"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 827 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінiң
      мiндетiн атқарушы

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжаттар; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; 2006 жылғы 11 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 8 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот сараптамасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы, 2006 жылғы 11 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 11 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлеріне  бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңы, 2006 жылғы 18 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 18 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзара сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2006 жылғы 11 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 11 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2006 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2006 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 18 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тиісті тауар нарығында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектілері мен нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 396-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс
                күшiн тарту мен пайдалану ережелерiн бұзу

      1. Жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалану ережелерiн бұзуы не Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдауы немесе еңбегiн пайдалануы, сондай-ақ лауазымды адамдардың заңсыз иммигранттарға қатысты нотариалдық немесе қандай да бiр өзге де заңдық (құқық туғызушылық) iс-әрекеттер жасауы -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, жеке кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметi Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалану ережесiн бұзушылықтармен жүзеге асыруы, -
      Қазақстан Республикасының аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк тұтқындауға әкеп соғады.";

      2) 397-бап алынып тасталсын;

      3) 398-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "398-бап. Босқынның тұру ережелерiн бұзуы

      Босқынның тегі, аты, отбасылық жағдайы, отбасы құрамының өзгергенi туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттiң азаматтығын алғандығы туралы көшi-қон жөнiндегi органға хабарламауы, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 541-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "397," деген сандар алынып тасталсын;

      5) 552-баптың бiрiншi бөлiгіндегi "396 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алынып тасталсын;

      6) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
      бiрiншi абзац "394 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "396 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      он үшiншi абзац "Көшi-қон және демография жөнiндегi органдардың (396 (екiншi бөлiгі), 397-баптар);" алынып тасталсын;
      отызыншы абзацтағы "396 (екiншi бөлiгi)," деген сөздер алынып тасталсын;

      7) 730-баптың 2) тармақшасындағы "және 397-" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 17, 101-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 2-баптың отызыншы абзацы алынып тасталсын;

      2) 68-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) оралмандар;".

      3. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат; N 21-22, 285-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 6, 76-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) бейiмдеу қызметтерi - оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiне оралмандарды бейiмдеу мен кiрiктiру орталығында көрсетiлетiн, құқықтық консультацияны, мемлекеттiк және орыс тiлдерiн оқытуды, кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын қызметтер кешенi;";
      5) тармақша алынып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) оралмандардың көшiп келу квотасы - Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн, осы Заңға сәйкес жеңiлдiктермен, өтемақылармен және бiржолғы жәрдемақылармен қамтамасыз етiлетiн оралмандар отбасының саны;";
      12) тармақша алынып тасталсын;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) халықтың көші-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган - көшi-қон процестерiн реттеудi және халықтың көшi-қоны саласындағы жұмысты үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);";
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) оралмандарды бейiмдеу мен кiрiктiру орталығы - оралмандар отбасыларының уақытша тұруына және оларға бейiмделу қызметтерiн көрсетуге арналған орын;";

      2) 7-баптың екiншi бөлiгiндегi "уәкiлеттi органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Оралмандардың көшiп келу квотасын белгiлеу

      1. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша оралмандардың алдағы жылға және (немесе) перспективаға арналған көшiп келу квотасын белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi оралмандардың көшiп келу квотасын уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша таратып бөледi.";

      4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Оралман мәртебесiн беру және оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзу
      1. Оралман мәртебесiн беру және/немесе оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзу туралы өтiнiштердi отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң бiрi тiкелей өзi немесе уәкiлеттi өкiл арқылы уәкiлеттi органға бередi.
      2. Оралман мәртебесiн беру және/немесе оралманның отбасын оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзу туралы өтiнiштi қарауды, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешiм қабылдауды уәкiлеттi органның аумақтық органы аумақтық органда тiркелген күнiнен бастап екi ай iшiнде жүзеге асырады.
      Оралман мәртебесiн беру өтiнiш берушiлер осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында белгiленген талаптарға сәйкес болған жағдайда жүзеге асырылады.
      Оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзу өлшемдердi ескере отырып және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Оралман отбасының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын мүшелерi оралмандардың көшiп келу квотасына енгізiлмейдi.
      3. Оралмандарға уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша куәлiк берiледi. Оралманның куәлiгi қатаң есептiлiк құжаты болып табылады және оның мәртебесiн растауға негiздеме болады.
      4. Оралман мәртебесi ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн тоқтатылады.
      5. Аумақтық органдардың шешiмдерiне уәкiлеттi органға немесе сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.";

