Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Қазақстан Республикасының 2006 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентiнің
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының 2006 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2006 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi үш ай мерзiмде Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2007 - 2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз қызметiнде Тұжырымдаманың ережелерiн басшылыққа алсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы "__"_______
N_____ Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
2006 - 2024 жылдарға арналған
орнықты дамуға көшу
тұжырымдамасы
Астан, 2006
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
1. Орнықты дамуға көшудiң алғышарттары мен қағидаттары
2. Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерi
3. XXI ғасырға арналған ұлттық күн тәртiбiнiң тұжырымдамалық бағыттары
3.1. Тұрақты саяси даму
3.2. Қоғамның орнықты дамуы
3.3. Орнықты экономикалық прогресс
3.4. Экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету
4. XXI ғасырға арналған жергiлiктi күн тәртiптерiн қалыптастыруға трансөңiрлiк экожүйелiк көзқарас
5. Мемлекеттiң миссиясы және институционалдық қамтамасыз ету
6. Тұжырымдамада пайдаланылатын ұғымдар
Кiрiспе
Қазақстан Республикасы әлемдiк қоғамдастықтың толыққанды қатысушысы ретiнде "ХХI ғасырға арналған күн тәртiбiнде" (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық Саммиттiң (Нью-Йорк, 2000 жыл) және Орнықты Даму жөнiндегi Әлемдiк Самиттiң (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған мiндеттердi орындау жөнiндегi мiндеттемелердi өзiне қабылдады.
Қазақстан Республикасы орнықты дамуға қол жеткiзу бағытында бiрқатар шаралар қолданды.
Жаhандық деңгейде 1998 жылдан бастап Қазақстан БҰҰ-ның Орнықты даму жөнiндегі комиссиясының, "Еуропа үшiн қоршаған орта" және "Азия үшiн қоршаған орта мен орнықты даму" үдерiстерiнiң мүшесi және белсендi қатысушысы болып табылады. 2003 жылдан бастап Қазақстан орнықты дамуға арналған Дүниежүзiлiк кәсiпкерлер кеңесiнiң өңiрлiк еуразиялық желiсiнiң қатысушысы болып табылады.
Өңiрлiк деңгейде Қазақстан қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-қимылдың өңiрлiк жоспарын iске асыруға және Орталық Азия елдерiнiң орнықты дамуына арналған қоршаған орта жөнiндегi Негiздемелiк конвенциясын дайындауға қатысады, Орталық Азия орнықты даму стратегиясын (Субөңiрлiк күн тәртiбi-21) дайындау үдерiсiн белсендi қолдайды.
Ұлттық деңгейде Қазақстанның 2030 жылға дейiн Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары, Индустриялық-инновациялық дамудың 2015 жылға дейiнгi стратегиясы, Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiнiң 2015 жылға дейiнгi тұжырымдамасы қабылданды, Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесi, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, Еуразиялық даму банкi құрылды.
Орнықты даму "Қазақстан - 2030" стратегиясының идеологиясы. Стратегияға сәйкес Қазақстанның болашағы қоғам дамуының барлық аспектiлерiнiң бiрлiгiмен, теңгерiмдiлiгiмен байланысты. Қазақстан орнықты экономикалық өсуге, өзiнің барлық азаматтары үшiн әл-ауқатқа, денсаулыққа және қолайлы қоршаған ортаға қол жеткiзiп келе жатқан ел ретiнде қаралады. "Қазақстан - 2030" Стратегиясында: "2030 жылғы Қазақстан таза ауасы мен мөлдiр суы бар таза және жасыл ел болуға тиiс. Өнеркәсiптiк қалдықтар мен радиация ендi бiздiң үйлерiмiз бен бақтарымызға кiре алмайды. Бiздiң балаларымыз бен балаларымыздың балалары салауатты жағдайда толыққанды өмiр сүредi." деп жазылған.
Президенттiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясында орнықты даму саласында жаңа мiндеттер қойылғаны заңды құбылыс. Бұл - орнықты экономикалық өсу қажеттiлiгi, орнықты энергетикалық саясат, қоғамның орнықты дамуының экологиялық стандарттарына көшу, орнықты бизнес-құрылымдар құру, орнықты жұмыспен қамту саясаты, Қазақстанның елордасы - Астана қаласының орнықты дамуы.
Қазiргi таңда орнықты дамуға көшу бiздiң елiмiз үшiн объективтiк қажеттiлiкке айналуда және ұлттық идеяның негiзi болуы мүмкiн, қазақ халқының туған жерiнiң өркендеуi, оның табиғатын, мәдениетiн, әрбiр қазақстандықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау туралы ғасырлар бойғы арманының iске асуы мүмкiн.
Қазақстанның жер қойнауының зор ресурстары, табиғи жағдайлардың алуан түрлiлiгi, Қазақстан халқының қайратты, дарынды және төзiмдi бiрегей қасиеттерi Қазақстан Республикасының алдында тек қана жетекшi әлемдiк державалардың қатарына қосылуға емес, сондай-ақ "болашақтың мемлекетi", табиғи капиталдың жаhандық тарихи көлемде сақталуы мен көбеюiн қамтамасыз ететiн экологиялық бағдарланған елдiң үлгiсi болуға мүмкiндiк бередi.
Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы оның орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатының мақсаттары мен басымдықтарын айқындайды және Қазақстанның әлемдiк аренадағы адами өркениеттiң орнықты дамуының көшбасшыларының бiрi ретiндегi рөлiн бекiтуге, яғни, ел халқының барлық жiктерi өмiрiнiң жоғары сапасы мен озық әлеуметтiк стандарттарын қамтамасыз ете отырып, саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк аспектiлердiң теңгерiмдi дамуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Осы Тұжырымдамада Қазақстан Республикасында қабылданған стратегиялық және тұжырымдамалық құжаттарды қайталай, сонымен бiрге тұрақты даму қағидаттарын қоғамдық өмiрдiң барлық салаларына енгiзудiң ықпалдастырушы сипатын қамтамасыз ете отырып, сол құжаттамаға негiзделедi.
"Қазақстан - 2030" стратегиясының мақсаттарына, қағидаттары мен басымдықтарына сәйкес келетiн осы Тұжырымдаманы iске асыру 2006 - 2024 жылдар кезеңiне арналған.
1. Орнықты дамуға көшудiң алғышарттары
мен қағидаттары
Елдiң орнықты дамуы - қоғамдық байлықтың, табиғи капиталдың, мәдени мұраның және қоғам өмiрi деңгейiне тұрақты, ұрпақтан ұрпаққа өсуiн қамтамасыз ететiн шарттардың, факторлардың, құралдардың жиынтығы.
XXI ғасырда әлем елдерi, алдыңғы тарихи кезеңдер сияқты тұрақты өзара iс-қимылда, ынтымақтастықта және бiр-бiрiмен бәсекелестiкте болады. Жер табиғатына қатысты, елдер жаhандық экологиялық жүйенiң элементi ретiнде танылды. Осы тарихи кезеңге, адамзат санының өсуiне байланысты оның қуатты геологиялық және ғарыштық күш ретiнде оның рөлiнiң артуына байланысты, жаhандану үдерiстерiнiң күшеюiмен қатар, әлем елдерi арасында ықпал ету аясы мен ресурстар үшiн жарыстар да күшейiп келедi. Елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгi iшкi және сыртқы жанжалдардан аулақ бола отырып, бұл ретте жоғары халықаралық беделдi, өңiрлiк көшбасшылық ұстанымды қамтамасыз ете отырып, мәдени ерекшелiгiн сақтай отырып және азаматтарының әл-ауқатын тұрақты арттыра отырып, оның теңгерiмдi дамуға қабiлеттiлiгiмен анықталады.
Осылайша, орнықты даму елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiмен тығыз байланысты.
Орнықты дамудың негiзгi құрамдас бөлiктерi - саяси, әлеуметтiк, мәдени, экономикалық және экологиялық орнықтылық болып табылады. Бұл ретте, XXI ғасырда әлемдiк қоғамдастықтың алдында тұрған басты мiндеттердiң бiрi тарихи контексте адамзаттың тiршiлiк етуiн қамтамасыз ететiн әмбебап құндылық ретiнде табиғатты қорғау болып табылады. Адамның техникалық мүмкiндiктерiнiң артуымен антропогендiк қысым да өсiп келедi, ол қайтарымсыз болып қана қоймай, сонымен бiрге қоғамды экологиялық дағдарыс шекараларына да әкеледi.
Экология - қоғам өмiрiнiң әр түрлi аспектiлерiн жүйелi көзқарас призмасы арқылы белгiлi бiр шешiмдердi қабылдаудың ұзақ мерзiмдi салдарларын түсiну арқылы қарастыратын әмбебап доктрина. Iс жүзiнде, экология дегенiмiз орнықты даму туралы iлiм.
Халықаралық бәсекелестiк есебiнен XXI ғасырда әлем мемлекеттерiнiң тағдыры мынадай сценарийлердiң бiрi бойынша дамиды: бәсекеге барынша қабiлеттi елдер тобы халықтың экономикалық мүмкiндiктерiн, табиғи әлеуетiн және өмiр сүру сапасын бұлтартпай өсiре отырып, өзiнiң орнықты дамуын ұзақ мерзiмге қамтамасыз етедi; бәсекеге қабiлеттiлiгi орташа елдер тобы бiр-бiрiмен бәсекелесе және орнықты даму көшбасшыларының тобына түсуге ұмтыла отырып, қалпына келтiрiлмейтiн табиғи ресурстарды пайдалану есебiнен дамитын болады; бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен елдер тобы iшкi проблемаларын шешу және халық өмiрiнiң ең аз стандарттарын сақтау үшiн халықаралық көмектi пайдалана отырып, стагнация деңгейiнiң төңiрегiнде ауытқып тұратын болады.
Бұл ретте, көшбасшылар топтары, бәсекеге барынша қабiлеттi және дамыған 50 мемлекеттiң мүшелерi арасында белгiлi бiр жiктелу де болады. Олардың арасындағы үздiктерi әрбiр азаматтың мүддесiне әрекет ететiн және тек қана қоршаған ортаны қорғау емес, табиғатпен неғұрлым толық үйлесiмдiкке ұмтылатын әдiл қоғам орнату жөнiндегi маңызды мiндеттердi шеше алады.
Қазақстан Республикасының тағдыры және оның әлемдiк аренадағы ұстанымы елеулi ерекшелiктерге ие.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия арасында саяси, мәдени және экономикалық көпiр бола отырып, Қазақстан құрлықта ландшафттар мен экологиялық жүйелер үшiн ұқсас байланыстырушы функция атқарады. Қазақстан аумағының көлемi, климат жағдайларының әртүрлiлiгi, өңiрдiң су теңгерiмiнiң ерекшелiктерi Еуразияның барлық аумағындағы жағдайдың Қазақстанның экологиялық тұрақтылығына айтарлықтай тәуелдiлiгiне алып келедi.
Қазақстандағы саяси ахуал бүкiл әлемге тұрақтылықтың, конфессияаралық келiсiмнiң, барлық қоғамдық жiктердiң мүддесiнде демократияны және қоғамдық институттарды нығайтудың бiрегей үлгiсiн танытып отыр. Қазақстанның орнықты саяси дамуы әлемдiк геосаясаттың iрi орталықтарының: Ресейдiң, Қытайдың, Еуропаның, АҚШ-тың, ислам әлемiнiң орнықты дамуының мiндеттi шарты болып табылатыны сөзсiз. Қазақстан бұл күштер үшiн бiрегей "тепе-теңдiк орталығы" болып табылады. Қазақстан Республикасының саясаты көп векторлы ғана емес - ол Қазақстанның теңгерiмделген бастамалардың көзi ретiнде қалыптасуын қамтамасыз етедi.
Қазақстан қазiргi заманғы дамудың неғұрлым күштi бағыттарының квинтэссенциясын өзiне шоғырландырады: бұл "ұлы даланың" еуразиялық дәстүрi, бай табиғи ресурстары, төзiмдiлiк, тұрақтылық және ашықтық идеяларына негiзделген зайырлы әлеуметтiк бағдардағы мемлекет.
Осы тұрғыда Қазақстан Республикасына оның дүниежүзiлiк орнықты дамудың кепiлгер мемлекетінiң мәртебесi және функциясын ықтимал алу көзқарасынан алғанда өзiне теңдесi жоқ.
Бұл ретте Қазақстан өз дамуында осы Тұжырымдаманы iске асыру шеңберiнде болдырылмауы тиiс едәуiр кедергiлерге (қауiп-қатерге) кезiгедi.
Келеңсiз факторлардың iшiнен бiрiншi кезекте, халықтың төмен тығыздығы кезiнде зор аумақтық ресурстардың болуын айту қажет, бұл ретте өңiрлiк көршi елдер арасында еңбек ресурстарының едәуiр көптiгi және аумақ тапшылығы орын алуда.
Ел экономикасы белгiлi бiр дәрежеде шикiзат секторына тәуелдi, өңдеушi өнеркәсiп өз дамуында ендi ғана қарқын алып келедi, жоғары технологияларды қолдану үлесi төмен.
