, оған деген сүйiспеншiлiк пен борышты көрсетуге ықпал ететiн материалдар енгiзiлетiн болады, өйткенi онда барлық әлеуметтiк институттармен бiрге мемлекет бейнеленедi. Осыған байланысты, аталған тақырыптар бойынша оқушылар мектепте шығармалар мен мазмұндамалар жазады, тақырыптық конкурстар және олимпиадалар өткiзiлетiн болады.
Жастардың құқықтық тәрбиесiн жақсарту, құқық бұзушылықтардың пәрмендi түрде алдын алу үшiн бiлiм беру ұйымдарының құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастығын ұйымдастыру ұйғарылып отыр.
Патриоттық тәрбиенiң құрамдас элементi ретiнде Қазақстан Республикасы азаматының мәртебесiн түсiну азаматтық өзiндiк сананы дамытуда маңызды орын алады.
Алғашқы құжаттарды (толық емес орта бiлiмi туралы куәлiк, жеке куәлiк, орта бiлiмi туралы аттестат және т.б.) алудың салтанатты рәсiмiн ұйымдастыру жас адамдардың санасында республика азаматы мәртебесiнiң, өзiнiң мемлекет өмiрiне қатыстылығының мәнiн түсiнудi, өзiн Отанының "бөлiгi" ретiнде сезiнуiн нығайтады және арттырады.
Студенттiк қоғамдастық тақырыптық студенттiк слеттер, конференциялар, конкурстар өткiзу, студенттiк үгiт-насихаттық турнелердi ұйымдастыру арқылы патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi жұмысқа тартылатын болады.
Бағдарламаның медиа-жоспарына сәйкес мемлекет рөлi туралы материалдар әзiрленiп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарыққа шығарылады.
Орталық және өңiрлiк баспа БАҚ-тарында патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi айдарлар құрылады, балаларға, жасөспiрiмдерге арналған кiтаптар жазылады және басылып шығарылады.
б) "қоғам - мемлекет" тиiмдi байланысын қалыптастыру. Күш-жiгерлер мемлекет қызметiндегi әрбiр адам өмiрiнiң шынайы ажырамастығын көрсетуге бағытталатын болады. Сондықтан мектептiк және студенттiк өзiн-өзi басқаруды одан әрi дамыту, мектептiк және студенттiк сайлау жүйесi өскелең ұрпаққа қоғам мен мемлекеттiң өзара тәуелдiлiгiн, мемлекет өмiрiндегi азамат рөлiн түсiнуге және қабылдауға мүмкiндiк бередi.
Бұдан басқа, азаматтарды, оның iшiнде жастарды мемлекеттiк құрылымдардың қызметiмен таныстыру үшiн мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарға (орталық және жергiлiктi билiк органдарына, ауруханаларға, әлеуметтiк қызметтерге, ұлттық компанияларға, әскери бөлiмдерге және басқаларға) экскурсиялар ұйымдастыру қажет.
2.2. Мемлекеттiң жұртшылыққа қарай қадамдары орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы жұмыс iстеп тұрған консультативтiк-кеңесшi органдардың (жастар iстерi жөнiндегi кеңестер, YEҰ-мен өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi кеңестер, отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссиялар және т.б) бiлiм мекемелерiмен, YEҰ-мен ынтымақтастықты дамыту арқылы мүмкiн болады.
Консультативтiк-кеңесшi органдар халықты патриоттық рухта тәрбиелеу саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзуге арналған өкiлеттiлiктер мен қажеттi ресурстарға ие. Аталған органдар ынтымақтастығының патриоттық бағдарлануы осы Бағдарламаның шеңберiнде бағдарламаның нәтижелiлiгiн күшейтетiн болады. Аталған консультативтiк-кеңесшi органдардың патриоттық бағыттағы iс-шаралар нақтылығы аталған ұйымдар қызметiнiң ерекшелiктерiне сәйкес құрылатын болады.
3. Отбасылық, қоғамдық қатынастар: адам, отбасы, бiлiм беру
жүйесi, еңбек ұжымы, әскер, тұтастай алғанда - қоғам
Халықтың мақсатты топтары үшiн Мен және менiң отбасым; Мен және менiң мектебiм; Мен және айналадағы адамдар; Мен және менiң Отаным саналы азаматтық қатынастарды құруға оқыту бойынша жағдайлар мен әлеуметтiк алғышарттар жасау мыналар арқылы iске асырылады:
а) отбасы институтын нығайту жөнiндегi шаралар жүйесiн әзiрлеу.
Бағдарлама рухани-адамгершiлiк тәрбие негiздерi қалыптасатын маңызды институт ретiнде отбасына бағдарланады. Өмiр сүру ағысының өзгеруiне байланысты, қазiргi уақытта отбасылық құндылықтар елеулi өзгерiстердi бастан кешiрiп отырғанын ескере отырып, қазақстандық отбасы институттарын нығайту, сауықтыру жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдау қажет. Отбасының өмiрлiк ағысында өтiп жатқан өзгерiстердi, оның дәстүрлi тiрегiне айтарлықтай ықпал ететiн факторларды егжей-тегжейлi зерделеу талап етiледi.