      5) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Оралмандардың, олардың отбасы мүшелерiнiң
               құқықтары мен мiндеттерi

      1. Оралмандардың жеңiлдiктердi, өтемақыларды, бiржолғы жәрдемақыларды және атаулы көмектiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да түрлерiн алуға құқығы бар.
      Осы Заңның 29-4-бабында көзделген жеңiлдiктердi, өтемақылар мен бiржолғы жәрдемақыларды қоспағанда, жеңiлдiктердi, өтем ақыларды, бiржолғы жәрдемақыларды және атаулы көмектiң басқа да түрлерiн алу құқығы оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына қарамастан, оралман мәртебесi берiлген күнiнен бастап үш жыл бойы сақталады.
      2. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерi:
      1) уәкiлеттi органның аумақтық органына өздерiне оралман мәртебесiн беру және/немесе оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзу туралы өтiнiштерiн қарауға қажеттi отбасының барлық мүшелерiне дұрыс мәлiметтердi ұсынуға;
      2) денсаулық сақтау органдарының талабы бойынша медициналық тексеруден өтуге, екпелер, ем қабылдауға, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының ұйғарымдарын орындауға;
      3) оралмандарды бейiмдеу мен кiрiктiру орталықтарына жолдама алған кезде үш күннiң iшiнде сонда қоныстануға және оралмандарды бейiмдеу мен кiрiктiру орталықтарында болудың белгiленген кезеңi аяқталғаннан кейiн өздерiне берiлген үй-жайды босатуға;
      4) уақытша орналастыру орталығында және оралмандарды бейiмдеу мен кiрiктiру орталықтарында болудың белгiленген тәртiбiн сақтауға мiндеттi.";

      6) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Оралмандарды бейiмдеу мен кiрiктiру орталығы

      Оралмандарды бейiмдеу мен кiрiктiру орталығы мемлекеттiк мекеме нысанында құрылады.
      Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiнiң оралмандарды бейiмдеу мен кiрiктiру орталығында болу және оларға бейiмдеу қызметтерiн көрсету тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.";

      7) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Оралман отбасының оралмандардың көшiп келу
               квотасына енгiзiлетiн мүшелерi

      Оралмандардың көшiп келу квотасына оралман отбасының мына мүшелерi:
      күйеуi (әйелi);
      ата-анасы;
      балалары (оның iшiнде асырап алған);
      отбасы жоқ және оралманмен бiрге тұратын бiр ата-анадан туған және бiр ата-анадан тумаған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi енгiзiледi.";

      8) 4-1-тараудың тақырыбына:
      "Оралмандарға деген сөзден кейiн ", олардың отбасы мүшелерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "өтемақылар" деген сөзден кейiн ", жәрдемақылар" деген сөзбен толықтырылсын;

      9) 29-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-4-бап. Оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша келген
                 оралмандарға және олардың отбасы мүшелерiне
                 берiлетiн қосымша жеңiлдiктер, өтемақылар мен
                 біржолғы жәрдемақылар

      Мемлекет оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiн осы 3аңның 29-2 және 29-3-баптарында көзделген жеңiлдiктерден, өтемақылардан, бiржолғы жәрдемақылардан және атаулы көмектiң басқа да түрлерiнен басқа:
      1) кеден iстерi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi opгaн:
      шекара арқылы кеден төлемдерiн алмай өткiзудi;
      2) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      тұрақты тұратын жерiне жол жүру және мүлкiн (оның iшiнде малын) жеткiзу жөнiндегi шығыстарды өтеудi;
      тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлудi;
      бiржолғы жәрдемақы төлеудi қамтамасыз етедi.
      Оралмандарға тұрақты тұратын жерiне жол жүру және мүлкiн (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу, тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақы төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";