Ел энергетикалық ресурстарды iшкi пайдаланумен салыстырғанда ресурстарды пайдалану тиiмдiлігiнiң (РПТ) көрсеткiшi салыстырмалы төмен болған кезде оларды теңбе-тең экспорттамағанда айтарлықтай энергетикалық теңгерiмсiздiк орын алды. Табиғи ортаның құлдырауынан, қалпына келтiрiлмейтiн табиғи ресурстарды өндiруден, өндiру және қайта өңдеу салаларындағы теңгерiмсiздiктен көрiнетiн экономиканың жұмыс iстеу үдерiсiнде пайдалы құндылықтардың жоғалуы өте мол (1-сурет).
Қазiргi заманда адам өмiрiнiң сапасы үш негiзгi құрамдас бөлiктермен - айқындалады: өмiрдiң ұзақтығымен, әл-ауқатының деңгейiмен, қоршаған ортаның жай-күйiмен:
Өмiр сапасы = Өмiр ұзақтығы х Әл-ауқаты х Қоршаған ортаның жай-күйі
Қазақстан Республикасында халықтың денсаулық жағдайы, адамдардың өмiрiнiң ұзақтығы мен сапасы қазiргi заманғы озық үлгiлерден едәуiр артта қалып отыр. Халық сауаттылығының жоғары деңгейiне, бiлiм беру және ақпараттық ресурстарға жеткiлiктi қол жетiмдiлiгiне қарамастан, орта және жоғары бiлiмнiң, iргелi және қолданбалы ғылым ұстанымдары әрқашанда биiк емес. Қазақстан өңiрлерiнiң экономикалық және әлеуметтiк жағдайларында айтарлықтай алшақтық орын алған. Терең тарихи дәстүрлер, патриотизм, еркiндiк, жауапкершiлiк, меншiктi және жеке өмiрдi құрметтеу идеалдары негiзінде көпшiлiктiң құқықтық, экологиялық, экономикалық санасы қалыптастыруды қажет етедi.
Әлемдiк қоғамдастықтың көшбасшылары жоғары қарқынмен дамуын жалғастырғандықтан және Қазақстанға көшбасшы ұстанымдарға жету үшiн әлеуметтік-экономикалық прогрестiң қарқынын жеделдетудi қамтамасыз ету қажет болғандықтан, Қазақстан Республикасында осы кедергiлердi жеңу тарихи қысқа мерзiмде өтудi жүзеге асырылуы қажет.
Қазақстан Республикасының алдағы кезеңге арналған орнықты дамуын бағалау және мониторингтеу үшiн, өмiр сүру деңгейi, орта сапасы, халық өмiрiнiң ұзақтығы (өмiр сүру сапасының қорытынды көрсеткiшiне кiретiн) сияқты орнықты даму индикаторларын пайдалану қажет. Орнықты дамудың негiзiн қалаушы параметрлерiнiң қатарына сонымен бiрге халық саны, елдiң табиғи ресурстарын жиынтық тұтыну, жиынтық өндiрiлген өнiм, экологиялық орнықтылық коэффициентi (1-cypeт) жатады.
Қазiргi уақытта Қазақстан бойынша барлық өндiрiстердiң, технологиялар және үдерiстердiң орташаландырылған РТП-ы 31 %-ға тең, бұл орташа әлемдiк деңгейден артық (24 %), бiрақ әлемнiң бәсекеге барынша қабiлеттi елдерiнен 1,15 есе аз (Жапония - 36 %, АҚШ - 34 %, Германия - 33 %).
Бәсекеге барынша қабiлеттi 50 ел бойынша өткiзiлген талдауға сәйкес ЖIӨ өсiмiнiң 50 %-ынан астамы жаңа ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстер есебiнен қамтамасыз етiледi. ЖIӨ-дегi шағын және орта бизнестiң үлесi 40 %-дан төмен емес деңгейде, қайта өңдеу индустриясының өнiмінiң экспортындағы үлесi жалпы көлемнiң - 40 %-ы деңгейiнде, жоғары технологиялық өнiмнiң экспортындағы үлесi - 10-15 % болуы тиiс. Әкелiнетiн азық-түлiк өнiмдерiнiң үлесi 30 %-дан аспауға тиiс.
Бәсекеге қабiлеттi жетекшi елдерде халықтың байларының 10 %-ы мен кедейлерiнiң 10%-ы табыстарының арақатынасы 8:1-ден жоғары емес деңгейде қалыптасқан. Жұмыссыздық деңгейi 8-9 %-дан аспайды. ЖIӨ-ден ғылымға бөлiнетiн мемлекеттiк қаражаттың үлесi 2 %-дан төмен емес деңгейде, ал бiлiм беруге арналған ең аз шығындар - ЖIӨ-ның 8 %-ынан төмен емес.
76 параметрдiң есебiне негiзделген (экожүйе жай-күйiнiң, экологиялық күйзелiс, халық денсаулығының экологиялық аспектiлерi, мемлекеттiң әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктері және халықаралық белсендiлiгiнiң көрсеткiштерiн қоса алғанда) Йель экологиялық заңнама және саясат жөнiндегi орталығының (Йель университетi) және Жер туралы ғылымдардың халықаралық ақпараттық желiсiнiң Колумбия орталығының (Колумбия университетi) экологиялық орнықтылық индексi бойынша Қазақстан Республикасы 63,8 индексiмен 70-орында тұр, ал көшбасшыларда - Жаңа Зеландияда, Швеция мен Финляндияда бұл көрсеткiш 87-88 баллға жеткен (қосымшаны қараңыз).
Халықаралық қоғам, табиғат және адам университетiнiң (Дубна, Ресей) өмiр сүру сапасы индексi бойынша рейтинг көшбасшысы Норвегияда 3,83 коэффициент болса, Қазақстан 1,05 коэффициентпен 78-орында (3-кесте).
Алдағы салауатты өмiрдiң орташа ұзақтығы мен халықтың жан басына шаққандағы жиынтық iшкi өнiмнiң көлемi бойынша Қазақстан Республикасының әлемнiң негiзгi елдерiнiң арасындағы жағдайы 2-суретте бейнеленген. Алдағы салауатты өмiрдiң орташа ұзақтығы мен экологиялық тұрақтылық индексiнiң арақатынасы бойынша Қазақстан Республикасының жағдайы 3-суретте бейнеленген. Экологиялық тұрақтылық пен халықтың жан басына шаққандағы энергияны тұтыну индексi бойынша Қазақстан Республикасының жағдайы 4-суретте бейнеленген.
Осылайша, елдiң дамыған 50 мемлекеттiң құрамына кiруi бойынша қол жеткiзген жетiстiктерi мен жоспарлары Қазақстанның дамуына деген қалыптасқан көзқарасты қайта қарауды талап етедi.
Конституцияда кепiлдiк берiлген азаматтардың әлеуметтiк-экономикалық құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк нормалар мен нормативтердi орнату үшiн танылған өмiр сүру сапасының ұлттық нормативтерiн әзiрлеу және практикаға енгiзу жөнiндегi күш-жiгердi қабылдау және сонымен бiр уақытта ел халқын оңтайлы орналастыру және мемлекеттi орнықты дамыту үшiн бағдар ретiнде қызмет етуi қажет.
Мемлекеттiк және қоғамдық өмiрдiң барлық салаларындағы ұлттық саясат орнықты дамудың нақты осы мақсаттарына - әлеуметтiк-экономикалық даму мен елдегi өмiр сүру сапасының қарқынды өсуiне бағытталуға тиiс.
Қазақстан Республикасы үшiн орнықты дамуға көшу Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуiнiң белгiленген параметрлерiне қол жеткiзу үшiн кезең-кезеңдiк негiзде өтетiн болады (4-кесте). 2009 жылға қарай қоғамдық және саяси қызметтiң барлық салаларына орнықты даму қағидаттарын енгiзу, экономиканы әртараптандыру технологиялық серпiлiстi жүзеге асыру үшiн жағдай жасалуға тиiс. Осының негiзiнде, 2012 жылға қарай Қазақстан Республикасының әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiруi қамтамасыз етiледi. 2018 жылға қарай Қазақстан табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудан болатын шығынды неғұрлым қысқартып және елдiң экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейiн қамтамасыз ете отырып, барынша дамыған елдер арасында өз жағдайын нығайтуға тиiс. 2024 жылға қарай Қазақстан Республикасы "орнықты даму мемлекетi" мәртебесiн алады және еуразия құрлығының орнықты дамуындағы одан арғы прогреске ықпал етедi.
Қазақстан Республикасында орнықты дамуға көшудiң жалпы қағидаттары мыналар болып табылады:
орнықты дамуға қол жеткiзу үдерiсiне бүкiл қоғамды тарту;
Қазақстан Республикасының орнықты дамудың әлемдiк кепiлгерi мәртебесiне қол жеткiзуi үшiн тұрақты саяси даму;
ведомствоаралық ықпалдастық, мемлекеттi басқаруға деген жүйелік көзқарас, негiзгi даму көрсеткiштерiн болжау, жоспарлау және реттеу тиiмдiлiгiн арттыру;
ел экономикасына жоғары технологиялардың үлесiн айтарлықтай арттыру базасында экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру;
ғылым және бiлiм берудiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету;
халықтың денсаулық жағдайын, салауатты қоғамның парадигмасын енгiзу негiзiнде демографиялық көрсеткiштердi жақсарту;
маңызды қоғамның ноосалалық функциясы ретiнде қоршаған ортаны қорғауды жетiлдiру;
трансөңiрлiк экожүйелiк көзқарас негiзiнде аумақтық даму.
2. Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерi
Тұжырымдаманың мақсаты өмiр сүру сапасын арттыру және елдiң ұзақ мерзiмдi перспективада бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етудiң негiзi ретiнде Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық даму аспектiлерiнiң теңгерiмiне қол жеткiзу болып табылады.
Мақсатқа қол жеткiзу үшiн орнықты даму саласында мынадай мiндеттердi iске асыру қажет.
1-мiндет. Ресурстарды тиiмдi пайдалану (РТП) көрсеткiшiн 2012 жылға қарай 37 %-ға, 2018 жылға қарай 43 %-ға және 2024 жылға қарай 53 %-ға дейiн арттыру
Осы мiндеттi шешу Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясының үш басымдығын iске асыруға сәйкес келедi:
бiрiншi басымдық: Қазақстанның әлемдiк экономикаға табысты кiрiгуi - елдiң экономикалық дамуындағы сапалы серпiлiстiң негiзі
екiншi басымдық: Қазақстан экономикасын орнықты экономикалық өрлеудiң іргетасы ретiнде одан әрi түрлендiру мен әртараптандыру
төртiншi басымдық: қазiргi заманғы бiлiм берудi дамыту, кадрлардың бiлiктiлiгiн және оларды қайта бiлiктендiруді ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетiнiң одан әрi өркендеуi.
Бiрiншi мiндеттi iске асыру:
экономиканы әртараптандыруға, жоғары технологиялық және шикiзат емес салалардың үлесiн ұлғайтуға мемлекеттiң елдi дамытудың негiзгi макроэкономикалық өлшемдерiн реттеудегi рөлiн күшейтуге;
ғылыми және бiлiм беру ұйымдары нысандарының алуан түрлiлiгiн кеңейтумен, зияткерлiк элитаның беделiн арттырумен, инновацияларды мемлекеттiк қолдаумен, оның iшiнде экономика салаларын кластерлік дамыту, материалдық-техникалық базаны түбегейлi жаңарту және ғылым-бiлiм беру саласын ресурстық қамтамасыз етудi жақсарту, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiнің тиiмдiлiгiн арттыру шеңберiнде қолдаумен ғылым мен бiлiм берудi басымдықпен дамыту есебiнен технологиялық серпiлiстi қамтамасыз етуге және осының негiзiнде отандық тауарөндiрушiлердiң бәсекелiк ұстанымға қол жеткiзуiне, елдiң экспорттық әлеуетiн дамытуға;
табиғи ресурстарды өндiру және экспорттау және өзге де салалар арасындағы теңгерiмдi сақтауға;
тиiмдi инфрақұрылымды құруға, iрi жол құрылысы бағдарламаларын iске асыруға, қазiргi заманғы байланыс жүйелерiн қалыптастыруға негiзделетiн болады.
Орнықты дамуды және бәсекеге қабiлеттiлiкке қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiнiң (РТП) болжамды көрсеткiштерiнiң серпiнi 5-суретте бейнеленген.
2-мiндет. 1000 халыққа кемiнде 18-22 жаңа туғандардан келетiн деңгейде ұстап тұрған кезде халық өмiрiнiң орташа ұзақтығын 2012 жылға қарай 68 жасқа, 2018 жылға қарай 70 жасқа, 2024 жылға қарай 73 жасқа дейiн ұлғайту.
Осы мiндеттi шешу Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясының бiр басымдығын iске асыруға сәйкес келедi:
үшiншi басымдық: Халықтың неғұрлым "әлжуаз" топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететiн қазiргi заманғы әлеуметтiк саясат.
