"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 820 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау
тәртiбi туралы

      Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) арыз - тұлғаның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда жәрдем көрсету туралы өтiнiшi не заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылуы, мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшiлiктер туралы хабарлама не аталған органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметiн сынау;
      2) иесi бүркемеленген өтiнiш - оның авторын белгiлеу мүмкiн емес, қол қойылмаған не арыз берушiнiң тұрғылықты немесе орналасқан жерi көрсетiлмеген өтiнiш;
      3) қайта жасалған өтiнiш - бiр тұлғадан бiр мәселе бойынша кемiнде екi рет келiп түскен:
      уәкiлеттi органға келiп түскен алдыңғы өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасалған;
      бұрын жiберiлген өтiнiш келiп түскен уақыттан бастап заңнамада белгiленген қарау мерзiмi өтiп кетсе, алайда арыз берушi жауап алмаған болса, оның уақтылы қаралмауы туралы хабарланған;
      алдыңғы өтiнiштi қарау және ол бойынша шешiм қабылдау кезiнде жiберiлген басқа да кемшiлiктер көрсетiлген өтiнiш;
      4) өтiнiш - уәкiлеттi органға немесе лауазымды тұлғаға жiберiлген жеке немесе ұжымдық жазбаша ұсыныс, арыз, шағым немесе сұрау, сондай-ақ ауызша өтiнiш;
      5) өтiнiштi есепке алу - өтiнiштi қабылдау және қарау жөнiндегі мәлiметтердi тiркеу және оларды мемлекеттiк құқықтық статистикалық есепте көрсету;
      6) өтiнiштi қабылдау - уәкiлеттi органның, лауазымды тұлғаның жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшiн қабылдаудағы iс-қимылы;
      7) өтiнiштi қарау - уәкiлеттi органның, лауазымды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде тiркелген өтiнiш бойынша шешiм қабылдауы;
      8) өтiнiштi тiркеу - ақпараттық есепке алу құжатында өтiнiштiң мазмұны жөнiндегi қысқаша деректердi тiркеу және келiп түскен әрбiр өтiнiшке тiркеу нөмiрiн беру;
      9) сұрау - тұлғаның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық тудыратын мәселелер жөнiнде ақпарат беру туралы өтiнiшi;
      10) уәкiлеттi органдар - мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi жүз пайызды құрайтын не мемлекеттiк тапсырыс және/немесе мемлекеттiк сатып алу шарттарына сәйкес қызметтердi, тауарлар мен жұмыстарды ұсынатын, өздерiнiң құқықтық мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыреттерiне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша шешiмдердi қарауға және қабылдауға құқылы заңды тұлғалар;
      11) ұжымдық өтiнiш - екi және одан көп жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтiнiшi;
      12) ұсыныс - тұлғаның заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, органдардың қызметiн жетiлдiру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және өзге де қызмет салаларын жақсарту жөнiндегi ұсынымы;
      13) пiкiр - тұлғалар сол арқылы мемлекет жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын бiлдiретiн өтiнiш түрi;
      14) шағым - тұлғаның өзiнiң бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн не басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн қалпына келтiру туралы талабы.

       2-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау
               тәртiбi туралы заңнама

      1. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi әрекетi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi жүз пайызды құрайтын не мемлекеттiк тапсырыс және/немесе мемлекеттiк сатып алу шарттарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi ұсынатын заңды тұлғаларға қолданылады.
      2. Осы Заңның әрекетi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық, қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне қолданылмайды.

       4-бап. Осы Заңның қағидаттары

      Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға байланысты құқықтық қатынастарды реттеудiң негiзгi қағидаттары:
      заңдылық;
      өтiнiштерге қойылатын талаптардың бiрыңғайлығы;
      жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына кепiлдiк беру;
      өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерi мен әуре-сарсаңға жол бермеу;
      жеке және заңды тұлғалардың теңдiгi;
      өтiнiштердi қарау кезiндегi уәкiлеттi органдар мен лауазымды тұлғалар қызметiнiң ашықтығы болып табылады.

       5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер

      1. Мыналар қарауға жатпайды:
      1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер қамтылған және олардың құзыреттерiне сәйкес мемлекеттiк органдарға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiштер;
      2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiштер;
      3) егер алдыңғы өтiнiштi тексеру материалдарында арыз берушiнiң болып жатқан оқиғаларды барабар бағалауына мүмкiндiк бермейтiн психикалық ауруы туралы айғақтайтын құжат болса, қайта жасалған өтiнiштер;
      4) егер олар қылмыстық процеске қатысушылар болып табылмайтын тұлғалардан түссе және бұрын оларға қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының ережелерiне түсiнiк берiлген болса, қылмыстық iс материалдары жөнiндегi өтiнiштер;
      5) осы Заңның 13-бабында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн бағыныстылық немесе шешiм қабылдау тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе уәкiлеттi органға берiлген лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе уәкiлеттi органдардың шешiмдерiне жасалған шағым.
      2. Егер өтiнiштi қарамай қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, уәкiлеттi орган немесе лауазымды тұлға көрсетiлген өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.

       6-бап. Жазбаша өтiнiшке қойылатын талаптар

      1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелер кiретiн уәкiлеттi органға немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.
      2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, тұрғылықты (жұмысының немесе оқу орнының) мекен-жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, орналасқан жерi, басшысының немесе оның орынбасарының қолы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
      Шағым жасаған кезде iс-қимылына шағым жасалып отырған уәкiлеттi органның атауы немесе лауазымды тұлғалардың қызметi, тегi және аты-жөндерi, өтiнiш жасау уәждерi мен талаптар көрсетiледi.
      3. Уәкiлеттi органға тiкелей жазбаша өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

       7-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн
               қабылдау, тiркеу және есепке алу

      1. Осы Заңда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс. Өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
      2. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тiркеу және есепке алу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тiркеудiң және есепке алудың жай-күйi үшiн уәкiлеттi органның басшылары, лауазымды тұлғалары жеке жауапты болады.
      4. Өтiнiш жеке немесе заңды тұлғаның өкiлi арқылы енгiзiлуi мүмкiн. Өкiлдiктi ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      5. Жеке және заңды тұлғалардың жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйелер арқылы келiп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес түскен өтiнiштерi осы Заңда белгiленген тәртiппен қаралуға тиiс.
      6. Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн уәкiлеттi органға келiп түскен өтiнiш 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, арыз берушiге ол туралы хабарлана отырып, тиiстi уәкiлеттi органдарға жiберiледi.

       8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмi

      1. Егер Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғаның өтiнiшi уәкiлеттi органға, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
      2. Өзге құзыреттi органға, лауазымды тұлғаға сұрау жiберудi немесе сол жерге шығуды қажет етпейтiн өтiнiш 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады.
      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайда мерзiм 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.
      3. Өтiнiштi қарау мерзiмiн уәкiлеттi органның басшысы немесе мұндай мәселелердi шешуге уәкiлеттiк берiлген тұлға ұзартады.
      4. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы үш күнтiзбелiк күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.

