Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 және 2006 жылғы 30 наурыздағы N 214 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 1055 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
 

      1) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысында:
      көрсетiлген қаулыға 93-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 2-жолында 5-бағанда "ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерінің мақта талшығын сараптауға 846,7-1270,0 мың көлемдегi сынама шығынын өтеу" деген сөздер "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамының негiзiнде отандық сертификаттау орталығын құруға арналған шығындарды субсидиялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер" деген 7-тармақтың Тiкелей нәтижелерiнде "республикадағы өндiрiлген көлемi 846,7-1270,0 мың сынамасын халықаралық стандарт бойынша әрбiр мақта талшығы бумасының сапасына сараптау жүргiзудi қамтамасыз ету." деген сөздер "халықаралық стандарттарға сай келетiн және республикада өндiрiлетiн көлемi 682,0 мың сынамаға дейiн әрбiр мақта бумасының сапасына объективтi түрде сараптама жасауды қамтамасыз ететiн отандық сертификаттау орталығын құру." деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 наурыздағы N 214 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 11, 102-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесiнде:
      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Азық-түлiк корпорациясы" АҚ) негiзiнде отандық сертификаттау орталығын құруға арналған шығындарды субсидиялауға арналады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Осы Ереженiң 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар осы Ереженiң 5-тарауына сәйкес төленедi.";

      5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. "Азық-түлiк корпорациясы" АҚ-ның негiзiнде мақтаның сапасына сараптама жасау жөнiндегi отандық сертификаттау орталығын құру үшiн субсидия алу тәртiбi
      15. Мақтаның сапасына сараптама жасау жөнiндегi отандық сертификаттау орталығын құруға субсидия алу үшiн:
      1) субсидия сомасының елу пайызы мөлшерiнде аванс алу үшiн "Азық-түлiк корпорациясы" АҚ ғимараттарды, жабдықтарды, техниканы және қызметтердi (мақтаны тестiлеуге арналған стандартталған құралды (SITC), температуралық, ылғалдылық және жарық түсiру режимiн құруға арналған жүйенi монтаждау мен жөндеу және басқа да қызметтер) сатып алуға арналған шарттардың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн бiр данадан облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
      2) ғимараттарды, жабдықтарды, техниканы және қызметтердi (мақтаны тестiлеуге арналған стандартталған құралды (SIТС), температуралық, ылғалдылық және жарық түсiру режимiн құруға арналған жүйенi монтаждау мен жөндеу және басқа да қызметтер) сатып алуға арналған субсидияның қалған сомасын алу үшiн "Азық-түлiк корпорациясы" АҚ төлем құжаттарының және тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзу актілерiнiң көшiрмелерiн жергiлiктi атқарушы органға ұсынады;
      3) облыстың жергiлiкті атқарушы органы бес күнтiзбелiк күн iшiнде ұсынылған құжаттарды (шарттар мен шот-фактуралардың, төлем құжаттары мен тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзу актiлерiнiң көшiрмелерiн) тексередi және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес "Азық-түлiк корпорациясы" АҚ-ның ағымдағы банктiк шотына субсидияны аудару үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына ақы төлеу шотын ұсынады.
      16. Ай сайын 25-күнге қарай, бiрақ тиiстi жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрмей облыстың жергiлiктi атқарушы органы Ауылшарминiне бюджеттік кiшi бағдарламаны iске асыру туралы есеп береді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2005 года N 1235 и от 30 марта 2006 года N 214

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2006 года N 1055

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в  постановлении  Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2005 года N 1235 "Об утверждении паспортов республиканских бюджетных программ на 2006 год":
      в  приложении 93  к указанному постановлению:
      в графе 5 таблицы пункта 6. "Плана мероприятий по реализации бюджетной программы", в строке, порядковый номер 2, слова "возмещение затрат сельхозтоваропроизводителей на экспертизу качества хлопка в объеме 846,7-1270,0 тысяч проб" заменить словами "субсидирование затрат на создание отечественного сертификационного центра на базе акционерного общества "Продовольственная контрактная корпорация";
      в Прямом результате пункта 7 слова "обеспечение проведения объективной экспертизы качества каждой кипы производимого в республике хлопка-волокна в объеме 846,7-1270,0 тысяч проб по международным стандартам." заменить словами "создание отечественного сертификационного центра, соответствующего международным стандартам и обеспечивающего объективную экспертизу качества каждой кипы производимого в республике хлопка в объеме до 682,0 тысяч проб.";

      2) в  постановлении  Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2006 года N 214 "Об утверждении Правил использования средств на поддержку развития семеноводства" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 11, ст. 102):
      в  Правилах  использования средств на поддержку развития семеноводства, утвержденных указанным постановлением:
      подпункт 5) пункта 3 изложить в следующей редакции:
      "5) субсидирование затрат на создание отечественного сертификационного центра на базе акционерного общества "Продовольственная контрактная корпорация" (далее - АО "Продкорпорация");
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. Субсидии, указанные в подпункте 5) пункта 3 настоящих Правил, выплачиваются в соответствии с главой 5 настоящих Правил.";
      главу 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Порядок получения субсидий для создания на базе АО "Продкорпорация" отечественного сертификационного центра по экспертизе качества хлопка
      15. Для получения субсидий на создание отечественного сертификационного центра по экспертизе качества хлопка:
      1) АО "Продкорпорация" представляет в местный исполнительный орган области по одному экземпляру копий договоров и счетов-фактур на приобретение зданий, оборудования, техники и услуг (монтаж и наладка стандартизированного инструмента для тестирования хлопка (SITC), системы для создания температурного режима, влажности и освещения и другие услуги) - для получения аванса в размере пятидесяти процентов от суммы субсидий;
      2) для получения оставшейся суммы субсидий на приобретение зданий, оборудования, техники и услуг (монтаж и наладка стандартизированного инструмента для тестирования хлопка (SITC), системы для создания температурного режима, влажности и освещения и другие услуги) АО "Продкорпорация" представляет в местный исполнительный орган копии платежных документов и актов поставок товаров, работ и услуг;
      3) местный исполнительный орган области в течение пяти календарных дней проверяет представленные документы (копии договоров и счетов-фактур, платежных документов и актов поставок товаров, работ и услуг) и для перечисления субсидий на текущий банковский счет АО "Продкорпорация" в соответствии с планами финансирования по платежам представляет в территориальный орган Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан счета к оплате.
      16. Ежемесячно к 25 числу, но не позднее 25 декабря соответствующего года местный исполнительный орган области представляет в Минсельхоз отчет о реализации бюджетной подпрограммы.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан