Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы
1-бап.
"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік мұрағаттар тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) ақылы негiзде сатуға құқылы.
Осындай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша мемлекеттік мұрағаттардың иелiгiнде қалуы мүмкiн.
Мемлекеттiк мұрағаттардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi қызмет түрлерiн жүзеге асырғаны үшiн төлем Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртіппен жеке немесе заңды тұлғамен келiсiм бойынша айқындалады.
Мемлекеттiк мұрағаттардың ақылы қызметтерiне:
1) ұйымдар мұрағаттарының және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерiнің жұмысын жетiлдiру бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, ережелер, нұсқаулықтар, әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу және енгiзу;
2) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу;
3) жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiштерi) бойынша құжаттау мен құжаттаманы басқарудың қазiргi заманғы негiздерiн оқыту жөнiндегi курстаp мен семинарлар өткiзу;
4) мұрағат iстерi мен құжаттарды қайта қалпына келтiру, түптеу, мұрағаттық қораптар дайындау;
5) мұрағат құжаттарының сақтандыру көшiрмелерiн дайындау, мәтiндерiн қалпына келтiру;
6) мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат жасау мен оны жетiлдiруде әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;
7) тапсырыстар (өтiнiштер) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды жүргiзу және мұрағат құжаттарын көшiру жатады.".
2-бап.
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi;
1-баптың төртiншi абзацы 2008 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының
Президентi