       9-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау

      1. Уәкiлеттi органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыретiнiң шегiнде:
      1) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етедi;
      2) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды;
      3) арыз берушiлерге олардың өтiнiштерiн тексеру нәтижелерi мен қабылданған шаралар туралы хабарлайды;
      4) арыз берушiлерге олардың өтiнiштерi өздерiнiң құзыретiне сәйкес басқа уәкiлеттi органдарға немесе лауазымды тұлғаларға қарауға жiберiлгенi туралы хабарлайды.
      2. Мемлекеттiк органдар, лауазымды тұлғалар, жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi жүз пайызды құрайтын заңды тұлғалар жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тiкелей қарайтын уәкiлеттi органдар мен лауазымды тұлғалардың сұрауы бойынша мемлекеттiк, қызметтiк немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитындарды және олар үшiн ерекше ұсыну тәртiбi белгiленгендердi қоспағанда, өтiнiштердi қарау үшiн маңызы бар актiлердi, құжаттар мен басқа да материалдарды 15 күнтiзбелiк күн iшiнде беруге мiндеттi.
      Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн жүйелi түрде кемсiту, заңды бiрнеше рет немесе өрескел бұзушылықтар туралы өтiнiштер уәкiлеттi орган басшының тапсырмасы бойынша сол жерге бара отырып тексерiлуi мүмкiн.
      3. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдердiң бiрi қабылданады:
      1) өтiнiштi толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;
      2) мұндай шешiм қабылдауды негіздей отырып, өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы;
      3) өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк беру туралы.
      4. Бiр тұлғаның мүддесi үшiн сол бiр мәселе бойынша бiрнеше өтiнiш келiп түскен кезде бiрiншi өтiнiш негiзгi өтiнiш ретiнде тiркеледi, ал кейiнгiлерi негiзгi өтiнiшке қоса тiркеледi және бiрiншi өтiнiш келiп түскен күннен бастап есептелетiн белгiленген мерзiм шегiнде оларды шешудiң нәтижелерi туралы авторларға хабарлана отырып, бiр өтiнiш ретiнде қаралады.

       10-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн
              мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың қарауы

      Егер Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе мемлекеттiк тапсырыс және/немесе мемлекеттiк сатып алу шарттарына сәйкес қызметтер, тауарлар және жұмыстар ұсынатын мемлекеттiк емес заңды тұлғалар, көрсетiлген тауарларды, қылмыстар мен қызметтердi ұсыну мәселелерi бойынша өтiнiштердi осы Заңда белгiленген тәртiппен қарайды.

       11-бап. Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар

      1. Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағымдану құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс.
      2. Қандай да бiр талаптар мен өтiнiштер болмаған кезде өтiнiштер назарға алынады және оны уәкiлеттi органның басшысы немесе оның орынбасары iске көшiрiп жазады.

       12-бап. Өтiнiштердi қарауды тоқтату

      1. Егер қайта жасалған өтiнiштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал алдыңғы өтiнiштiң материалдарында тексерудiң толымды материалдары бар болса және авторларға белгiленген тәртiппен жауаптар берiлсе, өтiнiштердi қарау тоқтатылады.
      2. Өтiнiштердi қарауды тоқтату туралы шешiмдi уәкiлеттi органның басшысы немесе оның орынбасары, лауазымды тұлға қабылдауға құқылы.

       13-бап. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша
              қабылданған шешiмдерге шағымдану

      Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) немесе уәкiлеттi органдардың шешiмдерiне бағыныстылық немесе шешiм шығару тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе уәкiлеттi органға, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше мерзiм көзделмесе, жеке немесе заңды тұлғаға iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасағаны туралы белгілi болған сәттен бастап, бiрақ үш айдан кешiктiрмей шағым берiледi, бұл ретте арыз берушi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа жүгiну құқығынан айырылмайды.
      Жоғары тұрған орган немесе лауазымды тұлға болмаған немесе арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген кезде шағым тiкелей сотқа берiледi.

       14-бап. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың
              өкiлдерiн жеке қабылдау

      1. Мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары және олардың орынбасарлары айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды өткiзуге мiндеттi.
      2. Қабылдау белгiленген және жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткiзiлген күндер мен сағаттарда жұмыс орны бойынша өткiзiлуге тиiс.
      3. Егер өтiнiштi немесе шағымды лауазымды тұлға қабылдау кезiнде қанағаттандыра алмаса, олар жазбаша нысанда берiледi және олармен жазбаша өтiнiштер ретiнде жұмыс жүргiзiледi.

