Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
5-тармақта:
"Абайдiлдин Талғатбек Жәмшитұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi;";
"Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;";
"Жәкiшев Мұхтар Еркiнұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" АҚ-тың президентi" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрі;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі