Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуразия даму банкi арасындағы Еуразия даму банкiнiң Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Еуразия даму банкi
арасындағы Еуразия даму банкiнiң Қазақстан Республикасының
аумағында болуы шарттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы
2006 жылғы 17 маусымда Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуразия даму банкi арасындағы Еуразия даму банкiнiң Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келiсiм ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуразия даму банкi
арасындағы Еуразия даму банкiнiң Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы
келiсiм
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Еуразия даму банкi,
2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкiн құру туралы келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) және Еуразия даму банкiнiң Жарғысын (бұдан әрi - Жарғы) басшылыққа ала отырып,
Қазақстан Республикасының аумағында Еуразия даму банкiнiң
қызметi үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында, сондай-ақ оның мәртебесiн, иммунитеттерiн, артықшылықтарын және жеңiлдiктерiн айқындау мақсатында
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап. Пайдаланылатын терминдер
Осы Келiсiмде Жарғыда аталған, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
а) "Үкiмет" Қазақстан Республикасының Үкiметiн бiлдiредi;
б) "Банк" Еуразия даму банкiн, оның Алматы қаласындағы штаб-пәтерiн, Жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Еуразия даму банкi ашуы мүмкiн филиалдар мен өкiлдiктердi бiлдiредi;
в) "Келiсiм баптары" Банктi құру туралы келiсiмнiң баптарын бiлдiредi;
г) "Банк кеңесi" Жарғы мен осы Келiсiм негiзiнде Банк қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асыратын Банк басқармасының жоғары органын бiлдiредi;
д) "Банк үй-жайлары" осы ғимаратқа немесе ғимараттың бiр бөлiгiне iргелес жер учаскесiмен бiрге меншiк, мүлiктiк жалдау немесе өтеусiз пайдалану құқығында Банкке тиесiлi Банктiң ресми мақсаты үшiн пайдаланылатын ғимаратты немесе ғимараттың бiр бөлiгiн бiлдiредi;
е) "Банк автокөлiгi" меншiк, мүлiктiк жалдау немесе өтеусiз пайдалану құқығында Банкке тиесiлi автобустарды, шағын автобустарды, жеңiл және жүк автомобильдерiн, автомобиль тiркемелерiн, ершiктi тартқыштарға жартылай тiркемелердi, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдердi (жүктердiң жекелеген түрлерiн тасымалдауға арналған) және арнайы автомобильдердi (түрлi, көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын Банктiң автомобиль көлiгi жылжымалы құрамының бiрлiгiн бiлдiредi;
ж) "Өкiлеттi өкiлдер мен олардың орынбасарлары" Жарғының 13-бабының 2-тармағына сәйкес Банк кеңесiндегi Банкке қатысушының өкiлдерiн бiлдiредi;
з) "Банктiң лауазымды тұлғалары" Банк басқармасының төрағасын, Банк басқармасы төрағасының орынбасарларын, Банк басқармасының мүшелерiн бiлдiредi;
и) "Банк қызметкерлерi" Жарғыға сәйкес Банктiң қызметiне байланысты жұмыс үшiн Банк жалдаған барлық персоналды бiлдiредi;
к) "Отбасы мүшелерi" лауазымды тұлғалар мен Банк қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiн бiлдiредi және олардың ерлi-зайыптарын, балаларын, ата-аналарын, сондай-ақ әл-ауқаты осы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердiң тарапынан жасалатын қаржылай қолдауға айтарлықтай тәуелдi олармен тұратын басқа да отбасы мүшелерiн қамтиды;
л) "Жеке үй қызметкерi" Банктiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiнiң үй қызметкерi мiндетiн орындайтын және Банктiң қызметшiсi болып табылмайтын адамды бiлдiредi;
м) "Қызмет көрсетудiң нақты түрлерi үшiн ақы төлеу" толық тiзбесi осы Келiсiмге қосымша ретiнде қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi (алымдар, төлемақылар және мемлекеттiк баж) бiлдiредi;
н) "Банк мұрағаттары" қолжазбаларды, фотосуреттер мен фильмдердi, дауыс жазбаларын, компьютерлiк бағдарламалар мен жазбаша материалдарды, бейнетаспалар мен дискiлердi, сондай-ақ Банкке тиесiлi немесе Банк немесе оның атынан әлдекiм иелiк ететiн деректерi бар дискiлердi немесе таспаларды қоса алғанда, барлық жазбаларды, хат алмасуларды, құжаттарды және басқа материалдарды бiлдiредi;
о) "Банк кеңестерi" кез келген халықаралық конференцияларды немесе Банк шақыратын кеңестердi және кез келген комиссияны, комитеттi немесе кез келген осындай кеңестiң кiшi тобын қоса алғанда, Банк кеңестерiн бiлдiредi;
п) "Банктiң мүлкi мен активтерi" меншiк, мүлiктiк жалдау немесе өтеусiз пайдалану құқығында Банкке тиесiлi барлық мүлiк пен активтердi бiлдiредi.
2-бап. Банктiң құқықтық мәртебесi мен құқықтық қабiлетi
Банк халықаралық ұйым - халықаралық құқық субъектiсi болып табылады, халықаралық құқықтық қабiлетке ие және атап айтқанда, Банктiң Жарғысына сәйкес өз құзыретi шегiнде халықаралық шарттар жасасуға құқығы бар.
Банк Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланады және атап айтқанда, мыналарға:
Банктiң Жарғысында белгiленген өз құзыретi шегiнде кез келген мәмiлелер жасасуға;
жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi жалға алуға, сатып алуға және иелiктен айыруға, сондай-ақ көрсетiлген мүлiкке өзге де тәсiлмен билiк етуге;
сот және төрелiк органдарда сөз сөйлеуге құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғаларға өз мүдделерiн қорғау үшiн қандай iс жүргiзу құқықтары бекiтiлген болса, дәл сондай Банкке де танылады;
Банкке Жарғыға сәйкес жүктелген мiндеттердi орындауға бағытталған басқа да iс-қимылдар жасауға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында Банктiң қызметi қолданылатын халықаралық шарттарда, Келiсiмде, Жарғыда және осы Келiсiмде, ал олар болмаған жағдайда не көрсетiлген құжаттармен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Банктiң жарғылық функцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметi Қазақстан Республикасы уәкiлеттi органдарының тарапынан лицензиялауға, реттеуге және бақылауға жатпайды.
Егер жүзеге асырылатын қызмет түрлерi немесе операциялар мен мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банк мәртебесiнiң болуын талап ететiн жағдайда, Банк мұндай қызмет түрлерiне немесе операциялар мен мәмiлелерге қолдануға байланысты Банк мәртебесiне ие деп қаралатын болады.
Үкiметпен келiсiм бойынша Банк филиалдар және/немесе өкiлдiктер ашуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында еншiлес банктер мен ұйымдар құруға құқылы.
3-бап. Банктiң иммунитеттерi және артықшылықтары
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Банктiң мүлкi мен активтерiнiң Банкке қатысты түпкiлiктi сот шешiмi шығарылғанға дейiн тiнтуге, реквизициялауға, тыйым салуға, тәркiлеуге, экспроприациялауға немесе алудың немесе иелiктен шығарудың кез келген өзге де нысанына қарсы иммунитетi бар.
Банктiң мақсатына қол жеткiзу және функцияларын орындау үшiн қажеттi дәрежеде және Жарғының ережелерiн ескере отырып, Банктiң барлық мүлкi мен активтерi қандай да болмасын шектеулерден, нұсқамалардан және мораторийлерден босатылады.
Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырудың салдары болып табылмайтын немесе осы өкiлеттiктердi жүзеге асыруға байланысты емес жағдайларды қоспағанда, Банктiң кез келген сот қудалауына қарсы иммунитетi болады. Банкке қарсы талап арыздар Банк орналасқан не филиалы, еншiлес банкi, еншiлес ұйымы немесе өкiлдiгi бар, не соттың шақыру қағазын немесе процесс туралы хабарлама қабылдау мақсатында агент тағайындаған, не бағалы қағаздар шығарған немесе оларға кепiлдiк берген мемлекеттiң аумағындағы құзыреттi соттарда ғана қозғалады.
Банктiң мұрағаттарына, мүлкiне, сондай-ақ оған тиесiлi немесе иесi болып табылатын кез келген ақпаратқа Қазақстан Республикасының аумағында қол сұғылмайды.
4-бап. Банк үй-жайларына қол сұқпаушылық
Қазақстан Республикасының аумағындағы Банк үй-жайларына және автокөлiгiне қол сұғылмайды. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өкiлдерi Банктiң басқарма төрағасының немесе оның атынан әрекет етуге өкiлеттi тұлғаның рұқсатымен ғана Банк үй-жайларына кiру құқығын пайдаланады. Мұндай рұқсат өрт немесе соған ұқсас төтенше жағдайларды жою жөнiндегi шұғыл iс-әрекеттердi талап ететiн жағдайда көзделмеуi мүмкiн. Көзделген рұқсатқа сүйене отырып, үй-жайларға кiрген кез келген тұлға Банк басқармасы төрағасының немесе оның атынан әрекет жасауға өкiлеттi тұлғаның өтiнiшi бойынша осы үй-жайларын дереу тастап шығады.
Банк Жарғыға сәйкес өз мiндеттерiн орындау үшiн Банк iшiнде қолданылатын ережелердi белгiлей алады.
Банк үй-жайларына және автокөлiгiне қол сұқпаушылық оларды Банктiң мiндеттерiмен және функцияларымен сыйыспайтын немесе Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне, оның азаматтары мен заңды тұлғаларының мүдделерiне нұқсан келтiретiн мақсатта пайдалануға құқық бермейдi.
Банк үй-жайлары мен автокөлiгi әдiл соттан жасырынған, Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланған немесе басқа мемлекетке берiлуi тиiс тұлғалар үшiн баспана бола алмайды.
5-бап. Банк үй-жайларын қорғау
Үкiмет Банк үй-жайлары мен автокөлiгiн басып кiруден немесе залал келтiруден қорғау үшiн және Банкте тәртiп бұзуды болдырмау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды. Банкке Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдарға немесе дипломатиялық өкiлдiктерге берiлетiн сияқты қорғау берiледi. Қазақстанның тиiстi уәкiлеттi органдары Банктiң өтiнiшi бойынша Банктегi тәртiптi қалпына келтiру үшiн және құқық бұзушыларды шығарып жiберу үшiн құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң қажеттi санын бередi.
6-бап. Банк қызметiн қамтамасыз ету
Үкiмет Банк қызметiне қажет үй-жайлар мен жабдықты iрiктеуде, сондай-ақ Банк өтiнiшi бойынша Банктiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi үшiн қолайлы тұрғын үйдi iрiктеп алуда оған көмек көрсетедi.
Банк үй-жайлар мен жабдықты пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық ұйымдар немесе дипломатиялық өкiлдiктер үшiн белгiленген ставкалар бойынша ақы төлейдi.
Yкiмет Банкке үй-жайларды ұстауға қажеттi қызметтердi алуға көмектеседi. Үкiмет Банктiң осындай қызметтердi халықаралық ұйымдар немесе дипломатиялық өкiлдiктер үшiн белгiленген шарттарда ала алатынына кепiлдiк бередi. Осы бапта көзделген қызметтердi Үкiмет немесе уәкiлеттi органдар көрсететiн жағдайда, мұндай қызметтерге Банк Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық ұйымдар немесе дипломатиялық өкiлдiктер үшiн белгiленген ставкалар бойынша ақы төлейдi.
Үкiмет Банкке материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуде және Банк автокөлiгiн пайдалану үшiн қажет жағдайлар жасауда жәрдемдеседi.
Үкiмет Банкке оның ресми байланысы үшiн почталық жөнелтiмдерге, каблограммаларға, телеграммаларға, радиограммаларға, телефонға, интернетке және басқа байланыс құралдарына басымдыққа, тарифтерге және ставкаларға қатысты, сондай-ақ баспасөз және радио арқылы таратылатын ақпаратқа арналған төмендетiлген ставкаларға қатысты кез келген басқа халықаралық ұйымға немесе дипломатиялық өкiлдiкке көрсетiлетiн қолайлы жағдайлардан кем емес жағдай жасауға кепiлдiк бередi. Көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi барлық шығыстар Банк қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Банкке келiп түсетiн және одан шығатын барлық қызметтiк хабарламалар, оларды жiберу тәсiлi мен нысанына қарамастан, цензураға және кез келген басқа бақылауға, жол-жөнекей ұстап алу немесе араласу нысанына жатпайды.
Лауазымды тұлғалар кодты пайдалана алады және курьерлiк немесе дипломатиялық почта арқылы құжаттар мен хат-хабарларды ала алады.
Банк сымсыз таратқышты орнатуды және пайдалануды Үкiметтiң келiсiмiмен ғана жүзеге асыра алады. Банк Үкiметтiң келiсiмiмен екi нүкте арасында алысқа арналған байланыс құралдарын және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Банктi байланыспен қамтамасыз етуге жәрдем ету үшiн қажеттi хабарлама қабылдау мен жiберудiң басқа құралдарын орната әрi пайдалана алады.
Банк, оның кiрiстерi, мүлкi және басқа да активтерi, сондай-ақ Жарғыға сәйкес жүзеге асырылатын оның операциялары мен мәмiлелерi Қазақстан Республикасында кез келген салықтардан, алымдардан, баждардан және қызмет көрсетудiң нақты түрлерi үшiн төлемдi бiлдiретiндерiн қоспағанда, басқа да төлемдерден босатылады.
Банк кез келген салықтар мен әлеуметтiк және зейнетақылық қамсыздандыру жөнiндегi төлемдердi төлеу, ұстау немесе өндiрiп алу жөнiндегi кез келген мiндеттемелерден де босатылады.
Банк дипломатиялыққа теңестiрiлген және Қазақстан Республикасында аккредиттелген өкiлдiк мәртебесiн алған күннен бастап, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша оның Жарғысына сәйкес қызметтi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлер қойған қосылған құнға салынатын салықты қайтаруға құқығы бар.
Банк салық салу бойынша жеңiлдiктi пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған немесе Банк Қазақстан Республикасының аумағына әкелген тауарлар Банк бұрын төлеуден босатылған тиiстi салықтарды, алымдарды, баждарды және басқа да төлемдердi алдын ала төлемейiнше, Қазақстан Республикасының аумағында сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге жатпайды.
Ешқандай мiндеттемелерге немесе Банк шығарған бағалы қағаздарға, сондай-ақ оларға дивидендтерге немесе пайыздарға олардың ұстаушысының кiм екендiгiне қарамастан, Қазақстан Республикасында ешқандай салық салынбайды:
а) оларды Банктiң шығаруына байланысты ғана мұндай мiндеттемелерге немесе бағалы қағаздарға қатысты кемсiтушi болып табылса, немесе
б) егер көрсетiлген мiндеттемелер немесе бағалы қағаздар шығарылған орын; олар шығарған, төленуге тиiс немесе төленетiн валюта; Банкке тиесiлi қандай да болмасын мекеменiң немесе қызмет орнының орналасқан жерi мұндай салық салу үшiн жалғыз ғана заңды негiздеме болып табылса.
Банктiң мақсаттарына қол жеткiзу және оның функцияларын орындау үшiн қажет дәрежеде және Жарғының ережелерiн ескере отырып, Банктiң барлық мүлкi мен активтерi қандай да бiр шектеулерден, жазбаша өкiмдерден және мораторийлерден босатылған.
Банк Келiсiмге және Жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында кедергiсiз кез келген мүлiктi (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымнан алынған мүлiктi қоспағанда), валютаны, бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын сатып ала, сондай-ақ оларға иелiк ете алады, кез келген валютада шоттары болады, қаржылық мәмiлелер және келiсiм-шарттар жасаса алады, оған тиесiлi валютаны, бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан аудара (орнын ауыстыра) алады және оған тиесiлi валютаны кез келген басқа валютаға айырбастай алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Банкке Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын Қазақстан Республикасында Банк шығыстарын жабуға Банкке уақыт өткен сайын талап етiлуi мүмкiн көлемде келiсiлген бағам бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi жеке келiсiммен белгiлейтiн тәртiппен сатады.
Банк өзiнiң туы мен эмблемасын Банк үй-жайларында Банк үй-жайларының сыртында Банктiң автокөлiк құралдарында, егер олар Банк үй-жайларынан тыс жерлерде өткiзiлсе, Банк кеңестерi өткiзiлетiн жерлерде, егер iс-шараларға қатысушы Банк болып табылса iс-шаралар өткiзу барысында, сондай-ақ өзге де жағдайларда пайдалануға құқығы бар.
Банктiң Банк үй-жайларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде кеңестер шақыруға құқығы бар. Үкiмет Банк шақыратын кеңестерде шешiмдердi толық еркiндiкте талқылауға және қабылдауға кедергiлер тудырмайтынына кепiлдiк бередi.
12-бап. Банктiң халықаралық ұйым ретiндегi мәртебесi,
саяси қызметке тыйым салу
Банк, Банктiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi өз шешiмдерiнде Жарғыда айқындалған Банктiң мақсатына, оның функциялары мен операцияларына жататын Банк мүдделерiн ғана басшылыққа алады.
Банктiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде өзге ешкiмге емес, Банкке ғана қызмет етедi. Банкке әрбiр қатысушы оның халықаралық ұйым ретiндегi мәртебесiн сыйлайды және олар өз мiндеттерiн орындау кезiнде көрсетiлген тұлғалардың қандай да бiрiне ықпал етудiң кез келген әрекетiнен тартынады.
Банк, Банктiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi оның мүшелерiнiң кез келгенiнiң саяси оқиғасына араласпауға тиiс. Банк органдарының шешiмдерi оның қатысушыларының саяси ықпалымен қабылданбауға тиiс.
Банк органдары шешiмдер қабылдаған кезде тек Жарғының мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған ой-пiкiрлердi ғана басшылыққа алуға тиiс.
13-бап. Банктiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiнiң
жеңiлдiктерi, артықшылықтары және иммунитеттерi
Жарғыда және осы Келiсiмде көзделген жеңiлдiктер, артықшылықтар мен иммунитеттер Банктiң өзiнiң Жарғысында көзделген қызметiне сәйкес олар өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi әрi тәуелсiз орындау үшiн Банктiң өкiлеттi өкiлдерi мен олардың орынбасарларына, Банктiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне берiледi.
Банктiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi:
а) олар қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған iс-қимылдарға қатысты сот және әкiмшiлiк қудалаудан иммунитетi болады. Бұл иммунитет жол-көлiк оқиғалары жағдайында азаматтық жауапкершiлiкке қолданылмайды;
б) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттерi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң қызметкерлерi пайдаланатын оралмандық бойынша жеңiлдiктердi отбасы мүшелерiмен бiрге пайдаланады;
в) иммиграция бойынша шектеулерден, Қазақстан Республикасының аумағында болу кезеңiне шетелдiктердi тiркеу рәсiмдерi мен тiркеу алымдарынан отбасы мүшелерiмен бiрге босатылады;
г) кеден баждарын, салықтар мен алымдарды төлеместен, тек жеке мақсатта пайдалануға арналған автомобильдердi қоса алғанда, жиһазды, үйге қажеттi заттарды және басқа жеке мүлiктi әкелуге құқығы бар;
д) жалақыға салынатын салықтардан немесе Банктен алатын өзге сыйақы төлеуден босатылады.
Осы баптың "б)", "в)" және "г)" тармақтарының ережелерi Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар болып табылатын Банктiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне қолданылмайды.
Банктiң лауазымды тұлғалары, Банктiң қызметкерлерi, олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасында аккредиттелген күннен бастап, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке пайдалануға арналған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша берушiлер төлеген қосылған құн салығын қайтаруға құқығы бар.
Банк осы Келiсiмге сәйкес Үкiметтiң иммунитеттер, артықшылықтар және жеңiлдiктер беруi мақсатында, Банктiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiнiң тегiн, сондай-ақ осы баптың ережелерi қолданылатын өзге тұлғалардың тегiн Yкiметке хабарлайды. Банк Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне Банктiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiнiң тегi мен қызметтiк деректерiн, сондай-ақ олардың келу және түпкiлiктi кету немесе Банкте олардың қызметiнiң тоқтатылу күнiн хабарлайды.
Қазақстан Республикасында қолданылатын практикаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Банкке және осы Келiсiмде көзделген иммунитеттердi, артықшылықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланатын тұлғаларға көрсетушiнiң осы Келiсiмде көзделген иммунитеттердi, артықшылықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланатынын растайтын аккредиттеу туралы анықтаманы, аккредиттеу карточкаларын бередi.
Олардың артықшылықтары мен иммунитеттерiне залалсыз осындай артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын барлық тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасын құрметтеуге мiндеттi. Олар Қазақстан Республикасының iшкi iстерiне де араласпауға мiндеттi.
Қазақстан Республикасы кез келген уақытта өз шешiмiн уәждеуге мiндеттi болмай, Банктi Банктiң лауазымды тұлғасы немесе қызметкерi persona non grata болып табылатынын немесе Банктiң кез келген басқа қызметкерi қолайлы емес болып табылатынын хабардар ете алады.
14-бап. Иммунитеттерден, артықшылықтар мен жеңiлдiктерден
бас тарту
Банк кеңесi Жарғыда және осы Келiсiмде көрсетiлген кез келген иммунитеттен, артықшылықтан немесе жеңiлдiктен, оның пiкiрiнше, Банктiң мүдделерiне жауап беретiн дәрежеде және шарттарда бас тарта алады.
Банк басқармасының төрағасы оның пiкiрiнше мұндай иммунитет, артықшылық немесе алу сот төрелiгiн жүзеге асыруға қиындық туғызатын болса және олардан бас тарту Банктiң мүдделерiне нұқсан келтiрмесе, Банк басқармасының төрағасын, Банк басқармасы төрағасының орынбасарларын және Банк басқармасының мүшелерiн қоспағанда Банктiң кез келген қызметкерiне қатысты кез келген иммунитеттен, артықшылықтан немесе жеңiлдiктен бас тартуға мiндеттi. Банк кеңесi осыған ұқсас жағдайларда және дәл сондай шарттарда Банк басқармасының төрағасына, Банк басқармасы төрағасының орынбасарларына және Банк басқармасының мүшелерiне қатысты кез келген иммунитеттен, артықшылықтан немесе алудан бас тартуға мiндеттi.
Үкiмет Қазақстан Республикасына қызмет бабы бойынша келетiн мынадай адамдардың:
өкiлеттi өкiлдер және олардың орынбасарларының, Банктiң лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерi мен жеке үй қызметкерлерiнiң;
Банктiң Қазақстан Республикасындағы операцияларына және ресми қызметiне байланысты, Банк ресми түрде шақырған басқа да адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне, тұруына және одан кетуiне Қазақстан Республикасында қозғалыс еркiндiгiне жәрдемдесу үшiн қажеттi барлық шараларды қабылдайды. Банк Yкiметке мұндай адамдардың тегiн хабарлайды.
Жеке үй қызметкерлерi мен Банктiң Қазақстан Республикасындағы операцияларына және ресми қызметiне байланысты Банк ресми шақырған тұлғаларды қоспағанда, жоғарыда аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарының және бару үшiн арнайы рұқсат талап етiлетiн объектiлер мен басқа да орындарға қатысты ережелерiнiң сақталуы шартымен отырып, оның аумағында сондай қозғалу еркiндiгiн және дипломатиялық өкiлдiктердiң салыстырмалы дәрежесiндегi лауазымды тұлғаларына берiлетiн қозғалыс құралдарына қатысты дәл сондай режимдi пайдаланады.
Үкiмет пен Банк арасындағы осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау консультациялар жүргiзу жолымен шешiледi.
Егер мұндай даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер және консультациялар жүргiзу жолымен шешiлмеген жағдайда, тараптардың кез келгенi үш төрешiден тұратын, оның бiреуiн - Yкімeт, екiншiсiн - Банк, ал үшiншiсiн - тағайындалған төрешiлердiң келiсiмi бойынша не егер тараптар бiрдей келiсiмге келмесе, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық сотының төрағасы тағайындайтын аралық соттың қарауына дауды бере алады. Аралық талқылау рәсiмiн төрешiлер белгiлейдi және тараптар мөлшерiн төрешiлер белгiлейтiн аралық талқылау бойынша шығыстарды көтередi. Төрешiлер шешiмдi көпшiлiк дауыспен қабылдайды және олар қабылдаған шешiм дау тараптары үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болып табылады.
17-бап. Қорытынды ережелер, Келiсiмнiң күшiне
енуi және оның қолданылуын тоқтату
Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi жүргiзгенi туралы хабарламаны Банк алғаннан кейiн күшiне енедi. Осы Келiсiмге жеке хаттамалармен реттелетiн, күшiне ену тәртiбi осы хаттамалармен реттелетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Үкiмет пен Банк Жарғы мен осы Келiсiмдi орындау үшiн қажеттi қосымша келiсiмдер жасаса алады.
Осы Келiсiмнiң қолданылуы Yкiмет пен Банк арасында келiсiлген тәртiппен Үкiметтiң немесе Банктiң өтiнiшi бойынша тоқтатылуы мүмкiн. Осылай тоқтатылған жағдайда, осы Келiсiм Банктiң iсiн реттеу мен оның Қазақстан Республикасындағы мүлкiн сату үшiн ақылға қонымды түрде талап етiлетiн уақыт кезеңi өткенде күшiн жояды.
2006 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Қазақстан Еуразия даму
Республикасының Yкiметi банкi үшiн
Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Еуразия даму банкi
арасындағы Еуразия даму
банкiнiң Қазақстан
Республикасының аумағында
болу шарттары туралы келiсiмге
қосымша
Банк төлеуге тиiстi бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң (қызмет көрсетудiң нақты түрлерiне төлем)
тiзбесi
1. Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
2. Жылжитын мүлiктiң кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
3. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
4. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
5. Теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
6. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
7. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн алым
8. Аукциондардан алынатын алым
9. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
10. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы
11. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
12. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы
13. Мемлекеттiк баж
14. Кеден органдары иелерi болып табылатын кедендiк қоймалар мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшiн кедендiк алым
15. Тауарларды кедендiк сүйемелдегенi үшiн кедендiк алым
16. Тауардың шыққан елiн және кедендiк құнын анықтау сыныптамасына, әдiснамасына қатысты кеден органының алдын ала шешiмi үшiн төлемақы
Еуразия даму банкiн құру туралы
КЕЛIСIМ
Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң экономикалық өсуiне және олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң нарықтық экономикасының қалыптасуына және дамуына, инвестициялық қызметтi жүзеге асыру жолымен олардың экономикалық өсуiне және олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге тартылған Еуразия даму банкi (бұдан әрi- Банк) құрылсын.
Банк басқа халықаралық қаржы және банктiк ұйымдар мен одақтардың жұмысына қатыса отырып, халықаралық қаржы-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдеседi.
Банк өз қызметiнде халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын, қолданыстағы халықаралық шарттарды, осы Келiсiмдi және Банк Жарғысын басшылыққа алады.
Банк банктiк қызметтiң жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес жұмыс істейді.
Банктің Жарғысы осы Келiсiммен бекiтiледi, оның ажырамас бөлiгi болып табылады және осы Келiсiмге қосымша түрiнде ресiмделдi.
Банк өз функцияларының орындалуын қамтамасыз ету үшiн осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерiмен Банктiң олардың аумақтарында болу шарттары туралы, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң орталық (ұлттық) банктерiмен және өзге де уәкiлеттi органдарымен келiсiмдер жасаса алады.
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн оған басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Банктiң Жарғысында көзделген қажеттi талаптар мен рәсiмдердi орындаған жағдайда қосыла алады.
Осы Келiсiм оған қосылатын мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар үшін осы Келiсiмге қосылу туралы құжатты депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi. Қосылу туралы бiрiншi құжатты тапсырған күннен бастап және осы Келiсiм көптарапты болып тұрғанда депозитарий функциясын Ресей Федерациясының Сыртқы iстер министрлiгi орындайды.
Осы Келiсiмнiң әрбiр қатысушысы депозитарийге өзiнiң ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберiп және Банктiң Жарғысында көзделген шарттарды орындай отырып, Банктiң құрамынан шыға алады.
Осы Келiсiм Банктiң Жарғысына сәйкес Банк пен осы қатысушы арасындағы қатынастар түпкiлiктi реттелген күнi осындай қатысушы үшiн қолданылуын тоқтатады.
Осы Келiсiмге оған барлық қатысушылардың келiсiмiмен жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдануға немесе түсiндiруге байланысты келiспеушiлiктердi оған қатысушылар келiссөздер және консультациялар жолымен реттейдi.
Осы Келiсiм дипломатиялық арналар бойынша Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Банк Жарғысының 8-бабы 4-тармағының ережелерi Келiсiмге қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады.
200_ жылғы " " қаңтарда Астана қаласында екi дана етiлiп орыс тiлiнде жасалды.
Қазақстан Республикасы үшiн Ресей Федерациясы үшiн
200_ жылғы " " қаңтардағы
Еуразия даму банкiн құру
туралы келiсiмге
ҚОСЫМША
Еуразия даму банкi (бұдан әрi - Банк) 200_ жылы " " қаңтарда қол қойылған Еуразия даму банкiн құру туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) сәйкес құрылды және өз қызметiн оған сәйкес жүзеге асырады.
Осы Жарғы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Банк Банкке қатысушы мемлекеттердiң нарықтық экономикасының қалыптасуына және дамуына, инвестициялық қызметтi жүзеге асыру жолымен олардың экономикалық өсуiне және олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге тартылған.
Банк Банкке жаңа қатысушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қосылуы үшін ашықтық қағидатына сәйкес халықаралық қаржы-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызметтi жүзеге асырады.
Өз мақсатына қол жеткiзу үшiн Банк мынадай функцияларды орындайды:
жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру, кепiлдiктер беру және ол үшін меншік капиталын, халықаралық және ұлттық қаржы нарықтарынан алынған қаражатты, сондай-ақ басқа қол жетiмдi ресурстарды пайдалана отырып, Банкке қатысушы мемлекеттердi әлеуметтiк-экономикалық дамыту мүддесіне сай инвестициялық қызметтi жүзеге асырады;
Банкке қатысушыларға экономикалық даму, ресурстарды тиiмдi пайдалану, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерi бойынша консультация бередi, мемлекеттiк және халықаралық қаржы саласында ақпараттық-талдама жұмысын жүргiзедi;
халықаралық ұйымдармен, мемлекеттермен, Банкке қатысушы мемлекеттердiң және экономикалық дамуды қаржыландыруға мүдделi басқа да елдердiң ұлттық мекемелерiмен және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасайды;
Келiсiмде Банкке қатысушылармен, олардың орталық (ұлттық) банктерiмен және өзге уәкiлеттi органдармен Банк жасасқан екi жақты келiсiмдерде айқындалған, сондай-ақ халықаралық банктiк практикаға Банктiң мақсаттарына қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.