       15-бап. Өтiнiштердi қарау кезiндегi жеке және заңды
              тұлғалардың құқықтары

      Өтiнiш берген жеке не заңды тұлғаның:
      1) өз өтiнiшiн растау үшiн қосымша құжаттар мен материалдар беруге не оларды талап ету туралы сұрауға;
      2) өтiнiштi қараушы тұлғаға дәлелiн жеке айтуға;
      3) қабылданған шешiм туралы жазбаша немесе ауызша нысанда дәлелденген жауап алуға;
      4) егер олар өтiнiштердi қараудың белгiленген тәртiбiн бұзудың нәтижесi болса, залалды өтеудi талап етуге;
      5) лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге жоғары тұрған уәкiлеттi органға және/немесе жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға;
      6) өтiнiштi қарауды тоқтату туралы арыз беруге құқылы.

       16-бап. Уәкiлеттi органдардың және лауазымды
              тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Уәкiлеттi органдар, лауазымды тұлғалар:
      1) белгiленген тәртiппен өтiнiштердi қарау үшiн қажеттi ақпаратты сұрауға және алуға;
      2) жеке және заңды тұлғалардан көрiнеу жалған мәлiметтерден тұратын хабарламаларды тексеруге байланысты келтiрiлген шығыстарды сот шешiмi бойынша өндiрiп алуға құқылы.
      2. Уәкiлеттi органдар мен лауазымды тұлғалар:
      1) осы Заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер қабылдауға және оларды қарауға;
      2) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      3) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      4) жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешiмдер туралы жазбаша немесе ауызша нысанда хабарлауға;
      5) жеке, соның iшiнде заңды тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын тұлғалардың, олардың отбасы мүшелерiн мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға олардың қызметiн сынап не құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында өтiнiш беруге байланысты қудалануына жол бермеуге;
      6) шағымдарды iс-әрекеттерiне шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жiбермеуге;
      7) мәселенi объективтi шешуге ықылас бiлдiрмейдi деп пайымдауға негiз болған адамдарға тексерудi жүктеу жағдайларын болдырмауға;
      8) оны берген немесе оның мүддесi үшiн өтiнiш берiлген адамға зиян келтiретiн жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне рұқсат бермеуге;
      9) жеке, соның iшiнде заңды тұлғалардың мүддесiн қорғайтын тұлғалардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi немесе мемлекеттiк не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жарияламауға, сондай-ақ жеке тұлғалардың өтiнiшке қатысты емес жеке басы туралы деректердi анықтауға рұқсат берiлмейдi;
      10) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, олардағы сыни ескертулердi талдауға және қорытуға, жұмысты жетiлдiру әрi жеке және заңды тұлғалардың шағымдануына әкелетiн себептердi болдырмау мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеуге;
      11) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау жөнiндегі жұмыстың жай-күйiн жүйелi түрде тексеруге;
      12) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiм мен көлемде келiп түскен, қаралған өтiнiштердiң санын және оларды қарау нәтижелерi туралы мемлекеттiк құқықтық статистикалық ақпарат беруге мiндеттi.

       17-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершiлiк

      Осы Заңның бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тартылады.

       18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. "Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң N 2340 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Хабаршысы, 1995 ж., N 9-10, 71-бап) күшi жойылды деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

О проекте Закона Республики Казахстан "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года N 820

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект

  Закон Республики Казахстан
О порядке рассмотрения обращений
физических и юридических лиц

      Настоящий Закон регулирует общественные отношения, связанные с подачей и рассмотрением обращений физических и юридических лиц с целью реализации и защиты их прав, свобод и законных интересов.

  Статья 1.
Основные понятия, используемые в настоящем Законе

      В настоящем Законе используются следующие понятия:

      1) заявление - ходатайство лица о содействии в реализации его прав и свобод или прав и свобод других лиц, либо сообщение о нарушении законов и иных нормативных правовых актов, недостатках в работе государственных органов, органов местного самоуправления и должностных лиц, либо критика деятельности указанных органов и должностных лиц;

      2) анонимное обращение - обращение, по которому невозможно установить авторство, нет подписи, почтового адреса заявителя;

      3) повторное обращение - обращение, поступившее от одного и того же лица по одному и тому же вопросу не менее двух раз, в котором:
      обжалуется решение, принятое по предыдущему обращению, поступившему в уполномоченный орган;
      сообщается о несвоевременном рассмотрении ранее направленного обращения, если со времени его поступления истек установленный законодательством срок рассмотрения, но ответ заявителем не получен;
      указывается на другие недостатки, допущенные при рассмотрении и разрешении предыдущего обращения;

      4) обращение - направленное в уполномоченный орган или должностному лицу индивидуальное или коллективное письменное предложение, заявление, жалоба или запрос, а также устное обращение в уполномоченный орган;

      5) учет обращения - фиксирование сведений по приему и рассмотрению обращения и их отражение в государственной правовой статистической отчетности;

      6) прием обращения - действие уполномоченного органа, должностного лица на принятие обращения физических и юридических лиц;

      7) рассмотрение обращения - принятие уполномоченным органом, должностным лицом в пределах своей компетенции по зарегистрированному обращению решения в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      8) регистрация обращения - фиксация в учетном информационном документе кратких данных по содержанию обращения и присвоение регистрационного номера каждому поступившему обращению;

      9) запрос - просьба лица о предоставлении информации по интересующим вопросам личного или общественного характера;

      10) уполномоченные органы - государственные органы, органы местного самоуправления, юридические лица, в уставном капитале которых доля государства составляет сто процентов, либо предоставляющие услуги, товары и работы в соответствии с условиями государственного заказа и/или государственного закупа, которые вправе рассматривать и принимать решения по обращениям физических и юридических лиц в соответствии с их компетенцией, установленной законодательством Республики Казахстан, определяющей их правовой статус;

      11) коллективное обращение - обращение двух и более физических и/или юридических лиц;

      12) предложение - рекомендация лица по совершенствованию законов и иных нормативных правовых актов, деятельности органов, развитию общественных отношений, улучшению социально-экономической и иных сфер деятельности государства и общества;

      13) отклик - вид обращения, посредством которого лица реализуют свое отношение к проводимой государством внутренней и внешней политике, а также событиям и явлениям общественного характера;

      14) жалоба - требование лица о восстановлении или защите его нарушенных прав, свобод или законных интересов либо прав, свобод или законных интересов других лиц.

  Статья 2.
Законодательство о порядке рассмотрения
обращений физических и юридических лиц

      1. Законодательство о порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц основывается на Конституции Республики Казахстан, состоит из настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      2. Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые установлены настоящим Законом, то применяются правила международного договора.

  Статья 3.
Сфера действия настоящего Закона

      1. Действие настоящего Закона по обеспечению порядка рассмотрения обращений физических и юридических лиц распространяется на государственные органы, органы местного самоуправления, юридические лица, в уставном капитале которых доля государства составляет сто процентов, либо предоставляющие товары, работы и услуги в соответствии с условиями государственного заказа и/или государственного закупа, и должностных лиц Республики Казахстан.
      2. Действие настоящего Закона не распространяется на обращения физических и юридических лиц, порядок рассмотрения которых установлен законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях, уголовно-процессуальным, гражданско-процессуальным и иным законодательством Республики Казахстан.

  Статья 4.
Принципы настоящего Закона

      Основными принципами регулирования правоотношений, связанных с рассмотрением обращений физических и юридических лиц, являются:
      1) законность;
      2) единства требований к обращениям;
      3) гарантия соблюдения прав, свобод и законных интересов физических и юридических лиц;
      4) недопустимость проявлений бюрократизма и волокиты при рассмотрении обращений;
      5) равенство физических и юридических лиц;
      6) прозрачность деятельности уполномоченных органов и должностных лиц при рассмотрении обращений.

  Статья 5.
Обращения, не подлежащие рассмотрению

      1. Не подлежат рассмотрению:
      1) анонимные обращения, за исключением случаев, когда в таком обращении содержатся сведения о готовящихся или совершенных преступлениях либо об угрозе государственной или общественной безопасности и которое подлежит немедленному перенаправлению в государственные органы в соответствии с их компетенцией;
      2) обращения, в которых не изложена суть вопроса;
      3) повторные обращения, если в материалах проверки предыдущего обращения имеется документ, свидетельствующий - о психическом заболевании заявителя, не позволяющий ему адекватно оценивать происходящие события;
      4) обращение по материалам уголовного дела и если оно поступило от лиц, не являющихся участниками процесса, и ранее им были даны разъяснения положений уголовно-процессуального законодательства;
      5) жалоба на действия (бездействия) должностных лиц или решения уполномоченных органов, поданная вышестоящему должностному лицу или уполномоченному органу в порядке подчиненности, или принятия решения, по истечении срока, установленного статьей 13 настоящего Закона.
      2. Если условия, послужившие основанием для оставления обращения без рассмотрения, в последующем были устранены, уполномоченный орган или должностное лицо обязаны рассматривать указанное обращение.

  Статья 6.
Требования к письменному обращению

      1. Обращение должно адресоваться уполномоченному органу или должностному лицу, в компетенцию которых входит разрешение поставленных в обращении вопросов.
      2. В обращении физического лица указываются его фамилия, имя, место жительства (работы или учебы), юридического лица - его наименование, место нахождение, подпись руководителя или его заместителя, исходящий номер и дата.
      При подаче жалобы указывается наименование уполномоченного органа или должность, фамилии и инициалы должностных лиц, чьи действия обжалуются, мотивы обращения и требования.
      3. Заявителю, непосредственно обратившемуся письменно в уполномоченный орган, выдается талон с указанием даты и времени, фамилии и инициалов лица, принявшего обращение.

  Статья 7.
Прием, регистрация и учет обращений
физических и юридических лиц

      1. Обращения, поданные в установленном настоящим Законом порядке, подлежат обязательному приему, регистрации, учету и рассмотрению. Отказ в приеме обращения запрещается.
      2. Регистрация и учет обращений физических и юридических лиц осуществляется в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере правовой статистики и специальных учетов.
      3. Личную ответственность за организацию работы с обращениями физических и юридических лиц, состояние приема, регистрации и учета несут руководители уполномоченных органов и должностные лица.
      4. Обращение может вноситься через представителя физического или юридического лица. Оформление представительства производится в порядке установленном гражданским законодательством Республики Казахстан.
      5. Обращения физических и юридических лиц, поступившие по информационным системам общего пользования и соответствующие требованиям законодательства Республики Казахстан об электронном документе и электронной цифровой подписи, подлежат рассмотрению в порядке, установленном настоящим Законом.
      6. Обращение, поступившее в уполномоченный орган, в компетенцию которого   не входит разрешение поставленных в обращении вопросов, в срок   не позднее 3 рабочих дней направляется в соответствующие уполномоченные   органы с сообщением об этом заявителю.

  Статья 8.
Сроки рассмотрения обращения

      1. Обращение физического и юридического лица рассматривается и по нему принимается решение в течение 30 календарных дней со дня поступления в уполномоченный орган, должностному лицу, если иное не предусмотрено другими законодательными актами Республики Казахстан.
      2. Обращение, не требующее направления запроса в иной уполномоченный орган, должностному лицу либо выезда на место, рассматривается в течение 15 календарных дней.
      В тех случаях, когда необходимо проведение дополнительного изучения или проверки, сроки могут быть продлены не более чем на 30 календарных дней, о чем сообщается заявителю в течение трех календарных дней с момента продления срока рассмотрения.
      3. Сроки рассмотрения по обращению продлеваются руководителем уполномоченного органа или лицом, уполномоченным разрешать такие вопросы.
      4. Если решение вопросов, изложенных в обращении, требует длительного срока, то обращение ставится на дополнительный контроль вплоть до окончательного его исполнения, о чем сообщается заявителю в течение трех календарных дней.