Әр түрлi жастағы азаматтарда оң отбасылық көзқарастарды қалыптастыру үшiн ықпал етудiң нысандары мен әдiстерiн қолдану тәжiрибесiн пайдалану, педагогтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын өскелең ұрпақты қазақстандық этностардың отбасылық құндылықтары негізiнде тәрбиелеуге бағыттау қажет. Қазақстандық отбасының дамуы мен нығаюына ықпал ететiн ересек өмiрде оң қатынастар құру үшiн жастардың бiлiм алуына жағдайлар жасау.
Негiзiнен дәстүрлi қазақстандық отбасы құндылықтарының негiзiнде жұмыс iстейтiн психологиялық отбасылық кеңес беру және бейiмдеу орталықтарын нығайту қажет. Осы мақсатта педагогтар мен ата-аналар үшiн отбасылық тәрбие жөнiндегі тренингтер ұйымдастыру көзделген.
б) студенттердiң тұлғааралық және қоғамдық қатынастарды ұтымды ұғынуы.
Әрбiр азамат сөзсiз тартылатын қоғамдық-саяси қатынастарды түсiнуге Қазақстанда дамып келе жатқан тұлғааралық мәдениет пен қоғамдық қатынастар мәселелерi бойынша студенттiк конференциялар, семинарлар ұйымдастыру, курстық, ғылыми жұмыстар жазу ықпал етедi.
в) жасөспiрiмдер мен жастардың ой-өрiсiн кеңейтуге жәрдемдесу.
Соңғы жылдары бұқаралық сана негiзiнен жаппай батыс мәдениетiнiң нашар үлгілерiнiң таптаурындарымен қалыптасып келедi. Жасөспiрiмдер мен жастардың ой-өрiсiн кеңейту және жеке тұлға ретiнде дамуы үшiн мүмкiндiктерi аз.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде аула, аудандық клубтардың желiлерiн кеңейту, шығармашылық, техникалық, компьютерлiк, спорттық клубтар мен кiтапханалар желiлерiн қалыптастыру жөнiнде iс-шаралар қабылдау қажет. Клубтар мен кiтапханалар жасөспiрiмдер мен жастарды дамытып, оларды бұқаралық бойкүйездiктен арылтып қана қоймай, сондай-ақ өскелең ұрпаққа үлгi-өнеге болатын дүниетанымы оң жасөспiрiмдер мен жастар көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал етедi.
Қазақстан астанасының беделiн арттыру және насихаттау мақсатында мектептiк конкурстар мен олимпиада жеңiмпаздары үшiн Астана қаласында экскурсиялар ұйымдастыру көзделедi.
Патриотизмнiң қалыптасуына тарихи орындарға туристiк бағыттар ұйымдастыру ықпал етедi. Ол үшiн оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескере отырып, кешендi экскурсиялық бағдарламалар әзiрлеу ұйғарылып отыр.
г) қоғамдық пiкiрдiң маңыздылығын арттыру жөнiндегi жұмысты жандандыру.
Азаматтардың патриоттық сезiмiн дамытуға ықпал ететiн қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру үшiн нысаналы мақсатта насихаттау iс-шараларын өткiзу талап етiледi. Осы мақсатта қоғамдық пiкiр институтын құруға жәрдемдесу, атап айтқанда, айналасына заманауи дүниетаным мен беделге ие кәсiби, зиялылар өкiлдерiн, идеологтарды жинайтын мемлекет пен қоғам арасындағы әртүрлi диалог алаңдарын ұлғайту көзделiп отыр.
Диалог алаңдарының жұмысын олардың БАҚ-қа қол жеткiзуiн қамтамасыз ете отырып, әрбiр облыс орталығында, iрi қалаларда жандандырған орынды.
д) әскери-патриоттық тәрбие.
Әскери-патриоттық тәрбие - азаматтардың, әсiресе жоғарғы сынып оқушыларының, студенттердiң, әскерге шақырылғанға дейiнгi және әскердегi жастардың бойында жоғары патриоттық сезiмдi, өз Отанына деген адал сезiмдерiн нысаналы мақсатта қалыптастырудың маңызды жақтарының бiрi.
Қазiргi заман жағдайында әскери-патриоттық тәрбиеге әдiстемелiк, ақпараттық, ұйымдастырушылық қолдау көрсету, қарулы күштер, жұртшылық, бiлiм беру ұйымдары арасындағы өзара байланыстарды жастарды патриоттық тәрбиелеу iсiнде үйлестiрудi күшейту, әскердiң, әскери қызметтiң оң мәртебесiн насихаттау мақсатында одан әрi нығайту қажет. Жастарды әскер қызметiне дайындайтын тәжiрибесi бар жұмыс iстеп тұрған клубтардың жұмысын күшейту, осы жұмысқа ұлы отан соғысы және жергiлiктi соғыс және еңбек ардагерлерiн тарту талап етiледi.