      10) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:
      1) Республикадағы көшi-қон процестерiн талдайды және оған болжам жасайды;
      2) халықтың көшi-қонын реттеу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
      3) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегі бағдарламалық iс-шараларды және нормативтiк актiлердi әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      4) көшi-қон мәселелерi жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
      5) оралмандардың көшiп келу квотасын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      6) оралман және босқын мәртебесiн беру тәртiбiн айқындайды;
      7) оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiнiң уақытша орналастыру орталығында болу тәртiбiн белгiлейдi;
      8) оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiнiң оралмандарды бейiмдеу мен кiрiктiру орталығында болу және оларға бейiмдеу қызметтерiн көрсету тәртiбiн белгiлейдi;
      9) келген оралмандар мен босқындарды тiркеудi, есепке алуды жүзеге асырады;
      10) оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелерiне бiржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеудi жүзеге асырады;
      11) уәкiлеттi органның аумақтық органдарының босқын, оралман мәртебесiн беруден және оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзуден бас тартуы туралы шағымдар бойынша шешiм қабылдайды.".

      4. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 17-18, 76-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат):

      1) 10-баптың 4-тармағында:
      екiншi бөлiктегi "немесе сақтандыру ұйымдарына жұмыскердiң атына кепiлдi және кепiлзат қойылған жарналар" деген сөздер "жұмыскердiң атына кепiлдi жарна" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "және кепiлзат қойылған жарналарды" деген сөздер "жарнаны Қазақстан Республикасының банктерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-баптың 2-тармағындағы "шегiнде" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн адамдарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 15-баптың 5-тармағындағы "қызметтерi" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 21-баптың 3-тармағындағы "көшi-қон қызметтерi" деген сөздер "iшкi iстер" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам миграции"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2006 года N 827

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам миграции".

       Исполняющий обязанности
      Премьер-Министра
      Республики Казахстан

Проект   

  Закон Республики Казахстан
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам миграции