  Статья 9.
Рассмотрение обращений физических и юридических лиц

      1. Уполномоченные органы и должностные лица в пределах своей компетенции:
      1) обеспечивают объективное, всестороннее и своевременное рассмотрение обращений физических и юридических лиц, в случае необходимости - с их участием;
      2) принимают меры, направленные на восстановление нарушенных прав и свобод физических и юридических лиц;
      3) информируют заявителей о результатах проверки их обращений и принятых мерах;
      4) уведомляют заявителей о направлении их обращений на рассмотрение в другие уполномоченные органы или должностным лицам в соответствии с их компетенцией.
      2. Государственные органы, должностные лица, юридические лица, в уставном капитале которых доля государства составляет сто процентов, по запросам уполномоченных органов или должностных лиц, непосредственно рассматривающих обращения физических и/или юридических лиц, обязаны в течение 15 календарных дней предоставлять акты, документы и другие материалы, имеющие значение для рассмотрения обращений, за исключением тех, которые содержат государственную, служебную или иную охраняемую законом тайну и для которых установлен особый порядок предоставления.
      Обращения о систематическом ущемлении прав, свобод и законных интересов физических и юридических лиц, многочисленных или грубых нарушениях закона, могут проверяться с выездом на место по поручению руководителя уполномоченного органа.
      3. По результатам рассмотрения обращений принимается одно из следующих решений:
      1) о полном или частичном удовлетворении обращения;
      2) об отказе в удовлетворении обращения с обоснованием принятия такого решения;
      3) о даче разъяснения по существу обращения.
      4. При поступлении нескольких обращений по одному и тому же вопросу в интересах одного и того же лица, первое обращение регистрируется как основное обращение, а последующие приобщаются к основному обращению и рассматриваются как одно обращение с уведомлением авторов о результатах их разрешения в пределах установленного срока, исчисляемого со дня поступления первого обращения.

  Статья 10.
Рассмотрение обращений физических и
юридических лиц негосударственными юридическими лицами

      Негосударственные юридические лица, предоставляющие услуги, товары и работы в соответствии с условиями государственного заказа и/или государственного закупа, рассматривают обращения по вопросам предоставления указанных товаров, работ и услуг в порядке, установленном настоящим Законом, если иное не предусмотрено иными законодательными актами Республики Казахстан.

  Статья 11
Ответы на обращение

      1. Ответы на обращения должны быть по содержанию обоснованными и мотивированными, на государственном языке или язык обращения со ссылкой на законодательство Республики Казахстан содержать конкретные факты, опровергающие или подтверждающие заявителя, с разъяснением их права на обжалование принятого решения.
      2. При отсутствии каких-либо требований и ходатайств обращения принимаются к сведению и списываются в дело руководителем уполномоченного органа или его заместителем.

  Статья 12.
Прекращение рассмотрения обращений

      1. Рассмотрение обращений прекращается, если в повторных обращениях не приводятся новые доводы или вновь открывшиеся обстоятельства, а в материалах предыдущего обращения имеются исчерпывающие материалы проверок и авторам в установленном порядке давались ответы.
      2. Решение о прекращении рассмотрения обращений вправе принимать руководитель уполномоченного органа или его заместитель, должностное лицо.

  Статья 13.
Обжалование решений, принятых
по результатам рассмотрения обращений

      Жалоба на действия (бездействия) должностных лиц или решения уполномоченных органов подается вышестоящему должностному лицу или уполномоченному органу в порядке подчиненности, или принятия решения, но не позднее трех месяцев, если иной срок не предусмотрен законодательством Республики Казахстан, с момента, когда физическому или юридическому лицу стало известно о совершении действия (бездействия), при этом заявитель не лишается права обратиться в суд в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      При отсутствии вышестоящего органа или должностного лица или несогласия заявителя с принятым решением жалоба подается непосредственно в суд.