Орнықты дамудың екiншi мiндетiн iске асыру:
жол, тұрмыстық және өндiрiстiк жарақаттануды төмендету жөнiндегi шараларға;
оңтайлы физиологиялық өлшемдерге сәйкес келетiн ауыз суға халықтың 100 % қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
әлеуметтiк қауiпсiздiк деңгейiн арттыруға және қауiпсiз мiнез-құлық мәдениетiн енгiзуге;
салауатты тамақтану стандарттарын ынталандыруға, нутриционалдық тапшылықты жоюға (йод, селен және өзге де бағалы микроэлементтер);
жанұяны нығайтуға, бала тууға экономикалық ынтаны құруға, бала тууға көмектесу, ана мен баланы қорғау жүйесiн түбегейлi жақсартуға;
кедейлiкпен күреске, Джинни индексiнiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге негiзделетiн болады.
Орнықты дамуды және өмiр сүру сапасының өсуiн қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасы халқының болашақтағы өмiрiнiң орташа ұзақтығының болжамды көрсеткiштерiнiң серпіні 6-суретте бейнеленген.
3-мiндет. Экологиялық орнықтылық индексiн 2012 жылға қарай 10 %-ға, 2018 жылға қарай 15 %-ға, 2024 жылға қарай 25 %-ға дейiн ұлғайту.
Осы мiндеттi шешу Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясының екi басымдығын iске асыруға сәйкес келедi:
үшiншi басымдық: Халықтың неғұрлым "әлжуаз" топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететiн қазiргi заманғы әлеуметтiк саясат;
алтыншы басымдық: Қазiргi заманғы қауiп-қатерлер мен қыр көрсетулерге бара-бар ұлттық қауiпсiздiк стратегиясын iске асыру
үшiншi мiндеттi iске асыру:
Қазақстан өңiрлерiнiң орнықты даму бағдарламаларын iске асырудың экожүйелiк трансөңiрлiк қағидатын енгiзуге;
үздiк қол жетiмдi технологияға көшу мерзiмi мен тетiгiн айқындай отырып, барлық iрi өнеркәсiптiк және энергетикалық объектiлер үшiн орнықты дамудың мақсатты өлшемдерiн белгiлеуге;
қоршаған ортаны қорғаудың неғұрлым тиiмдi экономикалық тетiгiн енгiзуге, оның iшiнде неғұрлым таза өндiрiстi жылжыту мақсатында балама энергетика объектiлерiн дамытуға;
"жасыл инвестициялар" қазақстандық өнеркәсiптiң экологиялық параметрлерiн жақсартуға қаражат тарту yшiн халықаралық келiсiмдердiң негiзгi ережелерi мен тетiктерiн қолдануға;
ел аумағын "тарихи ластанулардан" тазартуға, қалдықтар менеджментiнiң жүйесiн ынталандыруға негiзделетiн болады.
Экологиялық орнықтылық индексiнiң серпiнi 7-суретте бейнеленедi.
4-мiндет. Орнықты iшкi және сыртқы саясатты iске асыруда Қазақстан Республикасының көшбасшылығын қамтамасыз ету
Осы мiндеттi шешу Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясының екi басымдығын iске асыруға сәйкес келедi:
бесiншi басымдық: Демократияны одан әрi дамыту және саяси жүйенi жаңғырту;
жетiншi басымдық: Қазақстанның мүдделерiн және өңiрлiк әрi әлемдiк дамудың серпiнiн ескеретiн теңдестiрiлген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан әрi iске асыру
төртiншi мiндеттi iске асыру:
орнықты даму идеясының төңiрегiне саяси күштердi шоғырландыруға;
елде тарихи бiртұтас қазақстан халқының, оның iшiнде болашақ ұрпақтың мүдделерiн бiлдiретiн қоғамдық қозғалыстарды құруға қолдау жасауға;
елде халықаралық орнықты даму аймағын құру жөнiндегi Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламасын жария етуге;
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруiне, 2009 жылы ОБСЕ-ге төрағалық етуiне, 2012 жылы Астанада Орнықты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттi өткiзуге;
тиiмдi және жауапты жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамытуға негiзделетiн болады.
3. XXI ғасырға арналған ұлттық күн тәртiбiнiң
тұжырымдамалық бағыттары 3.1. Тұрақты саяси даму
Iшкi саясат . Қазақстан Республикасындағы iшкi саяси ахуалдың орнықты дамуы бүкiл Қазақстан халқының мүддесiнде демократияландыру үдерiсiн тереңдетуге, саяси жүйенi нығайтуға негiзделген. Бұл ретте, мемлекеттiк даму және демократиялық рәсiмдердi қолдану барысында қазақстандықтардың қазiргi ұрпағымен қоса, алдыңғы және болашақ ұрпақтың мүдделерi де Қазақстан халқының тарихи бiртұтас өкiлдерi ретiнде ескерiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының iшкi саясатындағы орнықты даму мынадай жолдармен қамтамасыз етiледi:
демократиялық рәсiмдердi жетiлдiру, мемлекеттiк билiктiң барлық деңгейлерiнде шешiмдер қабылдауда көпшiлiк пен азшылық пiкiрiн ескеру тетiгi ретiнде халық билiгiнiң рөлiн дәйектi кеңейту;
Қазақстан халықтары Ассамблеясының елдiң саяси өмiрiндегi рөлiн арттыру;
қазақстандық қоғамның мәдени және саяси дәстүрлерiн, бiрiншi кезекте - үлкенге құрметтi, өскелең ұрпақ туралы қамқорлығын сақтау;
саяси оппоненттеу мәдениетiн қалыптастыру, кадрлар мен бағдарламалардың бәсекелестiгi үшiн негiз ретiнде сындарлы оппозицияны нығайту, барлық қоғамдық жiктер мен топтардың мүдделерiн бiлдiру;
мемлекеттiң бiрлiк және тұтастығын сақтай отырып, жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды нығайту.
Сыртқы саясат . Қазақстан Республикасының әлемде тұрақтылық пен орнықты даму өңiрi ретiнде айрықша орын алуы үшiн бiрегей мүмкiндiктерi мен саяси жағдайы бар. Қазақстан Республикасының мысалында және жағдайында конфессияаралық, ұлтаралық, әлеуметтiк, саяси, экономикалық және мәдени тепе-теңдiк қағидаттары iске асырылатын "болашақ мемлекетi" моделi әзiрленуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының осы тұрғыда ұстанымдануына және оның орнықты дамуын теңгерiмдi iшкi саясат есебiнен қамтамасыз етуге мынадай жолдармен қол жеткiзiлуге тиiс:
елде орнықты дамудың халықаралық аймағын құру жөнiндегi Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламасын жария ету;
ДСҰ мысалында Астанада штаб-пәтерi бар халықаралық экологиялық ұйымды (IЕО) құру;
көп векторлы, ашық және айқын орнықты iшкi саясатты жүргiзу; орнықты даму мәселелерi жөнiндегi ұстанымды бiлдiруге арналған трибуна ретiнде 2009 жылы ОБСЕ-де Қазақстанның төрағалық етуiн қамтамасыз ету;
Қазақстанда халықаралық орнықты даму аймағын құру туралы декларацияға қол қоя отырып, 2012 жылы Астанада орнықты даму жөнiнде саммит өткiзу.
3.2. Қоғамның орнықты дамуы
Демографиялық ахуалды жақсарту . Қазақстандық қоғамды орнықты дамыту бала туудың тепе-тең өсуi мен жастық құрылымдағы еңбекке қабiлеттi халықтың үлесiн сақтау кезiнде өмiрдiң орташа ұзақтығының артуымен сипатталатын орнықты демографиялық ахуалды қалыптастыруға негiзделуге тиiс.
Бұл мiндеттерге:
тұрмыстық, өндiрiстiк және жол жарақаты себептерi, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар, тыныс алу органдарының аурулары бойынша халықтың жалпы өлiм-жiтiмiн төмендету;
халықтың ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөнiндегi шараларды жетiлдiру жолымен сәби мен ана өлiмiн төмендету;
арнайы геронтологиялық бағдарламалар қабылдау жолымен қартайған жастағы халықтың өмiр сүру сапасын жақсарту;
бiлiм беру мен еңбекпен қамтуды, тұрғын үймен қамтамасыз етудi, әлеуметтiк төлемдер жүйесiн қоса алғанда, демографиялық өсудiң мақсаттарына барабар әлеуметтiк саясат арқылы бала тууды ынталандыру;
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау (өcу қарқынын төмендету) жөнiндегi шараларды iске асыру;
ел өңiрлерi бөлiнiсiнде басқару шешiмдерiнiң нәтижелерiн талдаумен және дайындаумен демографиялық ахуалды үздiксiз мониторингтеудi ұйымдастыру есебiнен қол жеткiзiлетiн болады.
Ұлтты сауықтыру . Орнықты дамуды қамтамасыз ету үшiн қазақстандық ұлт сауықтыру жөнiндегi түбегейлi шараларды қажет етедi. Орнықты даму мақсатында сауықтыру жөнiндегi шаралар мыналарды қамтиды:
темекi шегудi шектеу жөнiндегi шаралар, жалпы сауда залдарында темекi бұйымдарын сатуға тыйым салу, бұқаралық ақпарат құралдарында темекiге қарсы науқандар, "әсер ету топтарында" - дәрiгерлер, мемлекеттiк қызметшiлер, бiлiм беру қызметкерлерi арасында темекi шегуден бас тартуды ынталандыру;
алкогольдi, әсiресе - күштi iшiмдiктердi қолдануды шектеу жөнiндегi шаралар, спирттi iшiмдiктердi жарнамалауға тыйым салу, спирттi iшiмдiктердiң сапасын бақылауды қатаңдату, беделдi ел басшыларының жеке үлгi көрсетуi;
есiрткi бизнесiне қарсы iс-қимылды, нашақорлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеудi, есiрткiнi қабылдамауды насихаттау және есiрткiге қарсы қоғамдық иммунитеттi қалыптастыру жөнiндегi қоса алғанда, есiрткiге қарсы күрес жөнiндегi шаралар;
тамақтану стандарттарын жақсарту, халықтың жан басына шаққандағы табиғи шырындарды тұтынуды ұлғайту жөнiндегi шаралар, салауатты тамақтануды насихаттау, нарықтағы тамақ өнiмдерiнiң сапасын бақылауды күшейту;
қозғалыс белсендiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар, оның iшiнде тегiн спорт және тренажерлық залдардың, балалар спорт секцияларының желiсiн кеңейту, әлеуметтiк жарнама арқылы қозғалысты және салауатты өмiр салтын ынталандыру;
"Менiң Отаным - Қазақстан" жобасын iске асыруға, гидтер және экскурсия жүргiзушi ретiнде экологиялық туризмнiң белсендi тyрлерiн ұйымдастыру кезiнде жастарды кеңiнен тартуды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
салауатты өмiр салтының қағидаттарын енгiзу және спорт пен экологиялық туризмнiң белсендi түрлерiн қазақстандықтардың өмiр сүру сапасын арттырудың жаңа идеологиясы ретiнде ел азаматтарының қабылдауын қалыптастыру жөнiндегi жұмысқа жүйелi көзқарасты қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар.
Денсаулық сақтауды дамыту . Қазақстандық қоғамды орнықты дамытуды қамтамасыз ету үшiн денсаулық сақтау жүйесiн жетiлдiру қажет, оның iшiнде:
елде үздiк әлемдiк мамандарды тарту арқылы жоғары медициналық технологиялар орталығын құру;
еуропалық аллопатиялық және гомеопатиялық мектептердi, қытай, үндi және қазақ халық медицинасын қоса алғанда, көп полярлы денсаулық сақтау жүйесiн дамыту;
денсаулық сақтауды жан басына шағып қаржыландыруды тұрақты арттыру, денсаулық сақтаудың экономикалық жүйесiнiң маңызды элементтерiнiң бiрi ретiнде ерiктi медициналық сақтандыруды қолдау;
халықаралық деңгейдегi санаториялық-курорттық мекемелер желiсiн құруды қоса алғанда, Қазақстан табиғатының сауықтыру ресурстарын белсендi пайдалану;
ыңғайлы жағдайлар жасап, жүктi әйелдер мен босанушыларға қазiргi заманғы медициналық көмек әдiстемелерiн қолдана отырып, ана мен бала денсаулығын қорғау, бала тууда көмек көрсету жүйесiн түбегейлi жақсарту.
Кедейлiкпен күрес және әлеуметтiк жiктелудi болдырмау . Қазақстандық қоғамды орнықты дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар шеңберiнде, өзара байланысты шаралар кешенiн қабылдау жолымен кедейшiлiктi, әсiресе ауылдық жерлерде жою жөнiндегi бұдан арғы қадамдарды қолдану қажет. Бұл нәтижелерге мынадай жолдармен жетуге болады:
кедейлiк проблемасын шешуге ел өңiрлерiндегi бизнес-қоғамдастықтарды тарту;
әлеуметтiк жәрдемақыны алу кезiндегi бюрократтық рәсiмдердi оңайлатуды қоса алғанда, халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң, еңбекпен қамту саясатының тиiмдiлiгiн арттыру.