       Статья 1.  Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В  Кодекс  Республики Казахстан от 30 января 2001 г. "Об административных правонарушениях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 5-6, ст. 24; N 17-18, ст. 241; N 21-22, ст. 281; 2002 г., N 4, ст. 33; N 17, ст. 155; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 4, ст. 25; N 5, ст. 30; N 11, ст. 56, 64, 68; N 14, ст. 109; N 15, ст. 122, 139; N 18, ст. 142; N 21-22, ст. 160; N 23, ст. 171; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 55; N 15, ст. 86; N 17, ст. 97; N 23, ст. 139, 140; N 24, ст. 153; 2005 г., N 5, ст. 5; N 7-8, ст. 19; N 9, ст. 26; N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 17-18, ст. 72; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 5; N 2, ст. 19, 20; N 3, ст. 22; N 5-6, ст. 31; N 8, ст. 45; N 10, ст. 52;  Закон  Республики Казахстан от 4 июля 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам судебной экспертизы", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 11 июля 2006 г. и "Казахстанская правда" 8 июля 2006 г.,   Закон  Республики Казахстан от 5 июля 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам средств массовой информации", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 11 июля 2006 г. и "Казахстанская правда" 11 июля 2006 г.,  Закон  Республики Казахстан от 5 июля 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам взаимного страхования", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 18 июля 2006 г. и "Казахстанская правда" 18 июля 2006 г.,  Закон  Республики Казахстан от 5 июля 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования бюджетного законодательства Республики Казахстан и деятельности Национального Банка Республики Казахстан", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 11 июля 2006 г. и "Казахстанская правда" 11 июля 2006 г.,  Закон  Республики Казахстан от 7 июля 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам здравоохранения", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 14 июля 2006 г. и "Казахстанская правда" 14 июля 2006 г.,  Закон  Республики Казахстан от 7 июля 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам контроля и регулирования деятельности субъектов естественной монополии и субъектов рынка, занимающих доминирующее положение на соответствующем товарном рынке", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 18 июля 2006 г. и "Казахстанская правда" 18 июля 2006 г.):
      1) статью 396 изложить в следующей редакции:
      "Статья 396. Нарушение правил привлечения и использования в Республике Казахстан иностранной рабочей силы
      1. Нарушение работодателем правил привлечения и использования в Республике Казахстан иностранной рабочей силы либо прием на работу или использование труда иностранцев и лиц без гражданства, пребывающих на территории Республики Казахстан незаконно, а также совершение должностными лицами в отношении незаконных иммигрантов нотариальных или каких-либо иных юридических (правообразующих) действий - влекут штраф на физических лиц в размере от десяти до двадцати, на должностных лиц, индивидуальных предпринимателей, юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства или некоммерческими организациями, - в размере от двадцати до ста, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от трехсот до пятисот месячных расчетных показателей.
      2. Осуществление иностранцем или лицом без гражданства трудовой деятельности в Республике Казахстан с нарушениями правил привлечения и использования в Республике Казахстан иностранной рабочей силы - влечет штраф в размере от двадцати до двадцати пяти месячных расчетных показателей, либо административный арест на срок до пятнадцати суток с административным выдворением за пределы Республики Казахстан.";
      2) статью 397 исключить;
      3) статью 398 изложить в следующей редакции:
      "Статья 398. Нарушение беженцем правил проживания
      Несообщение беженцем в орган по миграции об изменении фамилии, имени, семейного положения, состава семьи, а также о приобретении гражданства Республики Казахстан или иного государства -
      влекут предупреждение или штраф в размере от трех до пяти месячных расчетных показателей.";
      4) в части первой статьи 541 цифры "397," исключить;
      5) в части первой статьи 552 слова "396 (частью первой)," исключить;
      6) в подпункте 1) части первой статьи 636:
      абзац первый после слов "394 (часть вторая)," дополнить словами "396 (часть вторая),";
      абзац тринадцатый "органов по миграции и демографии (статьи 396 (часть вторая), 397);" исключить;
      в абзаце тридцатом слова "396 (часть вторая)," исключить;
      7) в подпункте 2) статьи 730 слова "и 397" исключить.

      2. В  Закон  Республики Казахстан от 16 апреля 1997 г. "О жилищных отношениях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 8, ст. 84; 1999 г., N 13, ст. 431; N 23, ст. 921; 2001 г., N 15-16, ст. 228; 2002 г., N 6, ст. 71; 2003 г., N 11, ст. 67; 2004 г., N 14, ст. 82; N 17, ст. 101; N 23, ст. 142,  Закон  Республики Казахстан от 7 июля 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития арендного сектора жилья", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 12 июля 2006 г. и "Казахстанская правда" 12 июля 2006 г.):
      1) абзац тридцатый статьи 2 исключить;
      2) подпункт 7) статьи 68 изложить в следующей редакции:
      "7) оралманы;".