3-бап
Банктiң мәртебесi және орналасқан жерi
1. Банк халықаралық ұйым - халықаралық құқық субъектiсi болып табылады, халықаралық құқықтық қабiлетке ие және атап айтқанда, өз құзыретi шегiнде халықаралық шарттар жасасуға құқығы бар.
2. Банк Банкке қатысушылардың аумағындағы заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланады және атап айтқанда, мыналарға:
а) Банктiң Жарғысына қайшы келмейтiн кез келген мәмiлелер жасасуға;
б) жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi жалға алуға, сатып алуға және иелiктен айыруға, сондай-ақ көрсетiлген мүлiкке өзге де тәсiлмен билiк етуге;
в) сот және төрелiк органдарда сөз алуға құқылы. Банкке қатысушы мемлекеттердiң аумағында Банк үшiн Банкке қатысушы мемлекеттердiң заңнамасында заңды тұлғаларға бекiтiлген өз мүдделерiн қорғау үшiн дәл сондай iс жүргiзу құқықтары танылады;
г) осы Жарғыға сәйкес Банктiң мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы.
3. Банк өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал Банкке қатысушылар Банктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Банкке қатысушылар оларға тиесiлi акциялар құнының шегiнде Банктiң қызметiне байланысты залалдың тәуекелдiгiне тәуелдi болады.
4. Банктiң орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
5. Банкке қатысушы мемлекеттердiң аумағында Банктiң қызметi қолданылатын халықаралық шарттарда, Келiсiмде, осы Жарғыда Банк Банкке қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерiмен Банктiң олардың аумағында болу шарттары туралы, сондай-ақ Банкке қатысушы мемлекеттердiң орталық (ұлттық) банктерiмен және өзге де уәкiлеттi органдарымен жасасқан келiсiмдерде, ал олар болмаған жағдайда не көрсетiлген құжаттармен реттелмеген бөлiгiнде осындай қызмет жүзеге асырылатын аумақтарда Банкке қатысушы мемлекеттердiң заңнамасымен айқындалады.
Банкке қатысушы мемлекеттердiң ұйымдар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату тәртiбiн белгiлейтiн заңнамасы Банкке қолданылмайды.
6. Банк кеңесiнiң шешiмi бойынша және Банкке қатысушылармен келiсiм бойынша Банк филиалдар және (немесе) өкiлдiктер ашуға, сондай-ақ еншiлес банктер мен ұйымдарды құруға құқылы.
4-бап
Банктiң құрылтайшылары мен қатысушылары
1. Банктiң құрылтайшылары олардың үкiметтерi атынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы болып табылады.
2. Банктiң құрылтайшылары осы Жарғының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Банктiң акцияларын төлегеннен кейiн оның қатысушылары болады.
3. Банктiң мақсаттарын бөлiсетiн мүдделi мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың кiруi үшiн Банк ашық. Банкке қабылданатын мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Келiсiмге қосылғаннан және Банк кеңесi белгiлеген тәртiппен Банктiң сатып алынатын акцияларын төлегеннен кейiн қабылданған Банк кеңесi шешiмдерiнiң негiзiнде оның қатысушылары болады.
Банктiң жарғылық капиталы әрқайсысының атаулы құны 1000 (бiр мың) АҚШ доллары 1500000 (бip миллион бес жүз мың) акцияға бөлiнген 1500000000 (бiр миллиард бес жүз миллион) АҚШ долларын құрайды. Ақысы төленетін бiр акция дауыс беру мақсаттары үшiн бiр дауысты бiлдiредi.
6-бап
Жарғылық капиталға бастапқы жазылу
1. Банктің құрылтайшылары осы Жарғының ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшада көзделген санда Банктiң акцияларына бастапқы жазылуды жүзеге асырады.
2. Егер Банк құрылтайшыларының қайсыбiрi жазылу туралы мәлiмдесе немесе осы Жарғыға қосымшада көзделгенмен салыстырғанда акциялардың аз санына жазылса, Банк кеңесi Банктiң басқа құрылтайшысына қалған акцияларға жазылу құқығын пайдаланып қалуға дереу ұсыныс бiлдiруге мiндеттi. Бұл құқық көрсетiлген ұсынысты алған күннен бастап бiр жылдың iшiнде iске асырылуы тиiс. Бұл құқықтан бас тартқан жағдайда, Банк кеңесi акцияларды жазылу үшiн қайта ұсынуға немесе жарғылық капиталды тиiсiнше кемiтуге шешiм қабылдайды.
7-бап
Жарғылық капиталды өзгерту
l. Банктiң жарғылық капиталы осы Жарғыда және Банк кеңесi белгiлеген тәртiпке сәйкес қосымша акцияларды эмиссиялау жолымен Банк кеңесiнiң шешiмi бойынша ұлғайтылуы мүмкiн.
Қосымша акцияларды бөлу қосымша жазылу бойынша жүзеге асырылады.
Банкке қатысушылар жарғылық капиталда оны ұлғайтқанға дейiн тiкелей оларға тиесiлi үлеске теңбе-тең санда қосымша жазылу бойынша акцияларды сатып алудың басым құқығына ие болады. Бұл ретте Банкке қатысушылар қосымша жазылуды жүзеге асыруға мiндеттi емес. Олардың қайсыбiрi көрсетiлген құқықтан толық немесе iшiнара бас тартқан жағдайда, акциялардың бөлiнбеген үлесiне жазылу тәртiбiн Банк кеңесi белгiлейдi.
2. Банктiң жарғылық капиталы осы Жарғы және Банк кеңесi көздеген тәртiпке сәйкес акциялардың санын қысқарту жолымен Банк кеңесiнiң шешiмi бойынша азайтылуы мүмкiн.
1. Бастапқы жазылу жарияланған акцияларға ақы төлеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады.
2. Банктiң әрбiр құрылтайшысы осы Жарғыға қосымшаға сәйкес сол құрылтайшыға берiлетiн жарғылық капитал акцияларының кемiнде 20 (жиырма) пайызын құрылтайшы осы Жарғы күшiне енген жылдан кейiнгi жылға арналған өз бюджетiн атқаруын бастаған күнiнен бастап 30 (отыз) күннен кешiктiрмей төлейдi.
3. Бастапқы жазылудың қалған бөлiгiнiң есебiне Банктің әрбiр құрылтайшысы тең үлестермен жыл сайын 2 (екi) жыл iшiнде өтелетiн ақы төлеу бойынша мiндеттемелердi ресiмдейдi, олардың бiрiншiсi осы баптың 2-тармағына сәйкес жасалған төлемнен кейiн 12 (он екi) айдан кешіктірмей төленуге тиiстi.
4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес Банктiң жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн бастапқы жарнаны төлеу Келiсiмге қол қойылған күннен бастап мерзiмiнен бұрын жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл ретте Банктiң жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн ақы төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi уақытша жинақтау шотына есепке алынады.
Құрылтайшының Банктiң жарғылық капиталына төленетiн жарна жөнiндегi мiндеттемелерi қаражатты уақытша жинақтау шотынан осы Жарғының 9-тармағына сәйкес ашылған Банктiң шотына аударылғаннан кейiн орындалған болып есептеледi.
5. Банктiң жарғылық капиталының акцияларына ақы төлеудi Банкке қатысушылар мерзiмiнен бұрын жүргiзуi мүмкiн.
6. Егер осы баптың 3-тармағында айтылған 2 (екi) жыл iшiнде құрылтайшылардың қайсыбiрi бастапқы жазылу бойынша акцияларды толық төлемесе, Банк кеңесi Банктiң басқа қатысушыларының төленбеген акцияларды сатып алу тәртiбiн белгiлейдi. Бұл құқықтан барлық қатысушылар бас тартқан жағдайда, Банк кеңесi акцияларды жазылуға қайта ұсынуға немесе жарғылық капиталды тиiстi тәсiлмен азайтуға шешiм қабылдайды.
7. Акцияларға ақы төлеу АҚШ долларымен жүргiзiледi.
8. Банкке қатысушы акциялардың бiр бөлiгiн төлеу ретiнде Банк кеңесi көздеген тәртiппен және шарттарда жиынтық құны Банктің жарғылық капиталындағы оның үлесiнiң 10 (он) пайызынан аспауға тиiс ақшалай емес салым (мүлiк) енгiзе алады.
Банктiң жарғылық капиталына жарна ретiнде берiлетiн мүлiкке мiндеттемелер жүктелмейдi.
Салынатын мүлiк құнын Банк кеңесi анықтайтын тәуелсiз бағалау ұйымы белгiлейдi және оны Банк кеңесi бекiтедi.
9. Банк құрылтайшыларының акцияларды төлеуiнен түскен қаражат Банктiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi шотына есептеледi.
1. Банк өз қызметiн жеке меншiк және тартылған қаражат есебiнен жүзеге асырады.
2. Банк ресурстары мен қызметтерi осы Жарғыда көзделген оның мақсаттарына қол жеткiзу және функцияларын орындау үшiн ғана Банк кеңесi бекiтетiн ережелерге, рәсiмдерге және талаптарға сәйкес ұсынылады.
Банк қызметiне кедергiлер келтiруге жол бермеу, Банкке берешектi өтеу және оның басқа да заңды талаптарын қанағаттандыру үшiн Банктiң қатысушы мемлекеттерге ресурстар мен қызметтер ұсынудың барлық шарттары олардың ұлттық заңнамасына сәйкес келуiн және оларды қорғауды Банк қамтамасыз етедi.
3. Банк жекелеген функцияларды iске асыру үшiн қорлар құруы мүмкiн.
Банк пайдадан түсетiн аударымдар есебiнен резервтiк қор және басқа да мақсатты қорлар қалыптастырады, оларды қалыптастыру және басқару тәртiбiн Банк кеңесi бекiтедi.
4. Банк Банк кеңесiнiң шешiмi бойынша келiсiмдер негiзiнде Банктiң мақсаттары мен функцияларына сәйкес келетiн мiндеттердi шешу үшiн Банкке қатысушы, қатысушылар тобы немесе басқа да ұйымдар қалыптастырған арнайы қорларды басқару жөнiндегi мiндеттемелердi өзiне қабылдауға құқылы. Арнайы қорларды басқару жөнiндегi барлық шығыстар осы қорлардың есебiнен жүзеге асырылады.