Азаматтық қоғамды қалыптастыру . Қазақстан Республикасында одан әрi азаматтық қоғам орнату жөнiндегi шаралар мынадай жолдармен басымдықпен қабылдануға тиiс:
жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту;
патриоттыққа бағдарланған саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың қызметi арқылы халықтың азаматтық санасын тәрбиелеу;
бұқаралық пионерлiк және бойскауттық қозғалыстарды жаңарту;
халықтың ақпаратқа қол жеткiзуiн кеңейту, электрондық үкiметтi дамыту.
Мәдениет және ақпарат . Қазақстандық қоғамда мәдениеттi және ақпараттық саясатты орнықты дамыту мынадай жолдармен қамтамасыз етiлетiн болады:
республикалық және жергiлiктi, әсiресе ауылдық деңгейде мәдениет ұйымдарын басымдықпен құру және қолдау.
Қазақстанның әлемдiк мағынасы бар палеонтологиялық, археологиялық және сәулет ескерткiштерiн сақтау жөнiндегi шұғыл шараларды қабылдау;
халықаралық деңгейде қазақстандық мәдениеттiң озық жетiстiктерiн насихаттау;
отандық мәдениеттiң жалпы маңызы бар бағыттарын, бiрiншi кезекте - халықтық және симфониялық музыка, драма театры, опера және балет, бейнелеу өнерiн қолдау;
бұқаралық ақпарат құралдарының патриоттық бағыты мен кәсiптiк мәдениетiн арттыру;
ақпараттың қоғамдық еркiндiк қағидаттарын бұзатын құбылыстары жоқ Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiн құру.
3.3. Орнықты экономикалық прогресс
Әртараптандыру, ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшiн арттыру, энергетикалық теңгерiмсiздiктi жеңу , Қазақстан Республикасының экономикасы өзiнiң жедел табысты даму сатысында тұрғанына қарамастан, ағымдағы деңгейде оның тұрақсыздығының басты факторы энергетикалық теңгерiмсiздiк және ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгi (РПТ) көрсеткiшiнiң төмендiгi болып табылады.
Қазақстанның экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз ету үшiн осы тұрақсыздық факторларын мынадай жолмен жүзеге асырылады:
шикiзат секторының үлесiн бiртiндеп төмендете отырып, экономиканы құрылымдық қайта құру;
ғылым және-инновацияны ынталандыру негiзiнде шетелдiк аналогтардан - асып түсетiн "технологиялық серпiлiстi" дамыту;
қазiргi заманғы ауыл шаруашылығы технологияларын енгiзу;
бiрiктiрiлген ұлттық экономикалық және экологиялық есептердi жүргiзу жолымен табиғатты ұтымсыз пайдаланудан болатын ұлттық байлық шығындарын есепке алу;
жер, су, орман, минералдық және өзге де ресурстарды пайдаланудың экологиялық әдiстерiн қоса алғанда, табиғат пайдалануға деген қазiргi заманғы ғылыми негізделген көзқарасты енгiзу;
энергетикалық шығынды жеңу саласындағы арнайы мемлекеттiк бағдарламаларды, бiрыңғай саясатты iске асыру жолымен отандық экономиканың энергиялық тиiмдiлiгiн арттыру;
ел экономикасын технологиялық қайта қаруландыру, қазiргi заманғы технологияларды пайдалануды ынталандыру және ескiрген технологиялар мен жабдықтарды әкелуге тыйым салу;
ұлттық экономика құрылымындағы табиғи ресурстарды пайдаланатын өнеркәсiп үлесiн қысқарту ғылымды қажетсiнетiн, табиғатты сақтайтын жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту;
алынған пайдалы қазбаларды және өндiрiлген биологиялық ресурстарды мiндеттi пайдаланудың олардың қайта өңдеусiз экспортталатын үлесiне қатысты параметрлерiн және қалдықтар көлемiн айқындау;
қалдықтарды орналастыру полигондарда жинақталған бағалы материалдарды қалпына келтiру және пайдалану;
ауыл шаруашылығы жерлерiн жайластыру және табиғи ландшафтарға бейiмделген ауыл шаруашылығын жүргiзу жүйелерiн енгiзу, экологиялық таза ауыл шаруашылығы технологияларын дамыту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi табиғи топырақ құнарлығын сақтау және қалпына келтiру;
табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың барлық түрлерiн болдырмау және жолын кесу, қаскерлiкпен және биологиялық ресурстар объектiлерi мен өнiмдерiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес;
шаруашылық қызметтiң барлық салаларына pecуpc үнемдейтiн және қалдықсыз технологияларды енгiзудi ынталандыру;
қалпына келтiрiлетiн көздердi және қайталама шикiзатты пайдалануды қоса алғанда, экологиялық тиiмдi энергия өндiрудi қолдау;
ресурстарды оңтайлы қолданбауға, оның iшiнде энергия ресурстарын факелдерде жағуға тыйым салу;
тасымалдау кезiнде, оның iшiнде энергия өндiрудi экологиялық негiзделген орталықсыздандыру есебiнен энергия мен шикiзаттың ысырабын төмендету, ұсақ тұтынушыларды энергиямен қамсыздандыру жүйесiн оңтайландыру;
экологиялық қауiпсiз көлiк, көлiктiк коммуникация мен отын түрлерiн, оның iшiнде көмiртектi емес түрлерi жаңғырту және дамыту;
iрi қалаларда негiзгi жол жүру түрiне - экологиялық қауiпсiз қоғамдық көлiкке көшу;
тұрмыстық-коммуналдық кешенiн қайта жаңартудың және жаңа тұрғын үйлердi салудың экологиялық қауiпсiз технологияларын дамыту;
ең ұзақ мерзiмдi пайдалануға есептелген тауар өндiрiсiн қолдау.
Орнықты технологияларды енгiзу . Республиканың орнықты дамуын қамтамсыз ету үшiн техникалық әлеует құру өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, сумен жабдықтауда, қала шаруашылығын басқаруда және көлiкте орнықты - экологиялық таза және экономикалық жағынан тиiмдi технологияларды енгiзумен тiкелей байланысты.
Мұндай технологиялар қоршаған орта үшiн рентабельдi және қауiпсiз өндiрiстiк схемаларды, қажеттi коммуникативтiк және ақпараттық құралдарды, сондай-ақ басқару мен есеп берудiң жаңа тетiгiн (экологиялық маркетинг және менеджмент, сақтандыру, табиғат қорғау қызметiн есепке алу, ұтымды табиғат пайдалану жүйесi және басқалар) үйлестiретiн кешендi жүйелер болып табылады.
Қазақстан индустриясын дамытудың перспиктивалық мiндетi стратегиялық бағдарланған бағыттарда - кешендiлiкте, экологиялық бұзушылық себептерiн жоюға акцент жасай отырып, өндiрiстiк жүйенiң аз қалдықтылығында және ең үлкен тұйықтықта өндiрiстiк технология түрлерiн қалпына келтiру болып табылады. Орнықты технологиялық модель қалыпты өндiрiстiк схемадан: сериялық өндiрiсiмен, жоғары жылдамдығымен, экономикалық тиiмдiлiгiмен, орталықтандырылған бақылаумен және стандарттаумен, адами факторға бағдарлануымен, қоршаған ортаға iзгiлiк қарым-қатынасымен, қалдықтарды қайталама кәдеге жаратумен және пайдалану жеңiлдiгiмен ерекшеленедi.
Өндiрiстiк салада орнықты даму мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн:
қол жетiмдi энергетикалық ресурстар мен технологиялық бағдарламаларды ұлттық қауiпсiздiкпен және орнықты даму сценарийлерiмен байланыстыратын қалпына келтiрiлетiн энергия көздерiн және таза энергия жөнiндегi стратегияларды пайдалануға негiзделген ұлттық энергетикалық жоспарлау жүйесiн құру;
олардың шеңберiнде өндiрiстi қайта құрылымдау және экологиялық түрлендiру ескертпелiк сипаттағы маңызды шаралар болып табылатын технологияларды басқарудың жаңа модельдерiн енгiзу;
шаруашылық қызмет практикасына орнықты технологияларды: ұзақ мерзiмдi жоспарлау жүйесiн, қаржылық реттеу тетiктерiн, қоғамдық қолдау шараларын, дамыған инновациялық құрылымдарды, инфрақұрылымды түрлендiру және трансформациялау үшiн жағдайды енгiзу мақсатында шешiмдер қабылдау және жаңа инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн құралдар әзiрлеу қажет.
Бiлiм және ғылым . Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру және ғылым жүйесi орнықты даму мақсаттары мен қағидаттарына сәйкес болады. Орнықты даму мақсатында бiлiм беру мен ғылымды жетiлдiру мыналар арқылы жүзеге асырылуға тиiс:
елiмiзде халықаралық деңгейдегi элиталы оқу мекемелерiн және студенттiк қалашықтар (кампустар) құру;
кәсiптiк мамандандырылған жалпыға ортақ орта бiлiмдi қамтамасыз ету;
қоғамның орнықты дамуының маңызды элементi болып табылатын, бiрден нәтиже беретiн тек қана ғылыми бағыттарды ғана емес, тұтастай-ғылыми қоғамдастықты да қолдай отырып, өзiнiң және шетелдiк дәстүрлерге де бағдарланған отандық ғылымды реформалау;
отандық ғылыми жетiстiктердi практикаға енгiзудi ынталандыру;
мақсатты өндiрiстiк схемалар жергiлiктi жағдайларға бейiмделген технологияларға, қоршаған ортаны оңалту технологияларына, сондай-ақ дәстүрлi бiлiмдерге сүйенетiн технологияларға негiзделуi үшiн перспективалы технологиялық әзiрлемелер саласында зерттеулер мен iздестiрулердi орындау үшiн технологиялық институттар құру және оларды қаржылық қамтамасыз ету;
ғылыми-әдiстемелiк деңгейде бiлiмдi түрлендiрудi жүзеге асыру, оқу, ғылым және өндiрiс үдерiстерiмен бiр мезгiлде байланысты қағидаттық жаңа құрылымдар құру;
инженерлер қызметiнiң сапасын арттыру үшiн ғылыми және технологиялық бiлiм жүйесiн жетiлдiру;
оқушылардың жобалау, шешiмдер қабылдау және шығармашылық жұмысты орындау инновацияның жоғары деңгейiн қолдау сияқты жаңа қабiлеттерi мен дағдыларын дамыту мақсатында орта мектепте технологиялық даярлықты енгiзу;
адами ресурстарды дайындау сапасын арттыру және тұлға мен қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негiзiнде көп деңгейлi бiлiм берудiң ұлттық жүйесiн түрлендiрудi қамтамасыз ету;
елдiң әлеуметтiк, экономикалық және саяси өмiрiне белсендi қатысуға дайын бәсекеге қабiлеттi тұлғаны дайындау;
әр түрлi санатты оқушылардың толыққанды бiлiм алуға тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, жоғары сынып оқушыларын олардың жеке қабiлеттерi мен бiлiм алуды жалғастыруға қатысты ниеттерiне, еңбек нарығында өзiн-өзi iске асыруына және өз орнын табуына сәйкес оқыту үшiн жағдай жасау;
оқушыларды әлеуметтендiрудiң, мектеп түлектерiн кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруге тиiмдi дайындаудың кең мүмкiндiктерiн жасау;
халықаралық бiлiм беру кеңiстiгiндегi ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң сапасы мен нақты бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
ғылыми-технологиялық дамуды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру;
басым ғылыми бағыттар бойынша бiрқатар ашық түрдегi ғылыми зертханалар мен инженерлiк бейiндегi жоғары оқу орындары зертханаларын құруды көздейтiн, Мемлекеттiк ғылымды дамыту бағдарламасын қабылдау;
ҒЗТКЖ қаржыландыру және ғылымды дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету тетiктерiн жетiлдiру;
қазiргi заманғы аспаптармен, жаңа жабдықтармен, ұйымдастыру техникасымен жарақтандыру жолымен бiлiм беру және ғылым инфрақұрылымын техникалық қайта қаруландыру;
зияткерлiк меншiктi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, патенттердi пайдалану, шетелдiк және отандық инвесторлармен, жеке кәсiпорындармен ғылыми зерттеулер нәтижелерiн пайдалану кезiнде құқықтық қатынастар орнату;
республикалық және де өңiрлiк деңгейде жоғары ғылыми бiлiктi мамандарға болжамды қажеттiлiгiн айқындай отырып, республиканың кадрлық әлеуетiне тұрақты мониторинг жүргiзу;
экономиканың нақты секторының ұйымдары тапсырыс берушi болып табылатын экономиканың жекелеген салалары бойынша жоғары ғылыми бiлiктi мамандарды дайындауға мақсатты тапсырыс тетiгiн әзiрлеу.
3.4. Экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету
Табиғат ортасын сақтау және қалпына келтiру . Қазақстан Республикасында антропогендiк қызмет салдарын табиғи жүйенiң өзiн-өзi реттеу және өтемақыға қабiлеттiлiгiн қолдау үшiн жеткiлiктi, ландшафттық және биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi ғылыми-негiздемелiк шаралар жүзеге асырылатын болады.