4. Қоғамдық танылуға қол жеткiзген қазiргi заманғы қазақстандық-патриоттың бет-бейнесi
Мiнез-құлықтың жағымды түрлерiн қалыптастыру арқылы патриотизмдi тәрбиелеуге жәрдемдесу және қазiргi заманның қаһарманының бейнесiн кеңiнен таныту, жастардың елiктейтiн бейнесi үшiн ұйымдастырушылық және басқа да алғышарттарды жасау мыналар арқылы мүмкiн болады:
а) қазiргi заманның қаһармандарын iздеу мен оларды қолдау
Осы Бағдарламаның шеңберiнде елiмiздiң азаматтарының табысты тыныс-тiршiлiгiнiң әртүрлi нысандары мен түрлерiн танымал ету көзделедi. Осы мақсатта БАҚ-пен белсендi ынтымақтасу көзделедi, оның шеңберiнде әлеуметтiк белсендi, патриоттық рухтағы және кәсiби қызметте әрi өмiрде елеулi жетiстiктерге қол жеткiзген отандастарымызды iздеу мен оларды насихаттау жөнiнде жұмыс жүргiзiлетiн болады.
Осы Бағдарламада бастамашылық жасалып отырған әдеби, киноматографиялық, арт-конкурстар сондай-ақ қазақстандық-патриоттың жағымды бейнесiн жасауға бағытталған.
Патриоттық әдебиет шығаруды жүзеге асыратын кiтап баспаларын және қоғамдық маңызға ие шығармалар жазуға ынталы жазушыларды белсендi тарту көзделедi.
б) кәсiби қызметiнде айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткiзген тұлғаларды тану.
Осы мiндеттi шешу үшiн әр түрлi номинациядағы өңiрлiк және жастар сыйлықтары түрiнде көтермелеу көзделедi. Осы номинациялардың жеңiмпаздары нәтижесiнде телебағдарламалардың, фильмдердiң, очерктер мен кiтаптардың кейiпкерлерiне айналады.
Жастардың әлеуетiн дамыту үшiн Қазақстанның зияткерлiк дамуына қосқан үлесi үшiн жоғарғы оқу орындарына "Жас талап" зияткерлiк сыйлығы тағайындалады.
6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны iске асыру үшiн республикалық, жергiлiктi бюджеттерден қаражат, бюджеттен тыс қаражат бөлу жоспарланып отыр.
Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен:
2006 жылы 27 948 мың теңге,
2007 жылы 54 641 мың теңге,
2008 жылы 53 999 мың теңге бөлу жоспарланып отыр.
Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен:
2007 жылы 224 093,0 мың теңге,
2008 жылы 236 521,0 мың теңге бөлу жоспарланып отыр.
Барлығы: 2006 жылы - 27 948 мың теңге, 2007 жылы - 278 734 мың теңге, 2008 жылы - 290 520 мың теңге.
Жалпы сомасы - 597 202 мың теңгені құрайды.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бекiту кезiнде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру барысында мынандай нәтижелерге қол жеткiзiледi:
қазақстандықтардың Қазақстан Республикасымен азаматтық сәйкестiк деңгейi артады;
азаматтардың патриоттық қозғалысқа тартылу ынталары артады;
азаматтардың патриоттық санасын арттыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету күшейтiлетiн болады;
елдiң мемлекеттiк рәмiздерiн, мемлекеттiк және әскери қызметтердi танымал етуге, тұтастай алғанда патриоттық тәрбие жүйесiн дамытуға бағытталған iс-шаралар жандандырылатын болады;
2006 жылы Азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi кеңес құрылатын болады;
ақпараттық-әдiстемелiк жинақтар, ұсынымдар, ақпараттық-талдамалық материалдар әзiрленетiн және шығарылатын болады;
экскурсиялық және өлкетану жұмысы бағдарламалары әзiрленедi, ерекшеленген оқушылардың Астанаға сапары ұйымдастырылады;
36 республикалық iс-шаралар (семинарлар, форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, социологиялық зерттеулер, социологиялық мониторинг, акциялар, слеттер, конкурстар, турне) өткiзiледi, оның iшiнде: 2006 жылы - 10, 2007 жылы - 13, 2008 жылы - 13;
құқық қорғау органдары өкiлдерiнiң, соғыс ардагерлерiнiң, спортшылардың және басқалардың қатысуымен жастардың тақырыптық кештерi ұйымдастырылатын болады;
бiлiм беру ұйымдарының желiсiмен қамтылған 3,5 млн. балалар және жасөспiрiм балалар, жасөспiрiмдер, жастар ұйымдарының қызметiне тартылатын болады;
оқу процесiнде жастардың бойында патриоттық сезiмдердi тәрбиелеуге бағытталған жаңа әдiстемелер мен материалдар ықпалдастырылатын болады;
жастардың республикалық зияткерлiк және өңiрлiк сыйлықтары тағайындалады.