1. Инвестициялық қызмет шеңберiнде Банк жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырады, олардың арасында Банк қатысушыларының мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдерiнде көзделгендерi басым болып табылады, банктiк кепiлдiктер және кепiлдемелер бередi, ұйымның жарғылық капиталына қатысады.
2. Банк еркiн айырбасталатын валютада және Банкке қатысушы мемлекеттердiң ұлттық валютасында кредиттер бередi. Кредиттердi беру және қайтару шарттары қарыз алушылармен келiсiмдердiң мәнi болып табылады.
Банк халықаралық қаржы институттарымен, коммерциялық банктермен және өзге де мүдделi мекемелермен бiрлесiп кредиттер бере алады.
3. Банк кеңесi бекiтетiн инвестициялық қызмет туралы ережеге сәйкес Банк инвестициялық қызметтi жүзеге асырады.
Инвестициялық қызметтi жүзеге асырған кезде Банк жеке мүдделердi қамтамасыз етедi, атап айтқанда, инвестициялық жобалардың сараптамасын ұйымдастырады және оны өткiзуге қатысады, бенефициарлардың төлем қабiлеттiлiгiн бағалайды.
4. Ұйымдардың жарғылық капиталындағы Банктiң төленген инвестицияларының сомасы оның төленген жарғылық капиталының, пайдасының және резервтерiнiң шамасына сәйкес келетiн сомадан аспайды.
5. Банк Банкке қатысушы мемлекеттерге де, сондай-ақ осындай қызметтердi алуға мүдделi басқа да мемлекеттерге жобаларды қаржыландыруға байланысты басқа да қызметтердi ұсынады.
11-бап
Ақпараттық-талдау қызметi
1. Банк Банкке қатысушы мемлекеттер экономикасының және қаржы рыноктарының жай-күйi, олардың инвестициялық мүмкiндiктерi, ақша-кредит және валюта қатынастары, банктiк және валюталық реттеу саласындағы заңнама нормалары туралы ақпаратты жинауды, жүйелеудi және талдауды жүзеге асырады. Осы негiзде Банкке қатысушылар мен басқа пайдаланушылар үшiн ақпараттық-талдау материалдары әзiрленедi.
2. Банк ақпарат алмасу мақсатында басқа да ұйымдармен келiсiмдер жасаса алады.
12-бап
Қарыз алу және Банк қызметiнiң өзге де түрлерi
1. Банк өз мақсаттарына қол жеткiзу және осы Жарғыда көзделген функцияларды орындау үшiн мынадай қызмет түрлерiн:
а) Банк кеңесi көздеген шарттарға сәйкес меншiктi бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа енгiзу, өтеу және сатып алуды;
б) қандай да бiр ұйым шығарған бағалы қағаздарды орналастыру немесе орналастыруға қатысуды;
в) халықаралық және ұлттық қаржы рыноктарына қаражат тартуды;
г) Банк уақытша қажет етпейтiн қаражатты (оның iшiнде арнайы қорлардың ресурстарын) депозиттерге инвестициялау немесе орналастыруды;
д) консультациялық қызметтер көрсетудi;
e) лизингтiк қызметтi;
ж) валюталарды, сондай-ақ шетелдiк валютада құқықтарды (талаптарды) сатып алу-сату мәмiлелер жасасуды;
з) бағалы металдармен, асыл тастармен және өзге де валюта құндылықтарымен операцияларды жүргiзудi;
и) Банктiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет болуы мүмкiн және Банктiң Жарғысына қайшы келмейтiн кез келген басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
2. Банк салымдарға жеке тұлғалардың қаражатын тартпайды.
Банктi басқаруды Банк кеңесi, Банк басқармасы және Банк басқармасының төрағасы жүзеге асырады.
1. Банк кеңесi Банк қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асыратын оның жоғары басқару органы болып табылады.
2. Банкке әрбiр қатысушы Банк кеңесiне Банк кеңесiнiң мүшелерi болып табылатын бiр өкiлеттi өкiлi мен оның орынбасарын тағайындайды және бұл туралы Банктi ресми түрде хабардар етедi.
Банкке қатысушының әрбiр өкiлеттi өкiлiне дауыс беру кезiнде өзi бiлдiретiн Банкке қатысушы иеленетiн дауыстар саны берiледi. Банк кеңесiнiң отырысында өкiлеттi өкiл болмаған кезде оның орынбасары өкiлеттi өкiлдің міндеттерiн орындайды, оның iшiнде дауыс беруге қатысады.
3. Банк кеңесi жыл сайын өкiлеттi өкiлдерiнiң бiреуiн Банк кеңесiнің төрағасы ретiнде сайлайды, ол өз мiндеттерiн Банк кеңесiнiң келесi төрағасы сайланғанға дейiн атқарады.
Банк кеңесi Банк кеңесiнiң мүшелерiн Банк кеңесi төрағасының орынбасарлары етiп сайлай алады.
4. Банк кеңесiнiң төрағасы мен төрағаның орынбасарына, сондай-ақ өкiлеттi өкiлдерге және олардың орынбасарларына Банк кеңесiнде мiндеттерiн орындағаны үшiн сыйақы төленбейдi.
14-бап
Банк кеңесiнiң құзыретi
1. Банк кеңесiнiң құзыретiне мынадай мәселелердi шешу жатады:
а) Банктiң мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес кредит саясаты мәселелерiн қоса алғанда, оның қызметiнiң негiзгi бағыттарын белгiлеу;
б) Банк құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау және оларды қабылдау шарттарын айқындау;
в) Банк құрамына жаңа қатысушыларды оларға Банк қатысушылары өз акцияларының үлесiн беру жолымен қабылдау;
г) Банктiң жарғылық капиталын көбейту немесе азайту туралы шешiмдер қабылдау;
д) Банкке қатысушылар арасында жарғылық капиталды қайта бөлу туралы шешiмдер қабылдау;
e) Банк құрылтайшыларының ұсынымы бойынша Банк басқармасының төрағасын тағайындау және лауазымынан босату;
ж) Банк басқармасы төрағасының сыйақысы мөлшерiн белгiлеу;
з) Банк басқармасы төрағасының ұсынымы бойынша Банк басқармасының төрағасы орынбасарларының кандидатураларын бекiту;
и) Банктiң ұйымдық құрылымын бекiту;
к) аудиторлық қорытындыны ескере отырып, Банк басқармасының жылдық есебiн, жылдық теңгерiмiн және Банктiң пайдасы мен шығыны туралы есебiн бекiту;
л) кезектi қаржы жылына арналған Банк бюджетiн бекiту;
м) Банктiң сыртқы аудиторын және Банктiң ең сыртқы аудиторын сайлау тәртiбiн, сондай-ақ Банктiң iшкi аудит қызметiнiң және тексеру комиссиясы қызметiнiң тәртiбiн бекiту;
н) Банктiң iшкi қорларын құру, резервтiк және өзге қорлардың мөлшерi туралы, сондай-ақ Банктiң пайдасын бөлу туралы шешiмдер қабылдау;
о) халықаралық ынтымақтастық саласында Банктiң басымдықтарын айқындау және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасасу туралы шешiмдер қабылдау;
п) филиалдар ашу, еншiлес банктер мен ұйымдар құру туралы шешiмдер қабылдау;
р) Банкке қатысушының қызметiн тоқтата тұру;
с) Банктің таза активтерiн қатысушылар арасында бөлу мерзiмiн және шарттарын айқындауды қоса алғанда, Банктiң операцияларын тоқтата тұру туралы, оны таратуға бастамашылық жасау туралы шешiмдер қабылдау;
т) осы Жарғыға өзгерiстер енгiзу жөнiндегi мәселелердi шешу;
у) Банктiң инвестициялық қызметi туралы ереженi бекiту;
ф) Банктiң инвестициялық қызметi туралы ережеге сәйкес Банк кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған Банктiң инвестициялық жобаларын қарау және бекiту;
х) Банкті тарату рәсiмiн айқындау;
ц) Банк кеңесi жұмысының регламентiн бекiту;
ч) осы Жарғыға сәйкес шешiлуi Банк кеңесiне жүктелетiн кез келген басқа да мәселелер.
2. Банк кеңесi Банкке қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнiң тиiстi өкiлеттiктерiнiң және (немесе) шешiмдерiнiң болуын талап ететiн мәселелердi қоспағанда, жекелеген мәселелер бойынша өкiлеттiктердi Банк басқармасына беруге құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағының "б", "г", "д", "e", "п", "р", "c", "т" тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша дауыс беру үшiн Банк кеңесiнiң мүшелерiнде өз үкiметтерiнiң тиiстi өкiлеттiктерi және (немесе) шешiмдері болуы тиiс.
4. Банк басқармасы төрағасымен жасалған келiсiм-шартқа Банк кеңесiнiң төрағасы немесе оның жазбаша тапсырмасы бойынша Банк кеңесiнiң мүшесi қол қояды.
15-бап
Банк кеңесiнде дауыс беру
1. Әрбiр Банкке қатысушыға Банктiң жарғылық капиталының ақысы төленген әрбiр акциясына бiр дауыс берiледi.
2. Банк кеңесi өз отырыстарын қажетiне қарай, бiрақ кемiнде жылына екi рет өткiзедi.
Банк кеңесiнiң кезектен тыс отырыстары Банк басқармасының немесе оның төрағасының, сондай-ақ үлестерiне Банктiң төленген жарғылық капиталында дауыстардың кемiнде төрттен бiрi келетiн Банкке қатысушының немесе қатысушылардың бастамасы бойынша шақырылады.
3. Егер Банк кеңесiнiң отырысына дауыстардың жалпы санының кемiнде төрттен үшiне иелiк ететiн Банкке қатысушылардың өкiлеттi өкiлдерi қатысса, ол заңды болып табылады.
4. Осы Жарғының 14-бабы 1-тармағының "a", "б", "г" "д", "п", "р", "c", "т", "x" тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша Банк кеңесi төрттен үш көпшiлiк дауыспен шешiмдер қабылдайды. Банк кеңесi қандай да бiр қатысушылардың Банкке қатысуын тоқтата тұру туралы шешiмдi қабылдау кезiнде дауыс беру нәтижелерiн айқындау кезiнде осы қатысушының қарсылығы есепке алынбайды.