      3. В  Закон  Республики Казахстан от 13 декабря 1997 г. "О миграции населения" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 года, N 24, ст. 341; 2001 г., N 8, ст. 50; N 21-22, ст. 285; N 24, ст. 338; 2002 г., N 6, ст. 76; 2004 г., N 23, ст. 142):
      1) в статье 1:
      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      "1-1) адаптационные услуги - комплекс услуг, предоставляемых оралманам и членам их семей в центре адаптации и интеграции оралманов, включающий правовую консультацию, обучение государственному и русскому языкам, профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации;";
      подпункт 5) исключить;
      подпункт 6) изложить в следующей редакции:
      "6) квота иммиграции оралманов - устанавливаемое Президентом Республики Казахстан число семей оралманов, которые обеспечиваются льготами, компенсациями и единовременными пособиями в соответствии с настоящим Законом;";
      подпункт 12) исключить;
      подпункт 15) изложить в следующей редакции:
      "15) уполномоченный орган по вопросам миграции населения - государственный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции регулирование миграционных процессов и координацию работы в области миграции населения (далее - уполномоченный орган);";
      дополнить подпунктом 16-1) следующего содержания:
      "16-1) центр адаптации и интеграции оралманов - место, предназначенное для временного пребывания семей оралманов и оказания им адаптационных услуг;";
      2) в части второй статьи 7 слова "уполномоченного органа" заменить словами "местных исполнительных органов Республики Казахстан";
      3) статью 9 изложить в следующей редакции:
      "Статья 9. Установление квоты иммиграции оралманов
      1. Президент Республики Казахстан по представлению Правительства Республики Казахстан устанавливает квоту иммиграции оралманов на предстоящий год и (или) на перспективу.
      2. Правительство Республики Казахстан распределяет квоту иммиграции оралманов по областям (города республиканского значения, столицы) с учетом предложений уполномоченного органа и местных исполнительных органов.";
      4) статью 14 изложить в следующей редакции:
      "Статья 14. Присвоение статуса оралмана и включение в квоту
                  иммиграции оралманов
      1. Заявления о присвоении статуса оралмана и/или включении в квоту иммиграции оралманов подаются одним из совершеннолетних членов семьи лично или через уполномоченного представителя в уполномоченный орган.
      2. Рассмотрение заявления о присвоении статуса оралмана и/или включении семьи оралмана в квоту иммиграции оралманов, а также принятие решения по данным вопросам осуществляется территориальным органом уполномоченного органа в течение двух месяцев со дня регистрации в территориальном органе.
      Присвоение статуса оралмана осуществляется при условии соответствия обратившихся требованиям установленным подпунктом 11) статьи 1 настоящего Закона.
      Включение в квоту иммиграции оралманов осуществляется с учетом критериев и в порядке установленном Правительством Республики Казахстан.
      В квоту иммиграции оралманов не включаются члены семьи оралмана, являющиеся гражданами Республики Казахстан.
      3. Оралманам выдается удостоверение по форме установленной уполномоченным органом. Удостоверение оралмана является документом строгой отчетности и служит основанием для подтверждения их статуса.
      4. Статус оралмана прекращается после получения им гражданства Республики Казахстан.
      5. Решения территориальных органов могут быть обжалованы в уполномоченном органе или в суде в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";
      5) статью 15 изложить в следующей редакции:
      "Статья 15. Права и обязанности оралманов, членов их семей
      1. Оралманы имеют право на получение льгот, компенсаций, единовременных пособий и других видов адресной помощи, установленных законами Республики Казахстан.
      Право на получение льгот, компенсаций, пособий и других видов адресной помощи, за исключением льгот, компенсаций и единовременных пособий предусмотренных в статье 29-4 настоящего Закона, сохраняется вне зависимости от приобретения оралманами гражданства Республики Казахстан в течении трех лет со дня присвоения статуса оралмана.
      2. Оралманы и члены их семей обязаны:
      1) предоставлять в территориальные органы уполномоченного органа достоверные сведения на всех членов семьи необходимые для рассмотрения их заявлений о присвоении статуса оралмана и/или включении в квоту иммиграции оралманов;
      2) проходить медицинские осмотры по требованию органов здравоохранения, получать прививки, лечение, а также выполнять предписания органов здравоохранения;
      3) при получении направления в центр адаптации и интеграции оралманов поселиться там в течение трех дней и после завершения установленного периода пребывания в центре адаптации и интеграции оралманов освободить предоставленное им помещение;
      4) соблюдать установленный порядок пребывания в центре временного размещения и в центре адаптации и интеграции оралманов.";
      6) дополнить статьей 15-1 следующего содержания:
      "Статья 15-1 Центр адаптации и интеграции оралманов
      Центр адаптации и интеграции оралманов создается в форме государственного учреждения.
      Порядок пребывания оралманов и членов их семей в центре адаптации и интеграции оралманов и оказания им адаптационных услуг определяется уполномоченным органом.";
      7) статью 27 изложить в следующей редакции:
      "Статья 27. Члены семьи оралмана, включаемые в квоту
                  иммиграции оралманов
      В квоту иммиграции оралманов включаются следующие члены семьи оралмана:
      супруг(а);
      родители;
      дети (в том числе усыновленные);
      полнородные и неполнородные братья и сестры, не имеющие семьи и проживающие совместно с оралманом.";
      8) в заголовке главы 4-1:
      после слова "компенсации" дополнить словами ", пособия";
      дополнить словами ", членам их семей";
      9) статью 29-4 изложить в следующей редакции:
      "Статья 29-4. Дополнительные льготы, компенсации и
                    единовременные пособия оралманам и членам их
                    семей, прибывшим по квоте иммиграции оралманов
      Оралманам и членам их семей, прибывшим по квоте иммиграции оралманов, кроме льгот, компенсаций, пособий и других видов адресной помощи, предусмотренных в статьях 29-2 и 29-3 настоящего Закона, государство обеспечивает:
      1) уполномоченный орган по вопросам таможенного дела:
      перемещение через границу без взимания таможенных платежей;
      2) уполномоченный орган по вопросам миграции населения:
      возмещение расходов по проезду к постоянному месту жительства и провозу имущества (в том числе скота);
      выделение средств для приобретения жилья;
      выплату единовременных пособий.
      Порядок возмещения расходов по проезду к постоянному месту жительства и провозу имущества (в том числе скота), выделения средств для приобретения жилья и выплаты единовременных пособий оралманам, определяется Правительством Республики Казахстан.";
      10) статью 34 изложить в следующей редакции:
      "Статья 34. Компетенция уполномоченного органа
      Уполномоченный орган:
      1) анализирует и прогнозирует миграционные процессы в Республике;
      2) вырабатывает предложения о мерах по регулированию миграции населения;
      3) разрабатывает и осуществляет реализацию программных мероприятий и нормативных актов по вопросам миграции населения;
      4) координирует работу по вопросам миграции;
      5) вырабатывает предложения по формированию квоты иммиграции оралманов;
      6) определяет порядок присвоения статуса оралмана и беженца;
      7) определяет порядок пребывания оралманов и членов их семей в центре временного размещения;
      8) определяет порядок пребывания оралманов и членов их семей в центре адаптации и интеграции оралманов и оказания им адаптационных услуг;
      9) осуществляет регистрацию, учет прибывших оралманов и беженцев;
      10) осуществляет выплату единовременных пособий и компенсаций оралманам и членам их семей, прибывшим по квоте иммиграции оралманов;
      11) принимает решения по жалобам об отказе территориальными органами уполномоченного органа в присвоении статуса беженца, оралмана и включении в квоту иммиграции оралманов.".

      4. В  Закон  Республики Казахстан от 23 января 2001 г. "О занятости населения" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 3, ст. 18; 2004 г., N 2, ст. 10; 2005 г., N 7-8, ст. 19; N 17-18, ст. 76; 2006 г., N 3, ст. 22; N 10, ст. 52):
      1) в пункте 4 статьи 10:
      в части второй слова "и залогового взносов в банки или страховые организации" заменить словами "взноса в банки";
      в части третьей слова "и залогового взносов" заменить словами "взноса в банки Республики Казахстан";
      2) пункт 2-1 статьи 11 после слов "рабочей силы" дополнить словами ", за исключением лиц, определяемых Правительством Республики Казахстан,";
      3) в пункте 5 статьи 15 слово "службами" заменить словом "органами";
      4) в пункте 3 статьи 21 слова "миграционной службы" заменить словами "внутренних дел".

       Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его официального опубликования.

       Президент
      Республики Казахстан