Табиғат ортасын сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi шаралар мынадай жолдармен iске асады:
биоәртүрлiлiктiң жағдайын және оларды сақтау жөнiндегi ескертпе шараларды қадағалау;
өзiнiң табиғи мекен ететiн ортасындағы, ерiксiз қамауда және генетикалық банкадағы сирек кездесетiн және жоғалып бара жатқан тiрi организмдердi сақтау және қалпына келтiру;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аудандарын, кемiнде ел аумағының 10 %-ына дейiн кеңейту;
антропогендiк iс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қалпына келтiру өндiрiстiк объектiлердiң тiршiлiк ету циклi аяқталысымен, табиғи ландшафтарды толық қалпына келтiруге мiндеттi талаптарды қолдану;
табиғи жүйенiң тұтастығын сақтау және қалпына келтiру, оның iшiнде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темiр жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр беру және өзге де желiлiк құрылыстарды құру кезiнде шаруашылық үдерiсiнде олардың фрагментациясының алдын алу; қоса;
отынға биоқосымша пайдалану арқылы парник газдарының антропогендiк шығарындыларын қысқарту және өзге де шаралар;
шаруашылықта игерiлген және урбанизацияланған аумақтарда табиғи биологиялық әртүрлiлiктi және ландшафтарды сақтау және қалпына келтiру.
Халықтың денсаулығын сақтау және экологиялық негiзделген аурулардың алдын алу . Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерiнен халықтың денсаулығын қорғау, орнықты даму саласындағы мемлекеттiк саясаттың маңызды элементтерiнiң бiрi болып табылады.
Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға мыналар арқылы қол жеткiзiледi:
экологиялық тәуекелдi бағалау және оның төмендеуi арқылы бағдарламаларды қалыптастыру;
елдi мекендердiң аумақтарында қоршаған ортаның сапа стандарттарын сөзсiз қамтамасыз ету;
қала салу шешiмдерiне қоныстанатын аймақтан тысқары жерлерге өнеркәсiптiк объектiлердi шығарумен жаңа әдiстердi енгiзу;
су құбырының және шөлмектерге құйылған ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатаңдату;
генетикалық өзгертiлген тамақ өнiмдерiн таратуға шектеулер қою;
тұрғын үй ортасының, әсiресе радиоактивтi параметрлер бойынша жағдайын бақылау;
экологиялық негiзделген ауруларды емдеу үшiн клиникалық орталықтар құру;
қоршаған ортаның келеңсiз факторларының әсерiнен халықтың денсаулығына дәлелденген зардапты өтеу тәртiбiн енгiзу.
Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық терроризмнiң алдын алу . Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық жағдайлардың алдын алу жөнiндегi және олардың әлеуеттi салдарларын жою жөнiндегi қызмет мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
қоршаған орта үшiн келеңсiз салдарға әкелу қабiлетi бар төтенше жағдайларды болжау;
келеңсiз экологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлар кезiнде халықты жүрiп-тұру ережелерiне, қорғаныс iс-қимылы мен әдiстерiне оқыту;
төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жоспарына мiндеттi экологиялық бөлiмдердi қосу;
шаруашылық қызметiнiң ерекше режимi бар, экологиялық апат және дағдарыс аймақтарын белгiлеудi заңнамалық регламенттеу;
қоршаған орта үшiн келеңсiз салдары бар диверсиялар мен техногендi авариялардың алдын алу;
табиғи ортаның азуын тудыратын химиялық заттарды әдейi қолданудың алдын алу;
табиғи және аграрлық экожүйелердi құртатын, қасақана өрттердiң, өнеркәсiптiк қаскерлiктi, өсiмдiк шикiзаттарын заңсыз шабу және дайындаудың алдын алу, сондай-ақ табиғи объектiлер мен жүйелерде бұзушылық тудыратын тiрi организмдер түрiн террористiк мақсатта таратудың алдын алу.
Генетикалық өзгерген организмдердiң пайдаланылуын және таралуын бақылау, сондай-ақ карантиндi және бөтен тектi зиянды организмдердiң әкелiнуiн немесе өз бетiмен кiруiн болдырмау. Қазақстан Республикасында генетикалық өзгерген организмдердiң пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылданады, сондай-ақ карантиндi және бөтен тектi зиянды организмдердiң әкелiнуi мен таралуын болдырмау бойынша бақылау мынадай жолдармен жүзеге асырылатын болады:
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi қызметтiң тиiмдi жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;
карантиндiк және бөтен тектi зиянды организмдердiң ел аумағына кiруiн болдырмау, таралу ошақтарын анықтау, тоқтату және жою жөнiндегi iс-шаралар жүйесiн әзiрлеу және iске асыру;
ел iшiнде жерсiндiру жұмыстарының жүргiзiлуiн бақылау;
генетикалық өзгерген организмдердi бақылаусыз әкелудiң алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың жүйесiн әзiрлеу және iске асыру.
Қоршаған ортаны қорғау үдерiсiне жұртшылықтың қатысуы. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау үдерiсiне жұртшылықтың кең ауқымын тартуды қамтамасыз етуге басым назар аударылады. Қоршаған ортаны қорғау үдерiсiне жұртшылықтың қатысуы мыналардың есебiнен қамтамасыз етiледi:
халықты жаппай экологиялық тәрбиелеу және бiлiм беру, қоғамдық экологиялық сананы қалыптастыру;
экологиялық құндылықтар мен қағидаттарды әлеуметтiк жарнамалау жөнiндегi ақпараттық науқандар сериясын жүргiзу;
қоршаған орта жағдайына және халықтың денсаулығына әсер етуi мүмкiн iрi жобалардың қоршаған ортаға әсерiн бағалау үдерiсiнде қоғамдық пiкiрдi ескерудiң мiндеттiлiгi;
қоғамдық экологиялық сараптаманы дамыту;
экологиялық ақпаратқа халықтың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны қорғауды нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында орнықты даму және қоршаған ортаны қорғауды нормативтiк құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру мыналардың негiзiнде жүзеге асырылады:
Экологиялық кодекске және осы Орнықты даму тұжырымдамасына сәйкес келтiру, қарама-қайшылықтар мен сәйкессiздiктi жою үшiн Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне өзгертулер енгiзу;
жоғары технологиялар мен әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн табиғат қорғау нормаларын әзiрлеу;
қоршаған ортаны қорғау саласында заңнаманы тиiмдi қолдану үшiн заңға тауелдi нормативтiк құқықтық актiлердi, техникалық құжаттарды, нұсқаулықтарды және стандарттарды дайындау;
халықаралық шарттар мен конвенциялар бойынша мiндеттемелер шеңберiнде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын және осы саладағы халықаралық құқық нормаларын үйлестiру;
қоршаған ортаны қорғау саласында халықтың, шаруашылық қызмет субъектiлерi мен мемлекеттiң мүдделерi арасындағы қарама-қайшылықтарды шешудiң соттық тетiктерiн дамыту және жандандыру;
қоршаған ортаны қорғау саласында прокурорлық қадағалау жүйесiн нығайту және прокурорлық ден қою шараларын iске асыру;
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес заңсыз қызметтi тоқтату тетiктерiн қолдануды қамтамасыз ету.
Мемлекеттiк реттеу негiздерi . Қазақстан Республикасында орнықты дамуды, табиғатты ұтымды пайдалануды және табиғи байлықтарды сақтауды мемлекеттiк реттеу мына жолдармен жүзеге асырылатын болады:
қоршаған ортаны қорғауды, табиғатты ұтымды пайдалануды, су, өсiмдiк, жануарлар және өзге де ресурстарды басқарудың үйлестiрiлуiн қамтамасыз ету;
су ресурстарын ықпалдастырылған түрде басқару қағидаттарын енгiзу;
қоршаған ортаны қорғау саласында өкiлеттiктер мен жауапкершiлiктi жергiлiктi өзiн-өзi басқару деңгейiне беру;
халықаралық қабылданған әдiстердi табиғат пайдалануды реттеу цикліне енгiзу;
қоршаған ортаны қорғауды, табиғатты ұтымды пайдалануды, су, өсiмдiк, жануарлар және өзге де ресурстарды басқарудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттiк бақылау;
экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған iс-шаралармен қамтамасыз ету, экологиялық заңнаманы бұзғандығы үшiн жазадан бұлтартпау қағидатын сақтауды қамтамасыз етуге қабiлеттi құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының белсендi iс-қимыл жасауы арқылы экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi ұйымдастырушылық-құқықтық шаралардың тиiмдi жүйесiн құру жолымен экологиялық құқық бұзушылықтарды болдырмау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде құқықтық тетiктi жетiлдiру.
Экологиялық нормалау . Қазақстан Республикасында экологиялық нормалау мыналардың негiзiнде жүзеге асырылатын болады:
қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерiн әзiрлеу;
жекелеген өңiрлер мен аумақтар үшiн қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткiштерiн белгiлеу мүмкiндiгi;
техникалық үлестiк және эмиссиялардың есептiк нормативтерiн белгiлеу;
отандық нормативтердi қабылданған халықаралық деңгейлерге келтiру;
халықтың денсаулығы, табиғи объектiлер, экожүйе үшiн тәуекелдердi бағалау негiзiнде, елдiң экономикалық дамуына қарай олардың қатаңдатылуын ескере отырып, нормативтердi белгiлеу.
Қоршаған ортаға әсерiн бағалау . Орнықты даму мақсатында табиғи объектiлерге, экожүйеге, халықтың денсаулығына елеулi әсер ете алатын кез келген шаруашылық не өзге белгiленiп отырған қызметтiң қоршаған ортаға әсерi бағалануға тиiс.
Қоршаған ортаға әсерiн бағалау саласында мыналар мемлекеттiк реттеу қағидаттары болып табылады:
Объектiлердiң, өңiрлердiң және елдiң орнықты дамуына белгiленiп отырған қызметтiң әсерiн бағалау;
күрделiлiгi әр түрлi деңгейдегi объектiлер мен жобалар үшiн бағалау жүргiзуге қойылатын талаптарды саралау;
заңнамалық актiлерге, даму бағдарламаларына, қала құрылысы жобаларына стратегиялық экологиялық бағалау жүргiзу;
жобаның сатысында мұндай бағалау жүргiзiлмеген немесе едәуiр техникалық өзгерiстер жүзеге асырылған жағдайда, жұмыс iстеп тұрған объектiлердiң қоршаған ортаға әсерiн бағалауды жүзеге асыру;
әсер етуiн бағалауды орындау кезiнде бiрыңғай әдiстемелiк тәсiлдердi сақтау;
әсер етуiн бағалауды кәсiптiк ұйымдардың орындау, қоршаған ортаға әсер етуiн бағалаудың объективтi және толық жүргiзiлуiне мамандардың жауаптылығы.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама . Қоршаған ортаны қорғау саласында уәкiлеттi орган белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын және өзге де материалдарды келiсудi мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң қағидаттары мыналар болып табылады:
сараптама жүргiзу кезiндегi кәсiбилiк және объективтiлiк;
iске асырылуы қоршаған ортаға елеулi әсер етуi мүмкiн объектiлер мен жобалар үшiн экологиялық сараптаманың мiндеттiлiгi;
күрделiлiгi әр түрлi дәрежедегi жобалардың экологиялық сараптамасына қойылатын талаптарды саралау;
кәсiптiк экологтар қауымдастықтары мен ғылыми ұйымдарға экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi өкiлеттiктердi iшiнара беру.
Рұқсат беру жүйесi . Қоршаған ортаға берiлетiн эмиссияларға байланысты қызметтiң негiзгi түрлерiн жүзеге асыру үшiн экологиялық рұқсат қажет.
Рұқсат беру жүйесi мыналарға негiзделедi:
рұқсатты алу жөнiндегi табиғатты пайдаланушылар үшiн рәсiмдердi оңайлату;
шаруашылық қызметтiң жекелеген түрлерiне рұқсат алу үшiн хабардар ету қағидатын енгiзу;
рұқсатқа өндiрiстiк бақылауға қойылатын талаптарды және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасын қоса алғанда, негiзгi талаптарды және табиғатты пайдалану шарттарын қосу;
ресурстар мен шикiзат қолданудың, энергиялық тиiмдiлiктiң барлық аспектiлерiн, қолданылатын технологияларға қойылатын талаптарды қамтитын кешендi экологиялық рұқсаттар жүйесiне бiртiндеп көшу.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары . Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары, мынадай жолдармен пайдаланылатын болады:
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды республикалық бюджеттен, жергiлiктi бюджеттерден, табиғатты пайдаланушылардың қаражатынан, халықаралық қарыздардан және гранттардан және өзге де көздерден қаржыландыру;
қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөнiндегi жобаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес одан әрi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан ықтимал қаржыландыра отырып, олардың конкурсын ұйымдастыру;
табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруға және ықтимал экологиялық залалға өтемақы төлеуге жауапты болатындығын немесе жүзеге асырылатын қызметтен бас тартуға тиiс екендiгiн бiлдiретiн "ластаушы төлейдi" қағидатын iске асыру;
перспективада экологиялық стандарттарды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiктi бiр мезгiлде күшейте отырып, қоршаған ортаға берiлетiн эмиссия үшiн ақы төлеуден бас тартумен қоршаған ортаға берiлетiн эмиссия үшiн және табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк айыппұлдар төлеудiң ынталандырушы сипатын арттыру;
қоршаған ортаға залалды экологиялық сақтандыру, сондай-ақ меншiктi қаражатынан тарату сатысында қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру үшiн кәсiпорындар жанынан қорлар ұйымдастыру экономикалық көрсеткiштерге олардың орта құру функциясын ескере отырып, табиғи объектiлердiң толық құнын, сондай-ақ табиғатты қорғау (экологиялық) жұмыстарының (қызметтерiнiң) құнын қосу;
табиғатты пайдаланушылар арасында квоталармен саудаласу жүйесiн енгiзу;
табиғатты қорғаудың нарықтық, оның iшiнде өнеркәсiптiк тауарларды қайта қолдану және қайталама өңдеудi ынталандыратын тетiктерiн енгiзу;
халықаралық конвенциялар және келiсiмдерде көзделген қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қаржы-экономикалық тетiктердi пайдалану.
Экологиялық бақылау және аудит . Қазақстан Республикасында экологиялық бақылау мен аудиттiң тиiмдi жүйесiнiң жұмыс iстеуi мынадай негiздерде қамтамасыз етiлуi тиiс:
өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытуды ынталандыру;
алдын ала құрауышын күшейту, инспекциялардың нәтижелiлiгiн арттыру жолымен мемлекеттiк табиғатты бақылау жүйесiн жетiлдiру;
мемлекеттiк табиғатты қорғауды бақылау инспекциялық қызметiн неғұрлым замани зертханалық жабдықтармен басым жарақтандыру;
кәсiби аудиторларды және талдамалы зертханаларды тарта отырып, тәуелсiз инспекциялық тексеру ретiнде мiндеттi және бастамашыл экологиялық аудиттi жүргiзу.
Экологиялық мониторинг . Орнықты даму мақсатында Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның жай-күйi және оны ықтимал өзгерту үрдiстерi туралы әдiл ақпаратпен мемлекеттiк органдарды, заңды тұлғаларды және азаматтарды қамтамасыз ету мақсатында экологиялық мониторинг жүйесiн жетiлдiру жүзеге асырылуы тиiс.
Ол үшiн мыналар қажет:
мемлекеттiк экологиялық мониторинг жүйесiн қоғамның қазiргi заманғы ақпараттық қажеттiлiгiне бейiмдеу;
мониторингтiң әдiстемелiк базасын жетiлдiру және зертханалық жабдықтармен жарақталуын жақсарту;
қоршаған ортаның жалпы жай-күйi мен антропогендi қысымның деңгейiн неғұрлым толық сипаттау үшiн бақылау пункттерi желiсiн репозициялау және кеңейту;
iрi елдi мекендердiң қоныстанатын аймақтарында атмосфералық ауаның ластануының автоматтандырылған цифрлық мониторингi жүйесiн құру;
басқару шешiмдерiн қабылдауды қолдау үшiн автоматтандырылған ақпараттық жүйелердiң экологиялық мониторингi ақпараттық ағымдары базасын қалыптастыру;
ядролық материалдарды, радиоактивтi заттар мен қалдықтарды есепке алу және бақылау жүйесiн жетiлдiру.
Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету . Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдiң орнықты даму жолын белгiлеу жөнiндегi мемлекет қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруда маңызды элементтердiң бiрi болып табылады.
Қазақстан Республикасында экологиялық ғылым мынадай негiзгі бағыттарда дамуы тиiс:
орнықты даму теориясын жасау;
қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
қоршаған ортаның жай-күйi индикаторлары жүйелерiн қалыптастыру;
экологиялық аудандастыру;
жергiлiктi экологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзiрлеу;
жаңа ресурс үнемдеушi, қалдығы аз, экологиялық тиiмдi технологияларды құру;
олардың орнықты жаңғыртылуын қамтамасыз ететiн, жаңартылатын биологиялық ресурстарды (орман, су, аңшылық-кәсiпшiлiк, дәрiлiк және басқалары) пайдаланудың ғылыми қағидаттарын және технологияларын әзiрлеу;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсiн дамытуды, сирек кездесетiн және құнды жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерiн, сондай-ақ табиғи қоғамдастықтар мен жүйелердi сақтауды және қалпына келтiрудi қоса алғанда, биологиялық әртүрлiлiктi сақтаудың тиiмдi әдiстерiн әзiрлеу;
тiрi организмдердiң бөтен тектi және генетикалық өзгерген түрлерiнiң таралуын талдау және осы үдерiстердi бақылау мен келеңсiз салдарын - төмендетудiң тиiстi әдiстерiн әзiрлеу;
экологиялық-экономикалық бағалаудың әдiснамасы мен әдiстерiн әзiрлеу оның iшiнде олардың орта құру функциясын ескере отырып, табиғи объектiлердiң бағасын анықтау;
ластанудың алдын алу және жою, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жарату құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;
адам аурулары мен қоршаған орта сапасының өзгерiстерi арасындағы байланысты зерделеу;
экологиялық мониторингтiң қазiргi заманғы әдiстерiн, сондай-ақ табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк басқару мақсатында ақпараттық технологияларды әзiрлеу және дамыту.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық . Қазақстан Республикасы мыналарды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуы тиiс:
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын әлемдегi үздiк норма жасау практикасына, әсiресе - Еуропалық Одақтың экологиялық заңнамасына жақындату;
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шаралардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен өзара iс-қимыл жасау;
экологиялық салада халықаралық стандарттарды енгiзу, соның iшiнде - кәсiпорындарда және мемлекеттiк басқару органдарында ISO 14001:2004 стандарттарын пайдалануды ынталандыру;
климатты сақтау және парник газдарының шығарындыларын қысқарту жөнiндегi халықаралық күш-жiгер жасау үдерiсiне Қазақстанның қосылуы;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық конвенцияларды кеңейту;
Қазақстанның халықаралық трансшекаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларды халықаралық қаржыландыруды тарту үшiн жағдайлар жасау.
4. XXI ғасырға арналған жергiлiктi күн тәртiбiн қалыптастыруға деген трансөңiрлiк және экожүйелiк көзқарас
Қазақстан Республикасында экожүйелiк қағидаттарға сәйкес орнықты аумақтық дамуды жүзеге асыру жөнiндегi инновациялық саясат iске асырылатын болады.
Қазақстан Республикасында аумақтық деңгейде орнықты даму әкiмшiлiк-аумақтық бөлу субъектiлерi шеңберiнде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн емес, өйткенi Қазақстан жағдайында табиғат, оның ресурстары және экожүйелерi айқын трансөңiрлiк сипатта болып табылады.
Осыған байланысты бассейндiк қағидат бойынша орнықты экожүйелiк дамудың мынадай: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есiл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Шу-Талас сегiз аймағы үшiн XXI ғасырға арналған Жергiлiктi күн тәртiбiн әзiрлеу ұйғарылып отыр.
Трансөңiрлiк негiзде, экожүйелiк қағидаттарға сәйкес орнықты аумақтық даму бағдарламаларын қалыптастыру мыналарға:
тұтастай экологиялық жүйелерге жататын аумақтарды басқаруға деген бiртұтас көзқарасқа негiзделе отырып, табиғатты тиiмдi пайдалануды және табиғат ресурстарын сақтауды қамтамасыз етуге;
қазiргi табиғи ресурстардың менеджментi жүйесiнiң тиiмсiздiгiн, ведомстволық бөлiнулер мен функциялардың қайталануын жеңуге;
Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын нығайтуға және өңiрлердiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайда жiктелуiн төмендетуге;
халықаралық қарым-қатынастарда экожүйелiк көзқарасты дамыту үшiн жағдайлар жасауға, трансұлттық экологиялық жүйенi сақтау жөнiндегi бiрлескен қызмет шеңберiнде көршiлес елдермен ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкiндiк бередi.
Бұл ретте XXI ғасырға арналған күн тәртiбiн қалыптастырудың және орнықты даму аймақтарын құрудың бассейiндiк қағидаты елдiң әкiмшiлiк бөлiнуi, әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларды құру, экономикалық кластерлердi жасау сияқты аумақтық ұйымдардың өзге де нысандарын алмастырмайды. Сонымен қатар орнықты даму аймақтары шеңберiнде қоршаған ортаны қорғау мүддесi негiзiнде ықпалдастық үдерiстерi белсендiрек жүзеге асырылатын болады.
Iс жүзiнде, Қазақстан Республикасының мысалында экожүйелiк деңгейде аумақтық орнықты дамуға қағидатты жаңа көзқарас әзiрленуi мүмкiн.
5. Мемлекеттiң миссиясы және институционалдық
қамтамасыз ету
Орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын iске асыру кезiнде мемлекеттiң неғұрлым маңызды мiндетi ұлттық мүдделердi сақтауды қамтамасыз ету және орнықты даму қағидаттарын уақтылы орындау, орнықты дамудың негiзгi бағыттарын үйлестiру, сондай-ақ барлық әлеуметтiк топтарға орнықты даму үдерiстерiне белсендi тартылуға және ортақ күш-жiгердiң нәтижелерiн пайдалануына мүмкiндiк беру болып табылады.
Тұжырымдаманы табысты iске асыру үшiн мемлекет бiрқатар заңнамалық, экономикалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдайтын болады. Орнықты даму тұрғысынан мемлекеттiк саясаттың тұрақтылығын және тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстанның орнықты дамуының негiзгi бағыттары салалық, секторалдық және аумақтық жоспарларға, бағдарламаларға және басқа да тиiстi құжаттарға бiрiктiрiлуi тиiс.
Орнықтылық тұрғысынан мемлекеттiң басты миссиясы мыналардың:
экономиканың әр түрлi салалары мен қоғам секторларын үйлесiмдi дамыту үшiн теңгерiмдi мемлекеттiк саясатты жүргiзу әрi сектораралық және ведомствоаралық кедергiлердi заңнамалық және экономикалық шаралармен жеңу;
елдiң жұмыс iстеуге қабiлеттi және жұмыс iстегiсi келетiн әрбiр тұрғынына, өз еңбегiмен өзiне тиiстi өмiр деңгейiн қамтамасыз ету мүмкiндiгiн ұсыну;
қоршаған ортаға келеңсiз әсерiн бақылау және реттеу есебiнен өткен ұрпақпен салыстырғанда кейiнгi ұрпақтың өмiр сүру сапасының үздiк параметрлерiн қамтамасыз етуде.
Мемлекет барабар заңнамалық және экономикалық шараларды қабылдау жолымен табиғи ресурстарды сақтауы, олардың тиiмдi пайдалануын қамтамасыз етуi тиiс.
Ұлттық мүдделердi сақтау және мәдени құндылықтарды басқару мемлекеттен үлкен қолдау алады. Бұл болашақ ұрпақ үшiн құнды мәдени мұраларды сақтауға және қайта жаңғыртуға мүмкiндiк бередi. Орнықты даму жөнiндегi мiндеттемелердiң табысты орындалуы, егер оның негiзгi құрауыштары мен идеяларын бүкiл қоғам болып қолдаған жағдайда ғана қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Мемлекеттiк институттар, бизнес-қауымдастығы және азаматтық қоғам арасындағы тиiмдi ынтымақтастық тең серiктестiк қағидатында негiзделедi.
Мемлекеттiк өңiрлердi орнықты дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi миссиясы экологиялық даму мен халықтың әл-ауқаты арасындағы айырмашылықты қысқарту үшiн барлық өңiрлердiң дамуын үйлестiру болып табылады. Өзiн-өзi басқаруды күшейту және дамыту, XXI ғасырға арналған трансөңiрлiк күн тәртiбiн iске асыруды қолдау, қоғамның әр түрлi топтары мен институттарымен ынтымақтастықты жолға қою да мемлекеттiң маңызды мiндетi болып табылады.
Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуiн институционалдық қамтамасыз етудi Орнықты даму жөнiндегi кеңес, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, Еуразия орнықты инновациялық даму технологияларының ғылыми бiлiм беру орталығы және орнықты дамудың үйлестiру орталықтары алға қояды.
Орнықты даму жөнiндегi кеңес . Орнықты дамуға көшу саласында мемлекеттiң миссиясын iске асыруды қамтамасыз ететiн негiзгi орган орнықты даму қағидаттарының және осы тұжырымдаманың ережелерiнiң мемлекеттiк және қоғамдық өмiрдiң барлық салаларына енгiзiлуiне жәрдемдесуге тартылған Орнықты даму жөнiндегi кеңес (ОДК) болып табылады.
"Қазына" орнықты даму қоры . "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуiн қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Осы Тұжырымдаманың мақсатына қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн көптеген мiндеттер, қомақты инвестицияларды қажет етедi. Бұл инвестицияларды Орнықты даму жөнiндегi кеңеспен өзара iс-қимыл жасауда "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ қамтамасыз етуi тиiс.
Еуразия орнықты инновациялық даму технологияларының ғылыми-бiлiм беру орталығы . Еуразия орнықты инновациялық даму технологиясының ғылыми-бiлiм беру орталығы Қазақстан Республикасында мынадай функцияларды iске асыру үшiн құрылуы тиiс:
орнықты дамуды қамтамасыз етудiң ғылыми базаны дайындау;
тиiмдiлiк көрсеткiшi бойынша шетелдiк аналогтардан асып түсетiн бiрегей серпiндi технологияларды (ұйымдастырушылық, техникалық, ақпараттық) құру;
Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу үдерiстерiнiң мониторингi;
орнықты даму саласында кадрларды (2009 жылға дейiн 2-3 мың жаңа формациялы мамандар) дайындау.
Орнықты дамуды үйлестiру орталықтары . Тұжырымдаманың мақсаттары мен мiндеттерiн оның негiзгi бағыттары бойынша iске асыру соның iшiнде қоршаған ортаның ластануын азайту, өнiмдiлiк, энергияны үнемдеу және энергия ресрустарын ұтымды пайдалану, қалдықтардың химиялық қауiпсiздiгi және оларды басқару, денсаулықты қорғау және экологиялық жоспарлау, орнықты көлiк жүйелерi, мәдени мұраны сақтау, шөлейттену және биоәртүрлiлiк, су проблемалары және ауыз суға қол жеткiзу, демография мен көшi-қон, азық-түлiк қауiпсiздiгi, орнықты даму үшiн бiлiм беру мәселелерi бойынша мемлекеттiк емес үйлестiру орталықтарын құру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Үйлестiру орталықтарының басты функциялары орнықты даму басымдықтарына қол жеткiзудi қолдау, мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың орнықты даму және орнықты дамудың институционалдық құрылымдары саласындағы шешiмдердi орындау жөнiндегi қызметiне өңiрлiк деңгейде жәрдемдесу.
1-кесте. Орнықты даму индикаторлары
Интегралды параметрлер
1. Өмiр сүру сапасы
2. Экологиялық орнықтылық индексi
3. Күтiлетiн алдағы болашақ өмiрдiң орташа ұзақтығы (АӨОҰ)
4. Адамзаттық даму индексi
5. Адамзаттық әлеуеттiң даму индексi
6. Халықтың кедейлiк индексi
7. Халық саны
8. Толық қуат немесе елдiң табиғи ресурстарын жиынтық тұтыну
9. Пайдалы қуат немесе жиынтық өнiм
10. Қуаттың ысырабы, немесе пайдаланылмаған резервтер
11. Ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгi (РПТ)
Ұйымдастырушылық индекстерi
12. Ұлттық орнықты даму стратегиясының болуы (иә, жоқ)
13. Орнықты даму жөнiндегi ұлттық кеңестiң және орнықты даму жобаларының болуы (иә, жоқ)
14. Орнықты даму бойынша ақпараттық базасының болуы (иә, жоқ)
15. Халықаралық Конвенцияларды, келiсiмдердi ратификациялау (саны)
16. Орнықты даму бойынша бiлiм алған мамандар саны (адам саны) Экономикалық өсу
17. Халықтың жан басына шаққандағы ЖIӨ, мың долл.
18. Энергияны жылдық тұтыну, млн.кВт/сағ.
19. Қайта өңдейтiн салалардың үлесi, ЖIӨ-ге %
20. Жоғары технологиялы өнiмдердiң экспорты, ЖIӨ-ге %-бен және жалпы экспорт көлемiнде %-бен
21. Қайта өңдейтiн салалардың экспорты, ЖIӨ-ге %-бен және жалпы экспорт көлемiнде %-бен
22. Әкелiнетiн азық-түлiк өнiмдерiнiң үлесi, ЖIӨ-ге %
23. ЖIӨ материал сыйымдылығының деңгейi
24. Негiзгi капиталдың жаңару коэффициентi
25. Сыртқы борыш, ЖIӨ-нiң %-ы
26. ҚОҚ-ға жұмсалған шығыстар, ЖIӨ-нiң %-ы
27. ISO 9001 сапа стандарты бойынша сертификатталған кәсiпорындар саны; кәсiпорындардың жалпы саны және жалпы санының бiр бөлiгi пайызбен.
28. ISO 14001:2004 сапа стандарты бойынша сертификатталған кәсiпорындар саны; кәсiпорындардың жалпы саны және жалпы санының бiр бөлiгi пайызбен.
29. OHSAS 18001 сапа стандарты бойынша сертификатталған кәсiпорындар саны; кәсiпорындардың жалпы саны және жалпы санының бiр бөлiгi пайызбен.
30. Шағын және орташа бизнестiң ЖIӨ-дегi үлесi
31. ЖIӨ-нiң жүк сыйымдылығы
32. Көлiк жүйесiнiң сенiмдiлiгi
Энергетика
33. ЖIӨ-нiң энергия сыйымдылығы деңгейi
34. Энергия құны
35. Халықтың энергия тұтынуы
36. Жалпы энергия тұтынуда жаңғыртылатын энергия көлемi; %-бен
37. Жалпы электр тұтынуда жаңғыртылатын энергиядан алынған электр көлемi, %-бен
38. Энергетика объектiлерiнен атмосфераға шығарындылар деңгейi, жылына тонна
39. Электр энергиясын жалпы тұтынудан электр энергиясы торабындағы ысыраптың үлесi, %
Әлеуметтiк даму
40. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейi; еңбекке жарамды халықтың %-дық арақатынасында.
41. Жұмыссыздық деңгейi; халықтың экономикалық белсендi санының %-дық арақатынасында.
42. Кедейлiк деңгейi; кедейлiк шегiнде тұрған адамдардың пайыздық саны (немесе кiрiсi ең төмен күнкөрiс деңгейiнен төмен)
43. Халықтың 10 % бай және 10 % кедей топтары кiрiстерiнiң арақатынасы
44. Ең аз және орташа жалақының арақатынасы
45. Алдағы салауатты өмiрдiң орташа ұзақтығы
46. Халықтың өсу қарқыны, %-бен
47. Табиғи өсiм
48. Келген тұрғынның кеткенге үлесi (көшi-қон коэффициентi), %
49. 1000 тұрғынға өлiм-жiтiм деңгейi
50. Тiрi туған 100000 балаға ана өлiмi
51. Тiрi туған 1000 балаға сәби өлiмi
52. Туберкулезден және АҚТК-ЖҚТБ-ен ауыру және өлiм деңгейi
53. Туу деңгейi
54. Қауiпсiз ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етiлетiн халық пропорциясы; %.
55. Бiлiм беру мен ғылымға қаржы бөлу, ЖIӨ үлесi %-бен
56. Көлiкке қол жетiмдiлiк (жан басына шаққанда барлық түрдегi тасымалдаудың жиынтық саны)
57. Халықтың көлiктiк қауiпсiздiгi, ауыр жол-көлiк оқиғасының саны (100000 жолаушыға).
58. Қала және ауыл халқының кiрiс деңгейiнiң арақатынасы
Қоршаған ортаның жай-күйi
59. Атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындысы: жалпы көлемi (мың, тонна), аумақтың бір бiрлiгiне (мың. T/KM ), сондай-ақ ЖIӨ-нiң бiр бiрлiгiне (жалпы және шаруашылық қызметтiң саласы бойынша)
60. Тотықтыратын қосылыстар эмиссиясы (SO 2 , NO x ), озондық прекурсорлар (NO 2 , құрамында ұшатын органикалық қосылыстары жоқ метан); жалпы көлемi (мың, тонна), аумақтың бір бiрлiгiне (км 2 ), сондай-ақ ЖIӨ-нiң бiр бiрлiгiне (жалпы және шаруашылық қызметтiң саласы бойынша)
61. Ластанған ағынды сулар төгiндiсi, млн.м 3
62. Ластанған ағынды сулардың үлестiк төгiндiсi, м 2 /адам
63. Жалпы өңірлік өнiмнiң бiр бiрлiгiне қалдықтардың пайда болуы, тонна/мың, АҚШ дол.
64. Жер асты суларының сапасы; нитраттар мен аммиак концентрациясы (мг/л)
65. Халықтың жан басына шаққандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болуы, тонна/адам
66. Жалпы пайда болған қалдықтардың кәдеге жарату үлесi, %
67. Шөлейттену үдерiсiне ұшыраған аумақтың алаңы, мың, км
68. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңы, мың га және жалпы аумақтың %-дық арақатынасы.
69. Қайта қалпына келтiрiлген жерлер алаңы; мың га және қайта қалпына келтiрудi қажет ететiн жердiң жалпы аумағынан %-бен
70. Эрозияланған жерлердiң алаңы; мың га және ауыл шаруашылығы жерлерiнiң алаңынан %-бен
Өңiрлiк даму
71. Өңiрдiң жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың долл.
72. Өңдеушi өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi, алдыңғы кезеңге %-бен
73. Өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi капиталына инвестициялар көлемi.
74. Өнiм экспортының көлемi, млн.долл.
75. ISO 9001 халықаралық сапа стандарттарын енгiзген өңiрдегi кәсiпорындар саны.
76. ISO 14000 халықаралық стандарт сапасын енгiзген аймақтағы кәсiпорындар саны.
77. OHSAS 18000 халықаралық сапа стандарттарын енгiзген өңiрдегi кәсiпорындар саны.
78. Барлық шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң тауарлар шығару, жұмыстары және қызметтерiнiң көлемi
79. Шағын кәсiпкерлiк саласында айналысатындар саны
80. Тұрғын үйлердi iске қосу, жалпы алаңның ш.м.
81. Жұмыссыздық деңгейi
82. Нақты жалақы индексi
83. Табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен төмен халық үлесі, ел халқының жалпы орташа санының арақатынасы %-бен.
84. Өңiрдегi ластаушы заттардың шығарындысы; т/км және ұлттық көрсеткiшпен арақатынасы
85. Өңiрдегi орман алаңы; %-бен
2-кесте. Йель экологиялық заңнама және саясат жөнiндегi
орталығының (Йель университетi) және Жер туралы
ғылымдардың халықаралық ақпараттық желiсi Колумбиялық
орталығының (Колумбия университетi) экологиялық
орнықтылық индексi бойынша әлем елдерiнiң рейтингi
(2006 жыл)
№ |
Ел | Экологиялық тұрақтылық индексі |
---|---|---|
1 |
2 |
3 |
1. |
Жаңа Зеландия |
88.0 |
2. |
Швеция |
87,8 |
3. |
Финляндия |
87,0 |
4. |
Чехия |
86,0 |
5. |
Ұлыбритания |
85,6 |
6. |
Австрия |
85,2 |
7. |
Дания |
84,2 |
8. |
Канада |
84,0 |
9. |
Ирландия |
83,3 |
10. |
Малайзия |
83,3 |
11. |
Португалия |
82,9 |
12. |
Франция |
82,5 |
13. |
Исландия |
82,1 |
14 . | Жапония |
81,9 |
15. |
Коста Рика |
81,6 |
16. |
Швейцария |
81,4 |
17. |
Колумбия |
80,4 |
18. |
Греция |
80,2 |
19. |
Норвегия |
80,2 |
20. |
Австралия |
80,1 |
21. |
Италия |
79,8 |
22. |
Германия |
79,4 |
23. |
Испания |
79,2 |
24. |
Словакия |
79,1 |
25. |
Тайвань |
79,1 |
26. |
Чили |
78,9 |
27. |
Голландия |
78,7 |
28. |
АҚШ |
78,5 |
29. |
Кипр |
78,4 |
30. |
Аргентина |
77,7 |
31. |
Ресей |
77,5 |
32. |
Словения |
77,5 |
33. |
Венгрия |
77,1 |
34. |
Бразилия |
77,0 |
35. |
Тринидад және Тобаго |
76,9 |
36. |
Ливан |
76,7 |
37. |
Панама |
76,5 |
38. |
Полыпа |
76,2 |
39. |
Бельгия |
75,9 |
40. |
Эквадор |
75,5 |
41. |
Куба |
75,3 |
42. |
Оңтүстік Корея |
75,2 |
43. |
Ямайка |
74,7 |
44. |
Венесуэла |
74,1 |
45. |
Израиль |
73,7 |
46. |
Габон |
73,3 |
47. |
БАЭ |
73,2 |
48. |
Суринам |
73.0 |
49. |
Түркия |
72,8 |
50. |
Болгария |
72,0 |
51. |
Украина |
71,2 |
52. |
Гондурас |
70,8 |
53. |
Иран |
70,0 |
54. |
Доминикан Республикасы |
69,5 |
55. |
Филипин |
69,4 |
56. |
Никарагуа |
69,2 |
57. |
Албания |
68,9 |
58. |
Гватемала |
68,9 |
59. |
Сауд Аравиясы |
68,3 |
60. |
Оман |
67,9 |
61. |
Таиланд |
66,8 |
62. |
Парагвай |
66,4 |
63. |
Алжир |
66,2 |
64. |
Иордания |
66,0 |
65. |
Перу |
65,4 |
66. |
Мексика |
64,8 |
67. |
Шри Ланка |
64,6 |
68. |
Морокко |
64,1 |
69. |
Армения |
63,8 |
70. |
Қазақстан |
63,6 |
71. |
Боливия |
63,4 |
72. |
Гана |
63,1 |
73. |
Сальвадор |
63,0 |
74. |
Зимбабве |
63,0 |
75. |
Молдова |
62,9 |
76. |
ОАР |
62,0 |
77. |
Грузия |
61,4 |
78. |
Уганда |
60,8 |
79. |
Индонезия |
60,7 |
80. |
Қырғыз |
60,5 |
81. |
Непал |
60,2 |
82. |
Тунис |
60,0 |
83. |
Танзания |
59,0 |
84. |
Бенин |
58,4 |
85. |
Египет |
57,9 |
86. |
Кот д'Ивуар |
57,5 |
87. |
Орталық Африка Республикасы |
57,3 |
88. |
Мьянма |
57,0 |
89. |
Руанда |
57,0 |
90. |
Румыния |
56,9 |
91. |
Малауи |
56,5 |
92. |
Намибия |
56,5 |
93. |
Кения |
56,4 |
94. |
Қытай |
56,2 |
95. |
Әзірбайжан |
55,7 |
96. |
Папуа Жаңа Гвинея |
55,5 |
97. |
Сирия |
55,3 |
98. |
Замбия |
54,4 |
99. |
Вьетнам |
54,3 |
100. |
Камерун |
54,1 |
101. |
Свазиленд |
53,9 |
102. |
Лаос |
52,9 |
103. |
Того |
52,8 |
104. |
Гамбия |
52,3 |
105. |
Түрікменстан |
52,3 |
106. |
Өзбекстан |
52,3 |
107. |
Сенегал |
52.2 |
108. |
Бурунди |
51,6 |
109. |
Либерия |
51,0 |
110. |
Камбоджа |
49,8 |
111. |
Сьерра Леоне |
49,5 |
112. |
Конго |
49,4 |
113. |
Гвинея |
49,2 |
114. |
Гаити |
48,9 |
115. |
Монғолия |
48,8 |
116. |
Мадагаскар |
48,6 |
117. |
Тәжікстан |
48,2 |
118. |
Үндістан |
47,7 |
119. |
Корей Демократиялық Республикасы |
46,3 |
120. |
Гвинея Бисау |
46,1 |
121. |
Мозамбик |
45,7 |
122. |
Иемен |
45.2 |
123. |
Нигерия |
44,5 |
124. |
Судан |
44,0 |
125. |
Бангладеш |
43,5 |
126. |
Буркина Фасо |
43,2 |
127. |
Пәкістан |
41,1 |
128. |
Ангола |
39,3 |
129. |
Эфиопия |
36,7 |
130. |
Мали |
33,9 |
131. |
Мавритания |
32,0 |
132. |
Чад |
30,5 |
133. |
Нигер |
25,7 |
3-кесте. Қоғам, табиғат және адам халықаралық университеті
халқының өмір сүру сапасы бойынша әлем елдерінің рейтингі
(Дубна қаласы, Ресей)
№N | Ел | Өмір сүру сапасы |
---|---|---|
1 |
2 |
3 |
1. |
Норвегия |
3,83 |
2. |
Исландия |
3,80 |
3. |
Австралия |
3,70 |
4. |
Люксембург |
3,60 |
5. |
Канада |
3,50 |
6. |
Швеция |
3,35 |
7. |
Швейцария |
3,20 |
8. |
Ирландия |
2,96 |
9. |
Бельгия |
2,93 |
10. |
АҚШ |
2,88 |
11. |
Жапония |
2,74 |
12. |
Нидерланды |
2,42 |
13. |
Финляндия |
2,40 |
14. |
Дания |
2,35 |
15. |
Франция |
2,31 |
16. |
Германия |
2,27 |
17. |
Австрия |
2,20 |
18. |
Италия |
2,15 |
19. |
Жаңа Зеландия |
2,10 |
20. |
Ұлыбритания |
2,09 |
21. |
Испания |
2,07 |
22. |
Гонконг, Китай |
2,07 |
23. |
Израиль |
2,05 |
24. |
Греция |
2,05 |
25. |
Сингапур |
2,05 |
26. |
Словения |
2,05 |
27. |
Португалия |
2,03 |
28. |
Корея |
2,03 |
29. |
Кипр |
2,03 |
30. |
Барбадос |
2,03 |
31. |
Чехия |
2,03 |
32. |
Мальта |
2,03 |
33. |
Аргентина |
2,01 |
34. |
Венгрия |
2,01 |
35. |
Польша |
2,01 |
36. |
Чили |
2,01 |
37. |
Эстония |
2,01 |
38. |
Литва |
2,01 |
39. |
Қатар |
2,00 |
40. |
БАЭ |
2,00 |
41. |
Словакия |
2,00 |
42. |
Бахрейн |
2,00 |
43. |
Кувейт |
2,00 |
44. |
Хорватия |
2,00 |
45. |
Уругвай |
2,00 |
46. |
Коста-Рика |
1,90 |
47. |
Латвия |
1,90 |
48. |
Сент-Китс және Невис |
1,80 |
49. |
Багам аралдары |
1,80 |
50. |
Сейшель аралдары |
1,80 |
51. |
Куба |
1,72 |
52. |
Мексика |
1,72 |
53. |
Үндістан |
1,70 |
54. |
Болгария |
1,67 |
55. |
Панама |
1,63 |
56. |
Тринидад және Тобаго |
1,63 |
57. |
Ливия |
1,63 |
58. |
Македония |
1,60 |
59. |
Антигуа және Барбуда |
1,60 |
60. |
Малайзия |
1,59 |
61. |
Ресей |
1,57 |
62. |
Бразилия |
1,53 |
63. |
Румыния |
1,52 |
64. |
Маврикий |
1,50 |
65. |
Гренада |
1,50 |
66. |
Босния және Герцеговина |
1,50 |
67. |
Колумбия |
1,50 |
68. |
Доминика |
1,50 |
69. |
Оман |
1,48 |
70. |
Албания |
1,47 |
71. |
Тайланд |
1,44 |
72. |
Самоа (Батыс) |
1,38 |
73. |
Венесуэла |
1,36 |
74. |
Сент-Люсия |
1,36 |
75. |
Сауд Аравиясы |
1,27 |
76. |
Украина |
1,15 |
77. |
Перу |
1,10 |
78. |
Қазақстан |
1,05 |
79. |
Эквадор |
0,82 |
80. |
Беларусь |
0,79 |
81. |
Армения |
0,45 |
82. |
Филиппины |
0,45 |
83. |
Қытай |
0,34 |
84. |
Суринам |
0,27 |
85. |
Сент-Винсент және Гренадины |
0,27 |
86. |
Парагвай |
0,25 |
87. |
Тунис |
0,18 |
88. |
Иордан |
0,18 |
89. |
Белиз |
0,17 |
90. |
Фиджи |
0,16 |
91. |
Шри-Ланка |
0,14 |
92. |
Түркия |
0,14 |
93. |
Доминиканская Республика |
0,12 |
94. |
Мальдивия аралдары |
0,11 |
95. |
Түркіменстан |
0,08 |
96. |
Иран |
0,07 |
97. |
Грузия |
0,06 |
98. |
Әзірбайжан |
0,05 |
4-кесте. Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің
қондырғы параметрлерін бағалау (2005 - 2024 жылдар)
Р/с№N |
Интегралды өлшеуіштер |
Дайындық кезеңі |
Бірінші кезең |
Екінші кезең |
Үшінші кезең |
||||
2005 ж. |
2009 ж. |
2012 ж. |
2018 ж. |
2024 ж. |
|||||
1. |
Халық саны, млн. адам |
15,05 |
15,66 |
16,13 |
17,13 |
18,18 |
|||
2. |
Өмірдің орташа ұзақтығы, жыл |
66,53 |
67,87 |
68,89 |
70,99 |
73,14 |
|||
3. |
Әйел адамның орташа өмір ұзақтығының ер адамның орташа өмір ұзақтығынан асуы, жыл |
11,47 |
10,00 |
9,3 |
8,5 |
7,5 |
|||
4. |
Қуатты тұтынуы, ГВт |
94,85 |
130,45 |
154,86 |
264,86 |
468,38 |
|||
5. |
Өндіріс, ГВт |
29,40 |
43,05 |
57,30 |
113,10 |
248,24 |
|||
6. |
Ысырап, ГВт |
65,45 |
87,40 |
97,56 |
151,77 |
220,14 |
|||
7. |
Ресурстарды пайдалану тиімділігі, РПТ |
0,13 |
0,33 |
0,37 |
0,43 |
0,53 |
|||
8. |
Экологиялық тұрақтылық коэффициенті, балл |
63 |
68 |
73 |
75 |
88 |
|||
9. |
Өмір сүру сапасы, балл |
1,18 |
1,78 |
2,43 |
4,35 |
9,49 |
1-сурет. Қазақстан Республикасының ресурстарды
пайдалану тиімділігі (РПТ) көрсеткішінің есебі, 2005 жыл.
(Қағаз мәтініне қараңыз)
2-сурет. Қазақстанның әлемнің негізгі елдері арасындағы
алдағы салауатты өмірінің (жыл) орташа ұзақтығы және халықтың жан
басына шаққандағы жалпы ішкі өнімінің көлемі бойынша жағдайы
(сатып алушылық қабілетінің тепе-теңдігі бойынша,
мың АҚШ доллары)
(Қағаз мәтініне қараңыз)
3-сурет. Алдағы салауатты өмірдің орташа ұзақтығы мен экологиялық
тұрақтылық индексінің арақатынасы бойынша Қазақстанның жағдайы
Кестені қағаз ретінде қараңыз
4-сурет. Қазақстанның жан басына шыққандағы экологиялық
тұрақтылық индексі және энергия тұтынуы (әмбебап бірліктерде)
бойынша жағдайы
(Қағаз мәтініне қараңыз)
5-сурет. Орнықты дамуға көшу үдерісінде Қазақстан Республикасының
ресурстарды пайдалану тиімділігінің (РПТ) болжамдық серпіні
(Қағаз мәтініне қараңыз)
6-сурет. Орнықты дамуға көшу үдерісінде Қазақстан Республикасы халқының алдағы өмірінің орташа ұзақтығының болжамдық серпіні
(Қағаз мәтініне қараңыз)
7-сурет. Орнықты дамуға көшу үдерісінде
Қазақстан Республикасының экологиялық орнықтылығы
индексінің болжамдық серпіні
(Қағаз мәтініне қараңыз)
Конвенцияда пайдаланылатын ұғымдар
Орнықты даму - осы заманғы қажеттiлiктi қанағаттандыратын, бiрақ болашақ ұрпақтың өз қажеттiлiгiн қанағаттандыру қабiлетiне қауiп төндiрмейтiн даму;
қуат - бiрлiгiнде әр түрлi қоғамдық және экономикалық үдерiстердiң қасиеттерi көрсетiлетiн объект энергиясы бiр сәтте өзгеретiн жылдамдық (ГВт);
ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгi (РПТ) - барлық өндiрiстер мен үдерiстер (өндiрiстiң) пайдалы қуатының өткен кезеңдегi толық қуатқа (тұтынуға) арақатынасы;
экологиялық тұрақтылық коэффициентi (индексi) - Йель экологиялық заңнама және саясат жөнiндегi орталығы (Йель университет) және Жер туралы халықаралық ақпараттық желiсiнiң Колумбиялық орталығының (Колумбия университетi) әдiстемесi бойынша жыл сайын есептелетiн әрi 76 параметр және 16 өлшем есептемесiне негiзделген көрсеткiш (экожүйелер жай-күйiнiң, экологиялық күйзелiстiң, халық денсаулығының экологиялық аспектiлерiнiң, мемлекеттiң әлеуметтiк және институционалдық мүмкiндiктерi мен халықаралық белсендiлiгiнiң көрсеткiштерiн қоса алғанда);
өмiр сүру сапасы - Қоғам, табиғат және адам халықаралық университетiнiң (Ресей, Дубна) әдiстемесi бойынша есептелген, өмiр сүру ұзақтығын, халықтың әл-ауқатының көрсеткiшiн және қоршаған орта жай-күйiнiң көрсеткiшiн шығаруға тең кешендi көрсеткiш;
экожүйелiк (бассейндiк) қағидат - iрi су бассейндерiнiң айналасында әлеуметтiк-экологиялық жүйелер ұйымдастыруға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағын 8 аймаққа аудандастыру;
алдағы салауатты өмiрдiң орташа ұзақтығы - ағымдағы жылы туған, ауырған уақытына түзетулермен (ДДҰ көрсеткiшi), өлiм-жiтiмнiң жас бойынша көрсеткiштерiн сақтау шартымен шоғырланымның күтiлетiн орташа өмiр cүpу ұзақтығы.