5. Егер Банктiң акционерлiк капиталына 2-ден артық емес Банкке қатысушы қатысса, осы Жарғының 14-бабының 1-тармағының "л" тармақшасында көзделген мәселелер бойынша шешiмдi Банк кеңесi бiрауыздан қабылдайды.
6. Банк қызметiнiң қалған мәселелерi бойынша шешiмдердi қарапайым көпшiлiк дауыспен Банк кеңесi қабылдайды.
7. Банк кеңесi дауыс берудi Банк кеңесiнiң мүшелерiне сырттай жазбаша жауап алу жолымен жүргiзуге құқылы. Мұндай шешiмдер Банк кеңесi отырысының хаттамасымен ресiмделедi, ол Банк кеңесi мүшелерiне жiберiледi.
8. Банк кеңесiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн Банк кеңесi Банктiң басқару органдары болып табылмайтын көмекшi органдарды құруға құқылы.
1. Банк басқармасы Банктiң тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы атқарушы органы болып табылады.
Банк басқармасының қызметiн Банк кеңесi регламенттейдi. Өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Банк басқармасы осы Жарғыны және Банк кеңесiнiң шешiмдерiн басшылыққа алады.
Банк басқармасы Банк кеңесiне есеп бередi.
2. Банк басқармасының құзыретiне мынадай мәселелер жатады:
а) Банк қызметiнiң бағдарламаларын, оның iшiнде инвестициялық түрiн әзiрлеу, Банк қызметiнiң стратегиялық мiндеттерiн шешу жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
б) Банк кеңесiнiң отырыстарын дайындау, қаржы жылына есептiлiктi және кезектi қаржы жылына арналған Банк бюджетiнiң жобасын Банк кеңесiне бекiтуге ұсыну;
в) Банктiң инвестициялық қоржынын сараптауды ұйымдастыру, Банктiң ресурстық әлеуетiн бағалауды жүргiзу, жобаларды қаржыландырудың басымдығына қатысты ұсыныстар дайындау, Банк кеңесi айқындаған өкiлеттiктер шегiнде жобаларды қаржыландыру туралы шешiмдер қабылдау, Банк кеңесiнде қарау үшiн Банк кеңесi белгiлеген лимиттен асатын инвестициялар көлемi бар жобалар бойынша қорытындылар дайындау;
г) қаражатты орналастыру мен тартуға қатысты ұсыныстарды талдау, өтiмдiлiгiн қолдау және пайда алу мақсатында Банктiң активтерi мен пассивтерiнiң ұтымды құрылымын айқындау, тәуекелдiлiк пен өтiмдiлiктi бақылауды қамтамасыз ету;
д) Банк қызметтерiне тарифтердi бекiту;
е) Банктiң ережелерiн және рәсiмдерiн бекiту;
ж) Банкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзу;
з) Банк кеңесiнiң құзыретiне жатқызылмаған Банк қызметiнiң басқа да мәселелерi.
3. Банк басқармасының сандық құрамын Банк кеңесi айқындайды. Банк басқармасының мүшелерiн Банк кеңесi тағайындайды және қызметтен босатады. Банк басқармасының мүшелерi бiр мезгiлде Банк кеңесiнiң мүшелерi бола алмайды.
Банк басқармасы төрағасының ұсынымы бойынша Банк кеңесi басқарма құрамына Банктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын енгiзу туралы шешiм қабылдайды. Басқарма мүшелерi арасында мiндеттердi бөлудi оның төрағасы жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда, Банк кеңесi Банк басқармасының құрамын және оның мүшелерiнiң санын қайта қарай алады.
4. Банк басқармасының отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде екi айда бiр рет өткiзiледi. Егер отырысқа басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде үштен eкici қатысса, ол өткiзiлген болып саналады.
Банк басқармасы отырысында шешiмдер көпшiлiк дауыспен қабылданады. Шешiмдердi қабылдау кезiнде басқарманың әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда басқарма төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Банк басқармасы қабылдаған шешiмдер орындауға мiндеттi болып табылады.
Банк басқармасының мүшелерi Банк басқармасы отырыстарының хаттамаларына өз ескертулерi мен ұсыныстарын енгiзуге құқылы. Басқарма отырысының хаттамасына Банк басқармасының төрағасы қол қояды.
17-бап
Банк басқармасының төрағасы
1. Банк басқармасының төрағасы осы Жарғыда және Банк кеңесiнiң шешiмдерiнде белгiленген өз құзыретi және құқықтары шеңберiнде Банк пен басқарманың қызметiн басқарады.
2. Банк басқармасының төрағасы төрт жылға сайланады және жаңа мерзiмге қайта сайлана алады. Банк басқармасының төрағасы кеңес мүшелерi даусының жалпы санының кемiнде төрттен үш даусымен қабылдаған Банк кеңесiнiң шешiмi бойынша өз мiндеттерiн атқаруды мерзiмiнен бұрын тоқтатуы мүмкін.
Банк басқармасының төрағасы кеңесшi дауыс құқығымен Банк кеңесiнiң отырыстарына қатысады.
Банк басқармасының төрағасы бiр мезгiлде Банк кеңесiнде Банкке қатысушының өкiлеттi өкiлi немесе оның орынбасары бола алмайды.
3. Банк басқармасының төрағасы Банктiң ресми өкiлi болып табылады және мынадай өкiлеттiктерге ие:
а) Банк кеңесiнiң және Банк басқармасының шешiмдерiне сәйкес Банктiң ағымдағы қызметiн басқару;
б) Банктiң атынан (сенiмхатсыз) операциялар мен мәмiлелер жасасу, мемлекеттермен және халықаралық қаржы және басқа ұйымдармен қатынастарда Банктiң мүдделерiн бiлдiру;
в) Банктiң штаттық кестесiн бекiту, Банк қызметкерлерiн жұмысқа қабылдау және босату, лауазымдық мiндеттерiн айқындау, Банк кеңесi бекiткен бюджеттiң шеңберiнде Банк қызметкерлерi еңбек ақысының мөлшерiн белгiлеу;
г) iшкi аудит қызметiнiң дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгiзу;
д) Банктiң барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру.
4. Банк басқармасының төрағасы Банк кеңесiнiң алдында оның шешiмдерiнiң орындалуы, Банк жұмысын ұйымдастыру және оның қызметiнiң нәтижелерi үшiн жауап бередi.
5. Банк басқармасы төрағасының ұсынымы бойынша Банк кеңесi өкiлеттiктерi мен лауазымдық мiндеттерiн Банк басқармасының төрағасы айқындайтын оның орынбасарларын тағайындайды. Банк басқармасы төрағасының орынбасарлары Банк басқармасының мүшелерi болып табылады. Банк басқармасының төрағасы болмаған жағдайда, оның функциялары мен өкiлеттiктерiн өзi тағайындаған орынбасары атқарады. Банк басқармасының төрағасы өз мiндеттерiн орындау мүмкiн болмаған кезде, Банк кеңесi төрағасының шешiмi бойынша Банк басқармасы төрағасы орынбасарларының бiрiне Банк басқармасы төрағасының өкiлеттiктерi берiледi және оның функцияларын жүзеге асырады.
18-бап
Банктiң халықаралық ұйым ретiндегi мәртебесi,
саяси қызметке тыйым салу
1. Банк, Банк басқармасының төрағасы, Банк басқармасы төрағасының орынбасарлары, Банк басқармасының мүшелерi және Банк қызметкерлерi өз шешiмдерiнде Банктiң осы Жарғыда көзделген мүдделерiн, оның мақсаттары мен функцияларын ғана басшылыққа алады.
2. Банк басқармасының төрағасы, Банк басқармасы төрағасының орынбасарлары, Банк басқармасының мүшелерi және Банк қызметкерлерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде Банк мүддесiне ғана жұмыс iстейдi. Банктiң халықаралық ұйым ретiндегi мәртебесiн ескере отырып, Банк қатысушылары өз мiндеттерiн орындаған кезде көрсетiлген тұлғалардың бiрде-бiрiне қысым жасамайды.
3. Банк қандай да болмасын түрде оның мақсаттарына немесе функцияларына нұқсан келтiретiн, оларды шектейтiн, олардан ауытқуға әкеп соқтыратын немесе өзге түрде оларды өзгертетiн кредиттiк ресурстарды тартуға, көмек не өзге түрде жәрдем алуға қатыспайды.
4. Банк, Банк басқармасының төрағасы, Банк басқармасы төрағасының орынбасарлары, Банк басқармасының мүшелерi және Банк қызметкерлерi Банкке қатысушы кез келген мемлекеттерде болып жатқан саяси оқиғаға араласпауы тиiс. Банк органдарының шешiмдерi Банк қатысушыларының саяси қысымымен қабылданбауы тиiс.
Банк органдары шешiмдер қабылдаған кезде тек осы Жарғының мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған пiкiрлердi ғана басшылыққа алуы тиiс.
Банкке қатысушы әрбiр мемлекет Банк осы Жарғы шеңберiнде туындайтын мәселелердi шешетiн өзiнiң ресми органын айқындайды.
Банк банктiк құпияны сақтау туралы Банкке қатысушы мемлекеттердiң заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi.
1. Банк кеңесiнiң шешiмi бойынша пайда Банкке қатысушылардың арасында резервтiк қор Банктiң жарғылық капиталының 15 (он бec) пайызына жеткеннен кейiн ғана бөлуге жатады. Пайда сыртқы аудитор растаған жылдық есеп бекiтiлгеннен кейiн Банк кеңесiнiң шешiмi бойынша бөлiнедi, бұл ретте пайда, оның iшiнде, Банктiң резервтiк және өзге де қорларын толықтыруға жiберiледi.
2. Банк пайдасын Банкке қатысушылар арасында бөлу, олар пайда алынған қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша төлеген акциялар санына теңбе-тең жүргiзiледi.
24-бап
Банктiң аудитi және есептердi жариялау
1. Банктiң қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жүзеге асыру үшiн оның құрылымында iшкi аудит қызметi құрылады, оның дербес құрамын Банк кеңесi оны ұзарту мүмкiндiгiмен бiр жыл мерзiмге бекiтедi. Iшкi аудит қызметi Банк кеңесiне есеп бередi.