  Статья 14.
Личный прием физических лиц и представителей
юридических лиц

      1. Первые руководители государственных органов и их заместители обязаны проводить личный прием граждан, в том числе работников этих органов, не реже одного раза в месяц, согласно графику приема, утверждаемому руководителем соответствующего государственного органа.
      2. Прием должен проводиться по месту работы в установленные и доведенные до сведения физических и юридических лиц дни и часы.
      3. Если заявление или жалоба не могут быть разрешены должностным лицом во время приема, они излагаются в письменной форме и с ними ведется работа как с письменными обращениями.

  Статья 15.
Права физических и юридических лиц
при рассмотрении обращения

      Физическое либо юридическое лицо, подавшее обращение, имеет право:
      1) представлять дополнительные документы и материалы, в подтверждение своего обращения, либо просить об их истребовании;
      2) лично изложить доводы лицу, рассматривающему обращение;
      3) получить мотивированный ответ в письменной или устной форме о принятом решении;
      4) требовать возмещения убытков, если они стали результатом нарушений установленного порядка рассмотрения обращений;
      5) обжаловать действия (бездействия) должностных лиц, либо решение, принятое по обращению, в вышестоящий уполномоченный орган и/или вышестоящему должностному лицу или в суд;
      6) обращаться с заявлением о прекращении рассмотрения обращения.

  Статья 16.
Права и обязанности уполномоченных органов
и должностных лиц

      1. Уполномоченные органы, должностные лица имеют право:
      1) запрашивать и получать в установленном порядке необходимую для рассмотрения обращений информацию;
      2) взыскивать с физических и юридических лиц по решению суда расходы, понесенные в связи с проверкой сообщений, содержащих заведомо ложные сведения.
      2. Уполномоченные органы и должностные лица обязаны:
      1) принимать и рассматривать обращения физических и юридических лиц, в порядке и сроки, установленные настоящим Законом;
      2) принимать законные и обоснованные решения;
      3) обеспечить контроль за исполнением принятых решений;
      4) сообщать физическим и юридическим лицам о принятых решениях в письменной или устной форме;
      5) пресекать преследования физических лиц, в том числе выступающих в интересах юридического лица, членов их семей в связи с подачей обращения в государственные органы, организации и должностными лицам с критикой их деятельности либо в целях защиты прав, свобод и законных интересов;
      6) не направлять на рассмотрение жалобы должностным лицам, действия которых обжалуются;
      7) исключать случаи возложения проверок на лиц, в отношении которых имеются основания полагать, что они не заинтересованы в объективном решении вопроса;
      8) не допускать обращения физических и юридических лиц во вред лицу, его подавшему, или в интересах которого она была подана;
      9) не разглашать сведения о личной жизни физических лиц, в том числе выступающих в интересах юридического лица, без их согласия или сведения, составляющие государственную либо иную, охраняемую законом тайну, также не допускается установление данных о личности физических лиц, не относящихся к обращению;
      10) анализировать и обобщать обращения физических и юридических лиц, содержащиеся в них критические замечания, изучать общественное мнение с целью совершенствования работы и устранения причин, порождающих жалобы физических и юридических лиц;
      11) систематически проверять состояние работы по рассмотрению обращений физических и юридических лиц;
      12) представлять государственную правовую статистическую информацию о количестве поступивших, рассмотренных обращений и результатах их рассмотрения в сроки и объемах, установленные уполномоченным органом в сфере правовой статистики и специальных учетов.

  Статья 17.
Ответственность за нарушение настоящего Закона

      Лица, виновные в нарушении настоящего Закона, несут ответственность, предусмотренную законами Республики Казахстан.

  Статья 18.
Порядок введения в действие настоящего Закона

      1. Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2007 года.
      2. Признать утратившим силу  Указ  Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 19 июня 1995 года N 2340 "О порядке обращений граждан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 9-10, ст. 71).

       Президент
      Республики Казахстан