2. Банктiң жылдық қаржылық есептiлiгiнiң дұрыстығын тексеру және растау үшiн жыл сайын Банктiң тәуелсiз сыртқы аудитi жүргiзiледi.
Аудит жүргiзуге лицензиясы бар және Банкпен немесе оның қатысушылармен мүлiктiк мүдделермен байланысы жоқ тәуелсiз халықаралық кәсiби аудиторлық ұйымды iрiктеу тәртiбiн Банк кеңесi айқындайды.
Банк кеңесi жыл сайын iрiктеу нәтижелерi бойынша ең үздiк деп танылған тәуелсiз халықаралық кәсiби аудиторлық ұйымды бекiтедi және онымен келiсiм-шарт жасасу құқығын Банк басқармасының төрағасына бередi.
3. Банк Банкке қатысушыларға жылдық есептi және оған берiлген аудиторлық қорытындыны есептi жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанынан кешiктiрмей жiбередi.
Банк жалпы қабылданған банктiк қағидаттарды ескере отырып, өзiнiң қаржылық есептерi мен жариялануы өз мақсаттарына қол жеткiзу және өз функцияларын орындау үшiн орынды болатын өзге де кез келген есептердi жариялайды.
1. Банк қызметiн тексерудi Банк кеңесi төрт жыл мерзiмге бекiтетiн Банктiң тексеру комиссиясы жүзеге асырады. Банктiң тексеру комиссиясының құрамына тексеру комиссиясының төрағасы және оның мүшелерi кiредi.
2. Банктiң тексеру комиссиясының төрағасы және мүшелерi Банкте қандай да болмасын лауазымдарды атқара алмайды.
3. Тексерудi ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн Банк кеңесi белгiлейдi.
4. Банк басқармасының төрағасы Банктiң тексеру комиссиясының қарауына тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық материалдарды бередi.
5. Банктiң тексеру комиссиясының есептерi Банк кеңесiне кемiнде жылына бiр рет берiледi.
26-бап
Қатысушылардың Банк құрамынан шығуы
1. Банкке кез келген қатысушы өз ниетi туралы Банк кеңесiн жазбаша хабардар ете отырып, Банк құрамынан шығуға құқылы. Банк көрсетiлген хабарламаны алған күннен бастап:
а) Келiсiмге және осы Жарғыға сәйкес осы Банкке қатысушыға берiлген Банк құрамынан шығу құқығынан басқа барлық құқықтар тоқтатыла тұрады;
б) мұндай Банкке қатысушының Банк басқармасы не Банк кеңесi қабылдайтын қандай да болмасын шешiмдердi қабылдау кезiнде дауыс беруге құқығы жоқ. Бұл ретте, Банк құрамынан қатысушының шығуына дейiн берiлген қарыздардың, жарғылық капиталға инвестициялардың немесе кепiлдiктердiң қандай да болмасын бөлiгi реттелiп болмайынша, Банк алдындағы өзiнiң барлық тiкелей және жанама мiндеттемелерi сақталады;
в) мұндай Банкке қатысушы осы қатысушының Банк құрамынан шығу ниетi туралы хабарламаны алғаннан кейiн Банк берген қарыздар, жарғылық капиталға берiлген инвестициялар және кепiлдiктер бойынша мiндеттемелер орындамайды, сондай-ақ Банк кiрiстерi мен шығыстарын бөлуге қатыспайды.
2. Банк Банкке қатысушыдан оның Банк құрамынан шығу ниетi туралы хабарламаны алған күннен бастап алты ай iшiнде Банк пен осы қатысушы арасындағы қатынастарды реттеу мерзiмi мен тәртiбi туралы келiсiм жасалуы тиiс.
3. Банк Банкке қатысушыдан оның Банк құрамынан шығу ниетi туралы хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн не Банк пен Банкке қатысушы арасындағы қатынастарды реттеу мерзiмi мен тәртiбi туралы келiсiм жасаған күнге дейiн мұндай қатысушы көрсетiлген хабарламаның күшi жойылғаны туралы Банкке жазбаша хабарлай алады.
4. Банк кеңесiне оның құрамынан шығу ниетi туралы хабарламаны берген Банк қатысушысы өзi мен Банк арасындағы қатынастарды реттеу мерзiмi мен тәртiбi туралы келiсiмдi жасаған күннен бастап, бiрақ Банк жазбаша хабарламаны алған күннен бастан алты айдан кешiктiрмей Банктiң қызметiне өзiнiң қатысуын тоқтатады.
5. Банк құрамынан шығатын Банк қатысушысы және Банк "банк-клиент" қатынастары шеңберiнде өз мiндеттемелерi бойынша жауап берудi жалғастырады.
27-бап
Банктiң бұрынғы қатысушыларымен есеп айырысуды реттеу
1. Банк және Банк қатысушысы Банктiң қызметiне қатысуды тоқтатқан күнге дейiн бiр-бiрiне қолайлы деп есептейтiн шарттарда Банктiң жарғылық капиталындағы осы қатысушының үлесiн сатып алу туралы уағдаластыққа қол жеткiзуi мүмкiн.
2. Егер Банк Банк қатысушысынан оның Банк құрамынан шығу ниетi туралы хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн жарғылық капиталындағы үлесiн сатып алу туралы уағдаластыққа қол жеткiзiлмеген жағдайда, мұндай үлесiн сатып алуды Банк мынадай шарттарда жүзеге асырады:
а) сатып алу бағасы Банк Банк қатысушысынан оның Банк құрамынан шығу ниетi туралы хабарламаны алған күнгi Банктiң таза активтерiнiң сомасын және Банктiң жарғылық капиталындағы мұндай қатысушының ақы төленген үлесiн ескере отырып анықталады;
б) акциялар үшiн ақы төлеу Банк қатысушысы оларды Банкке бергеннен кейiн Банк кеңесi өзiнiң жеке қаржылық жағдайын ескере отырып анықтауына қарай сондай мөлшерде, сол уақытта және сол валютада (валюталарда) кезең-кезеңiмен жүргiзiледi;
в) төлемдер сатып алу бағасы ретiнде тиесiлi сома осы Жарғының 26-бабының 1-тармағының "б" тармақшасында көзделген Банк алдындағы мiндеттемелердiң жалпы сомасынан қаншалықты асып түсетiн шекте кезең-кезеңiмен жүргiзiлуi мүмкiн;
г) қатысушыға оның акциялар үлесi үшiн тиесiлi кез келген сома қатысушы немесе оның кез келген құрылымы қандай да болмасын соманы төлеу үшiн Банк алдында жауап берудi жалғастыратын осындай уақыт кезеңi iшiнде төленбейдi, оның үстiне мұндай сома Банктiң қалауы бойынша Банктен тиесiлi кез келген сомаға қарағанда төленуге тиiс болатын осындай сәтке есептелуi мүмкiн;
д) егер Банк Банкке қатысушы Банк құрамынан шыққан күнi осы Жарғыға сәйкес жүргiзiлген онда бар операциялар бойынша таза зиян шексе және мұндай зиянның сомасы осы операциялар бойынша берiлген резервтер сомасынан асып түссе, мұндай Банкке қатысушы Банктiң талап етуi бойынша, егер мұндай зиян сатып алу бағасын анықтау кезiнде есепке алынған болса, оның акцияларын сатып алу бағасы кемiтiлетiндей соманы өтейдi;
e) Банк қатысушысына өзiнiң акциясы үшiн тиесiлi ешбiр сома Банкке қатысушыдан оның Банк құрамынан шығу ниетi туралы жазбаша хабарламаны Банк алған күннен бастап 6 ай өтпей төленбейдi. Егер Банкке қатысушы Банк құрамынан шыққан күннен бастап 6 ай iшiнде Банк кеңесi осы Жарғының 14-бабының 1-тармағының "c" тармақшасында көзделген Банктiң таратылуына бастамашылық жасау туралы шешiм қабылдаса, мұндай қатысушының барлық құқықтары және Банк пен мұндай қатысушы арасындағы қатынастарға қатысты мәселелер осы Жарғының 30-бабының 4-тармағында көзделген ережелермен реттеледi.
3. Бұрынғы Банкке қатысушымен есеп айырысуды реттеу нәтижелерi бойынша Банктiң жарғылық капиталдағы оның Банк сатып алған үлесi Банк кеңесiнiң шешiмi бойынша Банктiң басқа қатысушыларына ұсынылуы мүмкiн.
28-бап
Банкке қатысуды тоқтата тұру
1. Егер Банк қатысушысы Банк алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаса, Банк оның қатысуын тоқтата тұруы мүмкiн. Қатысуды тоқтата тұру осы Жарғының 15-бабының 4-тармағына сәйкес қабылданатын Банк кеңесiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
2. Оның Банкке қатысуын тоқтата тұру кезеңiнде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген Банк қатысушысының қызметi осы Жарғының 26-бабының 1-тармағының ережелерiмен анықталады.
3. Егер бiр жыл өткен соң Банк кеңесi Банк қатысушысының құқықтарын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдамаса, онда мұндай қатысушы Банк құрамынан шығарылды деп есептеледi. Оның және Банктiң арасындағы одан арғы өзара қарым-қатынастар осы Жарғының 26 және 27-баптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
29-бап
Операцияларды уақытша тоқтата тұру
Төтенше жағдайда Банк басқармасы жалпы дауыс санының төрттен үш бөлiгiнiң қабылдайтын шешiм бойынша Банк кеңесi қалыптасқан жағдайды қарап, ол қажеттi шараларды қабылдағанға дейiн жаңа қарыздарды және кепiлдiктердi беру, бағалы қағаздарды орналастыру, техникалық жәрдемдесу және жарғылық капиталға инвестициялар салу жөнiндегi операцияларды уақытша тоқтата алады.
30-бап
Операцияларды түпкiлiктi тоқтату және Банктi тарату
l. Банктi таратуға бастамашылық жасау туралы шешiмдi Банк кеңесi қабылдайды. Банктi тарату туралы шешiмдi Банктiң қатысушылары қабылдайды.
2. Банк кеңесi Банктi таратуға бастамашылық жасау туралы шешiм қабылдаған кезде Банк өзiнiң активтерiн ретке келтiрiп сату мен консервациялау, сақтау және өзiнiң мiндеттемелерiн реттеу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, өз қызметiн дереу тоқтатады.
Мiндеттемелердi түпкiлiктi реттеу мен активтердi бөлгенге дейiн Банктiң және оның қатысушыларының барлық өзара құқықтары мен мiндеттемелерi күшiн сақтайды.
3. Кредит берушiлердiң талаптары Банк активтерi есебiнен қанағаттандырылады. Кредит берушiлерге қандай да бiр төлемдердi жүзеге асырар алдында Банк басқармасы төлемдердi талаптарды ұстаушылар арасында теңбе-тең бөлудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.
4. Банк активтерiн бөлу мынадай түрде жүзеге асырылады:
а) активтер Банктiң қатысушылары арасында Банктiң кредит берушiлер алдындағы барлық мiндеттемелерi реттелгеннен кейiн немесе осындай реттеу үшiн резерв құрылғаннан кейiн бөлiнедi;
б) Банк активтерiн кез келген бөлу Банктiң әрбiр қатысушысы төлеген жарғылық капиталдың бөлiгiне теңбе-тең жүргiзiледi және Банк кеңесi бекiткен мерзiм мен шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады. Банктiң қатысушылары арасында бөлiнетiн активтер әр түрлi болуы мүмкiн. Банк алдындағы өзiнiң барлық мiндеттемелерiн орындамайынша, бiрде бiр қатысушының бөлiнген активтерден өз үлесiн алуға құқығы жоқ;
в) осы бапқа сәйкес бөлiнетiн активтердi алатын Банктiң қатысушысы осы активтер бойынша оларды бөлуге қатысты Банкке тиесiлi болған дәл сондай құқықтарды пайдаланады.
VII бөлiм
Банктің иммунитетi, артықшылықтары және жеңiлдiктерi
Өзiнiң мақсатына қол жеткiзу және өзiнiң функцияларын орындау үшiн Банкке қатысушы әрбiр мемлекеттiң аумағында осы бөлiмде көзделген және Банк пен Банкке қатысушылар арасында жасалған келiсiмдерде тiркелген иммунитет, артықшылықтар және жеңiлдiктер берiледi.
31-бап
Банктiң иммунитетi және артықшылықтары
1. Оның өкiлеттiгiн жүзеге асырудың салдары болып табылмайтын немесе осы өкiлеттiктердi жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, Банктiң кез келген сот қудалауына қарсы иммунитетi болады. Банк орналасқан не филиалы, еншiлес Банкi немесе өкiлдiгi бар не сотқа шақыру қағазын немесе процесс туралы хабарламаны қабылдау мақсатында агентiн тағайындаған не бағалы қағаздарын шығарған немесе оларға кепiлдiк берген мемлекеттiң аумағындағы құзыреттi соттарда ғана Банкке қарсы қуылымдар қозғалады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, Банкке кез келген қатысушы немесе осындай қатысушының атынан әрекет ететiн немесе талап қоятын қатысушының кез келген тұлғасы, органы және мекемесi тарапынан Банкке қарсы ешқандай iс-қимыл мен қуылымдар қолданылмайды. Банкке қатысушылар қарама-қайшылықтарды реттеу үшiн осы Жарғыда, Банктiң ережелерi мен регламентiнде, сондай-ақ Банкке қатысушы мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен жасасқан келiсiмдерде көзделген арнайы рәсiмдердi пайдалана алады.
3. Банкке қатысушылардың аумағында орналасқан Банктiң мүлкi мен активтерiнiң Банкке қатысты түпкiлiктi сот шешiмi шығарылғанға дейiн тiнтуге, реквизициялауға, тұтқынға алуға, тәркiлеуге, экспроприациялауға немесе алудың не иелiктен шығарудың кез келген өзге де нысанына қарсы иммунитетi бар.
4. Банктiң мақсатына қол жеткiзу және функцияларын орындау үшiн қажеттi дәрежеде және осы Жарғының ережелерiн ескере отырып, Банктiң барлық мүлкi мен активтерi қандай да болмасын шектеулерден, нұсқамалардан және мораторийлерден азат болады.
5. Банкке қатысушылардың аумағында Банкке тиесiлi не ол иесi болып табылатын мұрағатқа, мүлiкке, сондай-ақ кез келген ақпаратқа қол сұғылмайды.
6. Банкке қатысушы мемлекеттер Банкке оның ресми байланысы үшiн почта жөнелтiмдерiн, каблограмма, жеделхат, радиограмма, телефонды пайдалану және басқа да байланыс құралдарының басымдылығына, тарифтерi мен ставкаларына қатысты, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары үшiн мәлiметтер беру мақсатында төмендетiлген ставкаларды қолдануға қатысты оның дипломатиялық өкiлдiктерiн қоса алғанда, осы қатысушылардың үкiметтерi кез келген басқа үкiметке ұсынатыннан қолайлылығы кем емес жағдайлар ұсынады. Көрсетiлген қызметтерге ақы төлеуге байланысты барлық шығыстар Банк қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
7. Банктiң барлық өкiлеттi өкiлдерiнiң, олардың орынбасарларының, Банк басқармасы төрағасының, Банк басқармасының төрағасы орынбасарларының, Банк басқармасы мүшелерiнiң және Банк қызметкерлерiнiң олар қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған iс-қимылдары үшiн сот және әкiмшiлiк қудалаудан иммунитетi бар. Бұл иммунитет жол-көлiк оқиғасы кезiнде залал келтiрген жағдайдағы азаматтық жауапкершiлiкке қолданылмайды.
1. Банк, оның кiрiстерi, мүлкi және басқа да активтерi, сондай-ақ Банкке қатысушы мемлекеттердiң аумағында осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылатын оның операциялары мен мәмiлелерi кез келген салықтардан, алымдардан, баждардан және қызмет көрсетудiң нақты түрлерi үшiн төлемдi бiлдiретiндердi қоспағанда, басқа да төлемдерден босатылады.
2. Банк басқармасы төрағасының, Банк басқармасының төрағасы орынбасарларының, Банк басқармасы мүшелерiнiң және Банк қызметкерлерiнiң жалақысы мен сыйақысы салық салудан босатылады.
Әрбiр Банкке қатысушы мемлекет осы мемлекеттiң аумағында тұрақты тұратын өзiнiң азаматтары мен тұлғаларына қатысты салық салудан көрсетiлген босатуды қолданбауға құқылы.
3. Ешқандай мiндеттемелерге немесе Банк шығарған бағалы қағаздарға, сондай-ақ дивидендтерге немесе оларға пайыздарға олардың ұстаушысының кiм екендiгiне қарамастан, Банкке қатысушы мемлекеттерде:
а) оларды Банктiң шығарғанына байланысты болғандықтан ғана мұндай мiндеттемелерге немесе бағалы қағаздарға қатысты кемсiтетiн болып табылса, немесе
б) егер көрсетiлген мiндеттемелер мен бағалы қағаздардың шығарылған орны; олар шығарған, төленуге тиіс немесе төленетiн валюта; Банкке тиесiлi қандай да болмасын мекеменiң немесе қызмет орнының орналасқан жерi мұндай салық салу үшiн жалғыз ғана заңды негiздеме болып табылса, ешқандай салық салынбайды.
33-бап
Иммунитет пен артықшылықтардан бас тарту
Банк кеңесi осы Жарғыда көзделген кез келген иммунитеттен, артықшылықтан немесе жеңiлдiктен, оның пiкiрiнше, Банктiң мүдделерiне жауап беретiн дәрежеде және жағдайларда бас тарта алады.
Банк басқармасының төрағасы оның пiкiрiнше мұндай иммунитет, артықшылық немесе алу сот төрелiгiн жүзеге асыруға қиындық туғызатын болса және олардан бас тарту Банк мүдделерiне нұқсан келтiрмесе, Банк басқармасының төрағасын, Банк басқармасы төрағасының орынбасарларын және Банк басқармасының мүшелерiн қоспағанда, Банктiң кез келген қызметшiсiне қатысты кез келген иммунитеттен, артықшылықтан немесе жеңiлдiктен бас тартуға мiндеттi. Банк кеңесi осыған ұқсас жағдайларда және дәл сондай шарттарда, Банк басқармасының төрағасына, Банк басқармасы төрағасының орынбасарларына және Банк басқармасының мүшелерiне қатысты кез келген иммунитеттен, артықшылықтан немесе алудан бас тартуға мiндеттi.
34-бап
Осы Жарғыға өзгерiстер енгiзу
Банкке қатысушының өкiлеттi өкiлiнен түсетiн осы Жарғыға өзгерiстер енгiзу туралы кез келген ұсыныс Банк кеңесi төрағасының назарына жеткiзiледi, ол осы ұсынысты Банк кеңесiнiң қарауына ұсынады.
Банкке қатысушылардың өзара келiсуi бойынша осы Жарғыға жеке хаттамалармен ресiмделетiн және осы хаттамаларда белгiленген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.
35-бап
Осы Жарғыны түсiндiруге және қолдануға
байланысты дауларды шешу
Осы Жарғыны түсiндiруге немесе қолдануға байланысты Банкке қатысушы мен Банк арасында не Банкке қатысушылар арасында туындайтын даулар осы қатысушылар арасындағы консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi.
36-бап
Банктiң қызметi барысында туындайтын
дауларды шешу тәртiбi
1. Банк пен Банкке қатысушы арасында, не Банк пен Банкке қатысуды тоқтатқан тараптың арасында, не Банк қызметiн тоқтата тұрған және тоқтатқан уақытта Банк пен қандай да бiр қатысушы арасында Банктiң қызметi барысында туындайтын даулар мен келiспеушiлiктердi тараптар мүмкiндiгiнше келiссөздер мен консультациялар арқылы шешедi.
2. Егер мұндай даулар және келiспеушiлiктер келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiлмеген жағдайда оларды дау тараптарының кез келгенi белгiленген тәртiппен Банк кеңесiне шешуге бередi.
3. Тараптардың кез келгенi үш төрешiден тұратын, оның бiреуiн - Банк, екiншiсiн - Банкке тиiстi қатысушы, ал үшiншiсiн - тағайындалған төрешiлердiң келiсiмi бойынша, егер тараптар ортақ келiсiмге келмесе, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық Сотының төрағасы тағайындайтын аралық соттың қарауына дауды бере отырып, Банк кеңесiнiң шешiмiн даулай алады. Төрешiлер көпшiлiк дауыспен шешiм қабылдайды және олар қабылдаған шешiм дау тараптары үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болып табылады.
Еуразия даму банкiнiң Жарғысына
ҚОСЫМША